Enbekshi QazaQ

Әлем

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Tashenev University-дің инновациялық IT-инфрақұрылымымен танысты. 08.04.2026
Іссапар барысында 300 ш.м аумақта орналасқан Tashenev AI Lab жасанды интеллект зертханасы көрсетілді. Мұнда гуманоид-роботтар, дрон технологиялары, VR-химия, Big Data, 3D басып шығару және AI жүйелері біріктірілген. Шаһар басшысына университеттің дрон-логистика, Smart City және цифрлық білім беру бағытындағы жобалары таныстырылды. Кездесу қорытындысында ұсынылған жобалар жоғары бағаланып, олардың IT саласын дамыту мен Шымкенттің инновациялық әлеуетін арттырудағы маңызы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1196713?lang=kk
Қазақстан мен Молдова консулдық консультациялар өткізіп, консулдық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді 08.04.2026
Кишинёв, 2026 жылғы 7 сәуір – Молдова астанасында консулдық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті.          Қазақстан делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков басқарды. Молдова тарапынан МР СІМ Консулдық істер жөніндегі бас басқармасының басшысы Лилиан Морару болды. Сонымен қатар, кездесуге екі мемлекеттің құзыретті органдарының өкілдері қатысты.          Дипломаттар өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, сенім мен халықаралық құқық нормаларын сақтау қағидаттарына негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады. Кездесу барысында көші-қон саясаты, шекараларды басқару, құжаттарды өзара тану, консулдық қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ халықаралық конвенцияларға сәйкес азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Қатысушылар осындай форматтардың маңыздылығын атап өтті, олар екіжақты қатынастардың дамыуына үлес қосады.          Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ақпарат алмасуға дайын екендіктерін растады.жеткізедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1195861?lang=kk
ҚР СІМ-де БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілімен кездесу өтті 08.04.2026
Астана, 2026 жылғы 7 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самекпен кездесті.Кездесу барысында қазақ дипломаты БҰҰ өкіліне Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы ретіндегі белсенді қызметі үшін, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен Парламентімен БҰҰ-ның елдік командасының қызметін жариялау бағытындағы тиімді өзара іс-қимылды жолға қойғаны және БҰҰ қызметіне тартылған барлық ұлттық және халықаралық серіктестермен тығыз байланыс орнатқаны үшін алғысын білдірді.Өз кезегінде В.Самек Қазақстандағы қызметі жылдарында БҰҰ Ақпараттық бюросы Үкімет үшін БҰҰ-мен өзара іс-қимылды дамытуда сенімді серіктеске айналғанын, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ қызметіне байланысты оң өзгерістер туралы ақпаратты белсенді таратқан қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді жұмыс жүргізілгенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Е.Ашықбаев ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың атынан В.Самекке Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасын табыс етті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1195864?lang=kk
2026 жылғы I тоқсанда өңдеу өнеркәсібі 6% деңгейінде өсуі ықтимал 08.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында 2026 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамды көрсеткіші қаралды.Алдын ала дерек бойынша, 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысында өңдеу өнеркәсібінде 6% деңгейінде өсім орын алуы мүмкін. Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша бірқатар салада тұрақты оң динамика сақталуда, мәселен: жеңіл өнеркәсіп – 156,4%, дайын металл бұйымы – 131,4%, жиһаз өндірісі – 127,6%, құрылыс материалы өндірісі – 127,4% және машина жасау – 115,5%.Көлік министрлігінің хабарлауынша, есептік кезеңде көлік саласының өсуі 109% деңгейінде деп бағаланған. Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 2,8 трлн теңгені құраған, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 14,3%-ға жоғары.Оң динамика тасымалдау көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілген. Осылайша, жалпы жүк тасымалдау көлемі 7,9%-ға, яғни 290,9 млн тоннаға өскен. Жолаушыларды барлық көлік түрімен тасымалдау 11,0%-ға, яғни 491,2 млн жолаушыға дейін артты.Жүк айналымы 153,7 млрд тонна-шақырым болып, 11,8%-ға артса, жолаушылар айналымы 10,1%-ға өсіп, 22,8 млрд жолаушы-шақырымға жетті.Жедел деректер бойынша, 2026 жылғы үш айда жүкті теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 78,3 млн тонна болған. Бұл 2025 жылғы сәйкес кезеңнен 3,6%-ға артық (+2,7 млн тонна). Тасымалдарды санаттарға бөліп қарастырсақ, ел ішіндегі тасымал 40,8 млн тоннаны, экспорт 22,8 млн тоннаны, импорт 5,6 млн тоннаны, транзит 9,1 млн тоннаны құрады.Экспорт құрылымында көмір, астық, тыңайтқыш, құрылысқа қатысты жүктер, қара металл, сондай-ақ басқа да жүк (оның ішінде құрама жем, өсімдік майы, асбест) тасымалының өскені байқалады.Республика ішіндегі қатынаста көмір, мұнай өнімі, астық, химикат тасымалы артқан.Отырысты қорытындылай келе, Серік Жұманғарин салалық мемлекеттік органдарға экономикалық өсімнің қосымша резервін анықтауды, оның ішінде мемлекеттік қолдау құралын пайдалану жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.«Бізге қосымша өнім шығару немесе жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру арқылы болса да өндіріс пен қызмет көлемін нақты ұлғайту қажет. Керек болған жағдайда мемлекет мұндай бастамаларды, оның ішінде, субсидиялау тетігі арқылы да қолдауға дайын», - деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1195870?lang=kk
Қазақстан мен Молдова консулдық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі 08.04.2026
Кишинёв, 2026 жылғы 7 сәуір – Консулдық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті.Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, Молдова тарапын СІМ Консулдық істер жөніндегі бас басқармасының басшысы Лилиан Морару басқарды. Сонымен қатар кездесуге екі мемлекеттің құзыретті органдарының өкілдері қатысты.Дипломаттар өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, сенім мен халықаралық құқық нормаларын сақтау қағидаттарына негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады. Кездесу барысында көші-қон саясаты, шекараларды басқару, құжаттарды өзара тану, консулдық қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ халықаралық конвенцияларға сәйкес азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Қатысушылар бұл форматтардың маңыздылығына және олардың екіжақты қатынастардың дамыуына үлес қосатынын атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ақпарат алмасуға дайын екендіктерін растады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1195874?lang=kk
2025 жыл бойынша абоненттік бөлім жұмысының қорытындысы туралы 08.04.2026
2025 жыл қорытындысы бойынша абоненттік бөлімнің жұмысы халықтан төлем жинау деңгейінің жоғары болғанын көрсетті. Дегенмен, соған қарамастан дебиторлық берешек мәселесі өзекті болып отыр.Есепті кезеңде халық пен кәсіпорындар тарапынан төлемдердің толық жүргізілмеуі байқалды. Соның нәтижесінде берешек көлемі екі санат бойынша да қалыптасқан.Берешектің негізгі себептері ретінде төлемдердің уақытылы жасалмауы, жекелеген кәсіпорындардың қарыздарының жиналуы, сондай-ақ су есептегіш құралдарының көрсеткіштерін дер кезінде ұсынбау жағдайлары аталады.Берешекті азайту мақсатында бірқатар шаралар қабылданды. Қызметтен ажырату туралы ескертулер беріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді, соның барысында көптеген абонент қамтылып, қарыз қаражат өндірілді. Сонымен қатар, нотариусқа өтініштер жолданып, істер жеке сот орындаушыларына берілді. Қарызы бар абоненттермен тұрақты түрде байланыс жүргізіліп, тиісті мәліметтер кредиттік бюроларға жолдануда.Қалыптасқан берешек салдарынан қызметті шектеу немесе ажырату, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары, сондай-ақ кредиттік ұйымдарға ақпарат беру мүмкін екені ескертіледі.Осыған байланысты абоненттерді коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді уақытылы жүргізуге және есептегіш құралдарының көрсеткіштерін тұрақты түрде ұсынуға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1195885?lang=kk
KazAID және JICA Талас пен Бішкекте кәсіпкерлерге арналған Кайдзен және арық өндіріс бойынша семинарлар өткізді 08.04.2026
2026 жылдың наурыз айында Қырғыз Республикасында «Кайдзен және арық өндіріс» тақырыбындағы бірқатар семинарлар өтті. Іс-шаралар Қазақстанның халықаралық даму агенттігі «KazAID» АҚ-ның қатысуымен Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) бірлесіп, Қырғыз-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының (KRJC) және Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының (КЈС) қолдауымен ұйымдастырылды.Алғашқы семинар 2026 жылғы 11 наурызда Талас қаласында өтті. Іс-шараға жергілікті кәсіпкерлер, бизнес өкілдері және өндірістік және ұйымдастырушылық процестерді басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуге қызығушылық танытқан мамандар қатысты.Семинар барысында Қазақстан-жапон орталығының сарапшысы Нұрлан Мұқалиев Кайдзен философиясының негізгі қағидаттарын және бизнес-процестерді оңтайландыруға, шығындарды азайтуға және кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға бағытталған арық өндірістің практикалық құралдарын таныстырды.Семинарлар сериясының жалғасы ретінде 2026 жылғы 12 наурызда Бішкек қаласындағы Techno Park алаңында Најіте B-Club түлектерінің 9-шы жыл сайынғы кездесуі аясында жетілдірілген семинар өтті.Құттықтау сөз сөйлеген Қырғыз Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Хирано Рюичи және ЛІСА өкілі Нишигато Котаро жапон басқару әдістемелерінің өңірлік кәсіпкерлікті дамытудағы маңыздылығын атап өтті.Семинардың сарапшылық бөлімін «KazAID» АҚ өкілі, серіктестік және өңірлік жобалар департаментінің бас менеджері Сұлтан Керімсал ашты. Ол өз сөзінде кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту және тәжірибе алмасу Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.Бағдарлама аясында KazAID сарапшысы Нұрсұлтан Нұрмұханов және Қазақстан-жапон орталығының сарапшысы Нұрлан Мұқалиев Кайдзен философиясы мен арық өндіріс құралдарын тәжірибелік мысалдар арқылы таныстырды.Талас пен Бішкек қалаларында өткен семинарлар Орталық Азия кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өңірлік іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал етті. KazAID Қазақстанның ресми даму көмегі саласындағы операторы ретінде серіктес елдерде адами капиталды дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бастамаларды жүзегеасыруды жалғастыруда.БАҚ ҮШІН БАЙЛАНЫС:a.kopisheva@kazaid.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1195890?lang=kk
KazAID Kazakhstan Cooperation Programme аясында жасанды интеллект бойынша халықаралық вебинар өткізді 08.04.2026
2026 жылғы 18 наурызда «KazAID» КЕАҚ Kazakhstan Cooperation Programme (KCP) бағдарламасы аясында «AI иллюзиясыз: түрлері және нақты қолдану кейстері» атты сараптамалық вебинар өткізді.Вебинар халықаралық аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып, Орталық Азия елдері мен басқа да мемлекеттерден қатысушыларды біріктірді. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан, сондай-ақ басқа елдердің өкілдері қатысты. Қатысушылардың басым бөлігі Қырғызстаннан (57,1%) және Қазақстаннан (28,6%) болды, бұл өңірде AI технологияларына қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.Вебинар барысында жасанды интеллекттің негізгі құралдары — мәтінді қысқарту, аналитика және контент генерациясы, сондай-ақ кеңейтілген шешімдер — RAG-жүйелер, AI-агенттер және мультиагентті модельдер қарастырылды. Сонымен қатар AI енгізудің экономикалық аспектілері мен мемлекеттік және корпоративтік сектордағы нақты кейстерге ерекше назар аударылды.Негізгі спикер — Computer Science саласы бойынша PhD дәрежесінің иегері, Ramaа венчурлік студиясының негізін қалаушы және CEO-сы Есет Жүсіпов — AI технологияларын енгізудің практикалық тәсілдерімен бөлісті.Вебинар барысында қатысушылар сұрақ-жауап сессиясына белсенді қатысып, AI шешімдерін өз қызметінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.Аталған вебинар цифрлық технологиялар саласындағы білім алмасу мен халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды. «KazAID» алдағы уақытта да Kazakhstan Cooperation Programme аясында тәжірибе алмасуды жалғастырады. БАҚ үшін байланыс:a.kopisheva@kazaid.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1195893?lang=kk
KazAID халықаралық дамудағы Қазақстанның әлеуетін таныстырды 08.04.2026
2026 жылғы 20 наурызда онлайн форматта «Қазақстанның халықаралық даму мақсатындағы ынтымақтастық саласындағы рөлі» тақырыбында дәріс өткізілді.Дәрісті Қазақстанның халықаралық даму саласындағы уәкілетті ұйымы – KazAID өкілдері жүргізді.Іс-шара барысында ресми даму көмегі (РДК) жүйесінің негізгі қағидаттары, Қазақстанның донор ел ретіндегі рөлі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары таныстырылды.Сонымен қатар, KazAID қызметінің негізгі бағыттары, іске асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері қарастырылды.Дәріске Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен су ресурстары саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.Кездесу барысында қатысушылар халықаралық даму саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, одан әрі ынтымақтастықты дамыту перспективаларын қарастырды.БАҚ үшін байланыс:a.kopisheva@kazaid.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1195897?lang=kk
KazAID, Ұлттық статистика бюросы және TIKA: Алматыдағы семинарға арналған мобильді байланыс деректерін пайдалану бойынша жұмыс кездесуі 08.04.2026
2026 жылдың 30 наурызында KazAID Басқарма Төрағасы Ә.Әарыстановтың Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.Кездесудің негізгі тақырыбы мобильді байланыс операторларының деректерін статистикалық мақсатта пайдалану жобасын жүзеге асыру болды. Тараптар биылғы жылдың маусым айында Алматы қаласындағы UN Plaza-да жоспарланған үш күндік өңірлік семинардың ұйымдастыру және қаржы параметрлерін талқылады. Осы іс-шараны өткізу Орталық Азия және Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша өңірлік орталығын ілгерілетуге ықпал етеді, ол Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың бастамасымен құрылған.Кездесу барысында ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және даму мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы жетістіктер ерекше атап өтілді. Атап айтқанда, өткен жылы Орталық Азия елдері үшін деректерді визуализациялау бойынша өңірлік семинар сәтті ұйымдастырылды.Кездесудің соңында тараптар бірлескен семинарды сәтті өткізу мақсатында үйлестірудің және идеялар алмасудың тұрақты механизімін құру туралы келісті.БАҚ үшін байланыс:a.kopisheva@kazad.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1195900?lang=kk
KazAID және Қырғызстан Даму саясаты институты Орталық Азиядағы бірлескен жобалар жөнінде келісімге қол жеткізді 08.04.2026
1 сәіур Қазақстан Республикасы Халықаралық даму агенттігі «KazAID» Қырғызстан Даму саясаты институтының (ДСИ) делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыру және өңірлік маңызы бар нақты бірлескен жобаларды әзірлеуге кірісу туралы уағдаласты.KazAID тарапынан кездесуге Басқарма Төрағасы Ә. Әрыстанов басшылық етті. Қырғызстан делегациясын ДСИ төрағасы Надежда Добрецова, ДСИ координаторы Ұлара Нарусбаева және Өзбекстандағы ДСИ өкілі Малика Инакова ұсынды.Келіссөздер барысында жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы үздік тәжірибелерді беру үшін тұрақты механизмдер қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Тараптар Орталық Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.ДСИ 15 жыл бойы Қырғызстан мен Орталық Азия мемлекеттік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, азаматтық қоғам мен халықаралық серіктестерге методологиялық қолдау көрсетіп келеді. KazAID өз кезегінде Қазақстанның ресми даму көмегі саясатын жүзеге асырады - серіктес елдерге цифровизация, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларындағы тәжірибені беру арқылы.Анықтамалық мәліметтерҚазақстан Республикасы Халықаралық даму агенттігі «KazAID»  - 2020 жылы құрылған ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы мемлекеттік мекеме. Агенттіктің миссиясы - Қазақстанның тәжірибесі мен сараптамасын беру арқылы серіктес елдердің тұрақты дамуына жәрдемдесу.Қырғызстан Даму саясаты институты (ДСИ) - 2009 жылы құрылған жетекші аналитикалық коммерциялық емес ұйым. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, кадрларды даярлау және жергілікті қауымдастықтар мен басқару органдарының мүддесі үшін сараптамалық-аналитикалық қызметке маманданған.БАҚ үшін байланыс: a.kopisheva@kazaid.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1195902?lang=kk
KazAID Қырғызстан мен Тәжікстанның студент-медиктері үшін «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасының жаңа циклін ашты 08.04.2026
2026 жылғы 2 сәуірде Астанада ең жаңа «Авиценна: Денсаулық сақтау» академиялық ұтқырлық бағдарламасы іске қосылды. Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген медицина студенттері Астана медициналық университетінде (AMУ) үш апталық оқу курсын бастады. Бағдарламаны KazAID ұйымы AMУ және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) бірлесіп жүзеге асырады.«Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы 2024 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және жыл сайын Қырғызстан мен Тәжікстан студенттеріне жетекші қазақстандық мамандардан тәжірибе алу мүмкіндігін ұсынады.Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында қатысушылар заманауи медицина саласында практикалық білім алып, қазақстандық денсаулық сақтау стандарттары мен хаттамаларымен танысып, өңірдегі әріптестерімен кәсіби байланыстар орнатады. Оқу компоненті мәдени бағдарламамен толықтырылады. KazAID үшін бұл бағдарлама серіктес елдерде адам капиталын дамытуға бағытталған жүйелі күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.Анықтамалық мәліметтерҚазақстанның Халықаралық даму агенттігі «KazAID» – 2020 жылы Қазақстан Үкіметі құрған ресми даму көмегін (ДРК) жүзеге асыратын агенттік. Агенттіктің миссиясы – даму ресми көмегі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, серіктес елдерде даму мен тұрақты өсімді ілгерілету, Қазақстандағы әртүрлі салалардағы жетістіктерді көрсету және әртүрлі елдердің мамандары арасында тәжірибе алмасу мен байланыс орнатуды жеңілдету.Астана медициналық университеті (AMУ) — Орталық Азия елдерінің студенттері үшін академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстандағы жетекші медициналық университет. Ол медициналық білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытады.Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) — Түрік үкіметінің техникалық көмек көрсетіп, әлемнің 170-тен астам елінде, соның ішінде Орталық Азияда гуманитарлық жобаларды жүзеге асыратын мемлекеттік органы.«Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы – 2024 жылы Қырғызстан мен Тәжікстан медицина студенттері үшін іске қосылған жыл сайынғы академиялық мобильділік жобасы.БАҚ үшін байланыс: a.kopisheva@kazaid.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1195903?lang=kk
АСТАНАДА ТАҒЫ БІР ЖОЛ 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛЕГАТОНЫ ӨТКІЗІЛДІ: 13 ЕЛДЕН КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕР ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ 08.04.2026
4 сәуірде Астанада Мақсұт Нәрікбев университетінде «Болашақтың заңы» тақырыбындағы студенттер форумы мен кейс-байқау – «MaxUP» 2026 халықаралық легатоны өз қорытындысына жетті. Байқау тарихында алғаш рет әлемнің 13 елінен командалар қатысуға шақырылды. Қазақстанның халықаралық даму агенттігі KazAID іс-шараның серіктесі ретінде әрекет етті. Байқауға Әзірбайжан, Германия, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Канада, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Ресей, Румыния, Өзбекстан және Шри-Ланка өкілдері қатысты. Legathon тарихында алғаш рет орыс және ағылшын тілдерінде екі параллель лига ұйымдастырылды, бұл қатысушылардың географиялық қамтуын айтарлықтай кеңейтті. Цифрлық даму және жасанды интеллект жылы аясында 23 командадан 90-нан астам студент технологияның құқыққа, этикаға және адам құқықтарына әсерін зерттеді.Чемпионаттың негізгі тақырыбы – цифрлық технологияларды құқықтық реттеу болды: қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы жасанды интеллект, онлайн кеңістікте құқықтарды қорғау, цифрлық кемсітушілікке қарсы күрес, автономды көлік және метагалем мәселелері бойынша шешімдер әзірледі. «Lex Fantastica» дебаттарының бірінші кезеңі Астана халықаралық қаржылық орталығының сотында өтті, ал екінші кезеңі мен финал М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылды. Командалардың ұсыныстары заңнаманы әзірлеуге арналған нормативтік құжаттарға енгізіледі. KazAID іс-шараны заң және жоғары технологиялар саласындағы жас мамандар арасында халықаралық тәжірибе алмасу алаңы ретінде қолдайды – бұл серіктес елдерде адам капиталын дамытуды қолдау жөніндегі агенттіктің басымдықтарына сәйкес келеді.Жарыс қорытындысы бойынша орыс тіліндегі лигада үздік нәтиже көрсеткен командалар – Қазақстандағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Мақсұт Нәрікбев атындағы университет (Қазақстан) және В.Ф. Яковлев атындағы Урал мемлекеттік заң университеті (Ресей), ал ағылшын тіліндегі лигада ең жақсы нәтижелерді Малайя университетінің (Малайзия), Румын-америкалық университеттің (Румыния) және Макгилл университетінің студенттері көрсетті (Канада). Байқаудың жеңімпазы – Малайзияның жетекші және ең беделді университеті Малай университетінің командасы болды. Қосымша ақпаратҚазақстанның Халықаралық даму агенттігі «KazAID» – 2020 жылы Қазақстан Үкіметі құрған даму ресми көмегін (ДРК) жүзеге асыратын оператор. Агенттіктің миссиясы – даму ресми көмегі (ДРК) саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, серіктес елдерде даму мен тұрақты өсімді ілгерілету, Қазақстандағы әртүрлі салалардағы жетістіктерді көрсету және әртүрлі елдердің мамандары арасында тәжірибе алмасу мен байланыс орнатуды жеңілдету.«MaxUP» халықаралық легатоны – цифрлық дәуірдің құқықтық мәселелеріне арналған жыл сайынғы студенттер форумы мен кейс-байқауы, 2025 жылдан бері өткізіліп келеді. 2026 жылы екі тілдегі формат енгізіліп, халықаралық қатысушылар саны 13 елге дейін кеңейтілді. Мақсұт Нәрікбайев университеті (MNU) – заң және экономикалық білім беру саласында маманданған Қазақстандағы жетекші жеке университет. Ол халықаралық академиялық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда. Медиа байланыстар: a.kopisheva@kazaid.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1195904?lang=kk
Жапон бизнес федерациясында ҚР инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы таныстырылды 08.04.2026
Токио, 2026 жылғы 7 сәуір – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев «Кейданрэн» жапон бизнес федерациясының Төрағасы Ёшинобу Цуцуимен кездесу өткізді.Елші сұхбаттасушыны салықтық преференцияларды, инвестициялық субсидиялар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін қоса алғанда, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен хабардар етіп, 2025 ж. 31 желтоқсанда бекітілген 2030 жылға дейінгі ҚР-дың инвестициялық саясатының тұжырымдамасымен таныстырды. Ол Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктеріне және ынтымақтастық үшін әлеуетті бағыттар туралы түсіндіріп, жапон компанияларын бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды. Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарында бизнесті жүргізу шарттары, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы тиімді және сенімді логистикалық дәліз ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктері таныстырылды.Өз тарапынан Ё.Цуцуи іскерлік байланыстар мен практикалық өзара іс-қимылды тереңдетудің маңыздылығына тоқтап, Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші ел ретінде қарқынды экономикалық дамуын атап өтті. Ол тұрақсыз халықаралық ахуал аясында энергетика, көлік және логистика, энергетика, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мүдделілік танытты.Кездесуге «Кейданрэн» жаңа тәуелсіз мемлекеттермен ынтымақтастық комитетінің төрағасы, «Mitsui O.S.K. Lines» компаниясы Директорлар кеңесінің Төрағасы Такеши Хашимото да қатысты.Анықтама: Жапонияның «Кейданран» бизнес федерациясы - 1574 компанияны, 106 жалпыұлттық салалық қауымдастықты және 47 өңірлік экономикалық ұйымды біріктіретін Жапонияның іскер топтарының ең ірі және ықпалды ұйымы болып табылады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1195909?lang=kk
Ұлттық ұлан «Қазбат» жауынгерлерін еске алды 08.04.2026
Астана қаласында Ерлік аллеясындағы «Ер есімі – ел есінде» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шара әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан Ұлттық ұланның жауынгерлерін еске алуға арналған Ерлік күніне орай ұйымдастырылды.1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қарсыласпен болған қақтығыс барысында шекаралық қызметте жүрген Ішкі әскерлердің 17 жауынгері қаза тапты. Олардың ерлігін құрметтеу мақсатында жыл сайын 7 сәуірде елімізде еске алу шаралары өткізіледі.Рәсімге Ұлттық ұланның қолбасшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ әскери және жергілікті қақтығыстардың ардагерлері қатысты.Іс-шара ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Қатысушылар монументке гүл шоқтарын қойып, қазақстандық әскери қызметшілердің ерлігі мен жанқиярлығына тағзым етті.Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен – 5, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен – 12 әскери қызметші қаза болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапатталды.Жиналғандар алдында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков сөз сөйледі.– 7 сәуір – бұл тек еске алу күні ғана емес. Бұл – ерлік рухын ұлықтайтын, отансүйгіштікті дәріптейтін маңызды күн. Біз батырларымыздың ерлігін әрдайым мақтан тұтамыз. Батырлардың рухы алдында бас иеміз, – деп атап өтті Бас қолбасшы.Іс-шара Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі және Шекара қызметінің елордалық гарнизондарының жеке құрамының салтанатты шеруімен аяқталды.Айта кетейік, осы күні еліміздің барлық құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери бөлімдерінде Ерлік күніне арналған еске алу митингілері өтті. ҚР ІІМ Ұлттыө ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1195920?lang=kk
Мерзімді әскери қызмет: мұны әрбір әскерге шақырылушы білуі тиіс 08.04.2026
Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде  мерзімді әскери қызметтің негізгі аспектілерін түсіндіруді жөн көреді.Шақыру процесі цифрландырылғанШақыру процесі белсенді түрде цифрландырылып жатыр. Шақырту қағаздары SMS-хабарламалар мен eGov порталы арқылы ең кемі үш күн бұрын жіберіледі. Мұндай хабарлама ресми мәртебеге ие, яғни оны алған азамат жергілікті әскери басқару органына немесе шақыру пунктіне келуге міндетті.Азаматтық денсаулық сақтау мамандары жүргізетін медициналық тексеру әскерге жарамдылық санатын анықтайды. Заңды негіздер болған жағдайда кейінге қалдыру немесе босату беріледі. Әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы тиісті негіздері жоқ ер азаматтар шақырылатынын айта кеткен жөн.Әскер бізге не береді?Мерзімді әскери қызмет тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеп, кез келген салада қажет командалық жұмыс дағдыларын қалыптастырады.Дене дайындығы мен денсаулықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Тұрақты спорттық жаттығулар, күн тәртібі және теңгерімді тамақтану төзімділікті арттыруға ықпал етеді.Қызмет барысында әскери қызметшілер заманауи технологияларды меңгеріп, байланыс, техника, логистика, медицина және басқа да салаларда қажетті тәжірибелік дағдыларға ие болып, еңбек нарығында қажетті мамандықтарға ие болады. Сондай-ақ қызмет көшбасшылық қасиеттерді, басқарушылық дағдыларды және шешім қабылдау қабілетін дамытуға көмектеседі.Қайда қызмет өтейді?Әскерге шақырылушыларды бөлу денсаулық жағдайына, білім деңгейіне, психологиялық тұрақтылығына және Қарулы күштердің қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылады.Сарбаздар әскери қызметті Құрлық әскерлерінде, Әуе қорғанысы күштерінде, Әскери-теңіз күштерінде, Десанттық-шабуылдау әскерлерінде және басқа да әскери құралымдарда өтейді. Олардың қатарында ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері де бар.Десанттық-шабуылдау әскерлері, теңіз жаяу әскерлері, Мемлекеттік күзет қызметі және ҰҚК Шекара қызметі сияқты әскери құралымдарға қабылдауға жоғары талаптар қойылады. Үміткерлер тереңдетілген медициналық және психологиялық іріктеуден, сондай-ақ дене дайындығы тексерісінен өтеді.Әскер сарбаздарға әлеуметтік кепілдіктер береді ме?Әскери қызмет кәсіби өсуге мүмкіндік береді. Әскери қызметшілер сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп шығады. Ал қызметтен кейін білім гранттарын және жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктерді пайдалана алады, сондай-ақ оларға несие демалыстары беріледі.Қосымша білім беру жеңілдіктері қарастырылған, оның ішінде ҰБТ тапсырмай-ақ грант алу мүмкіндігі және жатақханадан орын алуға басымдық беріледі. Қазіргі таңда 9 мыңнан астам азаматтиісті білім алу сертификаттарына ие болды.Қызметке қалай дайындалу керек?Дайындық дене және психологиялық тұрғыдан жүргізілуі тиіс. Төзімділікті дамыту, дене формасын сақтау және тәртіпке, ұжымда қызмет етуге дайын болу керек.Көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Мыңдаған қазақстандық жастар үшін әскери қызмет – тұлғалық қалыптасудың және кәсіби бағыт-бағдар алудың маңызды кезеңі екенін есте сақтаған жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1195977?lang=kk
«Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулер (08.04.2026ж.) 08.04.2026
2026 жылғы 16 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды (түзетулер 2026 жылдың 19 наурызынан бастап күшіне енді).Көрсетілген Заң «Оңалту және банкроттық туралы» (бұдан әрі – Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң) және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» (бұдан әрі – Азаматтардың банкроттығы туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулерді көздейді. Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заңға түзетулер келесіні:- банкроттықты басқарушының қосымша сыйақысын есептеуді қайта қарауды (13-баптың 3-тармағы);- уәкілетті органның өкілеттігін уақытша басқарушыны қызметінен шеттету функциясымен толықтыруды (15-баптың 3) тармақшасы); - кредиторлар жиналысы/комитеті отырысы туралы кредиторларды хабарландыру тәсілдерін кеңейтуді (25-баптың 1-тармағы және 27-баптың                               4-тармағы);  - алдындағы бас тартудан кейін банкрот деп тану туралы өтінішпен қайта жүгіну мерзімін белгілеуді (48-баптың 1-1-тармағы);- салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша кредитордан басқа өзге кредиторлар болмаған жағдайда оңалту рәсімін қолдануға жол бермеуді (63-бап);- банкроттық рәсімнің мерзімі қайта ұзартылғаннан кейін төлеуге жататын әкімшілік шығыстар бойынша нақтылауды (84-баптың 1-тармағы);- банкроттықты басқарушыларға заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану үшін сотқа жүгіну құқығын беруді және сотқа қорытынды есеп пен тарату балансын ұсыну мерзімін анықтауды (89-баптың 1-тармағының                                        5) тармақшасы және 2-тармағы);- банкроттың мүлкін тікелей сату кезінде кредиторлар жиналысының өкілеттілігін анықтауды (99-баптың 6-тармағы) қамтиды. Аталған заңнамалық түзетулерді іске асыру заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді талап етпейді. Демек, олар күшіне енген күнінен, яғни 2026 жылдың 19 наурызынан бастап қолданылады.  Азаматтардың банкроттығы туралы заңға түзетулер келесіні:ломбардтардың соттан тыс банкроттық рәсімі кредиторларынан алып тасталуын;жиынтық берешегі 1 600 АЕК аспайтын және міндеттемелерін орындамау мерзімі бес жылдан асатын борышкерге қатысты соттан тыс банкроттық рәсімінің жүргізілу мерзімі 1 (бір) айға  қысқартылатынын көздейді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда және түсіндірме алу үшін Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасына Талдықорған қаласы, Ілияс Жансүгіров 113 көшесі, 324 кабинетке келіп немесе келесі байланыс нөмірлері арқылы қоңырау шалуға болады - 8 (7282) 241221.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1196033?lang=kk
Қазақстан халықаралық туристік көрмеге қатысты 08.04.2026
Исламабад, 2026 жылғы 7 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі Исламабад қаласындағы Mövenpick Centaurus қонақ үйінде өткен «5th Edition of Pakistan Travel Mart (PTM) 2026» халықаралық туристік көрмесіне қатысты.Іс-шараға Исламабад қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ ұлттық туристік ұйымдар, әуекомпаниялар, туроператорлар және Пәкістан мен шетелдің қонақүй желілерін қамтитын туристік сала өкілдерінің кең ауқымды тобы қатысты.Көрме аясында Қазақстан тарапы ұлттық стенд ұйымдастырып, онда буклеттер, брошюралар, кітаптар және елдің туристік әлеуетін көрсететін ақпараттық-презентациялық материалдарды ұсынды. Сонымен қатар, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары, сондай-ақ дәстүрлі символикасы бар кәдесый өнімдері ұсынылды.Қазақстан тарапының қатысуы көрме келушілері мен қатысушылары тарапынан зор қызығушылық тудырды. Туризм саласының өкілдері ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, Қазақстанның перспективалық туристік бағыт ретінде жоғары әлеуетке ие екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1196070?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті: көлік салығы бойынша 2 млрд теңгеден астам қаражат төленбей қалды 08.04.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік иелеріне көлік құралдарына салынатын салықты төлеу қажеттігін ескертеді.2026 жылдың басында өңір тұрғындарына 2025 жылғы көлік салығы 186 мың автокөлік бойынша есептелді. Жалпы есептелген сома 5,8 млрд теңгені құрады.Бүгінгі күнге дейін 36,6 мың жеке тұлға салықтық міндеттемесін орындамаған. Олардың есебінде 64,0 мың автокөлік бойынша 2 млрд теңгеден астам қарыз бар.2025 жылғы көлік салығын ерікті түрде төлеу мерзімі 2026 жылдың 1 сәуірінде аяқталды. 2 сәуірден бастап әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі — Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде.Департамент ескертеді: салықтық міндеттемелерді одан әрі елемеу мәжбүрлеп өндіріп алу шараларына әкеледі. Қарыз сомасы 1 АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіштен) асқан жағдайда борышкерге салықтық бұйрық жіберіледі. Бұйрық табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде қарыз өтелмесе, материалдар жеке сот орындаушыларына (ЖСО) жолданады.Төлемеушілерге қатысты келесі шаралар қолданылуы мүмкін:- банк шоттары мен мүлкін арестке қою;- мүлікке билік ету құқығын шектеу;- қарыз сомасы 40 АЕК-тен асқан жағдайда — Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығуға уақытша тыйым салу;- сот орындаушысының қызметіне жұмсалған шығындарды өндіріп алу (қарыз сомасының 25%-ына дейін).Нәтижесінде төленуге тиіс сома өсімпұл мен атқару шығындары есебінен едәуір артады.Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік иелерін қарыздың бар-жоғын тексеріп, салықты мүмкіндігінше тезірек төлеуге шақырады. Есептелген соманы білуге болады:- kgd.gov.kz порталындағы жеке кабинетте («Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметі);- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында;- eGov мобильді қосымшасы арқылы.Салықты уақытылы төлеу — бұл азаматтық борышты орындау ғана емес, қосымша қаржылық шығындар мен шектеулерден құтылудың тиімді жолы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1196078?lang=kk
Орталық спорт клубының төрағасы жекпе-жек түрлерінен шеберлер арасында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды 08.04.2026
Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде дзюдо, самбо және қазақ күресінен шеберлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.Біріншілікке еліміздің барлық өңірінен жиналған 20 команданың құрамында мыңға жуық спортшы қатысуда. Жарыстар М1-ден М9-ға дейінгі жас санаттары бойынша өтіп жатыр. Әр санатта жеті салмақ дәрежесі бар.Қарулы күштер атынан турнирде ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов лайықты өнер көрсетті.Дзюдо жарыстарында ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде М-3 (40-44 жас) санатында алтын медаль жеңіп алды. Арман Әбеуов Ұлытау, Түркістан және Қарағанды облыстарының дзюдошыларыменкездесу өткізіп,иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.Жарыстар 9 сәуірге дейін жалғасады. Турнир қорытындысы бойынша биыл күзде Босния және Герцеговинада шеберлер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысушылар анықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1196112?lang=kk