Қоғам
ЕАЭО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРІ АЯСЫНДА СТАНДАРТТАРДЫ ТАЛДАУ 10.04.2025
2017 жылдың 25 қаңтар Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп, ЕАЭО техникалық регламенттер талаптарының орындау тұрғысынан энергетика, экология және құрылыс салаларына ұсынылған стандарттарды талдау үшін дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелге Алматы облысының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің, Экология департаменті, «Ұлт.ССО» АҚ ТФ өкілдері, сондай - ақ бизнес өкілдері қатысты. Шараның мақсаты – Еуразиялық экономикалық Одақ техникалық регламенттерінің стандарттар Тізбесіне кіретін стандарттар бойынша ақпараттарды, стандарттарды әзірлеу, қайта қарау және күшін жоюды, сондай-ақ ұсыныстар әзірлеу үшін қаралатын мәселелер бойынша Алматы облысыдағы СРБ және СЗ, өнім өндірушілер ұсынған ұсыныстарды мүдделі тараптарға жеткізу.Экология, энергетика, құрылыс салаларындағы стандарттар ЕАЭО ТР талаптарын орындау үшін стандарттар әзірлеуді, күшін жоюды және қайта қараудың талдау қорытындысы бойынша стандарттардың Тізбесі ұсынылды. Презентация «ҚазСтИн» РМК филиалының мамандарымен дайындалды.Талдыу барысында Алматы облысы бойынша экология департаментінен 3 қосымшадағы, экология саласы бойынша ұсыныс түсті: ГОСТ Р базасында әзірленген стандарттарды қайта қарамай, мемлекетаралық стандарттар әзірлеуге ұсыныс енгізу. ҚР СТ ГОСТ Р 51930-2011 , ҚР СТ ГОСТ Р 52570-2010 ,ҚР СТ ГОСТ Р 51942-2010 бұл стандарттар бензол, толуол және қорғасын автокөлік және авиациялық жанармайлар анықтау бойынша Сонымен қатар ГОСТ 305-2013 қолданыста болуына байланысты, Тізбеден ГОСТ 305-82 Дизельді отын. Техникалық шарттар алынып тасталсын деген ұсыныс түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15615?lang=kk
Баянауыл ауданында өрт сөндірілуде 10.04.2025
Облыстық әкімдікте өткен кеңесте Баянауыл ауданының басшысы Оразгелді Қайыргелдинов өртке қарсы жұмыстардың қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді. Оның айтуынша, сөндіруге 150 адам мен 30 техника жұмылдырылған. Өрт шамамен 40 гектар ауқымын шарпыды.– Баянауылға Қалқаман, Екібастұз және Майқайыңнан көмек келді, – деп баяндады аудан әкімі. – Бүгін ауданға Өскеменнен тікұшақ ұшып келді. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.Павлодар облысының әкімі, желдің қатты соғуынан, әрі таулы ауданда өрттің ерекше жағдай екенін ескере отырып, өрт сөндірілгенге дейін және ауа температурасы төмендегенге дейін тәулік бойғы кезекшілік жүргізуге нұсқау берді. Сонымен қатар, кездесу барысында Болат Бақауов жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар жұмысын сынға алды, себебі Павлодар облысының тұрғындары тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылуды жалғастыруда, осыған байланысты судағы жазатайым оқиғалар орын алуда.– Суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыста 17 адам суға батып кетті, оның жетеуі – балалар, тек өткен демалыс күндері 6 адам суға кетті, оның ішінде төрт бала бар, – деді аймақ басшысы. – ТЖ департаменті мен қала және аудан әкімдіктері халықтың шомылатын орындарын тексерген жоқ. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеуде. Ең күшті дауыс зорайтқыштарды қойып, суға шомылатын адамдарды судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы ескертіп отырыңыздар! Усолкада, құтқару станциясының жанында адамдар «Шомылдыруға тыйым салынады» белгі тұрғанына қарамай, шомылуда, ал полиция қызметкерлері осыған салғырттықпен қарап отыр. Неге олар отырады? Аудан Жағалауы мен “Ертіс” шаңғы базасында да – тура сондай жағдай, тыйым салынатын белгі тұрса да, адамдар суға түсуде, бірақ бұған ешкім назар аударар емес!Облыс әкімі жергілікті жерлердегі басшыларға бұл мәселені жеке бақылауға алуды талап етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/15603?lang=kk
Комитет қолданыстағы тарифтерді төмендету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр 10.04.2025
2018 жылғы 12 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшелерінде Қоғамдық қабылдаулар жұмыс істей бастады.Қоғамдық қабылдаулар«Нұр Отан» партиясының филиалдарымен, «Атамекен» ҰКП-мен, ҮЕҰ-мен, табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерімен бірлесіп өткізіледі және облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылықты коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.Олардың нәтижелері бойынша тұтынушылардың келіп түскен шағымдардың негізінде бүгінгі күні Комитеттің аумақтық бөлімшелері табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықсубъектілерінің қызметіне заңнаманы сақтау мәніне 6 жоспардан тыс тексеруге, оның ішінде:жылумен жабдықтау - 3 жоспардан тыс тексеруге (Астана қаласы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша);сумен жабдықтау және су бұру-1 жоспардан тыс тексеруге (Ақтөбе облысы бойынша);электр энергиясын беру және электрмен жабдықтау-1 жоспардан тыс тексеруге (Ақтөбе облысы бойынша);газбен жабдықтау және табиғи газды тасымалдау-1 жоспардан тыс тексеруге (Батыс Қазақстан облысы бойынша) бастамашылық етті.Осылайша, жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша Комитет және оның аумақтық бөлімшелері ден қоюдыңтиісті шараларын қабылдайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/15598?lang=kk
2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы туралы* 10.04.2025
2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13 982,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,7%-ға артты, соның ішінде экспорт – 4 349,2 млн. АҚШ доллары (12,4%-ға өсті), импорт – 9 633,3 млн. АҚШ доллары (7,2%-ға өсті).Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, Қырғызстан Республикасына – 4,5%, Беларусь Республикасына - 3,5%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдеріне экспорттың тауарлық құрылымыҚазақстан Республикасының ЕАЭО елдерінен импорттың тауарлық құрылымы*алдын ала деректерАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/15597?lang=kk
Еңбекмині өкілдері әлеуметтік саланы жаңғырту қадамдары бойынша аралық қорытынды шығарып, алдағы жоспарларымен бөлісті 10.04.2025
Астана қаласында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенованың қатысуымен брифинг болып өтті.Светлана Жақыпованың сөзінше: «Министрлік жоспарлы түрде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, әлеуметтік қызмет көрсетудің инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын жүргізуде.2009-2017 жылдар аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамасымен жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жасалып, қолданысқа енгізілді. Мұндай стандарттар 2010 жылы аталған ауру түрлерімен ауыратын 18 жастан асқан азаматтарға, 2011 жылы қимыл-қозғалысы бұзылған балалар мен егже жастағы адамдарға, 2012 жылы белгілі бір тұратын мекен-жайы жоқ адамдарға, 2016 жылы адам саудасы құрбандарына және 2017 жылы тұрмыстық зомбылыққа тап болған азаматтарға байланысты әзірленді. 2008 жылы интернат-үйлерде жүйке жүйесі сырқатына шалдыққан 2,5 мың бала болса, тағы 2 мың бала кезекте тұрған болатын.Бүгінгі таңда, 110 стационарлық интернат-үй аясында 5 мыңнан астам баланы және 18 жастан асқан азаматтарды қабылдауға қауқарлы 50-ден астам күндізгі стационар ашылды. Үйге барып әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінің саны бір жарым есеге артты. Олар бүгінде 43,7 мың қария мен мүгедекке және 13 мыңнан астам мүгедек балаға қызмет көрсетеді. 3 мыңға жуық мүгедек бала арнаулы әлеуметтік қызмет негізіндегі жартылай стационар қызметі мен үйде көмек алу қызметін әлеуметтік тапсырыс бойынша үкіметтік емес ұйымдардан алып келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету үшін жекеменшік сала тартылып, еріктілердің белсенділігі артқаны байқалды». Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі атқарған жұмыс нәтижесінде қаржыландыру тәсілі өзгерді. 2009 жылға дейін мамандандырылған мекемелер нормативтік шығындар бойынша емес, шығындар сметасы тұрғысында қаржыландырылып келді. Қаражат жергілікті бюджет мүмкіндігіне байланысты аймақтық ерекшелікке орай бөлінді (интернат-үйлерде жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан балаларға қызмет көрсету құны Маңғыстау облысында 1 164 теңгеден Астана қаласында 3 781 теңгеге дейін құбылып тұрды). Бүгінде, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген қызмет көлемі мен түріне байланысты қаржыландырылады. Бұл аймақтық ерекшелік бойынша туындаған сұрақтарды жоюға сеп болып, мемлекеттің халық алдындағы міндетті әлеуметтік қызметін жүзеге асыруда арнаулы мекемелердің ресурстарды ұтымды жоспарлап, мақсатты түрде бөлуіне септігін тигізді.2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, толық мемлекет қамқорлығындағы азаматтардың зейнетақы мен жәрдемақысының 70%-ы, интернат-үйлерде оларды асырап-бағу үшін бағытталады. Алайда, емделушіде қалатын зейнетақы мөлшері төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Ал мүгедектердің жәрдемақысының мөлшері ең төменгі күнкөріс шегінен кем болмауы қажет. Азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын өздері таңдау құқығы беріліп, қоса қаржыландыру жүйесі енгізілді. «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасап шығарды. Аталған тұжырымдама кадр мәселесін ескере отырып, 7 негізгі жаңғырту бағытын жүзеге асыруды көздейді. Мамандарды іріктеу ісін жетілдіру мақсатында Министрлік Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби стандартын жасап шығаруды жоспарлауда. Кәсіби стандарттар негізінде мамандарды даярлайтын және қайта даярлайтын білім беру ұйымдарының жұмысы қайта қаралатын болады. Сондай-ақ, Әлеуметтік қызметкерлердің біртұтас дерекқорын әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл қызмет алушылардың маманды таңдау құқығы мен мамандардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырады. Дерекқорда әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі мен ұсынылатын қызмет түрлері және жұмыс нәтижелері жайлы ақпарат орналастырылады. Жұмысқа деген белсенділікті арттыру мақсатында қаржыландыру тетігі өзгертіліп, мамандарға еңбекақы төлеу мәселесі жетілдіріледі. Яғни, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілігінің нәтижесін көрсететін жүйе құрылады. Еңбекақы маманның біліктілігі мен шеберлігіне, жүктелген міндеттерді орындауына байланысты байланысты төленетін болады. Цифрлық жүйеге көшу мақсатында алтыншы бағыт бойынша әлеуметтік-еңбек саласының 6 тармақтан тұратын бірыңғай ақпараттық жүйесін жасап шығу жоспарланып отыр. Жүйеде қызмет алушының қажеттілігі мен қызмет көлемі турасында, қызметті жеткізуші турасында, олардың жұмысына берілген баға, әлеуметтік қызметкерлердің еңбек өтілі мен біліктілігі және әлеуметтік мекеменің атқарған жұмыс нәтижесі мен шығыны туралы бар ақпарат енгізіледі. Әлеуметтік қызмет көрсетудың бірыңғай ақпараттық жүйесі орталық және жергілікті мекемелердің ақпараттық жүйелерімен біріктірілетін болады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасы ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін Әлеуметтік қызметкерлер форумында талқыланады. Форумның мақсаты халықты әлеуметтік қорғау саласында жинақталған тәжірибені қорытындылау және саладағы басты назар аударатын жайттар мен әлеуметтік қызметкерлердің қоғамға қосып жатқан үлесін баяндау болып табылады.Форумға, Ұлыбритания, Сербия, Хорватия, Чехия, Ресей, Грузия және де өзге елдердің сарапшыларын қосқанда, 600-ге жуық қатысушы жиналады. Шараға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламенті, орталық және жергілікті атқарушы органдар, білім беру орындары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысады. Форумда әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы түрме, денсаулық сақтау саласының жаңалықтары, ведомствоаралық және сектораралық салалардың өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру жайы талқыланады деп күтілуде.Әлеуметтік қызметкерлердің алғашқы форумының күнтәртібінде әлеуметтік саладағы менеджмент, әлеуметтік сала қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласына коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын кеңейту, еріктілер қозғалысы мен қайырылымдылық бастамаларын қолдау сияқты өзекті тақырыптар қарастырылған. Форум аясында бесінші мерейтойлық «Қазақстанда жүзеге асып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі өтеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық аймағында үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу аяқталды. Өңірлерден келіп түскен 155 өтініштен биыл 20 жоба үздік деп танылды. Олардың барлығы Астанада өтетін Республикалық көрмеде таныстырылады.Көрме жұмысына халықты әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласына қатысы бар үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер бірлестіктері, жеке тұлғалар қатысады. Аталған шараның мақсаты – қиындыққа тап болған азаматтардың мәселелеріне қоғам назарын аудару.Жалпы соңғы 5 жылда Үздік әлеуметтік жобалар байқауына 650 өтініш қабылданып, 114 әлеуметтік жоба жеңімпаз деп танылды.Тиісті уақыт аралығында байқауға қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен қаражат түрінде қолдау тапты. Нәтижесінде, өңірлердегі қиын жағдайға тап болған үш жүз мыңнан астам азамат дер кезінде көмек алды. «Біз мұны жақсы нәтиже деп танып, барша отандастырымызды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтындағы үздік әлеуметтік жобаларға белсенді түрде дауыс беруге шақырамыз», - деп түйіндеді Еңбекмині өкілдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15552?lang=kk
Ақтауда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Маңғыстау облысындағы күндері қорытындыланды 10.04.2025
Вице-министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Светлана Жакупова посетила с рабочим визитом Мангыстаускую область и подвела итоги прошедших в регионе Дней Министерства труда и социальной защиты населения РК. Напомним, что с 11 по 15 августа сотрудники Министерства посетили Тупкараганский, Мунайлинский районы и города Жанаозен, Актау Мангыстауской области, где провели разъяснительную работу с населением по актуальным вопросам социально-трудовой сферы.В ходе визита вице-министр Светлана Жакупова и заместитель акима области Шолпан Илмуханбетова ознакомились с работой морского порта Актау и встретились с трудовым коллективом, в том числе и с участниками региональной программы «Жаңа серпін». Цель региональной программы по снижению напряженности на рынке труда Мангистауской области «Жаңа серпін» - трансформация регионального рынка труда, повышение эффективности мер занятости, содействие трудовой мобильности безработного населения из трудоизбыточных населенных пунктов в локации экономического роста. По словам вице-министра: «Существующие программы Правительства весьма эффективно могут решить вопросы как занятости, так и социальной поддержки. Задача Программы продуктивной занятости и нового формата адресной социальной помощи – это формирование устойчивого пути для выхода из состояния бедности для казахстанцев, оказавшихся в трудной ситуации. От нас необходимо поведение разъяснительной работы, что мы и стараемся осуществить в рамках таких мероприятий, как Дни Министерства в регионах. При этом, мы также рассчитываем и на активность населения в изучении возможностей, предлагаемых государством. В этом плане Мангыстауская область является для нас весьма важным регионом, в котором мы рассчитываем привлечь в правительственные программы множество людей».На совещании с работодателями региона было отмечено, что высокие показатели рождаемости, миграционный прирост населения оказывают определенное влияние на ситуацию в целом на рынке труда области. Регион один из самых молодых - 2 позиция по республике. Средний возраст жителя области составляет 27,6 лет.В области сохраняется тенденция устойчивого роста экономически активного населения с 261,8 тыс. чел. на начало 2015 года до 280,1 тыс. чел. за 1 квартал 2017 года или на 18,3 тыс. чел. (рост 107 %). Численность занятого населения выросла на 17,7 тыс. чел. По структуре занятости в регионе преобладает наемный труд с незначительной долей самостоятельной занятости населения. Снижен уровень безработицы с 5,1 % в 2015 году до 4,9 % за 1 квартал 2017 года, уровень молодежной безработицы c 5,6 % (на начало 2015 года) до 4,2 % за 1 квартал 2017 года.Из числа охваченных трудоустроены на постоянные рабочие места в 2015 году – 4394 чел. или 43,1 %, в 2016 году – 7406 чел. или 53,6 %, что свидетельствует о повышении эффективности мер занятости. На 1 августа 2017 года на постоянные рабочие места трудоустроены 3986 человек или 69%.Среди населения растет доверие к органам занятости региона: за период с 2015 года в региональные центры занятости обратилось 60,5 тыс. чел., а за период 2013-2014 годы – только 28,5 тыс. чел. Во время визита Светлана Жакупова также проинспектировала работу Центра обслуживания предпринимателей и Центра занятости г. Актау. После встреч с руководством РПП «Атамекен», микрофинансовой организации «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства», с участниками Программы продуктивной занятости и т.д. был осуществлен выезд в Центр специальных социальных услуг. Также вице-министру труда и социальной защиты населения был продемонстрирован работа швейного цеха для женщин-инвалидов.На совещании с активом региона заместитель акима области Шолпан Илмуханбетова, заверила что акиматом Мангистауской области активно используются все инструменты государственных программ, во взаимодействии с региональной палатой предпринимателей «Атамекен» консолидированы усилия работодателей, субъектов малого и среднего бизнеса, направлены значительные бюджетные средства, а также приняты дополнительные меры по содействию развития предпринимательства. 26-27 мая 2017 года проведен Форум добровольного переселения в Мангистауской области с участием представителей регионов расселения - Северо-Казахстанской, Павлодарской, Восточно-Казахстанской областей и Мангистауской области. В рамках Форума в городах Актау, Жанаозен и Мунайлинском районе были организованы республиканская ярмарка вакансий, на которой было предложено более 3 500 вакансий для трудоустройства потенциальных переселенцев. По итогам Форума 169 семей изъявили желание переехать в регионы расселения.В 2017 году в рамках Программы добровольного переселения переехали 13 семей (57 чел.) в регионы расселения (4 семьи/17 чел. – в Павлодарскую, 2 семьи/10 чел. – в Костанайскую, 6 семей/26 чел. – в Восточно-Казахстанскую и 1 семья/4 чел. – в Северо-Казахстанскую области). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15486?lang=kk
Қарғалы өзенінің арнасына бетон конструцияларды салу аяқталды және оған жақын ораналасқан аймақтар абаттандырылуда 10.04.2025
Бүгінгі күні жалпы ұзындығы 7,7 км болатын Қарғалы өзенінің арнасына бетон конструкцияларын төсеу жұмыстары аяқталды. Жағалауларға қайта топырақ төгу жүріп жатыр, үш өтпелі көпір салынған.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудан тұрығндарының демалуы үшін өзен жағалауы түгелдей абаттандырылуда.Жасл желектер отырғызылып, гүл клумбалары, альпі таулары жасалған, жасыл аймақтың жалпы көлемі – 1 гектар. Шағын архитектуралық формалар, балалардың ойын алаңдары, декоративті тректер бой көтеріп, жүргінші тротуарлары салынуда.Қала әкіміне Наурызбай ауданы әкімдігінің жаңа ғимараты шілденің басында ашылатындығы айтылды. Қазіргі кезде мұнда ішкі әрлеу, технологиялық қондырғыларды орнату, нысан айналасын көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бес қабатты ғимарат алдына көлемі 1 гектар болатын сквер жасалады.АІІД-нің жаңа нысанының, 1200 орынды мектептің құрылысы аяқталып қалды. 500 адам қатынайтын емхана да іске қосылады. Бұлардың барлығы келесі айдың басында пайдалануға беріледі.ХҚКО, пошта,сот, прокуратура, әділет басқармасы орналасатын кешенді әкімшілік нысан ішінде де әрлеу жұмыстары жүруде. Бұл кешен биылғы жылдың тамыз айында беріледі деп жоспарланған.Жалпы, ауданда тұрғын үй салу, магистарльды жолдарды тесу, Қалқаман және Алты Алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,3 км болатын жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы поселкесіне дейін ұзындығы 2,08 км болатын жол күрделі жөндеуден өтуде, жолдың көлік қозғалысы бөлігі 4 жолақты болып кеңейтілуде, «Қарғалы» өзені бойындағы көпір қайта жасалып, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салынуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15425?lang=kk
Ақмола облысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері бастау алды 10.04.2025
Бүгін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері аясында, ведомстводағы бірқатар негізгі департаменттердің басшылық құрамы Ақмола облысының аудандарында өз жұмысын бастады. Атбасар, Бурабай, Целиноград және басқа да өңір аудандарының халқы мемлекет өмір сапасын жақсарту мақсатында азаматтарға ұсынып отырған мүмкіндіктер тұрғысында білікті мамандардан тікелей кеңес ала алады. Сонымен қатар, жұмысшылар құқығын қорғау мен әлеуметтік қолдау саласындағы тәжірибелі сарапшылардың көмегімен қалыптасқан түйткілдерді тарқатуға жол ашылмақ. Министрлік өкілдерінің алдына қойылған талап та сол, кеңес беруден тыс, аймақтағы жұмыспен қамту орталықтарының іс-қимылын жандандырып, әлеуметтік қызметтерді иемденудің тиімділігін көтеру жүктелген. “Бүгінде біз әлеуметтік көмек көрсетудің күрделі өзгеріс кезеңдерін бастан кешудеміз. Себебі, қазіргі уақыттағы әлеуметтік-еңбек қатынастары үлгісіне өнімді жұмыспен қамтуды ынталандыру, масылдықтан арылу бағыттары арқау болуы тиіс. Жұмыспен қамту мен әлеуметтік қамту міндеттері біртұтас күйге еніп, адамдардың өзіндік әлеуетін іске асыруға жан-жақты жағдай жасағаны жөн. Мәселен Үкімет кедейлік шектен шығып, лайықты тіршілік ету үшін еңбек нарығына қажет мамандықтар мен сан қырлы бизнес қағидаларына оқытуды қамтамасыз етіп, жеке іс ашуға жәрдем танытуда. Сондықтан елімізде тағдырына жауапты қарап, тәуекелге бекінгендерді қолтықтан демейтін қолайлы ахуал орнатылған. Осы орайда шалғайда жатқан елдімекендердегі жандардың біразы мемлекеттің олардың игі бастамаларын демеп жіберуге әзір екенін білмейтіні белгілі. Нәтижесінде еліміздің әр өңірінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндерін өткізу жайлы шешім қабылданды”, - деп түсіндіреді министр Тамара Дүйсенова. Алғашқы күні Еңбекмині қызметкерлері Ақмола облысының Есіл ауданында және Көкшетау қаласында болып, әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту, үш кезеңге болжанған зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мәнісін байыптайды және жұмысшыларға еңбек заңнамасы мен ондағы олардың құқықтары туралы жеткізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15290?lang=kk
10 мың алматылық отбасы 2017-2024 жылдары ескі үйлерді сүру бағдарламасы бойынша өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартатын болады 10.04.2025
Қала басшысына осы бағдарлама іске асқанда 10 мың алматылық отбасының тұрғын үйін жақсартатыны айтылды. Қолжетімді баға бойынша қосымша 30 мыңнан астам пәтер салынады, қала тұрғындары жаңа әлеуметтік нысандармен, мектептермен, бала бақшалармен, емханалармен, жаңартылған инженерлік коммуникациялармен, абаттандырыған аумақтармен және басқаларымен қамтамасыз етіледі. Ол үшін таяудағы жеті жыл ішінде қала экономикасына жалпы көлемі 400 млрд. теңге жеке инвестиция тартылып, 70 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.«Біздің басты мақсатымыз - тұрғын үйлерді жаңартып қана қоймай, оның бағасын төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту. Мемлекет басшысы тек «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ғана емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржы есебінен де құрылыс салуды тапсырды. Біздің қалада бұл үшін барлық жағдайлар бар, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз», - деді Бауыржан Байбек.Ол жаңа үйлердің жобаларын жасағанда және құрылысты жүргізгенде коммуникация мен желілерге түсетін ауыртпалықты қатаң ескеру қажеттігін айтты және өкілетті органдардың назарын жаңа құрылыстар аулаларын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15278?lang=kk
ТРМК-ДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
2018 жылғы 3 мамырда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Мемлекеттік бақылау жүйесіндегі мемлекеттік қызмет» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.Аталған шарада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің және Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының (Жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері қатысты.Семинар-кеңесте Департаменттің қызметкерлері мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнам жөнінде ақпарат алды. Бұдан басқа, Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнеролик көрсетіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді.Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңалықтар бойынша ақпаратты және туындаған сұрақтарына жауаптарын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15197?lang=kk
Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтеді 10.04.2025
29 маусым мен 1 шілде аралығы Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтіп, бұл уақыт аралығында облыс халқы министрлік басшыларынан тікелей кеңес ала алады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, мұндай шаралар аумақтық жұмыспен қамту орталықтарына ақпараттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетуге жол ашады.“Бұл бірінші кезекте, жасы мен басқа да себептерге байланысты онлайн-ресурстардағы қызметтер мен ақпаратқа қол жеткізе алмайтын азаматтарымызға қатысты маңызды дүние болып отыр”, - дейді Тамара Дүйсенова.Азаматтармен кездесулерде зейнетақы мен жәрдемақыны біртіндеп көтеру, базалық зейнетақыны тағайындаудағы жаңа тәсіл ерекшелігі мәселелері жөнінде егжей-тегжейлі мәліметтер ұсынылатын болады. Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы мүмкіндіктер көкжиегі өз алдына бөлек тарқатылады деп жоспарлануда. 1 шілде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен, жұмыс орындарын сақтау туралы қол қойылған меморандум қағидаларын сақтау жайлы жұмыс берушілермен, “Е-Халық” бағдарламасы аясында халыққа қызмет көрсету, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипатын енгізу, “Өрлеу” жобасы бағыттарына қатысты ауылдық округтер әкімдерімен кездесулер өткізіледі.Мүгедектер құқығын қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және нысандарды мүгедектерге қолжетімді болатындай бейімдеу түйткілдері де мұқият сараланбақ. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдармен және белсенді қоғамдық бірлестіктермен жүздесу кезінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы талқыланбақ.Бұдан тыс, министрдің Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарын аралап, жергілікті тұрғындардың мәселесін шешуде жастармен және ауылдық округтер активтері өкілдерімен кездесетіні көзделуде.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы, еңбек заңнамасындағы қазақстандықтардың құқығы мен мемлекет тарапынан берілетін саналуан көмек түрлерін алу мүмкіндіктері жайлы өзекті мәліметтерді жеткізу мақсатында, өңірлерде қабылдаулар жүргізуді ұйғаруда. Сондықтан тиісті Министрлік күндері еліміздің барлық облысында өтпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15179?lang=kk
Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтті 10.04.2025
Астанада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халықпен есеп беру кездесуі өтіп, оның барысында қазақстандықтар өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға жауап алды. Атап өтерлік жайт, өзекті мәселелерге қатысты сауалдар Министрлік сайтында бұған дейін арнайы ашылған айдар арқылы бір ай бойы қабылданған еді.Өз баяндамасында Тамара Дүйсенова өткен жылы атқарылған жұмыс нәтижесіне мұқият тоқталып, алдағы уақытқа арналған жоспарлармен бөлісті.«2016 жылы 2 миллионнан астам адамды зейнетақымен қамсыздандыруға 1 трлн теңгеден артық қаржы қарастырылды. Базалық төлемді ескергендегі зейнетақының орташа мөлшері 55 117 теңгені немесе өткен жылдағы орташа жалақы деңгейінің 43,7%-ын құрады (бұл көрсеткіш Халықаралық еңбек ұйымында ұсынылған дәрежеге сәйкес келеді). 2017 жылдың 1 шілдесінен, Мемлекет басшысының нұсқауына сай, зейнетағы тағы орташа алғанда 20%-ға өседі», - деп атап өтті Министр. Сонымен қатар, 2016 жылы мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 25%-ға жоғарылады. Бұл 690 мыңға жуық адамға қатысты жаңалық болды.Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту жалғасын тауып, нәтижесінде:- әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі артты;- балалар психоневрологиялық интернат-үйлеріне кезек жойылды;- қажетті қызметтер оны пайдаланушылардың тұратын жерлеріне жақын орналасты;- азаматтардың қызмет көрсететін ұйымдарды таңдай алуына жағдай жасалды.Қазіргі уақытта, арнаулы әлеуметтік қызметтерді 110 медициналық-әлеуметтік мекемелермен бірге, 106 үкіметтік емес ұйым көрсетіп, 6 мыңнан астам адам қамтылуда. 626 бала интернаттардан отбасыларына оралып, мұндай балалардың 693 анасы жұмысқа тұрғызылды.Азаматтардың әлеуметтік осал топтарына қосымша көмек көрсету мақсатында, республикалық бюджеттен өңірлерге нысаналы трансферт ретінде 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.2017 жылдың 1 шілдесінен бала туғанға байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері 20%-ға ұлғаяды. Осылайша оның көлемі 86 222 теңгені төңіректеп, отбасыда төртінші және одан да көп бала дүние есігін ашқанда, 142 947 теңгеге жетпек. Қолға алынған шаралар елдегі демографиялық ахуалға оң септігін тигізді. Мысалға, 2003 жылы елде 248 мың бала дүниеге келсе, 2016 жылы 400,2 сәби жарық дүние есігін ашты.Тамара Дүйсенова қазіргі қолданыстағы үш жәрдемақының орнын басып, құжаттар қатарын үш есеге қысқартатын жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмекті енгізу кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа үлгідегі АӘК сомасы қазіргі үш жәрдемақыға қарағанда орташа алғанда 25%-ға өспек. Бұл жерде еңбекке жарамды мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға, Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқанда, мемлекеттен қосымша қолдау танытылмақ: - оқу шығындарын өтеу;- әлеуметтік жұмыс орындарындағы жалақының 35%-ын субсидиялау;- оқу орындарының түлектеріне жастар тәжірибесін төлеп беру;- яки шағын несие түріндегі көмек.Есептік кездесу кезінде еңбек пен көші-қон салаларының түйткілді тұстары да талқыға салынды.2016 жылы Қазақстанда азаматтық сала қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Жалақы білім беру саласында 29%, денсаулық сақтау саласында 18%, әлеуметтік, мәдени және өзге де салаларда орташа алғанда 35% өсіп, барлығы миллионнан астам адам қамтылды.Жаңа Еңбек кодексін іске асыру барысында, былтыр, кәсіпорындарда 11 мыңнан астам еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауға арналған өндірістік кеңес пайда болды.Ұжымдағы еңбек дауларының алдын алу мен шешімін табуға қатысты өңірлік және салалық кеңестердің іргетасы қалануда. Дауларды сотқа дейін шешу жайы кәдеге жарап, 2016 жылы бітімгерлер (медиатор) 778 кикілжіңді тарқата білді.Министрліктің араласуымен, 2016 жылы 6,8 млрд теңгелік қарыз төленіп, 48 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды.2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, өндіріс нысандарын еңбек жағдайына қарай аттестаттауға талап күшейді. 2016 жылы 1,5 мыңға жуық отандық кәсіпорын еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөнінде халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізді. Өндірістік жарақаттану да ұдайы азайып келеді.Ел ішіндегі көші-қон үдерісі жанданып, өңіраралық және аймақтық қоныс аудары жиілігі өсті. Соңғы үш жылда ішкі көші-қонға орташа алғанда 455 мың адам қатысты.ҚР Үкіметі, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, 2016 жылы елге шетелдік мамандарды шақыруға экономикалық белсенді халықтың 0,7% көлемінде квота белгілеп, бұл 63 мың бірлікті құрады (2017 жылы 54 мың немесе 0,6%).Шетелдік жұмыс күшін тартқан 3 768 кәсіпорында 470,4 мың қазақстандық азамат істеп, бұл жұмысшылардың жалпы санының 94%-ын еншілеуде.“100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында, заңда АҚШ, Канада, Австралия елдеріндегідей шетелден жоғары білікті мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасау қарастырылған. Мысалға, 2017 жылдың 1 қаңтарынан, шетелдік жұмыс күшін тарту, өзіндік жұмысқа тұру және ішкі корпоративтік ауысу тәртібі өзгерді.Бүгінде, шетелдік мамандарды тарту мақсатында, алғаш рет салық алымдары енгізілді. 2017 жылдың 5 айында жергілікті атқару органдар тарапы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 10 658 рұқсат құжатын рәсімдеп, жұмыс берушілер 3,2 млрд теңге көлемінде салық төледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15153?lang=kk
Үздік әлеуметтік жоба атағына Қазақстан өңірлерінен 120 қатысушы үмітті 10.04.2025
Үздік әлеуметтік жобаны таңдауға арналған байқау аясында, ағымдағы жылдың маусым айы аяғына дейін, қызметі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, жеке тұлғалар және басқа да тараптар арасында аймақтық іріктеу сындары жүргізілуде.2017 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша байқауға қатысуға 120-дан астам өтінім қабылданды. Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу өлшемдері ретінде 6 бағыт анықталды. Олардың негізгілері: мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға оңалту іс-қимылдарын өткізу, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру және өзге де шаралар.Өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша құрамына әкімдердің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Үйлестіру кеңесінің өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар кіретін комиссиялар құрылды. Өңірлік байқаулардың жеңімпаздары, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін “Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар” республикалық көрмесінде таныстырылатын болады. Осы орайда, тиісті көрме бастау алған 4 жылда, 495 әлеуметтік жоба бақ сынады.Жалпы еліміз бойынша әлеуметтік жобалар аясында қиын өмірлік жағдайға тап болған 250 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның барлық ізгі жанды азаматтарын үздік әлеуметтік жоба атағы сарапқа салынатын республикалық байқауға белсенді қатысуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15150?lang=kk
КО ТР 008/2011 «ОЙЫНШЫҚ ӨНІМДІРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» 10.04.2025
Баланың еркін әсерлі әлемін жетілдіруді ойыншықтарсыз елестету мүмкін емес. Тек солар ғана балаға өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, тілдесуге және өзін-өзі тануға мүмкіндік береді. Балаларға арналған ойыншықтарды таңдау – өте маңызды және күрделі іс. Тек балалар ғана сан алуан ойыншықтар ішінен өзіне керегін таңдап алуға қаухарлы.Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің ортақ қағидалары мен ережелері туралы Келісіміне сәйкес 2010 ж. 18 қарашада Кеден одағының техникалық регламенті КО ТР 008/2011 «Ойыншық өнімдірінің қауіпсіздігі туралы» жасақталып, Кеден одағының Комиссиясы № 798 шешімімен 2011 ж. 23 қыркүйекте бекітілді. Бұл техникалық регламент бұрын пайдалуға берілмеген, Кеден одағының ортақ кедендік аумағында өндірілетін ойыншықтарға арналған, алайда ойыншық жеке тапсырысбен дайындалса, көрмелік үлгілер үшін болған жағдайда және т.б., бұл техникалық регламент қолданылмайды.Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес келген жағдайда ғана, ойыншықтар нарық қатынасына шыға алады, сонымен қатар Еуразялық экономикалық одақтың бірыңғай белгісімен таңбаланылуы тиіс.Бірыңғай белгі ойыншықтың өзіне және (немесе) қаптамаға (жекеше, топтық, тасымалдық) және (немесе) заттаңбаға, медальон, затбелгіге (соның ішінде қосып тігілген затбелгіге), қосымша парақшаларға, сонымен қатар оған қосымша берілетін эксплуатациялық құжаттарында келтіріледі.Аталған техникалық регламенттің 4 бабында ойыншықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға мән берілген. Сөзсіз, ойыншықтар оның тағайындалуы бойынша пайдаланылған кезде балалардың, сонымен қатар олардың күтушілерінің де өмірі мен денсаулықтарына қауіптілік төндірмейтіндей өндірілуі қажет: ойыншықтардың уағдалы құрылымына, пайдаланылатын уағдалы материалдарына, олардың физикалық-механикалық қасиеттеріне, тұтанғыштығына, химиялық қасиеттеріне, токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштеріне, электрлік қасиетіне, радиациялық қауіпсіздігіне, микробиологиялық қауіпсіздіктері ескеріледі. Ойыншықтарды қолдану кезіндегі тәуекел балалардың жас айырмашылықтарына байланысты болуы керек.3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға табиғи ішік, табиғи тері, шыны, фарфор, түкті резеңке, өлшемі ылғалды ортада 5 % асып ұлғайатын, сылдырмаққа ұқсас ойыншық толтырмаларын қолдануға жол берілмейді. Сонымен қатар, ойыншықтарды бұрын қолданыста болған материалдарды қайта өңдей отырып, қайталама шикізатты пайдалануға жол берілмейді.Тұтынушыға арналған ақпарат, таңбалануды оқығанда өте жеңіл, тексерілген, анық, қарағанда және сәйкестендіргенде қолжетімді болуы шарт. Таңбалануды өндіруші немесе импорттаушы жүзеге асырады.Таңбалану келесідей ақпараттармен қамтылады: ойыншықтар атауы; ойыншықтар өндірілген ел атауы; өндіруші, импорттаушының атауы мен орналасқан жері, олармен байланысатын ақпарат; өндірушінің тауар белгісі (бар болған жағдайда); балалардың жасын анықтайтын, ең төменгі бала жасы; негізгі конструкцялық материалдар (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажет болған жағдайда); ойыншық күтімі (қажет болған жағдайда); дайындалған күні (айы, жылы); қызмет мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (олардың орнатылуына байланысты); сақтау шарттары (қажет болған жағдайда).Нарыққа шығар алдымен аталған Кеден одағы техникалық регламент қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті растау рәсімінен өтуі шарт. Ойыншықтардың сәйкестігін растау сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Ал Кеден одағының Бірыңғай сертифкаттау жөніндегі органы мен сынау зертханаларының тізіліміне енген ол сертификаттау жөнінде органмен жүргізіледі.3 жасқа дейінгі балаларға арналмаған жас тобы көрсетілген ескертпе шартты графикалық белгі таңбаланған, ал функционалды ойыншықтар мен оның қаптамасында «Ескерту! Тікелей ересектердің қарауымен қолдану» ескертпе жазуы болуы шарт.Химиялық ойыншықтардың пайдаланылуы мен қажетті сақтық шараларын қабылдауға қатысты нұсқамалар, реактивтер мен қауіпті қоспалар келтірілген эксплуатациялық құжаттары болуы қажет. Бұл құжатта алғашқы медициналық көмектер, балалар жасы көрсетіледі. Қаптамасында «Ескерту! Тек .... жастан асқан балаларға арналған!» жазуы бейнеленеді.Ішінде ойыншығы орналасқан тамақ өнімдерінің қаптамаларында «Ішінде ойыншығы бар» ескертпе жазуы, сондай-ақ, су ойынына арналған ойыншықтар тек «Ескерту! Ересектер қарауымен аздаған су көлемінде пайдалану!» жазуымен ілесіп жүруі тиіс.Қазіргі нарықта кездесетін ойыншықтар көбіне жағымсыз иісті, шеттері тым үшкір немесе өңделмеген, жас шектеуі бойынша тағайындалмаған және ұсақ бөлшектерден тұратын боп келеді. Өкінішке орай, мұндай ойыншықтар баланың қолына түссе өте қауіпті, өйткені: қолына ұстай отыра зақымданып алады немесе ұсақ бөлшектерді жұтып қойуы әбден мүмкін. Осындай жағдайларға жол бермес үшін, біз балаларды қорғауымыз қажет. Әрбір тұтынушылар мен ата-ана балалардың, сонымен қатар олардың күтушілерінің де өмірі мен денсаулықтарын қорғау мақсатында, сондай-ақ, тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алуға қатысты ойыншықтардың тағайындалуы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар орнатылатын Кеден одағының техникалық регламенті бар екенін көкейлерінде біліп жүруі тиіс.Егер тұтынушы сатушыдан бұл талаптардың орындалуын талап етсе, ал сатушы өз кезегінде талаптарға сай өнімді әкелсе, нарықта сапасыз тауарлардың саны азаяр ма еді.Ойыншықтар сапасын қорытындылай келгенде тек бір нәрсе айтқым келеді – балалар ойыншықтарын дұрыс таңдап, жоғарыда аталған талаптарды ұстанған жағдайда ғана (өз ұрпағың үшін тек сапалысын жете таңдап) өз сәбиіңіздің денсаулығы мен өміріне сенімді бола аласыз.Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы – Қосанқызы НұргүлАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15112?lang=kk
ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТТЕРДІҢ ҮШІН 2016 ЖЫЛ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-мен бірлесіп ағымдағы жылдың 18 қаңтарында стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің 2016 жылғы есебінің қорытындысы бойынша жұмыс отырысын өткізілді.ТК қызметтерін бақылау (мониторинг) жүргізіліп, оның нәтижелері «ең үздік практик», яғни тәжірибешіл әрі белсенді 19 ТК (6-ТК, 18-ТК, 30-ТК, 34-ТК, 40-ТК, 42-ТК, 46-ТК, 53-ТК, 65-ТК, 66-ТК, 72-ТК, 76-ТК, 78-ТК, 79-ТК, 85-ТК, 91-ТК, 92-ТК, 93-ТК, 96-ТК) және орта белсенділікті 19 ТК (44-ТК, 54-ТК, 55-ТК, 61-ТК, 62-ТК, 63-ТК, 67-ТК, 73-ТК, 77-ТК, 83-ТК, 86-ТК, 88-ТК, 89-ТК, 90-ТК, 94-ТК, 95-ТК, 97-ТК, 98-ТК, 99-ТК) жұмысын көрсетті. Жиынға 35 стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер өкілдері қатысты.Жұмыс отырысында:- стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің 2016 жылғы қорытынды есебі;- «Стандарттау туралы» Заңы шеңберінде жаңа үлгіде жұмыс жасау бойынша техникалық комитеттердің рөлі және функциялары;- ИСО ТК, МТК және басқа салалық халықаралық ұйымдар (ASTM, ASME, API, SAC, т.б.) шеңберлерде ынтымақтастық жасау;- нормативтік және техникалық құжаттарды талдау, ғылыми жұмыстарды атқару, кәсіпкерлік-бірлестіктермен жұмыс жасау, ТК қызметі басты сұрақтарын айқындау мақсатында ТК-ның келешектегі жұмыстарын жоспарлау сияқты өзекті сұрақтар қарастырылды.Бұдан басқа ерекше ықыласпен стандарттарды әзірлегенде жаңа кезеңдер мен процесстер, дауыс беру, техникалық талқылау мен бәтуаға келу, ТК-ның жаңа үлгіде жұмыс жасау және ТК құрамына сарапшы бірлестіктер, академиялық орта, өндірушілер, «Атамекен» ҰКП-сы мен тұтынушы қауымдастық өкілдерінің кіру сұрақтары қарастырылған.Жиын қорытындысы бойынша техникалық комитеттер:- техникалық талқылау және дауыс беру рәсімдері бойынша өз ұсыныстарын;- заңдық нормативтік актілерді қарастырып бойынша өз ұсыныстарын;- ТК құрамын заң жобасындағы жаңа талаптарға сай қалыптастыру;- ТК-ның ИСО ТК, МТК комитеттер шегінде жұмыстарын жандандыру;- 2018-2020 жж. арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарларына ұсыныс беру керек.Тағы да техникалық комитеттерге техникалық талқылау өткізу бойынша сынамалы ТК құру мәселесін қарастыру ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15103?lang=kk
Қазақстанның келешегі бар инвестициялық жобалары катар шейхына ұсынылды 10.04.2025
«Kazakh Invest» қолдауымен Катарлық кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасы Шейх Фейсалом бен Касим АльТани бастаған Катарлық бизнес-делегация Алматы және Астана қалаларына Қазақстандағы инвестициялық жобалармен танысу үшін келді. Аталмыш сапар «KazakhInvest» өкілдерінің ағымдағы жылдың сәуір айындағы Доха қ. кездесуінен кейінгі катарлық бизнес-делегациясының жауапты визиті болды.Астана және Алматыда ірі қазақстандық компаниялармен және холдингтермен бизнес кездесулер ұйымдастырылды. «Kazakh Invest» катарлық делегацияға зерттеу үшін нақты инвестициялық жобаларды ұсынды.Алматыда ірі катарлық құрылс компаниясы «Gettco Construction Division» алматылық компаниялар ұсынған коммерциялық жылжымайтын мүлік және қонақ үй бизнесі саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. «Eurasia» холдингі өзінің металлургия, девелопмент және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларын ұсынды. Катарлық «Al Sawari» Алматы маңында ірі тақырыптық саябақтың құрылысын салу бойынша жоба ұсынылды.Астанада катар бизнесмендерінің «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевпен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында қазақстандық бизнесмендер АӨК саласындағы, туристік, мұнай-химия және металлургия салаларындағы жобалар жайында айтып өтті.Осылайша, катарлық бизнесмендерге өткізу қабілетін күніне 5 мың адамға дейін ұлғайту мақсатында «Табаган» спорттық-ойын-сауық кешенін реконструкциялау және жаңғырту бойынша жоба ұсынылды. Бизнес делегация 5-ші сыныпты мотор майларын және мұнай-химиялық өнімді өндіруге арналған 2 млн. тоннаға дейінгі көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауытының құрылысын салу бойынша жобамен танысты.Катарлық бизнесмендер жылына 100 мың тоннаға дейінгі көлемде күркетауық етін тереңдетіп өңдеу бойынша жобаға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, «BI Group» және «KTZ Express» компанияларымен ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.Катарлық бизнес делегацияның сапары барысында қол жеткізілген келісімдер келесі айлар бойына белсенді түрде қарастырылатын болады. Осылайша, жақын арада қазақстандық делегацияның Катарға бизнес-сапары ұйымдастырылатын болады. Бұдан бөлек, катарлық бизнесмендер аймақтардың инвестициялық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттеу мақсатында Қазақстанның бірқатар облыстарына баратын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/15088?lang=kk
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндеАқордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін орталық аппараттың және оның Департаменттерінің басшылары жауапкершілікке тартылды 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 7 қарашада Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген монополияға қарсы ведомствоның жұмысын тәртіпке келтіру бөлігінде тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу саласында анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіТабиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту мәселесін қарады.Осылайша, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мынадай лауазымды тұлғаларына қатысты сөгіс жариялау түрінде жазалау шарасы қолданылды:Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары ;Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары;Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы;Комитеттің Солтүстік Қазақстаноблысыбойынша департаментінің басшысы;Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы;Комитеттің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы;Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы;Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.Бұл ретте, Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы атқаратын лауазымынан босатылды.Сонымен қатар, монополияға қарсы ведомствоның мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге және Комитет төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/15018?lang=kk
Жамбыл облысы Әділет пилоттық жобаны іске қосу жұмыстары атқарылды 10.04.2025
2018 жылдың 10 шілдесінде Жамбыл облысы Әділет департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ (бұдан әрі ХҚКО) бірлесе азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша кейбір қызметтерін жедел түрде алу жөнінде пилоттық жобаны іске қосу жұмыстары атқарылды.Тек, туу, қайтыс болу, сот шешімі негізінде некені бұзу мемлекеттік тіркеу түрлері ХҚКО-ның ғимаратында жүргізіледі. АХАТ және ХҚКО қызметкерлері бірлесе өтінімдерді өңдейді.Енді, куәліктерді 3 сағат ішінде алуға болады. Бұрын тууды тіркеу және сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу 2 жұмыс күн ішінде, ал қайтыс болуды тіркеу 1 жұмыс күн ішінде көрсетілетін.Пилоттық жоба енгізілгенен бері 1008 куәлік берілген, оның ішінде 217 қайтыс болу туралы, 146 некені бұзу туралы, 645 туу туралы куәліктер берілген оның ішінде 6 егіз тіркелген. Жамбыл облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/14938?lang=kk
Алматыда Қазақстанда энергетика ғылымының негізін қалаушы Шапық Шөкинге ескерткіш қойылды 10.04.2025
Шапық Шөкин - Қазақстан энергетикасын дамутыға арналған «Қазақстан энергетикасы», «Ауылшаруашылығын энергиямен қамтамасыз етудің ғылыми негіздері», «Қазақстан энергетикасын дамытудың негіздері», «Энергетика және Қазақстанның су шаруашылығы», «Қазақстанның жылу-энергетикалық балансы» және басқа 500 –ден аса ғылыми еңбектің авторы.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1996 жылы академик Шапық Шөкинге ең жоғарғы белгі - «Халық Қаһарманы» атағын берді.Алматы әкімі Бауыржан Байбек Шапық Шөкиннің жаңашыл ғылыми еңбектері арқылы өз кезеңінің қоғамдық сананы жаңғыртушысы болғандығын атап өтті.«Ол Қазақ энергетика ғылыми- зерттеу институтының алғашқы директоры болды. Академик Шөкин басқарған кезде институт еліміздегі құнды эксперименталды базасы бар, тіпті кейбір зерттеулері бойынша әлемде баламасы жоқ ірі әрі жаңашыл ғылыми мекемеге айналды. Қазақстанның энергетика саласындағы ғылыми жаңалықтардың барлығы осы институтпен байланысты.Шапық Шөкиннің тікелей араласуымен Қазақстан энергетикасы ғылыми- техникалық болжамының кешенді жүйесі, Ертіс - Қарағанды каналының, Қапшағай гидроэлектростанциясының жобалары жасалды», - деп атап өтті Алматы әкімі.Бұрын Алматы әкімдігі Ш. Шөкин ескерткішінің үздік эскизіне ашық конкурс жариялаған болатын. Қазақстанда қойылатын ескерткіштен мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешімімен К. Жарылғапов пен М. Азмағамбетов жасаған эскиз үлгілері үздік деп танылды.Салтанатты шараға академиктің ұлы Қанат Шөкин, Қазақ Ұлттық академиясының президенті Мұрат Жұрынов, энергетика ғылыми- зерттеу институтының президенті Калық Абдуллаев, Алматының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов, ғалым-археолог Карл Байпақов, Алматы мәслихатының депутаты Нұрлан Мұхамед-Рахимов, Қазақстанның халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеев, ғылыми- зерттеу институтының қызметкерлері және көптеген басқалары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14925?lang=kk
Алматыда қаланың білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті 10.04.2025
Мемлекет басшысы білім саласы сананы жаңғыртудың басты бағыттарының бірі екенін айта келіп,«экономикалық өсімнің жаңа моделі ретінде білім беруді орталық буын ретінде қабылдау қажет. Оқу бағдарламалары сыни ойлау мен ақпаратты өз бетінше іздеуді дамытуға ықпал етулері тиіс» деген болатын. Қазірдің өзінде оқу бағдарламалары IT- білімді қалыптастыруға, сыни ойлауды, үш тілділікті дамытуға орайластырылған. Латын әрпіне көшу басталды, бұл Қазақстанға әлемдік білім мен ақпараттық кеңістікке тез қалыптасуға,озық тәжірибені енгізуге ықпал етумен қатар қазақ тілінің төл табиғатын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Алматыда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер толық жүзеге асуда. Қала басшысы өзінің сөзінде басты мақсат - мегаполистің еліміздің білім мен ғылым орталығы ретіндегі мәртебесін нығайту, оқушыларды даярлау мен педагогтар құрамының сапасын арттыруда жетекші позициясын сақтау екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғырту қажет екенін жариялады. Уақыт үрдісіне сай сананы өзгерту – бұл бірыңғай Ұлт пен жауапкершілігі жоғары адамдарды қалыптастыру, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену. Біздің ортақ мақсатымыз – білімді,денсаулығы мықты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиеленген жас адамды қалыптастыру. Жастар сананы өзгертудің, ашықтық пен прагматизмнің қозғаушы күшіне айналулары тиіс. Олар туған тілдеріне, туған әдебиетке, мәдени мұраға адал болып, өз елінің шынайы патриоты бола алады. Балаларымыздың, қаламыздың, еліміздің болашағы сіздерге байланысты, құрметті ұстаздар. Алматыда білікті және дарынды мүғалімдер жұмыс істейді. Мен Сіздердің барлықтарыңызға барынша қиын әрі өте жауапты еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Нағыз мұғалім – балдырғанның бойына білім шырағын, өзіне деген сенім мен үміт отын жағатын қасиетті жан.Тек мұғалім ғана адамның бойына жақсылық нышандарын сеуіп, болашағына жол ашады», - деп атап өтті Б.Байбек.Қалада соңғы 5 жылда 15 мың орынды 280-нен астам бала бақша, 14 мың орынды 12 мектеп ашылды. Тек өткен жылдың өзінде ғана жергілікті бюджет қаржысы есебінен 500 орынды 4 бала бақша іске қосылды. «Шаңырақ» және «Қалқаман» ықшам аудандарында мектеп жанынан 1800 орынды қосалқы нысандар пайдалануға берілді.Биылғы жылы 6 бала бақшаның құрылысы басталды. «Өжет» елді мекеніндегі №156 мектептің жанынан 600 оқушыға арналған қосалқы нысан салынуда. Алатау және Наурызбай аудандарында 2600 орынды мектеп пен қосалқы нысан салуға қаржы бөлінді.Мемлекеттік -жеке әріптестік аясында өткен жылы жеке қаржы есебінен 175 бала бақша мен 5,7 мың орынды мини-орталықтар ашылды. Биылғы жылы 2000 орынды 57 жеке бала бақша пайдалануға берілді. Бизнес тарапынан болған қолдау арқасында 14 млрд. теңге бюджеттік қаржы үнемделді.Қаланың Қалақұрылысы кеңесінде тұрғын үй салу мәселесі қаралған кезде мектептер мен бала бақшаларға ерекше мән беріледі. Соңғы 2 жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша, 3 мың орынды 24 бала бақша салуға шешім қабылданған. Кейін бұлар коммуналды меншікке беріледі. Осының арқасында 24 млрд. теңге бюджеттік қаржы үнемделді.Биыл алғаш рет бірден 28 нысанды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүруде. Бұл мақсатқа 23 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Жаңа оқу жылына дейін жоспар бойынша 10 объектідегі жұмыс аяқталады, бұлар 4 мектеп пен 6 бала бақша. Ал қазан айында 9 мектептегі, желтоқсанда 8 мектеп Үміт үйіндегі жұмыстар бітеді..Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап Жаппай тегін кәсіптік- техникалық білім» бағдарламасы қолға алынды. Қала бюджетінен 1,5 млрд. теңге бөлінді. Ал бұл жұмысшы мамандығын қажет ететін еңбек нарығына 11 мың адамды тегін оқытуға мүмкіндік береді.Кәсіптік білім беретін қысқа мерзімді курстар 14 есе ұлғайған, яғни 7 мыңнан астам адам кәсіби білім алды.«Бүгін ата- аналар баласын ЖОО-да оқыту үшін соңғы ақшаларын береді. Олар кейін жұмыссыз қалмай ма деп ойланбайды. Мысалы, Алматыда ЖОО түлектерінің 70% -ы қалып қояды. Бірақ олар алған мамандықтары бойынша қызметке тұра алмайды. Өйткені, еңбек нарығына олар қажет емес. Ал бүгінгі күні жұмысшы мамандығы өте тапшы. Қазіргі жұмысшылар бұрынғыдай май сіңген арнайы киім кигендер емес. Қазіргі жұмысшылар IT-технологияны, күрделі қондырғыны меңгерген, ойлау қабілеті жоғары жандар. Мұғалімдер жастарға осы мәселені жете түсіндірулері, олардың өз болашақтарына прагматикалық тұрғыдан келуді бойларына сіңірулері тиіс. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай барынша жақсы өмір сүруге,білім мен салауатты өмір салтына, кәсіби жетістікке ұмтылу – тәрбиедегі прагматизм болып табылады», - деді Б.Байбек.Алматы әкімі өзінің сөзінде ортаның адам санасын өзгертуге ықпал ететінін айтты. Осыны басшылыққа ала отырып, қаланы қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.«Қала адам үшін Философиясының» негізі қала кеңістігін жақсартып, тұрғындардың қоғамдық өмірін барынша жайлы етумен анықталады. Мұның басты принциптері – қаланы көлік жүктемесінен азайту, нарықтық негізде жұмыс жасайтын тиімді, тұрақты қоғамдық көлікті қалыптастыру. Қалалықтардың жаяу немесе велосипедпен жүруін қамтамасыз ету. Сапалы инфрақұрылымның арқасында жүргіншілерге жағдай жасау, бұрынғы визуалды қоқыс – ескі билбордтар мен дүкендерден, ретсіз жарнамадан арылу. Қоғамдық кеңістік адами ауқымға сай жасалады. Жүргінші кеңістігі адамдарды пәтерлерінен шығарып, ауамен тыныстауға шақырады. Ата- аналар мен олардың балаларына салауатты өмірді ұсынады. Бұл салауатты құндылықтар – отбасын, экологияны, дұрыс өмір салтын тек жақсы жақтарға бұрады», - деп атап өтті әкім.подчеркнул аким города.Алматы әкімі қаланың тарихи орталығының 30%-ға жаңарғанын, Жібек Жолы, Панфилов, Гоголь, Кабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңының, Байсеитов, Төлебаев көшелері мен Есентай өзені жағалауының осы мақсатқа сай жаңғырғанын айтты. Бұл көшелерде жүргіншіге басымдық берілген, қоғамдық кеңістік кеңейіп, веложолдар салынып, жасыл желек отырғызылған. Жыл аяғына дейін 500-ден аса балалар алаңдары ашылады.Бүгінгі күні қала тұрғындарының бойына ашық ойды, құқықтық және қаржылық мәдениетті қалыптасыру ісі қолға алынған.Бұл үшін «Оңай» жол картасы енгізілді қолмақол ақшасыз көлік тұрақтары пайда болуда, заңсыз нысандар сүрілуде. «Осы шаралар көлеңкелі экономиканы едәуір төмендетті, салық түсімін арттырды, ал бұл бюджеттік қызметкерлердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы, жаңа бала бақшалар мен мектептер», - деді ол.Б. Байбек өзінің сөзінде 2017 жыл Елбасының тапсырмасы бойынша Алматыда «Жастар жылы» болып жарияланғанын, осыған орай тиісті Жол картасы жасалғанын айтты .2 мың орынды 4 жатақхана салу жоспарланған.1200 орынды жатақхананың құжаттары дайындалуда. Тұрғынүйқұрылысбанкімен бірігіп құнды бағдарлама жасалуда, соның арқасында жас отбасылар жаңа пәтер алу үшін жеңілдетілген заёмға қол жеткізе алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14906?lang=kk