Тбилисиде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Тбилисиде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

06.05.2026 18:59:52 195

Тбилиси, 2 мамыр – Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасына қосылып, Тбилиси қаласындағы Абай Құнанбайұлының ескерткіші маңында сенбілік өткізді.

Іс-шара аясында дипломаттар қоғамдық кеңістікті тазалау жұмыстарын жүргізіп, қалалық ортадағы тазалық пен экологиялық мәдениетті сақтауға ерекше назар аударды.

Аталған акция 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылып, әртүрлі этнос пен мәдениет өкілдері арасындағы достық пен келісімді білдіреді.

Бұл бастама қазақстандықтардың экологиялық құндылықтарды ілгерілетуге, қоғамдық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға және өзара құрметті арттыруға бейілділігін айқындай түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1215273?lang=kk