Әлем
«Шекарасыз шығармашылық»: Қарағандыда инклюзивті көрме өтеді 16.11.2024
Қарағанды облыстық музейі 8 қарашада сағат 16:00-де «Өмір тамаша!» көрмесіне шақырады. Экспозиция 13 қарашада атап өтетін Халықаралық зағиптар күніне арналады.Өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарын мүмкіндігі шектеулі азаматтар ұсынады. Олар Қарағандыдағы зағип және нашар көретіндерге арналған мәдениет үйінің тәрбиеленушілері.Көрмеге келушілер акварель, акрил, майлы бояумен салынған суреттерді, табиғи материалдар, мата және қағаздан жасалған аппликацияларды, сондай-ақ мүсіндеу, киіз басу, тігу және тоқыма жұмыстарын көре алады. Нашар көретін «Өрнек-Shimai» үйірмесінің фотографтары әлемге өз көзқарастарын бөлісіп, 100-ге жуық еңбегін ұсынады.Көрменің ашылу салтанатында көркемөнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама жоспарланған.Көрме 17 қарашаға дейін жалғасады.Музейдің мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877089
Қарағанды облысының оқушылары "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында қоқысты сұрыптап үйренеді 16.11.2024
Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. "Бөлу! Тапсыру! Қайта өңдеу!" бастамасы аясында өңірдің 3 мыңнан астам оқушысы танымдық дәрістерге қатысып, қоқысты дұрыс сұрыптауды үйренді.Бүгін Қарағандыдағы № 93 Шәкәрім Құдайбердиев атындағы гимназия оқушыларына қалдықтарды сұрыптау бойынша танымдық интерактивті сабақ өтті.Оқушыларға қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қайта өңдеу табиғи ресурстарды сақтауға көмектесетіні түсіндірілді. Олар пластика туралы көптеген жаңа деректерді білді. Мысалы, пластикалық бөтелке шамамен 500 жыл бойы шірейді. Барлық қатысушылар сыйлықтар алды.Осыған ұқсас сабақтар бір уақытта тағы 4 қалалық мектепте өтті. Оларға 200-ден астам оқушы қатысты.Сонымен қатар, Қарағандыда "Экобатыр"экологиялық байқауы ұйымдастырылды. 33 мектептің оқушылары әртүрлі аталымдар бойынша көшбасшы атағы үшін бақ сынасты. "Instagram-дағы ең белсенді команда"сияқты қосымша марапаттар да бар.– Байқаудың негізгі мақсаты-балалар мен жасөспірімдерге қалдықтарды сұрыптау дағдыларын үйрету. Макулатура мен пластикалық бөтелкелерді жинауға баулу. Байқау екі бағытқа бөлінген: "Макулатураны жина-Ағашты сақта!"және" Пластикті қайта өңдеу – планетаға ауа қажет!». Қарағандыдан бірінші сыныптан жетінші сыныпқа дейінгі оқушылардан құралған мектеп командалары қатысты, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев.Командалар барлығы 3573,52 келі макулатура мен 540,75 келі пластикалық бөтелке тапсырды.Оқушылар жинаған қалдықтарды қайта өңдеуге тапсырды. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады. Қазір байқау қорытындыланып, жеңімпаздар анықталатын болады.Байқаудың ұйымдастырушысы – Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, серіктестері – Қарағанды қаласының білім бөлімі және "ВторСырье Караганда"ЖШС.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877394
Қарағандылық боксшы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды 16.11.2024
Шахтинск қаласының спортшысы Расул Асанханов 2006–2007 жылдары туған жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Боксшы 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.Халықаралық чемпионат Будвада (Черногория) өтті. Онда 73 елден келген 600 спортшы өздерінің шеберлігін көрсетті. Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Расул Асанханов ширек финалда қытайлық боксшы Куо Чаоны жеңді. Бірақ жартылай финалда Өзбекстаннан келген ауыр салмақтағы Халимджон Мамасолиевке жеңіліп қалды. Нәтижесінде қарағандылық әлем чемпионатында қола медальды қанжығалады.– Жеңіске жету үшін маған тәжірибе мен төзімділік жеткіліксіз болды. Бірақ мұның бәрімен жұмыс жасауға болады. Жаттығуда бұдан да көп еңбек ететін боламын. Әлем чемпионатына дайындық 8 айға созылды. Көптеген оқу-жаттығу жиындары мен спарринг-сессиялар өтті. Ұлттық құрамаға түсу қиын болды, – дейді қарағандылық боксшы.17 жастағы Руслан Асанхановтың жақын арадағы жоспары – Қазақстан, әлем және Азия чемпионаттарында жеңіске жету. Ересектер ұлттық құрамасының мүшесі болуды да көздейді.Айта кету керек, биыл Руслан Гасанханов Астанада өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Спортшыны Дархан Дүйсембеков жаттықтырады.Ақпарат Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен алындыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877591
"Шахтер" ФК жаңа атқарушы директоры тағайындалды 16.11.2024
"Шахтер" ФК директорлар кеңесінің шешімімен атқарушы директор лауазымына табысты кәсіпкер, қоғам қайраткері және меценат Талғат Дүйсеков тағайындалды. Кадрлық өзгерістер туралы клубтың ресми сайтында хабарланды. «Жаңа басшының спорттық менеджмент саласында да тәжірибесі бар. 2022–2023 жылдары Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамындағы «Асық ату» бірлестігін басқарды. Қысқа мерзім ішінде ұйымдық құрылымды қалыптастырып, асық ату алаңында тұңғыш рет Азия чемпионатын өткізген», – деп жазылған хабарламада.Жаңа басшыға «Шахтёр» клубын қазіргі дағдарыстан шығару міндеті қойылды. Сондай-ақ клубты қайта құрылымдау мен сауықтыру міндеттелді. Облыс әкімі тапсырмасымен клубтың даму стратегиясын бір ай ішінде әзірленуі қажет. Сонымен қатар, жаңа басшының алдында балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мәселесін де шешу міндеті тұр.«Клубтың жаңа басшысы жаттықтырушылар құрамына шетелдік мамандарды тарту туралы келісімге келді. Бүгін команданың жаңа маусымға дайындығын Чех менеджері Иржи Ярошик жүргізетіні белгілі болды», - делінген хабарламада.Джири Ярошик – кәсіби футболшы. Ол Англия ("Челси" құрамында), Шотландия ("Селтик" құрамында), Чехия ("Спарта" құрамында) Ресей (ЦСКА құрамында) чемпионы болды. Испанның Примера дивизионында («Сарагоса» және «Алавес» құрамында) табысты өнер көрсетті. UEFA Pro лицензиясы бар. Ол Еуропа чемпионаттарының жоғарғы дивизиондарында кәсіби клубтарды жаттықтыруға құқық береді. Бұған дейін ол Чехия, Словакия, Словения және Ресей клубтарын жаттықтырды.Ярошик жаттықтырушылық міндетінен бөлек, қарағандылық футбол мамандарының біліктілігін арттырумен айналысатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/877576
Ақкөл ауданы ауылдарының тұрғындары 2025 жылдың соңына дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі 16.11.2024
Тұрғындарды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін бірнеше елді мекендерде желілерді қайта құру жұмыстары белсенді жүргізілуде.Ақкөл ауданының құрылыс бөлім басшысының м.а. Айжан Дәукенованың айтуынша, бүгінгі таңда елді мекендер бойынша 27 мың шақырымнан астам су құбыры желілері реконструкцияланды, 153 құдық орнатылды, ұңғымаларды бұрғылау, 2 көтеру сорғы станцияларын салу, резервуарларды монтаждау, ұңғымаларды қоршау жұмыстары орындалды. Жобаларды аяқтау 2025 жылы жоспарланып отыр.Қазіргі уақытта Қына, Домбыралы, Кеңес, Талқара, Амангелді, Өрнек, Жалғызқарағай ауылдарында су құбырын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.Айта кетсек, жобаны іске асыру 3 мыңнан астам ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/877810
Родина ауылында «Родина» агрофирмасының оң тәжірибесін тарату мақсатында семинар-кеңес өтті 16.11.2024
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Ақмола облысы Целиноград ауданының Родина ауылына жұмыс сапарымен барды. Онда вице-министр «Родина «Агрофирма» ЖШС қызметімен танысып, еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш компанияның оң тәжірибесін тарату бойынша семинар-кеңес өткізді.Шараға ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, барлық өңірдің экономика және ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, өз ауылдарын табысты дамытып жатқан бизнес өкілдері, осы ауылдардың әкімдері және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.Вице-министр өз сөзінде атап өткендей, қазіргі жағдайда агробизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ауылдық аумақтарды орнықты дамытудың маңызды элементіне айналуда.«Родина» Агрофирма» ЖШС тәжірибесі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық мақсаттарды әлеуметтік жауапкершілікпен тиімді үйлестіре білуінің айқын көрінісі болып табылады. Бұл жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді», - деді Б. Омарбеков.Өз кезегінде компанияның бас директоры Иван Сауэр қатысушыларға агрофирма жүзеге асырып жатқан маңызды жобаларды ұсынып, бизнестің ауылдың дамуына қосқан үлесін айқын көрсетті.Жиында ауылды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар да талқыланды. Қатысушыларға ауыл кәсіпкерлеріне ұзақ мерзімді өсу мен тұрақты даму үшін көбірек мүмкіндіктер беретін жеңілдетілген несиелендіру және ауыл шаруашылығы кооперациясына салықтық преференциялар сияқты мемлекеттік қолдаудың перспективалық бағыттары ұсынылды.Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар озық тәжірибені бейімдеу мен ауылдық аймақтарда инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік жобаларды құруға бағытталған ұсыныстар әзірледі. Қабылданған шешімдер «Родина» Агрофирма» ЖШС оң тәжірибесін республиканың барлық аймақтарында тарату бойынша Жол картасына енгізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/877815
АСТАНАДА ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНЕРКӘСІБІ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ХАКАТОН ӨТТІ 16.11.2024
АСТАНАДА ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНЕРКӘСІБІ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ХАКАТОН ӨТТІ Тау-кен-металлургия өнеркәсібі бағытындағы ғылыми-инновациялық Хакатон KAZ Minerals тобының кәсіпорындары үшін ғылыми-технологиялық шешімдерді бірлесіп іздеу және әзірлеу үшін бір платформаға ғылыми ортаның, өндірістік саланың және басқарушылардың өкілдерін жинады. Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаев өзінің Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика салаларының инновациялық әлеуетін күшейту бойынша ауқымы зор және аса жауапты міндеттер қойды. Бұл тапсырмаларды жүзеге асыруда отандық ғылымға да ерекше маңызды рөл жүктелді. Ғылымның күш-қуаты ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске кеңінен енгізу процесіне еліміздің барлық өңіріндегі ірі кәсіпорындар тартылуға тиіс екенін де атап өтті. Ғылыми-инновациялық Хакатонды өткізуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен KAZ Minerals тобы бастамашы болды. Кездесу KAZ Minerals тобының тау-кен байыту өндірісін ғылыми-технологиялық дамытуға арналды. Қатысушылар компанияны дамытудың өзекті сын-қатерлері мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ саладағы инновациялардың негізгі бағыттарын анықтады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бүгінде біздің алдымызда іргелі зерттеулерді дамыту ғана емес, ғылыми әзірлемелерді өндіріске белсенді енгізу міндеті тұрғанын атап өтті. «Хакатон – біздің ғалымдар мен өнеркәсіпшілер үшін нақты технологиялық сын-қатерлерді күш біріктіріп шешуге арналған жақсы мүмкіндік. Осындай инновациялық форматтар елдегі ғылым мен технологиялық прогресті табысты коммерцияландырудың негізі болып табылады. Хакатон ғылыми-технологиялық даму картасын қалыптастыруға және отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде ғылыми, өндірістік және өнеркәсіптік шешімдерді дайындауға көмектеседі», - деді министр. KAZ Minerals Management Басқарма төрағасы Эльдар Мамедов компанияның даму перспективаларын атап өтті - Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми ұйымдармен ынтымақтастығы өндірістің барлық кезеңдерінде технологиялық жақсартулар мен процестерді оңтайландыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ғылыми әзiрлемелердi өндiрiстiк процестерге енгізу тиiмдiлiктi арттыруға және шығындарды азайтуға ғана мүмкiндiк бермей, өнiмдiлiктi арттыруға және қауiпсiздiктiң жоғары стандарттарын сақтауға да мүмкіндік береді. Біздің топ үшін ғылыми қоғамдастықпен ынтымақтастық – бұл жалпы саланы дамытуға маңызды үлес, өйткені ғылымға негізделген шешімдер неғұрлым орнықты және экологиялық таза болып келеді. Ғылым мен инновация біздің компания мен саланың ұзақ мерзімді табысы мен тұрақты дамуының кілті екеніне сенімдіміз. Хакатон тек қана қазіргі өзекті мәселелерді емес, сондай-ақ тау-кен металлургия саласының келешегін қамтыды. Қатысушылар геологиялық барлау жұмыстары, өндіру, байыту, экология, қауіпсіздік техникасы, өндірістік процестерді жақсарту үшін цифрлық мониторинг жүйелері саласындағы зерттеулерді ұсынды. Атап айтқанда, байыту фабрикаларының қалдықтарын өңдеу, ұнтақтау контурында өнімділік пен энергия шығынын арттыру үшін кенді фрагменттеу процестерін оңтайландыру, Ертіс кен орнының табыстылығы төмен қорларын өңдеу жөніндегі шешімдер талқыланды. Талқыланған тақырыптардың арасында мыс алуды ұлғайту үшін неғұрлым тиімді реагенттер мен жаңа технологияларды қолдану, байыту фабрикаларында мырыш, қорғасын және бағалы металдар өндіру, тау-кен қазбасында тесіктердің құлау ықтималдығын бағалау үшін цифрлық мониторинг жүйелерін әзірлеу, қосу жұмыстарын жүргізу, дайын өнімдер қоймаларындағы концентраттар қорларын мониторингілеу және бағалау үшін 3D сканерлеу, жасанды интеллект және машиналық оқыту құралдарын қолдану, еңбек жағдайларының тірек-қимыл аппаратының кәсіптік ауруларының пайда болуына әсері, кәсіптік аурулардың өндіріспен өзара байланысы және т.б. болды. Жұмыс топтарындағы талқылау нәтижелері бойынша сарапшылар технологиялық ұсынымдар әзірледі. Бірінші кезектегі ғылыми-техникалық міндеттер мен болашақ зерттеулердің тақырыптары айқындалды. Соңында KAZ Minerals тобының ТОП-5 басым жобасы іріктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/877813
Мемлекет басшысы Франция Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді 16.11.2024
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Елисей сарайының орталық кіреберісінде Эмманюэль Макрон қарсы алды.Бірлескен суретке түсу рәсімінен кейін президенттер Елшілер залында екі мемлекеттің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.Қасым-Жомарт Тоқаев Франция тарапының қазақ делегациясын ыстық ықыласпен қарсы алғанын атап өтіп, Эмманюэль Макронға алғыс айтты. – Осы сапарыма айрықша мән беремін. Бұл Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі болмақ. Бүгінгі келіссөздер және қабылданатын Бірлескен декларация әріптестігімізді күшейтілген стратегиялық деңгейге көтеруге ықпал етеді. Осы орайлы сәтте Сізді Парижде өткен отыз үшінші Олимпиада және Паралимпиада ойындарының табысты өтуімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жаһандық спорттағы аса ауқымды әрі айтулы оқиға екені анық. Әлем жұртшылығы жоғары деңгейде өткен додаға куә болды. Сіздің еліңіз 2030 жылы француз Альпілерінде жиырма алтыншы Қысқы Олимпиада ойындарын да тамаша деңгейде ұйымдастыратынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің былтыр Астанаға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісімдер қазақ-француз байланысын жан-жақты тереңдетуге зор серпін бергенінt назар аударды.– Қазіргі таңда мемлекеттеріміз арасында белсенді және сенімді саяси диалог бар. Қазақстан мен Франция халықаралық сахнада тығыз байланыс орнатып, көпжақты құрылымдар аясында бейбітшілік пен орнықты даму қағидаттарын ілгерілетуде. Франция – біздің аса ірі сауда серіктестеріміздің бірі. Сіздің еліңіз Қазақстан экономикасына мол инвестиция салып отырған жетекші елдердің қатарында. Бүгінде Қазақстанда француз капиталы бар 200-ден астам компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Қазақстанда белсенді жұмыс істеуге ынталы француз бизнес өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қазақстан Президенті мәдени-гуманитарлық байланыстар, соның ішінде білім беру, ғылым, медицина және тарих салаларындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Сондай-ақ әлемге әйгілі Гиме мұражайында ашылған Қазақстаның ұлттық өнеріне арналған көрмені айрықша ризашылықпен атап өтті.Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі сапардың қорытындылары қос халықтың өркендеуіне игі ықпал ететініне сенім білдірді.Өз кезегінде Франция Президенті қазақ-француз ынтымақтастығының дамуына тың серпін беретін келіссөздердің маңызына тоқталды.– Сіздің арқаңызда соңғы жылдары екі ел арасындағы серіктестік айтарлықтай нығайды, – деді Эмманюэль Макрон.Келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары машина жасау, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіптік кооперация, климат, цифрлық даму және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективасын егжей-тегжейлі талқылады. Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға мән берілді.Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/877787
Инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасы Мүгедектігі бар адамдар жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында таныстырылды 16.11.2024
Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың төрағалығымен Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) кезекті отырысы өтті, оның барысында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы жобасының негізгі тәсілдері таныстырылып, талқыланды.Отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, өңір әкімдерінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшілері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Іс-шара барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының қорғалуын арттыруға бағытталған Инклюзивті саясат тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) жобасының негізгі тәсілдерін таныстырды.Ол мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік моделінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу бойынша жағдай жасау басты тұжырымдамалық жаңалық болып табылатынын атап өтті.«Инклюзивті саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыруға, мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың қоғамға толыққанды әлеуметтік ықпалдасуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған пәрменді шаралар кешенін қабылдауды көздейді», – деп атап өтті вице-министр.Асқарбек Ертаев Тұжырымдаманың негізгі бағыттарына: теңдік пен кемсітпеушілік, құқықтық қорғалу және сот төрелігіне қол жеткізу, жеткілікті өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік қорғау, инклюзивті еңбек нарығы мен өндірістік орта, инклюзивті білім беру, кедергісіз орта және қызметтердің қолжетімділігі туралы егжей-тегжейлі тоқталды.Осыдан кейін Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев туризм және спорт саласында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыруды, Паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамытуды талқылауға бастамашылық жасады.Көлік вице-министрі Мақсат Қалиакпаров мүгедектігі бар адамдарды теміржол, автомобиль және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі жағдайды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.Ақтөбелік «Пандус-Ок» ҚБ басшысы Шахан Жұлдызбаев өз баяндамасында мүгедектігі бар адамдарға көлік қызметтері мен жеңілдіктер мәселелерін көтерді.Баяндамашылардың сөздері аяқталғаннан кейін Үйлестіру кеңесінің қатысушылары талқылау өткізді, оның барысында Инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасында көзделген одан әрі жұмыс бағыттары оң бағаланды.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тұжырымдама жобасын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшелері қолдаған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/877772
Алматыда тауық етінің бағасы бектіледі 16.11.2024
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру мақсатында «Алматы» ӘКК» АҚ «Алатау-құс» АҚ құс фабрикасымен қарыз шартын жасасты. Келісім аясында қалада өндірушінің тауық еті (сан еті мен жамбас) бағасы бекітілетін болды.«Алатау-құс» АҚ фирмалық дүкендерінің сөрелеріндегі және Алматыдағы үйдің жанындағы дүкендердегі өнімнің бағасы бір килограмм үшін 1 100 теңгеден аспайды.Келісілген шарттасу бойынша жалпы көлем 1818 тоннаны құрайды. Тұрақтандыру кезеңі 24 ай.Өнімдерді сату нүктелерінің мекенжайларын almatyazyk.kz сайтынан білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/877728
Қарулы күштердің әскери қызметшісі батылдық танытып, ауылдастарын өрттен құтқарды 16.11.2024
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы подполковник Елжас Жанұзақов көрші үйдегі газ жарылғанда зардап шеккен отбасына бірінші болып көмекке келді. Оқиға Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылында бірінші қарашада сағат 22.40 шамасында болған. Сол кеште Елжас Жанұзақов аулаға көмір алуға шыққан. Кенеттен көршілердің үй жағынан жарылысты естиді. Қайғылы оқиға орын алғанын білген куәгер еш ойланбастан отқа оранған үйге қарай жүгіреді. Жанып жатқан үйдің ішіне жүгіре кірген ол дәлізде жарылыстан соң еденде естен танған көршісін көрді. Ер адамды көшеге алып шығып, оны ауылдастарына табыстайды. Жарылыс толқыны залдың қабырғасын қиратқан. Зардап шеккен отбасының 20 жастағы қызы мен 13 жасар ұлы да құтқарылды. Үйде көмекке шақырған отанасы қалды. Кілемді үстіне жаба сала ол ас үйге беттеді. Елжас көршісін үйіндіден шығарам деп тырмысуы сәтсіз болды. Оның аяғы құлаған үйінді құрсауында қалып қойды. Аяусыз жалын жараланған әйелге көмектесуге мұрша бермеді.Батыл құтқарушы өзінің әрекетін батылдық деп санамайды. Ондай сәтте бей-жай қарап тұра алмағанын айтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/877717
ТЖМ құтқарушылары жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін күшейтуде 16.11.2024
Жылыту кезеңінің басталуымен жылыту құрылғыларын пайдаланумен байланысты өрттердің пайда болу қаупі едәуір артады. Ең тиімді шаралардың бірі тұрғын үй секторында, әсіресе азаматтардың әлеуметтік осал топтары арасында профилактикалық рейдтер жүргізу болып табылады. Осы іс-шаралар шеңберінде Абай облысы ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, еріктілермен және әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар және аз қамтылған азаматтар тұратын үйлерге барады.Негізгі мақсат – жылыту аспаптарының, электр сымдары мен түтін мұржаларының жай-күйін тексеру, сондай-ақ өрттің ықтимал көздерін анықтау. Мамандар тексеру жүргізіп қана қоймай, тұрғындармен өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы ақпараттандырып, түсіндірме әңгімелер өткізеді. Рейдтер барысында әлеуметтік осал азаматтардың үйлерінде улы газ датчиктерін орнату да жүргізілуде. Ағымдағы жылдың жылыту маусымы басталғаннан бері Абай облысының аумағында осындай 1342 датчик орнатылған. Бұл құрылғылардың уақтылы іске қосылуы қайғылы жағдайдың алдын алуға және ағымдағы жылы бір адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын және жылыту аспаптарының жай-күйін үнемі тексеру қажеттігін еске салады. Мұндай іс-шараларды өткізу өрт қаупін азайтуға ықпал етеді және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қосымша қорғауды қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/877744
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖОЙҚЫН ЖКО-НАН КЕЙІН ЕГІЗ АПАЛЫ-СІҢІЛІНІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ 16.11.2024
Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасының дәрігерлер бригадасы ЖКО-нан зардап шеккен апалы-сіңлі Алтынай мен Толғанайдың өмірін сақтап қалды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Әйелдер Бақанас ауылының Балқаш аудандық орталық қауруханасына ауыр жағдайда жеткізіліп, жол-көлік оқиғасында көптеген жарақат алды.Кентке ауыр жағдайдағы пациенттерге көмекке Қонаев қаласының көпбейінді қалалық ауруханасының дәрігерлері Ким Евгений Александрович, Жиренбаев Данияр Қаратайұлы, Удербаева Карина Өмірғалиқызы және Нуруллаев Шерзод Усарұлы дереу барды. Бригада реанимация бөлімшесі жағдайында пациенттердің жағдайын тұрақтандыра алды. Осыдан кейін үш күннен кейін әйелдер Қонаев қаласына, жергілікті аурухананың травматология және нейрохирургия бөлімшесіне жеткізілді. Онда дәрігерлер оларға әрқайсысы шамамен 7 сағатқа созылатын операциялар жасады. Мамандар пациенттерге диагноз қойды: аралас жарақат, жабық мидың жарақаты, мидың шайқалуы, бас терісінің көгерген жарасы, сондай-ақ кеуде қуысының, кеуде омыртқасының жабық жарақаты, жауырынның, сегізкөздің, екі жамбастың сынуы.Қонаев қалалық көпбейінді аурухананың директоры Рақышева Айман Ғалымжанқызы бұл жағдайда әйелдерді бастапқы кезеңде және операциядан кейінгі кезеңде мұқият күтім жасаған медициналық мекеменің травматолог-дәрігерлерінің де, реанимациялық-анестезиологиялық қызметінің де жұмысы үлкен рөл атқарғанын айтты.Қазір Алтынай мен Толғанай қалпына келтірілуде, пациенттер медициналық мекемеге түскен сәттен бастап екі апта өтті және дәрігерлердің қорқынышы артта қалды. Апалы-сіңлілер үйлесімді жұмыс істеген және күрделі хирургиялық ем жүргізген дәрігерлерге алғыс айтады. Әйелдер төсек режимін сақтап қалса да, олар өмірлерін сақтап қалу мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты. Пациенттердің ата-аналары мен жұбайлары Алтынай мен Толғанайға қорқынышты ЖКО-дан кейін тірі қалуға көмектескен дәрігерлерге алғыс білдіреді.Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасының реанимация, сондай-ақ травматология және нейрохирургия бөлімшесі жағдайында әйелдерді емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/877675
Нұрдәулет Қилыбай Тұщықұдық және Шебір ауылдарының жай-күйімен танысты 16.11.2024
4 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапарымен Маңғыстау ауданына қарасты Тұщықұдық және Шебір ауылдарына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.2138 тұрғыны бар Тұщықұдық ауылында жұмыссыздық деңгейі 2%-ды құрайды. Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымына дәрігерлік амбулатория, мектеп, балабақша, мәдениет үйі, сондай-ақ 11 кәсіпкерлік және 34 шаруақожалығы кіреді.Облыс әкімі алдымен «Дария» су орталығында болып, Көңдіқұдық су құбырының жұмысымен танысты. Бұл су құбыры Астрахань-Маңғышлақ бағытындағы «Қиғаш» жүйесінен алынатын суды фильтрден өткізіп, таза ауыз су ретінде тұрғындарға жеткізеді. Бүгінде ауылда қосымша 15,7 шақырым су құбыры салынып жатыр. Жаңа су құбырының іске қосылуы ауыл халқына берілетін су көлемінің тағы да 250 текше метрге дейін ұлғаюына мүмкіндік береді. Жоба жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.Осыдан кейін өңір басшысы 446 оқушы білім алатын С.Жаңғабылов атындағы мектепке барды. Мұнда 76 педагог еңбек етеді. Іргетасы 1979 жылы қаланған ғимарат бүгінде жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Нұрдәулет Қилыбай бірінші кезекте білім беру және денсаулық сақтау салаларына қажетті жағдай жасау керектігін айтты.- Ұлт болашағы білімді ұрпақ және денсаулығы мықты қоғам. Бұл екі салада үзіліс немесе үнемшілік болмау қажет. Сондықтан мектептер мен денсаулық сақтау нысандардың жағдайы әрдайым бақылауда болу керек, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Сондай-ақ, жұмыс тобы мектеп аумағындағы спортзалдың жағдайын да қарады. 2013 жылы бой көтерген ғимаратқа бүгінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс.Әрі қарай Нұрдәулет Қилыбай 1357 тұрғыны бар Шебір ауылына ат басын бұрды. Онда өңір басшысы жергілікті спорт кешенінің жай-күйімен танысты. Сыйымдылығы 90 адамға арналған бұл кешенге 2015 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Жергілікті тұрғындар жастарды спортқа баулу үшін кешенді қалпына келтіру қажет екенін айтты.Облыс әкімі Шебір ауылындағы «Қазпошта» ғимаратына да барды. Ауыл әкімі пошта бөлімшесін ағымдағы жөндеуден өткізіп, ғимараттың бір бөлігіне ардагерлер бөлімшесін ашу туралы жоспарымен бөлісті. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді қолға алып, шешуді тапсырды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/877537
Облыс әкімі Ақшымырау және Қызан ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады 16.11.2024
4 қарашада облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданының Ақшымырау және Қызан ауылдарына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Әкім қос ауылдың әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін тыңдап, олардың шешімдеріне бағытталған жұмыстарды талқылады.Сапар барысында әкім алдымен 1300-ден астам халқы бар Ақшымырау ауылына барып, «Тобанияз атындағы жалпы білім беретін мектеп» балансына кіретін «Қаралда Палуан» спорт кешенінің жағдайымен танысты. 2017 жылы пайдалануға берілген бұл кешенде 60-қа жуық бала түрлі спорт секцияларына қатысады. Қазіргі таңда кешенді Спорт басқармасының балансына беру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды.Ақшымырау ауылында дәрігерлік амбулатория, 330 орындық мектеп, 56 орындық балабақша, мәдениет үйі, 6 кәсіпкерлік нысан және 16 шаруа қожалығы бар.Нұрдәулет Қилыбай ақшымыраулық ауыл ақсақалдарымен кездесіп, тұрғындардың талаптарын тыңдады. Жергілікті халық су тапшылығы, ауыл ішілік жол салу, қоғамдық көлік және дәрігер жетіспеушілігі мәселесін көтерді.Облыс әкімі жаңадан салынып жатқан «Ақшымырау ауылы әкімі аппараты» ғимаратының құрылысымен де танысты. Құрылыс биыл шілде айында басталып, қараша айының соңына дейін аяқталуы жоспарланған. Бүгінде құрылыс 95 пайызға аяқталған.Әкім одан әрі Қызан ауылына барып, биыл іске қосылған ауыл әкімдігінің жаңа ғимаратын қарады.Сондай-ақ, өңір басшысы Қызан ауылдық амбулаториясының жұмысын көріп шықты. Мұнда 11 медбике қызмет етеді және 7 орындық күндізгі емдеу стационары жұмыс істейді. 2014 жылы салынған бұл амбулатория ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуде.Әкіммен кездесу барысында Қызан ауылының тұрғындары жұмыссыздық және интернет желісі мәселелерін көтерді. Облыс әкімі аудан және ауыл әкімдеріне аталған мәселелерді жан-жақты қарап, заң аясында реттеуді тапсырды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/877561
Болашақ мамандығын таңдау: елордада оқушылар өндіріс алаңдарын аралап шықты 16.11.2024
Астанада мектеп оқушыларының болашақ мамандығын анықтау мақсатында экскурсиялар өтіп жатыр. №23 орта мектептің 7-9 сынып оқушылары арнайы экономикалық аймақта орналасқан «Ютария» тігін фабрикасының жұмысымен танысты.Экскурсия барысында оқушылар заманауи тігін өндірісінің технологияларын көріп, жұмыс процесімен танысты. Мамандарға сұрақтар қойып, кездесуді танымды, әрі қызықты өткізді.«Біз арнайы киімнің қалай тігілетінін өз көзімізбен көріп, пиджактарға қалайша пішін берілетінін білдік. Өте қызықты болды», – деп 9 сынып оқушысы Диана Дидарова алған әсерімен бөлісті.Бұл экскурсияның мақсаты – оқушыларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, сондай-ақ техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын арттыру.«Біз балаларға фабрикамызды көрсеткенімізге өте қуаныштымыз. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпалын тигізеді», – деді пиджак цехының шебері Алтын Ташметова.Айта кетейік, Астанада 6 желтоқсанға дейін 7-11 сынып оқушылары мен колледждердің бірінші курс студенттеріне кәсіби бағдар беру мақсатында экскурсиялар өтіп жатыр. Бұл шараны Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, «ASTANA INVEST» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы, Астананы дамыту орталығы және қалалық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.Жоба аясында бүгінге дейін шамамен 5 мыңға жуық оқушы мен студент елорданың кәсіпорындары мен оқу орындарын аралап үлгерді, ал жыл соңына дейін жалпы 11 мыңнан астам баланы қамту жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/877584
«Сапалы әрі пайдалы»: JolTap жобасының қатысушысы курстың құндылығы туралы 16.11.2024
JolTap жобасы аясында астаналықтар цифрлық және жұмысшы мамандықтарын оқып, сертификат алып жатыр. Бүгінге дейін жобаға қатысушылардың біразы техникалық мамандықтарды игерсе, басқалары цифрлық саланың тілін меңгерді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қаладағы бірнеше мекенжай бойынша орналасқан «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінде тұрғындар мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алады. Мұнда JolTap әлеуметтік жобасы атаулы әлеуметтік көмек, бизнесті ашу үшін өтініш беру, оқыту, жұмыс іздеу бойынша тегін кеңес беру мүмкіндігін ұсынады.Осы жоба бойынша қысқамерзімді курстан өткендердің бірі – астаналық Сандуғаш Орынбетова.«Мен JolTap жобасы аясында «Kaspi-дегі сату негіздері» курсына қатыстым. Менің отбасыға арналған тауарлар сататын жеке дүкенім бар. Бір айта кетерлігі, менде Kaspi дүкен болғанымен тауарлар сатқан емеспін. Осы жобада курсқа қатысып, Kaspi дүкенде сатудың қыр-сырын үйрендім. Оқытушылар оның артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып берді. Сабақ өте қызықты өтті. Курс аяқталған соң мен Kaspi дүкенге 25 тауарды кіргізіп, оларды сата бастадым», - деді қатысушы JolTap жобасының Instagram парақшасында.Ал курсты аяқтаған соң қатысушыларға арнайы сертифиттар табысталған.«Курс маған ұнады. Сабақтар өте қызықты өтті. Мұнда айтылған ақпараттар қатысушыларға, яғни бізге пайдалы болды. Курс тегін болса да, өте сапалы. Өзгелерге де осы мүмкіндікті пайдаланып, оқып алуға кеңес беремін. Сондай-ақ осындай жобаны ұйымдастырып отырған Астана қаласы әкімдігіне алғысым шексіз», - деді С.Орынбетова.Айта кетейік, талай адамға мүмкіндігін жүзеге асыруға жағдай жасаған аталған жоба Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен жүзеге асып отыр. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы кез келген елордалық қатыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/877627
Биыл Абай облысының 200-ден астам тұрғыны қайтарымсыз грант алып, өз кәсіпорындарын ашты 16.11.2024
Көмектің ең көп сомасы 1,5 миллион теңгені құрады. Бұл көптеген жас кәсіпкерлерге өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Келесі жылы бизнес ашқысы келетіндер үшін төмен пайызбен несие беріледі.Көп балалы ана және кәсіби кондитер-аспазшы Торғын Ысқақова грант алып, үйінің жанынан шағын цех ашты. Бөлінген қаражатқа қажетті жабдықты сатып алып, өз өндірісін бастады.«Бастау Бизнес» жобасында өзімді сынап көруді шештім. Бұл мемлекет ұсынатын тамаша мүмкіндік. Мен әуелі бизнес-жоспар құрдым, бір апта оқып, сертификат алдым. Содан кейін өз жобамды қорғап, бір аптадан кейін келісім алдым», - дейді ол.Гранттық қолдаудан бөлек келесі жылы облыс тұрғындары үшін 35 жасқа дейін төмен пайыздық несиелер қарастырылған. Қарыздың ең көп сомасы 5 млн теңгені құрайды. Оған бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл мүмкіндікті 200-ден астам адам пайдалана алады деп күтілуде. Бұл өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/877674
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің өкілдері Бангкокта өткен БҰҰ ЭСКАТО Көлік комитетінің 8-сессиясына қатысты 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілдері Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) Көлік комитетінің 8-сессиясына қатысты.Іс-шара барысында Көлік саясаты департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов «Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды көлік торабы ретіндегі рөлін атап өтіп, транзиттік бағыттардың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған көлік инфрақұрылымын дамыту перспективаларын ұсынды.Сондай-ақ, Комитет аясында Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және Қытайдың көлік ведомстволарының өкілдерімен екіжақты келіссөздер жүргізілді.Бұған қоса, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Халықаралық көлік форумының (ХКФ) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында көлік және транзит саласындағы талдамалық зерттеулерді гранттық негізде жүргізу мүмкіндіктері талқыланды. ХКФ Орталық Азияда Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін дамыту жобасын іске қосуда. Бұл жоба тараптардың пікірінше өңірдің экономикалық дамуына және көлік интеграциясына ықпал етеді.БҰҰ ЭСКАТО Хатшылығы мен министрлік өкілдері Көлік жөніндегі 5-конференцияны ұйымдастыру, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағында аймақтық іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелерін талқылады. Бұл бағдарлама халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған.Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі көлік инфрақұрылымын дамыту және шетелдік әріптестермен серіктестікті нығайту бойынша жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/877502
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмаханұлының Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі 16.11.2024
2024 жылғы 8 қарашада сағат 10.00-де Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмаханұлының ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесу Орал қаласы, Н. Назарбаев көшесі 162, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан университеті мекенжайы бойынша өткізіледі. Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады. Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі. Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді r.asanova@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/877547