Әлем
Салық базасын ұлғайту жүйелі жұмысты қажет етеді 05.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің Қармақшы ауданына жұмыс сапары аясында Жосалы кентіндегі «Руханият орталығында» аудан активінің жиыны өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен алдағы міндеттер талқыланды.Аймақ басшысы бірқатар өзекті мәселеге тоқталып, салық базасын ұлғайту, шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізу, су үнемдеу технологияларын енгізу, құрылыс сапасын бақылауды күшейту және газдандыру деңгейін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.«Ауданның қаңтар-мамыр айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде салық базасын ұлғайту ерекше маңызға ие. Кент және ауылдық округ әкімдері осы ретте жүйелі жұмыс жүргізуі тиіс. Ішкі мүмкіндіктер мен экономикалық әлеуетті тиімді пайдалана отырып, жаңа инвестициялық жобаларды қолға алу қажет.2023 жылдан бері күріш егісінің көлемі 1 158 гектарға қысқарды. Ауданда 33 шаруашылық каналы бар болса, соның 9-на жоба-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. Суды аз қажет ететін дақылдарға басымдық беруді тапсырамын. Жобаларды әзірлеп, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп жұмыс жасаңыздар», – деді облыс әкімі.Кейінгі төрт жылда Қармақшы ауданында 267 пәтер берілген. Тұрғын үй құрылысы биыл да жалғасады. Жауапты басшылар құрылыс сапасына бақылауды күшейтуі керек.Қармақшыда газдандыру көрсеткіші 79,2 пайыз, бүгінде Иіркөл және Төребай би ауылдарына табиғи газ қосу қарқынды жүргізілуде. Аймақ басшысы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, басқа ауылдарға да кезең-кезеңімен газ жеткізуді тапсырды.«Жасыл даму» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен өңірде 98,7 млрд. теңгеге 9 жоба іске асырылуда. Қармақшы ауданында «Грин Орда Проект» серіктестігінің жобасы жоспарланған. Алдағы уақытта жұмыс қарқынын арттырып, екінші кезең сараптамасына құжат тапсыру керек.Бұдан бөлек, жауапты тұлғаларға қоғамдық тәртіпті нығайту және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.Кездесуде тұрғындар мен ауыл ақсақалдары өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды.Осы сапарда аймақ басшысы қармақшылық үздік оқушылармен кездесіп, олардың ұстаздарымен бірлесіп жасаған қолөнер бұйымдарын және заманауи технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырған тың жобаларының көрмесін тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1243578?lang=ru
Төребай би ауылын газдандыру қарқын алды 05.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов Қармақшы ауданына жұмыс сапары кезінде Төребай би ауылының тұрғындарымен кездесіп, газ желісін тарту жұмыстарының барысымен танысты.Осы уақытта құбыр мен ішкі тарату желілері жүргізілуде. «Asia Story KZ» және «Grand Structure Engineering» серіктестіктері қолға алған жобаға 479,5 млн теңге бөлінген.Ауылдарға «көгілдір отын» жеткізу Қазақстан Республикасын газдандырудың 2023-2030 жылдарға арналған бас схемасына, Қызылорда облысын газдандырудың 2023-2027 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспарына сүйеніп атқарылуда.Өткен жылдың қорытындысымен өңірді газдандыру көрсеткіші 83 пайызға жетті. Бүгінде 4 қала және 56 елді мекен табиғи газға қосылған.Биыл 14 жобаны іске асыруға 4,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 2-еуі – өтпелі, 12-сі – жаңа жоба, 10 елді мекен тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді. Осылайша газдандырылған елді мекен саны 66-ға, газбен қамту 85 пайызға дейін артады.Газдандыруды одан әрі жалғастыру үшін 15 млрд теңгенің 9 жобасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Қолдау тапқан соң қосымша 11 ауылды табиғи газға қосу жоспарланған.Бұдан бөлек, «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның 2026-2030 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасымен Жаңақорған ауданындағы 6 елді мекенді газдандыру көзделіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1243576?lang=ru
Сирек жер металдары күн тәртібінде: Корея Республикасында геологиялық барлау, стратегиялық шикізат өндіру және бірлескен ғылыми зерттеулер саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды 05.07.2026
Тэджон, 2026 жылғы 18 маусым – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асет Исенали Кореяның Геологиялық зерттеулер және минералдық ресурстар институтының (KIGAM) президенті И Гюн Квонмен кездесті.Кездесу барысында тараптар геология, жер қойнауын пайдалану, критикалық минералдар және ғылыми-технологиялық зерттеулер салаларындағы Қазақстан мен Корея арысындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.Елші А.Исенали елімізде минералдық-шикізат кешенін дамыту, геологиялық барлау жұмыстарына озық технологияларды тарту және стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастық үшін жасалып жатқан бастамалар туралы айтты.Сонымен қатар, кездесуде сирек жер металдары секторындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қарастырылды. Атап айтқанда, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және стратегиялық шикізатты жеткізудің орнықты тізбектерін қалыптастыру тұрғысынан өзара қызығушылық тудыратын Шығыс Қазақстан облысындағы «Бакенное» кен орны бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.И Гюн Квон Қазақстанның Еуразиядағы жетекші мемлекеттердің бірі әрі Корея Республикасының минералдық ресурстар саласындағы маңызды серіктесі екенін атап өтіп, геологиялық барлау, критикалық минералдар және стратегиялық шикізатты жеткізудің тұрақты тізбектерін қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және геология ғылымын дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге, сондай-ақ критикалық минералдар саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайдығын растады.Кездесу нәтижесі бойынша тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жоспарланған сапары екі елдің геология саласындағы ынтымақтастығын дамытуға елеулі серпін беретініне сенім білдірді.KIGAM геология, минералдық ресурстар, геологиялық барлау, критикалық минералдар, жер қойнауын орнықты игеру технологиялары және геологиялық деректерді цифрландыру салаларындағы Кореяның жетекші мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты болып табылады. Институт стратегиялық шикізатқа қолжетімділікті қамтамасыз ету және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұлттық стратегияны іске асыруда маңызды рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1243450?lang=ru
Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, «Облыста еріктілікті насихаттау мен дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде «WorkCamp-2026» облыстық жастар слеті өтті. 05.07.2026
WorkCamp-2026 слетіне облыстың түрлі салаларында табысты еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі 100 үздік жас қатысты. Олар мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсынысы негізінде іріктеліп, кәсіби жетістіктері, қоғамдық белсенділігі және өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін слетке арнайы шақырылды. Қатысушылар қатарында өндіріс, мемлекеттік қызмет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, медиа, кәсіпкерлік және қоғамдық сектор өкілдері болды.Барлық ұсыныстар мен сұрақтар жүйеленгеннен кейін Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Алимбек Туралиев жастармен ашық диалог алаңында кездесті. Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды. Басқарма басшысы жастардың пікірлері мен тілектерін тыңдап, өңірде жастарды қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ жастар саясаты саласындағы жаңа мүмкіндіктер, қолдау тетіктері, мемлекеттік бағдарламалар мен алдағы жоспарлар жөнінде айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. WorkCamp-2026 қатысушылар үшін жаңа таныстықтар орнатуға, түрлі сала өкілдерімен тәжірибе алмасуға және болашақ бірлескен бастамалардың негізін қалауға мүмкіндік берді. Іс-шара қорытындысында слет қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталып, белсенділік танытқан жастар «Үздік коммуникатор», «Жастар серпіні», «Слет көшбасшысы», «WorkCamp таңдауы» және өзге де номинациялар бойынша марапатталды. Айта кету керек, WorkCamp-2026 – Ақтөбе облысында алғаш рет ұйымдастырылған өңірлік жастар слеті. Оның басты ерекшелігі – түрлі саладағы үздік жастарды бір алаңға жинап қана қоймай, олардың ұсыныстары мен бастамаларын тыңдап, мемлекеттік органдармен тікелей талқылауға мүмкіндік бергенінде. Бұл өз кезегінде жастар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, жаңа идеялар мен нақты бастамалардың қалыптасуына жол ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1243384?lang=ru
Конфессияаралық диалог жөніндегі халықаралық конференция тұрақты бейбітшілік, жасанды интеллект этикасы және климаттық өзгерістер мәселелерін талқылады 05.07.2026
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы (ICIID) «Діни көшбасшылардың тұрақты бейбітшілік пен дамуға қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді.Іс-шара барысында Орталық халықаралық серіктестерге екі тұжырымдамалық құжатты ұсынды: «Жасанды интеллектті пайдалану жөніндегі этикалық кодекс» және «Діндердің климаттық өзгерістермен күрестегі рөлі».Конференцияға Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Аргентина, Таиланд, Солтүстік Македония және Үндістаннан діни ұйымдардың, академиялық институттардың, сараптамалық қауымдастықтардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Қатысушылар 2025 жылғы Астана бейбітшілік декларациясын және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін дамыту тұжырымдамасын (2023–2033) іске асыру мәселелерін талқылады.Негізгі тақырыптар:жасанды интеллектті этикалық реттеу,цифрлық радикалдануға қарсы іс-қимыл,діндердің климаттық өзгерістерге қосқан үлесі,конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты нығайту.Спикерлер диалогтан нақты іс-қимылға көшу қажеттігін атап өтіп, жаңа технологияларға қатысты этикалық негіздерді дамыту және климаттық сын-қатерлерге бірлесіп жауап беру маңыздылығын ерекше белгіледі.Жастардың рөлі мен білім беру бастамалары өзара түсіністік пен сенімді нығайтудың және радикализацияның алдын алудың негізгі факторы ретінде қарастырылды.Конференция қорытындысында қатысушылар конфессияаралық ынтымақтастықты тұрақты бейбітшілікті нығайтудың маңызды құралы ретінде одан әрі дамытуға және білім, технология этикасы мен әлеуметтік тұрақтылық салаларындағы практикалық әріптестікті кеңейтуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1243364?lang=ru
Аудандық мәдениет үйінде Әкелер күні аталып өтті 05.07.2026
17 маусым күні аудандық мәдениет үйінде Әкелер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл мереке – ер азаматтың отбасындағы, бала тәрбиесіндегі маңызды рөлін айқындап, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған ерекше күн.Шара барысында қатысушыларды «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ольга Александровна Нұрғалиева құттықтап, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі әкенің еңбегі, жауапкершілігі мен өнегелі үлгісінің маңыздылығына тоқталды.Мереке аясында аудан әкімінің орынбасарының Алғыс хаттарымен еңбегімен, белсенді өмірлік ұстанымымен және отбасына деген қамқорлығымен көпшілікке үлгі болып жүрген ардақты әкелер марапатталды.Мерекелік көңіл күй сыйлаған концерттік бағдарламада аудан өнерпаздары әкеге, отбасыға және отбасылық құндылықтарға арналған әндерін орындады. Көрермендерге Марк Забелин, Асан Әнуарбек, Танатқан Жүрсін және Дариға Айсағалиева өз өнерлерін тарту етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1243317?lang=ru
Ақжар ауылындағы шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысты 05.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев пен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов Қармақшы ауданына жұмыс сапарында Ақжар ауылындағы «Шакизада» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысты.Шаруа қожалығы 2005 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 50 гектар күріш, 77 гектар ескі жоңышқа, 0,5 гектар бақша және 70 гектар дән жүгері еккен. Мұнда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.Биыл Қармақшы ауданында 25 130 гектарға дақылдар егілді. Көктемгі егіске 21 ауыл шаруашылығы құрылымына 1 611,5 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.Су үнемдеу технологияларын 600 гектар алқапқа, атап айтқанда, 19 гектарға тамшылатып суару, 581 гектар мал азықтық дақылдарына жаңбырлатып суару тәсілі қолданылады.Ұжымдық бақша жобасы аясындағы 420 гектарға 960 отбасын орналастыру жоспарланып, 260 гектар бақша, 63 гектар көкөніс және 97 гектар картоп егілді.Айта кетейік, биыл өңірде 185,8 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда күріш егісінің көлемі 10,9 мың гектарға қысқартылған.Ерте егілетін дақылдар, атап айтқанда, 7 541 гектар мақсары, 415 гектар жаздық арпа, 4 338 гектар жаздық бидай, 21 394 гектар жаңа жоңышқа, 428 гектар қант құмайы, 873 гектар судан шөбі, 409 гектар сүрлемдік жүгері, 373 гектар соя, 120 гектар мал азықтық асқабақ, 326 гектар тары, 1 338 гектар картоп, 6 687 гектар көкөніс және 8 501 гектар бақша егілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1243567?lang=ru
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді 05.07.2026
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422[1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады.Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеудің стандартты формуласы арқылы есептеледі.Аталған формула болашақтағы төлемдердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістілік мөлшерлемелері мен төлемдерді индекстеу көрсеткіштері) факторларды ескереді.Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы қажетті жинақ көлемін анықтаудың халықаралық тәжірибесіне негізделген. Сондықтан есептеу нәтижелері макроэкономикалық көрсеткіштер болжамдарының өзгеруіне азырақ тәуелді болады. Сонымен қатар есептеулерде бұрынғыдай республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін ең төменгі зейнетақы мен ең төменгі жалақы мөлшерлері пайдаланылады.Бұл ретте формулада жинақтың бір бөлігін пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңде түсетін болашақ зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Мұндай тәсіл жинақтарының бір бөлігін пайдаланған азаматтардың болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған.Сонымен бірге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығы сақталады. Зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй және емделу мақсаттарына жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар мен мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалардың зейнетақы шотында қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығы бар.Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтарды пайдалану мүмкіндігі де сақталады. Алайда азаматтардың болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақы төлемдерін алуын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, алуға болатын қаражат көлемін айқындау тәсілдері жетілдірілуде.ТЖШ мөлшері салымшының жасына қарай 79% және одан жоғары өсті. Яғни зейнеткерлік жас жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қойылатын талаптар күшейіп, зейнетақы шотында сақталуға тиіс қаражат көлемі де артады. Осыған байланысты зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар үшін ТЖШ мөлшері екі еседен астам ұлғайды.Бұл олардың зейнетақы жинақтарының шоттарында сақталып, әрі қарай инвестициялануын қамтамасыз етеді және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің едәуір артуына мүмкіндік береді. Бұрынғы Әдістеме бойынша жинақтың бір бөлігін алғаннан кейінгі төлемдер медиандық жалақының шамамен 15%-ын құраса, жаңа Әдістеме бойынша бұл көрсеткіш медиандық жалақының шамамен 40%-ына дейін жетеді.Осылайша, ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесі салымшылар үшін неғұрлым ашық әрі болжауға ыңғайлы және халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың зейнеткерлік кезеңде тұрақты зейнетақы кірісімен қамтамасыз етілуіне бағытталған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1251915?lang=ru
Құрылыс сапасына қатысты мәселелер талқыланды 05.07.2026
ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасына қатысты мәселелер талқыланған кеңес өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Мемлекет басшысының құрылыс сапасын арттыру, нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бюджет қаражатын тиімді пайдалану тапсырмасы бар. Жиында құрылысқа бақылауды күшейту, техникалық және авторлық қадағалау институттарының жауапкершілігін арттыру, анықталған кемшіліктерді уақытылы жою мәселелері қаралды.Премьер-министрдің бірінші орынбасары ақауларды жою барысында көзбояушылыққа жол берілмейтінін атап өтті. Құрылыс сапасы жобалау кезеңінен бастап құрылыс-монтаждау, пайдалануға қабылдау, техникалық және авторлық қадағалау, кепілдік міндеттемелердің толық орындалуына дейінгі барлық кезеңде қамтамасыз етілуі тиіс.Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым, автомобиль жолдары, абаттандыру объектілері, аула аумақтары, сыртқы жарықтандыру жүйелері, теміржол вокзалдары мен автовокзалдар құрылысына бақылауды күшейту қажет.Кемшіліктер мердігер ұйымдар қаражаты есебінен, кепілдік міндеттемелер шеңберінде, бюджет қаражатын жұмсамай жойылуы керек.Мәжілісте бақылауды күшейту және тапсырыс берушілердің, мердігер ұйымдардың, техникалық және авторлық қадағалаудың жауапкершілігін арттыру шаралары талқыланды.Кейінгі үш жылда аймақта құрылыс саласына бөлінген қаржы тұрақты өсіп, 2023-2025 жылдар аралығында 349,9 млрд. теңгеге жетті. Құрылысы жүріп жатқан нысандардың сәулеттік келбеті мен ішкі дизайны алдын-ала келісіліп, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарының үйлесімділігі қамтамасыз етілуде.Жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы үшін барлық нысан тұрақты бақылауға алынған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1243282?lang=ru
Көше-жол желісін жөндеу және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде 05.07.2026
Биыл көше-жол желісін жөндеу және абаттандыру жұмыстарына 5,7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде орташа жөндеуге – 3,1 млрд теңге, жолдарды ағымдағы жөндеуге – 517 млн теңге, ал аула аумақтарын жаңғыртуға 1,5 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылды.Соңғы жылдары облыс орталығындағы 550 ауланың 515-і жаңартылып, бұл көрсеткіш 94 пайызды құрады. Қазіргі уақытта 35 нысанда жұмыстар жалғасуда. Барлық нысандарды 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде аулаларды жаңарту бағдарламасы толық аяқталуға жақындайды.Тұрғын үй алаптарындағы аула аумақтарына да ерекше көңіл бөлінуде. Амангелді тұрғын үй алабында жалпы көлемі 28 мың шаршы метрді құрайтын аула аумақтарын асфальттау жұмыстары толық аяқталды.Әрбір жоба сапалы орындалып, тұрғындардың сұранысына толық сәйкес болуы басты назарда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1243260?lang=ru
Өскеменде халықаралық Pro Молоко’26 агроөнеркәсіптік форумы басталды 05.07.2026
Өскеменде халықаралық Pro Молоко’26 агроөнеркәсіптік форумы басталды18 маусым күні Өскемен қаласында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жетекші сарапшыларды, бизнес, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар өкілдерін біріктірген «Pro Молоко’26» 5-ші халықаралық форумы мен «QazaqSut» мамандандырылған көрмесі өз жұмысын бастады.Форум аясында қатысушылар сүт саласын дамыту, мал шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи ветеринариялық тәжірибелерді енгізу, шаруашылықтарды басқарудың цифрлық технологиялары және сүт өнімдерін қайта өңдеу перспективаларының өзекті мәселелерін талқылауда.Іс-шараға Қазақстан, Беларусь, Франция, Дания, Нидерланд, Түркия, Қытай және басқа да елдердің өкілдері қатысуда. Сарапшылар аграрлық секторды дамытуға арналған халықаралық тәжірибелерімен, табысты кейстерімен және инновациялық шешімдерімен бөлісуде.Форумда Беларусь Республикасының елшісі мен Франция елшілігінің атташесі сөз сөйлеп, өз елдерінің сүт саласы мен сүт өнімдерін өндірудегі жетістіктерін таныстырды.Сондай-ақ бағдарламада инвестициялық кездесулер, B2B-келіссөздер, тақырыптық дөңгелек үстелдер, агротуризмді, омарташылықты және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мәселелерін талқылау қарастырылған.Форумның өткізілуі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, инвестициялар тартуға және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне озық технологияларды енгізуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1243248?lang=ru
«Pro Молоко’26» V Халықаралық форумын және «QazaqSut» көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық корпус өкілдерін шақырды. 05.07.2026
«Pro Молоко’26» V Халықаралық форумын және «QazaqSut» көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық корпус өкілдерін шақырды.Қазақстан Республикасындағы Грузияның, Тәжікстан Республикасының, Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілерімен кездесулер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды дамыту перспективалары талқыланды.Іскерлік байланыстарды кеңейту және шетелдік делегациялардың «Pro Молоко’26» V Халықаралық форумына және «QazaqSut» көрмесіне қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесулер аясында дипломатиялық өкілдерге Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм, білім беру және мәдениет салаларындағы әлеуеті таныстырылды.Форум тәжірибе алмасу, жаңа іскерлік байланыстар орнату, инвестициялар тарту және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін тиімді алаңға айналады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1243236?lang=ru
KazAID: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сенім шаралары – пәрменді 05.07.2026
Астана, 2026 жылғы 17 маусым, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (Азиякеңес - АӨСШК) хатшылығында Азиякеңес хатшылығының құрылғанына 20 жыл толуына орай Азиядағы аймақтық ұйымдардың атқарушы құрылымдарының дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, 2006-2008 жж Азиякеңес хатшылығының тұңғыш атқарушы директоры болған Жандос Асанов қатысты.Өз сөзінде Ж. Асанов Азиякеңес платформасының жалпыазиялық қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін қажет екенін және Азиякеңес сенім шараларының пәрменді екенін айтып өтті.Ж.Асанов Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың БҰҰ аясында халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысына тоқтала келе, су дағдарысын еңсеру үшін ғылыми-технологиялық потенциалды арттыру ісіне халықаралық және аймақтық ұйымдардың жіті көңіл бөлуін өтінді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1243196?lang=ru
Астанада ТМД елдерінің қарулы күштері штаб бастықтары ынтымақтастық көкжиектерін талқылады 05.07.2026
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің отырысына Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан әскери ведомстволарының өкілдері қатысты.Пленарлық отырыс басталмас бұрын әскери делегациялар басшыларының екіжақты кездесулері өтті. Сондай-ақ қатысушылар «Отан қорғаушылар» алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Отырыста тараптар әлемдегі және Орталық Азия өңіріндегі әскери-саяси ахуалды, көпжақты әскери ынтымақтастықты дамыту және Достастық елдерінің қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтың айтуынша, Қазақстан әскер құрылымын дамытудағы тәжірибесімен және әскердің жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерімен бөлісті.Кездесу барысында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, әскери авиация ұшуларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.Сонымен қатар жоғары технологиялық қару-жарақ пен әскери техниканы қолданудың заманауи тәжірибесін зерделеу жайы сөз болды. Қатысушылар әскери зымырандар мен артиллерияны жауынгерлік қолдану, сондай-ақ нысандар мен аумақтарды минадан тазарту міндеттеріне ерекше назар аударды.– Әскери саладағы ынтымақтастығымыздың деңгейі тұрақты түрде кеңейіп келеді. Бұл ұлттық қарулы күштердің әлеуетін нығайтуға және Достастық мемлекеттерінің қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге ықпал етеді, – деп қорытындылады сөзін генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров.Кездесу қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің хатшысы генерал-лейтенант Юрий Дашкин Достастық кеңістігіндегі әскери өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл ынтымақтастық қарулы күштер арасындағы үйлестіруді күшейтуге және өңірлік қауіпсіздікті сақтауға бағытталған.Іс-шара соңында тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі келісімдерді бекітетін қорытынды құжаттарға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1243174?lang=ru
Заңды тұлғалардың банкроттығы: рәсімнің ашықтығы үшін тағы бір қадам 05.07.2026
Ағымдағы жылдың басы жеке тұлғалар және заңды тұлғалар банкроттығы саласындағы бірқатар өзгерістермен ерекшеленді. 2026 жылдың 16 қаңтарында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулерге қол қойылды. Соңғы бірнеше жылдар ішінде заңды тұлғалар банкроттығы саласы айтарлықтай өзгерістерге ұшырамаған еді. Алайда, бұл саладағы құқықтық қатынастардың үрдісі рәсімдер тиімділігін жоғарылату бойынша кезекті қадамның қажеттілігін көрсетті. Бұл ретте рәсімге қатысушылар ыңғайлылығы үшін тиісті түзетулер кезең-кезеңмен енгізіледі. Сонымен, 2026 жылдың 19 наурызынан бастап келесілерді: - банкроттықты басқарушыға қосымша құқықтар беруді (қосымша сыйақыны есептеу кезінде және заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану үшін сотқа жүгіну бойынша); - уақытша басқарушыны шеттету функциясын енгізуді; - кредиторлар жиналысы/комитеті отырысы туралы кредиторларды хабарландыру тәсілдерін кеңейтуді; - алдындағы бас тартудан кейін банкрот деп тану туралы өтінішпен қайта жүгіну мерзімін белгілеуді; - салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша кредитордан басқа өзге кредиторлар болмаған жағдайда оңалту рәсімін қолдануға жол бермеуді; - банкроттың мүлкін тікелей сату кезінде кредиторлар жиналысының өкілеттілігін анықтауды көздейтін түзетулер қолданысқа енгізіледі. Аталған өзгерістер оңалту және банкроттық рәсімдерін жосықсыз пайдалану талпыныстарын азайтуға мүмкіндік береді және олардың ашықтығын жоғарылатады деп күтілуде. Өз кезегінде, бұл бағыттағы жұмыс аяқталған жоқ. Бүгінде әкімшілердің деңгейін жоғарылатуға және кредиторлардың құқықтарын кеңейтуге бағытталған «Оңалту және банкроттық туралы» Заңға түзетулер Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қаралуында. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1243163?lang=ru
БАНКРОТТЫҚ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ РӘСІМДЕРІНІҢ САНДЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ (ISNA АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ): ҚАҒАЗ ФАЙЛДАРДАН АШЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ДЕЙІН 05.07.2026
Соңғы үш жылда ұлттық банкроттық институты ауқымды цифрлық трансформациядан өтті. Егер бұрын оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберіндегі барлық процестер тек қағаз жүзінде жүзеге асырылса, бүгінгі күні жұмыстың едәуір бөлігі Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі ақпараттық жүйесінде (СӘИЖ) электрондық форматқа көшірілді. СӘИЖ-де 6 мыңнан астам іс цифрландырылды, 30 мыңнан астам құжат электрондық түрде қабылданып, өңделді, бұл қарау процестерін айтарлықтай жеделдетуге және олардың ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді. Сыртқы пайдаланушылар үшін цифрлық сервистерді дамыту маңызды қадам болды. Комитеттің жаңа порталында (portal.kgd.gov.kz) келесілерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық API-сервистер іске асырылды: - банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану немесе банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімдері бар борышкерлердің тізімдері; - оңалту рәсімін тоқтату туралы заңды күшіне енген сот ұйғарымдары бар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізімдері; - банкроттық ісін қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландырулар; - оңалту ісін қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландырулар; - борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы хабарландырулар; - банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы хабарландырулар; - банкроттық рәсіміндегі кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламалар; - реабилитация рәсіміндегі кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламалар; - банкроттық және оңалту рәсімдеріндегі кредиторлар талаптарының тізілімі. API-сервистерге қосылу үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет: https://portal.kgd.gov.kz/ru/pages/api-services. Айта кету керек, электрондық құжат айналымына көшу әкімшілік жүктемені азайтып қана қоймай, адам факторына байланысты қателіктер тәуекелін де төмендетеді. Өз кезегінде, ашық API енгізу рәсімдердің ашықтығын арттыруға және банкроттық институтының айналасында цифрлық экожүйені дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, борышкерлер істерін цифрландыру және банкроттық рәсіміне қатысушылардың өзара іс-қимылын автоматтандыру болашақта әкімшілендіруді және әдейі банкроттық белгілерін анықтауды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл міндет біз үшін басым бағыт болып табылады. Осылайша, қысқа мерзім ішінде банкроттық институты қағаз бюрократиядан уақыт талаптары мен пайдаланушылардың - әкімшілердің, кредиторлардың және рәсімге қатысушылардың - күтілімдеріне сәйкес келетін заманауи цифрлық шешімдерге өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1285753?lang=ru
Әдейі банкроттық белгілерін анықтау мақсатында банкроттыққа дейінгі кезеңде борышкердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу 05.07.2026
2025 жылғы 8 - 10 қазан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасымен бірлесіп «Әдейі банкроттық белгілерін анықтау мақсатында банкроттыққа дейінгі кезеңде борышкердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – әдейі жасалған банкроттық белгілерін анықтау тиімділігін арттыру. Семинарға аумақтық мемлекеттік кірістер органдары Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармаларының/бөлімдерінің қызметкерлері қатысады. Семинар тыңдаушылары үшін Polycom арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде: Душкенова Назгуль Кувашевна - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары; Исабекова Айгерим Эрыковна - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы; Тулеубаев Ермек Бейшенович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы сөз сөйледі. Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді. Семинар қорытындысы бойынша 103 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1243153?lang=ru
Әдейі банкроттық 05.07.2026
Соңғы уақытта міндеттемелерін орындай алмаған немесе әдейі орындаудан жалтарған компаниялардың сот арқылы әдейі банкрот деп танылу жағдайлары жиілеп кетті. Алайда қазіргі таңда мұндай әрекеттер жазасыз қалмайды. Әдейі банкроттық ұғымы Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңында бекітілген, оған сәйкес, әдейі банкроттық деп кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтаруға бағытталған, мүлікті жасыру немесе иеліктен шығару жолымен жасалған құрылтайшының, лауазымды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің қасақана әрекеттері танылады. Әдейі банкроттықтың белгілері ретінде әдейі тиімсіз немесе жалған мәмілелер жасасу, активтерді шығару, қарыздарды өндіріп алудан бас тарту, мүлікті жасыру немесе беру, берешекті жалған арттыру, басқару және есеп жүйесін қасақана бұзу, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттер танылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасында, атап айтқанда жоғарыда көрсетілген Заңда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде құрылтайшылар мен лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі көзделген. Егер банкроттықтың әдейі жасалғаны анықталса, онда сот тәртібімен бақылаушы тұлға субсидиарлық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, яғни компанияның берешектерін өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті болады. Сонымен қатар, егер кінәлі тұлға әкімшілік немесе қылмыстық тергеп-тексеру нәтижесінде кінәлі деп танылса, онда банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін де субсидиарлық жауапкершілікке тарту мүмкіндігі сақталады. 2024–2025 жылдаға банкроттық рәсіміндегі барлық борышкерлердің қызметіне жүргізілген талдау нәтижесінде 120 әкімшілік өндіріс және 44-тен астам қылмыстық іс әдейі банкроттық белгілері бойынша қозғалды. Енді мемлекеттік кірістер органдарының жоспарларында әдейі банкроттық белгілерін анықтаудың автоматтандырылған құралдарын пайдалану, мәмілелерді, компаниялар арасындағы байланыстарды және борышкерлердің мінез-құлқын талдау, ол үшін оңалту және банкроттық рәсімдерін автоматтандыру бойынша белсенді жұмыс басталды. Мысалы, 2024 жылы Жамбыл облысында компанияның бұрынғы директоры сот үкімімен әдейі банкроттық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, ал 2025 жылы сот бұл тұлғадан компанияны банкрот деп тануға дейін банктік шоттардан шығарылған ақша түріндегі активтер үшін кредиторлардың пайдасына 45 миллион теңгеден астам қаражат өндіруге шешім қабылдады. Мұндай жағдайлар жекелеген мысалдар емес, тек 2025 жылдың өзінде кінәлі тұлғаларға қатысты 12-ден астам осындай сот шешімі шығарылған, борышкерлердің заңсыз әрекеттерін автоматтандырылған түрде анықтау процестері енгізілуіне байланысты, мемлекеттік кірістер органдары аналитикалық негізділік пен жүйелі дәлелдемелер базасының арқасында құқық қорғау органдарына жолданатын материалдардың тиімділігі артады деп күтуде, сәйкесінше сотқа жолданатын талаптардың да артуына әкеледі. Осылайша, банкроттық рәсімі жосықсыз кәсіпкерлер үшін жауапкершіліктен жалтару тәсілі болуды тоқтатады және әділдікті қалпына келтірудің пәрменді құралы — кінәлі тұлғаларды жеке жауапкершілікке тарту есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыруға бағытталған тетікке айналады. Ескіру мерзімі ұзартылуы мүмкін, ал қаржылық және қылмыстық жауапкершілік нақты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1243160?lang=ru
Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының жаңа әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды 05.07.2026
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІТАСЕМЕНОВ АЙБЕК ЖАХАНБАЙҰЛЫЖамбыл облысы әкімінің аппараты, индекс 080008,Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 үй, 101 кабинетБайланыс телефондары: 43-72-59, 8 701 75 333 76Е-mail: a.tassemenov@zhambyl.gov.kzЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫҚАБЫЛДАУ ОРНЫ Апта сайын,бейсенбі күні 15.00 – 18.00№101 кабинетЕгер Сіз мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілеріне тап болсаңыз, мына нөмірге қоңырау шалуыңызға болады +7 701 75 333 76Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1243152?lang=ru
Ұлттық ұланда әскери полицияның жедел желісі іске қосылды 05.07.2026
"Цифрлық профилактика" ведомствоаралық бағдарламасы аясында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша әскери полиция жедел желі телефонын іске қосты.Жобаның негізгі мақсаты — Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен, азаматтық персоналынан және азаматтардан өтініштерді жедел және тәулік бойы қабылдауды қамтамасыз ету болып табылады.Сенім телефонына хабарласуға арналған байланыс нөмірлері: +7 708 703 36 36 және +7 (7172) 27 36 36. Ақпаратты телефон қоңырауы немесе SMS хабарлама арқылы беруге болады.Барлық келіп түскен өтініштер цифрлық есепке алу журналында тіркеледі, бұл оларды қараудың ашықтығын және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.Жедел желіні енгізу құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтауға, әскери тәртіпті нығайтуға, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға және әскери қызметшілер мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ықпал етеді деп күтілуде.Жедел желіні іске қосу Ұлттық ұланның қызметіне цифрлық технологияларды енгізудің кезекті кезеңі болды, ол ден қоюдың жеделдігін арттыруға және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. #ЗАҢМЕНТӘРТІП ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1243139?lang=ru