Enbekshi QazaQ

Әлем

К. Сыроежкиннің ісі бойынша сот үкіміне қатысты 14.04.2025
2019 жылғы 7 қазанда Алматы қ. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотымен  Сыроежкин Константин Львович, 1956 ж.т., ҚР ҚК 175-бабы 1-б. – «Мемлекетке опасыздық жасау» бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/33335?lang=kk
Скандинавия елдерінің тәжірибесі: мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылындағы жасанды интеллект 14.04.2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова бастаған қазақстандық делегация цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы озық тәжірибені зерделеу мақсатында Стокгольм (Швеция) және Копенгаген (Дания) қалаларында болды.Анықтама: БҰҰ-ның 2018 жылғы «UNE-Government Survey» зерттеуі Дания мен Швеция БҰҰ-ға қатысушы басқа елдер арасында цифрландырудың даму деңгейі бойынша жетекші елдер болып табылатынын көрсетеді.Қазақстандық делегацияның сапары мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру тетіктерін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз ету бойынша БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жоба аясында өткізілді.Бас директорлармен, департаменттер мен кеңселердің директорларымен, сондай-ақ Швеция мен Данияның уәкілетті органдарының жоба менеджерлерімен, кеңесшілерімен және бизнес-әзірлеушілерімен екіжақты кездесулер өткізілді.Өз қызметін таныстыру барысында швециялық органдар цифрландыруды дамыту, оның ішінде мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылында жасанды интеллектті енгізу бойынша негізгі тәсілдерді ұсынды, ол қызмет алушылардың қажеттіліктерін жоспарлауға және «болжауға» мүмкіндік береді.Өз кезегінде, даниялық тарап түрлі қызметтерді, соның ішінде банктік қызметтерді алуда электрондық ID (жеке нөмір) пайдалану әдістерін айтты. Елдің әр түрлі ақпараттық жүйелерінде тіркелу үшін бірыңғай логин мен құпиясөз пайдаланылады.Қазақстандық делегация цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту мен ұсынудың отандық моделін таныстырды.Атап айтқанда, А. Жаилғанова Қазақстанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және қызмет алушылар мен мемлекеттік қызметшілердің өзара іс-қимылын болдырмауға бағытталған сандық шешімдерді пайдалану әдістері туралы айтты.Швециялық және даниялық әріптестерді «проактивті қызметтер» және «бір өтініш бойынша қызметтер» әдістерін пайдаланудың қазақстандық тәжірибесі, сондай-ақ түрлі мобильді қосымшалардың болуы қызықтырды.Швецияның кәсіпорындарды тіркеу қызметінің бас директоры Анника Стенберг: «Бір өтінішті» пайдалану-бұл бір өтінішпен қызметтер кешенін көрсетудің қызықты әдісі. Бізге де бұл туралы ойлану керек».Швецияның салық агенттігінің бас директоры Катрин Вестлинг Палм осы әдісті егжей-тегжейлі зерттеу үшін Қазақстанға келуге ниет білдірді.Сонымен қатар, қазақстандықтардың белсенді қолданатын «mGov» және «SmartAstana» мобильдік қосымшаларын көрнекі көрсету қорытындысы бойынша Данияның цифрландыру және жергілікті өзін-өзі басқару агенттігінің өкілдері Нұр-сұлтан қаласына сапарын қоса отырып, өз жоспарларына енгізген түзетулерді айтты.Танысу сапарының қорытындысы бойынша тараптар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін цифрландыру және автоматтандыру саласында өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/33312?lang=kk
Анар Жаилғанова Швецияның Экономикалық және өңірлік даму агенттігінің бас директорымен кездесті 14.04.2025
Бүгін Стокгольмде БҰҰДБ қолдауымен МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Швецияның экономикалық және өңірлік даму жөніндегі агенттігінің бас директоры Гуннила Нордлеф ханыммен кездесті.Экономикалық және өңірлік даму жөніндегі агенттігінің электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы саясатты іске асыру жөніндегі негізгі мемлекеттік орган болып табылады.Кездесу барысында швециялық тарапынан электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласын дамытудың негізгі тәсілдері, ішкі бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстар таныстырылды.Өз кезегінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы швециялық әріптестерін Қазақстанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған сандық шешімдерді белсенді қолдануын таныстырды.Қазақстандық делегацияны мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылындағы жасанды интеллектінің дамуы айтарлықтай қызығушылық тудырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде бизнес - процестерді цифрландыру және автоматтандыру саласында өзара ынтымақтастық туралы келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/33311?lang=kk
Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шаралары талқыланды 14.04.2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Мемлекет басшысының «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру мәселелерін талқылау жөнінде кеңес өткізді.Кеңеске Агенттіктің орталық аппаратының, оның ведомстволық бағынысты ұйымдары – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Персоналды басқару жөніндегі ұлттық орталығының, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы Агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысты. Анар Жаилғанова Жолдаудан туындайтын мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған міндеттерді сапалы және уақытылы орындауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.«Мемлекет басшысымен 2024 жылға дейін мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға біртіндеп қысқартуға кірісіп,  үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсау міндеті қойылды.Бұл ретте жас кадрларды мемлекеттік қызметке тарту, сондай-ақ меритократия қағидаттарын сақтау жөніндегі шараларды пысықтау қажет.Біздің алдымызда аталған тапсырманы жүзеге асыру үшін тәсілдеме жасау міндеті тұр», - деп атап өтті Төраға.Сондай-ақ Агенттік төрағасы Мемлекет басшысы атап өткен  сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесінің маңыздылығына тоқталды. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін этикалық бақылау призмасы арқылы қараудың қажеттілігі атап өтілді.А. Жаиғанованың айтуынша: «Мемлекеттік қызметшілер, әсіресе бақылаушы органдарда қызмет атқаратын мамандар бизнес-қоғамдастықпен қарым-қатынаста этикалық нормалар мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қандай да бір бұзушылығын заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру немесе біреудің мүдделерін жақтауға жасалған талпыныс ретінде бағалануы мүмкін екендігін нақты түсінуі қажет».Оның айтуынша, электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін одан әрі көбейту қажеттілігі, оның ішінде  қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру айтарлықтай маңызға ие. Әсіресе, бұл Мемлекет басшысының цифрлық экономиканы және Орталық Азия өңірінде инфокоммуникациялық технологияларды дамыту деңгейі бойынша көшбасшылықты күшейту, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін жаппай енгізу жөніндегі айтқан міндеттері аясында өзекті болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/33310?lang=kk
Агенттікте Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 14.04.2025
2019 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.Агенттік төрағасы Анар Нұралықызы Жаилғанова өзінің құттықтау сөзінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Ата заң құндылығын бағалап, әр уақытта халыққа қызмет етуді басты бағдар етіп алуы тиіс екендігін атап өтті.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы «Біз Конституция ережелерін басшылыққа ала отырып, ұлы жолдарды жүріп өттік» деп айтқан болатын.Сол Ұлы жолдағы белестерді бағындыруға әр азамат өзінің білімі мен қажырлы қызметін жұмсап, мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосып келе жатқаны айқын.Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Біз үшін ең маңызды міндет – заңға сай адал қызмет ету» деп заң үстемдігіне баса айтты.Осы орайда, Конституция елімізде құқықтық мемлекет қалыптасуының, заңның үстемдігі орнауының кепілі болып қала бермек.Сонымен бірге Агенттік төрағасы Агенттік қызметкерлері барша азаматтардың конституциялық құқығының сақталуы жолында  абыроймен еңбек ете береді деп сөзін қорытындылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/33308?lang=kk
"Президенттік жастар кадр резервіне" іріктеу адал және ашық өтеді 14.04.2025
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.Іс – шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, Президенттік астар кадр езервіне іріктеу жөніндегі ақпараттық жүйені әзірлеуші компанияның өкілі Дана Жақыпова қатысты.Агенттік Төрағасы өзінің кіріспе сөзінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Президенттік жастар кадр резервіне» қатысуға азаматтардан өтінім қабылдау үшін онлайн-платформаны іске қосатынын атап өтті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова мәлімдеді.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасымен Агенттік алдында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру міндеті қойылған.Нақты бір салада өзіндік жетістіктері бар жас қазақстандықтарда іріктеуден өтіп, резервке алыну, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды.Осы орайда резервтің ең маңызды мәселелеріне тоқталып өтейін.Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар – бұл азаматтылығы, жасы 35-тен аспауы қажет, білімі және жалпы жұмыс тәжірибесі 5 жыл.Креативті, дарынды жастарымыздың кейбірі шетелде тұрып жатқанын жақсы білеміз.Сондықтан, конкурсқа еліміздің жастарымен қатар, шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республиканың жас азаматтары қатыса алады.Азаматтарды толғандыратын бірқатар мәселелерді атап өтсем.Біріншіден, Президенттік жастар кадр резервіне өту – бұл міндетті түрде лауазымға тағайындалуға кепіл болмайды.Екіншіден, бұл іріктеуге Президентпен тағайындалған қазіргі саяси қызметшілер қатыса алмайды.Президенттік жастар резервіне өткендер саяси және жоғары әкімшілік лауазымдарға, ұлттық холдингтар мен компаниялардың жоғары басқарушы лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік алады.Әр лауазымның ерекшелігі ескеріліп, келесі топтарға бөлінген:1) Салалық лауазымдар тобы, олар:Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары және мүшелері.2) Өңірлік лауазымдар тобы, олар:облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері;3) Басқарушылық лауазымдар тобы, олар:орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы;Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы;жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары.Үміткерлер өтінім беру барысында жоғарыда аталған лауазымдар санатының және «Президенттік жастар кадр резерві» сайтында ұсынылған бағытының бірін таңдауы тиіс.1 қыркүйектен бастап резервтің ресми сайты іске қосылады. Онда үміткерлер тіркеліп, өз құжаттарын тапсыра алады. Агенттіктің интернет-ресурсында және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында іріктеуге өтініш қабылдау басталғаны жөнінде хабарландыру жариялайтын боламыз.Потенциалды резервшілерді іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:Бірінші кезең – қатысушылардың құжаттарын қабылдау. Құжаттарды жинаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды.Өтінім беру барынша жеңілдетілген. Аталған автоматтандырылған онлайн-платформаға тиісті сілтемелері бар толық ақпаратты біздің qyzmet.gov.kz сайтынан таба аласыздар.Бүгін осы брифингке автоматтандырылған онлайн-платформаны әзірлеуші-компанияның өкілі қатысып отыр. Ол іске қосылған «Президенттік жастар кадр резерві» сайты жөнінде толық ақпарат береді.Екінші кезең, үміткерлердің қабілеттерін тестілеу. Аталмыш сынақ үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған.Ол үміткерлердің теориялық дайындығын, олардың талдап-сараптау деңгейін және логикасын анықтауға мүмкіндік береді.Үшінші кезең, кандидаттардың көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық көзқарасын, мотивациясы мен құндылықтарын бағалау.Ол үшін үміткерлер эссе жазып, өздерінің әлеуметтік маңызы бар жобаларын ұсынады.Үшінші кезеңде үміткерлердің көшбасшылық қасиеттері, стратегиялық көзқарасы мен кәсіби құндылығы бағалаланады.Эссе арқылы үміткерлердің сауаттылығы, білімпаздығы мен ой-өрісінің тереңдігі, сыни ойлау деңгейі, логикасы, айғақты әрі негізделген түйін жасай алу қабілеті бағаланады.Өз кезегінде, жобалық жұмыс қатысушының таңдап алған лауазым тобына байланысты тиісті саланы немесе қызметтің бағыттары бойынша пайымын бағалауға негізделген.Құзыретін бағалау арқылы қатысушылардың жеке құндылықтары, мемлекеттік қызметке деген жұмыс уәждемесінің деңгейі, сондай-ақ басқарушылық құзыреттілігі анықталатын болады.Эссе мен жобалық жұмыстарды тексеру онлайн жүйеде өткізіледі. Оның объективтілігі үшін процестің бейнежазбасын жүргізу жоспарланып отыр.Құзыреттерді бағалау Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында сарапшылармен топтық ассесмент құралдарын (бұл топтық бағалау жүйесі) пайдалана отырып жүзеге асыралады.Төртінші кезең, сараптамалық комиссияда қатысушылармен әңгімелесу. Осы кезеңдегі іріктеуге алдыңғы сынақтарда бал жиынтығы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жіберіледі.Президент Әкімшілігі тарапынан құрылатын Комиссия бұған дейінгі іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен әрбір үміткермен жеке әңгімелесу өткізеді.Әңгімелесу қорытындысы бойынша Сараптамалық комиссия ашық дауыс беру жолымен Резервке алуға ұсынылатын кандидаттардың тізімін жасайды және Ұлттық комиссияның қарауына жібереді.Іріктеудің қорытынды кезеңінде – кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияда қатысушылардың кандидатуралары қаралады.Осы кезеңге Сараптамалық комиссия ұсынған ең жоғары көрсеткіші бар қатысушылар жіберіледі.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Президенттік жастар резервіне кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданады.Ашықтықты қамтамасыз ету үшін азаматтар іріктеуге қатысушылардың ақпараттарын көре алады. Яғни, азаматтарымыз іріктеуге кім қатысқанын біледі. Оған қоса, іріктеудің әр кезеңінен кейін біз автоматтандырылған жүйеде және Агенттіктің сайтында келесі кезеңге өткен үміткерлердің тізімін жариялаймыз.Үміткерлерді бағалау кезеңінде шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін салалық сарапшылар тартылатын болады. Олар іріктеу процестерінің ашықтықтығы мен объективтілігін қадағалай алады.Іріктеудің барлық кезеңдері резервшілер туралы толық ақпарат жинап, олардың қабілеттерін және ең бастысы – олардың әлеуетін көруге мүмкіндік береді.Осыны ескеріп, резервшілер лауазымға тағайындалғанға дейін арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша оқытылады. Іріктеудің нәтижесі негізінде сарапшылардың берген ұсыныстары бойынша резервшілер үшін жеке бағдарлама әзірлену де мүмкін. Бұл оқыту бағдарламасы жоғарыда айтылған лауазымдарға қажет қосымша білім алуға, халықпен жұмыс істеуге, оның ішінде көпшілік алдында сөз сөйлеу және шектеулі жағдайда жұмыс істеу үшін қажетті қасиеттерді арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/33307?lang=kk
Jetіsý Invest форумы алаңында құны $859 млн. астам 13 меморандумға қол қойылды 14.04.2025
Алматы облысы, 2019 жылғы 4 қазан - Алматы облысының Талдықоған қаласында Jetisy Invest-2019 халықаралық бизнес-форумы өткізілді. Форум қатысушылары инвестициялық келісімге қол жеткізіп, жалпы сомасы $859,7 млн. құрайтын 13 жоба бойынша коммерциялық келісімдерге қол қойды. Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев, сондай-ақ, әлемнің 7 елінен, дипломатиялық корпустың, ірі отандық және трансұлттық компаниялардың, шетелдік және отандық бизнесмендердің, мүдделі мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының 400-ден аса өкілдері қатысты. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов атап өткендей, әлемдік экономикалық дағдарыс пен жалпы инвестициялық ағынның төмендегеніне қарамастан, 2014-2016 жылдары Алматы облысындағы ішкі инвестициялар 27%-ға өсті, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шикізаттық емес өңірлер ішінде сыртқы инвестицияларды тарту бойынша бірінші орынға шықты, оның көлемі жыл сайын 2016 жылдан бастап 20%-ға өсуде.Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев елде инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасау маңыздылығы туралы айтып берді. «Ел Үкіметі үздік әлемдік тәжірибені тартуды және енгізуді тапсыра отырып, мемлекеттегі инвестициялық климатты жақсарту үшін бірқатар реформалар жүргізді. Қазіргі уақытта бізде шетелдік бизнесмендерді сүйемелдеудің үш деңгейлік жүйесі қызмет етеді. Сыртқы деңгейде Қазақстанның шетелдік өкілдіктері, орталық деңгейде KAZAKH INVEST және үшінші деңгейде «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ететін өңірлердегі фронт-офистер».Сондай-ақ, өңірдегі өздерінің сәтті тәжірибелерін Leroy-Merlin, «Маревен Фуд Тянь-Шань», «Waste Energy KZ», «АрКазИнвест» пен басқа ірі және трансұлттық компаниялардың өкілдері баяндап берді.Сонымен қатар, форум барысында өңір ЖЭК жобаларын іске асыру үшін қолайлы екені айтылды. Осылайша, Қазақстандағы 74 жаңартылатын энергия көздерінің 24-і Алматы облысында жұмыс істейді. Ірі Сингапурлық инвестордың қатысуымен Universal Energy компаниясы салған қуаттылығы 100МВт болатын Қазақстанның ірі күн электростанцияларының бірі қыркүйек айында іске қосылды. Келесі жылы осы компания әрқайсысының қуаттылығы 50МВт болатын екі күн және жел электростанцияларының іске қосылуын жоспарлауда. Бұдан басқа, ЖЭК 28 жобасы іске асырылудың түрлі кезеңдерінде.Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мониторингтік жүйесінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3,8 млрд құрайтын 34 бар деп атап өтеміз. Оның ішінде 12 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 12 жоба бойынша жобалық құжаттама әзірленуде, ал 10 жоба өңірде іске асыру үшін пысықталу кезеңінде. Жалпы, жылдың соңына дейін 1200 жұмыс орны құрылатын 10 жобаның іске асырылуы жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33219?lang=kk
Алматы облысында инвесторларды сүйемелдеу жөнінде өңірлік фронт-офис ашылды 14.04.2025
Алматы облысы, 2019 жылғы 4 қазан - Алматы облысы бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу жөнінде фронт-офис өз қызметін бастады. Бұл инвесторлар үшін елімізде арнайы фронт-офистер құру жөніндегі Үкіметтің тапсырмасы шеңберінде құрылды. Аталған орталық Алматы қаласында Желтоқсан көшесі 112 мекен жайы бойынша орналасқан.«Бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған фронт-офис жұмысы инвесторлар үшін мемлекеттік қызметтерді қолайлы алуды ғана емес, сондай-ақ, барлық рәсімдердің қолжетімділігі мен ашықтығын көздейді, мемлекеттік органдармен тиімді іс-әрекет етуге ықпал етеді»,-деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев. Фронт офисте жергілікті атқарушы органдардың, ХҚО, «Атамекен» РКП, «Даму» КДҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК), миграциялық, кеден және салық органдарының мамандары, сондай-ақ, монополисттер, нотариустар мен аудармашылар өкілдік ететін болады.Инвесторлар мен кәсіпкерлерге мұнда тоғыз бағыттар бойынша қызмет көрсетіледі, оның ішінде: мемлекеттік қызметтер көрсету, жобаларды сүйемелдеу, маркетингтік және бухгалтерлік қызметтер, мемлекеттік сатып алулар бойынша кеңестер беру, СТ KZ сертификаттау, қаржы мекемелері мен даму институттарының көмегі, бизнестің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ, миграция, кеден және салық мәселелерін шешуге қолдау көрсету кіреді. Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мониторингтік жүйесінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3,8 млрд құрайтын 34 жоба бар. Оның ішінде 12 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 12 жоба бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде, 10 жоба өңірде іске асыру үшін пысықталу кезеңінде. Жалпы, жылдың соңына дейін 1200 жұмыс орнын қамтитын 10 жобаның іске асырылуы жоспарланған. Анықтама үшін:«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы болып табылады. «KAZAKH INVEST» елдің Үкіметі атынан «бірыңғай келіссөз жүргізуші» рөлінде қатыса отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті іске асыру үшін қажетті тіркеуді, түрлі рұқсаттар мен келісімдерді алуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде толық қызметтер жиынтығын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33218?lang=kk
Жылжымайтын мүлікті онлайн режимінде тіркеу бойынша дөңгелек үстел 14.04.2025
ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының негізгі талаптарын талқылап, жылжымайтын мүлікті электронды түрде тіркеу жұмыстарын жандандыру мақсатында ү.ж 14 мамырында Атырау облысы Әділет департаментімен облыстық Нотариаттық палатасының өкілдері және қалалық 2-ші деңгейдегі банк қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.Отырыс барысында нотариустар тарапынан мәміле жасаушы жақтарға электронды тіркеу форматының тиімділігін тереңірек түсіндіріп, жасалынған мәмілелерді электронды түрде өткізу мәселелері айтылды. Сондай-ақ, банк қызметкерлері тарапынан электронды тіркеуден өткен құжаттардың заңға сәйкес келетіндігін және электронды тіркеудің заңдылықтарын халыққа дұрыс жеткізу керектігі түсіндірілді.Кездесу соңында қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, барлық қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді. Атырау облысы Әділет департаментініңбаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/32898?lang=kk
Fitch Ratings Алматыға кредиттік рейтингін берді 14.04.2025
Соңғы бес жылда Алматы қаласының экономикасына, бюджетіне және кредиттік бейініне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Fitch "BBB" (инвестициялық деңгей) деңгейінде шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының (IDR) ұзақ мерзімді рейтингін және "BBB+" деңгейінде автономды несиелік бейін (SCP) берді https://www.fitchratings.com/site/pr/10088964Fitch Ratings стандарттарына сәйкес, "BBB" эмитенттің жақсы несиелік сапасы болып табылады және несиелік тәуекел бойынша төмен ағымдағы күтуді көрсетеді.Аталған несиелік рейтинг Алматының Еуропа және Орталық Азия (ECA Cities) қалаларының бағдарламасы шеңберінде Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) қолдайтын қаланың мақсатты инфрақұрылымдық бағдарламасын жеке қаржыландырудың ұзақ мерзімді құралдарын анықтау жөніндегі күш-жігерін растау болып табылады.Бағдарлама қоғамдық көлік, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды басқару, энергия тиімді және ақылды қалалық технологияларды қоса алғанда, экологиялық таза және орнықты муниципалдық инфрақұрылым көмегімен түйінді қызметтер көрсетуді жақсартуға бағдарланады.Қаламен ынтымақтастық аясында IFC Алматыға халықаралық несие рейтингін беруге өтінім беру үшін тиісті құжаттарды дайындау және рейтинг алу процесі барысында басшылық пен ұсыныстар берді.Халықаралық несие рейтингі инвесторларға Алматының кредиттік қабілеттілігін және өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін беру үшін шешуші мәнге ие. Рейтингті беру және IFC мен Алматы арасындағы стратегиялық серіктестіктің алғашқы қадамы болып табылады, ол ірі инфрақұрылымдық жобалар үшін ұзақ мерзімді тәуелсіз емес қаржыландыру нарығына "жол ашады". Бұл жұмыс қалалық инфрақұрылым бойынша өз сараптамасын әкелетін Дүниежүзілік банкпен тығыз ынтымақтастықта да жүзеге асырылады.Орталық Азия бойынша IFC аймақтық менеджері Кассандра Колберт - "Халықаралық кредит рейтингін алу қаланың өзінің өсіп келе жатқан инвестициялық қажеттіліктері үшін коммерциялық ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту қабілетін күшейтудегі маңызды қадам болып табылады. IFC міндеті – заманауи инфрақұрылымға инвестиция тарту және Алматыға өз тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін тиімді және тұрақты қызмет көрсетуге көмектесу", - деді.Алматының несиелік рейтингі халықаралық инвестициялық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында Fitch Ratings бағалайтын әлемнің жетекші астаналар рейтингтерінің тізіміне енгізілетін болады.Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров "Жоғары несиелік рейтинг Алматы қаласында жайлы инвестициялық ахуал туғызып, бизнес-бастамаларға арналған барынша перспективалы инвестициялық алаң болып қала береді. Біз несиелік рейтингті ағымдағы "BBB+" - тен әлемнің жетекші қаржы ұйымдарымен ұзақ мерзімді заемдар жасай отырып, одан да жоғары инвестициялық деңгейге дейін көтеруді жалғастыратынымызды айта кету керек», - деп атап өтті.IFC және Алматы қаласының әкімдігі 2019 жылдың ақпан айында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды, оның аясында IFC ұзақ мерзімді капиталға қол жеткізуде және инфрақұрылымға инвестицияларды тартуға әкімдікке қолдау көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/32245?lang=kk
Өзбекстанның Түркі кеңесіне кіруі жөніндегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі 14.04.2025
Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (Түркі кеңесі, ТМЫК) кіруін қолдайды.2019 жылғы 14 қыркүйекте Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне қосылу туралы Жарлыққа қол қойды. Сол күні Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі ТМЫК Хатшылығына Өзбекстанның Түркі кеңесіне қосылуы туралы құжатты жіберді.Түркі кеңесі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылдың 3 қазанында құрылды. Құрылтайшы мемлекеттер Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия болып табылады.Түркі әлемі үшін бұл маңызды тарихи шешім Нахчыван келісімінің 10 жылдығын атап өтумен дәл келеді. Өзбекстанның Түркі кеңесіне мүшелігі туралы шешімге ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары 2019 жылғы 15 қазанда Бакуде өтетін шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған Түркі кеңесінің 7-ші саммиті барысында қол қояды. Өзбекстанның ТМЫК-ке мүшелігі түркі әлемінің интеграциясын нығайтуға және мемлекеттердің ынтымақтастығын жаңа белестерге шығуына ықпал етеді, әсіресе бұл Түркі кеңесі түркі елдерінің экономикалық өзара іс-қимылын күшейту жөнінде нақты қадамдар жасаған кезеңде орын алуда. 2019 жылдың мамырында Қазақстанның елордасында өткен XII Астана экономикалық форумы аясында кәсіпкерлердің арасында өзара байланысты күшейтетін және мемлекеттер арасында сауда айналымының өсуіне бағытталған Түркітілдес мемлекеттердің бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32243?lang=kk
БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі Арнайы өкілі Алматы қаласындағы БҰҰ жаңа ғимаратына барды 14.04.2025
Ү.ж. 17 қыркүйекте БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Жан Тодтың Алматы қаласына сапары өтті. Сапар барысында ол БҰҰ-ның жаңа ғимаратын аралады және бұл БҰҰ өкілінің жаңа ғимаратқа осындай дәрежедегі алғашқы келуі болып табылады. Ғимаратты аралау барысында БҰҰ-ның арнайы өкілі Қазақстан Республикасының жаңа ғимарат негізінде БҰҰ Өңірлік хабын құру туралы бастамасымен таныстырылды және осы бастаманы ол оң қабылдады.Оның пікірінше, Қазақстан ұйымның маңызды серіктесі болып табылады және жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында жаһандық серіктестікті дамытуға күш салады. Сондай-ақ, Қазақстан орнықты даму мақсаттарынның іске асыруын тек өзінің елінде ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия өңіріне де назар аударады.БҰҰ ғимаратынан кейін Ж.Тодт Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен, содан кейін №90 орта мектептің негізіндегі орта білім өкілдерімен кездесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32240?lang=kk
Мемлекет басшысы Ханчжоу қаласының мәдени нысандарын аралады 14.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ға сапары аясында Ханчжоу қаласындағы Қытай Ұлттық шай музейін аралады.Залдарды қарау кезінде Ханчжоу қаласындағы Сиху өзенінің көрікті жерлері бойынша әкімшілік комитетінің жетекшісі Вэн Вэньцзе мен мұражай директоры У Сяоли Қазақстан Президентіне шай дәстүрінің ерекшелірктері мен шай әдебі, сондай-ақ Қытайдың түрлі провинцияларындағы шай мәдениеті  туралы айтты. Мемлекет басшысына шай рәсімін көрсетті.Қасым-Жомарт Тоқаев Лэйфэн пагодасына барып, онда орналасқан кітапханадағы көне қолжазбаларды қарап шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32236?lang=kk
Мемлекет басшысы «Hikvision» компаниясының офисіне барды 14.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының барысында Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласына келді.Қазақстан Президенті Ханчжоуда әлемдік нарыққа инновациялық өнімдерді шығаратын көшбасшы «Hikvision» компаниясына барды.Компанияның Басқарма төрағасы Чэнь Цзуннянь Мемлекет басшысына «Hikvision» компаниясының қызметі туралы айтты. Сонымен қатар, Орталық Азия бойынша қолға алынған коммерциялық жобалардың атқарылу жайымен таныстырды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның робототехника саласында, үлкен деректерді өңдеу, жасанды интелект және заманауи технологиялар бағытында жасалған жұмыстарын көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32234?lang=kk
Қазақстан мен Боливия ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделік білдірді 14.04.2025
2017 жылғы 17 тамызда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға қазақстандық-боливиялық екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғашқы ресми сапарымен келген Боливияның Сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманимен кездесті.Қазақстан мен Боливияның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшеліктерін ескере отырып, СІМ-де өткен келіссөздер күн тәртібіне көпжақты ынтымақтастық мәселелері кірді. Министрлер БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдардың жұмысы шеңберінде ядролық қарусыздандыру мен ядролық қарудан азат әлем құру мәселелерінде қазақстандық-боливиялық әріптестіктің ортақ мүдделерін ілгерілету мен тереңдету үшін бірлескен күш-жігерлерді үйлестіру маңыздылығын ерекше атап өтті.Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомство басшылары Боливияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы нәтижесіндегі оң тәжірибесін қоса алғанда екіжақты қарым-қатынастардың келешектегі даму мәселелерін талқылады. Бұл ретте, екіжақты ынтымақтастық шеңберіндегі энергетикалық және тау-кен өнеркәсіп салалары, сондай-ақ шағын және орта бизнесте іскерлік байланыстарды дамыту әлеуеті аталды. Сонымен қатар, тараптар ғылым, білім және спорт бағдарламаларын дамытуға өзара қызығушылық танытты.Кездесу соңында Қ. Әбдірахманов пен Ф. Уанакуни Қазақстан мен Боливия арасындағы диалогты кеңейту жөніндегі сімаралық саяси консультацияларды өткізуге қабылданған шешімін қоса алғанда екіжақты ынтымақтастықтың өзекті перспективаларын белгілейтін Саяси декларацияға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32003?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ПОРТУГАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНАТЫЛҒАНЫНА 25 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ КОММЮНИКЕ 14.04.2025
2017 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толады. Астана мен Лиссабон арасында ширек ғасыр ішінде достық пен өзара түсіністікте дамыған ынтымақтастық өзара тиімді және үдемелі сипатқа ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы Португалияға және Португалия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары П.Порташтың 2014 жылғы Қазақстанға сапарлары екіжақты қарым-қатынастардың маңызды кезеңдері болды. Екі елдің сыртқы саяси және салалық ведомстволары арасындағы байланыстар нығаюда. 2012 жылы сыртқы істер министрліктері арасында алғашқы консультациялар өтті. 2015 жылы Астанада Португалия Елшілігінің ашылуы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін берді. Экономикалық байланыстар дәйекті дамуда. Екі ел іскер топтарының Астанада және Лиссабонда тұрақта негізіндегі кездесулері өзара тиімді әріптестік үшін жаңа тауашаларды біртіндеп ашуда. Энергетика (баламалы энергетиканы қоса алғанда), электроника, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, фармацевтика, инфрақұрылымдық құрылыс және жеңіл өнеркәсіп салалары екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары болып табылады. Қазақстан мен Португалия халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұқсас немесе бірдей ұстанымдарды ұстанатын БҰҰ, ЕҚЫҰ және өзге халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты өзара іс-қимыл да ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады. Қазақстан Португалиямен саяси диалогты одан әрі нығайтуға және жан- жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге бейілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32001?lang=kk
Қазақстан Президенті Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында лекция оқыды 14.04.2025
Мемлекет басшысы Академия профессорлары мен сарапшыларының және қазақстандық студенттердің алдында сөйлеген сөзінде қоғамдық ғылымдардың кез келген мемлекеттің даму бағдарын айқындауға елеулі үлес қосатынын атап өтті.Президент Қазақстан мен Қытай тарихында ортақ дүниелер көп екенін айтты. Оның сөзінше, екі халықты өркендеу рухы мен алға қарай ұмтылыс жақындата түседі.Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің дипломатиялық қызметін дәл осы Бейжіңде бастағанын айтып, сол кезде ұлы мемлекет қайраткері Дэн Сяопиннің ашықтық пен реформалар саясатына куә болғанын жеткізді. Сондай-ақ, Президент барлық қатысушыларды Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл тарихи датаның орта деңгейдегі «сяокан» қытай қоғамын құру жолындағы маңызды белес екеніне тоқталды.Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның жедел жаңғыртулардың арқасында тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылғанына назар аударып, еліміздің  даму қарқынын тоқтатпай, тек алға қарай жүре беретінін және 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыратынын айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тәуелсіздігін, оның экономикалық әлеуеті мен адами капиталды одан әрі нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру маңызды мақсат екенін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, алдымызда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған мемлекетті жаңғырту бағдарламасын толыққанды жүзеге асыру міндеті тұр. Қазақстан Республикасы халықаралық аренада көршілес мемлекеттермен қатар, ізгі ниетін қолдайтын басқа да елдермен достық қарым-қатынастарды кеңейтуге, өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға мүдделі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kiev/press/news/details/31590?lang=kk
Қазақстанның және Гондурастың сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Астанада екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады 14.04.2025
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов екіжақты қарым-қатынастардың тарихында Астанаға алғашқы рет келген Гондурас Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Мария Долорес Агуэромен кездесу өткізді.Достық жағдайда өткен сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Гондурастың СІМ-дері арасындағы саяси диалогты орнатуға қызығушылығын білдірді. Сауда және туризм салаларын қоса алғанда, екіжақты қарым-қатынастардың аса келешекті бағыттарын анықтау қажеттілігі белгіленді.Халықаралық қатынастардың және аймақтық қауіпсіздік тақырыптарына сұхбаттастар пікір алмасты. Халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша екі мемлекеттің ұстанымдардың ұқсастығы белгіленіп, Гондурас Қауіпсіздік Кеңесіне 2022-2023 жылдар кезеңіне өз кандидатурасын қойған БҰҰ шеңберіндегі өзара жемісті іс-қимылдың жалғастыру қажеттілігі баса айтылды.Қ. Әбдірахманов Қазақстанның Америкалық мемлекеттер ұйымы, Кариб мемлекеттерінің ассоциациясы, Қарибтік қоғамдастығы сияқты аймақтық ынтымақтастық платформалармен өзара іс-қимылы туралы хабарлады. Оларға қоса басты мақсаты жалпы нарықты қалыптастырып, еркін сауда аумағын құру болып табылатын, Орталық Америка интеграциялық жүйесінің қызметі назар аударар жайт.Гондурастың сыртқы саяси ведомствосының басшысы жоғары деңгейлі делегациямен қоса осы Орталық Америка мемлекетінің Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде Ұлттық күнін мерекелеу рәсіміні қатысты. Көрмеде Гондурас павильоны бар және осы күнін өнерпаздарының көркем ойындармен мерекеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/31375?lang=kk
ИЫҰ бірінші ғылым және технологиялар жөніндегі Саммиті Астана декларациясын қабылдады 14.04.2025
АСТАНА, 10 қыркүйек, 2017 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі 1-ші Саммитін ашты.Делегациялардың басшылары Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ғылым мен технологиялар жөніндегі 1-ші Саммитінің «Ғылым, технология, инновация және ислам әлемінің жаңғыруы» атты Астана декларациясын қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/31267?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25-жылдығына қатысты КОММЮНИКЕ 14.04.2025
2017 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан мен Нидерланд айтулы оқиға – дипломатиялық қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтпекші.Ширек ғасыр бойы қазақстандық-нидерландтық қарым-қатынастар дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізді, Астана мен Гаага арасында қарқынды және сенімді саяси диалог сақталуда, сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстар белсенді кеңеюде.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 ж. наурыздағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші саммитіне қатысу шеңберінде Гаага қаласына ресми сапары, сонымен қатар Нидерланд Премьер-министрі М.Рюттенің 2015 ж. желтоқсандағы Астанаға ресми сапары көпжақты диалогтың кеңеюіне елеулі серпін берді.Екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға парламенттік дипломатия өз үлесін қосуда. 2012 жылғы қыркүйекте Нидерланд Парламенті Сенатының Президенті Р. ван дер Линденнің Қазақстанға сапары, 2015 жылғы мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қ.Жақыповтың Нидерланд Корольдігіне жұмыс сапары өтті.2018 жылы Қазақстан мен Нидерланд БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесі ретінде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері бойынша тығыз өзара бірлесіп іс-қимыл жасасу, сондай-ақ екі елдің халықаралық бастамаларын алға жылжытуда өзара қолдау көрсетуге ниеттенуде.Сауда-экономикалық ынтымақтастық Нидерланд Корольдігімен екіжақты қарым-қатынастар кешенінің негізі болып табылады. Нидерланд – Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция көлемі бойынша әлемдегі «нөмірі бірінші» инвестор және сыртқы сауда айналымы көлемі бойынша Еуропалық Одақтағы Қазақстанның екінші әріптесі болып табылады.Қазақстан экономикасында голландиялықтардың қатысуымен 900-ден астам компания бар, олардың көпшілігі мұнай және газ, геологиялық барлау, аэроғарыштық, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын жеткізу, фармацевтика мен медицина, халық тұтынатын тауарлар өндірісі саласында белсенді жұмыс істеуде.Тараптар «жасыл технологиялар» саласындағы ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай қызығушылық танытып отыр, бұл Нидерландтың «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуымен айқын көрінеді.Қазақстан мен Нидерланд өзара тиімді стратегиялық әріптестікке бағытталған сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/31257?lang=kk