Әлем
Ауылдардағы суды бұруға арналған арна 30.03.2026
Көше бойында еріген судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету және су басудың алдын алу үшін жол бойындағы су бұру арналарын тазарту және қазу жұмыстары жүргізілді.Жұмыстар жергілікті тұрғын М.Зелимханның техникасын пайдалана отырып орындалды, ол ауылдастарына көмек көрсетіп, елді мекенді абаттандыруға үлес қосты. Осындай бей-жай емес тұрғындардың арқасында ауыл таза әрі қауіпсіз бола түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-birlik/press/news/details/1189727?lang=kk
31 марта истекает срок представления налоговой отчетности за 2025 год 30.03.2026
2025 жыл үшін салық есептілігін тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады2025 жылдың қорытындысы бойынша 2026 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей келесі салық есептіліктерін (ФНО) тапсыру қажет:ф. 100.00, 110.00, 150.00, 180.00 – КТС бойынша декларациялар;ф. 220.00 – ЖТС бойынша декларация;ф. 531.00 – Натуралды нысандағы салық міндеттемесін орындау туралы декларация (есеп);ф. 540.00 – Артық пайдаға салынатын салық бойынша декларация;ф. 560.00 – Тарихи шығындарды өтеу төлемі бойынша декларация;ф. 600.00 – Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық бойынша декларация;ф. 700.00 – Көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация;ф. 871.00 – Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімі;ф. 912.00 – Тіркелген шегерімді қолданатын арнайы салық режимін пайдаланатын салық төлеушілерге арналған декларация;ф. 920.00 – Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация.Сонымен қатар, 2025 жылдың 4-тоқсаны үшін:ф. 101.04 – Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталып қалатын КТС бойынша есеп ұсынылады.Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жеке тұлғалар 2025 жылға арналған көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1189732?lang=kk
Қазақстанда ЕАЭО елдерінен тауарлар импорттау кезінде ең төменгі баға деңгейін қолдану тәртібі өзгерді 30.03.2026
Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауарлар импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу барысында ең төменгі баға деңгейін (ЕТБД) айқындау және қолданудың жаңартылған тетігі енгізілгенін хабарлайды. Жаңа тәртіп Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 518-бабында көзделген және ҚР Қаржы министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы №658 бұйрығымен бекітілген.Ең төменгі баға деңгейі не үшін қолданыладыЕң төменгі баға деңгейі ЕАЭО елдерінен жекелеген тауар түрлерін импорттау кезінде ҚҚС есептеу барысында қолданылады. Бұл тетіктің негізгі мақсаты – импортталатын тауарлардың құнын төмендету жағдайларын болдырмау және салықтың дұрыс есептелуін қамтамасыз ету. ЕТБД қазақстандық өндірушілердің бағалары мен импортталатын тауарлардың құны арасындағы орташа мән ретінде айқындалады. Ең төменгі баға деңгейі тоқсан сайын есептеледі.Ең төменгі баға деңгейін айқындау тәртібіЕТБД есептеу үшін мемлекеттік кірістер органдары ресми статистика деректерін пайдаланады. Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік статистика органдарына жылына төрт рет - 28 ақпанға дейін, 31 мамырға дейін, 31 тамызға дейін және 30 қарашаға дейін сұрау жібереді. Бұл сұраулар ақпарат ұсынылатын айдың алдындағы үш айдағы өндіруші кәсіпорындардың орташа бағалары туралы мәліметтерді алу үшін жолданады. Алынған деректер негізінде ең төменгі баға деңгейлері есептеліп, Мемлекеттік кірістер комитетінің https://kgd.gov.kz ресми интернет-ресурсында жарияланады.Қандай тауарларға қатысты ЕТБД қолданыладыҚазіргі уақытта тізімге 35 түрлі тауар атауы енгізілген.Олардың қатарына мыналар жатады:азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері;құрылыс материалдары;металл бұйымдары;өнеркәсіптік өнімдердің кейбір түрлері;халық тұтынатын тауарлардың жекелеген санаттары.Импорт кезінде ең төменгі баға деңгейін қолдану тәртібіҚосылған құн салығын қосымша есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Жаңашылдықтардың бірі – импортталатын тауарлардың құны төмендетілген жағдайларда әрекет ету тетігінің өзгеруі.Бұрын осындай фактілер анықталған кезде мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің атына камералдық бақылау хабарламаларын жіберетін. 2026 жылдан бастап тәртіп өзгерді: мемлекеттік кірістер органдары импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС сомасын өздері қосымша есептеп, тиісті сомаларды салық төлеушінің жеке шотында көрсетеді.Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру және ЕАЭО елдерінен әкелінетін тауарлардың құнын декларациялау кезінде аталған өзгерістерді ескеруді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189679?lang=kk
2026 NEAR Member Workshop 30.03.2026
2026 жылғы 19 наурыз, Пусан қ. - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Асқар 2026 NEAR Member Workshop семинарына қатысты.Іс-шара барысында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланып, Түркістан облысының Қауымдастық аясындағы табысты тәжірибесі атап өтілді. Сондай-ақ осы жылдың шілде айында Шығыс Қазақстан облысының NEAR құрамына ресми түрде қосылуына қолдау білдірілді.Іс-шараны ұйымдастырғаны және көрсеткен қонақжайлылығы үшін Бас хатшы Лим Бён Джин мырза мен Губернатордың орынбасары Ян Гым Хи ханымға алғыс айтамыз. 19 марта 2026, Пусан - Генеральный консул Республики Казахстан в городе Пусан Аслан Асқар принял участие в семинаре «2026 NEAR Member Workshop».В ходе мероприятия были обсуждены вопросы развития межрегионального сотрудничества, а также отмечен успешный опыт Туркестанской области в рамках Ассоциации. Кроме того, была выражена поддержка предстоящему вступлению Восточно-Казахстанской области в состав NEAR в июле текущего года.Выражаем благодарность Генеральному секретарю г-ну Лим Бён Джину и заместителю губернатора г-же Ян Гым Хи за организацию мероприятия и оказанное гостеприимство. March 19, 2026, Busan - The Consul General of the Republic of Kazakhstan in Busan, Aslan Askar, participated in the 2026 NEAR Member Workshop.The event focused on strengthening interregional cooperation and highlighted the successful experience of the Turkistan Region within the Association. Support was also expressed for the upcoming accession of the East Kazakhstan Region to NEAR in July this year.We express our gratitude to Secretary General Mr. Lim Byeong-jin and Deputy Governor Ms. Yang Geum-hee for the organization of the event and their warm hospitality. 2026년 3월 19일, 부산 - 아슬란 아스카르 주부산 카자흐스탄 총영사는 경주에서 열린 ‘2026 NEAR(동북아시아지역자치단체연합) 실무자 워크숍’에 참석했습니다.이번 행사에서는 지역 간 협력 발전 방안이 논의되었으며, NEAR 내 투르키스탄주의 성공적인 활동 사례가 소개되었습니다. 또한 오는 7월 동카자흐스탄주의 NEAR 공식 가입에 대한 지지를 표명했습니다. 행사를 준비해주신 임병진 사무총장님과 양금희 부지사님께 깊은 감사를 드립니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1189702?lang=kk
2026 жылғы ақапандағы Республикалық бюджетке өзге экономика бойынша салық төлемдерінің түсімі 30.03.2026
"Өзге экономика" кәсіпорындарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығымен бекітілген Республикалық мониторинг төлеушілерді (Шығыс Қазақстан облысында 12 мониторинг кәсіпорны тіркелген) қоспағанда, салық төлеушілер тізбесі жатады.Өзге экономика кәсіпорындары бойынша 2026 жылғы ақпанда салық төлеушілердің есеп шотына «0» қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, республикалық бюджетке 28,7 млрд.теңге түсті.Республикалық бюджеттің жалпы түсіміндегі өзге экономика түсімдерінің үлесі 40,9% - ды құрайды.КБК бөлінісінде түсімдер құрылымы:- КБК 105102 «Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 47,0%;- КБК 105115 «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 28,7%;- КБК 101110 «Заңды тұлғалардан – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС» түсімдер үлесі 27,4%.2026 жылғы ақпандағы өзге экономиканың ірі төлеушілеріне жатады:- " ГРК МЛД " ЖШС – түсімдердің үлесі 7,3%;- " Риддер-Полиметалл " ЖШС – түсімдердің үлесі 6,6%;- " Билдинг Ceрвиc " ЖШС – түсімдердің үлесі 4,9%;- " Бұқтырма СЭС-ы " АҚ – түсімдердің үлесі 4,2%;- " Меломан Home Video " ЖШС – түсімдердің үлесі 2,2%.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189646?lang=kk
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «Камералдық бақылау» тақырыбына тікелей эфирі 30.03.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 30 наурызында сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Камералдық бақылау» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Анара Ришатқызы Қорабаева сөз сөйлейді.Модератор – түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Білялұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1189651?lang=kk
Қазақстан мен Албания екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады 30.03.2026
Тирана, 2026 жылғы 24 шілде – Қазақстанның Албаниядағы Елшісі Искандер Айсариев Албания Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрінің орынбасары Меги Финомен кездесті.Кездесу барысында тараптар қазақ-албан қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономика және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік байланысын дамытуға, сондай-ақ екіжақты шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге ерекше назар аударды.Сұхбаттастар алдағы екіжақты байланыстардың күн тәртібін қарастырды. Көзделген сапарларды тиісті уағдаластықтар және бастамалармен, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы жобалармен мазмұнды түрде толықтырудың маңыздылығы аталып өтті.Қазақстан мен Албания арасында тікелей әуе қатынасын орнату перспективаларына ерекше назарға алынды. Тараптар осы бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыруға мүдде білдірді.Сауда-экономикалық қатынастар бойынша екі елдің бейінді мемлекеттік органдары мен іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды одан әрі нығайту, нақты инвестициялық жобаларды ілгерілету, сондай-ақ салалық ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру келісілді.Сұхбат барысында Елші албан тарапына Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың басты бағыттарын және конституциялық өзгерістер туралы хабардар етті. Мемлекеттің жаңа институционалдық архитектурасы, бір палаталы Парламент – Құрылтайға көшу және алдағы парламенттік сайлауға дайындық жөнінде айтып берді. Жүзеге асырылып жатқан реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғыртуға, институттарды нығайтуға және елдің саяси жүйесін дәйекті түрде дамытуға бағыты туралы ақпарат ұсынылды.Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.Кездесу барысында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына қатысты мәселелер, соның ішінде Алтын Орда мұрасының Еуразия тарихындағы маңызы да сөз болды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты жалғастыруға және өзара мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ортақ мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-albania/press/news/details/1263593?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысында өткен брифингте көлік салығын төлеу мерзімдері мен салық заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді 30.03.2026
2026 жылғы 26 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыштың қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында көлік салығын әкімшілендіру, оны төлеу мерзімдері, халық арасындағы салық берешегі және заңнамадағы өзгерістер мәселелері талқыланды.Спикердің айтуынша, 2025 жыл үшін көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Салықты есептеу кезінде 2025 жылы қолданыста болған 3 932 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Салық сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми порталында және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы дербес есептеуге болады. Төлем банк қосымшалары, банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы жүзеге асырылады.2026 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша облыс бойынша салық берешегі 6 907 салық төлеушіге 385,9 млн теңгені құрады, бұл ретте берешектің азаюы байқалады. Берешекті өндіріп алу үшін бірқатар шаралар қолданылуда, оның ішінде істерді жеке сот орындаушыларына жолдау.Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер де жткізілді. Атап айтқанда, көлік құралдарының иелері үшін салық жүктемесі төмендетілді: қолдану мерзімі 10 жылдан асқан автокөліктер үшін салық 30%-ға дейін, ал 20 жылдан асқандар үшін 50%-ға дейін азайтылады. Бұдан бөлек, шаруа қожалықтары бір пикап үшін салық төлеуден босатылады, ал көлік құралдары бар заңды тұлғалар 701.00 нысаны бойынша ағымдағы төлемдер есебін тапсырудан босатылады.Брифинг соңында спикер автокөлік иелерін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының алдын - алу үшін 1 сәуірге дейін салықты уақтылы төлеуге шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189658?lang=kk
2026 жылғы қаңтар – ақпан айларында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін орындау 30.03.2026
Шығыс Қазақстан облысы 2026 жылғы қаңтар – ақпанда салық төлемдері бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 38,1 млрд.теңгені құрады. Жоспар 28,3 млрд.теңгені құрап 9,8 млрд.теңге сомасында асыра орындалып 134,8% құрады. 2025 жылдың ұқсас кезеңіне қатысты өсу қарқыны 602,8 млн.теңге сомасында өсіммен 101,6% құрайды.Жергілікті бюджет түсімдері бюджеттің 3 деңгейінің: аудандық, облыстық және жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің түсімдерінен қалыптастырылады.Аудандық бюджет бойынша 2 айда түсу фактісі 27,0 млрд.теңгені құрайды; облыстық бюджет бойынша – 9,9 млрд.теңге; жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттері боыйнша – 1,2 млрд.теңге. Барлық түсім 38,1 млрд.теңге сомасында.Жергілікті бюджет түсімдерінің басым бөлігі мынадай көздермен қамтамасыз етілген:- Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ЖТС, түсімдердің үлесі 30,4% немесе 11,6 млрд.теңгені құрайды;- Әлеуметтік салық, түсімдердегі үлесі 27,7% немесе 10,5 млрд.теңгені құрайды;- Ірі кәсіпкерлік субъектілері-заңды тұлғалардан алынатын КТС жалпы түсімдегі үлесі 17,8% немесе 6,8 млрд.теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189630?lang=kk
2026 жылғы ақпандағы мониторинг кәсіпорындарынан МБ-ға салық төлемдерінің түсуі 30.03.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық мониторингтің 12 кәсіпорны тіркелген: «Казцинк» ЖШС; «Востокцветмет» ЖШС; «Орика-Қазақстан» АҚ; «Үлбі металлургия зауыты» АҚ; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ; «Ульба-ТВС» ЖШС; «Altyn Shyghys» ЖШС; «ОблШығысЖол» ЖШС; «Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС; «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ; «Объединенная ЭнергоСервисная Компания» ЖШС; «AK NIET GROUP» ЖШС. 2026 жылғы ақпанда салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке, жоғарыда аталған кәсіпорындардан 44,9 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 3,4 млрд.теңге, республикалық бюджетке – 41,5 млрд.теңге, салық төлеушінің есеп шотына, "0" қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, 2,2 млрд.теңге түсті.Облыс бойынша мемлекеттік бюджетке жалпы түсімде республикалық мониторингте тұрған кәсіпорындардан түсетін түсімдердің үлесі 48,3% - ды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 15,1% - ды; республикалық бюджет бойынша 59,1% - ды құрайды.Мониторинг кәсіпорындары бойынша 2026 жылғы 2 айдағы түсімдер статистикасы:Салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке 55,4 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 5,4 млрд.теңге, республикалық бюджетке – 49,9 млрд.теңге, салық төлеушінің есеп шотына, "0" қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, 2,2 млрд.теңге түсті. Облыс бойынша мемлекеттік бюджеттің жалпы түсімінде келтірілген кәсіпорындардан түсетін түсімдердің үлесі 47,8% - ды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 14,2% - ды; республикалық бюджет бойынша 64,2% - ды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189635?lang=kk
Жапония экспорт пен инвестицияларды сақтандыру агенттігінің Төрағасымен бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды 30.03.2026
Токио, 2026 жылғы 30 наурыз – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Кожатаев Жапония экспорт пен инвестицияларды сақтандыру агенттігінің (NEXI) Төрағасы Ацуо Куродамен кездесу өткізді.Тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ келісімшарттарды іске асыру кезінде тәуекелдерді жабу бойынша «NEXI» тетіктерін қоса алғанда бірлескен жобаларды сақтандыру және қаржылық қолдау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.2025 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Токиоға ресми сапары аясында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мен Жапонияның экспорт пен инвестицияларды сақтандыру агенттігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыруға ерекше назар аударылды.«NEXI» Төрағасы А.Курода жапон тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады және жапон компанияларының Қазақстандағы жобаларына қаржылық-сақтандыру қолдауын көрсету мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, ол энергетика, аса маңызды минералдар, логистика және басқа да салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың әлеуетін атап өтті.Сонымен бірге, А.Курода 2026 жылғы мамырда Астанада өтетін Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырушылардың халықаралық одағының (Берн одағы) отырысына қатысу үшін Қазақстанға «NEXI» делегациясын жіберетінін хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1189613?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру 30.03.2026
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-де 2026 жылғы 13-30 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда:1) мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;2) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда Сіз келесі телефондарға хабарласа аласыз: 8 7282 402692, Жарылхасынова Айгерим Канатовна. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/1189648?lang=kk
30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн 30.03.2026
Халықаралық қалдықсыз күн аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасында қалдықтарды тұрақты басқаруға көшу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту маңыздылығын атап өтеді.Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқару саласын жүйелі түрде реформалауды жүргізуде.Маңызды кезеңдердің бірі 2025 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2026-2030 жылдарға арналған барлық қалдық түрлерін басқару тұжырымдамасының бекітілуі болды. Бұл құжат сала дамуының тұтас әрі кешенді моделін қалыптастыратын алғашқы стратегиялық құжат болып табылады.Реформаның негізгі элементі ретінде «Жасыл даму» АҚ базасында Ұлттық қалдықтарды басқару орталығын құру жоспарлануда. Жаңа орталық бүкіл жүйенің үйлестірушісі болып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды, бірыңғай стандарттарды және ұлттық деңгейде бақылауды қамтамасыз етеді.Негізгі бағыттардың бірі қалдықтардың түзілуінен бастап кәдеге жаратылуына дейінгі барлық кезеңдерде есепке алу мен мониторингтің цифрлық жүйесін енгізу болып табылады. Бұл қалдық ағындарының ашықтығын қамтамасыз етуге, есептіліктің сенімділігін арттыруға және көлеңкелі айналымды азайта отырып мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.Тұжырымдама саладағы жинақталған проблемаларды шешуге бағытталған. Олардың қатарында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейінің төмендігі, қалдықтарды көму үлесінің басымдығы, инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, сондай-ақ өндірістік және қауіпті қалдықтардың едәуір көлемінің жинақталуы бар.Реформа аясында сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, қайталама ресурстар нарығын қалыптастыру, тарихи жинақталған қалдықтар мәселесін шешу және қауіпті әрі медициналық қалдықтарға бақылауды күшейту көзделген.Сонымен қатар, бұрын жүйелі инфрақұрылым болмаған ауылдық елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметтерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Бұл ретте рұқсат етілмеген қоқыс орындарын азайтуға және өңірлердің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.Тұжырымдама қалдықтарды ресурс ретінде қарастыратын айналымды экономика моделіне көшуді де көздейді. Ол қайта өңдеуді және қайта пайдалануды ынталандыруды, инвестиция тартуды және заманауи кәдеге жарату технологияларын енгізуді қамтиды.Ұсынылған шараларды іске асыру қалдықтарды басқарудың заманауи әрі ашық жүйесін қалыптастыруға, қайта өңдеу деңгейін арттыруға және экологиялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.Қалдықтарды тұрақты басқаруға көшу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту бағыттағы негізгі құралдардың бірі - EcoQolday бағдарламасы. Бағдарлама тиімді қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ ел бойынша қайта өңдеуші кәсіпорындарды қолдауға бағытталған.
Алматыда Молдованың Құрметті консулдығының ашылуы өтті 30.03.2026
2026 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Молдованың Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде, Елші Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын атап өтіп, екі ел арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1189516?lang=kk
Швед үстелі және ұлттық тағамдар: Қарулы күштерде тамақтану жүйесінің жаңа стандарттары енгізілуде 30.03.2026
Қазақстан Қарулы күштерінде әскери қызметшілерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесін кешенді түрде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі жаңалықтардың бірі әскери қызметшілерге бірнеше тағам арасынан өз таңдауын жасауға мүмкіндік беретін «швед үстелі» элементтерін енгізу болып отыр.Жаңа тамақтану моделі әскери қызметшілерге әр күн сайын бірнеше түрлі бірінші және екінші тағамнан өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді, бірақ пайлардың бағасы өзгермейді. Мұны тағамды дайындау мен тарату процесін оңтайландыру арқылы іске асыру көзделген.Қазіргі таңда әскерлерді тамақтандыруды 40 мыңнан астам әскери қызметшіні қамтитын 23 қызмет көрсетуші қамтамасыз етеді. Оның ішінде мерзімді қызмет сарбаздары, курсанттар мен кадеттер бар. Конкурс нәтижесінде бәсекелестікті арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін 11 жаңа жеткізуші анықталды.Сонымен бірге, тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесі ұзақ мерзімді негізге көшірілмек. Келісімшарттар үш жыл мерзімге жасалып, конкурс рәсімдері толықтай электрондық форматқа ауыстырылады. Бұл процессті ашық етеді, әрі сыбайлас жемқорлық қаупін жойып, жеткізушілердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Тамақ сапасын арттыру аясында бірқатар практикалық шаралар жүзеге асырылды. Шамамен 300-дей бақылау және көрсетілімдік тағам әзірлеу рәсімі ұйымдастырылып, аспаздарға арналған оқыту шаралары өткізілді.Бұл ретте әскери қызметшілердің пікірін есепке алуға ерекше назар аударылды. Әскери бөлімдерде анонимдік сауалнамалар жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша мәзірдің кейбір пункттері қолданыстағы азық-түлік пайларының нормаларын сақтай отырып түзетілді.Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеев атап өткендей, жаңа тамақтану жүйесіне көшу – әскери қызметшілерді қамтамасыз етудің сапасын арттырудағы принциптік қадам болмақ. – Біз тамақтануды ұйымдастырудың заманауи моделіне көшудеміз. Бұл жерде негізгі назар әскери қызметшінің нақты қажеттілігіне аударылады. «Швед үстелі» элементтерін енгізу сарбазға таңдау жасау мүмкіндігін беру, тағамның әр түрлілігін қамтамасыз ету және тамақ сапасын арттыру жолы болмақ. Бірақ мұның бәрі шығындарды көбейтпей жүзеге асырылады, – деді ол.Қорғаныс министрінің орынбасары сонымен бірге барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін атап өтті. Рәсімдердің бәрі мүмкіндігінше электрондық форматқа көшірілетінін және конкурс кезінде адам факторының әсері жойылатынын жеткізді. Бұл – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жеткізушілер арасында әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған жүйелік шара. Сол себепті қабылданған шаралар азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесінің сапалы жаңартылуына бағытталған. – Біздің міндетіміз – тамақтануды ұйымдастыруды жаңа деңгейге көтеру. Бұл бір реттік шара емес, аспаздардың біліктілігін арттырудан бастап, жаңа бақылау стандарттарын енгізу және қоғамдық институттармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға дейінгі барлық кезеңді қамтитын кешенді жұмыс, – деп атап өтті генерал-майор Алмаз Жұмакеев.Сонымен қатар, тамақ рационын ұлттық тағамдармен толықтыру және калория мөлшерін арттыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде. Бөлімшелерде ұлттық тағамдар күні өткізу тәжірибесі енгізіліп, оған мампар, қуырдақ, палау, ет және бауырсақ сияқты дәстүрлі тағамдар қосылған.Сонымен қатар, далалық жағдайда тамақ сапасын арттыруға және әскери аспаздар институтын дамытуға ерекше мән берілуде. Олар полигондарда азаматтық жеткізушілермен бірлесе отырып жұмыс істейтін болады. Бүгінде «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитеті қоғамдық бақылаудың маңызды элементі болып табылады. Ұйым өкілдері тамақ сапасын бағалау және жеке құраммен өзара іс-қимыл жасау процестеріне қатыса алады. Қоғамдық ұйым жүйенің ашық жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен объективті кері байланыс алудағы қосымша механизм болып саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1189555?lang=kk
Африка одағының астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді 30.03.2026
Аддис-Абеба, 2026 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігінде Эфиопияның дипломатиялық корпусының, Эфиопиядағы Қазақстан достары клубының, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің басын қосқан Наурыз мейрамы салтанатты түрде атап өтілді.Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Жалғас Әділбаев барлық қатысушыларды жылы лебізбен құттықтап, Қазақстандағы Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы туралы айтып берді.«Қазақстанда Наурыз дәстүрлі Жаңа жыл ретінде тойланады. 2024 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Қазақстанда Наурыз мейрамы 10 күн бойы – 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі. Бұл онкүндік «Наурызнама» деп аталды. Әр күннің Наурыз мейрамының мазмұнына сай келетін өз атауы мен мағынасы бар», - деп атап өтті Елші.Оның айтуынша, жыл сайын 21 наурыз әлемде Халықаралық Наурыз күні ретінде атап өтіледі. Бұл – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын білдіретін ежелгі мереке және ол әлемнің көптеген аймақтарында, соның ішінде Балқан түбегінде, Кавказда, Орталық Азияда, Таяу Шығыста, Иранда, Пәкістанда, Үндістанда және басқа да елдерде тойланады. Наурыз бейбітшілік, отбасы, татуласу және тату көршілік құндылықтарын дәріптеп, мәдени әртүрлілік пен халықтар арасындағы достықтың нығаюына ықпал етеді.Қазақстандық дипломат биылғы жылы христиандардың «Худаде Цоме» оразасының Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Ол қонақтарға Наурыз мейрамының мәдени маңыздылығын, соның арқасында бұл мерекенің ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілгенін еске салды.Іс-шара барысында қатысушылар «Сарыарқа», «Адай», «Көңілашар», «Балбырауын» сияқты дәстүрлі қазақ күйлерін тыңдап, қазақтың ұлттық киімдерінің сұлулығына тәнті болды. Сондай-ақ қонақтарға наурыз көже, бешбармақ, қуырдақ, бауырсақ және қазақ асханасының өзге де дәмдері ұсынылды. Сонымен қатар, жиналған қауымға Қазақстандағы Наурыз мейрамы туралы фильм көрсетілді.Жалпы алғанда, іс-шараға қатысушылар Наурыз мейрамының жалпыадамзаттық құндылықтарын атап өтіп, бір-бірін көктем, бейбітшілік, келісім және жаңару мерекесімен құттықтады. Олар қазақ халқына бірлік, тыныштық, жақсылық пен бақ-береке тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1189409?lang=kk
№ 1 сайлау учаскесінің депутаты Р. Жомартов азаматтарды жеке қабылдау өткізді 30.03.2026
№ 1 сайлау учаскесінің депутаты Жомартов Рашид Жомартұлы азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар су тасқыны жағдайына қатысты, сондай-ақ әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы өзекті мәселелерін көтерді. Әрбір азаматқа тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілді.Барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар жолданатын болады. Олардың орындалуы депутаттық бақылауға алынып, заңнамада белгіленген тәртіппен кезең-кезеңімен шешіледі. Нәтижелері бойынша азаматтарға қосымша ақпарат беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1189422?lang=kk
Жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша міндеттемелері туралы 30.03.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалар үшін 2025 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірге дейін екенін еске салады.Көлік салығы салық заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес дербес есептеледі. Бұл ретте, 2025 жылы қолданыста болған 3 932 теңге мөлшерінде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады.Салықты portal.kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятор арқылы есептеуге болады.Сонымен бірге салық органдары жеке тұлғалардың тиісті салық кезеңі үшін төленетін көлік салығын жыл сайын есептеп, төлем сальдосын анықтайды. Есептелген салық сомасы туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға push-хабарламалар түрінде жіберілді.2026 жылғы 2 сәуірден бастап салық төлемі кешіктірілген әр күн үшін өсімпұл есептелетінін еске саламыз. Салық және есептелген өсімпұл бойынша берешек болған кезде салық органдары ағымдағы жылғы 10 мамырдан бастап мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.Егер берешек сомасы 1 АЕК-ден асқан жағдайда борышкерге берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жолданады. Егер салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыға жіберіледі.Өз кезегінде, жеке сот орындаушы мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға, оның ішінде банк шоттарын бұғаттау мен мүлікке тыйым салуға құқығы бар. Бұдан басқа, егер берешек сомасы 40 АЕК-тен асқан жағдайда азаматтың Қазақстан Республикасынан шығуы уақытша шектелуі мүмкін.Теріс салдардың алдын алу үшін салықтық міндеттемелерді уақытылы орындауға кеңес береміз, ал сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органына немесе Байланыс-орталығына хабарласуға болады.Салық сомасы туралы ақпарат portal.kgd.gov.kz веб-порталда «Жеке тұлғаларға арналған алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларда орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1190390?lang=kk
ҰҰА операторлары, жауынгер жүзушілер және сүңгуір журналист: Әскери-теңіз күштеріндегі баспасөз турының екінші күні қалай өтті 30.03.2026
Баспасөз турының екінші күні есте қаларлықтай мазмұнды болды. Журналистер Әскери-теңіз күштеріндегі жауынгерлік дайындықтың заманауи бағыттарымен танысып, ұшқышсыз ұшу жүйелері операторларының жұмысына қанығып, тіпті сүңгуір жабдығын тәжірибе жүзінде сынап көруге мүмкіндік алды.Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінде БАҚ өкілдеріне ұшқышсыз авиацияның даму жағдайы және дрон операторларын дайындау туралы жан-жақты ақпарат берілді. Қазіргі уақытта Әскери-теңіз күштерінде мамандандырылған екі зертхана және бір оқу сыныбы жұмыс істейді. Онда бейінді мамандармен қатар өзге бөлімшелердің әскери қызметшілері де дайындықтан өтеді.Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасы бас штабының роботтандырылған жүйелерді қолдану жөніндегі аға офицері подполковник Григорий Селивановтың айтуынша, оқыту әскери қызметшілерге ұшқышсыз жүйелерді басқарудың бастапқы дағдыларын үйретіп, заманауи қару түрлері туралы жалпы түсінік беруге бағытталған.– Бұл бөлімшелердің дайындығын арттырып, жеке құрамның қазіргі заманғы ұрыс жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді, – деп түсіндірді ол.Сонымен бірге журналистерге «бірінші жақтан көретін» FPV-дрондардың мүмкіндігі көрсетілді. Онда оператор дрон камерасынан түскен бейнені көзілдірік арқылы көріп, дронның ішінде отырғандай сезімде болады. Бұл ұшқышсыз аппаратты жоғары дәлдікпен басқаруға мүмкіндік береді.Одан кейін баспасөз туры оқу-сүңгуірлік орталығында жалғасты. Бөлімше бастығы капитан-лейтенант Руслан Қунақов орталық барлық мамандықтағы сүңгуірлерді, соның ішінде жауынгерлік жүзушілерді, техникалық бейіндегі мамандарды, сондай-ақ штаттағы және штаттан тыс кеме сүңгуірлерін дайындайтынын атап өтті. Журналистерге ашық және жабық циклді аппараттар, сондай-ақ шлангалы сүңгуір құралдары көрсетілді.Республикалық телеарналардың бірінің өкілі олардың функционалдық мүмкіндігін тәжірибе жүзінде тексеріп көрмек боп, арнайы нұсқаушымен бірге сүңгуір жабдығымен суға түсті.Түс ауа баспасөз туры Әскери-теңіз күштерінің теңіз жаяу әскерлерінде жалғасты. Мұнда десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға әскери-теңіз базасының қолбасшылығы, ардагер теңізшілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және әскери қызметшілердің ата-аналары қатысты.Бөлім басшылығы матростарға әскери борышын адал атқарғаны үшін алғыс айтып, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. Әрбір әскери қызметшіге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.Баспасөз турының соңында БАҚ өкілдері әскери теңізшілердің тұрмыс жағдайларымен және күнделікті қызметімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1189391?lang=kk
Алматы мен Түркістанда Ұлттық ұланға арналған жаңа әскери нысандар бой көтеруде 30.03.2026
Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жұмыс сапарымен барып, Алматы және Түркістан қалаларындағы әскери нысандар құрылысының барысын тексерді.Тексеру барысында құрылыс жұмыстарының сапасына, мерзімдердің сақталуына және нысандардың заманауи талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.Алматы қаласында Бас қолбасшы Түрксіб ауданында жедел мақсаттағы батальонды орналастыру жобасының жүзеге асуымен танысты. 2022 жылдан бері құрылыс жүріп жатқан нысанда қазіргі таңда ғимараттарды қосымша жабдықтау және пайдалануға беру алдындағы дайындық жұмыстары аяқталу кезеңіне жақындады.Кешен құрамына казарма, асхана, медициналық пункт, автопарктер, инженерлік және тылдық қамтамасыз ету нысандары, сондай-ақ кинологиялық қызметке арналған инфрақұрылым кіреді.Сонымен қатар 5571 әскери бөлімінде медициналық блок пен бригада бөлімшелері орналасатын бес қабатты көпфункционалды ғимараттың құрылысы жалғасуда. Нысанның жалпы сыйымдылығы 400-ден астам әскери қызметшіні қамтиды.Түркістан қаласында генерал-майор Аңсаған Балтабеков 10 гектар аумақта салынып жатқан Ұлттық ұланның әскери қалашығы құрылысының барысын тексерді. Қазіргі уақытта негізгі құрылымдарды тұрғызу және инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары атқарылуда.Сонымен қатар еліміздің Қызылорда, Жезқазған, Орал және Атырау қалаларында жаңа әскери қалашықтар мен казармалар құрылысы жалғасуда. Бұл құқықтық тәртіп әскерлерінің жеке құрамына заманауи қызмет жағдайларын жасау бағытындағы жүйелі жұмысты айғақтайды.Аталған жобаларды іске асыру заманауи әскери инфрақұрылымды дамытуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және бөлімшелердің жедел әзірлігін арттыруға бағытталған.Сапар қорытындысы бойынша Бас қолбасшы құрылыс сапасы мен қарқынын арттыруға қатысты бірқатар тапсырмалар беріп, салынып жатқан нысандар заманауи стандарттарға толық сәйкес келіп, жеке құрамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1189400?lang=kk