Әлем
Қазақстан мен Оман бизнес қауымдастықтарының өзара қызығушылығы Оман Сұлтандығының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасымен кездесу барысында талқыланды 12.07.2026
Масқат, 2026 жылғы 24 маусымда - Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі А.Тұматов Оман Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы шейх Файсал бен Абдалла Әл-Рауаспен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ең келешегі зор бағыттарды, сондай-ақ екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға бағытталған бірлескен практикалық қадамдарды талқылады.Оман тарапы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіптік тауарларына қызығушылық танытып, жергілікті нарықтың қажеттіліктерімен танысу үшін қазақстандық кәсіпкерлер делегацияларын Масқат қаласында қабылдауға дайын екенін хабарлады.Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі ретінде Қазақстан-Оман Іскерлік Кеңесін құру мәселесі қарастырылды. Тараптардың пікірінше, бұл бастама екі елдің іскерлік топтары арасындағы ынтымақтастықты едәуір жандандырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1249158?lang=ru
Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді 12.07.2026
Алматы облысында халықтың ұлттық рухын оятып, дархан даланы думанға бөлеген «Қымызмұрындық – 2026» фестивалі өз мәресіне жетті. Биыл бұл мерекеге еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шет елдерден 35 мыңға жуық қонақ келді. Фестивальде ұлттық спорт түрлерінен түрлі сайыстар өтіп, мереке қорытындысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар марапатталды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мереке барысында Мыңжылқының төсін дүбірлеткен мың жылқының көрінісі жиналған көпшіліктің назарын өзіне ерекше аударды. Жер тарпыған жылқылар дүбірін естігенде, елең етпеген ел қалмады. Дүйім жұрттың жігер, намысын жанып өткен бәйгенің де орны ерекше болды. Биыл бұл жарыста екі жүзге жуық таңдаулы шабандоз бақ сынады. Жарыс бағдарламасы үш кезеңнен тұрды. Ең жас қатысушылар тоғыз шақырымдық құнан бәйгеде сынға түсті. Тәжірибелі жүйріктер жиырма шақырымға созылған топ бәйгеде бақ сынады. Сондай-ақ 32 шақырымдық аламан бәйгеде шабандоздар нағыз шеберлік пен төзімділіктің үлгісін көрсетті.Жүлде қоры да қомақты болды. Аламан бәйгенің жеңімпазы Jetour X70 FL Prestige автокөлігінің иегері атанды. Екінші орынға – 2,5 миллион теңге, үшінші орынға 1 миллион теңге берілді.«Түйе палуан» жарысы да жанкүйерлер назарындағы басты бәсекелердің біріне айналды. Білекті балуандар күш сынасқан сайыстың жеңімпаздары да жүлделі сыйлықтардан қалыс қалған жоқ.«Қошқар көтеру» жарысын да көпшілік қызыға тамашалады. Сырттай қарағанда қарапайым көрінгенімен, бұл сайыс зор күш-қуатты, төзімділікті, қолдың қарымын және дұрыс әдіс-тәсілді талап етеді. Дәстүр бойынша қошқарды ең көп көтерген спортшы оны өз жүлдесі ретінде алды.«Алыптар сайысында» қатысушылар найза лақтыру, темір шыбық ию, ауыр тасты көтеріп жүру, 100 келі бөренемен жаттығу жасау және 500 келі арбаны сүйреу секілді қиын акробатикалық тәсілдерді көрсетті. Сайыс жеңімпазы 1,5 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленсе, өзге жүлдегерлерге де қомақты ақшалай сыйақылар табысталды.Негізгі жарыстардан бөлек фестивальде қол күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ, шахмат, қой қырқу және көшпелі өмірдің ажырамас бөлігіне айналған өзге де ұлттық сайыстар өткізілді.Қарқара жайлауында ұйымдастырылған бұл мереке ұлттық спорттың мерейін үстем етіп, қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптеген маңызды мәдени шара ретінде есте қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1249126?lang=ru
Тазалық пен тәртіп: Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды 12.07.2026
Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» этнофестивалі мәресіне жетіп, шарадан кейін «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қарқара жайлауында тазарту жұмыстары жүргізілуде. Алдағы күндері де бұл жұмыстар жалғасатын болады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Коммуналдық қызмет мамандары мен еріктілер қоқыстарды жедел жинап, алаңды ретке келтіруде. Соның нәтижесінде аумақтың тазалығы сақталып, қоршаған ортаны қорғау талаптары қамтамасыз етілді. Тұрмыстық қалдықтар мен пластик бөтелкелер арнайы техникамен шығарылып жатыр.Бұл ауқымды мәдени жобаларды табиғатқа жанашырлықпен қарап, экологиялық жауапкершілікті сақтаумен ұштастыруға болатынын көрсетті. Осылайша, «Қымызмұрындық – 2026» фестивалі көпшілікке жарқын әсер мен ұмытылмас естеліктер ғана сыйлап қойған жоқ. Сонымен қатар ұлттық мұраны құрметтеу табиғатқа қамқорлықтан басталатынын айқын көрсетті. «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығына көпшіліктің тағы бір мәрте көзін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1249128?lang=ru
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті 12.07.2026
Алматы облысында «Қымызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық шарасы өтті. Салтанатты шарада ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Ал Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев дүбірлі думанның маңызына тоқталып, қонақтарға ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ меймандар «Қымызмұрындық» аясында ұйымдастырылған көрмені аралап көріп, ұлттық ойыннан сынға түскен спортшылардың өнерін тамашалады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізе отырып, Президентіміздің ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ата дәстүрімізді дәріптеуге арналған осындай тағылымды іс-шараларға ерекше мән беретінін айтты. Сонымен қатар Кеген ауданында өтіп жатқан «Қымызмұрындық» мерекесі ұрпақтар сабақтастығын нығайта түсетініне сенім білдірді.«Қазақ даласындағы әр салт-дәстүрдің өзіндік тәрбиелік мән-маңызы, ұлттың ерекшелігін айқындап тұратын өзіндік биік бағасы бар. Аманат болып жеткен осы құндылықтарды сақтап, оларды заман талабына сай жаңғыртып, насихаттау – Президентіміз айтқандай – баршамызға ортақ міндет.Бүгінде біз бабалар аманатына адал бола отырып, ұлттық мұрамызды заман талабына сай дамытып келеміз. Қымыз өндірісінде жаңа технологиялар енгізіліп, өнімді сақтау, өңдеу және нарыққа шығару мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Бұл – дәстүр мен жаңашылдықтың өзара сабақтастығының нақты көрінісі. Хантәңірінің көрікті етегі, Қарқараның тамашасы мен Мыңжылқының сұлу келбеті кімді де болса тамсандырмай қоймайтыны анық. Қымызмұрындық сияқты тағылымы мол мерекелер халқымыздың рухын асқақтатып, елдік сананы нығайтып, Қазақстанның мәдени келбетін әлемге таныта береді деп сенемін», – деді Мәлік Нұржанұлы.Аймақ басшысы өз сөзінде халықтың қолдауымен қолға алынған игі бастамалардың ғұмыры қашанда ұзақ болатынын айтты.«Кеген ауданының ғана емес, тұтас Алматы облысының рухани-мəдени келбетін айшықтайтын, өңірдің туристік тартымдылығына оң əсер ететін Қымызмұрындық фестивалі биыл республикалық маңызы бар мəдени іс-шаралар күнтізбесіне енді.Қарқара – қазақ тарихындағы қастерлі мекендердің бірі. Осындай қасиетті өлкеде Қымызмұрындықтың дəстүрге айналуы да заңдылық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тарихты жаңаша зерделеуге ерекше мəн беріп келеді. Жақында өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі» атты халықаралық симпозиумда Президентіміз: «Біз – мемлекет ісінде «Мəңгілік Ел» идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз», – деп атап өтті.Расында, заң мен тəртіпке негізделген басқару мəдениеті, əділдік пен жауапкершілік қағидалары бүгінгі Тəуелсіз Қазақстанның құндылықтарымен сабақтасып, жаңа Конституциямызда өзінің заманауи жалғасын тауып отыр», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ Алматы облысы бүгінде табиғи байлығы мен тарихи мұрасын ұштастыра отырып, туризмді дамытудың жаңа кезеңіне қадам басқанын жеткізді. Аймақ басшысының айтуынша, өткен жылы өңірімізге 2,5 миллионнан астам турист келген. Бұл Алматы облысының табиғи əлеуеті мен тарихи-мəдени мұрасына деген қызығушылықтың тұрақты артып келе жатқанын көрсетеді. Көлсай мен Қайыңды көлдері, Шарын шатқалы, Хантəңірі баурайы, Қарқара жайлауы – Алматы облысының ғана емес, Қазақстанның халықаралық деңгейде танылған туристік орындарына айналған.«Біздің мақсат – туристер санын көбейту ғана емес, олардың туған жеріміздің табиғатын, тарихын жəне мəдениетін терең танып қайтуына жағдай жасау. Сондықтан біз экотуризмді дамытуға ерекше басымдық беріп келеміз. Табиғатты сақтау мен туризмді дамыту – бір-бірімен ұштасқан егіз ұғым. Бұл бағыт Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасымен толық үндеседі», – деді Марат Елеусізұлы.Айта кетейік, «Қымызмұрындық» мерекесі Қарқара жайлауында биыл 5-рет өтті және қазақтың көреген абызы Əлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған орай абыз баба рухына Құран бағышталып, ас берілді. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен республикалық жарыстар ұйымдастырылып, спортшылардың шымырлығы мен төзімділігі сынға түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1249118?lang=ru
Қазақстанның Сыртқы істер министрі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады 12.07.2026
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев медиа қауымдастығы өкілдеріне жоғары кәсібилігі мен еліміздің сыртқы саяси бағытын ақпараттық сүйемелдеуге қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.Министр бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі арқылы халықаралық қоғамдастықта Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан, бейбітсүйгіш әрі беделді мемлекет ретіндегі оң бейнесі қалыптасып келе жатқанын атап өтті.«Журналистика – үлкен жауапкершілік. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамды ақпараттандыруда, қоғамдық пікірді қалыптастыруда, халықаралық бастамаларды, Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ шетелдегі отандастарымызға қатысты мәселелерді жария етуде маңызды рөл атқарады», – деді Е.Көшербаев.Іс-шараның құрметті қонағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов болды.Салтанатты іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін ақпараттық сүйемелдеуге және еліміздің сыртқы саясатын насихаттауға елеулі үлес қосқан қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатар өкілдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Алғыс хаттарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1249107?lang=ru
Целиноград ауданының Раздольное ауылы өңірде алғаш болып талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылды 12.07.2026
Жоғары жылдамдықты интернет ауыл тұрғындары үшін барған сайын қолжетімді бола түсуде. Бұл цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, білім беру сапасын арттыруға және халықты заманауи телекоммуникациялық қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.Целиноград ауданының Нұресіл ауылдық округіне қарасты Раздольное ауылы өңірдегі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстары толық аяқталған алғашқы елді мекен атанды. Ауылда 322 тұрғын тұрады, 80 аула бар.Бүгінде ауылда бір білім беру нысаны жұмыс істейді. Бұған дейін мектеп жоғары жылдамдықты Starlink спутниктік интернетіне қосылған болса, енді ұлттық жоба аясында білім беру мекемесіне талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, пайдалануға берілді.Талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жобасы Инвестициялар туралы келісімнің арқасында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Қазақтелеком» АҚ арасындағы 2026–2027 жылдарға арналған инвестициялық келісімге сәйкес, 258 ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы қосылады. Сонымен қатар, 23 ауылдық елді мекен спутниктік технологиялар арқылы интернетпен қамтылады.Жоба аясындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып, 2027 жылға дейін Ақмола облысының өзге де ауылдық елді мекендерін қамтитын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1249090?lang=ru
Қазақстандық бітімгерлер Сирияның Хан-Арнаба қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті 12.07.2026
Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштері (UNDOF) құрамында қызмет атқарып жүрген қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ миссиясының далалық госпиталінің медицина қызметкерлерімен және Сирия Араб Республикасының денсаулық сақтау саласының мамандарымен бірлесіп гуманитарлық медициналық акция өткізді.Акция аясында дәрігерлер Эль-Кунейтра провинциясындағы Хан-Арнаба қаласының тұрғындарын амбулаториялық қабылдаудан өткізді. Медициналық тексеру нәтижесінде тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, одан әрі ем қабылдау бойынша ұсынымдар берілді. Әсіресе балаларға, егде жастағы адамдарға және тұрақты медициналық бақылау мен сүйемелдеуді қажет ететін азаматтарға ерекше көңіл бөлінді.Қазақстандық бітімгерлердің, БҰҰ миссиясының далалық госпиталі медицина қызметкерлерінің және сириялық мамандардың бірлескен жұмысының нәтижесінде тұрғындар уақытылы әрі білікті медициналық көмек алды. Хан-Арнаба қаласының тұрғындары қазақстандық бітімгерлер мен медицина қызметкерлеріне кәсібилігі, қамқорлығы және жанашырлығы үшін алғыс білдірді.Мұндай гуманитарлық іс-шаралар бітімгерлер мен жергілікті халық арасындағы өзара байланысты нығайтып, БҰҰ миссиясының қызметіне деген сенімді арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1249091?lang=ru
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы іскерлік әріптестікті тереңдетуге ниетті 12.07.2026
Сеул, 2026 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея халықаралық сауда қауымдастығының (KITA) төрағасы Юн Чжин Шикпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар қазақ-корей сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.Бизнес өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға, Қазақстан экономикасына корей инвестицияларын тартуға, өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.Тараптар алдағы алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» Саммиті аясында экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Тараптар бірлескен бастамаларды ілгерілетуде және Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін ашуға іскер топтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея мүддесі үшін әріптестікті одан әрі нығайтуға, іскерлік байланыстарды дамытуға және жаңа бірлескен бастамаларды ілгерілетуге мүдделілігі расталды.1946 жылы құрылған Корея халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) Корея Республикасындағы ең ірі бизнес-қауымдастық болып табылады. Қауымдастық 77 мыңнан астам мүше компанияны біріктіреді және халықаралық сауданы дамытуда, корей бизнесін шетелдік нарықтарда қолдауда, сондай-ақ халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1249077?lang=ru
Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда: 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге 12.07.2026
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 маусымына 27,67 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге (немесе 18,6%).Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігін көлемі 25,81 трлн теңгеге жеткен міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған қаражат құрайды. 12 айда олар 3,93 трлн теңгеге (немесе 18,0%) өсті.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 13,3%-ға ұлғайып, 754,69 млрд теңгеге жетті. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 маусымға оның көлемі 10,13 млрд теңге болып, 12 айда 19,8% өсім көрсетті.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 маусымына 1097,48 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 5 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 487,96 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,4%-ға (немесе 186,95 млрд теңгеге) артық. МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 маусымға дейін 1 143,82 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 6,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 63,14 млрд теңге (өсім – 10,3%), ЕЗЖ – 815,51 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 280,19 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.06.2026ж. жағдай бойынша 834,86 млрд теңгені құрады.Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 693,53 млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 115,37 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 890 теңге. 2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 307,75 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 47,55 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 17,54 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,48 млрд теңге, жерлеуге – 3,93 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 199,91 млрд теңге аударылды.ЖЗШ саны2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,68 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,09 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 маусымында 12,78 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,34 млн - МЗЖ бойынша, 781,88 мыңы - МКЗЖ бойынша, 460,21 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,34 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,90 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1255657?lang=ru
Қазақстан мен Беларусь азаматтық қорғау кадрларын даярлау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруда 12.07.2026
Минск, 2026 жылғы 26 маусым - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь ТЖМ Азаматтық қорғау университеті мамандарының 32-ші шығарылымына арналған салтанатты іс-шарасына қатысты.Жас лейтенанттарды Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Вадим Синявский жоғары оқу орнын бітіруімен құттықтады. Ол түлектердің жетістіктерімен мақтанатынын және ертең олар елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынына сенімін.Т.Жақсылықов өзінің құттықтау сөзінде барлық түлектерді диплом алуымен құттықтап, Қазақстан мен Беларусь көптеген жылдар бойы ТЖ саласында кадрлар даярлау саласында табысты ынтымақтасып келе жатқанын атап өтті.Қазақстан Елшісі Университет түлектеріне салтанатты түрде дипломдар табыстап, оларға қызметте табыс тіледі.Биылғы жылы түлектер арасында толық даярлық циклынан өткен және бірінші офицерлік атағын алған алты қазақстандық – лейтенант, сондай-ақ Қазақстаннан жеті магистранты бар, олардың екеуі үздік диплом алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1249070?lang=ru
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. 12.07.2026
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.Облыс тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі инватакси қызметтерін көрсету бағыттарына, мүгедектігі бар адамдар сатып алатын тауарлардың сапасы бойынша "Әлеумет" әлеуметтік қызметтер порталына, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ өндірістік жарақаттану мәселелеріне қатысты болды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, оларды шешу бағытында жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.Сонымен қатар, «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитация және оңалту орталығы, «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ, «WORLD GREEN COMPANY» ЖШС жылыжай кешені, «Стекло-Сервис» ЖШС және «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС жұмыс барысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social/press/news/details/1249053?lang=ru
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Әзербайжан Республикасының Елшісін қабылдады 12.07.2026
Астана, 2026 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Агалар Атамоглановты орай қабылдады.Сыртқы саяси ведомствоның басшысы әзербайжандық дипломатқа екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған нәтижелі қызметі үшін алғысын білдірді. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өткен Ермек Көшербаев өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды.«Сіздің дипломатиялық қызметіңіз кезеңінде Әзербайжан Республикасын лайықты түрде танытып, елдеріміз арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қостыңыз. Сіз қазақ-әзербайжан қатынастарының сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілуінің тікелей қатысушысы болдыңыз», – деді Министр.Өз кезегінде Елші А.Атамогланов дипломатиялық миссиясы барысында көрсетілген жан-жақты қолдау үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді.Кездесу соңында Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Елші А.Атамоглановқа Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы тату көршілік қатынастар мен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға, қосқан үлесі үшін II-ші дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1249041?lang=ru
Жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды 12.07.2026
Құрметті салық төлеушілер! ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан 2026 жылғы 27 маусым сағат 21:00-ден 28 маусым сағат 05:00-ге дейін жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген кезеңдерде «ЗТ МДБ (Заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы)», «ЭҮШ (Электрондық үкімет шлюзі)», «ЭҮТШ (Электрондық үкіметтің төлем шлюзі)», «DID (Digital ID)» жүйелерінің мерзімді түрде қолжетімсіз болуы байқалады, осыған байланысты «КГД» ақпараттық жүйесінің сервистері де қолжетімсіз болуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1249016?lang=ru
Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды 12.07.2026
Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.Инвестициялық жобаларды іске асыру және кәсіпкерлік қызметті жүргізу барысында туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында «Сарыарқа» ауданы прокурорының міндетін атқарушымен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен, инвесторлармен және кәсіпкерлермен кездесу өтті.Кездесу барысында Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының Инвестициялар тарту және сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Жолдасбек Жүсіп инвесторлардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.Кәсіпкерлер мен инвесторлар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер мен әкімшілік кедергілерді ортаға салды. Өз кезегінде мемлекеттік органдар мен прокуратура өкілдері көтерілген мәселелерге қатысты тиісті түсіндірмелер беріп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынды. Барлық көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды. Әрбір өтініш бойынша нақты шешімдер әзірлеу және анықталған әкімшілік кедергілерді жою мақсатында тиісті жұмыстар жалғасатын болады. https://www.instagram.com/p/DZ9JsNSIP2_/?hl=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1249001?lang=ru
Астанада She Impact Kazakhstan жобасы аясында әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған оқыту өтті 12.07.2026
Астанада «She Impact Kazakhstan» жобасы аясында заманауи технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін, зияткерлік меншік құралдарын және инклюзивті тәсілдерді пайдалану арқылы әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған оқыту іс-шарасы өтті. Іс-шараның спикері ретінде «Білім беру және жұмыспен қамту» салалық кеңесі жанындағы «Инклюзия» кіші комитетінің төрайымы Елена Куликова» сөз сөйледі.Ол қатысушыларға әлеуметтік кәсіпкерлікті бастау жолдары, кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат беріп, әлеуметтік әсері жоғары бизнес-модельдерді табысты жүзеге асырып жүрген қазақстандық жобаларды таныстырды.Бағдарламаның жекелеген бөлімдері креативті экономика мен әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналды. Қатысушылар шығармашылық қабілеттерді табыс көзіне айналдыру, цифрлық бағыттарды дамыту, онлайн-сауданы ұйымдастыру, жеке брендті ілгерілету және кәсіпкерлікті жүргізудің заманауи тәсілдері туралы мағлұмат алды.Оқыту барысында инклюзивті кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, инклюзивті бизнес-модельдерді енгізу, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын экономикалық қызметке тарту және инклюзивті жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктері талқыланды.Сонымен қатар қатысушылар кәсіпкерлікте жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолданудың мүмкіндіктерімен танысты. Олар маркетинг пен сатуға арналған AI-құралдарын, бизнес-процестерді автоматтандыру шешімдерін және шағын және орта бизнестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық сервистерді пайдалану бойынша тәжірибелік ақпарат алды. Оқыту барысында әйел кәсіпкерлер пікірталасқа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ өз бизнес-жобаларын дамытуға бағытталған тәжірибелік ұсыныстар мен пайдалы кеңестерге ие болды. https://www.instagram.com/p/DaAkdByIV2C/?hl=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1249003?lang=ru
Астанада INVEST CARAVAN жобасы аясында жұмыс кездесуі өтті 12.07.2026
INVEST CARAVAN жобасы аясында Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы және палата өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.Іс-шараға «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары, жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, инвесторлар және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.Кездесу барысында аудан аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер қаралды. Қатысушылар әкімшілік рәсімдерден өтуге байланысты проблемалық мәселелерді, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін өзге де мәселелерді талқылады.Ашық диалог барысында бизнес өкілдері қосымша пысықтауды қажет ететін бірқатар мәселелерді көтерді. Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бөлімінің басшысы Нұржан Тохмет уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, келіп түскен өтініштер бойынша қажетті түсіндірмелер беріп, оларды жедел шешу мақсатында алдағы өзара іс-қимыл тетіктерін айқындады.Кездесу қорытындысы бойынша Астана қаласында бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасауға және инвестициялық бастамаларды іске асыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. https://www.instagram.com/p/DaBGjPNsqvR/?hl=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1249005?lang=ru
Қазақстан мен Словакия өңіраралық ынтымақтастығы жаңа мүмкіндерге жол ашуда 12.07.2026
23-24 маусым күндері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов бастаған Қарағанды облысының делегациясы Словак Республикасына жұмыс сапарымен барды.Сапардың басты мақсаты – Қарағанды облысы мен Банска-Быстрица өзін-өзі басқаратын өлкесі арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ экономика, инвестиция, технологиялар трансфері және инновациялар салаларындағы серіктестікті нығайту болды.Сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Банска-Быстрица өзін-өзі басқаратын өлкесінің төрағасы Ондрей Люнтермен және Словак Республикасы Президенті Кеңсесінің өңірлік бөлімшесінің басшысы Михал Фричпен кездесті. Кездесулер барысында тараптар өнеркәсіп, кәсіпкерлік, білім беру, жастар алмасуы және туризм салаларындағы әріптестікті қамтитын өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады.Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков Матей Бел университетінде, Зволен техникалық университетінде және Словакия мемлекеттік ғылыми кітапханасында болып, ғылыми-зерттеу бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейту, сондай-ақ халықаралық білім беру және мәдени бағдарламаларға бірлесіп қатысу мүмкіндіктерін талқылады.Сапар аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі – Қарағанды облысы мен Банска-Быстрица өлкесінің іскер топтарының қатысуымен өткен Қазақстан –Словакия бизнес-форумы болды. Форумда О.Люнтер, М.Фрич және Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова сөз сөйледі.Олар өз сөздерінде Қарағанды облысы мен Банска-Быстрица өлкесі арасындағы өңіраралық әріптестікті дамытудың маңызын атап өтіп, екі өңір экономикасының өзара толықтырушы сипаты мен салалық ынтымақтастықты кеңейтуге мол мүмкіндік бар екенін айтты.Форум барысында екі өңірдің экономикалық және инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Іс-шара аясында B2B және B2G форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, олардың барысында Қазақстан мен Словакияның 30-дан астам компаниясының басшылары екіжақты кооперацияны дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру, технологиялар алмасу және жаңа нарықтарға шығу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.Сапар қорытындысы бойынша өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған үш құжатқа қол қойылды.Қарағанды облысы мен Банска-Быстрица өзін-өзі басқаратын өлкесі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға негіз қалады.Сондай-ақ Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Банска-Быстрица өлкесінің Кәсіпкерлер палатасы іскерлік белсенділікті қолдау және екі өңірдің кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды кеңейту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті мен Матей Бела университеті арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім академиялық байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.Сапардың екінші күні делегация Банска-Быстрица өлкесінің бірқатар жетекші кәсіпорындарында болып, Словакияда өнеркәсіп, көлік және энергетика салаларында қолданылатын заманауи технологиялармен және инновациялық шешімдермен танысты.Аталған сапар Қазақстан мен Словакия арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға және өңіраралық байланыстарды кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1248986?lang=ru
Көмір химиясы мен АӨК-тегі жаңа жобаларға инвестиция: Серік Жұманғарин Қытайдың ірі корпорацияларымен келіссөз жүргізді 12.07.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қытайдың жетекші өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік холдингтерінің топ-менеджментімен бірқатар маңызды кездесу өткізді. Қазақстан экономикасына ауқымды инвестиция тартуға арналған келіссөздер Үрімші қаласындағы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдігінің алаңында өтті.Кездесудің негізгі бір түйіні – Қытайдың көмір өндіру, көмір химиясы және жаңа материалдар өндіру саласындағы ірі өнеркәсіптік холдингінің бірі China Рingmei Shenma Holding Group Co., Ltd. басшылығымен жасалған келіссөздер. Қытайлық компания Қазақстанда инвестиция көлемі $1,5 млрд-қа дейінгі заманауи көмір-химия кешенін салу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда. Жоба қосылған құны жоғары өнім шығарып, көмірді терең өңдеудің толық циклін құруды көздейді. Кездесуде China Рingmei Shenma Holding Group өкілдері Қазақстанда толық циклді заманауи интеграцияланған көмір-химия кешенін құру ниеті бар екенін мәлімдеді. Олар біздің республиканы Орталық Азиядағы негізгі топтың инвестициялық алаңы ретінде қарастыруда. Серік Жұманғарин бұл бастаманы қолдап, Қытай тарапын Қазақстанға шақырды.«Біз көмір химиясы саласындағы жобаларды қызу қолдаймыз. Жобаны сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингімен және Қазақстанның даму банкімен бірлесіп, қаржыландыру тетігін пысықтауға дайынбыз. Абай облысы да ынтымақтастық үшін ашық және жобаны жүзеге асыру үшін алаң ұсынуға дайын», — деп атап өтті Қазақстан вице-премьері.Келіссөздердің нәтижесінде China Рingmei Shenma Holding Group және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Қазақстанның көмір ресурстарын игеру және көмір химия өнеркәсібін дамыту саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Тағы бір стратегиялық әріптес – биотехнология, мал шаруашылығы, ветеринарлық вакцина өндірісі, жем-шөп және ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеу саласында құзыреті мол Қытайдың Xinjiang Zhongxinjian Animal Husbandry Co. Ltd. өнеркәсіптік тобы. Тараптар ветеринарлық препарат өндірудің заманауи технологиясын Қазақстанға беру, ветеринария, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласында кешенді шешім енгізу мүмкіндігін талқылады. Қазіргі заманғы агротехнологияға, суару жүйелеріне және жоғары ақуызды жүгеріні өсіруге ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, қытайлық компания «Қорғас» АЭА аумағында жүзеге асырылатын мал азығы жүгерісін өсіріп, жылына 1 млн тонна жүгеріні терең өңдейтін өнеркәсіптік парк салу жобасын ұсынды. Қытайлық әріптестер «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-мен ынтымақтастықтың арқасында нарықты егжей-тегжейлі зерттей алғанын атап өтті.Келіссөздер барысында Серік Жұманғарин компанияға Абай облысын агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың базалық алаңы ретінде қарастыруды ұсынды.Қазақстан вице-премьері Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы соңғы ветеринарлық шектеуді алып тастағаннан кейін Қазақстан мал шаруашылығы өнімін әлемдік нарыққа экспорттауға қосымша мүмкіндік алғанын атап өтті. Осыған байланысты қазақстандық тарап ҚХР стандарттары бойынша жұмыс істейтін мамандандырылған зертхана құруды, экспорт үшін нормативтік базаны жетілдіруді және шекара маңындағы логистикалық инфрақұрылымды дамытуды көздейтін кешенді ынтымақтастық моделін ұсынды.«Бүгінде Қазақстан тірі малды экспорттауға емес, терең өңделген дайын өнімді жеткізуге мүдделі. Сапаны бақылау мен заманауи логистика инфрақұрылымын құру қытай нарығына қайта өңделген өнім экспортын едәуір арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Кездесу соңында тараптар жобаларды егжей-тегжейлі пысықтауды жалғастырып, ынтымақтастықтың жол карталарын дайындауға және инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруға көшу үшін мамандардың өзара сапарын ұйымдастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1248988?lang=ru
Қазақстан мен Испания ядролық қауіпсіздік саласындағы әріптестікті нығайтуда 12.07.2026
Мадрид, 2026 жылғы 25 маусым – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің төрағасы Хуан Карлос Лентихомен кездесу өткізді.Қазақ дипломаты сұхбаттасын еліміздің ұлттық атом саласын дамытуға қатысты ұстанымдарымен таныстырып, алғашқы атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өткен республикалық референдумның қорытындылары туралы хабардар етті.Атом энергетикасын дамыту Қазақстанның ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі, сондай-ақ ғылыми-технологиялық дамуды ілгерілетудің, жоғары білікті кадрлар даярлаудың және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудың маңызды факторы ретінде қарастырылатыны атап өтілді.Д. Мұсаев Қазақстанның ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану қағидаттарына бұлжымас бейілділігін де атап өтті. Осы тұрғыда тараптар Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) аясындағы өзара іс-қимылдың келешегі мен тиісті халықаралық күн тәртібін ілгерілету жөніндегі күш-жігерді үйлестіру мәселелерін талқылады.Сұхбаттасушылар атом саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап өтіп, Қазақстан мен Испанияның бейінді мекемелері арасындағы практикалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды пысықтауға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1248977?lang=ru
26.06.2026: Абай облысында жылдың ең әдемі күндерінің бірінде 150-ге жуық жұп неке қиды 12.07.2026
2026 жылғы 26 маусым Абай облысының тұрғындары үшін ерекше күн болды. Сандардың ерекше үйлесімі көптеген ғашық жандардың назарын аударып, дәл осы күні өз тағдырларын ресми түрде қосуды жөн көрді. Нәтижесінде өңірдің АХАТ бөлімдерінде 150-ге жуық неке тіркелді.Әдемі күндер дәстүрлі түрде жас жұбайлар арасында үлкен сұранысқа ие. Көптеген жұптар мұндай күндерді алдын ала таңдап, оны отбасылық өмірдің бақытты басталуының және ұзақ жылдар бойы есте сақталатын маңызды күннің белгісі деп есептейді.Тіркелген некелер саны бойынша Семей қаласы көш бастады. Дәл осы күні – 26.06.2026 – ең көп жаңа отбасы Семей қаласында құрылды. Бұл облыс орталығында салтанатты неке қию рәсімдеріне деген сұраныстың дәстүрлі түрде жоғары екенін көрсетеді. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында бұл күн мерекелік көңіл күйде өтіп, жас жұбайлардың қуанышты жүздерімен, туған-туыстары мен жақындарының құттықтауларымен және шынайы эмоцияларымен ерекшеленді.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының директоры Жібек Жадринаның айтуынша, мұндай ерекше күндер әрдайым АХАТ күнтізбесіндегі ең сұранысқа ие күндердің бірі болып табылады.«Отбасын құру – әр адамның өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Көптеген жас жұбайлардың бұл күнді одан әрі ерекше етуге ұмтылып, әдемі әрі мәні зор күндерді таңдайтынын көру өте қуантады. Бүгін Абай облысында 150-ге жуық неке тіркелді және әрбір санның артында махаббатқа, үмітке және бақытты болашаққа толы өзіндік ерекше оқиға жатыр. Барлық жас отбасыларды осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға өзара сүйіспеншілік, сыйластық, бақ-береке және ұзақ жылдар бойы бақытты ғұмыр кешуді тілейміз», – дейді Жібек Жадрина.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы барлық жас жұбайларды өмірлерінің жаңа кезеңінің басталуымен құттықтайды. 26.06.2026 күні олардың жүрегінде әрдайым жарқын естелік болып сақталсын, ал бүгін құрылған отбасылар берік, бақытты болып, жылулыққа, өзара түсіністікке және махаббатқа толы болсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1248937?lang=ru