Әлем
Қарулы күштерде үздік сержант анықталды 18.11.2024
Жамбыл облысында Қазақстан Қарулы күштерінің үздік сержанты атағына орай өткізілген XIV Бүкілармиялық конкурстың қорытындысы шығарылды. Бір апта бойы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде Қазақстан армиясының ең мықты деген 118 сержанты кәсіби шеберліктерін көрсетуден сайысқа түсті. Олар команда есебінде де жарысты, оған қоса жеке сайыста өздерінің шеберліктерін көрсетіп бақты.Бүкілармиялық конкурсқа өз өңірлерінде көшбасшылық қасиеттерімен көзге түскен бөлім командирлерінен бастап штаб сержанттарына дейінгі жеті санатта сержанттар қатысты. Әскери қызметшілер мықтылық, төзімділік, табандылық пен мақсатқа ұмтылысты көрсете отырып, бар күш-жігерін танытты.Байқау «Айбын», «Қайсар», «Керуен», «Мерген», «Білімпаз», «Сері» деп аталатын алты кезеңнен тұрды. Апта бойы әскери қызметшілер полигонда марш жүгіру және стадионда жүгіру кезінде ондаған шақырымды артқа тастады. Ату және граната лақтырудан талай нысананы алды, біраз шақырымға жер бауырлап жетті, шартты түрде ұрыс даласында жараланғандардың барлығын құтқарды. – Бүкілармиялық конкурс өткізу сержанттарды даярлауды жетілдіруге ықпал етіп, оларды қызметтегі жеткен жетістіктері үшін жігерлендіру факторы. Қол астындағылардан жауынгерлік және дене шынықтыруда жоғары нәтижелерді талап ете отырып, сержанттардың өздері көпке үлгі болуы керек. Олардың жетістіктері – сержанттардың кәсіби шеберлігінің дәлелі, – деп атап өтті Қарулы күштердің Бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов.Жалпы командалық есепте «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командасы Бүкілармиялық сержанттар конкурсының жеңімпазы атанды. Екінші орынды Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің құрамасы еншіледі. Үшіншісі 14776 әскери бөлімінің сержанттарына бұйырды.Үздік сержант атағына Қазақстан Әскери-әуе күштерінің өкілі (54835 әскери бөлімі), 3-сыныпты сержант Дархан Аслан лайық деп танылды. Дархан – Халықаралық армия ойындарының «Бейбітшілік жауынгері» байқауының бірнеше дүркін қатысушысы. Көптеген адамдар оның дайындық сапасына таң қалды. – Бәсекелестік күшті болды, барлық сержанттар жақсы дайындалған, сондықтан жеңіске жету оңай болған жоқ, – деді Дархан Аслан. – Бірқатар кезеңдерде менің жолдастарым тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бұл жеңісімді өзім қызмет ететін Әскери-әуе күштеріне арнаймын. Маған қолдау көрсетіп, сенгені үшін достарым мен әріптестеріме алғыс айтамын. Екінші орынды Талдықорғандағы ДШӘ десанттық-шабуылдау бригадасының сержанты 3-сыныпты сержант Рауан Тоқтарбеков алды. Үшінші орынды Қорғаныс министрлігі Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледжінің атынан келген 3-сыныпты сержант Темірлан Байзулин иеленді. Конкурстан тыс, алайда полигондарда нәтижелерге қол жеткізуге толық және шынайы ұмтылыспен АҚШ Ұлттық ұланының сержанттары сайысқа түсті. Шебер-сержант Темірбек Халықов атап өткендей, олардың қатысуы әскери қызметшілерге сержанттар құрамын даярлау әдістемелерін салыстыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. XIV Бүкілармиялық сержанттар конкурсының соңы жеңімпаздарды кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапаттау рәсімімен аяқталды. Енді жарыс жеңімпазы Дархан Аслан Астанаға барады, онда Қорғаныс министрі оқу жылының қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілерді марапаттайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/884985
Қазақстанда 50,2 млн тонна жем дайындалды 18.11.2024
Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.Жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жемшөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жемшөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн.гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 14% құрады (2023 жылы-13%).24,5 млн.тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн. тонна), пішен - 1,7 млн. тонна, сабан – 4,6 млн. тонна, концкорм – 5,5 млн. тонна және сүрлем – 2,0 млн. тонна дайындау жоспарланған.Ағымдағы жылдың 18 қарашадағы жағдайы бойынша 34,9 млн.тонна көлемінде шөп немесе бір жылдық жоспардан 142,6%, 2 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 117,6%, 5,6 млн тонна құрама жем (102,2%), 2,3 млн тонна сүрлем (117,9%) және 5,1 млн тонна сабан дайындалды (111,9%).Жалпы, Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884891
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық қарқынды жүріп жатыр 18.11.2024
Алдағы су тасқыны кезеңінде су басу қаупін азайту мақсатында Павлодар облысының ТЖ департаменті алдын алу шаралары бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Ведомство облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарын әзірледі, ол бойынша 36 іс-шара жоспарланған. Сонымен қатар инженерлік жұмыс жоспарына сәйкес 47 іс-шара жоспарланды. Аталмыш іс-шаралардың бірқатары бүгінгі күнде орындалды.Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында ұзындығы 2 км созылатын үш шұңқыр, сыйымдылығы 200 мың текше метр қорғаныс үйіндісі тұрғызылды, атқарылған жұмыстар елді мекенді еріген судан тиімді қорғауға мүмкіндік береді.Шолақсор ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы шеңберінде 2023 жылы Сілеті өзенінің жағасын нығайту, осы өзен арнасын, түбін тазарту және тереңдету бойынша жұмыстар аяқталды, бұл ағымдағы жылы ауылды су басуға жол бермеуге мүмкіндік берді.Соңғы жылдардағы жауын-шашын мен су тасқыны нормасына сүйене отырып, жасанды құрылыстарды орнату, Павлодар, Ақсу қалалары, Ақтоғай, Павлодар аудандары, Атамекен, Кенжекөл кенттерінің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде қолда бар үйінділердің биіктігін арттыру және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл еріген суларды ұстауға ықпал ететін болады.«Жалпы ұзындығы 15 км құрайтын «Ақтоғай-Шолақсор» облыстық маңызы бар автокөлік жолын жөндеу жұмыстары толық көлемде аяқталды. Бұл учаскеде су өткізгіш құбырларға жөндеу жүргізілді, бұл еріген судың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Инженерлік жұмыстар жоспарын іске асыру аясында Ертіс ауданының Қарақұдық ауылына кірме жолға ұқсас үш су өткізгіш құбыр орнатылды», - деп облыстық ТЖ департаментінің бастығы Рустамбек Амрин атап өтті.Сонымен қатар елді мекенді су басу қаупін болдырмау үшін Ақтоғай ауданы Жамбыл ауылы Талинка өзенінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Павлодар ауданы Розовка ауылының дала аймағында дренаж бойынша жұмыс істейтін елді мекендерден еріген қар суын бұруға арналған бұру арналары өткізілді.«2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың республикалық жол картасы шеңберінде толық көлемде іске асырылған 7 іс-шара қазіргі уақытта іске асырылды. Мысалы Қалқаман-Баянауыл, Үміткер-Ботақара автожолдарында екі көпірдің құрылысы аяқталды, олар автожолдардың бұзылуына, сумен толып кетуіне, тасқын және еріген сулардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді», - деп ТЖ департаментінің бастығы хабарлады.Облыстағы алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс ерекше бақылауда және жалғастырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/884887
ТЖМ құтқарушылары әуе кемелеріндегі өрттерді сөндірудің тактикалық тәсілдерін пысықтауда 18.11.2024
«Павлодар» әуежайында оқу-жаттығулар өтті, оның мақсаты әуе кемесінің бортында төтенше жағдайлар кезінде түрлі қызметтердің іс-қимылдарына дайындықты арттыру және үйлестіру болып табылды. Павлодар облысы ТЖД бөлімшелері мен әуежай қызметкерлері адамдарды ұшақтан тез және қауіпсіз эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізді, әуе кемесінің бортында өртті тиімді сөндіру үшін әдістер мен жабдықтар пысықталды. Оқу-жаттығудың тактикалық ойына сәйкес, Boeing 737-300 әуе кемесі қону кезінде реактивті қозғалтқыштың механикасы зақымданып 106 шаршы метр аумағында жану орын алды. Әуе кемесінің командирі әуе диспетчеріне төтенше жағдайдың туындауы, апаттық қону және өрт сөндіру экипажының қажеттілігі туралы ақпарат берді. Апатқа ұшыраған ұшақтан кейін шұғыл қызмет мамандары шартты зардап шеккендерді эвакуациялауға және өртті жоюға дереу кірісті.Сондай-ақ, осындай оқу-жаттығу «Әулие Ата» халықаралық әуежайында өткізілді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың сценариі бойынша «Талдықорған-Шымкент» әуе бағыты бойынша ұшқан жолаушылар ұшағының қозғалтқыш бөлшегі ақауға ұшырап, «Әули-Ата» халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақ апатты жағдайда қону барысында жанармай багы зақымдануы салдарынан авиациялық отынның төгілу жағдайы орын алып, өрт шыққан. Ұшақтағы өртті сөндіру үшін көмекке өрт сөндіру қызметін шақырған әуежайдағы жергілікті өрт сөндірушілер, олар келіп жеткенге дейін өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Ал одан әрі оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары өртке оранған ұшақты сумен, көбікпен сөндіру жұмыстарын атқарып, сондай-ақ адамдарды құтқару және қауіпсіз орынға көшіру жұмыстарымен айналысқан. Өрт оқиғасы орнында 2 жауынгерлік участок құрылып, 5 адам құтқарылып, 85 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіліп, жедел түрде ауруханаға жөнелтілді.Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар соңында ұшақтағы өртті сөндіру бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқу-жаттығулар қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/884932
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ 18.11.2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Арман Сәбитовтің бастамасымен, аудан аумағында күзгі тал егу, сенбілік жұмыстары қарқынды жалғасуда. Айналаны абаттандыру шарасына бюджеттік мекеме, білім беру ұйымдары, «Көрікті Сайрам» мекемесі қызметкерлері және аудан тұрғындары, жалпы 9440 адам белсене атсалысты.Қоғамда экологиялық мәдениеттті қалыптастыруға бағытталған шара барысында 125 шақырым көше бойлары мен 13 шақырым аяқжолдары ретке келтіріліп, 2.2 шақырым арық-атыздары мен ирригациялық жүйелері қоқыстардан тазаланды.Бұдан бөлек, аудан аумағындағы 14 спорт және балалар алаңшалары мен 8 аялдама ретке келтіріліп, көшелердің көркін кіргізді. Жалпы 4500-ден аса түп күзгі көшеттер егіліп, көше бойының көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Сайрам ауданында бекітілген жоспар бойынша биылғы жылдың күз айларында 23300 түп ағаш көшеттерін отырғызу белгіленген. Бүгінгі таңда аудан аумағында 2500 түп терек көшеті, 10 000 түп қарағаш көшеттері, 5000 түп лигуструм, 250 түп раушан гүлі, 250 түп бозарша, 1000 түп сирия раушан гүлі, 1000 түп айлант, 3050 түп шаған, 250 түп арша көшеті отырғызылды.Аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға 36 техника жұмылдырылды. Полигон аумақтарына 16,6 тонна қоқыс тасымалданды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/884701
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ 55 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ 18.11.2024
Жетісай ауданының орталығында Жетісай қаласының 55 жылдығы аясында мерекелік іс-шара өтті. Жиынға арнайы аудан әкімі Серік Мамытов қатысып, аймақтағы үздік шаруаларды марапаттады. «Жеңіс» алаңында ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің өндірген өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. Сондай-ақ, алаңда ұлттық тағамдар дайындалып, аудан тұрғындарына ұсынылды. Қаланың 55 жылдығына орай, 55 метрлік кәуап пен 55 сантиметрлік самса дайындалып, шаһар тұрғындары мен қонақтарына таратылды.Сонымен қатар, ауданда «JETISAI KITAPFest – 2024» кітап көрме-жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеде «QAZYNA», «ОТБАСЫ хрестоматиясы», «Olja Peak», «MARFU book», «MAZMUNDAMA», «Qasym kitaphanasy», «KitapAl», «Steppe&world», «Ziyat», «KAZAKH CONTENT» секілді Алматы қаласынан шақырылған 10 баспа 15 мыңнан астам түрлі жанрларда жазылған кітаптарды көпшілік назарына ұсынды. Бұдан бөлек, ұлттық спортты дәріптеу және бұқаралық спортқа деген жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру, садақ ату, қошқар көтеру сынды спорт түрлерінен жарыс өтті.Бұдан өзге, орталық саябақта жасөспірімдер арасында кіші футболдан ауданның ашық біріншілігі мен «Алыптар сайысы» өтті. Ауданда тұңғыш рет өткізілген байрақты бәсекеге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Азамат Мақұлбеков қонақ ретінде арнайы қатысты.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/884704
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ 18.11.2024
Түлкібаста орналасқан Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейі бүгін бірқатар құнды жәдігерлермен толықты. Мемлекет және қоғам қайраткерінің 130 жылдық мерейтойының қонақтары мәдени ошаққа ат басын бұрып, аудан тарихы мен жетістіктерінен, біртуар тұлғаның еңбек жолынан махлұмат алды. Кітап көрмесімен танысты.Белгілі зерттеуші-ғалым, жазушы, тұрартанушы Мұхтар Қазыбек 100 жыл бұрын басылып шыққан көне кітаптың түпнұсқасын тапсырды. Ұлы тұлғаның немересі Аделя Рысқұлова атасының шағатай тілінде жазған екі хаты мен «АЛЖИР» лагеріне қатысты кітапты табыстады. Сонымен қатар Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков ерекше картинаны сыйға тар тты.Облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты мәдениет ошағы 1963 жылы қоғамдық негізде құрылған. 1976 жылы мемлекеттік мекеме мәртебесін алды. 1983 жылы облыстық тарихи өлкетану музейінің бөлімшесі болып қайта құрылды. Қазіргі таңда музей қорында 7 мыңға жуық экспонат бар. Оның ішінде негізгі қор 5 мыңнан асса, қалған экспонат ғылыми-көмекші қорға тиесілі.1994 жылы ірі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 100 жылдығына орай музейге есімі берілді. Музей екі қабатты жалпы көлемі 753,3 шаршы метрді құрайтын ғимараттан тұрады. Оның ішінде экспозиция залдары мен қор қоймасы бар.Айта кетейік, арда азаматтың ата-бабаларының ата қонысы – мекені болған Түлкібас ауданында тұлғаның 95, 100, 110, 120 жылдық мерейтойлары ерекше салтанатты жағдайларда атап өтілді. Игі дәстүрге айналған қоғам қайраткерінің биыл 130 жылдығы облыс, аудан көлемінде жалғасын тауып, жоғарғы деңгейде аталып өтуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/884707
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ РОМАНСТАРЫН ОРЫНДАУШЫЛАР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТІП ЖАТЫР 18.11.2024
Бүгін Түркістанда ХХVI «Қазақ романсиадасы» романс орындаушыларының байқауы басталды. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен 60 үміткер қатысып жатыр. Олар байқау ережесіне сәйкес екі кезең бойынша бақ сынайды. Қазақ және орыс тілінде романс орындайды.Байқауға Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Романсиада» халықаралық байқауы идеясының авторы және ұйымдастырушысы Галина Преображенская, Өзбекстан Республикасының халық әртісі Аваз Раджабов, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Игорь Воронцов, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, Қазақтың кәсіптік өнері кафедрасының доценті Гүлзат Даурбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана опера» жетекші солисі Талғат Мұсабаев, гала-концерт қонағы «Романсиада-2018» халықаралық байқауының лауреаты, опера әншісі Николай Землянских қазылық етуде.Осы байқау аясында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қазылар алқасымен кездесті. Кездесу барысында мәдениетті дамыту бағытындағы ұсыныстарын тыңдап, бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.Айта кетейік, 17 қараша күні сағат 19:00-де «Фараб» кітапханасының залында Гала-концерті мен марапаттау рәсімі өтеді. Байқау жеңімпазы желтоқсан айында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына қатысады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/884710
Қарағандылықтар тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатының жүлдегерлері атанды 18.11.2024
Қарағандылық Асылхан Қожанәсіп Түркияда тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатында алтын алды, ал Аңсаған Қожанәсіп пен Жақсылық Рахымжан қола жүлдегер атанды. Зияткерлік ойынға 14 елден – Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Испания, Франция, Чехия, Украина, Грузия, Венгрия және АҚШ-тан 100-ге жуық спортшы қатысты.Жарыс тоғызқұмалақтың классика, рапид және блиц сияқты түрлері бойынша өтті.Асылхан Қожанәсіп классикада бірінші болды,Аңсаған Қожанәсіп блицте үшінші орын алды. Жақсылық Рахымжан мангала түрік зияткерлік ойынында қола жүлдеге ие болды.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/884690
Ақтөбелік «жасылелдік» сарбаздар Астананы аралап қайтты 18.11.2024
Еске салайық, өткен аптада «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы және студенттер отряды 20 жылдықты атап өтіп, биылғы маусымды қорытындылады.Сол салтанатты жабылу шарасында үздік деп танылған 100 сарбаз облыс əкімінің қолдауымен əсем қала Астанаға бару мүмкіндігіне ие болған-ды.Елордада экскурсияның үш күнін керемет көңіл-күйде өткізген жастар Ақтөбе қаласына оралды.Ұмытылмас күндер, қызықты сәттер, мүмкіндіктер сыйлаған жандарға олардың айтар алғысы шексіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/884880
Абай облысында Digital IT Abai форумы өтті 18.11.2024
Форум заманауи технологиялық үрдістерді талқылау, тәжірибе алмасу, кәсіби өсу мен ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндік алаңы болды.Форумда дәрістер, шеберлік сабақтары және жетекші сала мамандарымен ашық сұрақ-жауап өтті. Қатысушылар білімдерін тереңдетіп қана қоймай, түрлі саладағы инновацияларды енгізу жөнінде құнды ұсыныстар алды.Форумның маңызды сәттерінің бірі Abai IT Idea Battle – бизнес-идеялар сайысы болды. Онда қатысушылар технологияларды дамытуға және әртүрлі салалардағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды ұсынды. Сондай-ақ Robotics Hackathon 2.0 сайысы барысында әзірлеушілер инновациялық роботтарды жасаудағы дағдыларын көрсетті. Хакатонның жүлде қоры 600 000 теңгені құрады, бұл қатысушылар үшін қосымша ынталандыру болды.Танымал сарапшылар да сөз сөйледі. Олардың қатарында FlutterFlow-тың Орталық Азия және ТМД елдеріндегі елшісі, No code & AI Code маманы Диас Жұмағалиев пен ҚБТУ мультимедиялық технологиялар орталығының директоры және Gamelab ҚБТУ аға ғылыми қызметкері Александр Мезин бар. Олар заманауи технологияларға деген көзқарастарымен бөлісті, жасанды интеллект пен машиналық оқытуды іс жүзінде қолдану, DPG Sim кейс мысалында білім беру үдерістерінде ойындарды пайдалану, сондай-ақ өңіріміздегі стартаптар үшін мүмкіндіктер туралы айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884814
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» 18.11.2024
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?» Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі? Ең төменгі жеткіліктілік шегінің (ТЖШ) мөлшері салымшының жасына байланысты айқындалады. Салымшы неғұрлым егде тартып, зейнеткерлік жасқа жақындаған сайын, оның болашақ зейнетақы төлеміне қойылатын талаптар да арта түседі. Себебі, оның еңбек қызметі аяқталғаннан кейін алатын зейнетақы табысы халықаралық стандарттарға барынша жақын деңгейде қамтамасыз етілуі тиіс. ТЖШ мөлшерін айқындау кезінде болашақтағы зейнетақы төлемдерінің келтірілген құнын есептеудің классикалық формуласы қолданылады. Басқаша айтқанда, жаңа формула арқылы салымшының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) дәл қазіргі уақытта болуы тиіс зейнетақы жинағының ең төменгі мөлшері, яғни ТЖШ көлемі есептеледі. Бұл жинақ болашақтағы зейнетақы төлемдерін мақсатты деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Келтірілген құн формуласының қолданылуы өмір бойына төленетін зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті жинақ көлемін есептеудің халықаралық тәжірибесіне негізделген. Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді? ТЖШ-ны есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ең төменгі зейнетақы жинақтарына қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған. Бұл өзгерістер болашақтағы зейнетақы төлемдерінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыруды көздейді.Енді ТЖШ мөлшері әрбір салымшының жасына қарай келтірілген құнды есептеудің стандартты формуласы негізінде және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мақсатты көрсеткіштерін ескере отырып айқындалады. Нақтыласақ, жаңа әдістеме «Болашақта лайықты деңгейдегі зейнетақы табысын алу үшін бүгін жеке зейнетақы шотында қандай ең төменгі сома қалуы тиіс?» деген сұраққа жауап береді.Формула ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер), қаржылық (табыстылық мөлшерлемелері мен зейнетақы төлемдерін индекстеу) факторларды, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді – жасына байланысты ең төменгі зейнетақы мөлшерін және ең төменгі жалақыны ескереді. Бұл болашақтағы зейнетақы төлемдерінің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, енді ТЖШ есептеу кезінде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейін түсетін болашақ міндетті зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Өйткені өмірлік жағдайларға байланысты жарналар толық көлемде аударылмауы немесе белгілі бір кезеңдерде мүлде түспеуі мүмкін. Мұндай тәсіл азаматтардың жинақтарының бір бөлігін пайдаланғаннан кейін болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған. Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі неге өзгертілді? 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшыларына тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу сияқты заңнамада көзделген балама мақсаттарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін зейнеткерлік жасқа дейін мерзімінен бұрын пайдалану құқығы берілді. Осыған байланысты мемлекеттік органдар Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін[1] әзірлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітті.Алайда кейінгі жылдары салымшылардың ТЖШ-дан асатын зейнетақы жинақтарын жеке зейнетақы шоттарынан жиі алуы олардың болашақта БЖЗҚ-дан алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің төмендеуіне себеп болу қаупі туындады. Осыған байланысты ең төменгі жеткіліктілік шектерінің мәндерін қайта қарау туралы шешім қабылданды.Бұл өзгерістер халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес болашақтағы зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігін кезең-кезеңімен қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Сондықтан болашақ жинақтаушы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының сомасына және зейнетақы жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен салымшының еңбек табысын алмастыру коэффициентінің өсуіне қойылатын талаптар күшейтілді. Жаңа модельдің енгізілуі зейнетақы жүйесінің орнықтылығын нығайтуға және азаматтарды болашақта лайықты деңгейдегі зейнетақымен қамтамасыз етуге бағытталған. Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма? Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін заңнамада көзделген баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар үшін сақталады.Сондай-ақ жоғалтқан еңбек табысының кемінде 40 пайызы мөлшерінде зейнетақы алатын зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушылар да бұрынғыдай өз жинақтарын пайдалана алады. Бұл – өзін зейнетақымен қамсыздандыруды белгілі бір деңгейде қамтамасыз еткен азаматтар санаты.Десек те, зейнетақы жинақтарын пайдалану тәсілдері азаматтарды болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып одан әрі жетілдіріле береді. Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ? 2025 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 76 жасқа жетіп, тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі демографиялық деректер халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық деңгейінің едәуір жақсарғанын көрсетеді. Мәселен, 1991 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 67,6 жасты құраса, 2001 жылы – 65,6 жас, 2011 жылы – 68,98 жас, 2021 жылы – 70,23 жас болды.Осылайша, соңғы үш жарым онжылдықта Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа ұзарды. Өмір сүру ұзақтығының артуы азаматтардың зейнеткерлік кезеңде бұрынғыдан да ұзақ уақыт өмір сүретінін білдіреді. Сондықтан еңбек қызметі аяқталғаннан кейін қалыптасқан өмір сүру деңгейін сақтау үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың маңызы арта түседі.Ең төменгі жеткіліктілік шектерінің ұлғайтылуы азаматтардың болашақта неғұрлым лайықты деңгейдегі зейнетақы алуына және зейнеткерлік кезеңде ұзақ уақыт бойы қаржылық тұрақтылығын сақтауға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1266033?lang=ru
Бибігүл Төлегенова 95 жасын «Астана Опера» сахнасында атап өтті 18.11.2024
«Астана Опера» театры сахнасында атақты өнер қайраткерлері бас қосып, аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған концертке Шахимардан Әбілов, Айгүл Үлкенбаева, Альфия Каримова, сонымен қатар Зарина Алтынбаева, Толқын Забирова, Самал Бәйсейітова, Айзада Омарова және Нұрғалым Аманбай сынды көптеген танымал әртістер қатысты.Кеш Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан «Тойбастар» жарқын көрінісімен басталды. Б.Төлегенова байқауының лауреаттары Расул Жармағамбетов пен Татьяна Вицинская, «Астана Опера» хоры, оркестрі мен балет труппасы дирижер, «Құрмет» орденінің кавалері Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен бүкіл концертке мерекелік шырай қосты.Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаевтың мәнерлеп оқуындағы Фариза Оңғарсынованың «Бибігүл – ән» өлеңі кештің көркіне айналды. Мерейтой иесінің шәкірті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың орындауындағы Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әйгілі әні барша халықтың сүйіспеншілігі ретінде қабылданды. Бұл ән Б.Төлегенова шығармашылығында әлдеқашан бейресми символға айналған еді.«Ата толғауы» қазақ биін орындаған «Астана Балет» труппасы ерекше сый-сияпат жасады. Көрермендер «Forte Trio» аспаптық ансамблінің орындауындағы қазақ әндерінен попурриді де ықыласпен қабылдады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/884878
Еңбекмині қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыратын жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін реттейді 18.11.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қызметін ұйымдастыру бойынша еңбек мобильділігі орталықтарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларының жобасын әзірледі. Құжат жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.Құжаттың негізгі мақсаты – республикадан тыс жерлерге жұмысқа шығатын қазақстандықтарды даярлауды, олардың еңбек қызметін тиімді ұйымдастыруды және шетелде еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.Қағидалар шетелде азаматтарды жұмысқа орналастыруға қатысуға үміткер жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ осы агенттіктердің еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.Сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің шетелде жұмысқа орналасқысы келетін ізденушілерді іріктеу және оларды даярлау тәртібі регламенттеледі.Бұдан басқа белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің тізілімін құру және жүргізу көзделеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/884796
ТЖМ қызметкерлері тұрғын үй секторына көп көңіл бөледі 18.11.2024
Маңғыстау облысының ТЖ департаменті жылу беру кезеңінде өрт қаупін азайту мақсатында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын жалғастыруда.«Әрбір үйге қауіпсіздік!», «Улы газдан сақ болыңыз!» акциялары аясында ТЖД бастығы полковник М.С. Мұхановтың басшылығымен жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіру және халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде газ талдағыш датчиктерін орната отырып, кезекті аула аралаулар өтті.Облыс бойынша өрт қаупіне барынша бейім барлығы 2,5 мыңнан астам халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлері есепке алынды, бұл топтағы барлық тұрғын үйлер мекенжайы бойынша профилактикалық жұмыстармен 100% қамтылған.Тұрғын үйлерде улы газбен уланудың алдын алудың бірден бір әдісі – жылыту қазандықтары орнатылған бөлмелерде газ концентрациясын анықтайтын газ талдағыш датчиктерін орнату.«2019 жылдан бастап ТЖД мен әкімдіктердің бастамасымен халықтың әлеуметтік осал топтары азаматтарының үйлерінде 8,5 мыңнан астам датчик орнатылды, бүгінгі күні тағы 1,5 мың датчик орнатылуда, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін едәуір арттырады және өрт санын азайтуға ықпал етеді», - деді ТЖД бастығы М.С. Мұханов.Сонымен қатар өрт қауіпсіздігін кеңінен насихаттау аясында департамент жылыту маусымында Instagram әлеуметтік желісінде өрт қауіпсіздігі туралы таргетті бейнероликтер жарияланды, нәтижесінде қысқа мерзімде 1 миллионға жуық оқырман қамтылды.Жұмыс жылыту маусымының соңына дейін жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/884832
Жетінші бағалау циклінің климаттың өзгеруі жөніндегі Үкіметаралық тобының төрағасымен кездесу 18.11.2024
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі жетінші бағалау циклінің климаттың өзгеруі жөніндегі Үкіметаралық тобының төрағасы Джим Скеамен екіжақты кездесу өткізді.Кездесу барысында келесі жаһандық қорытындылауға маңызды үлес қосатын жетінші бағалау баяндамасын дайындаудың маңыздылығы, сондай-ақ әдіснамалық есептерді дайындау үшін сарапшылар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігі атап өтілді.Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдардың жұмыс нәтижелері негізінде Үкімет аралық топ жүргізетін климаттың өзгеруін бағалау саясаткерлерге ұтымды, дәлелді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.Анықтама ретінде. Үкімет аралық топ – 1988 жылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) құрған климаттың өзгеруін бағалаудың жетекші органы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/884795
Елордада Сарайшық ауданының әкімі тағайындалды 18.11.2024
ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 39 жастағы Мақсат Саматұлы Сарайшық ауданының әкімі болып тағайындалды. Тағайындалғанға дейін Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды.Ол еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық», Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде және т.б. жұмыс істеді.2012 жылдан бастап 2019 жылдың мамырына дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда болды. 2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді.Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Сарайшық ауданы әкіміне аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндет жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/884723
Елордада Алматы ауданының әкімі тағайындалды 18.11.2024
ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 39 жастағы Рустам Тәуекелов Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы қызметін атқарған.Еңбек жолын ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бастаған. Әр жылдары «Балкантау KZ» ЖШС басшысы, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС директорының орынбасары, «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.2022 жылдың қазан айынан бастап «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы қызметін атқарды.Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы ауданы әкімінің алдына аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндет қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/884725
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАДИСПЕТЧЕРЛЕРІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ БАР ЖАТТЫҒУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНДА ДАЯРЛАУДАН ӨТЕДІ 18.11.2024
«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында 15 қарашада жаңа оқу-жаттығу құрылғысы кешені іске қосылды. Ол әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерінің алғашқы дайындығы мен жаттығуларын өткізуге арналған.АҚШ өндірісінің «Air Traffic Simulation and Voice Technologies» жаттығу кешенін «Қазаэронавигация» РМК тапсырысы бойынша әуе қозғалысын басқаруды модельдеу жүйесін әлемдік әзірлеуші UFA Inc. құрған.Ол болашақ диспетчерлердің бастапқы даярлаудан өтіп қана қоймай, жұмыс істейтін диспетчерлердің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Кешеннің техникалық мүмкіндіктері әуеайлақтағы әуе трафигі мен жердегі жағдайды имитация жасауға мүмкіндік береді. Ал жасанды интеллект оқу барысында пилотты алмастыра алады және радиобайланысқа ЖИ шығады. Сондай-ақ кешеннің функциясына виртуалды шынайылықты модельдеу кіреді, бұл авиадиспетчердің шынайы жұмыс орнын барынша қайталауға мүмкіндік береді.Жаңа оқу-жаттығу құрылғысы кешені жүйесіне жүктелген аэронавигациялық карталар Республиканың қолданыстағы әуеайлақтары мен әуе кеңістігін имитациялайды. Қазіргі таңда бұл жабдыққа Қазақстанда да, Орта Азияда да балама жоқ.2023 жылдың қорытындысы бойынша «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында 291 адам жаттығу кешенінде даярлаудан өтті. Ағымдағы жылдың 9 айында осындай дайындықтан 192 адам өтті. Жаңа тренажер Орталық нұсқаушыларына болашақ және жұмыс істеп тұрған әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін екі есе көп оқытуға мүмкіндік береді.Айталық, Кәсіби дайындау орталығы ИКАО TRAINAIR PLUS Gold бағдарламасының толыққанды қатысушысы мәртебесіне ие Қазақстан Республикасындағы жалғыз авиациялық оқу орталығы. Бүгінде КДО басшылығы өз алдына ИКАО TRAINAIR PLUS Platinum мәртебесіне қол жеткізу және Қазақстанның ғана емес, Орталық Азия мен ТМД-ның авиация секторындағы жетекші оқу орталығына айналу міндетін қойып отырАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/884720
Елорда колледждерінің арасынан үздік волейбол командалары анықталды 18.11.2024
Астанада Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж базасында қыздар арасында волейболдан өткен жарыс аяқталды.Оған 13 колледждің студенттері қатысты. Спорттық іс-шара Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына орайластырылған.Турнир ҚР Қорғаныс министрлігі және "Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігінің бастамасымен өтті."Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігінің өкілі, запастағы генерал-майор Марат Нағұманов атап өткендей, жас қазақстандықтар өз елінің тарихын біліп, оның аты аңызға айналған ұлдарын есте сақтауы керек.⁃ Спорттық іс-шара жақсы дәстүрге айналған. Өткен жылы біз ұлдар арасында осындай турнир өткіздік. Мықты, дені сау және Отанға адал жастар – мемлекетіміздің одан әрі дамуы мен өркендеуінің кепілі, - деп атап өтті ол.Турнир командалық рух, күш, ептілік және волейболшылардың спорттық шеберлігі басым болған қызықты, шиеленісті сәттерге толы болды. Жарыс қорытындысы бойынша "Астана халықаралық университеті" педагогикалық колледжінің командасы үздік деп танылды. Екінші орынды Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледж құрамасы иеленді. Үшінші жүлделі орынға Қазақстандық Халықаралық Лингвистикалық колледжінің волейболшылары ие болды.Турнирдің жеңімпаз командасы мен жүлдегерлеріне кубоктар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/884740