«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы жаңартылды: салықтық міндеттемелер - салық органына бармай-ақ
13.07.2026 02:57:39 287
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын жаңа Салық кодексіне сәйкес жаңартты. Енді дара кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар барлық негізгі салықтық рәсімдерді қашықтықтан телефон арқылы, кезексіз және артық құжаттарсыз орындай алады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бәрі қарапайым, ДК ретінде тіркелудің және салықтық есептілікті тапсырудың қажеті жоқ. Әрбір алған кірісі бойынша «E-Salyq Business» қосымшасында чек қалыптастыру жеткілікті.
Әр айдың қорытындысы бойынша қосымша автоматты түрде кірістер тізілімін қалыптастырып, әлеуметтік төлемдерді есептейді. Төлемдер банктік қосымша арқылы жалпы 4% мөлшерлеме бойынша жүргізіледі (міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - 1%, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС) - 1%, әлеуметтік аударымдар (ӘА) - 1%, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) - 1%).
Дара кәсіпкерлер үшін барлық кезеңдер бір қосымшада. «E-Salyq Business» арқылы:
- ДК ретінде тіркелуге;
- арнаулы салық режимін таңдауға;
- чектерді қалыптастыруға және кірістерді есепке алуға;
- 910.00-нысан бойынша салықтық декларацияны тапсыруға болады.
Барлық іс-қимыл - мемлекеттік органдарға бармай-ақ.
Жаңартудың мақсаты - салықтық міндеттемелерді орындауды оңайлату, қағаз құжат айналымын азайту және мемлекеттік қызметтердің электрондық форматта қолжетімділігін кеңейту.
Арнаулы салық режимін қолданудың егжей-тегжейлі шарттары - ҚР Салық кодексінің 16-бөлімінде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1250755?lang=ru