Әлем
Еліміздің екі өңірінде жайлы мектеп ашылды 16.11.2024
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысының Арқалық қаласында және Жамбыл облысының Тараз қаласында тағы екі жайлы мектеп ашылды.Арқалықтағы мектеп 300 орынға арналған, онда балалардың бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында заманауи жабдықтармен жарақтандырылған 26 оқу кабинеті бар.Айта кететіні, мектепте оқушылардың IT-құзыреттілігін, ғылыми және шығармашылық әлеуетін қолдау үшін заманауи робототехника кабинеттері, компьютерлік сыныптар және STEM-зертханалары да қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік, жуырда осы өңірдің Заречный ауылында да жаңа жайлы мектеп қолданысқа берілген болатын.Тараз қаласында да 1200 орындық жайлы мектеп оқушыларға өз есігін айқара ашты. Мектеп ғимаратында мәжіліс залы, 60-қа жуық оқу кабинеті, асхана, 2 спорт залы, 2 лингафон кабинеті, 3 зертхана, кітапхана, компьютер залдары, сонымен қатар 3 шеберхана мен 10 коворкинг-орталық бар. Бұл Жамбыл облысында ашылып отырған екінші жайлы мектеп.Айта кету керек, жыл басынан бері елімізде 84 мың оқушы орнына арналған 32 жайлы мектеп ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/878765
ФРАНЦИЯҒА САПАР ШЕҢБЕРІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА БІРҚАТАР КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ 16.11.2024
Президенттің Франция Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстан мен Францияның арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді.Француз тарапымен кездесулер барысында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, цифрландыру мен телемедицинаны жетілдіру, онкологиялық көмекті жақсарту, инновациялық технологияларды енгізу, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, тәжірибе алмасу, мамандарды оқыту және т. б. бағыттарда белсенді өзара іс-қимыл белгіленді.Қазақстандық делегацияның қатысуымен Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің 13-ші отырысында ҚР ДСМ мен Франция Республикасының Денсаулық сақтау және медициналық көмекке қол жеткізу министрлігінің арасындағы денсаулық сақтау және профилактика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы декларацияны, сондай-ақ қазақстандық және француз ұйымдарының арасындағы 12 меморандумды қоса алғанда, бірқатар құжаттарға қол қойылды.Сапар шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың Франция Республикасының Денсаулық сақтау және алдын алу министрі Женевьева Дарьёсэк ханыммен екіжақты кездесуі өтті. Тараптар тиімді медициналық персонал арқылы медициналық көмек көрсету сапасын арттыруды, МСАК бойынша елдер коалициясын ілгерілетуді және т. б. қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы қазақстан-француз ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылады.Сондай-ақ денсаулық сақтау, цифрлық денсаулық сақтау, ғылыми зерттеулер және кадрлық әлеуетті арттыру саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері денсаулық сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстелде қаралды. Сондай-ақ, Кюри институты, Страсбург университеттік ауруханасы, жоғары психомоторлы оңалту институты, Hekia, AFD, C3Medical, Proparco, EHESP және т. б. сияқты француз ұйымдары мен компаниялары қатысты.Сондай-ақ, қазақстандық делегация Францияның медициналық ұйымдарына барып, В2В форматындағы ұйымдармен және компаниялармен кездесулер өткізді, онда бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді, олардың міндеті халыққа әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталған ортақ мақсаттарға қол жеткізу болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/878712
С. Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауына өтінімдер қабылдау басталды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында белгілі қаламгер, көрнекті көсемсөз шебері, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталғанын хабарлайды.Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:1. «Үздік спорттық телевизиялық репортаж»;2. «Үздік спорттық жарияланым»;3. «Үздік спорттық фоторепортаж». Өтініштер мен мақалалар Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8 үй, 6 қабат, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне немесе sportpress86@mail.ru электрондық поштасы арқылы («2024 жылғы С. Бердіқұлов атындағы байқауға» деген белгімен) қабылданады.Қабылдау мерзімі – 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін.Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми сайтыС. Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауына өтінімдер қабылдау басталдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/878694
ҚАБЫЛДАУ: 200-ДЕН АСА АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ 16.11.2024
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті рет азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдау кезінде негізінен, тұрғындар әлеуметтік қамтамасыз ету, баспана, жер телімдерін заңдастыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік, білім беру салаларына қатысты, қаланы абаттандыру, жолдарды асфальттеу және заңсыз құрылыс нысандары туралы сұрақтар қаралды. Қала әкімі, орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан әкімдері шамамен 200 тұрғынды қабылдады. Қала басшысы жауаптыларға өзекті мәселелерді шешуде азаматтардың ұсыныс-пікірлерін ескеруді тапсырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/878633
Көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың есімі ЮНЕСКО төрінде ұлықталды..! 16.11.2024
Бүгін қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген қаламгердің 100 жылдығы Париж қаласында, ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде аталып өтті.Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан 1992 жылы ЮНЕСКО мүшесі болды. Сол кезеңнен бастап түрлі салаға қатысты шаралар халықаралық деңгейде қолдау тауып келеді.Сондай ауқымды шаралардың бірі 100 жылдық мерейтойға арналған конференцияны Елші, ҚР-ның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов жүргізді. Алқалы жиынға ҚР МАМ комитетінің төрағасы Рустам Әли қатысып, көпшілікке ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының құттықтауын жеткізді . Ал Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының құттықтауын облыстық маслихат төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы жеткізді. Сондай-ақ отырысқа бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.Бұған қоса шара барысында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Осы орайда Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, жазушы-публицист Марат Тоқашбаев, филология ғылымының докторы Кенжехан Матыжанов және ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Жанарбек Əшімжан сөз алып, Б. Соқпақбаев шығармашылығының ерекшелігі, сондай-ақ Азия және Еуропа елдерінің әдеби байланысының маңызына тоқталды. Оған қоса асылдың тұяғы Самал Соқпақбаева әкесі жайлы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Шара барысында Мәдениет жөніндегі ЮНЕСКО Бас диреткорының орынбасары Эрнесто Оттоне Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын жоғары бағалап, өз ойларын ортаға салды.Сонымен қатар, Қазақстанның халық әртісі, күйші-сазгер Секен Тұрысбек және «Үшқоңыр» фольклорлық ансамблі көпшілікке қазақ өнерін паш етті.194 мемлекеттің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын дамытып жүрген ЮНЕСКО жұмысы алға баса берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/878650
Мемлекеттік органдардың радиоэлектрондық құралдары үшін жиіліктер мен радиожиіліктер белдеулерін беру қағидалары бекітіледі 16.11.2024
Қорғаныс министрлігі «Мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиоэлектрондық құралдар үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру қағидаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.ҚР «Байланыс туралы» Заңына сәйкес қабылданатын құжат мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат алу үшін қажетті рәсімдер мен құжаттардың тізбесін айқындайды. Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 15 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15267689 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/878639
Қазақстанның энергетикалық секторы: 2024 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының қорытындысы 16.11.2024
Жүйелік оператор бекіткен электр станцияларында жөндеу кестесіне сәйкес 2024 жылға 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған және жүргізілуде.Ағымдағы жылы реконструктивтік жұмыстар шеңберінде ЖЭО бойынша орташа тозуды 65%-дан 61%-ға дейін төмендету күтілуде. Атап айтқанда Риддер ЖЭО бойынша тозу 58%-дан 54%-ға дейін, Кентау қаласының ЖЭО 85%-дан 65%-ға дейін, ал Екібастұз ЖЭО 42%-дан 35%-ға дейін төмендейді.АЭК электр желілерінде 2024 жылы жалпы ұзындығы 20,8 мың км электр беру желілерін, 423 қосалқы станцияны, 4 мың тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген.20,7 мың км электр беру желілері мен 383 қосалқы станция және 4 054 тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделді.Жылумен жабдықтау желілерінде ағымдағы жылға жоспарланған 541,6 км жөндеу және реконструкциялау толық көлемде орындалды.Энергия көздерінің қоймаларында көмір қоры 5,6 млн. тонна көмірді құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 3% ға артық және 95,6 мың тонна мазут. Барлық электр станцияларында көмір мен мазуттың нормативтік қоры бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/878647
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 885 мыңнан астам қызмет алды 16.11.2024
2024 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы шамамен 770,7 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 8,6 мың – ымдау тілі қызметін, 26,6 мың – жеке көмекшінің, 80 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.Бүгінгі күні Порталда 900 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық (бөлімшелер), 794 ОТҚ жеткізуші, 30 мыңнан астам жеке көмекші, 760 ымдау тілі және 122 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған Портал жөніндегі комиссияларға жаңа өкілеттіктер берілген: мүгедектігі бар адамдардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы өтінішін 5 күн ішінде қабылдау және қарау; өнім берушіге хат жолдау және оның орындалуын бақылау; өнім берушіні Порталдан шығару және жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау.Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/878643
Ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылғаны туралы 16.11.2024
Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін«Сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрығының жобасы орналастырылғанын жеткіземіз.Қоғамдық талқылау 2024 жылдың 6 - 20 қараша аралығында өтеді (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=634&type=2).Барлық мүдделі азаматтар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актісінің жобасын талқылауға қатыса алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/878670
Қарлы боран: Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр 16.11.2024
Елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.7 қараша күні таңертең қала көшелерін қардан тазартуға 2000-нан астам жол жұмысшысы мен 750-ге жуық арнайы техника шықты.Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмыстары жүргізілуде.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Онда самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған."Қазгидромет" РМК мәліметінше, 7 қарашада Астанада қар, көктайғақ және боран болады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжап отыр.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефон нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878613
«Алтын Дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығын жеңіп алды 16.11.2024
Қазақстанның дала экожүйелерін қорғауға бағытталған «Алтын Дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығының «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» номинациясында жеңіске жетті. Бұл марапат Қазақстандағы киіктердің популяциясын қалпына келтіру мен ерекше қорғалатын аймақтарын кеңейту саласындағы елеулі жетістіктерді мойындады.«Алтын Дала» бастамасы 2005 жылы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК), «Fauna & Flora International» ұйымы, Франкфурт зоологиялық қоғамы (FZS) және Корольдік құстарды қорғау қоғамы (RSPB) арасында ұзақ мерзімді серіктестік ретінде құрылды. Серіктестердің негізгі мақсаты – киіктердің популяциясын қалпына келтіру және Қазақстан далаларын сақтау.Қорық аймақтарын құру мен кеңейту, сирек кездесетін түрлердің популяцияларын қалпына келтіру және браконьерлікке қарсы күрес бойынша ауқымды шаралар қолға алынған. Нәтижесінде, 2003 жылы 21 000 басты құраған Қазақстандағы киік популяциясы 2024 жылы 2,8 миллионға жетіп, әлемдегі сүтқоректілерді қалпына келтірудің ең табысты мысалдарының біріне айналды.Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев атап өтті: «Министрлік пен серіктестеріміздің ортақ күш-жігері әлемдік деңгейде танылғанына қуаныштымыз. Бұл марапат Қазақстандағы табиғатты қорғау бастамаларын кеңейтуге деген біздің ұстанымымызды нығайтады».«Алтын Дала» бастамасының тағы бір маңызды жетістігі – сирек және жойылып бара жатқан түрлердің, соның ішінде дала бүркіт, ақсұңқар және құланның популяцияларын қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар. Бұл жұмыс Қазақстанның Орталық өңіріндегі қорық аймақтарында белсенді түрде жүргізілуде. 2024 жылы құланның осы өңірге қайта әкелінуі бойынша жобаның сәтті аяқталғанын хабарланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/878621
Қазақстандағы ең үлкен ауылда мыңнан аса жарық шамдар орнатылып, жаңа үйлер салынуда 16.11.2024
Маңғыстау облысында орналасқан Бейнеу ауылы - еліміздегі ең үлкен ауыл болып саналады. 57 мың тұрғыны бар ауылдың жалпы аумағы 51 мың га. Мұндағы 154 көшенің 66-на асфальт төселген.Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 127 көше жарықтандырылды. Қазіргі таңда тозығы жеткен 553 дана электр бағанасы ауыстырылуда. Жоба құны 108 млн теңге.Сонымен қатар, ауыл көшелеріне 589 дана жарық шам орнатылды. Алдағы уақытта Бейнеу ауданына қарасты басқа да елді мекендердегі көше жарық шамдарын кезең-кезеңімен жаңалау жоспарланып отыр.Биыл ауылда 18 жаңа қоғамдық көлік пайдалануға берілді. Жолаушылар автобустары қозғалыс кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын толық қамтамасыз ететін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Әрі халықаралық экологиялық стандарттарға сай жасалған, қоршаған ортаға зиянын тигізбейді. Электронды жол ақысын төлеу жүйесі де бар.Бейнеуде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған жаңа үйлер салынып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 284 млн. теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 20 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғын үй алу кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға беріледі.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/878607
0-7 сынып оқушыларына сабақтар қашықтан оқыту форматына ауысады 16.11.2024
Ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап."Астана қаласының білім басқармасы хабарлайды: 7.11.2024 жылы ауа райының нашарлауына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді", - деп хабарлады Білім басқармасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878606
Жедел ақпарат 16.11.2024
"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ мәліметтері бойынша, қолайсыз ауа райы жағдайларына, қатты желге және көрінудің шектелуіне байланысты 5 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген. Бұл Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысы жабық. ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8( 7162) 52-09-50 жедел желісінің телефондары ашылды. Айта кетейік, дауылды ескертулер мен ауа-райының нашарлауы кезінде ҚР ТЖМ мыналарды ұсынады:- алыс сапарлардан аулақ болу;- ауылдық жерлердің тұрғындары ұзақ сапарлардан бас тарту;- елді мекендерден тыс жерлерге шықпау;- жол жабылатын жерлерде көлік құралдарының жиналуын жасамау;- мүмкін болса, елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/878601
С. Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауына өтінімдер қабылдау басталды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында белгілі қаламгер, көрнекті көсемсөз шебері, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталғанын хабарлайды.Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:1. «Үздік спорттық телевизиялық репортаж»;2. «Үздік спорттық жарияланым»;3. «Үздік спорттық фоторепортаж». Өтініштер мен мақалалар Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8 үй, 6 қабат, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне немесе sportpress86@mail.ru электрондық поштасы арқылы («2024 жылғы С. Бердіқұлов атындағы байқауға» деген белгімен) қабылданады.Қабылдау мерзімі – 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/878589
Өңірлік кадр резервінің мүшесі облыс әкімдігіндегі бос лауазымға тағайындалды 16.11.2024
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Абулғазин Альнур Рүстемұлы Ақмола облысының әкімі аппаратының экономика мәселелері жөніндегі бас инспекторы лауазымына тағайындалды.Альнур Абулғазин 2019 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді. 2022 жылы осы университетте «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесін алды.Еңбек жолын жеке секторда ассистент, қаржылық талдаушы ретінде тәжірибе жинақтаудан бастаған.Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін 2021 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы лауазымынан бастап, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде бас сарапшы ретінде жалғастырған.Осыған дейін Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өнеркәсіп бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/878575
Қазақстан ТМҰ-да өз төрағалығын сәтті аяқтады 16.11.2024
Бішкек, 2024 жылғы 6 қараша – Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 11-ші саммиті қарсаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.СІМ басшысы өз сөзінде Қазақстанның «TURK TIME!» ұранымен өткен ТМҰ-дағы төрағалығының нәтижелерін қорытындылады, оның аясында 80-нен астам іс-шара өткізілді. Ол сондай-ақ Ұйымның халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан және біріктіретін рөлін атап өтті.ҚР Сыртқы істер министрі ТМҰ-ға мүше елдердің сауда, инвестициялар, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы жетістіктерін ерекше атап, Ұйым шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын белгіледі.Отырыс барысында ТМҰ Саммитіне дайындық барысы талқыланды, сондай-ақ осы іс-шара шеңберінде қол қоюға жоспарланған құжаттардың жобалары бекітілді.Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. ТМҰ Хатшылығы Ыстанбұл қаласында (Түркия) орналасқан. Қазіргі уақытта Ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше. Мажарстан мен Түрікменстан байқаушы мәртебесіне ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/878576
ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметінде Әділет министрлігінің жаңа цифрлық жобалары тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді 16.11.2024
Әділет вице-министрі азаматтарды қабылдадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/878582
Әділет министрлігі алаяқтардан сақ болуларыңызды ескертеді 16.11.2024
Әділет министрлігі алаяқтардан сақ болуларыңызды ескертедіҚұрметті Қазақстандықтар!WhatsApp мессенджері және өзгеде әлеуметтік желілер арқылы ел азаматтарына алаяқтар мүліктерінің бұғатталғаны туралы жалған хабарлама таратуда.Сіздерге мұндай хабарлама келген жағдайда Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (АИС ОИП https://aisoip.adilet.gov.kz/) кіріп жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы ақпаратты рас немесе жалғандығын тексеруді сұрайды.Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының тізілімі мен байланыс деректерін сіз келесі сілтемелерге өту арқылы http://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/about/structure/105/1?lang=kk, https://aisoip.adilet.gov.kz/forCitizens/departments тексеруге болады.Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді танымайтын бөтен тұлғаға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді.Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172 58-00-58) нөмірі бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/878584
Әділет вице-министрі азаматтарды қабылдады 16.11.2024
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Даниель Ваисов қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдары мен арыз-шағымдарын тыңдады.Кездесу барысында азаматтар атқарушылық өндіріске қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар Астана қаласының тұрғыны жеке сот орындаушысының әрекетіне қатысты шағымын жеткізді.Даниель Ваисов Азаматтардың өтініштерін тыңдағаннан кейін қойылған сұрақтар бойынша түсініктеме беріп, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына оның ішінде осы өтініштер бойынша жеке сот орындаушысының іс-әрекетін тексеру туралы тиісті тапсырмалар берді.Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/878585