Enbekshi QazaQ

Қоғам

МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН НОРМАЛАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ 11.04.2025
2017 жылғы 12-ші  сәуір күні Қазақстар Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасымен, аудандық денсаулық сақтау мекемелерімен бейнеконференция арқылы, ал кейін Петропавл қаласының медициналық мекеме өкілдерімен (аураханалар, емханалар, жеке меншік медициналық мекемелер, медициналық жабдықтарды жеткізушілер, медициналық зертханалдармен) бірлесе отыра  кеңес өткізді.  Оның негізгі мақсаты өлшеу құралдарын пайдалану кезінде нормалар мен ережелердің метрологиялық талаптарын түсіндіру,  денсаулық сақтау мекемелерінде сәйкестікті бағалау саласындағы біліктіліктің жоғарылауы.Кездесу барысында денсаулық сақтау мекемелерінде мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүргізілу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімі, медициналық зертханаларды аккредиттеу сияқты сұрақтар талқыланған болатын.Денсаулық сақтау жүйесінде метрологиялық қамтамасыз ету, консервация, техмедсервис, медициналық жабдықтарды өлшеу құралдарының мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру, сонымен қоса  ҚР СТР ISO 15 189 енгізу арқылы сенімділікті арттыру, қадағалану, зерттеу нәтижелерін тану сұрақтары қаралып өтті.Өте қызықты пікірталас болып өтті, нәтижесінде мұндай кездесулерді жүйелі өткізіп отыру тілектері айтылды.Кездесу соңында жиналған қауым осы мәселелер бойынша пікір алмасты, мұндай іс-шаралардың қажет екендігін, сондай-ақ оқыту семинарларын өткізудің қажеттілігін атап көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21418?lang=kk
ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АЛИК АЙДАРБАЕВ МАЛАЙЗИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ 11.04.2025
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев Малайзия елшісі Саид Мохамад Бакри Саид Абд Рахман мырзамен кездесті.Алик Айдарбаев екі ел арасындағы тауар айналым әлеуетке сай келмейтінін және Қазақстан экпорттық өнімдерін өткізуге мүдделі екенін атап өтті.Саид Мохамад Бакри мырза өзінің Қазақстанға іссапармен келудегі мақсаты Қазақстан мен Малайзия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту екенін жеткізіп, бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік танытты.Бірінші вице-министр кездесуге келген елшіге алғыс айтып, бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде тараптар сауда-экономикалық салада өзара әлеуетті арттырады, деген үмітін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21411?lang=kk
Конституциялық бақылау және құқықтық ағарту: Ш. Есенов атындағы Каспий университетіндегі Конституциялық Сот судьясымен кездесу 11.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Конституциялық Сот судьясы Айжан Жатқанбаеваның және Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.Шараға Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, заң қоғамдастығының өкілдері, ғалымдар мен университет студенттері қатысты. Айжан Жатқанбаева қатысушыларды ұлттық конституциялық әділет жүйесінің даму эволюциясымен, қайта құрылған конституциялық бақылау органының мандатымен және оның Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлімен таныстырды. Өз сөзінде ол конституциялық іс жүргізу тәжірибесінен бірнеше мысал келтіріп, Конституциялық Соттың шешімдері азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайтуға қалай ықпал ететінін көрсетті. Судья құқықтық ағартудың, әсіресе жастар арасында конституциялық-құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/971260?lang=kk
Братиславада Наурыз мейрамы тойланды 11.04.2025
2025 жылғы 5 сәуірде Словакиядағы қазақ диаспорасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Братиславадағы көркем Кухайдо көлінің жағасында көктемгі жаңарудың, бірлік пен жаңа жылдың нышаны саналатын Наурыз мейрамы аталып өтілді.  Мереке тек Словакияның түрлі өңірлерінде тұратын отандастарымыз ғана емес, сонымен қатар көптеген шетелдік қонақтар да қатысты.Словакия тұрғындары Қазақстанның бай әрі төл мәдениетімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Алаңға көшпелі өмір салты мен қонақжайлылықтың символы – қазақтың киіз үйі орнатылды. Қонақтар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, дәстүрлі музыканы тыңдап, билері мен әндерінен рухани әсер алды. Ұлттық ойындар мен түрлі байқаулар мерекелік көңіл-күйді арттырып, әрбір қатысушы өзін үлкен отбасының мүшесі ретінде сезіне білді.Қазақ халқының қонақжайлығын дастарханнан орын алған наурыз-көже, бауырсақ, палау және тәттілер қазақтың бай ас мәзірін таныстырып қана қоймай, дәстүр мен дәм үндестігін көрсетті.Елшілік ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, шетелде ұлттық бірегейлікті сақтауға, Қазақстан мен Словакия халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететін мұндай шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/971250?lang=kk
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиевтің Бельгия Корольдігіне сапары 11.04.2025
Брюссельде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Бельгия Корольдігінің Федералды Вице-премьері – Қаржы және зейнетақымен қамсыздандыру министрі Ян Ямбонмен кездесті.Оның барысында Мәди Төкешұлы бельгиялық әріптесін жоғары мемлекеттік қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қаржылық ынтымақтастық одан әрі нығайып, табысты әрі жемісті жалғасын табатынына сенім білдірді.Бұған қоса М.Такиев Қазақстанның аталған елмен өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге және өзара сауда көлемін ұлғайтуға мүдделі екенін жеткізді.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылды жалғастыруға және Қаржы министрліктері арасында ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қоюға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/971245?lang=kk
ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИПОТЕКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 11.04.2025
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ  («ТКШ ҚазОрталығы» АҚ) мен  «Қазақстанның Ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ («ҚИК» ИҰ» АҚ) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Меморандумға сәйкес компаниялар іс жүзінде Қазақстанның барлық өңірлерінде көппәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқару және күтіп ұстаудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу мәселелері бойынша пилоттық жобаларды іске асыратын, тұрғын ғимараттардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша МЖӘ жобаларын іске асыратын және қолдайтын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бірыңғай ақпараттық жүйені енгізетін, сондай-ақ жалпы мүлікке күрделі жөндеу жүргізуге қаражатты жинау тетіктеріне сынақ жүргізетін болады. Осы іс-шаралардың бәрі тұрғын үй қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етуге және еліміздің тұрғын  үй қорының инвестициялық тартымдылығын  арттыруға мүмкіндік береді.«Қазақстанның ипотекалық компаниясымен ынтымақтастық көппәтерлі тұрғын үйлерді кәсіби басқару және күтіп ұстау қадамдарының бірі. Ал, өңірлерде пилоттық жобаларды іске асыру тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев.Өз кезегінде,  «ҚИК» ИҰ АҚ Басқарма төрағасы Әдім Мұхамеджанов ТКШ ҚазОрталығының  жылжымайтын мүлікті тиімді басқаруға орасан зор мүмкіндігі бар екенін, сондықтан бірлескен жобаларды іске асыру кезінде бірқатар ұйымдастыру және техникалық проблемалардың алдын алуға көмектеседі, деп атап көрсетті.«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі ТКШ жаңғырту және дамытудың оңтайлы моделін айқындау және осы салаға инновациялық технологияларды енгізу. Қазіргі уақытта компания инновациялық технологияларды Қазақстан Республикасында қолдану үшін тұрғын үй қорын басқарудың әлемдік тәжірибесін зерттеуде.Анықтама үшін:«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылықты жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ(«ТКШ Қазорталығы» АҚ)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық Ұйымы» АҚ миссиясы қаржы операторы ретінде ипотекалық несие беру, «Стратегия-2050» қойылған әлеуметтік бағдарланған міндеттерді орындау мақсатында жалға берілетін тұрғын үйлерді тұрғындардың басым көпшілігіне беру арқылы тұрғындарды тұрғын үйлермен қамтамасыз етуді арттыру тетігі арқылы Қазақстан Республикасының халқы үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекет саясатын іске асыру болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21407?lang=kk
2017 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 65 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ 11.04.2025
Бүгін  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің және «Қазгеология» ҰГК» АҚ-ның 2017 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті.Жыл басынан бері 98 нысанда жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 4 перспективалы қатты пайдалы қазба нысаны анықталды.Бюджет қаражысын жұмсамай-ақ, Инвесторлардың қаражаты есебінен жер қойнауын геологиялық зерттеу (ГЖЗ) аумақтың геологиялық зерттелуін қосымша арттыруға мүмкіндік береді.  2017 жылдың 10 айы ішінде жалпы сомасы 15,4 млрд. теңгеге 56 шарт жасалды(сомасы 13,6 млрд. теңгеге ҚПҚ бойынша 30 шарт, 1,5 млрд.теңгеге КСШ бойынша 3 шарт, 360 млн.теңгеге ЖС бойынша 23 шарт).Сонымен қатар, 2017 жылдың І жартыжылдығында геологиялық барлауға салынған инвестиция көлемі 65 млрд. теңгені құрады.Қазіргі уақытта, жер қойнауын пайдаланушылардың жеке қаражаты есебінен ҚПҚ бойынша жұмыстар 54, ЖС бойынша жұмыстар 49, КСШ бойынша жұмыстар 19 шарт шеңберінде жүргізіліп жатыр. 2017 жылы жасалған шарттар шеңберіндегі инвестициялар: ҚПҚ-ға. – 7,4 млрд.теңге; КСШ-ға 6,3 млрд. теңгені құрады,  ЖС-ға – 360 млн. теңге.Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссия биыл есептік мерзімінде ҚПҚ бойынша 30 есепке, мұнай және газ бойынша 29 есепке, жерасты суларының қорын қайта бағалау бойынша 29 есепке сараптама жүргізді. Жер қойнауын пайдаланушылар есебінен пайдалы қазбалар қоры өсті. Атап айтсақ, алтын – 31 тоннаға; уран – 14,2 мың тоннаға, вольфрам – 70 мың тоннаға мұнай – 44 млн. тоннаға, жерасты сулары – 47 мың м3-қа өсті.Халықаралық стандарттар негізінде КСШ бойынша есептілікті дайындауға қатысты Еуропалық қайта құру және даму банкінің гранты шеңберінде Lloyd’s Register және Adam Smith International компанияларының консультанттары жер қойнауы саласындағы қазақстандық реттеу нормаларын үйлестіруде.ГЖЗ стандарттарынан халықаралық стандарттарға көшу бойынша Жол картасының тұжырымдамасы әзірленді және KAZRC / CRIRSCO және SPE-PRMS бағдарламасы әзірленді.Еуропалық қайта құру және даму банкінің бөлген гранты аясында биыл 20 қарашадан бастап CRIRSCO қатты пайдалы қазбалар бойынша есептіліктің халықаралық жүйесі бойынша қазақстандық мамандарды оқыту басталды. Ал, 27 қарашадан бастап SPE-PRMS мұнай ресурстарын басқарудың халықаралық жүйесі бойынша осындай курстар жүргізілетін болады.Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жоспарланған жұмыстар жүргізілуде.Каспий маңы ойпатының тереңде орналасқан қабаттарын геологиялық зерттеуге бағытталған «Еуразия» жобасын іске асыру мақсатында, 2017 жылғы 21 маусымда Энергетика министрлігі өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Комитет мынадай жобаларды жүзеге асыруға қатысады:- «ГАЖ-Каспий өңірінің геологиялық құрамы карталарының атласын» жасау (Каспий маңындағы мемлекеттермен бірлесе); - «Солтүстік, Орталық және Шығыс Азияның тереңдіктеріндегі үдерістер және металлогендігі» атласын жасау (қатысушылар: Қытай, Қазақстан, Корея, Моңғолия, Ресей).Сонымен қатар, жобалар Жер қойнауын барлау, пайдалану және сақтау жөніндегі үкіметаралық кеңестің шеңберінде жүзеге асырылады.Комитеттің тағы бір бағыты Қазақстанда өндіруші сектордағы компаниялар мен үкімет кірістерінің ашықтығына бағытталған «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» (EITI) Қазақстанда жүзеге асырылады.ӨСА бастамасы бойынша Маинстриминг ашық мониторинг мемлекеттік жүйесін пилоттық зерттеу аяқталды.  Ондағы мақсат - компаниялар мен Үкіметтің бұрынғы есептерін ӨСАБ-ның есептеріндегі деректердің қайталануын болдырмау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21406?lang=kk
Темекі өнімдерін таңбалауда маңыздысы 11.04.2025
Темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау 2020 жылғы 1 қазаннан бастап енгізілді және ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы                        28 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген Темекі бұйымдарын таңбалау және қадағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.Темекі бұйымдарын өткізу кезінде айналымға қатысушы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес белгіленген нысан бойынша қабылдау/беру актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ қояды және темекі бұйымдарын өткізудің келесі күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тіркеу нөмірін алу үшін тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне (ТТҚ АЖ) жібереді.Темекі бұйымдарын қабылдауды (растауды) Қағидалардың 48-тармағына сәйкес қабылдау/беру актісі бойынша айналымға қатысушы қабылдау/беру актісі тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады, оған ЭЦҚ қол қойылады және ТТҚ АЖ-ға беріледі.Айналымға қатысушылардың екеуінен ЭЦҚ қойылған қабылдау/беру актісін алған кезде Оператор ("Қазақтелеком" АҚ) ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне тауарларды қабылдау туралы мәліметтерді береді.Темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қағидалары бұзылған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 283-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген:Өндірушінің немесе импорттаушының темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, 200-ден 500 АЕК дейін мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары және сәйкестендіру құралдары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған айналымы құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, 50-ден 500 500 АЕК дейін мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.  Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/996262?lang=kk
Ұлттық ұлан “Қазбаттың” әскери қызметшілеріне құрмет көрсетті 11.04.2025
Осыдан тура 30 жыл бұрын, 1995 жылы Тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік миссиясын атқарған Ішкі әскердің 17 жауынгері жаумен шайқаста қаза тапты. Ержүрек батырларды еске алу мақсатында жыл сайын 7 сәуірде Ұлттық ұланда Ерлік күні атап өтіледі. Биыл "Қазбат" жауынгерлерінің құрметіне Астанадағы Ерлік аллеясында орналасқан "Ер есімі – ел есінде" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Іс-шараға ІІМ басшылығы, Ұлттық ұлан қолбасшылығы, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, әскери және жергілікті қақтығыстардың ардагерлері қатысты.Жиналған көпшілік жауынгерлерді еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жиналыс ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздіктен басталды.— Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен әскери борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін қайтыс болғаннан кейін: ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен - 5 адам, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен - 12 адам марапатталған. Біз әскери борышын ақтық демі қалғанша адал орындағандарды еске аламыз. Олар Отанымыздың шекарасын өз өмірінің құнымен қорғаған батырлар ретінде жадымызда мәңгі қалады, - деді Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар Бас басқармасының бастығы полковник Нұрбай Бектұрсынов.Сондай – ақ, шекара шатқалында қаза тапқан Ербол Бекебаевтың анасы — Жанат апа да өз естеліктерімен бөлісті.  Оның айтуынша, ұлы Ербол болашақ армандары көп және жүрегі сүйіспеншілікке толы қарапайым жігіт болған. Алайда, сын сағатта ол өз елінің жауынгері, қорғаушысы бола білді және туыстары мен жақындарының, халқының жадында мәңгі қалар ерлік жасады. Ана жүрегі сол ерліктің әлі талай жылдар бойы болашақ ұрпаққа батылдық пен адалдықтың үлгісі болатынына сенеді.Жиында Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Қалиақпар Тоқышев сөз сөйлеп, қазақстандық жауынгерлердің жанқиярлығына  тоқталды.Іс-шара барысында "Ер есімі — ел есінде" ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, Ұлттық ұлан мен Шекара қызметі елордалық гарнизондарының жеке құрамы салтанатты шерумен өтті. Тағзым шарасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің патриоттық орталығында жалғасты.  Ұлттық ұлан видеостудиясының мерейлі датаға орай даңқты жетінші рота жауынгерлерінің рухына арнайы дайындаған деректі фильмінің тұсауы кесілді.Айта кету керек, дәл осы күні еліміздің басқа өңірлеріндегі құқықтық тәртіп әскерлерінің барлық әскери бөлімдерінде салтанатты митингілер өтуде. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/971222?lang=kk
Амманда цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды 11.04.2025
Амман, 2025 жылғы 7 сәуір – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Цифрлық экономика және кәсіпкерлік министрі Сами Смейратпен кездесті.Сұхбат барысында тараптар ақпараттық-коммуникация саласындағы ағымдағы өзара іс-қимылды, атап айтқанда, электрондық үкімет аясындағы ынтымақтастық мүмкіндігін, тәжірибе алмасу перспективаларын және екі ел делегацияларының өзара сапарларын жүзеге асыруды талқылады.Тараптар Қазақстан мен Иорданияның уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын әрі қарай жандандыруға мүмкіндік беретін Ақпараттық-коммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға үстіміздегі жылғы ақпан айында Амман қаласында қол қойылуын қанағаттанушылықпен атап өтті.   Елші иордан IТ-кәсіпкерлері мен осы саладағы тиісті инвесторлардың ү.ж. 26-27 тамызда елімізде өтетін Қазақстан-Иордания Бизнес-форумына қатысуының орындылығы жөнінде пікір білдірді. Сонымен қатар, С.Смейратқа ү.ж. 29-30 мамырда Астана қаласында ұйымдастырылатын Астана халықаралық форумына (AIF-2025) шақыру табыс етілді. Иорданияның Цифрлық экономика және кәсіпкерлік министрі шақыруды ризашылықпен қабыл алды және Қазақстанмен әрі қарай ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/971221?lang=kk
Суды пайдалану мәселесі Қазақстан мен Швейцарияның басты назарында 11.04.2025
19 маусымда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Швейцария Сыртқы істер федеральді департаментінің (министр) басшысы Дидье Буркхальтермен кездесті.Қ. Әбдірахманов Швейцария Қазақстанның ең ірі сауда және инвесициялық әріптестерінің бірі болып табылатынын назарға ала отырып, екі ел арасындағы саяси және экономикалық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтті, 2016 жылы екіжақты сауда айналымы 2,8 млрд. долларды құраған.БҰҰ аясындағы өзара ынтымақтастыққа байланысты Қ.Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-інші сессия барысында жариялаған, халықаралық құқық қағидаттарын қайта растау жөніндегі конференциясын шақыру, БҰҰ мүше мемлекеттердің қорғаныс бюджеттерінің 1 пайызын БҰҰ даму қорына аудару және Жаһандық антитеррористік желіні (коалиция) қалыптастыру бастамаларының өзектілігін атап өтті.Д. Буркхальтер Қазақстанның халықаралық алаңдағы, соның ішінде Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі астаналық процесс шеңберіндегі рөлін жоғары бағалады. Оның айтуынша, Швейцария өңірдің кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ Орталық Азияда су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесі бойынша Қазақстанмен белсенді ынтымақтасуға дайын.Сол күні Астанада Қазақстан мен Швейцарияның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Орталық Азия елдері мен Швейцария сарапшылары қатысатын, «Орталық Азиядағы су әлемі: 2030 жылға арналған күн тәртібі – су қауіпсіздігі және өзара тиімді өсім» атты 3-інші халықаралық конференциясында сөз сөйледі.Қ. Әбдірахманов атап өткендей, Орталық Азия қазіргі таңда өңірдегі және жалпы әлемдегі көптеген проблемаларды бірыңғай майданмен шешуге тырысуда. «Біз су ресурстарының проблемалары бойынша өңірдегі диалогтың оң серпінін байқаудамыз және бұл мәселеде айтарлықтай тәжірибесі бар Швейцарияның осы үдеріске қосылуын қолдаймыз», – деп айтты ол.Судың жетіспеушілігі ең ірі он жаһандық сын-қатерлердің бірі болып есептеледі. Осыған орай, Қазақстанның басты мақсаттары: суды үнемдейтін технологияларды пайдалану есебінен халықты және өнеркәсіпті су ресурстарымен қамтамасыз ету, су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру және судың экологиялық жүйелерінің қауіпсіздігіне кепілдік беру.Д. Буркхальтер өз сөзінде Еуропаның көптеген өзендерінің суағары Швейцариядан бастау алатыны туралы айтып, Орталық Азия мемлекеттерімен су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді.«Біз үдеріске талдау жасауға, саяси диалогты жандандыруға және өңірдегі су мәселелерін шешуде жәрдем етуге ниетімізді білдіреміз», – деп атап өтті Швейцария сыртқы саясат ведомствосының басшысы.Швейцария мен Орталық Азия елдерінің қатысуымен болған су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі конференциялар 2014 жылы қарашада Базелде және 2016 жылы қыркүйекте Алматыда өткен.Д. Буркхальтер «ЭКСПО-2017» көрмесінде Швейцария павильонын аралап көрді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/21387?lang=kk
«CargoRuqsat» сервисі қате нөмірлері бар брондауларды жояды 11.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 5 сәуірден бастап «CargoRuqsat» электрондық кезек жүйесінде жаңа ережелер күшіне енетінін хабарлайды: мемлекеттік нөмірлері дұрыс көрсетілмеген автокөлік құралдарын брондау автоматты түрде, ескертусіз жойылатын болады.Жаңа өзгерістер кейбір шетелдік тасымалдаушылардың өз автокөлік құралдарының (бұдан әрі – АКҚ) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі – МТНБ) әдейі бұрмалап (мысалы, артық таңбалар қосу арқылы) қолдан жасауы себепті енгізілуде. Шетел мемлекеттерінің деректер базаларымен интеграция болмаған жағдайда электрондық сервис форматтық–логикалық бақылауды онлайн режімде жүзеге асыра алмайды. Бұл пайдаланушыларға алымдарды төлемей, ережелерді бұза отырып жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Осындай жағдайлар жалған мәліметтерді құжаттарға енгізу арқылы сақтандыру полистерін ресімдеу кезінде де тіркелген.Брондау кезіндегі МТНБ көлік құралын тіркеу туралы куәлікте (бұдан әрі – КҚТК) көрсетілген нөмірмен дәл сәйкес келуі тиіс екенін еске саламыз. Егер мәліметтер сәйкес келмесе – брондау автоматты түрде жойылады, бұл нөмірдегі қателіктер арқылы міндетті төлемдерден жалтаруға жол бермейді.Сонымен қатар, тексерулер барысында бірдей VIN–коды бар, бірақ әртүрлі мемлекеттік нөмірлері көрсетілген АКҚ–терді брондау фактілері анықталды. Мұндай схеманы отандық тасымалдаушылар қолданған және бұл да белгіленген талаптардан жалтаруға мүмкіндік берген.Мұндай алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында жүйеге автокөлік құралының VIN–кодын тексеру функциясы енгізілді. Егер осы VIN–код бойынша белсенді брондау болса, жаңа бронь жасау мүмкін емес. Кезекке тұру үшін алдымен алдыңғы брондауды жою қажет.Шетелдік тасымалдаушылар брондауды рәсімдеуден бұрын енгізілетін деректерді мұқият тексеруі тиіс, себебі жүйеде шетелдік мемлекеттердің дерекқорларымен интеграция жоқ, ал ақпараттағы қателер броньның жойылуына әкелуі мүмкін. Сұрақтар туындаған жағдайда техникалық қолдау қызметіне немесе Мемлекеттік кірістер аумақтық органдарына жүгінуге болады.Жаңа шаралар жүйенің ашықтығын арттыруға және тасымал процессіне қатысушылар үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/971226?lang=kk
«Нашақорлыққа жол жоқ» ашық волейбол турнирі 11.04.2025
«Нашақорлыққа жол жоқ» — салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлыққа қарсы күрес мақсатында ұйымдастырылған спорттық шара. Турнирдің басты мақсаты – жастардың назарын нашақорлық мәселесіне аудару, физикалық белсенділік, командалық жұмыс және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау идеясын алға жылжыту.Іс-шара Қостанай қаласының прокуратурасы, Қостанай қаласы әкімдігінің «Білім бөлімі» ММ, «IQostanay» балаларға арналған Smart-орталығы» КММ және Қостанай қаласы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бірлесіп ұйымдастырылып отыр.Турнир аясында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің спорт залдарында 24 команда бақ сынайды.Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталады. Турнирдің үздік ойыншыларына бағалы сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар жанкүйерлер арасында да үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталады: ең үздік плакат, ұран және өз командасына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін.Баршаңызды турнирге келіп, қатысушыларға қолдау көрсетуге шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/971188?lang=kk
Алматы облысында колледж студенттері антифриз өндіретін зауыттың жұмысымен танысты 11.04.2025
Алматы облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында химиялық өнім шығаратын кәсіпорынға колледж студенттерінің танымдық экскурсиясы өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – «AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастар Рухы».30-дан астам студент Қонаев қаласында орналасқан «Бағашар Мекен» зауытына барып, өндірістік цехтардың, зертханалардың жұмысын көріп, сапаны бақылау жүйесімен танысты.Сапар барысында колледждер, кәсіпорын және «Жастар Рухы» ұйымы арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі мен үздік түлектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік беру көзделген.«Біздің мақсатымыз – жастардың теориялық біліммен қатар нақты өндірістік ортада тәжірибе жинауына жағдай жасау. Жас мамандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету – «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі», – деді «Жастар Рухы» ұйымының Алматы облыстық филиалының төрағасы Медет Бекбергенов.«Бағашар Мекен» ЖШС – Қазақстандағы антифризді өнеркәсіптік негізде өндіретін жалғыз кәсіпорын. Зауыттың қуаттылығы жылына 25 мың тонна өнім шығаруға жетеді. Өнім ішкі нарықпен қатар Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға экспортталады. Кәсіпорында 200-ге жуық адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар.Жыл басынан бері «Жастар Рухының» бастамасымен облыс аумағындағы алты өндірістік нысанға экскурсия ұйымдастырылып, 100-ден астам студент қамтылды.Жыл соңына дейін тағы 20 колледжбен меморандумға қол қойылып, 500-ден астам студентке өндірістік тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/971186?lang=kk
МИНИСТРЛІК АЛАҢЫНДА САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 11.04.2025
2017 жылы 14 маусымда министрлік алаңында Сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Онда министрліктің жеке кәсіпкерлік субъектілерімен нормашығармашылық қызметіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Бұдан басқа кездесу барысында кеңес мүшелеріне жаңадан аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері таныстырылды.Ағымдағы жылдың мамырында жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеу бойынша жұмыс жүргізілген және бүгінгі күні Инвестициялар және даму министрлігінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 47  бірлестігі аккредиттелген.Отырыста нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу барысында туындайтын мәселелер, ағымдағы жағдай мен  алдағы уақыттағы нормашығармашылық қызметке қатысты міндеттер қарастырылды.Сараптамалық кеңестің келесі отырысын 2017 жылы тамыз айында өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21348?lang=kk
Әскери қызметшілер тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды 11.04.2025
Пшихавр шатқалындағы Ішкі әскерлердің біріккен ротасы (қазіргі ҚР Ұлттық ұланы) күші басым содырлар тарапынан шабуылға ұшыраған қайғылы күннің 30 жылдығына орай Астанада еске алу шаралары өтті. Осыдан 11 жыл бұрын 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ішкі әскерлердің 17 жауынгерінің есімдерін мәңгі жадымызда сақтау үшін орнатылған ерлік аллеясындағы «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Іс-шараға Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұланның, Қорғаныс министрлігінің, «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ өкілдері, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері қатысты.Рәсім бір минут үнсіздіктен басталды. Сол ұрыста қаза тапқандардың бірі қатардағы жауынгер Ербол Бекебаевтың анасы Жанат Елубайқызы өз естеліктерін айтып берді. Анасының айтуынша ұлы үлкен жүректі, болашағына сенетін арманшыл қарапайым жігіт болған.– Сын сағатта да ол әскери борышына адал болып, адам нанғысыз табандылық танытты, осы қалпында туған-туыстарының және халқының жадында мәңгі қалады, – деді Жанат Бекебаева.Сол күні ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлттық ұланның бейне студиясы дайындаған, тәжік-ауған шекарасындағы шайқас туралы баяндайтын деректі фильмнің көрсетілімі өтті.Бұл күні Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде жас жауынгерлердің бойында патриотизмді қалыптастыруға тәрбиелейтін және батырларды еске алу шаралары өткізілетінін айта кеткен жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/971158?lang=kk
АВИА ЖОЛАУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 11.04.2025
Жазғы демалыс маусымының басталуына байланысты Қазақстан азаматтарына ел ішінде, сонымен бірге шетелде, сондай-ақ сапалы қызмет көрсету және қолайлы саяхаттауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ресми интернет-ресурсында әуе көлігімен саяхаттаушы жолаушыларға арналған арнайы бөлім ашты. Бұл бөлімде жолаушылар мен багажды тасымалдау рәсімдері, авиабилеттерді сатып алу тәртібі, әуе жолаушыларының құқықтары мен міндеттеріне қатысты және т.б. жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бар.Бұл ақпарат жолдағы немесе рейстердің кешігуіне байланысты жағдайға тап болған, сондай-ақ енді саяхаттауды жоспарлап отырған жолаушыларға пайдалы.Ақпарат Комитеттің aviation.mid.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Авиажолаушыларға» бөлімінде қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21303?lang=kk
Конституциялық Сот елімізден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен азаматтардың зейнетке шығу құқығын шектеудің Конституцияға сәйкестігін тексереді 11.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының Әлеуметтік кодекстің 196-бабы 1-тармағының, 202-бабы 2-тармағының, 204-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының және Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларының (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығы) 5-тармағы бесінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.Өтініш субъектісі Кодекстің және Қағидалардың дауланып отырған ережелері Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен азаматтардың зейнетақы құқығын Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтарымен салыстырғанда кемсітеді деп есептейді, өйткені азаматтардың екі санаты да еңбек қызметін жүзеге асыра отырып және салықтарды төлей отырып, мемлекет пен қоғам алдындағы өз міндеттемелерін орындады.Тексеру барысы мен нәтижелері туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/971118?lang=kk
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің төрағасы Абай облысында болды 11.04.2025
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаевтың күзгі-қысқы кезеңнің өтуін бақылау және өңірдің энергия кәсіпорындарының жөндеу компаниясына дайындығы шеңберінде Абай облысына жұмыс сапары өтті.Төраға "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС-де болып, онда энергетикалық жабдықтың ағымдағы жай-күйімен, станцияның жөндеу науқанынан өтуімен танысты. Су тасқыны кезеңінен өтудің, табиғатты қорғауға дайындықтың өзекті мәселелері талқыланды. Бекітілген кестелерге сәйкес негізгі жабдықты жөндеудің жоспарланған көлемін уақтылы жүргізу.Сапар барысында Ержан Ертаев "Теплокомунэнерго" МКК энергетикалық жабдықтарының ағымдағы жай-күйімен, жөндеу науқанына дайындықпен танысты. Жылыту маусымының, қазандықтардың авариялық аялдамаларының өту мәселелері талқыланды, ағымдағы жылыту маусымынан өту кезінде жылу желілері бойынша проблемалық мәселелер, энергия жабдықтарының жұмысындағы ықтимал қауіптер қаралды.Өңір әкімдігі, облыстың энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңесте облыс орталығының өсіп келе жатқан жылу жүктемелерін жабу және оны жылумен және ыстық сумен сенімді қамтамасыз ету жолдары талқыланды."ЭЫДҰ" АҚ басшылығының назары жөндеу персоналын ұлғайту бойынша бірқатар проблемалық мәселелерге аударылды.Комитеттің аумақтық департаменті жылумен және электрмен жабдықтау объектілерінің негізгі жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша комитет төрағасы өңірдің энергетикалық кәсіпорындарының басшылығына алдағы жылу маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/971064?lang=kk
ШҚО-ДАҒЫ ҚЫЗЫЛ АЛТЫН КЕН ОРЫНЫНДА ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 11.04.2025
ЕҚДБ Қазақстанның энергетика және кен өндіру салаларын $140 млн. несие беру арқылы инклюзивті экономикалық қолдау жөніндегі жұмысын кеңейтуде. Бұл қаржыға «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны» ЖШС Қызыл алтын кен орынына зерттеу жүргізіледі. Бұл жоба Шығыс Қазақстан облысында жүздеген жұмыс орынын құруға және аталмыш секторға жоғары халықаралық стандарт енгізуге мүмкіндік береді. «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны» ЖШС қымбат металл өндірумен айналысатын «PolymetalInternational PLC» компаниясының 100% еншілес кәсіпорыны болып табылады. «Polymetal»  компаниясының осы типтес жобаларды іске асырудағы мол және мойындалған тәжірибесін ескере отырып, Қызыл алтын кен орны жобасы қазақстанның кен өндіру секторына жаңа технологиялар мен машықтар енгізуді қамтамасыз етеді.Аталған жобаны жүзеге асыру жоспарына сәйкес, жаңа жұмыс орындарына көбіне жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары орналасады. Бұл нысан пайдалануға берілгеннен кейін 400 жаңа жұмыс орнын қосқанда оған шамамен 1000 адам тартылады.Астанада өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-шы пленарлық сессиясы алаңында ЕҚДБ Президенті Сума Чакрабартии мен «Полиметалл УК» АҚ Президенті Игорь Финогенов жобаға қол қойды. «Біз Қазақстанның алыстағы аймақтарын экономикалық дамытуды қолдаймыз. Қызыл жобасы Шығыс Қазақстан облысына инновациялар, жаңа технологиялар әкеледі және жаңа жұмыс орындарын ашады. Біз «Полиметалл» компаниясымен бірге осы елдегі жастар мен әйелдердің мүмкіндіктерін жақсарту жұмысын бастауды асыға күтеміз»,-деп атап өтті ЕҚДБ Президенті. «Бұл келісім Полиметаллдың ЕДЖБ-ның Қызылды дамыту мен одан әрі дамыту үшін қоршаған ортаны қорғау мен әлеуметтік саладағы озық тәжірибесін енгізу арқылы тұрақты дамуға ұмтылысын көрсетеді»,-  деп мәлімдеді  «Полиметалл» Тобының Бас атқарушы директоры Виталий Несис. Қызыл- әлемдік санаттағы үлкен кеніш. Мойындалған халықаралық бағалау бойынша 7,7 грамм тонна алтын құрамы 7,3 млн.  унций алтын қоры бар және пайдалану мерзімі 22 жыл. Кәсіпорын толық жобалық қуатымен жұмыс істегенде жылына 300 мың унций алтын өндіреді деп күтілуде.Сондай-ақ, алғашқы 10 жыл бойы алтын өндіру ашық әдіспен жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21218?lang=kk