Әлем
Мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша жоспар орындалып, инфляция алты айдан бері төмендеуде 08.04.2026
2026 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің бір мезгілде нығаюы және инфляциялық процестің баяулауы тіркеледі. Бұл көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруінен туындаған бағаның қысқамерзімдік өсуін экономика 2025 жылдың аяғында – 2026 жылдың қаңтар-ақпанында сіңірген. Қазіргі уақытта инфляцияға әсер етпейді.Жедел деректер бойынша 2026 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы (трансферттерді есептемегенде) 104,4%. Жоспардағы 6 176,2 млрд теңгенің орнына бюджетке 6 444,9 млрд теңге түскен. Асыра орындау – 268,7 млрд теңге.2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 930,6 млрд теңгеге немесе 16,9% - ға ұлғайды. Кірістер бойынша жоспарлардың асып кетуі республикалық және жергілікті бюджеттерде тіркелді. Айта кету керек, 2026 жылға арналған салық түсімдері бойынша республикалық бюджеттің кірістері 18,886 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр. Бұл 2025 жылғы нақты түсімдерден 4,4 трлн теңгеге жоғары.Атап айтқанда, республикалық бюджеттің кірістері 101,8% - ға орындалды: жоспардағы 4 085,6 млрд теңгенің орнына 4 159,4 млрд теңге түсті. Өткен жылғы өсім 26,1% (+861,8 млрд теңге). Бұл көбінесе Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына әлемдік нарықтардағы бағалардың өсуіне, 2025 жылғы 4 тоқсанда ЭШФ жүйесінде тіркелген тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемінің өсуіне, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелеріне байланысты.Республикалық бюджет кірісінің негізгі бөлігін құрайтын салықтық түсімдер (98%) 101,6% - ға орындалды: жоспардағы 4 012,8 млрд теңгенің орнына 4 077,6 млрд теңге түсті. Өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 31,5%. Бұл ретте 2026 жылғы қаңтар-наурызға 2025 жылғы IV тоқсанға (2026 жылғы 25 ақпанға дейін) ҚҚС төлеу мерзімі келгенін ескеру қажет. Тиісінше, ҚҚС бойынша салық міндеттемелері 12% ставка бойынша жүргізілді.Өсім өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда импортталатын тауарларға КТС (+16,9%), ҚҚС (16% ставка бойынша есептелген) (+24,2%), пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (+35,7%) сияқты ірі салықтар бойынша қамтамасыз етілді.Жергілікті бюджеттердің кірістері 109,3% - ға орындалды: жоспардағы 2 090,6 млрд теңгенің орнына 2 285,5 млрд теңге түсті. Өткен жылғы өсім 3,1% (+68,8 млрд теңге).Жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимінде 392 мың жеке тұлға тіркелген. ҚҚС төлеушілер саны 10 мың субъектіге артты.Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша инфляцияны төмендетудің тұрақты үрдісі сақталуда. Наурызда инфляция қарқыны қаңтар–ақпандағы 1,0–1,1% салыстырғанда 0,6% - ға дейін баяулады. Төмендеу алтыншы ай қатарынан байқалады: 2025 жылғы қыркүйектегі ең жоғары мәннен кейін (12,9%) инфляция біртіндеп баяулауға көшті және 2026 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 11,0%. ҰЭМ болжамы бойынша, 2027 жылдың басында инфляцияның бір мәнді деңгейіне шығу ықтималдығы жоғары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1195944?lang=kk
Үкімет Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады 08.04.2026
Қазақстан Үкіметі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасында Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу өндірісін салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.Жалпы құны 70 млрд теңге болатын жоба 2026-2028 жылдары іске асырылады. Оны іске қосу кемінде 160 тұрақты жұмыс орнын құруға, ел ішінде ағаш өңдеуді кеңейтуге, дайын өнім өндірісін арттыруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Зауыттың өндірістік қуаты жылына шамамен 600 текше метр ағаш-жаңқалы плиталар (ДСП) және 20 млн шаршы метр ламинацияланған ағаш-жаңқалы плиталар (ЛДСП).Келісім қазақстандық өндірушілердің тауарларын, шикізатын, жұмыстары мен қызметтерін міндетті түрде пайдалануды көздейді. Инвестор дайын өнімнің кемінде 50%-ын ішкі нарыққа бағыттауға міндеттеледі. Кәсіпорын жобалық қуаттың 80%-ына шыққаннан кейін отандық дайын өнім экспортының көлемі жылына 60 мың текше метрге дейін жетеді.Өңірді әлеуметтік қолдау бойынша міндеттемелер де бекітілген. Сондай-ақ инвестор жұмыскерлерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізуге және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндеттеледі.Жобаны іске асыру ағаш өңдеу саласының дамуына, жергілікті мазмұнды арттыруға, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1196188?lang=kk
Президент Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды 08.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1196195?lang=kk
Кеден тізілімдерін орналастыру туралы 08.04.2026
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 485-бабына сәйкес кеден органдары осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдерін жүргізеді.Кеден органының заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізуі туралы, оларға енгізілген заңды тұлғаларды бұл тізілімдерден алып тастау туралы, тізілімге енгізілген кезде заңды тұлға мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тоқтата тұру, қайта бастау туралы ақпарат тиісті шешім күшіне енген күні уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.https://kgd.gov.kz порталдың жабылуына байланысты кедендік тізілімдерді орналастыру «Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы Қызмет-Салалық құжаттар-Кедендік әкімшілендіру-Тізілімдер» бөлімінде жүзеге асырылады. Сайтқа сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/activities/directions?lang=ru . Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1196201?lang=kk
Көлік құралдарын кедендік мөрлер мен пломбалармен тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру 08.04.2026
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар! "Көлік құралдарын кедендік мөрлер мен пломбалармен тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" тәртібіне өзгерістер енгізілгенін сіздің назарыңызға жеткіземіз. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 15 жаңа шешіміне сәйкес көлік құралдарына рұқсат беру туралы куәліктің қолданылу мерзімі ұзартылды және 3 жылды құрайды. Куәлік бланкісінің нысаны да өзгертілді. Көрсетілген шешіммен оның нөмірі мен қабылданған күні бойынша Интернет желісінде іздеу арқылы танысу қажет. Өтініш беру кезінде осы өзгерістерді ескеру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1196208?lang=kk
“Алматы облысының білім басқармасы” ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізу жоспарлануда 08.04.2026
2025 жылғы 17 сәуірде сағат 17.00-де Алматы облысы, Қонаев қаласы,1 ы/а, 45Г мекенжайы бойынша “Алматы облысының білім басқармасы” ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізу жоспарлануда. Қосымша ақпарат пен сұрақтар болған жағдайда +7 747 563 3466 нөміріне қоңырау шалыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1196210?lang=kk
«Таза Қазақстан» — тазалық пен тәртіп кепілі 08.04.2026
Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 4 сәуір күні Маңғыстау ауылы, Бесшоқы тұрғын массивінің 1-ші бұрылысынан Ұн зауытына дейінгі аралықта сенбілік іс-шарасы өткізілді. Іс-шара аясында Бесшоқы ауылы тұрғындарының бастамасымен үйлердің ауласы, аула сырты және өрт өткелдерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.Іс-шараға барлығы 100-ге жуық адам қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-mangystau/press/news/details/1196226?lang=kk
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды 08.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1196235?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік дамуының негізгі нәтижелері 08.04.2026
Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік секторы өңір экономикасының негізгі қозғаушы күші болып қала беруде, жалпы өңірлік өнімнің шамамен 42%-ын қалыптастырады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңір елде 9,6% үлеспен үшінші орынға ие болып, тек Қарағанды және Алматы облыстарынан кейін тұр.Өнеркәсіптің өсуі жалғасуда: 2025 жылдың қорытындысы бойынша өнім өндіру көлемі ағымдағы бағамен 26%-ға өсіп, 3,3 трлн теңгені құрады. Оның 88%-ы өңдеуші салаға тиесілі (3,0 трлн теңге). Бұл шикізатты терең өңдеуге және қосылған құнды арттыруға бағытталған құрылымдық өзгерістердің жалғасып жатқанын көрсетеді.Өңір өнеркәсібінің негізін металлургия (69%), химия өнеркәсібі (13%), тамақ өнімдерін өндіру (10%) және машина жасау (4%) құрайды.Өткен жылы өңдеуші өнеркәсіпке 99,7 млрд теңге, ал тау-кен өндіру және карьерлерді игеру саласына 87,5 млрд теңге инвестиция салынды.Соңғы үш жылда өңдеуші сектордағы жұмыспен қамту 11%-ға өсіп, 42,3 мыңнан 46,9 мың адамға жетті. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 6%-ға артып, 769 бірлікті құрады. Оның ішінде 716-сы шағын, 30-ы орта және 23-і ірі кәсіпорындар.Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің экспорты соңғы бес жылда 1,4 есеге өсіп, 2,7 млрд АҚШ долларына жетті. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша экспорт көлемі 2,4 млрд долларды құрады.Өңірдің негізгі сыртқы сауда серіктестері: Ресей (25%), Қытай (24,3%), Қырғызстан (10,2%), Түркия (7,6%), Өзбекстан (4%) және Мексика (4%).Экспорт құрылымының негізін дәстүрлі түрде металдар мен олардан жасалған бұйымдар құрайды — 64,9%. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен өнімдері мен дайын азық-түлік тауарларының үлесі айтарлықтай (14%). Машиналар, жабдықтар, аспаптар мен құрылғылар экспорты 3,7%-ды құрайды.Осылайша, өңір металлургиялық өнімдердің басымдығымен экспортқа бағытталған сипатын сақтай отырып, жеткізілім номенклатурасы мен сыртқы нарық географиясын біртіндеп кеңейтуде.Сонымен қатар саланы цифрландыру күшейіп келеді. Соңғы бес жылда цифрлық технологияларды енгізетін ірі және орта кәсіпорындардың үлесі екі еседен астам өсіп, 2019 жылғы 6,7%-дан 2024 жылы 13,7%-ға жетті.Еңбек өнімділігі де айтарлықтай өсті: 2018 жылдан бері 2,1 есеге артып, бір қызметкерге шаққанда 69,9 мың АҚШ долларын құрады.Цифрлық трансформацияның көшбасшылары – тау-кен металлургия кешенінің жүйе құраушы кәсіпорындары. Өндірістерде жабдықтар жаңартылып, сандық бағдарламалық басқаруы бар заманауи станоктар, роботтандырылған жүйелер және автоматтандырылған сапа бақылауы енгізілуде. Бұл өндіріс тиімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.Іске асырылған жобалардың қатарында «Казцинк» ЖШС-нің Риддер металлургиялық кешенінде контакт аппаратының құрылысы бар. Жоба аясында жылу алмастырғыштар мен газ құбырларын қоса алғанда негізгі технологиялық жабдықтар орнатылды.«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да бериллий өндірісіне арналған сандық бағдарламалық басқаруы бар заманауи жабдық сатып алынды. Бұл кәсіпорынның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтіп, күрделі геометриялы бұйымдар шығаруды игеруге мүмкіндік берді.«Казцинк» тобында бірыңғай цифрлық инфрақұрылым құру жобасы жүзеге асырылды. Ол IT-қызметтерді орталықтандыруды, жұмыс орындарын стандарттауды және деректерді өңдеу орталықтарын дамытуды қамтиды. Бұл ақпараттық қауіпсіздік деңгейін және өндірістік процестерді басқаруды жақсартты.Қазіргі уақытта өңірде бірқатар ірі жаңғырту жобалары іске асырылуда. Олардың қатарында «Востокмашзавод» АҚ-дағы құю өндірісін жаңарту, «Казцинк» кәсіпорындарында газ тазарту жабдықтарын қайта жаңғырту, сондай-ақ заманауи сүзгілеу жүйелерін енгізу бар.«Өскемен арматура зауыты» АҚ-да да елеулі жаңғырту жүргізілді, бұл өндірістік қуаттарды жаңарту арқылы өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берді.Ағаш өңдеу саласын жаңғырту жалғасуда, оның ішінде Өскемен қаласындағы ағаш-жаңқа тақталарын өндіретін зауытты қайта жаңғырту бар. Сонымен қатар Үлбі металлургиялық зауытында уран өндірісін техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде.Импортты алмастыру саясаты да жалғасуда. «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС-де бұрын шетелден жеткізілген жаңа өнім түрлерін шығару жолға қойылды.Аталған жобаларды іске асыру еңбек өнімділігін арттыруға, экологиялық жүктемені азайтуға, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik/press/news/details/1196243?lang=kk
Облыста жылу желілеріндегі апаттар 6 есеге азайды 08.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жылыту маусымының өтуі және аяқталуы жөнінде аймақ әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы жылытумаусымын кедергісіз өткізу туралы бірнеше рет тапсырма берді.Біздің облыста жылыту маусымы штаттық режимде өтуде және де аяқталуға жақын. Ірі апаттар тіркелмеді. Бұл, әрине, былтырғы жазда алдын ала жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі.Жыл сайын жылумен қамтамасыз ету нысандарын және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға айтарлықтай қаражат жұмсалады.Нәтижесінде, облыс бойынша жылу желілеріндегі апаттар 6 есеге азайып, 2022-2023 жылыту маусымындағы 830-дан биыл 134-ке дейін төмендеді.Ел Президенті 2029 жылдың аяғына дейін жылу желілерінің тозуын 42%-ға дейін төмендету міндетін қойды.2022-2025 жылдары біз желілердің тозуын 50%-тен 43%-ке дейін азайттық.«Тағы бір мәселе – тарифке қатысты. Адамдар жылу, су және электр энергиясын тұтынғаны үшін әділ тариф төлеуі тиіс. Бұл жылу, су және электр энергиясын есептейтін, деректерді қашықтан беру функциясы бар заманауи есептеу құралдарын орнату арқылы мүмкін болады. Заманауи есептеу құралдарын қолдану тұтыну көлемін дәл есептеуге, сондай-ақ есептіліктің ашықтығын қамтамасыз етеді. Автоматты құралдарды қолданысқа енгізу өсіп келеді: 2023 жылы автоматты есептегіш 433 үйде болса, 2025 жылы 1 132 үйге орнатылып, өсім 3 есеге жетті. Есептегіш құралдар тұтынуды реттеу арқылы үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде тұрғындар көктемнің жылы күндері басталғанда терезелерін ашып, жылу далаға кетіп жатыр. Соған қарамастан, олар жылу үшін толық көлемде төлем жасауды жалғастыруда. Бұл дұрыс емес. Біздің міндетіміз – өз кәсіпорындарымыздың, жергілікті өндірушілердің қатысуымен жылу есептеу тораптарын көбірек орнату. Мұндай құрылғылар қазірдің өзінде облыс аумағында жұмыс істеп тұр», – деді аймақ басшысы.Биылғы жылыту маусымында бір көпқабатты үйдегі үнемділік 890 мың теңгені құрады. Бұл – азаматтарымыздың қалтасында қалатын қаражат. Облыс әкімі есепке алу құралдарын орнату жұмыстарын осы қарқынмен жалғастырып, 100% қамтамасыз ету керектігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1196263?lang=kk
ҚР Президентінің Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізуіне қатысты мәлімдемесі 08.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1196267?lang=kk
Қазақстан Президентінің Таяу Шығыстағы атысты тоқтату туралы мәлімдемесі 08.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1196290?lang=kk
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Таяу Шығыстағы жағдай туралы мәлімдемесі 08.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1196292?lang=kk
Самар ауданында көшелерді жуу науқаны басталды 08.04.2026
Самар ауданында жазғы кезеңде көше-жол желісін күтіп ұстау және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жолдарды, тротуарлар мен көпірлерді жуу жобасы қолға алынды.Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда жолдарды санитарлық тазалау бойынша мердігер ұйыммен келісімшарт жасалған.Жұмыстарды атқару үшін екі техника жұмылдырылған — аралас жол тазалау машинасы және МТЗ-82 тракторы.Апта басынан бері көшелерді жуу жұмыстары Бастаушы, Миролюбовка және Самарское ауылдарында жүргізілді.Жобаны жүзеге асыру жолдардағы және ауадағы шаң деңгейін едәуір төмендетуге, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1196303?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың су тасқыны кезеңінің аяқталуына орай аймақ тұрғындарына жасаған үндеуі 08.04.2026
Құрметті аймақ тұрғындары! Облысымызда су тасқыны кезеңі аяқталды.Осы ретте барлық уәкілетті органдардың үйлесімді жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қабылданған шаралардың арқасында елді мекендер көктемгі су тасқынынан қорғалды. Бірде-бір тұрғын үйді су баспады. Төтенше жағдайлар тіркелмеді.Алдын ала қорғаныс инженерлік құрылыстары жүргізілді:- 92 елді мекенде ұзындығы 54 км болатын 32 қорғаныс бөгеті тұрғызылды және нығайтылды; - 38 су өткізу құбыры орнатылды; - 78 км кәріз жүйесі тазартылды; - облыс бойынша 1600-ден астам жеке тұрғын үй қардан тазартылды. Аталған жұмыстарға 3600 адам және 500-ден астам техника күш салды. Өзендерде тәулік бойы гидробекеттер жұмыс істеп, су деңгейін тұрақты бақылауда ұстады.Осылайша, Қостанай облысында су тасқыны қаупі бар кезең қалыпты режимде өтті.Мұның барлығы біздің бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі.Осы орайда барша атсалысқан азаматтарға, төтенше жағдайлар қызметіне, әскерилерге, волонтерлерге және жастарға ерекше алғыс білдіремін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1196315?lang=kk
Дубай полициясының «Esaad» орталығының директоры Салах Мохаммед Әл Марзукимен кездесу өтті. 08.04.2026
Дубай полициясының «Esaad» орталығының директоры Салах Мохаммед Әл Марзукимен кездесу өтті.Кездесу барысында әлеуметтік бастамалар мен қоғам игілігіне бағытталған жобалар, сондай-ақ екі ел арасындағы туристік әлеуетті арттыру мәселелері талқыланды.Анықтама: «Esaad» бағдарламасы – арнайы карта арқылы мемлекеттік және жеке ұйымдарда жеңілдіктер мен артықшылықтар ұсынатын, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1196319?lang=kk
Қазақстанда жаңа цифрлық аккредиттеу жүйесі әзірленуде 08.04.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Қазақстан тиімділікті арттырудың негізгі құралдары ретінде ашықтық пен цифрландыруға негізделген ашық аккредиттеу жүйесін әзірлеуде.Жаңа цифрлық механизм зертханаларды, сертификаттау органдарын және аккредиттеу жүйесіндегі басқа ұйымдарды қоса алғанда, нарықтың негізгі қатысушыларын қамтиды. Жаңа формат қашықтықтан бағалауға, процедураларды жылдамдатуға, қарапайым және ашық етуге, қажетсіз формальдылықтарды азайтуға және тіпті су тасқыны мен карантинді қоса алғанда, саяхат шектеулері кезінде де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.ҚР СИМ Техникалық реттеу және аккредиттеу «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директоры Искандер Хамитовтың айтуынша, қашықтықтан формат қажетсіз кедергілерді жояды: бұрын бағалау орнына баруды және жеке қатысуды талап ететін процедуралар енді цифрлық құралдарды пайдалану арқылы онлайн режимінде қолжетімді.Қашықтан бағалау форматы тек жоспарланған бағалаулар мен белгіленген критерийлерге сәйкес келетін ұйымдар үшін қолжетімді екенін атап өту маңызды. Бастапқы аккредиттеулер, жаңартулар, орын ауыстыру немесе қызмет кеңейтулері әлі де жергілікті сарапшылар тобын қажет етеді.Механизм кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 2026 жылы шамамен 300 субъект үшін пилоттық іске қосу басталады: алғашқы бағалаулар жергілікті техникалық сарапшылармен және олардың бақылауымен жүргізіледі. 2027 жылы жүйені барлық жоспарлы тексерулерге кеңейту жоспарлануда — 700 субъектінің кейбіреулері жоғары стандарттарды сақтай отырып, қашықтықтан бағалаудан өте алады.Бастама бірыңғай цифрлық ортаны тудырады, процедуралық ашықтықты арттырады және бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1196321?lang=kk
Мохаммед бин Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің деканының міндетін атқарушы және академиялық мәселелер жөніндегі директоры Артур Кингпен кездесу өтті. 08.04.2026
Мохаммед бин Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің деканының міндетін атқарушы және академиялық мәселелер жөніндегі директоры Артур Кингпен кездесу өтті.Кездесу барысында оған және мектеп Президенті - Али бин Себаа Әл Марриге 2026 жылғы 19 маусымда Астанада өтетін International GOVHR FORUM 2.0 халықаралық форумына шақыру табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1196325?lang=kk
Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғады: сот өтпеген концерт үшін 5,3 млн теңгеден астам қаражатты өндіріп алды 08.04.2026
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған маңызды сот шешімі туралы хабарлайды.Петропавл қаласының №2 соты Департаменттің жеке кәсіпкерге қатысты тұтынушылардың пайдасына ақшалай қаражат өндіру туралы талап арызын толық көлемде қанағаттандырды.Сотқа жүгінуге 2025 жылғы 25 қазанда Қостанай қаласында өтуі жоспарланған «Akmal» орындаушысының концертіне билет сатып алған азаматтардың көптеген өтініштері негіз болды. Іс-шараның тоқтатылуына байланысты жауапкер тұтынушыларға ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (ішінара қайтарған).Істі қарау барысында көптеген тұтынушылардың төленген қаражатты толық көлемде алмағаны анықталды. Кәсіпкерге сотқа дейінгі талап жолданғанына қарамастан, анықталған бұзушылықтар жойылмаған.Тұтынушылардың оннан астамының құқықтары бұзылғанын ескере отырып, Департамент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгісіз тұлғалар тобының мүддесін қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын іске асырды.Қол жеткізілген нәтиже Департамент мамандарының үйлесімді әрі жүйелі жұмысының арқасында мүмкін болды, олар азаматтардың өтініштерін тиімді қарауды және істі сот органдарында тиісті сүйемелдеуді қамтамасыз етті.Сот шешімімен жауапкерден жәбірленуші азаматтардың пайдасына 5 380 126 (бес миллион үш жүз сексен мың жүз жиырма алты) теңге өндірілді. «Қабылданған сот шешімі тұтынушылардың құқықтарын мемлекет тарапынан кепілдендірілген қорғаудың маңыздылығын растайтын маңызды құқық қолдану тәжірибесі болып табылады. Қызмет көрсету нысанына қарамастан, оның ішінде электрондық платформаларды пайдалану кезінде де, кәсіпкерлік субъектілері тұтынушылар алдындағы өз міндеттемелерін тиісінше және толық көлемде орындауға міндетті.Бұл нәтиже сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің жоғары тиімділігі мен кәсібилігін көрсетеді, олардың үйлесімді жұмысы азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады және анықталған әрбір бұзушылыққа қағидатты түрде әрекет етеді» - деп атап өтті Департамент басшысының міндетін атқарушы Ғ. Абаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1196326?lang=kk
Бизнесті қолдау және заң үстемдігі: Ұлытауда ведомствоаралық кеңес өтті 08.04.2026
Ұлытау облысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету жөніндегі мемлекеттік бастаманы іске асыру аясында іс-шара өтті. Оның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық қорғалуын күшейту, құқықбұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету, сондай-ақ бизнесті жүргізу кезіндегі әкімшілік кедергілерді жою.Кеңейтілген кеңеске мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, соның ішінде Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі, адвокаттар алқасының төрағасы және Ұлытау облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер қатысты.Кеңес барысында кәсіпкерлерге өздерін қызықтырған мәселелер бойынша құқықтық түсіндірмелер берілді: кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, ет өнімдеріне баға белгілеуді реттеу, мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру, кәсіпкерлік саласындағы құқық қолдану тәжірибесі.Ведомствоаралық келісуді талап ететін бірқатар мәселелер одан әрі пысықтауға алынып, келесі диалогтық алаңдарда тиісті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қаралады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauda/press/news/details/1196357?lang=kk