Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан «Қытай – Еуразия» IX халықаралық көрмесінде экспорттық мүмкіндіктерін таныстырды 11.07.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үрімші қаласында «Қытай – Еуразия» IX халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.«Қытай – Еуразия» көрмесі дәстүрлі түрде Азия мен Еуропа нарықтарын байланыстыратын Батыс Қытай орталығының ең ірі көлік-логистикалық және сауда хабы ретінде Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАА) мәртебесін нығайтатын, «Белдеу және жол» бастамасының негізгі халықаралық алаңының бірі.Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғарин іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған қытай тарапына алғысын білдірді. Ол көрменің сауда-экономикалық ынтымақтастық пен іскерлік байланысты нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды іске қосуда беделді алаңға айналғанын атап өтті. Вице-премьер екі мемлекеттің көшбасшылары – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің стратегиялық өзара іс-қимылы мен жеке сенімі арқасында қазақстан-қытай қатынасы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне жеткенін атап өтті. Бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болса, ШҰАА-мен шекара маңындағы ынтымақтастық екіжақты сауданың негізгі драйверінің бірі.«Қазақстан үшін ШҰАА – бұл жақын көрші ғана емес, сонымен қатар Қытайдың миллиондаған долларлық нарығына шығатын негізгі көлік-логистикалық торап. Шыңжаң арқылы негізгі көлік артериялары өтеді. Біз сапалы және экологиялық таза қазақстандық өнімдердің: ауыл шаруашылығы, тамақ, металлургия және химия өнімдерінің экспортын арттыруға дайынбыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Вице-премьердің айтуынша, Үрімші қаласындағы ЭКСПО алаңы биылғы жылы өнеркәсіптік кооперацияға, өзара инвестициялар мен өндірістік тізбектерді дамытуға қосымша серпін беретін жаңа бірлескен жобалар үшін бастапқы нүкте болады. Ашылу салтанатында ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсян халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, мәдени алмасуларды дамытудың және технологиялық инновацияларды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Қытай ғылым, білім және жасанды интеллект саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, жаһандық сын-қатерді бірлесіп шешуге және орнықты дамуға жәрдемдесуге ниетті.Сапар шеңберінде Қазақстан вице-премьері жалпы ауданы 140 мың шаршы метрді құрайтын ауқымды экспозициямен танысты. Барлығы алты мамандандырылған аймақ құрылған: инвестициялық ынтымақтастық, жаңа сападағы өндірістік күштер, өзіне тән артықшылықтары бар салалар, «Жасыл» даму, мәдениет пен туризм интеграциясы, сондай-ақ Жібек жолы шеңберіндегі ынтымақтастық. Осы көрменің ауқымы мен қатысу деңгейі жаңа рекордтық көрсеткішке қол жеткізді – оған 49 ел мен өңірдің, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Сауда, инвестиция, тұтыну және инновацияны дамытуға бағытталған іскерлік бағдарлама шеңберінде 80-нен астам іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында – «Қытайға экспорт» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның мамандандырылған сессиясы бар.Орталық орынды «Қазақстан» ұлттық павильоны иеленді. Онда 30-дан астам отандық компания өз өнімін ұсынды. Көрменің жұмысы 29 маусымға дейін жалғасады. Қазақстандық экспозиция отандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін айқын көрсетеді. Мұнда агроөнеркәсіптік кешен, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдері, алкогольсіз сусындар, парфюмерлік-косметикалық тауарлар және жоғары өңделген өнімдер ұсынылған. Инновациялық сүт өнімдері, соның ішінде түйе ұнтағы сүті, сондай-ақ халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін ет және балық өнімдері келушілердің назарын аударуда.Анықтама:«Қытай – Еуразия» халықаралық көрмесі (China–Eurasia Expo) 2011 жылдан бастап Үрімші қаласында өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылар – ҚХР Сауда министрлігі, ҚХР СІМ, Қытайдың халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті және ШҰАА халық үкіметі. Қазақстан дәстүрлі түрде көрменің басты шетелдік қатысушысының бірі. Еске салсақ, 2024 жылы өткен VIII «Қытай – Еуразия» көрмесінде Қазақстан шет мемлекеттер арасында көлемі 260 шаршы метр болатын ең ірі экспозицияны орналастыра отырып, құрметті қонақ мәртебесіне ие болған еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1247830?lang=ru
Қазақстан мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы парламентаралық ынтымақтастық перспективаларын талқылады 11.07.2026
Страсбург, 22-24 маусым 2026 жылғы – Сенатор Евгений Больгерт Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) жазғы сессиясына қатысты.Сапар барысында Е.Больгерт Ассамблея Президенті Петра Байрмен (Австрия) келіссөздер жүргізді. Тараптар Қазақстан мен ЕКПА арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады. Жаңа Конституцияның қабылдануы аясында Қазақстандағы алдағы саяси өзгерістер жеке сөз болды. П.Байрға Құрылтайға алдағы сайлауға дайындық барысы туралы ақпарат берілді.Өз кезегінде, ЕКПА Төрайымы Ассамблея депутаттарының Қазақстанның жаңа Парламентіне сайлауды бақылауға қатысуға деген қызығушылығының артқанын атап өтті.Қазақстандық депутаттың «Еуропалық консерваторлар, патриоттар және одақтастар» фракциясының Төрағасы Жольт Неметпен, «Еуропалық халық партиясы» фракциясының Төрағасы Пабло Испанмен, «Еуропа үшін либералдар мен демократтар одағы» фракциясының Төрағасы Юлиан Булаймен, «Социалистер, демократтар және жасылдар» фракциясының Төрағасы Франк Швабемен, ЕКПА-дағы Германия ұлттық делегациясының Жетекшісі Кнут Абрахаммен, сондай-ақ ЕКПА депутаттар корпусының дуайені Эмануэлис Зингериспен екіжақты кездесулері өтті.Е.Больгерт әріптестерін елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық үдерістер, бір палаталы Парламентке көшуді қоса алғанда, саяси жүйені жаңғырту туралы хабардар етті.Бұдан басқа, Құрылтай сайлауын бақылауға қатысуды жоспарлап отырған Ассамблея депутаттары тобымен, оның ішінде ЕКПА-ның болашақ миссиясының Басшысы С.Челенкпен кездесу өтті. Алдағы парламенттік сайлау талқыланды, еуропалық депутаттар Қазақстанның қазіргі саяси-партиялық ландшафты туралы ақпараттандырылды.Өз кезегінде, ЕКПА депутаттары Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістердің ерекшелігін және олардың серпінді сипатын атап өтті.Ағымдағы сапар барысында Е.Больгерт Құқықтық мәселелер және адам құқықтары комитетінің отырысында сөз сөйледі. Бұл іс-шарада халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың кейбір аспектілері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1247836?lang=ru
СҚО тұрғындарының өзекті мәселелері жеке қабылдауда қаралды 11.07.2026
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдап, өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдау барысында ауылдық елді мекендерді дамыту, автомобиль жолдарының жай-күйін жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелер көтерілді.Әрбір өтініш жан-жақты қаралып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Облыс әкімі барлық тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етіп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1247821?lang=ru
Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті іске қосты 11.07.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасындағы цифрлық сервистер қатарын кеңейтуді жалғастыруда. Енді қызмет алушыларға дайын болған жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қайта барудың қажеті жоқ.Жеткізу қызметіне тапсырыс беру небәрі бірнеше минутты алады. Бұл сервисті құжат немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі дайын болғаннан кейін пайдалануға болады. Қызмет тапсырыс рәсімделген елді мекен шегінде ғана көрсетіледі. Айта кетейік, егер тапсырыс сағат 17:00-ге дейін рәсімделсе, жеткізу сол күні жүзеге асырылады, ал 17:00-ден кейін рәсімделген жағдайда құжат келесі жұмыс күні жеткізіледі.«Бүгінде азаматтар үшін уақыт үнемдеу өте маңызды. Сондықтан біз мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы әрі орталыққа бармай-ақ алуға мүмкіндік беретін сервистерді дамытып келеміз. Дайын құжаттарды жеткізу қызметінің іске қосылуы цифрлық экожүйені дамытудағы кезекті қадам болды және азаматтарға күнделікті істерінен қол үзбей, уақытын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді», – деді Мемлекеттік корпорация Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.Жеткізу қызметіне қалай тапсырыс беруге болады:«ЦОН» мобильді қосымшасына кіріп, «Мамандандырылған ХҚКО» бөлімінен «Құжаттарды жеткізу» қызметін таңдаңыз;Жеткізу мекенжайын көрсетіп, өзіңізге қолайлы уақытты таңдаңыз;Оферта шартымен танысып, келісіміңізді растаңыз және қызмет ақысын төлеңіз.Осыдан кейін қосымша арқылы жеткізу мәртебесін бақылап, курьер туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде көре аласыз.Айта кетейік, жаңа сервистің іске қосылуы рәсімдерді жеңілдетуге және азаматтар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Сондай-ақ «ЦОН» мобильді қосымшасында басқа да сервистер мен мемлекеттік қызметтер қолжетімді. Қосымшаны App Store және Google Play арқылы жүктеп алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1248144?lang=ru
Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың перспективалары Варшавада талқыланды 11.07.2026
Варшава, 2026 жылғы 24 маусым – Польша Республикасының Сенатында Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Польша Сенаторы, Қазақстан–Польша парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшесі Казимеж Клейнамен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ ағымдағы жылдың 18–20 маусымында Қазақстанға жүзеге асқан Польша Республикасы Сенаты Маршалы Малгожата Кидава-Блоньсканың ресми сапарының қорытындыларын саралады.Сенаторға еліміздегі саяси жаңғырудың негізгі бағыттары, оның ішінде алдағы Құрылтай сайлауына дайындық және Қазақстандағы конституциялық реформаларды іске асыру барысы туралы ақпарат берілді.Тараптар сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ), ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы және өзге де еуропалық институттар аясындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде тараптар поляк зиялылары өкілдерінің Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасын дамытуға қосқан үлесін зерттеу мен насихаттауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын да талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1247786?lang=ru
Қазақстан мен Таиланд екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда 11.07.2026
Астана, 2026 жылғы 25 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстанға ресми сапармен келген Таиланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылды талқылады. Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды кеңейтуге және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты қатынастардың тұрақты оң серпінін қанағаттанушылықпен атап өтіп, практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.«Таиланд – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Бүгінгі келіссөздер өзара түсіністіктің жоғары деңгейін және елдеріміздің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға деген ұмтылысын тағы бір мәрте растады», - деді Е.Көшербаев.Келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, цифрландыру, логистика және туризм салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды. Қазақстан өңірлер арасындағы сауда байланыстарын дамыту мақсатында Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін пайдалануға дайын екенін растады.Министрлер сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына бейілдігін растады. Қазақстан тарапы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын таныстырды.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиландтың сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2027–2028 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.Сапар аясында Алматы қаласында екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдері қатысатын Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы өтеді. Форум қорытындысы бойынша сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қою жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1249167?lang=ru
Қостанай облысының әкімдігінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі трафигіне қарсы іс-қимылды күшейту бойынша шаралар талқыланды. 11.07.2026
2026 жылғы 18 маусымда облыс әкімінің төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың отырысы өтті. Қатысушылар кәмелетке толмағандар арасында есірткіге қарсы жұмыстың тиімділігін арттыру және өткізу пункттерінде бақылауды күшейту мәселелерін қарастырды.Өңірде 40-тан астам іс-шара өткізілді, 1600 ақпараттық материал шығарылды, «Есірткісіз болашақ» форумы ұйымдастырылды, «Досым» Telegram-боты жұмыс істейді.Соңғы екі жылда оң динамика байқалады, наркологиялық есепте тұрған кәмелетке толмағандар саны нөлге дейін төмендеді, биыл жасөспірімдерді есірткі қылмыстарына тарту фактілері тіркелген жоқ.Жасөспірімдерде  есірткіге төзбеушілік пен салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыруға назар аудара отырып, басталған жұмысты жалғастыру, қиын жасөспірімдермен атаулы жұмыс жүргізу, білім беру ұйымдарымен және спорт қоғамдастығымен өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.Мемлекеттік шекарадан өтетін есірткі трафигі арналарының жолын кесу мақсатында өткізу пункттерін техникалық жарақтандыру мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды.Отырыс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, тәуекел тобындағы жасөспірімдермен атаулы жұмыс жүргізуге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жетілдіруге бағытталған тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1247744?lang=ru
Қытайлық инвесторлармен ауыл шаруашылығын әртараптандыру жобалары талқыланды 11.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев қытайлық компаниялардың өкілдері Ван Дэфэнг, Лю Сювэй, Ван Цинцай және Бай Яньлунмен кездесті.Кездесуде өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы су үнемдеу технологияларын енгізуге, суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.– Биыл облысымызда дәндік жүгері 10 мың гектарға егілді. Жүгеріні терең өңдеу және тұқым шаруашылығын дамытуға, минералды тыңайтқыштар өндірісіне, жоңышқаның экспорттық әлеуетін арттыру бағытындағы бірлескен жобаларға қызығушылық танытамыз. Инвесторлармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға әрдайым дайынбыз, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Кездесуде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Басты артықшылықтар қатарында аймақтың халықаралық көлік дәліздерінің бойында орналасуы, суармалы жер қорының молдығы және қолайлы табиғи-климаттық жағдайы атап өтілді.Бүгінде облыста 286 мың гектар суармалы жер бар. Оның 178,6 мың гектары – инженерлік жүйеге келтірілген күріш ауыспалы егістіктері.Кейінгі жылдардағы су тапшылығына байланысты күріш егістігі оңтайландырылып, ылғалды аз қажет ететін дақылдар көбейтілуде. Агроөнеркәсіптік кешенді әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу үшін республика көлемінде кешенді шаралар қабылданып, мемлекеттік қолдау тетіктері іске қосылды.Айта кетейік, су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған жобаларды субсидиялау үшін алдағы үш жылға 34 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1247725?lang=ru
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде полиция эстафетасы өтті 11.07.2026
СҚО бойынша ҚАЖД қарасты мекемелердің 25 қызметкерінің қатысуымен полиция эстафетасын ұйымдастырды.Іс-шара қызметкерлердің дене даярлығы деңгейін арттыруға, кәсіби шеберлігін жетілдіруге, командалық өзара іс-қимылды дамытуға және ұжымдық рухты нығайтуға бағытталды. Эстафета барысында қатысушылар өздерінің төзімділігін, күш-қуатын, ептілігін және қызметтік жағдайда жедел әрекет ету қабілеттерін көрсетті.Жарыс бағдарламасына дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттығулар, қызметтік қаруды уақытқа бөлшектеу және жинақтау, оқжатарды патрондармен жабдықтау, жеке қорғаныс құралдарында нормативтерді орындау және жоғары шоғырлануды, жылдамдық пен кәсіби машықтарды талап ететін басқа да тәжірибелік тапсырмалар енгізілді.Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:I орын — №66 мекеме;II орын — №50 мекеме;III орын — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1247701?lang=ru
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Чемпион» жобасының қатысушыларымен бірге спорттық сайыс ұйымдастырылды 11.07.2026
Жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, спортпен тұрақты айналысуға ынталандыру және зиянды әдеттердің, нкшақорлықтың, құқықбұзушылықтың, лудомания мен буллингтің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған ісшара барысында ер балалар жерден көтерілу, белтемір және брусьяда, ал қыздар планка және отырып-тұру (приседание) бойынша өзара бақ сынасты.Ер балалар арасында: І орын – Серік Нұрбақыт; ІІ орын – Саргузин Асылбек; ІІІ орын – Жиенғалиев Нұрқожа; Қыздар арасында: І орын – Тәңірбергенова Әсемгүл; ІІ орын – Мәмбет Аиида;ІІІ орын – Қабешова Анаргүл. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1247693?lang=ru
ХАБАРЛАМА мәслихаттың Өскемен қалалық мәслихатының мүшені сайлау туралыа қалалық сайлау округіой комиссияларжәне оның орнына шығып қалғандароның 11.07.2026
ХАБАРЛАМАмәслихаттың Өскемен қалалық мәслихатыныңмүшені сайлау туралыа   қалалық сайлау округіой  комиссияларжәне оның орнына шығып қалғандароның Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10, 19 баптарына сәйкес"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" (бұдан әрі – Сайлау туралы конституциялық заң) мәслихат Өскемен қалалық мәслихатының сайланғаны туралы хабарлайды мүшеа  қалалық сайлау округіой  комиссияларжәне оның орнына шығып қалғандароныңСаяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта;;2) шешімнен үзінді көшірме саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы;3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/documents/details/549409?lang=ru https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/documents/details/549404?lang=ruСайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы керек.Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын құрған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға міндетті.Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.Мәслихатқа қағаз жүзінде тапсырылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөр басылып, орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі керек.Ұсыныстарды қабылдау жүзеге асырылады 14 шілдеге дейін 2026 жылғы дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. Өскемен қалалық мәслихатыСветаш Александр Александрович – төраға  Өскемен қаласының қалалық мәслихаттың.Мәслихаттың орналасқан жері: Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17.Жауапты тұлғалар – Бжицких Татьяна Александровна  каб. № 204, қалааралық телефон коды (87232), тел. 26-35-38.  электрондық пошта мекенжайы:t.bzhitskikh@akimvko.gov.kzӨскемен қалалық мәслихаты мүшені сайлайдыа  қалалық сайлау комиссиясының  № р/сНөмірісайлау комиссиясыныңучаскеніңОрналасқан жерісайлау комиссиясының Сайлау комиссиясының сайланатын мүшелерінің саны кеткендердің орнына Қалалық сайлау комиссиясы1.  ӨскеменҚ. Қайсенов к-сі, 10а1        Өскемен қалалық мәслихатыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1247699?lang=ru
Банктерді қадағалап стресс-тестілеу банк секторының орнықтылығын растады 11.07.2026
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Банк секторын қадағалап стресс-тестілеу (ҚСТ) нәтижелері бойынша жыл сайынғы есепті жариялады.2025 жылы ҚСТ активтердің сапасын бағалау (AQR) аясына кіретін 11 ірі банкті қамтыды, олардың жиынтық активтері мен кредиттік портфельдері тиісінше банк секторының активтері мен кредиттік портфелінің 86%-ы және 87%-ы болды.2025 жылғы ҚСТ стрестік сценарийде банк секторының орнықтылығын растады.Қатысушы банктердің стрестік сценарийдегі негізгі капиталының (k1) жиынтық жеткіліктілігі 2025 жылғы I тоқсанда 16,1%-ды құрады (2024 жылы 15,0%), бұл буферлерді есептемегенде, 5,5% болатын ең төменгі белгіленген нормативтен едәуір асып түседі.Стрестік сценарийдің ең көп көрінуі кезінде кредиттік (-1,3п. т.) және нарықтық (-1,9п. т.) тәуекелдер ең үлкен теріс әсер етті, бұл ретте таза пайыздық және пайыздық емес кірістер (1,4п. т.) олардың капиталға әсерін ішінара өтеді.ҚСТ нәтижелері бойынша әрбір қатысушы банкке банктердің қолайсыз жағдайларда шығындарды сіңіру қабілетін арттыруға бағытталған және банктердің таза кірісін дивидендтер төлеуге бөлуді шектеу кезінде ескерілетін капиталдың жеткіліктілігіне буфер қолданылды. Банктердің осалдық деңгейіне байланысты буфер мөлшері тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер мен шартты міндеттемелер сомасының 0%-ынан 3%-ына дейін өзгереді. 2025 жылғы жыл сайынғы ҚСТ-ның егжей-тегжейлі нәтижелері есепте тәуекелдер бойынша және өткен жылғы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда ұсынылды. Есеп шеңберінде алғаш рет әрбір қатысушы банк бойынша тәуекелдердің жекелеген түрлері бойынша мәліметтер ұсынылды. Бұл деректерді ашу ҚСТ ашықтығын кезең-кезеңімен арттыру шеңберінде жүргізіледі және нарық пен қоғамның реттеуші саясатқа және жалпы алғанда  банк жүйесіне деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1247687?lang=ru
"Е-Өтініш" ақпараттық жүйесінде жиі қойылатын сұрақтар тізбесі 11.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-tehnologiya/press/news/details/1247580?lang=ru
Аудан өмірін жақсартуға үлес қосып жүрген әйелдер 11.07.2026
Самар ауданында «Мемлекеттік отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру» жобасы аясында белсенді әйелдердің аудандық форумы өтті. Жоба «Антарес А» қоғамдық қоры тарапынан Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда.Форумға түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді әйелдер қатысып, қоғамдағы әйелдердің рөлі, отбасы құндылықтарын нығайту және өңірдің дамуына қосып отырған үлестері туралы пікір алмасты. Іс-шара ашық диалог алаңына айналып, қатысушылар өз тәжірибелерімен, табысты бастамаларымен және ауданның өркендеуіне бағытталған жобаларымен бөлісті.Форум барысында қоғамдық өмірге белсене араласып, ауылдық округтердің дамуына елеулі үлес қосып жүрген әйелдердің еңбегі ерекше аталып өтті. Азаматтық белсенділігі, бастамашылдығы және туған өлкесінің дамуына қосқан үлесі үшін Самар ауданының ауылдық округтерінен келген бірқатар әйелдер Алғыс хаттармен марапатталды.Шараға қатысушылар бүгінде әйелдердің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, мемлекеттік қызмет және қоғамдық жұмыстар сияқты түрлі салаларда табысты еңбек етіп жүргенін атап өтті. Сонымен қатар олар отбасы институтын нығайтуға, жас ұрпақты тәрбиелеуге және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып келеді.Форум мемлекеттік отбасылық және гендерлік саясаттың негізгі бағыттарын насихаттауға, әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыруға және олардың ауданның дамуына қосқан үлесін кеңінен танытуға мүмкіндік берді.Іс-шара соңында қатысушылар алдағы уақытта да қоғамдық бастамаларды қолдап, ауданның өркендеуі жолында бірлесіп еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1247571?lang=ru
Жеке пайдалануға арналған тауарларды айқындау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізу туралы 11.07.2026
2026 жылғы 22 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай Өскемен» кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шара барысында жеке пайдалануға арналған тауарларды айқындау тәртібі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды өткізу нормалары қаралды.Қатысушыларға әуе, құрлық және халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы тауарларды әкелу кезінде қолданылатын құндық және салмақтық шектеулер, сондай-ақ оларды асырып жіберген жағдайда кедендік төлемдерді есептеу тәртібі түсіндірілді.Сондай-ақ тауарларды жеке немесе коммерциялық мақсатта пайдалануын айқындау кезінде олардың саны мен әкелу жиілігі сияқты критерийлердің маңыздылығы атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді және сұрақтарына жауаптар ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1247451?lang=ru
Сот жүйесі қызметкерлерінің еңбегі бағаланды 11.07.2026
«Өнер орталығында» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Судья және сот қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай, құқық қорғау органдарының басшылары, сала ардагерлері мен сот қызметкерлері қатысты.Атаулы күні еліміздегі заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тікелей жауапты мамандардың күнделікті маңызды еңбегі дәріптеледі. Тәуелсіз, әділ және ашық жұмыс істейтін сот билігі – кез келген мемлекеттің тұрақтылығының, құқықтық негіздері мен әлеуметтік-экономикалық дамуының басты кепілі. Әділдік жолы тарихымыздағы хандар мен билерден бері қалыптасып, халқымыздың салтына етене араласып кетті. Сыр өңіріндегі сот жүйесі 1938 жылы Қызылорда облысының құрылуымен қатар қанат жайды.Аймақ басшысы сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, сот жүйесінің қоғамдағы орны мен заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.«Өздеріңізге белгілі, Президентіміздің бастамасымен, халықтың қолдауымен қабылданған жаңа Конституциямыз алдағы шілде айында күшіне енеді. Ата заңымызда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру басты мақсат ретінде белгіленген. Конституциялық реформаның нәтижесінде билік тармақтарының тепе-теңдігі нығайтылды, Конституциялық Сот қайта құрылды. Адам құқықтарын қорғау институттарының әлеуеті артты. Мұның барлығы – елімізді демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытуға бағытталған жүйелі қадамдар.Бүгінгі сот билігі – Конституция мен заңдардың қорғаны. Судьяның тәуелсіздігі – әділ сот төрелігінің кепілі. Азаматтардың сотқа деген сенімі – құқықтық мемлекеттің ең басты көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан қабылдаған шешімдеріңіз әрдайым әділ, ал заң үстемдігі мен адам құқығы кез келген істе ең басты бағдар болсын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында облыстық сот төрағасы Әділхади Шығамбаев сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.Салтанатты шара барысында бірқатар сала қызметкерлеріне Премьер-министрдің бірінші орынбасарының Алғыс хаты, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты, ҚР Жоғарғы Сотының «Құрметті судья», «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгілері, «Сот жүйесінің ардагері» медалі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.Сонымен қатар ҚР Судьялар одағының «Үш би», «Судьялар одағының құрметті мүшесі», «Жеті жарғы», т.б. марапаттары берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1247432?lang=ru
Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі алаңында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтуге шақырды 11.07.2026
Женева, 2026 жылғы 24 маусым – Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің өтіп жатқан 62-сессиясы аясында әйелдер мен қыздарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны жою мәселесіне арналған панельдік пікірталас өтті.Панельдік пікірталастың негізгі спикерлерінің бірі ретінде Қазақстан Дағдарыс орталықтары одағының президенті, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зүлфия Байсақова сөз сөйледі. Ол Қазақстанның дағдарыс орталықтары жүйесін дамыту, зардап шеккендерге психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың қайталануының алдын алу бойынша ведомствоаралық тетіктерді енгізу жөніндегі практикалық тәжірибесін таныстырды.Өз сөзінде З.Байсақова Қазақстанда 50 дағдарыс орталығы жұмыс істейтінін, олардың ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту және әлеуметтендіру қызметтерін мемлекеттік қолдау аясында көрсетуге лицензиясы бар 37 орталық бар екенін атап өтті. Зардап шеккендерге кешенді көмек көрсетуге, зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларды қорғауға, сондай-ақ агрессорлармен жұмыс істеуге бағытталған пилоттық бағдарламаларға ерекше назар аударылды.Іс-шара барысында Женевадағы Қазақстанның БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан бір топ мемлекет атынан бірлескен мәлімдеме жасады. Құжат БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің кең өңіраралық қолдауына ие болып, осы саладағы Қазақстан бастамаларына халықаралық қоғамдастықтың жоғары деңгейдегі назарын растады.Мәлімдемеде тұрмыстық зорлық-зомбылық әйелдер мен қыздардың өмір сүру, қауіпсіздік, денсаулық, қадір-қасиет, теңдік және кемсітпеушілік құқықтарына нұқсан келтіретін адам құқықтарының елеулі бұзылуы болып қала беретіні атап өтілді. Мемлекеттер алдын алу, қорғау, сот төрелігіне қол жеткізу, кінәлілердің жауапкершілігін қамтамасыз ету және қолдау қызметтерін дамыту шараларын қамтитын кешенді, үйлестірілген әрі зардап шеккендерге бағдарланған тәсілді қолдануға шақырды.Қазақстан әйелдер мен қыздарды зорлық-зомбылықтан қорғаудың тиімді ұлттық жүйелерін дамыту, озық тәжірибемен алмасу және халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі жұмысын жалғастыруға дайын екенін растады.Талқылау қорытындысы бойынша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы мемлекеттерге арналған тиісті баяндама мен ұсынымдар әзірлейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1247379?lang=ru
Бразилияда «Орта дәліз» таныстырылды 11.07.2026
Бразилиа, 2026 ж. 24 маусым – «Apex Brasil» Бразилияның экспорт және инвестицияларды ілгерілету жөніндегі агенттігінде «Орта дәліз: Бразилияның Оңтүстік Кавказ және Орталық Азиямен саудасы үшін Каспий көпірі» тақырыбында арналған дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты: Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ Middle Corridor) таныстыру және Бразилиядан Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказға және Оңтүстік Америкаға жүк ағынын арттыру үшін осы сауда бағытын бірлесіп пайдаланудағы ынтымақтастықты ілгерілету болды.Форумда Бразилияның «Apex Brasil» агенттігінің Президенті Лаудемир Мюллер, Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, Әзербайжанның Бразилиядағы Елшісі Рашaд Нoвруз, Бразилия Сыртқы істер министрлігінің экономикалық істер жөніндегі директоры София Хаушилд және «Бразилия-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Касиано Виана баяндама жасады.Қазақстан Елшісі өз сөзінде Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының 85% Қазақстан арқылы «Орта дәлізбен» өтетінін атап өтті. Соңғы жылдары осы бағыт бойынша жүк тасымалының көлемі бес есе, ал 2025 ж. контейнерлік тасымалдар тағы 36% артты.Сондай-ақ, қазақстандық дипломат бұл тақырып Бразилияның сыртқы істер министрі М.Виейраның ү.ж. 11 мамырда Астанаға ресми сапары кезіндегі келіссөздердің күн тәртібінде болғанын еске салды. Атап айтқанда, Бразилиядан Қазақстанға жүк тасымалын және Қазақстан мен Бразилия арасындағы өзара сауданы 1 млрд. долларға дейін арттыру үшін осы бағытты кеңінен пайдалану мүмкіндігі атап өтілді.Кездесуде Қазақстан мен Әзербайжанның Бразилиядағы елшіліктерінің қызметкерлері Транскаспий көлік дәлізінің интерактивті таныстырылынын өткізіп, үш ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынаста осы бағытты кеңінен пайдалану бойынша пікір алмасты.Іс-шара қорытындысы бойынша осы күзде Сан-Паулуда салалық қауымдастықтардың, трансұлттық ұйымдардың және «Орта дәліз» жобасына қатысатын барлық елдер компанияларының қатысуымен көлік және логистика форумын өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Анықтамалық: «ApexBrasil» - бразилиялық тауарлар мен қызметтерді халықаралық нарықтарда ілгерілету және шетелдік инвестицияларды қолдау үшін құрылған ресми бразилиялық үкіметтік ұйым. 2026 ж. 11 мамырда Бразилияның Сыртқы істер министрі М.Вейраның Астанаға ресми сапары барысында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ мен бразилиялық «ApexBrasil» агенттігі арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1247382?lang=ru
Орталық Азия Женевадағы жаһандық диалогтың назарында 11.07.2026
Женева, 2026 жылғы 22 маусым - Женева қаласында «Central Asia in Transformation: A New Vision of National and Regional Development» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Орталық Азия елдеріндегі қазіргі трансформация үдерістеріне және өңірдің даму перспективаларына арналды.Іс-шараға Орталық Азия мемлекеттерінің елшілері мен тұрақты өкілдері, дипломатиялық корпус, БҰҰ жүйесі мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, талдау орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ академиялық және сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Қайрат Саржанов өз сөзінде Орталық Азия өңірі мемлекетаралық ынтымақтастықтың нығаюы, өзара сенімнің артуы және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылдың кеңеюі арқылы сипатталатын даму кезеңінен өтіп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулерінің және C5+ форматының маңыздылығына тоқталды.Сондай-ақ елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және институционалдық реформалар туралы айтып, олардың мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.Пікірталас барысында қатысушылар өңірлік интеграция, экономикалық жаңғырту, көлік дәліздерін дамыту, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз), сондай-ақ инвестициялық және сауда ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады. Қазақстандағы конституциялық реформалар мемлекеттік институттарды нығайту мен демократиялық тетіктерді дамытудағы маңызды қадам ретінде ерекше аталды.Қатысушылар сондай-ақ су және өңірлік қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, инфрақұрылымдық даму және Ауғанстандағы жағдай мәселелерін қарастырды. Диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету өңірдің тұрақты дамуы үшін аса маңызды екені атап өтілді.Дөңгелек үстелді Bulan Institute for Peace Innovations Geneva School of Diplomacy ұйымымен бірлесіп, Geneva Centre for Security Policy қолдауымен ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1247310?lang=ru
ЗАМАНАУИ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ 11.07.2026
Мемлекеттік қызмет – еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуіне негіз болатын маңызды сала.  Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, оның тиімділігі мен ашықтығын арттыру – кез келген мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі, адалдығы мен жауапкершілігі қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімінің басты кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет жүйесін дамыту бағытында ауқымды реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, ашықтықты қамтамасыз ету, меритократия қағидаттарын нығайту, азаматтарға бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру – мемлекеттік қызмет саласындағы кадрлық саясаттың басым бағыттары.Осы тұрғыда мемлекеттік қызмет саласын реттейтін құқықтық базаны жаңарту ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 19 мамыр күні қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң осы бағыттағы реформалардың заңнамалық негізін нығайтып, мемлекеттік аппараттың сапалы дамуына оң серпінін бермек. Заңда қарастырылған өзгерістер Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет қағидаттарына, сондай-ақ кәсібилік, заңдылық, ашықтық, халыққа қызмет ету және меритократия принциптеріне негізделген.Жаңа заңның басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік қызмет жүйесін заманауи талаптарға бейімдеу. Бұл ретте меритократия қағидатын күшейту, яғни мемлекеттік қызметке қабылдау мен қызметтік өсу барысында кәсіби біліктілік пен еңбек нәтижесін басты өлшем ретінде қарастыру көзделеді. Бұл ретте, басшылық емес төменгі лауазымдарды лауазымдық деңгейлерге бөлу арқылы, қызметшінің еңбек өтілін, кәсіби жетістіктері мен тәртібін, сондай-ақ халықтың пікірін ескере отырып, бір лауазым ішінде горизонталды мансаптық өсуге және тиісінше лауазымдық еңбек ақысын ұлғайтуға мүмкіндік беріледі.Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметке дарынды және талантты жастарды тарту бағытында да оң өзгерістер күтілуде. Мысалы, жоғары оқу орындарын GPA көрсеткіштері 3,33 және одан жоғары үлгеріммен үздік аяқтаған түлектер үшін басшылық емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс орналасу мүмкіндігі берілді. Бұдан бөлек, болашақта кәсіби өмірін мемлекеттік қызметке арнаймын деген мектеп түлектері үшін де арнаулы мемлекеттік тапсырыс әзірлеу арқылы талапты жастарды мемлекет есебінен оқытып, артынша мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдану мүмкіндігі берілмек. Бүгінгі таңда, мемлекеттік қызметке ерте кәсіптік бағдарлау тетіктері заңмен бекітіліп мектеп жастарының бойында мемлекеттік қызмет туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында әр оқу жылы өткізілетін кең ауқымды түрлі шаралар кешені одан әрі күшейтілмек. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі ретінде жақын болашақта мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын халықтың сұранысына толықтай сай келетін кәсіби біліктілігі мен тұлғалық құзіреттері барынша жоғары деңгейде дамыған мектеп жасынан бастап анықталған дарындардың қатарынан жасақтау көзделген.Өз кезегінде, заңда мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру және әдеп нормаларын сақтау тетіктері күшейтілген. Бұл мемлекеттік аппараттағы тәртіп пен сенімділікті нығайтуға ықпал етеді. Цифрландыру үдерістерін енгізу де маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Цифрлық жүйелердің қолданылу аясын қадам-қадаммен кеңейту арқылы бюрократиялық кедергілерді азайтып азаматтарға қолайлы жағдай жасалуда.Аталған заңның қабылдануы азаматтар үшін мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттырып, олардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдардың жұмысы ашық әрі нәтижелі бола түсіп, халық пен билік арасындағы өзара сенім деңгейі артады. Сонымен қатар, мемлекеттік аппараттың кәсібилігі артып, басқарушылық шешімдердің сапасы жақсармақ. Бұл өз кезегінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.Қорытындылай келе, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде қолданысқа енгізілетін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың маңызды құралы болып табылады. Ол мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырып қана қоймай, заманауи, ашық және жауапты басқару моделін қалыптастыруға негіз болады.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңАбай облысы бойынша департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1247280?lang=ru