Enbekshi QazaQ

Қоғам

ОКҚ-де еңбек заңнамасының сақталуын бақылау нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті 10.04.2025
Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасовтың қатысуымен «Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау нәтижелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Бүкіләлемдік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «еңбек нарығының тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 35-ші орынға ие болды. Бұл жаңартылған еңбек заңнамасының ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік серіктестермен бірге қабылданатын жүйелік шаралардың көрсетер нәтижесі.  «Өткен жылы үшжақты комиссия еңбекақы бойынша қарызы бар 305 кәсіпорынды анықтады. 2017 жылдың қорытындысында жұмыс берушілер тарапынан 22,1 мың жұмысшыға 3,1 млрд теңге берешек өндірілді. » Жұмысшыларды қысқартуды жоспарлаған 75 кәсіпорында 3,7 мың қызметкерді жұмыстан босатпауға бағытталған шаралар қабылданды, ал, 185 мыңнан астам жұмысшысы бар 422 кәсіпорын еңбек және әлеуметтік заңнаманы жиі бұзатын кәсіпорындар ретінде тәуекелге жиі ұшырайтындар қатарында» - деді бас еңбек инспекторы.Өткен жылы жеке еңбек келісімшарттарының саны 60 мыңға артты. Сондай-ақ, бүгінгі күні қызметкерлерді қысқартудың алдын алуға бағытталған 115 мың меморандум жасалды.  Нәтижесінде 2,8 млн жұмыс орны сақталып қалды.Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 2017 жылы азаматтардың өтініштері бойынша 9 920 жоспардан тыс тексеру жүргізілген.«Олардың басым бөлігі жалдамалы жұмысшылар және жұмыстан босатлығандар. Олардың шағымы бойынша 14,9 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Тексеріс нәтижесінде 467 млн. теңге айыппұл салу туралы санкциялар берілді.» -деді комитет төрағасы.Ақмәди Сарбасовтың пікірінше, еңбек қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерінде оң өзгерістер байқалады. Соңғы 3 жылда өндіріс орындарында зардап шеккендер қатары 16%-ға азайды.Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шегетін жұмысшылар тау-кен металлургиялық кешендерінде -16,0% және құрылыс индустриясында 15,2% болып тіркелген.Қорыта айтқанда жаңа Еңбек кодексі қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту үшін өндірістік кеңестерді құруды қарастырады. Бүгінде мұндай 12 мыңнан астам кеңес құрылған кәсіпорын арасында 140 жұмыс берушіге «Сенім сертификаты» табысталды.Еске салай кетейік, жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес Декларация қағидалары негізінде сенім сертификаттары беріледі. Мұндай куәлікті алғандарға үш жыл ішінде тексеріс жүргізілмейді.Жаңа еңбек заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мақсатында сарапшылар тобы жұмысты жалғастырып жатыр. Аталған тобқа бүгінге дейін жұмыс берушілерден, қызметкерлерден, азаматтардан 200-ге жуық ұсыныстар келіп түсті.Сарапшы тоб түсіп жатқан ұсыныстарды ескеріп, заңдағы өзгерістерді қарау үшін биыл Парламент қарауына жіберуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16427?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ СҰРАҚТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА «ДЖИ ТИ АЙ КАЗАХСТАН» ЖШС КЕЗДЕСУ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамызында № 874 бекіткен Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасында индустриялық - инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында және 2017 жылғы техникалық регламенттерді, стандарттарды, соның ішінде Алматы облысындағы кәсіпорындарға және ұйымдарға сапа менеджменті жүйесіне таратылатын стандарттарды ендіру және олардың жүзеге асырылуы жөніндегі өңірлік жоспарын жүзеге асыру мақсатында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облыстық департаменті «Джи Ти Ай Казахстан» ЖШС кездесу өткізді. Аралау барысында Қазақстандағы және Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕЭО), кәсіпкерлікті дамыту және қолдауымен техникалық реттеу сұрақтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жургізілді.«Джи Ти Ай Казахстан» ЖШС мамандары «Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламенті» (КО ТР 035/2014) танысты.А также вопросы внедрения системы энергетического менеджмента в соответствии с требованиями международного стандарта серии ISO 50001:2011 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес, энергетикалық менджмент енгзізу сұрақтары, және кәсіпорында енгізілген ИСО 9001 немесе ИСО 14001 менеджмент жүйелерімен жұмысы ойынша сұрақтар толық түсіндірілді.Кедендік одақтың «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (КО ТР 005/2011) талаптарына сәйкес барлық кәсіпорындарға таңбалау бөлігі туралы ақпарат жеткізілді.Презентация кезінде техникалық реттеу және метрология Комитеті - www.memst.kz сайтына, Еуразиялық экономикалық комиссия -www.eurasiancommission.org сайты бойынша ақпараттар ұсынылды.Кездесу барысында сұрақтарға жауап берілді, сонымен қатар техникалық регламенттер талабына сай шығарылатын өнімдердің сәйкестігін растау, таңбалау ЕЭО өтпелі ереженің қолданылуы бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/16417?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі Whats App мессенджерін іске қосты 10.04.2025
Енді, ведомства мамандары Whats App мессенджері арқылы халықпен өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, әрі әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша жедел ақпарат алмаса алады. Whats App мессенджерінің номері; +7 700 101 1414Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.«Еліміздің азаматтары өздерін толғандырып жүрген зейнетақы, түрлі жәрдемақы, мүгедектікті тағайындау, көпбалалы отбасын қолдау, көші-қон және еңбек қатынастары жайында сауалдарға тікелей жауап алатын болады», -деп атап өтті баспасөз хатшысы.  Айта кетейік, биыл министрлік келесі міндеттерді орындайды:жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу:базалық зейнатақы төлемдерін тағайындаудың механизмін қайта қарау;кәмелет жасына толған, бала кезінен І топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізу;өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу;әлеуметтік қызмет жүйесін модернизациялау;мүгедектік бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамалық қызметті қайта форматтау;саланы цифрландыру, электронды еңбек биржасын енгізуді, электронды еңбек келісімдерді қамтамасыз ету және т.б.«Егер аталған бастамаға ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз бен толықтыруларыңыз болса, біз бігіріп талқылауға және кеңінен сұхбаттасуға әзірміз. Азаматтар өздерінің сұрақтарын Whats App мессенджеріндегі  +7 700 101 1414 нөмеріне жолдауына болады», - деп атап өтті Нұрлыбек Жеңісбек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16412?lang=kk
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шамамен 105 мыңнан астам келісімшарт жасалды 10.04.2025
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.  Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасын орындауда, жыл басынан бері жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмек жүзеге асырыла бастады.Еңбек министрінің айтуынша, соңғы үш жылда осыған даярлық жұмыстары жүргізіліп, атап айтқанда жаңа сипаттағы АӘК-тің прототипі болып табылатын «Өрлеу» жобасы іске асырылды. «Осының аясында, барлық қажетті құқықтық және нормативтік база әзірленді, жергілікті атқарушы органдардың барлық деңгейдегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін оқыту ұйымдастырылды, АӘК тағайындаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жасалды.Бір мезетте жаппай өтініш білдірудің алдын алу үшін 2017 жылдың төртінші тоқсанынан бастап АӘК алушылармен әлеуметтік келісімшарттар жасалды», - деді Тамара Дүйсенова.Нәтижесінде бүгінгі күні 105 мың әлеуметтік келісімшарт жасалды, оның ішінде 88 мың отбасы мүшелері жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін ақшалай көмек пен мемлекеттік қолдау шараларын алады.Жергілікті атқарушы органдардың бекіткен кестесіне сай, қаңтар айында аталған көмек 48,9 мың отбасына көрсетіледі. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, жаңа сипаттағы әлеуметтік көмектің жүзеге асырылу нәтижесі жергілікті атқарушы органдардың істейтін жұмыстарына да тікелей байланысты болмақ.«Осы ретте, облыс әкімдері АӘК -ті алатын отбасыларды белгіленген кестеге сәйкес қамтуды, әсіресе жұмысқа орналасуға мемлекеттік қолдау көрсетуді, несиелер беруді және оқыту бойынша жасалған әлеуметтік келісімшарттардың орындалуын қатаң түрде қадағалауы қажет деп білемін», - деді сөз арасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16384?lang=kk
ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ «ҚАЗАҚСТАН МЕТРОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ» ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ 10.04.2025
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы Ғалымжан Дұғаловтың төрағалық етуімен «Қазақстан метрология институты» РМК («ҚазМетрИн») басшылығының 2017 жылғы және 2018 жылдың 1 тоқсандағы жұмыстарының қорытындысы туралы жыл сайынғы тыңдалымы өтті.Кездесуде Институттың қызметі таныстырылды және шетел метрологиялық институттарының ұлттық эталондарымен халықаралық салыстыруларға қатысу нәтижелері, Еуразиялық экономикалық кеңес (ЕЭК) аясында ынтымақтастық, Мемлекеттік стандарттық үлгілерді өндіру, зертханааралық салыстырулар және т.б қаралды.«ҚазМетрИн» РМК бас директоры Тоқтабек Тоқанов Институттың жетістіктерін, эталондарды салыстыруға қатысу нәтижелері бойынша Халықаралық өлшем және салмақ бюросының деректер базасында 65 калибрлеу және өлшеу мүмкiндiктерiнің (СМС жолдар) жарияланғанын атап өтті.Бұл республикада жүргізілетін өлшеулердің халықаралық деңгейде мойындалуы, сынақ және өлшеу зертханаларының, сәйкестікті растау органдарының қызметіне қатысты сенімділікке, ғылыми зерттеулерде серіктестік тәжірибесін кеңейтуге алдын ала жағдай жасайды.Сондай-ақ мемлекет үшін де, бизнес үшін де қажетті мемлекеттік эталондарды жаңғырту және қызмет көрсету мәселелері қаралды.Халықаралық ынтымақтастық аясында өлшем бірлігін қамтамсыз ету саласындағы жұмыстардың  нәтижелерін тану мақсатында ЕАЭО аумағында өзара жеткізілетін өнімдерге қатысты бірыңғай талаптар әзірленуде.Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық комиссияның өлшем құралдарын, стандарттық үлгілерге, салыстырып тексеруге, өлшеулерді орындау әдістемелеріне, зертханааралық салыстыруларға, шама бірліктеріне, метрологиялық сараптамаға және т.б. сынауға қойылатын талаптарды белгілейтін 10 құқықтық акті қолданысқа енгізілді.Бұдан бөлек, жеке кабинет арқылы электрондық форматта өтінімдерді жіберуге және нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді әзірлеу, көрсетілетін метрологиялық қызметтерді автоматтандыруға көшу жөніндегі мәселелер қаралды.Институт цифрландыру жүргізу мақсатында электрондық құжат айналымын енгізді, метрология саласындағы нормативтік құжаттарды іске асыру жөніндегі мамандандырылған Интернет-магазин іске қосылды.Биыл Институт алтын-күміс қоспасының МСҮ әзірлеуге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.Білім беру мекемелерімен жұмыс аясында С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және Л. Гумилев атындағы ЕҰУ университтерімен үш жақты ынтымақтастық жүзеге асырылуда, Эталон орталығының базасында метрология жөніндегі оқулар жүргізіледі.Комитет төрағасы кеңес қорытындысы бойынша «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізуге байланысты жұмыстардың ұйымдастырылуын, Институттың жалпы жетістіктерін атап өтті және метрология, ғылыми–зерттеу жұмыстары мен Қазақстан Республикасының эталондық базасын дамыту саласындағы жұмыстарды жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/16370?lang=kk
2018 Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі: бағдарламаның қалыптасу кезеңдері 10.04.2025
Биыл Астанада 19-22 маусым аралығында 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі өтеді. Әлемдік маңызы бар ауқымды шара тек Қазақстанда емес, тіпті ТМД аумағында алғаш рет өткелі отыр. Мерейтойлық ДТК өткізуге Қазақстанның таңдалуы кездейсоқ емес. Мемлекет ресурстары бай минералдық-шикізаттық базадан құрылған: жер қойнауында кезеңдік кестенің 99 элементі табылған, 5000 жұмыс істейтін кен орны, 60-тан астам элемент өндірісте пайдаланылады.ТМК нарығы көрсеткіштері бойынша 2017 жыл Қазақстан үшін табысты аяқталғанын айта кету қажет. Былтырғы жылдың қорытындыларына сәйкес, тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 9,3%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 5,1%-ға өскен. Түсті металл кенін өндіру көлемі 8,2%-ға көбейіп, темір кенін өндіру көлемі 6,9%-ға өскен. Металлургия секторындағы көрсеткіштер жоғары серпінді көрсетеді. Бұл өндіріс көлемінің өсуіне байланысты: қара металлургияда көлем 6,6%-ға өскен, ал түсті металлургияда өндіріс 5,5% құрған.2017 жылдың 27 желтоқсанында қол қойылған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс енгізілімі ең таңдамалы әлем тәжірибесіне сай: халықаралық есептілік стандарттары жүйесін енгізу тұрғысынан заң шығаруды жетілдіру жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасау рәсімін жеңілдетіп, жер қойнауын пайдалану шарттарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға септеседі.Қазақстандағы Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі «Инновациялық басымдық – әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсу жолында жасалған қадам» ұранымен өтеді. Конгресс шеңберінде саланың инновациялық шешімдеріне, тау-кен өндірісіндегі жетекші әлем компаниялары саласына инвестицияларды тартуға арналған бірнеше тақырыптық сессиялар өтеді. Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессінің Төрағасы, Польшадағы Ғылым және техника Университетінің геомеханика факультетінің (AGH) деканы, 55-тен астам ғылыми жұмыстардың авторы Марек Цала сөз сөйлейді. Марек Цала – тау жынысы Механикасы (ISRM) халықаралық қоғамының, сондай-ақ Жер қыртысы және Геотехника (ISSMGE) халықаралық қоғамының мүшесі.Тау-кен саласының әлем сарапшылары «Тау-кен өндірісіндегі технологиялық инновациялар және озық тәжірибе – болашақ бүгін басталады» атты пленарлық отырысқа қатысады. Модераторы – Вирджиния көмір және энергетика саласындағы зерттеулер орталығының директоры Микаэль Кармис. Шақырылған спикерлер арасында – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бакытжан Сагинтаев, ERG S.a.r.l  менеджерлер кеңесінің Төрағасы Александр Машкевич, Vale S.A. президенті Кейтиро Матсуо (Бразилия), Rio Tinto бас орындаушы директоры Жан Себастьян Жак (Австралия), Anglo-American бас орындаушы директоры Марк Катифани (Ұлыбритания), Торонто қор биржасының жетекшісі. Сессияға қатысуын растағандар -  Роберт Барнс – London Stock Exchange жаһандық басшысы, Кайрат Келимбетов – «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының Басқарушысы, Скот Фостер – БҰҰ(Швейцария) Еуропалық экономикалық комиссия директоры, Майкл Хитч – жаңа оңтүстік Уэльс университетінің (Австралия) профессоры, Хуа Гуо – 2021 Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессінің Төрағасы (Австралия) бар.ДТК бағдарламасында тау-кен металлургия кәсіпорындарының әлем көшбасшылары саланың маңызды мәселелерін талқылап, жеке тәжірибелерін ұсынады және тыңдаушыларды өнеркәсіптегі жетекші әлем компанияларының тәжірибесімен таныстыратын тақырыптық пікірталастар болады. Атап айтқанда, PwC Ресей директоры Максим Баранов тау-кен металлургия кешенінің жетекші көшбасшыларымен бірлесе ТМК-де заманауи тәсілдемелерді қолдану саласындағы басты аспекттерді ашады. Пікірталас тараулары өнімге сұранысты қалыптастыруға, тау-кен руда компанияларының технологияларды әзірлеуші-компаниялармен өзара әрекеттестігіне, инновациялардың ТМК дамуына және ел экономикасына әсеріне қатысты сұрақтарды қамтиды. «Инновацияларға инвестициялар» атты бөлімнің соңғы бөлігі сұрақ-жауап үлгісінде өтпек.   Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессін салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президенті, Польша Республикасы Президенті, Қытай Халық Республикасы Төраға орынбасары, Ресей Федерациясының Үкімет басшысы, Австралияның Генерал-губернаторы қатысады, деп күтілуде.Қазіргі кезеңде 35 мемлекеттен 200-ден астам баяндама қабылданды. Сонымен қатар, 48 мемлекеттен 265 ассоциация шақырылды, 37 мемлекеттен 132-ден астам ассоциация мен халықаралық ұйым өзінің ДТК-не қатысатынын растады.Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессінің демеушілері: Гауһар Серіктесі – «Еуразиялық Топ» ЖШС, Алтын Серіктестері - «Kazzinc Holdings» ЖШС, KAZ Minerals тобы, Polymetal International PLC, күміс серіктесі - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, сол сияқты қола Серіктестері - «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС, «AAEngineering Group» ЖШС жоба-құрылыс тобы және "КАІ" компаниялар тобы.Фото ашық ақпарат көзіненАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/16249?lang=kk
Қазақстан делегациясы Дубайдағы инвестфорумға қатысады 10.04.2025
Қазақстанның бизнес қоғамдастығының өкілдері ағымдағы жылы сәуірде Дубай қ. өтетін Annual Investment Meeting инвестициялық форумына қатысады. Бұл туралы «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және ҚР-дағы БАӘ Елшісі Мохаммад Ахмад Альджабердің Астанадағы кездесуі барысында белгілі болды.Дубай қ. сәуір айындағы форум кезінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің презентациясы жасалып, ҚР-ға инвестиция салуға мүдделі әмірлік компаниялармен бірнеше екі жақты кездесулер өтеді.  Өз кезегінде, бүгін Астанада «Kazakh Invest» тарапынан алдын ала Біріккен Араб Әмірліктері бизнесмендерінің одан әрі зерделеуі үшін жалпы сомасы шамамен 20 млрд. АҚШ долларын құрайтын 20 негізгі жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар берілді.Сондай-ақ тараптар кездесуде елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан арғы нақты қадамдарды белгіледі, логистика, туристік кластер, АӨК және басқа саладағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.«Біз АӨК жобаларына, атап айтқанда органикалық өндіріске, сондай-ақ Қазақстанның логистикалық жобаларына инвестиция салуға  дайынбыз», - деп ерекше атап өтті, ҚР-дағы БАӘ елшісі Мохаммад Ахмад Альджабер. «Al Khaleej Sugar»  компаниясы  Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара уданында ірі қант зауыты құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға қызығушылық білдіруде. Алдын ала есеп бойынша зауыттың құрылысына 375 млн. АҚШ долларын жұмсау жоспарлануда.Кездесу қорытындылары бойынша «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және ҚР-дағы БАӘ Елшісі Мохаммад Ахмад Альджабер  үкіметаралық деңгейде инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігін айтты.Сонымен қатар, қысқа мерзімде бірлескен Жол инвестициялық картасын әзірлеу және тұрақты негізде кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, келесі бірлескен іс-шараны өткізу ақпанның соңына жоспарланды.Анықтама: Қазақстанда БАӘ-мен шамамен 200 бірлескен кәсіпорындар әрекет етеді. Әмірлік компанияларының жұмыс жасайтын негізгі салалары агроөнеркәсіп кешені, мұнай қайта өңдеу және мұнай-газ секторын дамыту, химиялық өнеркәсіп және құрылыс болып табылады.  Біріккен Араб Әмірліктері инвестицияларды тарту үшін басым елдер тізіміне кіреді. БАӘ  ҚР-дағы ел (ТШИ) активтері бойынша 13-ші орынды, ҚР-да капиталы бар кәсіпорындар саны бойынша 23-ші орынды және тауарайналымы бойынша 25-ші орынды алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/16232?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Импульс» әлеуметтік жарнамалық байқауының жеңімпазы атанды 10.04.2025
"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Импульс»  мемлекеттік әлеуметтік жарнама байқауының жеңімпаздары жарияланды.Салтанатты жиында мына аталымдар бойынша лауреаттар анықталды: «Үздік бейне жарнама», «Үздік аудио жарнама», «Үздік сыртқы жарнама», «Үздік интернет-жарнама», «Үздік плакат», «Ең үздік кітапша», «Үздік жарнама кампаниясы» және «Үздік жарнама белсендісі».2017 жылғы байқау жеңімпаздарының тізімінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бар. Ведомства «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруда «Үздік жарнама кампаниясы» аталымы бойынша екінші орынды иеленді.Осы аталымда III орынды екі ұйым бөлісті. Буратия республикасының қалалық медицицналық профилактика орталығы «Біз жүрек саулығы үшін!» және Санкт-Петербургтің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс және баспа комитеті «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу» жобасымен танылды. Ал, жеңімпаз болған өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларды қолдау Қоры «Балалар сенім телефоны» жобасымен үздік шықты.      Бір атап өтерлігі, биылғы байқауға қатысуға ниет білдіргендер қатары рекордтық көрсеткішке жетті. Ұйымдастыру комитетіне Ресей Федерациясы аймақтары мен ТМД елдері бойынша барлығы 500-ге жуық өтініштер келіп түскен.Конкурсқа 2017 жылғы 1 - қазаннан 2017 жылғы 18 - қыркүйекке дейін жарияланған және іске асырылған әлеуметтік жарнамалар қабылданды.«Импульс» мемлекеттік әлеуметтік жарнама байқауы - қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелеріне назарын аудару үшін, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдармен жарнама жасау процесін сапалы әрі жаңа деңгейге көтеруге арналған бірегей жоба.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16219?lang=kk
Жұмыспен қамту орталықтарының 260-тан астам қызметкері оқудан өтті 10.04.2025
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Жұмыспен қамту орталықтарын реформалау» тақырыбында практикалық оқу - семинарларын өткізді.Тренингке аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту орталықтарының,  сондай-ақ өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан 260-тан астам маман қатысты.  Семинар кезінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілдері «Еңбек нарығы» және «Бірыңғай электронды еңбек биржасы» жаңа ақпараттық жүйесінде бизнес-процестер мен жұмыс әдістерін ұсынды.Жұмыспен қамту орталықтарының жаңа үлгісі жұмыс берушілермен жұмыс істеудің белсенді форматын енгізеді, үміткерлермен жұмыс жасауда профилді құралды енгізу және олардың жұмыспен қамтудың жеке жоспарларын әзірлеу арқылы нығаяды.Жұмыспен қамту орталықтары - жеке агенттіктер, бұқаралық ақпарат құралдары мен жеке интернет-алаңдардан бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді біріктіретін Электронды Еңбек биржасының белсенді қатысушысы болады.Тренинг аясында жұмыс берушілердің назарына Электронды Еңбек биржасында бос жұмыс орындары, жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасуы, сондай-ақ жұмыссыздардың екі қолға бір күрек табудағы мүмкіндіктері туралы ақпараттарды орналастыру ұсынылды.Еске сала кетейік, 2018 жылы қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында елдегі барлық 199 жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы трансформациялаудан өтеді.Бұл жұмыспен қамту орталықтарындағы жұмыс іздеушілер және жұмыс берушілер арасындағы қатынасты белсенді жүргізіп, әрі қағазбастылық жұмыстан арылтады. Орталықтардың жұмысындағы барлық процедуралар барынша  автоматтандырылады, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің өзара байланыстары «бір терезе» қағидатына негізделетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16205?lang=kk
Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады 10.04.2025
Мамандыққа да машықтанып, жұмысқа да орналасуға болады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы екі қолға бір күрек ұсынып, еңбек нарығының сұранысын да реттейді. Сарыағаш ауданында осынау мемлекеттік бастама аясында 400-ден астам тұрғын түрлі мамандықтарды оқып, арнайы куәліктерге қол жеткізді.Үш ай бойы түрлі мамандыққа машықтанған бағдарлама қатысушыларына куәліктер тапсырылды. Тігінші, темір ұстасы, аспаз сияқты бүгінде таптырмайтын бас-аяғы 10 кәсіп түрін игергендердің тең жартысының бүгінде тұрақты жұмыс орындары да дайын дейді салаға жауаптылар. Салтанатты шарадан кейін жас мамандарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған 60-тан аса жұмыс беруші қатысып, 250-ден аса жұмыс орнын ұсынды. Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында 1500-ден астам адам қысқа мерзімді оқу курсына жолданған. Олар өңір басшысының «Әр ауылға өз шебері» бастамасы аясында үш айлық курс кезінде ауданға қажетті деген 38 мамандықты игеріпті. Айта кетейік, облыста арнайы бағдарлама аясында 12 мыңнан аса адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жолданып, бүгінде оның 9 мыңдайы аяқтаған. Еңбек нарығында аса қажетті деген 85 мамандық бойынша арнайы білім алған бағдарлама қатысушыларының тең жартысы екі қолға бір күрек тапты дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16190?lang=kk
БЕЙЖІҢДЕ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН–ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ БЕЙЖІҢ 10.04.2025
Қазақстандық делегацияны ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов, Қытай тарапын ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары  Нин Цзичжэ басқарды.Тараптар 2015 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бағдарламасының (51 жоба) іске асырылу барысын талқылады. Тараптар Қытай Даму Банкінің, Жібек жолы Қоры өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының әзірленуі барысын талқылады, сондай-ақ, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы, цифрландыру, жасыл және басқа да жоғары технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылдарды дамыту жайында пікір алмасты.«Біз қазіргі таңда Қытай мен Қазақстанның даму бағдарламаларын одан әрі сәйкестендіру мәселелерін зерттеп жатырмыз. Осы тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы өте қызықты, оны біз мұқият зерделеп шықтық, ол цифрландыру, индустрияландыру, таза энергия көздерін дамыту және басқа да салалардағы екі ел арасындағы өзара іс-қимыл үшін елеулі мүмкіндіктер ашады», — деді Қытай даму банкінің жоспарлау департаменті директорының орынбасары Ху Дуншэн.«Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын қарастырып, біз сіздердің елдеріңіздің өнеркәсіптік инновацияларды, жасыл экономиканы және басқа да жетекші салаларды дамыту бойынша маңызды жоспарларыңызға назар аудардық. Біз адамзаттың индустриалды саладағы реформаларды талап ететін, жаңа кезеңге аяқ басқанымен келісеміз», - деді ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары  Нин Цзичжэ индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Қытай бірлескен комиссиясының 14-ші отырысында.Нин Цзичжэ ДРІМК пікірінше, Қазақстандағы өткізіліп отырған реформаның ең негізгі ерекшеліктері ретінде, индустрияландыру мәселелерінің Интернетті, цифрландыруды, жасыл және «ақылды» технологияларды дамытумен тығыз байланысы екендігін атап өтті. «Қытай да Қазақстан тәрізді экономиканың осы салаларының дамуына басты назар аударады – бізде «Қытайда жасалынған -2025» және «Интернет+» бағдарламалары әзірленген. Қазіргі таңда қытайлық смартфондар әлемде жетекші позицияларға шыға бастады. Және біз, өзіміздің тәжірибемізбен бөлісуге, цифрландыруды және «ақылды» технологиялар саласындағы жобаларымызды Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бірлескен бағдарламасына дайынбыз», - деп атап өтті ол.Айта кететіні, ҚХР Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті – құзыретіне макроэкономикалық реттеу, орта жән ұзақ мерзімді даму стратегиясын анықтау, баға саясаты (оның ішінде, баға монополиялары келісімдері бойынша тексерулер), аймақтардың дамуына көмектесу, ҚХР экономикасының салалық құрылымын жақсарту, қытай инвесторларының негізгі шетелдік инвестициялық жобаларын және ҚХР маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға рұқсаттар бру, экономиканың тұрақты дамуы стратегиясын жүзеге асыру кіретін ҚХР Мемлекеттік кеңесі комитеті болып табылады.Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы мәселесі шеңберінде, жалпы сомасы 26,2 миллиард доллардан астам 51 бірлескен ауқымды жобаларын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Бұлар химия өнеркәсібі, тау-кен-металлургиясы секторындағы, машина құрастыру, инфрақұрылым, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі және ақпараттық технологиялар салаларындағы жобалар.Сонымен қатар, Бейжіңге екі күндік сапар аясында Арыстан Кенжетайұлының China Power International Holding, China Telecom, Shanghai Electric Corp., YTO Group, COSCO Shipping Lines, NFC, NORINCO International және т.б. сияқты ірі қытайлық инвестор компаниялардың басшыларымен В2В кездесулері жоспарланған.Ақпарат көзі: kazinformАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25833?lang=kk
073/е нысанындағы медициналық анықтаманы eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында алуға болады 10.04.2025
Бұл анықтама пайдаланушының көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығын растайды. Қызметке өтінім берген соң анықтама жеке кабинетте PDF форматында 1 жыл бойы жарамды боладыҚызмет туралы толық ақпаратпен карусельден танысыңызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/965964?lang=kk
Астанада ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері талқыланды 10.04.2025
Бүгін Rixos President Astana қонақүйінде «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шексіз зейнетақымен қамсыздандыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, Зейнетақы және әлеуметтік қорлардың халықаралық қауымдастықтың, «Атамекен» ҰКП-ның, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ-нің, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының, Кәсіподақтар федерациясының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік аннуитеттік компанияның, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері және т.б. қатысты.Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) өкілдері келді.Бүгінгі күні зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұлттық ерекшіліктерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік органдары осы одақ құрамына енген мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шартты дайындау үшін жұмыстар жүргізіп жатыр.Дөңгелек үстел барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице - министрі Светлана Жақыпова өз сөзінде,  мұндай  келісім зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы тең құқықты қамтамасыз ету, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер аумағында жұмыс істейтін еңбеккерлердің зейнетақы құқықтарын қорғау болып табылатындығын атап өтті.«ЕАЭО-қа мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің азаматтарына осы мемлекеттің азаматтарына ұқсас шарттарда берілген құқықтар мөлшеріне тең зейнетақымен қамтамасыз ету көлемін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, мұндай келісімнің қабылдануы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы аталған одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті және құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді» - деді вице-министр.Коллегия мүшесі – ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты министрі Тимур Жақсылықұлы Мекешович барлығын Шарт жобасы бойынша жұмыстың барысы және оның мүше мемлекеттердің еңбекшілері үшін артықшылықтары туралы ақпараттандырды.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты қабылдау қажеттігі туралы Ресей Федерациясының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары – Статс-хатшы Андрей Николаевич Пудовта атап өтті.Бүгінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында заңды негiздерде жүз мыңнан астам еңбекші мигрант жұмыс істейді және олар мен олардың отбасы мүшелері үшін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін реттеудің жоғары маңызы бар.Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың күшіне енуі мүше мемлекеттердің азаматтарына мүше мемлекеттер аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ие болған зейнетақы құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді және олардың еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ  еңбек қызметін заңдастыру бойынша белгіленген рәсімдерді сақтаудың қосымша стимулына айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16090?lang=kk
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері ҚР Үкіметінің кезекті отырысында талқыланды 10.04.2025
Жыл басынан бері облыстардағы мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 мың 700-ден астам тексеру жүргізіп, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 2890 заң бұзушылықты анықтады.Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай туғызған 20 ұйым мен өндіріс нысандарының жұмысы уақытша тоқтатылды, ондағы 230 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы осы және басқа да көрсеткіштер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кезекті Үкімет отырысында баяндады.  Бүгінгі таңда еліміздегі 1400-ден астам кәсіпорын халықаралық еңбек ұйымы ұсынған еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау стандарттарын енгізген. Сапында жұмыс берушілер мен жұмысшы топ өкілдері бар 12 мыңнан астам өндірістік кеңестер құрылды.Бүгінгі таңда 130-тан астам жұмыс беруші сенім сертификатын алып, инспекцияның жоспарлы тексеру тізімінен үш жылға дейін шығарылды. Бұл мүмкіндік, жұмыс беруші өзінің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес ерікті декларацияны жүзеге асыруына байланысты болды.Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді. Аттестациялауды тек сынақ зертханасы бар, арнайы мамандандырылған ұйымдар ғана жүзеге асыра алады. «Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған кешенді шаралардың нәтижесінде, жұмысшылардың қауіпсіздік еңбек жағдайларын қалыптастыруда оң үрдіс байқалады.  2016 жылы өндірісте жапа шеккендер қатары 2015 жылмен салыстырғанда 2,4% -ға азайды.» - деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.Көбіне құрылымы, ғимараттары мен қажетті жабдықтары қанағаттанарлықсыз жағдайдағы құрылыс индустриясында (16,0%), және тау-кен металлургиялық саласында (15%) жұмысшылар сан-алуан жарақаттар алады.      Осы жылдың алғашқы тоғыз айы бойынша еліміздің кәсіпорындары басым орналасқан аймақтары, - Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өндірістегі жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталып отыр.Қазір елімізде халықаралық талаптарға сай еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.Министрдің айтуынша, министрлікте құрылған сараптамалық топ жыл соңына дейін еңбек жағдайы бойынша жұмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібін жетілдіру, жұмысқа байланысты өзара әрекеттесуді белгілеу негізінде ұсыныстар әзірлейтін болады. Тараптардың аралас жауапкершілігі де белгіленеді (жұмыс беруші және жұмысшы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16080?lang=kk
Бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылғалы 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты 10.04.2025
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылады. Жүйе барлық 199 жұмыспен қамту орталығын қамтиды. Жұмыспен қамту қызметін жандандыру үшін 10-ға жуық интернет-алаңдар ашылып, жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің саны екі есеге өспек.Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту аясында  осы және басқа да ерекше жобаларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында баяндады.Бұған дейін еңбек нарығының инфрақұрылымы жолға қойылмағандықтан жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де уақытты бос өткізіп, қаржылық шығындар көрді. Өтініш иелері мен жұмыс берушілер арасында нәтижесіз кездесулер болса, кәсіпорындар жұмыс іздеушілермен тиімсіз өзара әңгімелесулер жүргізді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қазан айынан бастап еліміздің төрт өңірінде - Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қаласында пилотты бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылды.«Тәжірибеде көрсеткендей, цифрлық платформадағы еңбек нарығына сұраныс пен сұранысты біріктіру жүйесінің өз әсері бар. Бүгінгі күні жобада жұмыс берушілерден бөлек, 4 пилотты жұмыспен қамту орталығы, 2 онлайн-алаң және 19 жеке агенттік жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні 8 мыңнан астам түйіндеме, 30 мыңға жуық бос жұмыс орны және 15 мыңнан астам жұмысқа орналасу фактісі тіркелді,» - деп сөзін түйіндеді министр.Жобаны іске асыруда жұмысқа мұқтаж азаматтардың жалпы санын  10% -дан 20% -ға дейін қамту жоспарлануда. Электронды алмасу арқылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің арасындағы өзара қатынас шығындары 1 млрд. теңгеге үнемделеді. Тағы бір айта кетерлігі, Министрлікте құрылған Әлеуметтік –еңбек саласының Біріңғай ақпарат жүйесі қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша бірнеше жобаларды қамтиды. Олар – еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, зәйнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет және көш-қон бағыттары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16013?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 7 ақпанда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің айналымы мәселелері бойынша Комитет қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер дайындаушылардан құралған жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.Кездесу барысында Мемлекеттік рәміздер айналымының және  Мемлекеттік Елтаңбаны ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартына сәйкес дайындаудың негізгі мәселелері талқыланды.Мәжіліс қорытындысы бойынша, жұмыс тобының барлық мүшелеріне Мемлекеттік рәміздердің айналымына және Мемлекеттік Елтаңбаның жаңа үлгісін енгізуге қатысты нақты ұсыныстар беру ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15981?lang=kk
Алматыда 43,2 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді 10.04.2025
Қазіргі кезде қала жолдарындағы ақауларды анықтаумен және оларды жөндеу жұмыстарымен 20 бригадалары бар төрт мердігерлік ұйым айналысуда.Алматы қаласының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, қалада ұзындығы 31,27 км болатын 12 магистральді және аудандық маңызы бар 23 көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды.Жақын күндері Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі жол күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеуден өзге бұл учаскеге «Алматы қаласының тұрақты көлігі» бағдарламасы бойынша қаланың велосипед және жүргінші жолы инфрақұрылымын жоспарлау негізінде велосипед жолдарының қондырғылары орнатылады.Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейін ұзындығы 2,08 болатын аумақ күрделі жөндеуден өтуде. Жобада көлік қозғалысы бөлігін 4 жолаққа дейін кеңейту, «Қарғалы» өзенінің бойындағы көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салу қарастырылған.Атап өтерлік жайт, биылғы жылы жалпы құны 574 млн. теңге болатын 14,7 км арық желісін салу, 57 көшеде 42,2 км арық желісін қайта жасау жоспарланған. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктерден ұзындығы 500 км болатын 488 көшеге жаңа арық желілер мен жаңбыр канализацияларын салу үшін ЖСҚ жасау жөнінде өтініштер түскен.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15976?lang=kk
Жуық арада әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жаңа келісімге қол қойылады. 10.04.2025
Құжатқа үшжақты келісім негізінде - Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде қол қойылады.  Бұл құжат әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу принциптеріне негізделетін болады. Сонымен бірге, елдің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және адам капиталындағы инвестицияларды арттыруға сеп болады.  Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде талқыланды.Жұмыс тобының отырысына Ұлттық экономика, Қаржы, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Инвестициялар және даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің мамандары мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Kazenergy» қауымдастығы, жұмыс берушілер конфедерациясы, Кәсіподақтар федерациясы, ірі жұмыс берушілер мен кәсіподақтардан келген өкілдер қатысты.Еске сала кетейік мұның алдындағы құжатқа 2014 жылы қол қойылған болатын. Ал, осы жолғы келісімнің мақсты - оған қатысушылардың өзара іс-қимылын тиімді реттеу арқылы лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету. Құжат тиімді жұмыспен қамту және адам капиталын дамыту, еңбек өнімділігі мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік саясат, еңбек қорғау және әлеуметтік серіктестікті дамыту мәселелерін қарайды. Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру секілді еңбек қатынастарының аспектілерін қарастырады.Жұмыс тобына қатысқандар өз ұсыныстарын Келісімнің жаңа редакциясына жолдады. Бұл - кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту, кадрларды сертификаттауды  қалыптастыру, кәсіби ұтқырлықты дамыту, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру және тағы басқа мәселелер бойынша міндеттемелердің пакеті болып табылады.Келісімнің соңғы нұсқасына қол қою 2017 жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған. Бұл келісім 2018 -2020 жылдар аралығын қамтымақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15960?lang=kk
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова Қарағанды қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады 10.04.2025
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Тамара Дүйсенова өңірдің бірқатар нысандарында болды, селолық округтердің тұрғындарымен кездесіп, оларға әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселесі бойынша түсіндірулер берді.Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу күн тәртібіндегі басты мәселе болғандықтан, ведомства басшысы Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығына барып, осы мәселе бойынша консультанттар мен ассистенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар, жұмыс сапарының басты мақсатының бірі облыс кәсіпорындарында жұмыскерлер ағынына байланысты ахуалмен танысу болды.Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет Басшысы Үкімет пен әкімдіктердің алдына кәсіпорындарды жаңғыртудың нәтижесінде туындайтын еңбек ресурстары ағынын басқару үшін жағдай жасау міндетін қойды. Президент ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірге тиісті «Жол карталарын» жасаулары керектігін атап көрсетті.Соған байланысты, Еңбекмині  Тамара Дүйсенованың бастамасымен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ және «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен бірлескен кеңес өткізілді. Еліміздің ірі өңірлерінің бірі болып табылатын Қарағанды облысы кадрлар ағынын басқару бойынша пилоттық жобаны енгізу орны болып отыр.«Бүгінгі күнде өңірімізде жүйе құраушы кәсіпорындармен Жол карталарын жасау бойынша жұмыс басталды. Жұмыскерлер босатылған немесе қосымша қажеттіліктер туындаған жағдайда бірлескен іс-әрекеттер талқылануда. Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін өңірлік штаб құрылды» - деп атап көрсетті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.Жаңа технологиялар енгізілумен дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босатылатын болады. Соныменқатар жаңа индустрияларды құру мен дамыту азаматтарды жұмысқа орналастыру мен олардың нақты кірістерін арттырудың қосымша көзі болуы керек.Мысалы, қысқартылған жұмыскерлерді қайта даярлау мен оларды одан әрі жұмысқа орналастыруды инвестициялау қарастырылуда. Сол сияқты еңбек күші көп өңірлерден, ауылдық жерлерден қалаға жұмыс күштерін тарту үдерісіне қолдау жасалады.Бүгінгі күнде Үкімет жұмыспен қамту орталықтарын реформалау мен барлық бос жұмыс орындары мен елді мекендер бойынша бірегей онлайн-платформалар құруға кірісті. «Жол картасы бірінші кезекте олар үшін жаңғыртулар нәтижесінде туындайтын әлеуметтік қатерлерден қорғайтын жақсы құрал болады деп санаймын. Мемлекет орталық және жергілікті деңгейлерде қысқартулар және кадрларға қосымша қажеттіліктер болған жағдайларда қолдау көрсетуге дайын. Жұмыскерлерге де, қажет ететін кәсіпорындарға да нақты қолдау көрсетілетін болады» - деп түйіндеді министр.Тамара Дүйсенова Қарағанды облысының алаңында пилоттық Жол карталарын іске асыру бұл бағыттағы маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеріне сенім білдірді.Өңірге жұмыс сапарының қорытындылары бойынша министрдің төрағалығымен облыс әкімдігінде қала және аудан әкімдері мен олардың орынбасарларының қатысуымен қорытынды кеңес өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15949?lang=kk
Алматыда 472 жаңа аула алаңдары салынады 10.04.2025
Құрылыс барысында сертификатталған және қауіпсіз кіші архитектурлалық формалар іске асады. Анығын айтқанда, асфальтты, резинкалы, брусты төсеніштер, бордюрлер қайта жөнделіп, орындықтар қойылады, таза ауада балалардың спорпен айналысуына барлық жағдайлар жасалады.«Түрксіб ауданында жыл аяғына дейін 80 жаңа аула алаңдары салынады. Бұл жөндеу емес, жаңадан салу деген сөз. Кіші архитектуралық формалалар – алтыбақандар, турниктер, орындықтар, урналар болады, баллар және спорт алаңдары ашылады. Бұлардан өзге, аулаларға жарық көздері орнатылып, асфальт төселеді», - деді Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюгов.Осыған ұқсас жұмыстар басқа аудандарда да атқарылады. Мысалы, Алатау ауданында 15 аула, Алмалы ауданында – 80, Әуезов ауданында- 50, Бостандық ауданында – 60, Жетісу ауданында – 50, Медеу ауданында – 120, Наурызбай ауданында 17 аула жасалады.Атап өтерлік жайт, 2016 жылы қалада 290 аула көріктендірілген болатын. Осы жұмыс аясында балалар алаңдары үшін жаңа қоныдырғылар, урналар, орындықтар алынып, аула іштерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15921?lang=kk