Түлектермен кездесу
26.05.2026 19:00:27 120
25 мамырда әдеп жөніндегі уәкіл Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкенов және Адам ресурстары басқармасының қызметкерлері Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің мемлекеттік грант есебінен оқып жатқан бітіруші түлектерімен кездесуге қатысып, мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібімен таныстырды.
Іс-шарада түлектерге мемлекеттік органдардағы бос лауазымдар тізімі ұсынылып, болашақта лауазымдарға конкурссыз қабылдау жоспары талқыланды. Аталған іс-шараның нәтижесінде бірқатар болашақ мамандар мемлекеттік қызметке түсуге ниеттерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1228731?lang=ru