Әлем
ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметінде Әділет министрлігінің жаңа цифрлық жобалары тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді 16.11.2024
Әділет вице-министрі азаматтарды қабылдадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/878582
Әділет министрлігі алаяқтардан сақ болуларыңызды ескертеді 16.11.2024
Әділет министрлігі алаяқтардан сақ болуларыңызды ескертедіҚұрметті Қазақстандықтар!WhatsApp мессенджері және өзгеде әлеуметтік желілер арқылы ел азаматтарына алаяқтар мүліктерінің бұғатталғаны туралы жалған хабарлама таратуда.Сіздерге мұндай хабарлама келген жағдайда Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (АИС ОИП https://aisoip.adilet.gov.kz/) кіріп жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы ақпаратты рас немесе жалғандығын тексеруді сұрайды.Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының тізілімі мен байланыс деректерін сіз келесі сілтемелерге өту арқылы http://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/about/structure/105/1?lang=kk, https://aisoip.adilet.gov.kz/forCitizens/departments тексеруге болады.Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді танымайтын бөтен тұлғаға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді.Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172 58-00-58) нөмірі бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/878584
Әділет вице-министрі азаматтарды қабылдады 16.11.2024
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Даниель Ваисов қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдары мен арыз-шағымдарын тыңдады.Кездесу барысында азаматтар атқарушылық өндіріске қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар Астана қаласының тұрғыны жеке сот орындаушысының әрекетіне қатысты шағымын жеткізді.Даниель Ваисов Азаматтардың өтініштерін тыңдағаннан кейін қойылған сұрақтар бойынша түсініктеме беріп, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына оның ішінде осы өтініштер бойынша жеке сот орындаушысының іс-әрекетін тексеру туралы тиісті тапсырмалар берді.Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/878585
Ағзалардың зақымдануы және тыныс алу проблемалары: елордалық орталықта нашақорлықтың салдары туралы айтылды 16.11.2024
Есірткі қолдану – адам денсаулығына үлкен қиындықтар әкеледі. Астана қаласының психикалық денсаулық орталығында есірткінің қиындықтары туралы талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Есірткі қолданудың медициналық тұсы әртүрлі физикалық және психикалық салдарды қамтиды. Физикалық салдары ағзаның түрлі мүшелерінің зақымдануымен, жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуымен, тыныс алу жүйесі мен ас қорыту жүйесінде мәселелер туындаумен, сондай-ақ түрлі инфекциялық аурулармен көрінуі мүмкін. Есірткі қолдану иммундық жүйенің бұзылуына, жалпы денсаулықтың нашарлауына және иммунитеттің әлсіреуіне әкеліп соғады.2024 жылдың 9 айында «Қалалық психикалық денсаулық орталығында» есірткіге тәуелділік бойынша есепте тұрған адамдар саны 1,5%-ға азайған. 2024 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша есепте тұрғандар саны – 976, оның ішінде 3 жасөспірім бар, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 14 адамға аз.Сонымен қатар, есірткіге тәуелділік бойынша алғаш рет есепке алынған адамдардың саны 41,3%-ға төмендеген. Биыл 51 адам есепке алынған, оның ішінде 27 адам – синтетикалық есірткі тұтынушылар. Барлығы 262 есірткіге тәуелді адам ерікті түрде тәулік бойы емдеу стационарында емделген.Есірткі қолданудың психикалық салдары да аз емес. Есірткінің әсері депрессия, мазасыздық, психоздар, оқуға және есте сақтауға қабілеттіліктің төмендеуі, сондай-ақ тәуелділіктің дамуына әкелуі мүмкін. Ұзақ уақыт бойы есірткі қолдану мидағы химиялық теңгерімді өзгертуі мүмкін, бұл ауыр психикалық бұзылуларға және тіпті өзін-өзі өлтіру туралы ойларға әкелуі мүмкін.«Қалалық психикалық денсаулық орталығы» Астана қаласында есірткі қолданудың қауіптері туралы ескерту жұмыстарын жүргізіп, есірткі қолданудың салдарымен бетпе-бет келген адамдарға көмек көрсетеді, сондай-ақ тәуелділікпен күресуге және зардап шеккендердің психикалық денсаулығын қалпына келтіруге көмектеседі. Халықтың есірткі тәуелділігінің медициналық салдары туралы хабардар болуы және мамандардың қолдауы есірткіге тәуелділік мәселесін шешуде маңызды рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878501
Елордада белсенді зейнеткерлердің саны артып келеді 16.11.2024
Астанада құрметті еңбек демалысына шыққан зейнеткерлер «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, күнделікті уақытын пайдалы өткізіп жүр. Орталыққа 12 000-нан астам келеді, олардың 3 мыңнан астамы сауықтыру үйірмелерін таңдаған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Зейнеткерлердің басын біріктіретін бірегей орталықта жаттығу терапиясы, йога, «цигун» тыныс алу гимнастикасы, би, скандинавиялық жүріс, арт-терапия, еңбек терапия, ағылшын тілі, қазақ тілі, компьютерлік курстар, шахмат, тоғыз құмалақ, вокал үйірмелері жұмыс істейді.Мұнда келушілердің бірі – 84 жастағы Шолпан Сыздықова. Зейнеткер орталыққа келгелі өзіне уақыт тауып, денсаулығын күтіп жүргенін айтты.«Орталыққа соңғы екі жылдан бері тұрақты түрде келемін. Бұрын тізем, белім ауыратын. Осында келгелі ұйқым тынышталды, қан қысымы реттелді. Алғашында жаттығу терапиясы мен тоғызқұмлаққа барып жүрдім. Алайда бұл бір орында қозғалмай жасайтын іс болғандықтан, үйірмелерді ауыстырдым. Қазіргі кезде аптасына 3 күн келіп тұрамын», - деді Шолпан Сыздықова.Осы орталықта түрлі іс-шараға қатысып, замандастарымен бірге уақытын тиімді әрі пайдалы өткізетіндердің бірі – астаналық Әсемгүл Абатова.«Мен «Айкүне» гимнастикасына, ағылшын тілі курсына және тоғызқұмалақ үйірмесіне барамын. Маған өте ұнайды. Бұл денсаулықты жақсартуға, ой-өрісімізді дамытуға өте пайдалы. Орталықтың көпке тигізер пайдасы мол. Себебі мұнда келушілердің бір тобы сурет салса, енді біреулері би билейді. Бастысы әркім өзіне ұнаған іспен айналысып, көңілді жүреді. Шетелге шыққанда базалық деңгейде өзгелермен сөйлесу үшін міндетті түрде ағылшын тілін білгеніміз дұрыс қой. Сондықтан мен ағылшын тілі бойынша курсқа барып жүрмін. Сабақтар өте қызықты өтеді, оқытушымыз жаңа ақпаратты қарапайым тілде түсіндіреді. Мұнда біз бір-бірімізбен сөйлесуді үйреніп жатырмыз. Орталық қызметкерлері кез келген іс-шараны жоғары деңгейде өткізеді», - деп пікірмен бөлісті орталыққа келуші.Бүгінгі таңда Астанада 13 мыңнан астам зейнеткер осындай орталықтарға барып, қызмет алады.«Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» 2022 жылдың 1 қаңтарында ашылды. Еңбек демаласына шыққан зейнеткерлерге қызмет көрсету үшін қаланың 5 ауданында филиалдар жұмыс істейді. Орталықтың барлық қызметі тегін. Сондай-ақ мұнда келушілермен әлеуметтік қызметкер, психолог мамандар жұмыс істейді. Орталықта мәдени-бұқаралық іс-шаралар, концерттер, театрларға бару, елорданың тарихи орындарына экскурсиялар өткізіледі», - деді Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» үйлестіру және мониторинг бөлімінің басшысы Роза Маусымбаева.Астанадағы 5 ауданда орталықтың 5 филиалы бар. Олар Алматы ауданы бойынша Р.Қошқарбаев көшесі, 29/1-үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46-үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13-үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25-үйде және Нұра ауданы бойынша Төле би көшесі, 44-үйде орналасқан.«Орталықтың шебер әжелері 8-13 қыркүйек аралығында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Этноауылдағы көрмеге өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын қойған. Атап айтқанда, көрмеде шебер әжелер кимешектер, орамалдар мен шапандар, тақиялар, кілемшелер, көрпешелер, сөмкелер, алқалар, қуыршақтар, асық, торсық, тұмар сияқты кәдесыйлар мен т.б. ұлттық бұйым түрлерін ұсынды. Қолдан жасаған заттарын сатып, 500 мың теңге табыс тапты», - деді Роза Махметқызы.Қаладағы орталықтар дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.«Мұнда елордалық зейнеткерлер белсенді өмір салтын ұстанумен қатар бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Сондықтан келіңіздер, тегін үйірмелерге жазылыңыздар», - деді Роза Маусымбаева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878535
Ақмола оқушыларына арналған алғаш рет «Кіші Көшпенділер ойындары» өткізілді 16.11.2024
Мектеп басшылығының бастамасымен және білім бөлімінің қолдауымен Астрахан ауданы Петровка ауылының мектеп базасында Астрахан ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының 5 құрама командасы арасында «Кіші Көшпенділер ойындары» өтті. Аудандық ауқымдағы іс-шараны өткізуге Дүниежүзілік көшпенділер ойындары себеп болды.Мектеп әкімшілігі іс-шараны ұйымдастыруға үлкен жауапкершілікпен қарады. Ойындардың логотипі мен туы жасалды. Мұғалімдер мектепті ұлттық стильде безендірді. Таңертең қонақтар мен қатысушыларды көже-time және бауырсақ - party күтті.Жарыс «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бес асық», «Арқан тарту», «Мас-рестлинг», «қой көтеру» сияқты 6 бағыт бойынша өтті.Сондай-ақ, «қазақша күрес», «гір көтеру», «садақ ату» спорт түрлерінен демонстрациялық қойылымдар көрсетілді.Іс-шараның құрметті қонақтары «Толағай» ұлттық спорт федерациясының өкілдері – PR-менеджер Әнуар Махметов-Петровка ауылының тумасы және әлем чемпионы және армлифтинг пен пауэрлифтинг бойынша рекордшы Арман Сүлейман болды, ол өзінің көрсеткен өнерімен оқушыларды жаңа спорттық жетістіктерге шабыттандырды.Рекордсменнің айтуынша, Қазақстанда «Кіші Көшпенділер ойындары» алғаш рет өткізілуде. Арман Сүлеймен болашақта олар жастар арасында ұлттық спорт түрлерін ілгерілетуге көмектеседі деген үмітін білдірді.«Біздің аудандық көшпенділердің шағын ойындарына қатыса отырып, бұрын білмеген қызықты байқауларды өз көзіммен көрдім. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көргеннен кейін менің садақ атуға деген қызығушылығым артты. Мен әкеммен садақ атуды үйрене бастадым. Бүгін ашылу салтанатында мен не үйренгенімді көрсеттім. Көшпенділердің бай мұрасын тереңірек түсініп, олардың батылдығы мен шеберлігін сезінуге мүмкіндік алдым», - деп бөлісті Петровка мектебінің 4 сынып оқушысы Дінмұхаммед Ардақұлы.Нәтижесінде командалық есепте Астрахан мектебінің көшпенділері чемпион атанып, Жалтырдан келген оқушылар екінші орын, Колутон жоғары сынып оқушыларының құрамасы үздік үштікке енді.«Ауданда ұлттық спорт түрлерімен барлық мектептер қамтылған. 40-тан астам үйірме жұмыс істейді. Бес асық, тоғызқұмалақ, асық атудан жарыстар үнемі өткізіліп тұрады. Мектеп оқушыларын спортпен жалпы қамту 91% құрайды», - деп атап өтті Астрахан білім бөлімінің басшысы Полина Барахоева.Айта кетейік, мектептің іс-шарасын жергілікті бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қолдады: «Петровка» ЖШС Виктор Ком, «Ищанов Д.К.» ШҚ басшысы Раймбек Ищанов, «Сайдаев Р.» ШҚ басшысы Рустам Сайдаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/878542
QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS 2025 – 2025 ЖЫЛҒЫ АЗИЯНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕР ЖАҢА РЕЙТИНГІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ІЛГЕРІГЕ ҰМТЫЛЫС 16.11.2024
QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS 2025 – 2025 ЖЫЛҒЫ АЗИЯНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕР ЖАҢА РЕЙТИНГІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ІЛГЕРІГЕ ҰМТЫЛЫС QS World University Rankings рейтингі 2004 жылдан бері жүргізілуде, оған қазақстандық жоғары оқу орындары 2011 жылдан бері қатысып келеді. Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық рейтинг агенттігі келесі рейтингтерді құрастырушы болып табылады:QS World University Rankings – әлемнің үздік университеттерінің рейтингі;QS World University Rankings by Subject – әлемдегі үздік университеттердің пәндік рейтингтері; QS Sustainability Rankings – тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша әлемдегі үздік университеттердің рейтингі;QS University Rankings by Region – үздік аймақтық университеттердің рейтингтері (Еуропа, Латын Америка, Азия, Араб аймағы);QS Best Student Cities – әлемнің үздік студенттік қалалары; - QS Global MBA Rankings – үздік MBA бағдарламаларының рейтингі;QS Business Masters Rankings – үздік магистратура бағдарламаларының рейтингі;QS International Trade Rankings – үздік халықаралық сауда бойынша магистратура бағдарламаларының рейтингі;QS Graduate Employability Rankings – түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша үздік университеттер рейтингі;QS Stars University Rankings – белгілі бір бағыттар бойынша үздік университеттердің рейтингі. QS World University Rankings әлемдегі үздік университеттердің флагмандық рейтингінде қазақстандық ЖОО-лардың саны соңғы төрт жылда екі еседен астам өсті, ал соңғы үш жылда 14-тен 21 университетке дейін бір жарым есеге өсті. Пәндік рейтингтерде қазақстандық жоғары оқу орындарының саны төрт жылда төрт есеге өсті (2 жоғары оқу орнынан 8 университетке дейін). QS Sustainability Rankings тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемнің үздік университеттерінің рейтингі ерекше орын алады, оның соңғы шығарылымында бірден 12 қазақстандық ЖОО дебют жасап, «Басқару моделі» индикаторы бойынша барынша сенімді нәтижелерді көрсетті. QS Stars бағдарламасына қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының саны соңғы үш жылда 22-ге дейін өсті. Бұл бағдарлама бедел мен ғылыми өнімділіктен инклюзивтілікке және орнықты дамуға қосқан үлесіне дейін әр университеттің ерекше мықты жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін тәуелсіз аудит нәтижелерінің арқасында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына шет елдерден дарынды студенттер мен оқытушыларды тарту бойынша жаңа мүмкіндіктер ұсынады.Қазақстандық университеттер 2025 жылғы Азияның үздік университеттерінің топ-500 (QS Asia University Rankings 2025) рейтингіндеОрын Жоғары оқу орны2025 жыл 2024 жыл 29 29 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті65 71 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті89 105 Satbayev University131 146 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті138 144 Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті149 155 Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті167 206 Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті193 203 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті230 261-270 Қазақстан-Британ техникалық университеті264 251-260 Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті269 301-350 КИМЭП Университеті281 351-400 Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті288 301-350 Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті305 351-400 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті345 501-550 Нархоз университеті345 351-400 С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті354 291-300 Алматы технологиялық университеті441-450 601-650 Toraighyrov University451-460 601-650 Yessenov University461-470 551-600 Сүлейман Демирел атындағы университет501-520 601-650 Шәкәрім университеті521-540 601-650 Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті521-540 501-550 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті541-560 601-650 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті601-620 601-650 М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті621-640 501-550 Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті641-660 601-650 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті701-750 651-700 Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті701-750 601-650 Қарағанды индустриалды университеті701-750 651-700 Павлодар педагогикалық университеті751-800 801+ Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті751-800 701-750 «Тұран» университеті801-850 801+ Инновациялық Еуразия Университеті801-850 - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 2024 жылғы қыркүйекте QS Global MBA Rankings үздік MBA бағдарламаларының рейтингтері жарияланды, онда 2016 жылдан бері алғаш рет қазақстандық жоғары оқу орындарының қатысуы бірден үшке дейін артты. Сондай-ақ Қазақстан QS Best Student Cities Rankings әлемнің үздік студенттік қалалары рейтингінде ұсынылған, оған еліміздің екі қаласы – Астана және Алматы кіреді. Жоғарыда аталған рейтингтердің соңғы екеуінде – QS Global MBA Rankings және QS Best Student Cities Rankings – Орталық Азия елдерінен тек Қазақстан ғана ұсынылған. Азия рейтингінің жаңа шығарылымында 25 ел мен аумақтан 985 ЖОО бар. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ең үлкен бәсекелестікті Үндістан, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары құрайды. Жаңа шығарылым рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының позицияларының әсерлі серпінімен ерекшеленді, олардың үштен екісі былтырғы нәтижелерін жақсартты. 2025 жылғы Азияның үздік университеттерінің жаңа рейтингі QS Asia University Rankings 2025 құрамына 35 қазақстандық ЖОО кіреді, бұл ел тарихындағы жоғары білімнің абсолютті рекорды болып отыр. «Қазақстанның Азияның үздік университеттері рейтингіндегі (QS Asia University Rankings) позицияларының күшеюі жоғары білім берудің ең жоғары стандарттарына сәйкестігін және халықаралық дәрежеде танылуының өсуін көрсетеді. Биылғы жылы қол жеткізілген оң динамика рейтингке кіретін Қазақстан университеттерінің үштен екісінің позицияларының жақсаруымен және рейтингтің алғашқы жүздігіндегі қазақстандық жоғары оқу орындарының санының екіден үшке дейін ұлғаюымен сипатталады. Мұндай әсерлі нәтижелер білім беруде тиімді тәсілдерді қолдануға мүмкіндік беретін білім беру ортасының жоғары сапасының және бедел рейтингінің үздіксіз өсуінің арқасында мүмкін болды», - деді Quacquarelli Symonds аға вице-президенті Бен Саутер. 22 ЖОО өз позицияларын жақсартты, үш ЖОО өз позицияларын сақтады, бір ЖОО – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – бір жылдық үзілістен кейін рейтингке оралды. Еліміздің жетекші үш жоғары оқу орны рейтингтің бірінші жүздігінде тұр, оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және қазір 89-орында тұрған Satbayev University кіреді. Қазақстан бедел көрсеткіштерін де едәуір арттырды: рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының 77%-ы академиялық бедел бойынша және 89%-ы жұмыс берушілер арасындағы бедел бойынша өз нәтижелерін жақсартты. QS өңірлік директоры Сергей Христолюбов: «Қазақстандық жоғары оқу орындарының саны Азияның үздік университеттері рейтингінде (QS Asia University Rankings) 35-ке дейін өсті. Бұл – Қазақстанның жоғары білім тарихындағы абсолютті рекорды. Өткен жылмен салыстырғанда рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының есептік көрсеткіштерінің орташа мәндері әдіснаманың әрбір индикаторы бойынша өскенін атап өту өте маңызды, бұл бірқатар негізгі бағыттарды қозғайтын қазақстандық жоғары оқу орындарының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс туралы куәландырады. Ағымдағы жылы қазақстандық авторлардың бірінші және екінші тоқсанда журналдардағы жарияланымдарының үлесі алғаш рет 70%-дан асты, бұл ғылыми зерттеулердің ықпалының артуын және Қазақстанның білім беру мекемелері мен ғылыми ұйымдарының жариялау стратегияларының тиімділігін арттырғанын көрсетеді. Қазақстандық жоғары оқу орындарын рейтингтерде одан әрі ілгерілету үшін негізгі мүмкіндіктердің бірі материалдық және материалдық емес ынталандырулар жасау және академиялық жазу дағдыларын дамыту арқылы оқытушылар мен қызметкерлерді ғылыми зерттеулерге тарту болып қала береді», - деді. Осылайша, қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық академиялық және жұмыс берушілер қауымдастықтарындағы беделі нығая түсуде. Білім беру ортасының жоғары сапасы рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының басты бәсекелестік артықшылығы болып қала береді, бұған оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы индикаторы бойынша олардың нәтижелері дәлел бола алады. Рейтингте қазақстандық жоғары оқу орындарын одан әрі ілгерілетудің негізгі бағыты халықаралық ғылыми ынтымақтастық жобалараына қатысу, ғылыми өнімділікті арттыру және қазіргі заманғы ғылыми күн тәртібіне ықпалын кеңейту болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/878515
Жетісу облысының Сарқан ауданында үш бірдей әлеуметтік маңызды нысан іске қосылды 16.11.2024
Жетісу облысы Сарқан ауданының ауылдарында қатарынан үш әлеуметтік маңызы бар нысан іске қосылды. Шекаралас Аманбөктер ауылында 500-ден астам тұрғыны бар жаңа блокты-модульді медициналық пункт пен ауылдық әкімдік пайдалануға берілді. Дәл осындай медициналық пункт 600-ден астам адам тұратын Абай ауылында да ел игілігіне ұсынылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аманбөктер мен Абай ауылдарындағы 60-шы жылдары салынған бұрынғы екі медициналық пункт те қазіргі санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін.- Бүгінге дейін медициналық көмек 1965 жылы салынған ғимаратта көрсетіліп келді. Бұл біраз қолайсыздық туғызды. Енді қажетті жабдықтары бар, жаңа, заманауи медициналық мекемеде медициналық қызмет көрсетудің де сапасы артады. Ғимарат жылы, жарық, жайлы, мұнда жұмыс істеу де қолайлы, - деді денсаулық сақтау саласының ардагері, Аманбөктер ауылының тұрғыны Күлпаш Жантелова.1974 жылы салынған Аманбөктер ауылдық әкімдігі апатты жағдайда болған. Енді жаңа ғимарат барлық талаптарға сай келеді, мамандар үшін ыңғайлы жұмыс кабинеттері қарастырылған.Жаңа блокты-модульді медициналық пункт салтанатты түрде ашылған Абай ауылының тұрғындары да риза.- Тұрғындар ғана емес, біз де қуаныштымыз. Өйткені, материалдық база ескіргенде, оған қоса ғимарат санитарлық нормаларға сәйкес келмесе сапалы медициналық көмек көрсету де қиын. Енді, міне, жаңа медициналық пункт салынды. Мұнда алғашқы, жедел медициналық көмек көрсету, скрининг, вакцинация жүргізу, балалы әйелдерді тексеру, науқастарды орталық ауруханаға жіберу, патронаж ұйымдастыру жұмыстарына қажетті жағдай бар, - деді Абай ауылындағы медпункттің аға медбикесі Жамал Доланбаева.Жалпы өткен жылы Сарқан ауданында Ешкіөлмес, К. Қазыбаев және Бірлік ауылдарында 3 блокты-модульді медициналық пункт іске қосылған, сондай-ақ биыл Черкаск ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотограф: Қанат Байдрахымов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/878477
Бейбіт Исабаев азаматтар үшін жеке қабылдау өткізді 16.11.2024
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысына төрт азамат – Алакөл, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары келді. Олардың өтініштері жер мен тұрғын үй мәселелеріне, әлеуметтік көмек көрсетуге және денсаулық жағдайына қарай мүгедектік алуға қатысты болды.Қабылдау барысында айтылған Қаратал ауданының тұрғыны, кәсіпкер Зәуре Карипова мен Үштөбе қаласының орталық базары иесінің арасындағы жер дауын аудан әкімдігі облыстық прокуратурамен бірлесіп қарайтын болады.Денсаулық жағдайына байланысты Талдықорған тұрғыны Новрузовқа қажетті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетілмек. Өтініш берушінің денсаулық жағдайын қайта тексеріп, заңнамада белгіленген тәртіппен мүгедектікті белгілеу мәселесі қаралады.Азамат Өрік Отыншинованың мәселесіне келетін болсақ, осы жылдың тамыз айында кезегіне қарай оған Үшарал қаласындағы жаңа үйден пәтер берілген. Бірақ өтініш беруші жалдау шартына қол қоймапты, өйткені ол ұлымен бірге тұратын болғандықтан, екі бөлмелі пәтер аламын деп сенген. Кезекке тұрған кезінде ұлы кәмелетке толғаны ескеріліп, оған бір бөлмелі пәтер берілді. Бұл ретте Үшарал қаласының тұрғынына болашақта тұрғын үй алаңын кеңейтуге өтініш беруге мүмкіндігі бар екені түсіндірілді.Жалпы қабылдау барысында барлық өтініш білдірушілерге қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсініктемелер беріліп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/878498
ТҮРКІСТАН: ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛЕРЕЯ ҰСЫНЫЛАДЫ 16.11.2024
Түркістан облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті еліміздің мақтанышы болған педагогтердің есімін ұлықтап, олардың еңбегін ерекше атап өту мақсатында арнайы стенд әзірлейді.Бұл стендте «Қазақстанның Еңбек Ері»және «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген ұстаздардың суреттері мен есімдері көрнекі түрде көрсетілген. Аталған бастама білім саласындағы майталман мамандардың еңбегін бағалап, жас буынға үлгі етуге бағытталған.Бұл галерея ұстаздарды ғана емес, жалпы педагог мәртебесін асқақтатуға арналған. Түркістан облысы ұстаздарының жетістіктерін насихаттай отырып, жас ұрпақты білім мен тәрбие жолында үлгі тұтуға бағыттайды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім саласына сіңірген елеулі еңбектері үшін осы ұстаздарды арнайы марапаттаған болатын. Бұл – олардың ұлт болашағы үшін атқарған еңбектерін мойындап, оларға көрсетілген құрметтің белгісі. Осындай ерекше марапат алған педагогтер елдің ең бағалы қазыналарының бірі және олардың еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес.Айта кетейік, алдағы уақытта бұл шара жалғасын табады деп жоспарлануда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878444
«Даму» қоры бағдарламалары бойынша ақпараттық қолдауды 1408 бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады. 16.11.2024
Байланыс орталығының операторлары субсидиялау, кепілдік беру және несиелеу бағдарламалары бойынша кеңес береді, субсидиялар мен кепілдіктерге өтінім беру механизмін түсіндіреді, сондай-ақ «Даму» Қорының серіктес қаржы ұйымдарында мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаражаттың бар-жоғы туралы ақпарат ұсынады.Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қоңыраулар қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878445
ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ 16.11.2024
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблея мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.Жиын барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірдегі татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады.Іс-шара аясында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы таяуда Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығының иегері атанған белгілі жазушы, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбекке құрмет көрсетіп, облыс әкімінің ыстық ықыласын жеткізді.Келелі жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен ҚХА мүшесі, Қазығұрт аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Жавлон Сәбитов және ҚР Президентінің Алғыс хатымен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, Жетісай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Рахила Басымбекова марапатталды.Сондай-ақ Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Яша Чилингаров пен Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, ҚХА мүшесі, «Қызмет» газетінің бас редакторы Бейсенкүл Нарымбетова және «Turkistan Media Holding» ЖШС басқарушы директоры, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының мүшесі Тельман Бейсенге ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хаты табыс етілді.Жиын соңында марапат иелері береке-бірліктің арқасында елді өркендету ісіне атсалыса беретіндіктерін жеткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878446
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты 16.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев жиында сөйлеген сөзінде ерекше қонақжайлық көрсеткен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен біртуған қырғыз халқына шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ «Ынтымақ Ордо» ғимаратында өтіп жатқан алқалы жиын Түркі мемлекеттері ұйымының 15 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанына назар аударды.– Бұл – мерейлі белес. Осы сәтті пайдаланып, баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Түркі мемлекеттері ұйымы аз ғана уақыт ішінде беделді құрылымға айналды. Оның әлемдік мәртебесі артты. Бұл – ең алдымен, берекелі бірлігіміздің, ортақ күш-жігеріміздің арқасы. Осы басқосу ырысты ынтымағымызды одан әрі нығайта түседі деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.Президент еліміздің Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығы аясында атқарылған шараларға тоқталды.– Қазақстан Ұйымның іс басындағы төрағасы ретінде «TURKTIME!» ұранын көтерді. Түбі бір түркі жұртын біріктіруге баса мән бердік. Жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аудардық. Осы уақыт аралығында нақты жетістіктерге қол жеткіздік. Бірқатар жобаны жүзеге асырдық. 80-нен астам іс-шара ұйымдастырылды. Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Байрақты бәсеке Ұлы дала өркениетін жер-жаһанға танытты. Түркі әліпбиінің ортақ нұсқасы бекітілді. Мұны тарихи оқиға деуге болады. Былтыр Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдерді тағайындау туралы шешім қабылдадық. Оның ережесі бекітілуге дайын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының пікірінше, ұйым аясында сауда-экономика, энергетика, қаржы және инвестиция салаларындағы байланыстар да беки түскен.– Түркі инвестициялық қоры өз қызметін тиімді жалғастырып келеді. Мұны түркі интеграциясын тереңдетуге бағытталған қадам деп бағалаймын. Бүгінгі саммитке қырғыз бауырларымыз «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбын ұсынып отыр. Бұл ұсыныс бәріміздің мүддемізге сай келеді. Соңғы 10 жылда ұйым мүшелері арасындағы экономикалық байланыстар нығая түсті. Биыл өзара сауда айналымы 45 миллиард доллардан асты. Осы көрсеткішті әлі де ұлғайтуға болады. Оған мүмкіндігіміз жетеді, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше елдер арасындағы сауда-саттықты жандандыру өте маңызды деп санайды.– Түркі әлемін экономикалық тұрғыдан одан әрі өркендету үшін Орта дәліздің әлеуетін толық пайдаланған жөн. Оның стратегиялық мәні бар. Сондықтан тасымалдау жолдарына қатысты бірлескен келісім жасау қажет. Мұндай қадам тұрақты дамуды қамтамасыз етеді. Ұйымға мүше мемлекеттер бұл бастамаға қолдау білдіреді деп сенемін, – деді Президент.Мемлекет басшысы қаржы-инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл бағытта Түркі инвестициялық қоры ерекше рөл атқарып келеді. Сонымен қатар тараптардың Орталық банктер кеңесін құру туралы бастаманы бірауыздан құптағанын жеткізді.Президент адам капиталын дамытуды аса маңызды міндет ретінде атады.– Түркі өркениетін жаңғырту үшін адам ресурстарын тиімді пайдалану керек. Дарынды жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік жасау қажет. Ғылым-білім саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейткен жөн. Былтырғы Саммитте елдерімізде беделді университеттеріміздің бөлімшесін ашу туралы ұсыныс айтылды. Соның нәтижесінде Қазақстанда Түркияның Гази университетінің филиалы ашылды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы бүгін қол қойылатын «Цифрлық экономикадағы әріптестік туралы» келісімді Түркі мемлекеттері ұйымы мүшелері үшін мәні зор құжат деп бағалады. Сондай-ақ түркі әлеміне ортақ ақпарат кеңістігін қалыптастыру мақсатында кабельдік телеарналардың өзара хабар таратуын ұйымдастыру қажет екеніне назар аударды.Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында саммит аясында жасалатын келісімдер түркі мемлекеттерінің әлеуетін арттыратынына сенім білдіріп, Ұйымға төрағалық ететін Қырғыз еліне табыс тіледі.Саммитте Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев сөз сөйледі.Сондай-ақ Түркі елдерінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапатталды.Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:1. Түркі мемлекеттері ұйымы XI саммитінің декларациясы;2. «Түркі әлемінің жасыл дамуы: орнықты келешектің бірлігі» туралы шешім;3. Бішкек қаласын 2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық астанасы деп жариялау туралы шешім;4. Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы шешім;5. Түркі әлемінің хартиясын қабылдау туралы шешім;6. Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасарларын тағайындау туралы шешім;7. «Түркі мемлекеттері ұйымының Тұрақты өкілдері жөніндегі ереже» туралы шешім;8. Түркі мемлекеттері ұйымының туы жөніндегі шешім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878463
ТҮРКІСТАНДА ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІК ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 16.11.2024
Түркістан өңірінде құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Әсіресе, облыс орталығында жұмыс қарқынды. Халық санының өсуіне байланысты және туристік орталыққа айналдыру бағытында тағы да маңызды жобалар жүзеге асады. Аталған жобалар облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжілісте талқыланды.Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қаланы Бас жоспарға сай дамытып, бірыңғай сәулет үлгісін қолдану керектігін жеткізді. Көгалдандыру, ағаштарды көбейту және бос жатқан жерді тиімді әрі сапалы игеруді тапсырды.– Түркістанның өзіндік дизайны, сәулет үлгісі болуы керек екенін білесіздер. Әр жобаны жіті зерделеп, сәулетшілердің талқысынан кейін ғана жүзеге асыру керек. Әлеуметтік нысандар, демалыс орындары, саябақтар және өзге де ғимараттар бір-бірімен үйлесіп тұрғаны жөн, – деді Дархан Сатыбалды.Өңірдің сәулеті талқыланған жиналыста 17 жоба қаралды. Қалалық мәдениет үйінің қасбеті, қалаға кіреберіс тұстағы тұрғын үйлер, абаттандыру жобалары да сараланды. Сонымен бірге ескек есу каналының маңын ірі туристік орталыққа айналдыру, аквапарк, қонақ үйлер салу мәселесі талқыға түсті. ІТ парк салу, қосымша білім беру орталықтары ғимараттарын салу туралы да ұсыныстар қаралды. Жобаларды жүзеге асыруға жеке инвестициялар да тартылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/878487
Астана мектептерінде ауа райының нашарлауына байланысты сабақтар қысқартылды 16.11.2024
Елорда мектептерінде 6 қараша күні желдің күшеюіне байланысты сабақтардың ұзақтығы қысқарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен жіберілетіні туралы айту қажет», - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.Желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6-7 қарашада Астанада қатты жел соғады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878358
Шалқар ауданындағы үш елді мекенге келер жылы көгілдір отын жеткізіледі 16.11.2024
Бүгінгі таңда Шалқар ауданында жалпы халық санының 88,4 % немесе 37,5 мың тұрғыны көгілдір отын пайдалануда.«Өткен жылдың соңында Айшуақ ауылдық округіне қарасты Есет ата ауылына газ беріліп, тұрғындар көгілдір отынның игілігін көріп бастады. Айта кететін бір жайт, осы жобаның мердігері ауданымыздағы Есет-Дәрібай кесенесіне демеушілікпен газ тартып берді. Қазіргі таңда Қопасор елді мекенін газдандыруға жобалық сметалық құжаттары мен сараптама қорытындысы дайын» - деді аудан әкімі Жанболат Жидеханов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында.Ол сондай-ақ, биыл Бершүгір, Сарсай, Алабас ауылдарына газ тарту жұмыстары басталғанын атап өтті. Бұл жұмыстарға бюджеттен 1,5 млрд. теңге қарастырылған. Жобалар 2025 жылы аяқталуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/878416
Қазақстан Армия орталық спорт клубының жетекшісі АҚШ-та дзюдодан өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді 16.11.2024
АҚШ-та дзюдодан шеберлер арасындағы әлем чемпионатында Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов күміс медаль жеңіп алды.Las Vegas World Championships veterans 2024 турнирінде 67 елден мыңнан астам балуан өнер көрсетті. Жарыс жеті салмақ дәрежесінде және 35 жастан жоғары жас санаттары бойынша өтті.– Мұндай жарыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Өз нәтижеме ризамын. Қарсыластарым күшті болды. Қолдау көрсеткен отбасыма, достарым мен әріптестеріме көп рахмет. Мұндай жарыстарға қатысуымның маңызды себебі – әскери қызметшілер мен армия спортшыларының кейінгі жас буынына үлгі көрсету, – деді полковник Арман Әбеуов.Полковник Арман Әбеуов 100 келіден астам салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалға барар жолда ол Бразилия, Португалия, АҚШ және Канада спортшыларынан басым түсті. Шешуші жекпе-жекте былтырғы әлем чемпионы бразилиялық Рекардо Ферреироға есе жіберді.Армия спортшыларының тәлімгері, Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуовтің бұл жетістігі АОСК-ның жеке құрамына ең жақсы үлгі болмақ. Клуб ұжымы басшысын табысты өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтайды және одан әрі жеңістер тілейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/878457
Теңіз жаяу әскерлерінің жас сарбаздары танк жүргізіп, сынақтан өтті 16.11.2024
Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында теңіз жаяу әскерлері бригадасын толықтырған жас жауынгерлер танк жүргізіп, сынақтан өтті.«Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының және материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының 576 жас сарбазы нақты ұрыс қимылдарына барынша жақын жағдайда оқудан өтуде.– Танк жүргізіп, сынақтан өту жауынгерлерді жақын қашықтықтағы ұрыс жағдайында жаудың сауытты техникасымен күресу әдістерін үйретуге мүмкіндік береді. Жаттығудың психологиялық тұрғыдан қиындығына қарамастан, жауынгерлердің бәрі кедергілерді еңсере білді, – деп атап өтті батальон командирінің орынбасары капитан Ратбек Қуатбеков.Бұл тапсырманы бастамас бұрын сарбаздар шартты қарсыластың танктерімен күресудің негіздерін игерді. Сондай-ақ оларға әртүрлі ұрыс жағдайында танкке қарсы гранаталарды және қару-жарақты сауытты машиналарға қарсы қолдану ережелері мен тәсілдері түсіндірілді.– Таңертеңнен бастап кедергілер жолағына шықтық. Алдымен Калашников автоматын бөлшектеп-жинадық. Содан кейін ластанған аймақ пен тікенді сымды еңсеріп, 20 келілік жүкпен жүріп өттік. Сабақ танктерді жүргізумен аяқталды. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Мұны өзіңіз сезінуіңіз керек, – деді Ақмола облысынан шақырылған Давид Массеров.Жас жауынгер курсы 23 қарашада аяқталады. Содан кейін олар әскери ант беріп, теңіз жаяу әскерлерінің шабуыл батальондарына жіберіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/878475
Дауылды ескерту 16.11.2024
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райы өзгерістерін бақылап, сақ болуға шақырады. Желдің күшеюі кезінде тұрғындарға келесі қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет:‼️электр желісін шамадан тыс артық жүктемеңіздер;‼️мүмкіндігінше далаға шықпай, ғимарат ішінде болыңыздар;‼️балаларды ерекше бақылауға алып, оларды қараусыз қалдырмаңыздар;‼️егер далада қатты желге тап болсаңыз, жақын маңдағы подъезде немесе дүкенді паналаңыздар;‼️қатты жел кезінде үйлердің қабырғаларының жанына жақындауға болмайды, себебі шатырдан шифер және басқа да төбе материалдары құлауы мүмкін;‼️қоғамдық көлік аялдамаларында, жарнама тақталарының астында, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;‼️қатты жел кезінде электр желілері астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өлімге әкелуі мүмкін;‼️жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады;✅ Сақ болыңыздар және құтқару қызметінің бірегей телефоны – «112»-ні ұмытпаңыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-zhuldyz/press/news/details/970082?lang=kk
Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу 16.11.2024
Бүгін Қазақстан Республикасының экология министрі Ерлан Нысанбаевтың Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар өз жұмысын келесі аптадан бастайтын Баку қаласында БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (COP-29) тараптарының 29-шы конференциясының жұмысына екі елдің қатысуы мәселелерін талқылады.«Біз жастарды экологиялық жобаларға тарту мәселелеріне маңызды мән береміз және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз.Осыған байланысты, СОР-29 алаңында «Жастар климаттық өзгерістер жөніндегі іс-қимылдардың басында» сайд-ивентін және эко-лагерьді өткізуге қолдау білдіргім келеді», - деп атап өтті министр өзінің құттықтау сөзінде.Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, министр өзбек тарапының өкілдерін ағымдағы жылғы 18 қарашада Баку қаласындағы Қазақстан павильонында өтетін экологиялық бастамалардағы жастардың рөліне арналған алты тақырыптық іс-шараға қатысуға шақырды.«Біздің ынтымақтастығымыз және сіздің қолдауыңыз барлық мақсаттарға жетуге көмектесетініне сенімдімін», - деп қосты ол.Сонымен қатар, СОР-29 алаңында «Тұрақты даму мәдениетін ілгерілету және балалар мен жастарды 2024-2030 жылдарға арналған климаттық күн тәртібіне тарту жөніндегі халықаралық стратегияға» қол қойылады деп күтілуде.Іс-шара соңында тараптар бір-біріне алғыс айтып, екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша біздің одан әрі жемісті ынтымақтастығымызға сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/878419