Ақмола облысында тәрбиелік мәні зор «Қазыналы қария» облыстық байқау өтті

Ақмола облысында тәрбиелік мәні зор «Қазыналы қария» облыстық байқау өтті

27.03.2025 00:44:35 187

2025 жылдың 18 наурызында Наурызнаманың онкүндігі аясында «Қазыналы қария» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және егде жастағы адамдарға құрмет көрсетуді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және жастар бойында патриотизмді тәрбиелеу.

Байқауға облысымыздың әр түкпірінен 10 аға буын өкілдері қатысты. Қатысушылардың ең үлкені 80 жаста, соған қарамастан Степногорск қаласынан келген Аубай Дуримхан белсенді өмір салтын ұстанады.

Қатысушылар қазылар алқасы мен көрермендер назарына өнерлерін және көрмеде өздері жасаған сәндік-қолданбалы бұйымдарын ұсынды. «Батаменен ел көгерер» кезеңінде қариялар жиылған қауымға ақ тілегін, адал ниетін білдірді.

Қазылар алқасының құрамына Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Жетпісқалиев Серік, Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының әдіскері Кереева Ғалия, ҚР мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші, Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Мұқышев Кенжебай енді.

«Қазыналы қария» облыстық байқауының Бас жүлдесіне Степногорск қаласынан Аубай Дуримхан ие болды.

Сондай ақ қазылар алқасының шешімімен номинациялар бойынша үздіктер анықталды:

«Батагөй қария» - Жақсыбай Ахметов, Сандықтау ауданы;

«Данагөй қария» - Маралтай Ерденов, Зеренді ауданы;

«Өнерлі қария» - Әлібек Тасболатов, Аршалы ауданы;

«Тағылымды қария» - Сейдали Султанов, Степногорск қаласы;

«Шежірелі қария» - Амангельды Алиякбаров, Егіндікөл ауданы;

«Өнегелі қария» - Алтынбай Джандарбеков, Бурабай ауданы;

«Шебер қария» - Ғалил Жанибеков, Біржан сал ауданы;

«Асыл әже» - Бакытжан Дусатова, Көкшетау қаласы;

«Қадірлі қария» - Егінбай Оспанов, Астрахан ауданы.

          Байқау жеңімпазы мен қатысушылар ұйымдастыру комитетінің дипломы және ақшалай сертификаттарымен марапатталды.

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/959901?lang=kk