Enbekshi QazaQ

Әлем

ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА 13.07.2025
Тұрғын үй құрылысы саласында үлескерлік құрылыс – халықтың баспаналы болуына сеп болатын маңызды механизмдердің бірі. Алайда бұл салада қауіпсіздік пен заңдылық – бірінші орында. Сондықтан үлескерлердің қаражатын тартатын құрылыс компанияларына қатысты қатаң бақылау орнатылған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған – 8 компания (оның ішінде 7 – Шымкентте, 1 – Астанада), қазіргі таңда жергілікті органнан рұқсат алған – 15 құрылыс компаниясы, ал бірыңғай оператордың рұқсатымен – 6 компания жұмыс істеуде екен. Бұл – үлескерлердің құқықтарын қорғау және тұрғын үй нарығындағы сенімділікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды шара. Қала тұрғындары үшін ең бастысы – салынған үйдің сапалы әрі уақтылы пайдалануға берілуі. Осы бағыттағы бақылау жұмыстарын басқарма жүйелі түрде жүзеге асырды.Қаланың әрбір көшесі, жаңа шағынауданы мен салынған үйі – стратегиялық жоспарлардың нақты жемісі. Ал осындай жоспарлы даму – халықтың өмір сүру сапасының артуына қызмет етеді.Өткен жылы Шымкент қаласы бойынша 1 359 800 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған болатын. Жыл қорытындысы бойынша 1 366 805 ш.м. тұрғын үйлер қабылданып, жоспар артық орындалған. Бұл көрсеткіш – қаланың қарқынды урбанизация процесінің айқын дәлелі. Жаңа шағынаудандар бой көтеріп, халықтың тұрғын үйге деген сұранысы кезең-кезеңімен қанағаттандырылуда.Басқарма 18 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Тек қараша айының өзінде ғана 57 196 мемлекеттік қызмет ұсынылған.
Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі тай боксынан CISM әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды 13.07.2025
Таиландтың астанасы Бангкокта тай боксынан әскерилер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.Әлем біріншілігіне Таиланд, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Түркия, Польша, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Бахрейн және Бельгиядан келген 80-нен астам спортшы қатысуда.   ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі лейтенант Жандос Мадехиянов еліміздің атынан барған жалғыз спортшы болды.Қазақстандық жалғыз барса да, жәй жауынгер еместігін дәлелдеді. Тартысты жекпе-жекте Жандос Мадехиянов 60 келіге дейінгі салмақта үшінші орын еншілеп, елге қоламен оралып жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1033655?lang=kk
171 балаға тәрбие мен білім алуға заманауи жағдай жасалды 12.07.2025
Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке инвестиция есебінен салынған жаңа үйге көшірілуі жоспарлануда.171 бала заманауи қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына толық сай келетін жаңа үйге қоныстанады. Алматы қаласында орналасқан бұрынғы Балалар үйінің апатты жағдайына байланысты тәрбиеленушілерді Қонаев қаласында жаңадан салынған мекемеге көшіру туралы шешім қабылданды.1963 жылы салынған ескі ғимарат 2024 жылы жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде апатты деп танылып, әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп шешілді. Сараптама барысында тірек конструкцияларында жарықтар, инженерлік жүйелердің толық тозуы және сейсмикалық тұрақтылық талаптарына сәйкес келмеуі сынды күрделі ақаулар анықталды.– Бұл жерде балалардың өмірі мен қауіпсіздігі туралы сөз болып отыр. Қателіктің құны – тым жоғары. Ескі ғимарат моральдық әрі физикалық тұрғыда ескірген. 1,8 млрд теңгеге жоспарланған күрделі жөндеу жобасы экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылды. Сондықтан біз салмақты әрі жауапты шешім қабылдадық, – деді Алматы облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Атенбекова.Қонаев қаласындағы жаңа Балалар үйі жеке инвестордың қаржысы есебінен салынды. Жобаның жалпы құны – 4 млрд теңге. Нысан қазіргі санитарлық, құрылыс және білім беру стандарттарына толық сай келеді. Мұнда кіші және ересек тәрбиеленушілерге арналған бөлек асханалар, спорт және акт залдары, оқу және ойын бөлмелері, психологиялық көмек кабинеттері мен кең әрі жайлы жатын бөлмелер қарастырылған.Ғимараттың қауіпсіздігі мен функционалдық аймақтарға бөлінуіне ерекше назар аударылған. Нысан өндірістік аймақтардан алыс, белсенді дамып жатқан тұрғын ауданда орналасқан. Жанында тұрғын үйлер мен халықаралық іс-шаралар өтетін мәдени кешен бар.Нысанды аралаған қонақтар оның сапасын жоғары бағалап, Балалар үйін республикалық деңгейдегі үлгілі әлеуметтік мекеме деп атады. Аула аумағы абаттандырылып, ондаған ағаш отырғызылған.– Жаңа Балалар үйі – бұл ең алдымен, әр бала үшін қауіпсіз және қолайлы орта, сондай-ақ тең мүмкіндік беретін мекен, – деді Ақмарал Атенбекова.Көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен мектеп жасына дейінгі және кіші сынып тәрбиеленушілері – 61 бала көшіріледі. Ал мектеп жасындағы балалар тамыз айының соңына дейін жаңа мекенге қоныстанады. Алматы қаласындағы ескі ғимарат қаланың коммуналдық меншігіне беріледі.Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Инвестор Еңбекшіқазақ ауданында балаларға арналған шығармашылық орталық салу жобасын жариялады. Жаңа орталық өңірдегі ең ірі мекемелердің бірі болып, балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына қосымша мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1033639?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ 12.07.2025
Бүгін қалалық Достық үйінде қоршаған ортаны қорғау және тұрақты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Дармарка» және «ЭкоКүн» атты экологиялық жәрмеңке ұйымдастырылды.Аталған шара - Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдауға бағытталды.«Дармарка» – тұтыну мәдениетін өзгертуге бағытталған әлеуметтік бастама. Жәрмеңкеге қатысушылар өз үйлеріндегі жақсы күйдегі, бірақ өздеріне қажетсіз заттарды әкеліп, басқалармен тегін алмасты. Шара аясында таза және ұқыпты киімдер, кітаптар, балалар ойыншықтары және тұрмыстық заттар қабылданды. Мұндай бастама артық заттарды кәдеге жарату арқылы экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.«ЭкоКүн» – қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды қабылдау акциясы. Қала тұрғындары пластик (ПЭТ бөтелкелер), шыны, қағаз, картон және алюминий банкаларды өткізуге мүмкіндік алды. Бұл акция – тұрғындарды қалдықтарды сұрыптауға үйрету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.Іс-шараға «New Wave» жастар қозғалысы, Шымкент қаласындағы «Неміс» мәдени орталығы, «Екінші өмір» үйсіз жануарларға көмек көрсететін қайырымдылық қоры, «Добряки Шымкента» және «28 ілмек» әлеуметтік бастамасы қатысты.Қоғамдық келісім баспасөз қызметі#ҚХА30жыл  #30летАНК  #шымкент  #shymkent
Қазақстан Елшісі БАӘ Президентіне сенім грамоталарын табыстады 12.07.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 10 шілде – ҚР БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктер Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға Сенім грамоталарын табыстады.Салтанатты рәсімнен кейін өткен әңгімелесу барысында шейх Мұхаммед бен Заид Қазақстанға және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа деген құрметі ерекше екенін атап өтіп, өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделілік танытты.Өз кезегінде Қазақстан дипломаты жылы қабылдағаны үшін оған алғыс айтып, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық ілгерілеп келе жатқанына тоқталды.Сонымен қатар, Абу Даби Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянның ү.ж. мамыр айындағы Астанаға ресми сапары және оның аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың сапалы жүзеге асырылуы, өзара қарым-қатынастарға тың серпін беру маңыздылығы туралы айтты.Кездесу соңында БАӘ Президенті Елшіні аса жауапты дипломатиялық  миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1033596?lang=kk
Ұландықтардың қырағылығының арқасында Оралда бала ата-анасына аман-есен табысталды 12.07.2025
Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің патрульдік жасағы педагогикалық институт маңындағы көшелердің қоғамдық тәртібін қадағалау барысында ересектерсіз жүрген баланы байқап қалған.Сарбаздар дереу баланың қасына барып, мән-жайды анықтауға тырысты. Әңгіме барысында оның адасып кеткені, қайда барарын білмейтіні белгілі болды. Әскерилер кідірместен баланы патрульдік көлікке отырғызып, полиция департаментіне қарай бет алды.- Бала жақындарынан көз жазып, қатты қорқып қалған екен, бірақ тез тіл табыстық. Бастысы - оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ата-анасын тезірек табу еді,  - деді лейтенант Саламат Әнуаров.Әскерилердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде бала қысқа мерзім ішінде ата-анасына табысталды.Ұлын көрген анасы ерекше қуанып, Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1033579?lang=kk
Вадуцта саяси диалогты күшейтудің жолдары талқыланды 12.07.2025
Цюрих, 2025 ж. 11 мамыр. Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы және қоса атқарыпЛихтенштейн Князьдігіндегі Елшісі Қайрат Саржанов Князьдіктің бірқатар мемлекеттік органдарының басшылығымен кездесулер өткізді.Лихтенштейн Ландтагының (парламентінің) төрағасы Манфред Кауфманмен әңгімелесу барысында тараптар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Лихтенштейнде жаңа парламенттік легислатурадың басталуы парламентаралық байланыстарды жандандыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Лихтенштейн Сыртқы істер министрлігі Сыртқы істер бюросының директоры, Елші Мартин Фрикпен келіссөздер жүргізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде ресми сапарларды ұйымдастыру және шарттық-құқықтық базаны кеңейту бойынша пікір алмасты.Әңгімелесушілер конструктивті әріптестікті дамытуға өзара мүдделі екендіктерін растап, елдер арасындағы саяси диалогты сапалы жаңа деңгейге көтерудің әлеуетін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1033568?lang=kk
Қазақстан мен Ауғанстан бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жандандыруға уағдаласты 11.07.2025
Кабул, 2025 жылғы 11 шілде – Ауғанстанға сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ауғанстанның Өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизимен кездесу өткізді.Теміржол көлігін, ауыл шаруашылығын, цифрлық инфрақұрылымды, пайдалы қазбаларды өндіруді дамыту және өзара сауданы арттыруды қоса алғанда, өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары талқыланды.ҚР СІМ басшысы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті. Қазақстан химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жанар-жағармай материалдары мен минералдық тыңайтқыштар өнімдерінің жеткізілімін ұлғайту мүмкіндіктеріне ие.Осыған байланысты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қол қойылған «жол картасына» сәйкес екіжақты тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге деген ортақ ұмтылыс расталды.Инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударылды. М.Нұртілеу қазақстандық компаниялардың Ауғанстан аумағындағы ірі жобаларға қатысуға қызығушылық білдіретінін жеткізді. Атап айтқанда, пәкістандық порттар бағыты бойынша жүк тасымалдарын қамтамасыз ете алатын «Тургунди-Герат» теміржолын салу мәселесі қарастырылуда. Осыған орай тараптар екі елдің бейінді ведомстволары арасында тиісті меморандумға қол қойылғанын құптады.Сондай-ақ Қазақстанның ауған халқына азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек жеткізуді жалғастырып, елдегі тұрақтылық пен орнықтылықты қолдау сияқты гуманитарлық көмек көрсетуге қосқан үлесінің маңыздылығы аталып өтті.Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар басым салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша мазмұнды диалогты жалғастыруға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар деңгейінде тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1033543?lang=kk
Польша Сеймінде Қазақстанмен парламентаралық байланыстарды нығайту жолдары талқыланды 11.07.2025
Варшава, 2025 жылғы 9 шілде – Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польша Сеймінің вице-спикері Дорота Неджелямен кездесу өткізді.Қазақ дипломат Сейм өкілін екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы хабардар етіп, еліміздің Польшамен жан-жақты серіктестікті тереңдетуге бейілді екенін тағы да растады. Саяси байланыстарды нығайтуда парламентаралық диалогты жандандырудың маңыздылығы аталып өтті. Тараптар ынтымақтастықты кеңейту мақсатында парламенттік делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыру жоспарларын талқылады.Сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру мен инвестициялық серіктестікті тереңдету мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Польша ірі бизнесінің Қазақстан экономикасындағы белсенді қатысуы атап өтіліп, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін зор әлеуеттің бар екендігі айтылды.Кездесу барысында Н. Жалғасбаев ү.ж. маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған, Қазақстан Конституциясының отыз жылдығына орай жарияланған амнистия туралы Заң жөнінде поляк тарапын хабардар етті. Бұл қадамның Қазақстанның әділеттілік, гуманизм және заң үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға ұмтылысын толық айқындайтынын, сондай-ақ ашық әрі құқықтық мемлекетті дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырудағы Парламенттің конструктивті рөлін көрсететінін жеткізді.Сондай-ақ Қазақстанда тұратын поляк диаспорасының екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосып отырған ерекше көпір ретіндегі рөлі мен халықтар арасындағы дәстүрлі достықты сақтауға қосып отырған үлесі жайлы аталып өтті.Өз кезегінде, Д. Неджеля Елшіні дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, Астананың Польша үшін Орталық Азиядағы негізгі серіктес екенін атап өтті. Вице-спикер Сеймнің сауда-экономикалық және парламенттік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1033532?lang=kk
Афина қаласында қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату саласындағы ынтымақтастық талқыланды 11.07.2025
Афина, 2025 жылғы 11 шілде – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин грек «Polyeco» компаниясының Негізін қалаушысы әрі Президенті Иоаннис Полихроно­пулоспен келіссөздер өткізді.Тараптар Қазақстандағы қалдықтарды басқару және ластанған аумақтарды қалпына келтіру бағытындағы екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады. Елші «жасыл» технологияларды дамыту Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың циркулярлық экономикаға жедел көшу, экологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және қауіпті қалдықтардың бақылауын күшейту жөніндегі стратегиялық міндеттерімен толық үйлесетінін атап өтті.Polyeco Group – өнеркәсіптік және қауіпті қалдықтарды кешенді басқару бойынша толық лицензия алған Грециядағы алғашқы компания. Қауіпсіз кәдеге жаратудан бөлек, компания улы қалдықтарды баламалы отынға айналдыру, сұйық шығарындыларды химиялық-физикалық тазарту және бұрын ластанған алаңдарды рекультивациялау сияқты озық шешімдерді енгізеді.Қазақстан Елшісі Афина маңындағы бұрынғы оқ-дәрі зауытына барып, Polyeco компаниясы жарылғыш қалдықтарды залалсыздандыру және аумақты азаматтық мақсатта пайдалану үшін сәтті рекультивациялау технологияларын іс жүзінде көрсетті.Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық перспективаларын бірлесіп пысықтау және Қазақстанның мемлекеттік әрі жеке құрылымдарымен өзара іс-қимыл орнату жөнінде келісімге қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1033534?lang=kk
Курметті «Береке» шагын ауданынын тургындары! 11.07.2025
«Костанай каласы кімдігінін тургын уй-коммуналдык шаруашылык, жолау шылар келігі жэне автомобиль жолдары белімі» мемлекеттік мекемесінінКостанай каласы кімдігінін «Костанай жылу энергетикалык компаниясы»МКК осымен «Береке БМК» казандытынын «КЖЭК» МКК балансынаберілуіне байланысты, сіз біздін косіпорынмен кызмет керсетуге келісім- шарт жасасуыцыз кажет екендігіцізді хабарлайды.Келісім-шарт жасасуга арналган мекен-жайлар:Береке ш/а, 78 «А» уй (казандык гимараты) жумыс кундері сагат 8:00-ден 17:00-ге дейін, тускі узіліс сагат 12:00-ден 13:00-ге дейін.Эл-Фараби дангылы, 32 ККО (коммуналдык кызметтер оргалыгы) жумыскундері сагат 9:00-ден 18:00-ге дейін, тускі узіліс сагат 13:00-ден 14:00-ге дейін.Чехов кешесі, 107 (ЖЭО кіреберіс) жумыс кундері сагат 8:00-ден 17:00-ге дейін, тускі узіліс сагат 12:00-ден 13:00-ге дейін.Бородин кешесі, 231 («КЖЭК» МКК) жумыс кундері сагат 8:00-ден 17:00-ге дейін, тускі узіліс сагат 12:00-ден 13:00-ге дейін.Абай дангылы, 19 («Костанай-Су» МКК) жумыс кундері сагат 8:00-ден 17:00-ге дейін, тускі узіліс сагат 12:00-ден 13:00-ге дейін.Келісім-шарт жасасу ушін кужаттар тізбесі:Жеке басын куэландыратын кужаттын кешірмесі;Пэтерге кукык белгілейтін кужаттын кешірмесі (мемлекеттік тургын уй корынан сатып алу-сату, Жекешелендіру, сыйга тарту, айырбастау шарты, турчын уйді жалга алу шарты);Пэтерге техникалык телкужаттын кешірмесі (патер жоспары);Азаматтарта арналган укімет КЕАК меншік кукыгын тіркеу туралыхабарлама (аныктама).Аныктама телефоны: 57-70-24, 99-92-23.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1033517?lang=kk
Кәсіпкерлердің назарына. МКД тақырыптық салықтық тексерулер жүргізеді 11.07.2025
Павлодар облысының мемлекеттік кірістер органдары бақылау-кассалық машиналардың (БКМ), POS-терминалдардың болуы және оларды қолдану мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексерулерді жүргізуде.2025 жылдың алғашқы алты айында мамандар 90 тексеру жүргізді, 78 әкімшілік материал жасалды: 64 – БКМ қолдану тәртібін бұзғаны үшін және 14 – POS-терминалдардың жоқтығы үшін.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ӘҚБтК) 284 – бабы бойынша 64 кәсіпкерлік субъектісі, ӘҚБтК-нің 195-бабы бойынша 14 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар БКМ міндетті түрде қолданумен жүргізілетінін еске салады.Сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыруда БКМ қолданбағаны, сондай-ақ пайдалану орны бойынша Мемлекеттік кірістер органында ақаулы немесе есепте тұрмаған БКМ қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген: ескерту, қайталап бұзылған жағдайда-20-дан 40 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл (ӘҚБтК-нің 284-бабы). БКМ чегін бермегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ӘҚБтК-нің 284-бабы).Сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезінде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға міндетті дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы – ескерту жасауға әкеп соғады, қайталап бұзылған жағдайда 40-тан 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады (бап 195 ӘҚБтК). Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1033483?lang=kk
2025 ЖЫЛДЫҢ III-ТОҚСАНЫНА АРНАЛҒАН АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ 11.07.2025
Ержан Қалымбекұлы Тоқтарханов, Департаменттің басшысы02.07.2025 ж., сағат 10.30-11.3016.07.2025 ж., сағат 10.30-11.3030.07.2025 ж., сағат 10.30-11.3013.08.2025 ж., сағат 10.30-11.3027.08.2025 ж., сағат 10.30-11.3010.09.2025 ж., сағат 10.30-11.3024.09.2025 ж., сағат 10.30-11.30 Павлодар қ., генерал Дүйсенов к-сі, 80, Азаматтарды қабылдау орталығы, 1 қабат8 (7182) 32-13-59 Қанат Мұратұлы Ахметбеков, Департамент басшысының орынбасарыжұма, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 4018 (7182) 53-59-00 Рысбек Минаймбекұлы Минаймбеков, Департамент басшысының орынбасарысәрсенбі, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 5028 (7182) 32-07-98 Марат Жұмажанұлы Бейсенов, Департамент басшысының орынбасарыбейсенбі, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 6008 (7182) 53-59-00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1033475?lang=kk
Қазақстан Елшісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне сенім грамоталарын табыстады 11.07.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 10 шілде – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктер Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға сенім грамоталарын табыстады.Салтанатты рәсімнен кейін өткен сұхбат барысында шейх Мұхаммед бен Заид Қазақстанға және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрметі ерекше екенін атап өтіп, өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделілік танытты.Өз кезегінде қазақ дипломаты жылы қабылдағаны үшін оған алғыс айтып, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық ілгерілеп келе жатқанына тоқталды.Сонымен қатар Абу Даби Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянның ү.ж. мамыр айындағы Астанаға ресми сапары және оның аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың сапалы жүзеге асырылуы, өзара қарым-қатынастарға тың серпін беру маңыздылығы туралы айтты.Кездесу соңында БАӘ Президенті ҚР Елшісін аса жауапты дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1033452?lang=kk
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көліктерін, жүктерді және тауарларды өткізу ережелеріндегі өзгерістер, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалану" тақырыбында дөңгелек үстел өтті 11.07.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көліктерін, жүктерді және тауарларды өткізу ережелеріндегі өзгерістер, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалану" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – электрондық кезекті пайдалана отырып, мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгерістерді талқылау.– ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрығына өзгерістер әзірледі. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көліктерін, жүктерді және тауарларды, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидалары реттеледі, – деп атап өтті іс-шараны ашқан кезде Кеден одағы шеңберіндегі әкімшілендіру бөлімінің басшысы Николай Ермошин.Іс-шараға жүк тасымалдаушылар, ҰҚК Шекара қызметінің және Департаменттің қызметкерлері қатысты. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1033463?lang=kk
Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси консультациялар туралы 11.07.2025
Анкара, 2025 жылғы 9 шілде – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Айше Беррис Екинджинің тең төрағалығымен екіжақты саяси консультациялар өтті.Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылықтарын растады.Сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық пен екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне ерекше тоқталды. Инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайына шолу жасап, болашақтағы екіжақты ірі жобаларға инвестиция салу туралы ниеттес екенін білдірді.Сондай-ақ энергетика, көлік, логистика, қаржы, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім және медицина сияқты перспективті салалардағы ынтымақтастық бойынша жұмысты тереңдетуге келісті.Дипломаттар түркі интеграциялық ұйымдары, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, әлемдік және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қолға алды.2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын келісіп, Астана мен Анкара арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.Бұдан бөлек, Ә.Бақаев Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Нух Йылмазбен кездесу өткізді. Дипломаттар Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларға байланысты пікірлерімен бөлісіп, Ислам ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1033427?lang=kk
Мемлекеттік кірістер комитеті салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), оның ішінде СӘАЖ салық төлеуші кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүзеге асырады 11.07.2025
Құрметті салық төлеушілер!Мемлекеттік кірістер комитеті салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), оның ішінде СӘАЖ салық төлеуші кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүзеге асырады.Осыған байланысты, 2025 жылғы 10 шілдеден бастап камералдық бақылау хабарламаларын (бұдан әрі-Хабарламалар) орындау түсініктеме беру арқылы тек СӘАЖ СТК-да сілтеме бойынша қолжетімді болады https://knp.kgd.gov.kz.Бұл ретте хабарламаларды орындау шеңберінде салық есептілігінің қосымша нысанын (ҚСЕН)  ұсыну жөніндегі функционал салық төлеушінің ескі кабинетінде қалады (https://cabinet.kgd.gov.kz) СЕН СӘАЖ СТК-ға толық ауысқанға дейін.СӘИЖ салықтөлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне хабарласа аласыз:жаңа СТК-де тіркеу бойынша 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;СӘИЖ СТК-нің функционалымен жұмыс істеу бойынша СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1033428?lang=kk
Қазақстаннан шетел валютасын әкету: нені білу керек 11.07.2025
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодекске (343-баптың 1-тармағының 7-тармақшасы) сәйкес, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.Алайда, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолданыстағы ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы ҚР Ұлттық Банкінің әкету күніне белгіленген бағамымен есептелген қолма-қол шетел валютасын және (немесе) ақша құралдарын шетел валютасында 10 000 (он мың) АҚШ долларының баламасынан асатын сомада әкетуге тыйым салынады.Сонымен қатар, "Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешіміне сәйкес 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтер аталған тұлғалармен бірге жүретін адамның жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтермен бірге бір жолаушы кедендік декларациясында көрсетіледі.Осылайша, отбасының әрбір мүшесіне 10 мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын қолма-қол шетел валютасын әкетуге рұқсат етіледі. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1033440?lang=kk
Қазақстан Елшісі Грекия Президентіне сенім грамоталарын табыс етті 11.07.2025
Афина, 2025 жылғы 10 шілде – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Султанғожин Грек Республикасының Президенті Константинос Тасуласқа сенім грамоталарын тапсырды.Рәсім мемлекет басшысының ресми резиденциясы – Афина қаласындағы Президент сарайында өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстан мен Грекия арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту мақсатында биік және жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог пен өзара сапарлар алмасудың ерекше маңызын атап өтті. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына, соның ішінде көлік, логистика, энергетика, туризм, ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобаларға жеке көңіл бөлінді.Грекия Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа достық сәлемін жолдап, Елшінің дипломатиялық миссиясын табысты атқаратынына сенім білдірді, сондай-ақ екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге грек тарапының мүдделілігін растады.Рәсім қорытындысы бойынша тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Грекия халықтары арасындағы достық байланыстар мен екіжақты серіктестікті нығайтуға ниетті екенін қуаттады.Рәсімге сондай-ақ Грекия Президенті Әкімшілігінің Бас хатшысы Алики Хадзи және Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Яннис Ловердос қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1033416?lang=kk
Құрметті металлургтер, саланың қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 11.07.2025
Бұл күн – күш-қайраттың, табандылық пен шеберліктің символы. Металлургия – отандық экономиканың басты тіректерінің бірі. Ол жоғары кәсіби біліктілікті ғана емес, нағыз ерлік пен батылдықты да талап етеді. Сіздер бүкіл қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етіп, өнеркәсіптік әлеуеттің артуына, тұрақты даму мен ертеңгі күнге деген сенімге жол ашып келесіздер.Solidcore Resources компаниясы мен «Варваринское» АҚ ұжымына айрықша алғысымды білдіремін. Сіздердің өңір дамуына қосып жатқан үлестеріңіз зор. Жұмысқа деген жауапты көзқарастарыңыздың арқасында ауданымыз тұрақты өсім мен дамудың серпінін алуда.Сондай-ақ, кәсіпорын мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы сенімді серіктестік пен тиімді өзара іс-қимылды ерекше атап өткім келеді. Сіздер жасалған меморандумдар аясындағы міндеттемелерді адал орындап, аудан тұрғындары үшін маңызды бастамаларды қолдап, әрдайым ашық диалог орната білесіздер. Мұндай әріптестік – әлеуметтік жауапты және нәтижелі өзара ынтымақтастықтың үлгісі.Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысқандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық іс-шараларды жүзеге асыруға және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлестеріңіз – келешек ұрпақтың денсаулығына және өңірдің орнықты дамуына салынған үлкен инвестиция.Құрметті металлургтер! Сіздерге мықты денсаулық, өндірістік жетістіктер, тұрақтылық, әріптестеріңіздің құрметі мен ертеңге деген сенім тілеймін. Отбасыларыңызда әрдайым тыныштық, береке мен жылулық орнасын. Ал сіздердің абыройлы еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағалана берсін! Аудан әкімі                                                                               Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1033364?lang=kk