Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан мен Кения: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері. Президент Уильям Рутомен эксклюзивті сұхбат 22.05.2026
Қазақстан мен Кения: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері. Президент Уильям Рутомен эксклюзивті сұхбат«24KZ» телеарнасы Кения Президенті Уильям Рутоның Қазақстанға жасаған тарихи, тұңғыш мемлекеттік сапары аясындағы эксклюзивті сұхбатын ұсынады.Кения басшысы жоғары деңгейдегі келіссөздердің басты нәтижелеріне тоқталып, тау-кен өнеркәсібі, қаржы, көлік және логистика салаларында қол қойылған маңызды меморандумдар туралы айтты.Сұхбат барысында Астана мен Найроби арасында тікелей әуе қатынасын орнату, ауыл шаруашылығы мен климаттық күн тәртібіндегі бірлескен жобалар, сондай-ақ Кенияның IT-инновациялық («Африканың кремний саваннасы») әлеуеті талқыланды. Сонымен қатар, Президент Руто өзара тиімді серіктестікті нығайту мақсатында жақын арада Астанада Кенияның Бас консулдығын, кейіннен толыққанды Елшілігін ашу жоспарымен бөлісті.  https://www.youtube.com/watch?v=k8CsLWYk4oYАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1226197?lang=ru
✍️2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді 22.05.2026
🔵Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді.⚡️ 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.⚡️ 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.🔵Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17–18 маусым аралығында өтеді.🔵Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1226199?lang=ru
Пікірсайыс турнирі 22.05.2026
21 мая 2026 года на базе КГКП "Детско-юношеский центр "Жастар" прошёл дебатный турнир, направленный на формирование антинаркотической культуры среди молодёжи. В котором приняли учащиеся 8-11 классов Осакаровского района. Всего на турнире приняли участие 7 команд в русской лиге и 2 команды в казахской лиге. Итоги турнира: * Школы №7, им.К.Сатпаева, им.Абая, им.А.Бокейхана получили сертификаты за участие.* III место заняла команда КГУ "Общеобразовательная школа №3", в составе учащихся: Пшеничниковой Софии, Кореновской Миланы;* II место заняла команда КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) на базе гимназии №9", в составе учащихся: Доминовой Камилы, Малыгиной Елизаветы;* I место заняла команда КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) №12", в составе учащихся: Смирнова Павла, Решетниковой Варвары.Всех участников поздравляем и желаем дальнейших побед!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1226217?lang=ru
Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты 22.05.2026
✔️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді.➤ Мемлекет басшысына 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта, соның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация көрсетілді.➤ Көрмедегі негізгі жәдігерлердің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» атты қолжазба.➤ Сонымен қатар Каталон атласы, жазба деректер, теңгелер және тұрмыстық бұйымдар бар. Жазба мұралар арасында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат пен 21 қолжазба түпнұсқа және электронды форматта ұсынылған.▪️Көрменің мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту.https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-altyn-orda-murasyna-arnalgan-takyryptyk-kormemen-tanysty-194629 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1226161?lang=ru
Атырауда қызметтік ит түрмеге тыйым салынған затты өткізуге жол бермеді 22.05.2026
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері №15 Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекетін тоқтатты.Оқиға көлік бақылау-өткізу пунктінде  "Газель" маркалы автокөлігін тексеру кезінде болған. Тексеру барысында ұландықтар "Шах" атты қызметтік-іздестіру итін қолданады.Қызметтік ит көлік құралының салонында тыйым салынған заттардың болуы мүмкін екенін білдіретін белгі бергендіктен, бақылаушылар жіті тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижесінде салон қалташасынан ішінде спецификалық иісі бар өсімдік тектес зат салынған  пластикалық банка табылған.Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында тыйым салынған заттарды режимдік объектіге өткізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды.Осы факт бойынша тексеру жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы және құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдар анықталатын болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1226095?lang=ru
Акцизделетін тауарларды экспорттауды растау 22.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды. Акцизделетін тауарларды экспорттауды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:- экспортталатын акцизделетін тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);- акцизделетін тауарларды экспорттың кедендік рəсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларация немесе кеден органы куəландырған оның көшірмесі.Акцизделетін тауарлар экспорттың кедендік рəсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесімен не толық емес мерзімдік декларациялау рəсімі қолданыла отырып əкетілген жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгісі бар тауарларға толық декларация экспортты растау болады;- ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.Акцизделетін тауарлар экспорттың кедендік рəсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесімен əкетілген жағдайда тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;- салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ашылған Қазақстан Республикасындағы банктік шоттарына акцизделетін тауарларды өткізуден түсетін түсімнің іс жүзінде түскенін растайтын төлем құжаттары мен банктің үзінді көшірмесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1227322?lang=ru
Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге әскери атақтар беру тәртібі өзгерді 22.05.2026
19 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.Осы заңды жүзеге асыру мақсатында «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына толықтырулар әзірленді. Бұл өзгерістер оқуын тәмамдаған курсанттарға әскери атақ беру тәртібіне қатысты болып отыр.Қазақстанның және шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанын үздік бітірген түлектерге бұдан былай «аға лейтенант» әскери атағы беріледі. Сонымен қатар, оларға қызмет орнын өз қалауы бойынша таңдау құқығы берілмек.Аталған нормаларды «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкестендіру үшін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлық жобасы дайындалды.Мемлекет басшысы Жарлығының жобасы үздік түлектерге «аға лейтенант» әскери атағын берудің жаңартылған тәртібін заңды түрде бекітеді. Бұл заңнамалық жаңашылдық әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтып, курсанттардың оқуда және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ынтасын арттыра түспек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1225948?lang=ru
Қарулы күштерде инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні атап өтілуде 22.05.2026
21 мамыр – Әуе қорғанысы күштерін инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету мамандарының кәсіби мерекесі. Техниканың жарамдылығы мен елдің әуе шебін қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығы осы сала мамандарының қолында.Қазақстан Қарулы күштерін инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы 1993 жылы басталды. Күрделі жағдайлар мен ресурстардың тапшылығына қарамастан, инженерлік-техникалық құрам авиацияның жауынгерлік қабілетін сақтап, оны одан әрі дамытудың негізі болды.Бүгінгі таңда бұл қызметтің мамандары ұшақтар мен тікұшақтарды сенімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Диагностика жүргізіп, жабдықты баптайды және әуе кемелерін ұшуға дайындайды. Әр ұшудың артында инженерлердің, техниктер мен механиктердің кәсіби, үйлесімді және жауапты жұмысы тұр.Әскери авиация мамандары тәулік бойы елдің әуе кеңістігін күзету бойынша ұшулардың орындалуын және жауынгерлік кезекшіліктің өтуін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, олар авиациялық паркті жаңғыртуға, заманауи технологияларды енгізуге және жас кадрларды оқытуға атсалысады.Осы бейіндегі мамандарды даярлау Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде және шетелдік әскери оқу орындарында жүзеге асырылады.Биыл заманауи қазақ әскерінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету бөлімшелері құрылғанына 33 жыл толуын атап өтуде. Олардың күнделікті еңбегі, жоғары кәсібилігі мен іске деген адалдығы авиацияның жауынгерлік әзірлігін нығайтып, әуе кеңістігінің қауіпсіздігі мен ел аспанының тыныштығын қамтамасыз ететін сенімді тірек болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1224904?lang=ru
Ұлттық ұлан алғаш рет жасанды интеллект қолданылған концерт берді 22.05.2026
Тараз қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының құрама оркестрі алғаш рет музыкалық туындыларға жасанды интеллект элементтері енгізілген концерт өткізді. «Жайна, Таразым!» атты шығармашылық кеш Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды.Концерт әскери дирижерлердің 5513 әскери бөлімінің базасындағы үш күндік оқу-әдістемелік жиыны аясында өтті.Жамбыл облысында өткен іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген Ұлттық ұланның 20 әскери оркестр жетекшілері жиналды.Олар бірнеше күн бойы біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасып, әскери музыканы дамытудағы заманауи үрдістермен танысты.Іс-шараның негізгі жаңалығы – бірқатар музыкалық шығармаларды әзірлеу мен өңдеуде жасанды интеллектті пайдалану.Бұл тәсіл танымал туындылардың дыбысталуын басқа қырынан ашты, сондай-ақ олардың көркемдік құндылығы мен ұлттық нақышын сақтай отырып, жаңаша үн сыйлады.Бағдарламада «Керней», «Жайна, Жамбыл», «Ана туралы жыр» және «Қазақ ұланы» шығармалары орындалды. Әскери оркестрдің кәсіби орындауы мен заманауи технологиялардың үйлесімі туындыларға жаңа реңк беріп, көрермен тарапынан жоғары бағаланды.«Жайна, Таразым!» концерті әскери музыкалық мәдениет пен жаңа технологиялардың өзара үндестігінің жарқын көрінісіне айналды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1224913?lang=ru
2026 жылғы оқу-дала жиындары: ШҚО-да жоғары сынып оқушыларының практикалық даярлығы басталды 22.05.2026
Облыста бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушылары үшін оқу-дала жиындары басталды.Іс-шаралардың негізгі мақсаты - жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық курсы бойынша білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту.Жиын барысында жоғары сынып оқушылары саптық дайындықтан өтеді, әскери тәртіп негіздерін меңгереді, практикалық дағдыларын жетілдіреді және әскери қызмет жағдайларымен танысады.Оқу-дала жиындары 30 оқу сағаты көлемінде ұйымдастырылып, бес күндік сабақ форматында күніне 6 сағаттан өткізіледі.Практикалық іс-шаралар мектеп базаларында, сондай-ақ әскери бөлімдер жанындағы көшпелі шатырлы лагерьлерде жүргізіледі.Биылғы жылы оқу-дала жиындарына облыстың 11 ауданынан және екі қаласынан 2495 оқушы қатысуда.Іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге АӘТД оқытушы-ұйымдастырушылары, әскери бөлімдердің өкілдері, запастағы офицерлер, медицина қызметкерлері, саптық және тактикалық дайындық нұсқаушылары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының мамандары тартылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1224961?lang=ru
«Бірыңғай қызмет алушылардың күні» 22.05.2026
Бүгін Федоров ауданы әкімінің аппаратында кәсіпкерлікке қатысты мәселелер, салық заңнамасындағы өзгерістер, мемлекеттік қолдау шаралары және басқа да өзекті тақырыптар бойынша «Бірыңғай қызмет алушылардың күні» өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1225018?lang=ru
Малайзия Қазақстанның ҰБТ сертификатын бакалавриатқа түсу үшін ресми түрде мойындады 22.05.2026
Малайзияның Жоғары білім министрлігі қазақстандық ҰБТ сертификатын Малайзия университеттерінің бакалавриат бағдарламаларына қабылдау талаптарының қатарына енгізді.Оқу үдерісі ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, талапкерлерден IELTS, TOEFL немесе соларға баламалы халықаралық сертификаттар арқылы ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау талап етіледі. Сонымен қатар, Малайзия университеттері қабылдау талаптары мен ҰБТ бойынша ең төменгі өту балдарын өздері белгілейді. Жоғары оқу орындары ішкі бағалау критерийлері, сұхбаттасу, портфолио немесе дайындық бағдарламалары секілді қосымша талаптар қоюға да құқылы. Осыған байланысты талапкерлерге таңдаған университеті мен білім беру бағдарламасының нақты талаптарын алдын ала мұқият нақтылау ұсынылады, өйткені оқуға қабылдау жөніндегі түпкілікті шешімді университеттің өзі қабылдайды.ҰБТ-ның мойындалуы Қазақстанның академиялық дайындықты бағалау жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін көрсетеді және қазақстандық студенттердің Foundation бағдарламасын өтпей-ақ Малайзия университеттеріне түсу мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1225102?lang=ru
Cыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мәселелері жөніндегі семинар 22.05.2026
2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 20 мамырда «ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті» РММ басшысының орынбасары А.Қ. Баймұқановтың қатысуымен Тексеру комиссияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша семинар өтті.Семинар барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында баяндама тыңдалды, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптары түсіндірілді.Сонымен қатар «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіруге арналды.Семинар қорытындысы бойынша А.Қ.Баймуканов қойылған сұрақтарға жауаптар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomsko/press/news/details/1225114?lang=ru
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістік алқабына айналуда 22.05.2026
Алматы облысының Ұйғыр ауданында 10 мың гектар жайылымдық жер егістік алқабына айналуда. Бұрын шөп те шықпайтын аумаққа шаруалар цифрлық технологияларды енгізіп, мол өнім алуды көздеп отыр. Атап айтқанда егін жұмыстарына озық технологиялар енгізіліп, тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері мен автоматтандырылған басқару құрылғылары кеңінен қолданыла бастады. Бұл су көздерін тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев егін алқаптарына арнайы барып, шаруашылықтардың жай-күйімен танысты, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Бұл бағытта жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның бірі – «Harvest Agro». Ұйғыр ауданының Қалжат ауылында қолға алынған жоба агроөнеркәсіпке цифрлық технологияларды енгізуге негізделген. Оның ішінде автоматтандырылған суару жүйесі, топырақты цифрлық талдау қондырғысы, ылғалдылықты есептейтін датчиктер, егіс алқаптарының жағдайын бақылау және жасанды интеллект арқылы басқару элементтері бар. Жобаның негізгі мақсаты – су ресурстарын ұтымды пайдалана отырып, тиімді әрі тұрақты заманауи ауыл шаруашылығы моделін қалыптастыру.Жобаны толықтай іске асыру 2026-2029 жылдарға жоспарланған. Жалпы құны – 18,2 млрд теңге. Кәсіпорын іске қосылғанда 60 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Жалпы жер көлемі – 4 500 гектар. Онда жылына 20 000 тонна жүгері және 4500 тонна мақсары өсіру көзделген. Дайын өнім Орта Азия елдеріне, сондай-ақ Қытай мен Иран нарығына экспортталмақ.Жобаның негізгі бағыттарының бірі – жер асты суын пайдалану арқылы заманауи суару жүйесін дамыту. Осы мақсатта ұңғымаларды бұрғылау және ирригациялық инфрақұрылым құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 120 ұңғыма бұрғылау және 120 «Center Pivot» жаңбырлатып суару қондырғысын орнату көзделген. Ұңғымалардың тереңдігі 300 метрге дейін жетеді, ал әрбір қондырғыға қажетті су беру көлемі сағатына 125-150 текше метрді құрайды.Алғашқы кезеңінде 1 200 гектар жер игеріліп, мақсары өсіріледі. Қазіргі уақытта 30 ұңғыма бұрғыланып, 30 жаңбырлатып суару қондырғысын орнатуға дайындық жүргізілуде.Ұйғыр ауданындағы агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған тағы бір ірі кәсіпорын – «Assem Kaljat» ЖШС. Компания ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, су үнемдеу технологияларын енгізу және өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірнеше стратегиялық жобаны іске асыруда. Кәсіпорын 2500 гектар жайылымдық жерді суармалы алқапқа айналдырып, жүгерінің 12 сортын еккен. Тереңдігі 180-200 метр болатын 59 ұңғыма қазылып, 59 трансформатор орнатылған. Сонымен қатар 40 шақырымнан астам электр желісі мен әртүрлі диаметрдегі 300 шақырымнан астам магистральды тамшылатып суару құбырлары тартылған. Шаруашылықта Claas және Case маркалы тракторлар мен комбайндар, сепкіштер, дрон-шашыратқыштар, аспалы және тіркемелі агрегаттар, сондай-ақ тиегіштер, бульдозерлер мен экскаваторлар пайдаланылады. Өнім ішкі нарықпен қоса Өзбекстан, Иран және Қытай елдеріне де шығарылады. Негізгі тұтынушылары крахмал өндіруші кәсіпорындар, құрама жем зауыттары, құс фабрикалары мен фармацевтикалық компаниялар болмақ. Алдағы уақытта жүгеріні бастапқы өңдеп, оны сақтауға арналған, поливинилхлоридтен құбыр өндіруге бағытталған және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын үш түрлі зауыт салу жоспарланған. Ол үшін жалпы көлемі 23 млн доллар инвестиция салынады. Марат Сұлтанғазиев аталған екі кәсіпорынға арнайы барып, игі жобалардың басталуымен құттықтады. Сондай-ақ заманауи агро-индустрия кешенін салу аймақтың экономикалық әлеуетін арттыратын маңызды қадам екенін айтты.«Екі компания да дақылды өсіріп қана қоймай, оны әрі қарай өңдеуге бағытталған. «Assem Kaljat» биыл бірінші зауытын салуды бастайды. Ал «Harvest Agro» өнім көлеміне байланысты өндірісті кеңейтуге дайын. Гибридті тұқым өндіруден бастап, дайын өнімді сақтау мен өңдеуге дейінгі толық цикл қамтылмақ. Бұл ретте бос жатқан жерлерді айналымға қосып, оны құнарлы егіс алқабына айналдыру ісіне басымдық беріледі. Қазіргі таңда Жамбыл, Іле және осы Ұйғыр ауданында жайылымдық жерлерді суармалы алқапқа айналдыру жұмысы қызу жүргізілуде.Ұйғыр ауданы үшін жүгері дақылының стратегиялық маңызы жоғары. Суармалы жағдайда жүгерінің өнімділігі гектарына орта есеппен 7-8 тоннаға дейін жетсе, ал озық шаруашылықтарда 14-16 тоннаға дейін өнім алу мүмкіндігі бар. Өндірілген жүгері дәні мал азығы, құрама жем өндірісі және тамақ өнеркәсібі үшін ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие болады», – деді аймақ басшысы. Аталған жобалар өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға тың серпін беріп, саланың жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік ашады. Жер және су ресурстарын тиімді пайдалануға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және заманауи ирригациялық инфрақұрылымды жетілдіруге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1225175?lang=ru
Бақылау-касса машинасын қолдану жөніндегі жалпы ережелер 22.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, егер 110 бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеп-белгілеу жəне (немесе) беру функциясы бар, модельдері кассалық машиналар тізіліміне енгізілген бақылау-касса машинасы міндетті түрде қолданылып жүргізілетінін хабарлайды.Бақылау-касса машинасын қолданудан:- жеке тұлға;- жеке сот орындаушысы, адвокат жəне кəсіби медиатор;- қалалық қоғамдық көлікте билеттер бере отырып, тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі тұлға босатылады.Қоғамдық қалалық көлік билеттерінің нысанын уəкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік орган бекітеді;- Ұлттық Банк;- екінші деңгейдегі банк;- діни бірлестік;- ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторы;- арнаулы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлға босатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1227404?lang=ru
“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Жиделі саябағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. 22.05.2026
“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Жиделі саябағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Игі шара барысында саябақ аумағын көгалдандыру мақсатында көшеттер отырғызылды.Жасыл желек – келер ұрпаққа қалатын аманат!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-zhideli/press/news/details/1225218?lang=ru
ЕАЭО елдерінен импорт кезіндегі ҚҚС-ты есепке жатқызу тәртібі 22.05.2026
ЕАЭО елдерінен импорт кезінде ҚҚС-ты есепке жатқызу мерзіміЕАЭО мемлекеттерінен тауар импорттайтын кәсіпкерлер үшін ҚҚС-ты есепке жатқызу күнін дұрыс анықтау маңызды.Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес:ҚҚС бюджетке төленген салық кезеңінде есепке жатқызылады;алайда есепке жатқызу ҚҚС есептелген салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан ерте жүргізілмейді.ЕАЭО елдерінен импортталған тауарлар бойынша салық кезеңі:тауарлар есепке алынған ай;немесе лизинг шарты бойынша төлем мерзімі басталған ай болып табылады.ҚҚС-ты келесі айдың 20-сынан кешіктірмей төлеу қажет.Егер импортталған тауарлардың құны ұлғайса, ҚҚС баға өзгерген айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.Осылайша, ЕАЭО елдерінен импортталған тауарлар бойынша ҚҚС Салық кодексінің 481-бабы талаптарын ескере отырып, бюджетке нақты төленгеннен кейін ғана есепке жатқызылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1225220?lang=ru
KazAID-тің Мичиган мемлекеттік университетімен (MSU) кездесуі 22.05.2026
2026 жылғы 15 мамыр, Астана қ. – KazAID Басқарма Төрағасы А.Арыстановтың Мичиган мемлекеттік университетінің (MSU) проректоры, профессор Т.Авакусемен, Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры, профессор В.Тарабарамен және MSU-дың басқа да өкілдерімен кездесуі өтті.Кездесу барысында MSU өкілдері университеттің медицина, ғылым және зерттеулер, қоршаған орта, ауыл шаруашылығы салаларындағы білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді, сондай-ақ серіктес елдерге арналған су дипломатиясы саласында бірлескен виртуалды академия құру туралы бастама көтерді.Тараптар ынтымақтастық мүмкіндіктерін және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ екі ұйым арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселесі қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1225231?lang=ru
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда сөйлеген сөзі 22.05.2026
Құрметті жиынға қатысушылар!Баршаңызға Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумға қош келдіңіздер деп айтқым келеді. Ең алдымен, Астанаға арнайы келген қадірлі меймандарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Менің алдымда сөз сөйлеген атақты ғалымдар мен беделді халықаралық ұйымдардың өкілдеріне алғыс айтамын. Сөздеріңіз мағыналы, мазмұнды болды.Алтын Орда – Еуразияның ұлан-ғайыр аумағын еркін жайлап, Ұлы дала төсінде билік құрған қуатты империя болғанына ешқандай тарихшы күмән келтірмейді, бұл – мойындалған тарихи дерек.Алтын Орда Батыс пен Шығысты жалғап, түрлі өркениеттердің дамуына, мемлекеттердің қалыптасуына ерекше ықпал еткен аса ірі саяси құрылым болды. Бұл да – дәлелденген дерек. Сондықтан Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғаны анық.Дегенмен бұл тақырып әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ, меніңше, ешқашан жоғалтпайды. Бұл – ұлт жылнамасы мен әлем тарихы үшін өте маңызды мәселе. Біз халықаралық ғылым қауымдастығымен бірлесе отырып, осы тақырыпты жүйелі әрі жан-жақты зерделеу жұмысын жалғастыруымыз керек. Бірнеше күнге созылатын іс-шараның негізгі мақсаты да – осы.Бұл тұста Қазақстанның бастамасына қолдау көрсеткені үшін ЮНЕСКО басшылығына ризашылығымды айтқым келеді. Бұл форумға қатысып отырған ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Одрэ Азуле ханымға алғысымды айтамын. Сіз Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы әріптестікті нығайтуға мол үлес қостыңыз. Симпозиумның осындай беделді жаһандық ұйым аясында өтуі Алтын Орда мұрасының әлемдік ауқымдағы мән-мағынасы зор екенін көрсетеді. Бүгінгі жиынға ЮНЕСКО-ның жоғары деңгейдегі өкілі, Бүкіләлемдік мұралар орталығының директоры Элунду Ассомо Лазар мырза бастаған делегация қатысып отыр.Жалпы, еліміз ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген маңызды жобаны жүзеге асырды. Нақты айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы тас петроглифтері, сондай-ақ бірнеше көне қала бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді.Сонымен қатар ұлтымыздың материалдық емес мәдени мұраларын дәріптеу бағытында ауқымды жұмыс жүргізілді. Мәселен, былтыр ғана «Хандар шежіресі» деп аталатын бірегей қолжазба әлемдік деңгейде мойындалды. Бұл – ел билеген тұлғалар туралы мәліметтерді топтастырған, соның ішінде Алтын Орда кезеңін қамтыған құнды құжат. Сондықтан біз байланысымызды одан әрі дамытуға мүдделіміз. Бұл – өзара тиімді, маңызды шаруа. Симпозиум Алтын Орда мен Ұлы дала тарихын зерделейтін түрлі мектеп өкілдерінің басын қосып отыр. Бұл – өте маңызды. Ұзақ жылдар бойы осы іргелі тақырыпты індете зерттеген ресейлік ғалымдардың рөлін атап өткен әділетті болар еді. Олар Алтын Орданың тыныс-тіршілігін жан-жақты сипаттайтын ғылымның мол қорын жинады. Сонымен қатар Алтын Орда тақырыбы бір ғана мемлекеттің шеңберінде шектеліп қалмай, Қытай, Моңғолия, АҚШ, Үндістан, Пәкістан, Жапония, Қырғызстан, Өзбекстан, Мысыр және бірқатар Еуропа елдері зерттеушілерінің назарын аударып, бүкіл әлемді шарлап кетті десек болады.Түптеп келгенде, Алтын Орда жылнамасы – адамзатқа ортақ тарих. Бүгін өтіп жатқан бірегей симпозиум әлемдік ауқымдағы мұраны жүйелі зерттеу жұмысын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп сенемін. Осы жерде отырған ғалымдар мен сарапшылар бұл міндетті іске асыруға елеулі үлес қосуда. Бұл маңызды жұмыста сіздер оң нәтижеге қол жеткізесіздер деп сенемін. Құрметті симпозиумға қатысушылар! Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі, сан салалы кезеңі ретінде қарастырады. Өйткені бұған атүсті қарауға болмайды. Олай болған жағдайда әлемдік тарихтағы осындай бірегей құбылысқа қатысты ұстаным өзгереді. Ал ол мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіруі мүмкін. Өкінішке қарай, әлемдік маңызы бар ірі тарихи оқиғаларды бұрмалаған мысалдар қазір де кездеседі.Геосаяси ахуал құбылып тұрған бүгінгідей заманда соғыстардың қасіретті хронологиясына байланып қалмай, адамзат тарихындағы жасампаз кезеңдер мен диалог алаңдарының нәтижелі сәттеріне мән берген жөн.Әлбетте, бұл оңай міндет емес. Себебі тарлан тарихтың бағзы дәуірлерден бастап қазіргі дейінгі шежіресінде соғыстар мен қарулы қақтығыстар өте көп кездеседі. Мұндай көріністің қалыптасуы да түсінікті: бейбіт күндегі күйбең тіршілікті сипаттағаннан гөрі қан майдандағы бітіспес ұрыстарды жазған әлдеқайда жеңіл. Айтпақшы, Лев Толстойдың атақты «Соғыс және бейбітшілік» романы – бейбітшілікті емес, соғысты егжей-тегжейлі суреттеген шығарма.Әлемдік қоғамдастық тарихи жолайрықта тұр. Өркениетті таңдау алдындағы сындарлы сәтте ортақ тарихымызды халықтарды біріктіретін фактор ретінде ұсыну үшін беделді, кәсіби ғалымдардың күшін бір арнаға тоғыстырған дұрыс. Бұл орайда тарихқа әділ әрі саяси тұрғыдан бейтарап баға беру маңызды. «Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн. Яғни жеңімпаздарды жазғыруға болмайды, әлем тарихының төрінен орын алып, зерттеушілердің мақтау-мадағына ие болады. Ал шағын және орта мемлекеттер, соның ішінде майданда жеңіліс тапқан елдер тарихтың тасасында қалады. Қазақстанда саясаттың пайдасы үшін көшпелі халықтарды жабайы, бей-берекет, тарих шеңберінен тыс күш ретінде көрсетіп, қуатты дала империяларын «мемлекет деңгейіне жете алмаған» деп төмендететін ескі догмалар мен қасаң көзқарастарды қайта қарау үдерісі басталып кетті.Бұл ретте біз шынайы тарихнаманы қалпына келтіре отырып, өткенді әсірелеуден аулақпыз. Тарих өзіне тәнті болған жалған әрекеттерді, ортақ мұраны жекелеген халықтың қанжығасына байлап беруді кешірмейді.Кереғарлықтар мен кедергілерге толы бай тарихымызды біржақты түсіндіруге қойылатын талап ғылымның құлдырауына және өзара сенімнің жоғалуына әкелетін тұйыққа тірейді.Сонымен қатар кәсіби тарихшылар қауымдастығында «жұмсақ күш» пен ғылыми дипломатияның өкілдері де бар. Олар саясаткерлер қамал тұрғызатын жерде көпір салуға қабілетті. Тарихшылардың миссиясы қазіргі алмағайып кезеңде маңызды болып тұр.Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі, сонымен бірге біз бұл кезеңді ауқымды өркениет парадигмасы тұрғысынан қарастырамыз.Көптеген халықтың тарихи жадында реформаторлар мен көрнекті ойшылдардың қалыпты тіршілігіне қарағанда, билеушілердің жорығы мен дарынды қолбасшылардың ерліктері сақталатынын жоғарыда айтып өттім.Расында, соғыстардағы аңызға айналған жеңістер адамдардың рухын оятады. Ал тағдыршешті мәні уақыт өте келе байқалатын институционалды жаңашылдықтар мен озық идеяларға көпшілік селт ете қоймайды. Оған әлі күнге дейін Ұлы дала тарихының шексіз шайқастар мен ұрыстар ретінде бұрмаланып көрсетілуі нақты мысал бола алады.Мұндай сыңаржақ ұстаным Ұлы даланың, әсіресе, Алтын Орданың күрделі, көп қатпарлы өмір салтын әскери шежірелердің ойдан шығарылған өлшемдеріне салып, тарихи шындықтан алыстатады, оқиғаларды көмескілендіре түседі.Қазіргі ғылымның жоғары пәнаралық даму деңгейі Алтын Орда тарихын объективті зерттеу үдерістерін жетілдіруге мүмкіндік береді деп санаймын.Бүгінгі жиында аталған кезеңді зерттеп жүрген беделді ғалымдар бас қосып отыр. Осы орайда Алтын Орда тарихын пайымдау перспективасын кеңейтуге көмектесетін бірқатар ғылыми ізденіске байланысты өз ойымды қысқаша жеткізгім келеді. БІРІНШІ. Зияткерлік мұраны зерделеу.Алтын Орда феноменін мыңдаған жыл бойы Еуразия жүрегінде қалыптасқан бай интеллектуалдық кеңістіктен бөліп қарай алмаймыз. Орта ғасырларда Ұлы дала озық идеяларды ұсынған әлемдік орталықтардың біріне айналғаны мәлім.Орталық Еуразиядағы көшпелілер тіршілігінен, түркі-моңғол мұраларынан, ислам дәстүрлерінен және христиан қауымдастығына жататын халықтардың дүниетанымдық қағидаттарынан нәр алған ақыл-ойдың құнарлы топырақта қанат жаюы заңды еді. Бұл идеялар эволюциясы үздіксіз жүрген кезең еді. Әр ғасыр Ұлы даланың ақыл-ой кенін байытып, жаңа құндылықпен толықтырып отырды.Осы терең сабақтастықты түйсінбей, Алтын Орданың өркендеу сырын объективті бағалау қиын. Әлбетте, бұл орайда Алтын Орданың негізі қаланғанға дейінгі кезеңдерде өмір сүрген әйгілі ойшылдардың ғылыми, философиялық, әдеби мұраларының мән-маңызы зор.Ең алдымен, тарихта Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атымен мәлім әлемдік философияның негізін қалаушылардың бірі – Әбу Насыр әл-Фарабидің орны ерекше. Ол «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында әділдіктен айнымау, білімге құштарлық және адамгершілік қасиеттерді шыңдау арқылы баршаға бірдей игілікке қол жеткізуге болатынын жан-жақты айтқан. Оның ойлары түрік, мұсылман әлеміндегі кейінгі саяси-философиялық дәстүрлерді түсінуге маңызды бағдар болды.Ұлы даланың зияткерлік мұрасында ғұлама Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы дараланып көрінеді. Ол жалпыға ортақ мұсылман құндылықтары мен жергілікті рухани дәстүрлерді үйлестірген «түркілік исламның» бастауында тұрды. Шын мәнінде, ол Ұлы дала халықтарына қазіргі дүниетанымымыздың өзегіне айналған мүлдем жаңа идеологиялық доктрина ұсынды.Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды. Ал ғұламаның Түркістандағы кесенесі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысан. Түркістан шаһары ғасырлар бойы өңірдің басты рухани және саяси орталығы болды. Қазіргі таңда ол түркі дүниесінің қасиетті қарашаңырағы саналады.Әл-Фараби, Ясауи және басқа да әйгілі ойшылдар ілімінің Алтын Орда тұсында одан әрі дами түсуі заңдылық. Мәселен, түркі тілі, исламның кітаби дәстүрлері мен даланың санғасырлық даналығы дәл осы кезеңде бір-бірімен біте қайнасып, идеологиялық тұрғыдан ауқымы кеңейді. Бұл Алтын Орда кезеңінің әдебиетінде көрініс тауып, түркі халықтарының сөз өнері қанат жайған кезең ретінде бағаланды.Халқымыз үшін Алтын Орда дәуірінен бүгінге дейін жеткен «Ақсақ құлан» күйінің символдық мәні зор. Биыл күйдің шыққанына 800 жыл толады. Бұл аңыз – домбыраның шанағынан шыққан Ұлы Даланың үні, ұлтымыздың рухани байлығы.Кетбұға, Асан Қайғы, Шалкиіз және Доспамбет секілді жыраулардың мұрасы біздің аймаққа тән дәстүрлі өнер жанрында бүгінге дейін жеткені кездейсоқ емес. Сол кезеңдегі жырларда (Ер Едіге, Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын) батырлардың ерлік жолы мен тарихи оқиғалар тізбегі жиі баяндалады. Бұл – қазақ, татар, башқұрт, ноғай, қарақалпақ және басқа да халықтардың ортақ қазынасы.Осы зияткерлік және рухани сабақтастық сан ғасырларды көктей өтіп, хакім Абайдың шығармаларынан көрініс тапты. Ұлы ойшыл «Толық адам» тұжырымдамасы арқылы кемеңгер тұлға тәрбиелеудің формуласын ұсынды. Оның өзегінде «нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» үштағаны тұр.Сондықтан Ұлы даланың интеллектуалдық мұрасын табиғи түрде қалыптасқан, біздің өңірге тән идеологиялық субстанция ретінде атасақ, артық болмайды. Осынау рухани қазынаның бүкіл әлем үшін мән-маңызы зор. Бұл – біртұтас философиялық, идеологиялық мұра. Қазақстан осы идеялық құндылықтарды бағдар етуге және оны жан-жақты дәріптеуге ниетті. Сол үшін «Al-Farabi», «Qoja Ahmet Yasaui» ордендерін мемлекеттік марапаттар тізіміне енгіздік. Бұл жоғары наградалар ғылым мен руханиятты дамытуға айрықша үлес қосқан тұлғаларға, соның ішінде шетелдік ғалымдарға, саяси және қоғам қайраткерлеріне табысталады.Таяуда ғана елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған «Qoja Ahmet Yasaui» орденінің тұңғыш иегері атанды. Осылайша, біз тарихи тағдыры ортақ туысқан халықтардың келешегі жолындағы ақыл-ой еңбегі мен ырысты ынтымақтың маңызды екенін айрықша атап көрсетеміз. ЕКІНШІ маңызды мәселе. Меніңше, Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажет. Жошы ұлысының дәуірлеп тұрған кездегі аумағы 6 миллион шаршы шақырымды алып жатты. Тіпті, Рим империясының ең айбынды кезеңінде мұндай жер көлемі болмаған. Кейбір тарихшылардың пікірі бойынша, Алтын Орданың Дала Римі деп аталуы да – осыдан. Бірақ алып империяның қуаты жерінің көлемінде емес, оның институционалдық негізі, яғни, мемлекеттік басқару жүйесінің мықты болуында еді.Жошы ұрпақтары Хань немесе Габсбург династиялары секілді ғасырлар бойы, яғни, 600 жылдан астам уақыт Ұлы дала төсіндегі түрлі мемлекеттік құрылымдарға билік жүргізді.Бұл Жошы ханның ұрпақтары құрған мемлекет жүйесі тұрақты әрі өміршең болғанын көрсетеді. Соның арқасында әртүрлі этнос пен дін өкілдері тату-тәтті өмір сүрді.Алтын Орда дәуірінде Дала заңы мен ислам құқығының үйлесімді жүйесі қалыптасты. Ал қоғамдық тәртіп қағидатының бастауында Түрік қағанатының құқықтық мәдениеті мен Шыңғыс ханның «Ұлы жасақ» заңы тұрды. Заң үстемдік құрған алып империяның әр түкпірінде адамның және оның мал-мүлкінің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді. Бұл – қоғамдық тәртіп болды деген сөз.Бұдан бөлек, Алтын Орда заманында озық іс жүргізу жүйесінің болғаны туралы нақты тарихи деректер бар. Сондай-ақ Құрылтай институты дала демократиясының бірегей үлгісі ретінде қызмет етті.Ұлыстың әлеуметтік құрылымы айқын әрі тұрақты болса да, қоғамда қатып қалған қағида емес, әділдік басты рөл атқарды. Әскерде және мемлекеттік аппаратта темірдей тәртіпке, мінсіз қызмет пен меритократия қағидасына ерекше назар аударылды. Мұның бәрі алып державаны мекен еткен барлық этнос және түрлі топ өкілдеріне мол мүмкіндік берді.Осылайша, ұтымды ішкі және сыртқы саясаттың арқасында қоғамда тұрақтылық сақталды, мемлекет те өсіп-өркендеді. Алтын Орда Мысыр мәмлүктерімен, Ватиканмен, Византиямен, Осман империясымен және Еуропа елдерімен тығыз дипломатиялық байланыс орнатты.Жалпы, тарихта «Ұлы дүрбелең» деген атпен қалған саяси дағдарыс кезінде де Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі сыр берген жоқ, яғни, тұрақтылығын сақтап қалды. Бұл жүйені кейін Еуразия аймағындағы көптеген мемлекет басшылыққа алғаны баршаңызға мәлім. ҮШІНШІ өзекті мәселе. Алтын Орданың экономикалық құрылымын жан-жақты зерттеген жөн. Баршамызға белгілі, ежелдегі Месопатамия, Мысыр, Қытай, Үндістан өркениеттері көп жағдайда өзен аңғарларын игеру арқылы қалыптасты. Ал Ұлы дала мүлде басқа тарихи даму жолынан өтті.Осыдан бес мың жыл бұрын қазіргі Қазақстанның солтүстігінде орналасқан Ботай жерінде адам баласы ең алғаш рет жылқыны қолға үйретті. Бұл әлем тарихына түбегейлі жаңа сипат берген оқиға болды. Атқа міну мәдениетімен қатар дала өркениетінде стратегиялық ойлау қабілеті және мейлінше қолайлы өмір сүру салты пайда болды.Осылайша, Алтын Орда Еуразияның ұлан-ғайыр даласындағы барлық негізгі көлік, сауда және гуманитарлық байланыстарды бақылауда ұстап, салт атты көшпенділер өркениетінің ең биік шыңына көтерілді. Бұл орайда, көшпенділік пен отырықшылық салтының үйлесім табуы Алтын Орданың тарих сахнасына жарқырай шығуының бірден-бір себебі болды деуге толық негіз бар.Түптеп келгенде, Алтын Орда көшпенділер өмірін, қаладағы қолөнер мәдениеті мен сауда жолдарын өзара тығыз байланыста дамыту арқылы тұрақты ақша және салық жүйесі бар, экономикасы дамыған ел ретінде қалыптасты.Көптеген беделді ғалымдардың пікірінше, қазір Алтын Орданың ақша жүйесінде мән-маңызы айрықша жаңалықтар ашылып жатыр. Археологтар осы кезге дейін беймәлім болып келген ондаған тиын сарайын тапты. Мамандардың айтуынша, нағыз өрлеу кезеңінде Алтын Ордада шамамен 28 миллион күміс тиын соғылған.Қазіргі таңда мемлекеттік және жеке қордағы сол дәуірге тиесілі тиындардың жалпы саны бір миллионға жетеді. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады. «Деньги» сөзінің түбірі де осы ұғымнан тараған болуы мүмкін. Бұған жай ғана лингвистикалық сәйкестік ретінде қарауға болмайды. Бұл – кең байтақ аймағымызда пайда болған ақша жүйесінің Алтын Орда заманында жасалғанын көрсететін нақты дәлел. Алтын Орда Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағын түгел бақылауда ұстап, даланы қауіпсіз тасымал дәлізі ретінде дамытты. Жошы Ұлысының аумағы арқылы жыл сайын мыңдаған тонна тауар өтіп жатты. Атап айтқанда: Қытайдан – жібек, Үндістаннан – дәмдеуіштер, Ресей жерінен – тері өнімдері, Еуропадан, Таяу және Орта Шығыс елдерінен – қолөнер бұйымдары тасымалданды.Алтын Орда сол кезеңдегі көптеген мемлекетке қарағанда өз дамуында стратегиялық ашықтық қағидатына берік болды.  Бұл ұстаным қалалардың тұрпатынан да анық байқалды. Себебі ұлыс гүлденіп тұрған заманда қалаларды биік қамалмен қоршап, тұйықтау болған жоқ. Әр қала қарқынды сауда орталығы ретінде адамдардың еркін қозғалысына бейімделіп, дамыды. Бұл тәжірибе дала мен қала арасында қақтығыстар толастамады деген аңыз әңгімелерді түбегейлі жоққа шығарады. Керісінше, осы байланыстар орта ғасырдағы ең оңтайлы мемлекеттілік үлгісінің негізін қалады.Алтын Орда дәуірінен қалған қалалардың материалдық-мәдени мұралары – соның айқын көрінісі. Ғалымдардың мәліметіне сәйкес, алып империяның құрамында жүзден астам шаһар болған. Алтын Орда дәуірінде қала тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін озық инженерлік тәсілдер қолданылды. Мұны түрлі археологиялық қазба жұмыстарынан анық байқауға болады.Сол замандағы өндіріс пен құрылыстың қарқынды дамығанын Алтын Ордада жасалған кірпіштердің Ертіс пен Дунай аралығында кеңінен қолданылғанынан аңғаруға болады. Еуразияның түкпір-түкпіріндегі іскер адамдардың сауда жасауына, кәсіппен еркін айналысуына қолайлы жағдай жасалды. Осылайша, Жошы ұлысы алғашқылардың бірі болып жаһандық нарық қалыптастырды. Сол арқылы бүкіл аймақтың өсіп-өркендеуіне жол ашты.Әрине, мен ұсынған зерттеу бағыттарымен шектеліп қалуға болмайды. Мен сіздер секілді көне дәуірді зерттеп жүрген тарихшы-ғалым емеспін. Қазіргі таңда Алтын Орданың тарихын тек әскери-саяси тұрғыдан бағалаудан аулақ болып, оның рөлін жаңаша пайымдау керек. Бұл – осы бағыттағы ізденістердің аясын кеңейтуге септігін тигізетін бағдар ғана.Жошы Ұлысының мол зияткерлік және рухани дәстүрі, тиімді басқару институттары мен дамыған экономикасы болды. Осы алып өркениеттің қыр-сырын толық ашу маңызды. Бұл өткенді ғылыми тұрғыдан қайта зерделеу, сондай-ақ, Орталық Еуразия халықтарының мемлекеттілік бастауын, бірегейлігін және ортақ тарихын терең түсіну үшін қажет. Құрметті ғалымдар және сарапшылар! Баршаңызға белгілі, Қазақстан соңғы жылдары ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырып жатыр. Мұның еліміз үшін аса маңызды және өте жауапты қадам екені сөзсіз. Сондықтан біз алдымызда тұрған міндетті де жақсы түсінеміз: сана өзгермей, қоғам да жаңғырмайды, мемлекет те өркендемейді. Бұл – ақиқат.Соның ішінде тарихи сабақтастықты сақтау мәселесі аса өзекті. Онсыз ешқандай даму болмайтыны анық. Өткенге құрметпен қарамасақ, жарқын болашаққа қарай бет алу да қиын болмақ. Сол себепті біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарай нық сеніммен қадам басамыз.Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституцияда мыңдаған жылдарға созылатын тарихы бар Ұлы дала сабақтастығын сақтау қастерлі парыз екені нақты көрсетілді. Өйткені біз – мемлекет ісінде «Мәңгілік ел» идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз.Алтын Орда мұрасы – ұшан-теңіз. Біз осы алып рухани, тарихи қазынаны ХХІ ғасырға бейімдеп, жаңғырту үшін жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Менің бастамаммен Қазақстанда Жошы Ұлысын зерделеу институты құрылды. Бұл – осы тақырыпты терең зерттеумен айналысатын тұңғыш ғылыми мекеме. Қазіргі таңда әзірленіп жатқан Қазақстан тарихының академиялық жинағында алғаш рет Алтын Ордаға жеке том арналып отыр.Жошы Ұлысының мол тарихи-мәдени мұрасын жұрт жадында жаңғырту үшін фильмдер түсіріліп, кітаптар шығарылып жатыр. Сондай-ақ спектакльдер де қойылып, ескерткіштер орнатылып, көрмелер өткізілуде. Алайда Алтын Орданың мән-маңызын терең зерделеп, оның тарихи рөлін жан-жақты насихаттау үшін мүлде жаңа, яғни, халықаралық ауқымдағы жұмыс істелуі қажет. Мен жақында Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Дала өркениетін дәріптеуге арналған арнайы орталық құруды ұсындым. Сонымен қатар Алтын Орда мәселесін зерделеп жүрген шетел мамандарын жұмылдырып, баспа саласына қатысты іргелі бастамаларды қолға алу қажет.Креативті индустрия және медиа бағытындағы түрлі жобалар, ең алдымен, академиялық зерттеулерге арқа сүйеуі керек. Жаһандану, жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде көшпенділік, яғни, номадизм тұжырымдамасы туралы жаңаша көзқарас қалыптастыру – өте маңызды. Бүгінде бұл ұғымның сипатын «цифрлық көшпенділердің» жасампаз рухы мен сарқылмас күш-қуатынан айқын көруге болады.Әділдік, ашықтық және мәдениеттер диалогі – Дала өркениетіне арқау болған құндылықтар. Осы мемлекеттілік дәстүрін жан-жақты зерттеу бүкіл Орталық Еуразияның ұзақ мерзімді дамуына ықпал етері сөзсіз. Қазір бұл аймақ жаңа сипаттағы қайта өрлеу, яғни, ренессанс кезеңіне қадам басты деп айтуға болады.Біз әлемдегі маңызды геосаяси және өркениет орталығы ретінде өз тарихи миссиямызды қайта жаңғырта бастадық. Бұл үдерісте халықтарымыздың, соның ішінде, өскелең ұрпақтың теңдессіз рухы мен күш-қуаты шешуші рөл атқарады. Соның арқасында қазір біз алдымызға биік мақсаттар қойып, маңызды міндеттерді орындап келеміз.Сондықтан ата-бабадан қалған мол мұраны қазіргі заманның құндылықтарымен және озық технологиямен ұштастыру – маңызды. Тарихты зерттеу дегеніміз – өткенмен өмір сүру немесе көнені көксеу емес. Ескіліктің шырмауында қалу – надандық пен қараңғылыққа апаратын жол.Түп-тамырымызды толыққанды танып-білу арқылы ұлт дамуының көкжиегін кеңейте түсу қажет. Біз осы қағиданы терең түсіне отырып, жаңа Ата заңда мәдени мұраларымызды сақтауға, білім мен ғылымды, инновацияны дамытуға айрықша басымдық бердік. Бұл маңызды жұмысты бастап та кеттік.Мен бір апта бұрын Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу туралы арнайы Жарлыққа қол қойдым. Баршаңызға белгілі, қазіргі заманауи технология өмірдің барлық саласына түбегейлі еніп, ауқымды өзгерістерге жол ашып жатыр. Бұл үрдіс адамзат болашағына тікелей ықпал етері анық.Бір сөзбен, озық технология күн сайын аса жоғары қарқынмен дамуда. Бұл – ХХІ ғасырдың ақиқаты. Біз мұны жақсы түсінеміз. Сондықтан заман талабына тез бейімделе алатын зерделі ұрпақ тәрбиелеуге баса мән беріп отырмыз. Бұл бағытта көптеген бастаманы қолға алып жатырмыз.Биыл тамызда елімізде ЮНЕСКО-ның қолдауымен жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтеді. Аталған білім додасына 100 елден келетін оқушылар мен студенттер қатыспақ. Бұған қоса, елімізде «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары», «Болашақ ойындары» сияқты бірегей жобалар кеңінен дәріптелуде. Сондай-ақ осы жылы күзде Астанада тұңғыш рет AI Film фестивалі өткізілмек.Біз жаңа цифрлық және көлік дәліздерін, мәліметтерді сақтау орталықтарын ашу үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сол арқылы Ұлы Жібек жолын жаңаша сипатта жаңғыртып, көне ғасырлардағы әйгілі кітапханалардың заманауи нұсқасын ұсынуға мүмкіндік туады. Бұл, шын мәнінде, дәстүр мен жаңашылдық үйлесім тапқан озық заманның көрінісі болмақ. Қайталап айтамын: тарихтың дәрістері дамуға бет алған болашақпен үндескенде ғана өркендеу жолына түсеміз. Бұл орайда, Алтын Орданың сан қилы тарихы мен тағдыры мемлекеттердің күш-қуаты түрлі мәдениеттерді нәтижелі гуманитарлық және саяси серіктестіктің бірыңғай жүйесіне біріктіре алуынан көрінетінін еске салады.Осы стратегиялық бағытты ұстана отырып, Қазақстан түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын белсенді түрде дамытуды, аймақ елдерінің экономикалық және технологиялық әлеуетін нығайту үшін Еуразия кеңістігіндегі өзара ықпалдастық идеясын жан-жақты ілгерілетуді жан-жақты қолдайды. Мысалы, 2025 жылы ШЫҰ саммитінде «ТрансАлтай диалогы» бастамасын көтердім. Бұл идея Ресейдің «Алтай – түркілердің ата қонысы» тұжырымдамасымен үйлеседі.Жалпы, тарихтан тартыс құралын жасауға болмайды. Тарих халықтардың арасын жалғайтын алтын көпір ретінде әділетті әрі қауіпсіз әлем құруға ықпал етуі қажет. Сол үшін ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, бірлесе әрекет етуіміз қажет. Бұл мәселеде ғылыми қауымдастық айрықша рөл атқаратыны анық.Бүгінгі жиында айтылатын салмақты ойлар мен ұтымды ұсыныстар жаңа ғылыми еңбектерге, халықаралық жобалар мен экспедицияларға негіз болатыны сөзсіз. Біз бұл симпозиумды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз.Сіздер алдағы уақытта да осы маңызды жұмысқа мол үлес қоса бересіздер деп ойлаймын. Баршаңызға тағы да зор алғыс айтамын. Шын мәнінде, бүгінгі симпозиумның тарихи мәні айрықша. Осы маңызды жиынның қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылданады. Бұл құжат Алтын Орданың тарихы мен мұрасын зерттеу жұмысына тың серпін береді деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын!  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1227105?lang=ru
Қазақстан Грузияның іскер топтарымен инвестициялық байланыстарды нығайтуда 22.05.2026
Шетелдік инвестицияларды тарту және халықаралық іскерлік ынтымақтастықты кеңейту жұмысы аясында GIG холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвили бастаған грузиялық бизнесмендер делегациясы Қазақстан өңірлеріне сапармен келді.Сапар барысында шетелдік кәсіпкерлер Қазақстанның инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-логистикалық әлеуетімен танысып, бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын және қазақстандық тараппен практикалық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылауға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді.Астанада Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевпен келіссөздер өтті. Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Тараптар инфрақұрылымдық өзара іс-қимылды дамыту, көлік дәліздерінің тиімділігін арттыру және шетелдік компаниялардың өзара мүдделі жобаларға қатысуы мәселелері бойынша пікір алмасты.Көкшетауға сапар аясында делегация ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде тракторлар мен комбайндарды шығаруға маманданған KazRost кәсіпорындарын аралады. Аталған зауыттар грузиялық инвестициялардың қатысуымен ашылған. Бұл Қазақстан мен Грузия арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың дәйекті дамып келе жатқанын көрсетеді. Сапар барысында делегацияға кәсіпорындардың өндірістік қуаты, технологиялық шешімдері және заманауи ауыл шаруашылығы техникасын шығару мүмкіндіктері таныстырылды.Сонымен қатар ірі қара мал мен құсқа арналған құрама жем өндіретін жаңа Savory зауытына ерекше назар аударылды. Бұл кәсіпорын да 2023 жылы Тбилисиде өткен Silk Road форумында тараптар арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында грузиялық капиталдың қатысуымен ашылған. Делегация зауыттың өндірістік желілерімен, технологиялық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ оның өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін дамытуға қосатын үлесімен танысты.Ақтөбеде іскер топтардың өкілдері Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесу өткізді. Тараптар өңірдің инвестициялық әлеуетін, инвесторларды сүйемелдеу және қолдау құралдарын, сондай-ақ өнеркәсіп, инфрақұрылым және экономиканың өзге де маңызды салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, өңірлік экономиканы дамыту және халықаралық іскерлік байланыстарды нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқаны атап өтілді. Осы тұрғыда грузиялық бизнес өкілдерінің сапары пікір алмасу және одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын айқындау үшін маңызды алаң болды.Қазақстан мен Грузия арасындағы инвестициялық ынтымақтастықта айтарлықтай оң серпін байқалады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Грузиядан Қазақстан экономикасына тартылған инвестициялар көлемі 312,7 млн АҚШ долларына жетіп, тәуелсіздік жылдары ішінде Грузиядан Қазақстанға түскен инвестициялардың жиынтық көлемінен едәуір асып түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1225269?lang=ru