Әлем
Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді 25.06.2025
2025 жылғы 18 маусымда Самар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.Комиссия отырысында ауданның полиция бөлімінің «Интернет-алаяқтық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы нүктелік күрес жөніндегі жұмыс туралы», ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртібі бөлігінде белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі жұмыс туралы», «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытатын құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту үшін субъектілер өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімділігі туралы» мәселелері қарастырылды. Отырыс қорытындалары бойынша тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1020876?lang=kk
Еңбек нарығын дамыту және кадрлардың біліктілігін арттыру 25.06.2025
Меңдіқара ауданында бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында еңбек нарығының тұрақты дамуы жалғасуда. Кәсіптік оқыту мен біліктілікті арттыру мүмкіндіктері үнемі кеңейіп келеді, бұл кадрларға қойылатын талаптардың тез өзгеру жағдайында ерекше маңызды. 2025 жылы 10 адамды оқыту жоспарлануда: жетеуі жұмыс берушілердің өтініші бойынша оқу орындарына жіберіледі, үшеуі тікелей жұмыс орнында оқытылады. Бұл тәсіл бізге жергілікті нарықтың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. «Жастар тәжірибесі» және «Бірінші жұмыс орны» бағдарламалары аясында жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері үшін субсидияланатын жұмыс орындары ашылады. Биыл жастар тәжірибесіне 21 адам жіберілсе, оған 29 млн 725 мың теңге бөлінді. «Бірінші жұмыс орны» жобасы 5 адамның қатысуын қарастырады, қаржыландыру көлемі 10 млн теңгеден асады. «Ұрпақтар шарты» бағдарламасы бойынша 700 мың теңгеден астам қолдау көрсететін бір қатысушыны жұмысқа орналастыру жоспарлануда.Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тұрғысында да елеулі шаралар атқарылуда. 2025 жылы оларға 130 адам тартылып, жалпы қаржыландыру 190 миллион теңгеден асады. Сонымен қатар, «Күміс дәуір» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламалары шеңберінде мемлекет азаматтардың жекелеген санаттары үшін жалақының бір бөлігін субсидиялауды жалғастыруда, бұл әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.Кәсіпкерлік бағыт та белсенді дамып келеді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беруге 7 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, бұл аудан тұрғындарына өз ісін ашуға мүмкіндік береді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы өзектілігін жойған жоқ: биылғы жылы 84 миллион теңгеден астам сомаға 9 несие және 15 миллион теңгеден астам 40 көтерме жәрдемақы беру жоспарлануда. Бұл шаралар жас мамандарды ауылдық жерлерде ұстап қалуға көмектеседі.Сонымен қатар бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы осындай 10 шара өткізіліп, оған 400-ден астам адам қатысты. 2025 жылы қазірдің өзінде 12 жұмыс беруші мен 45 жұмыс іздеуші қатысқан 4 жәрмеңке өткізілді, оның ішінде бір аймақтық жәрмеңке. Жыл соңына дейін тағы үш жәрмеңке өткізу жоспарлануда.Бизнесті дамыту және өзін-өзі жұмыспен қамту үшін қосымша мүмкіндіктер enbek.kz платформасында онлайн режимінде жүргізілетін «Bastau Business» бағдарламасымен қамтамасыз етілген. Осы шаралардың барлығының арқасында ауданда еңбек белсенділігі артып, жұмыссыздық азайып, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жалпы жақсаруы байқалады. Меңдіқара ауданы халықтың барлық санаттары үшін ашық тұрақты және бәсекеге қабілетті еңбек нарығын қалыптастыруға сенімді түрде қадам басып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1020944?lang=kk
«Сарыбел орта мектебі» КММ-де аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. 25.06.2025
«Сарыбел орта мектебі» КММ-де аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Бұл мектеп өміріндегі ерекше күн. Түлектеріміз 11 жыл бойы еткен еңбектің нәтижесі – аттестаттарын алып, жаңа өмірге қадам басты. Жиынымыздың ең жоғары марапаты- «Алтын белгі». Мектебіміздің мақтанышы-Қахарманов Мәди «Алтын белгі» төсбелгісін алып, үздік білім мен үлкен еңбектің нәтижесін көрсетті. Біліммен қаруланған түлектерімізді Самар ауданы білім бөлімінің бас маманы Карибаев Б.М. құттықтады. Бұл – қоштасу сәті ғана емес, үлкен арман мен үміттің бастамасы.Ұстаздарымыздың еңбегі мен ата-аналардың қолдауы – осы жетістіктердің негізі. «Сарыбел орта мектебі» КММ-нің ұстаздар ұжымына алғыс білдіреміз. Қымбатты түлектер, өмір жолдарыңыз ашық, армандарыңыз асқақ болсын!Сәт сапар, жас түлек!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1020974?lang=kk
Қазақстан мен Еуропа: түркі әлемінің әдебиеті мен мәдениеті арқылы диалог 25.06.2025
2025 жылғы 10 маусымда Амстердамда Юнус Эмре институтының қолдауымен М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен Нидерландыдағы Евразиялық перспективалар ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Түркі әдебиеттануы: Қазақ және Орта Азия перспективалары» атты ғылыми конференция өтті. Іс-шара түркі әдебиеттану мәселелеріне, ауызша және жазбаша дәстүрлерді зерттеуге, сондай-ақ түркі тілдес халықтардың мәдени мұрасына арналды.Конференция мақсаттары – түркітану саласындағы идеялар мен ғылыми зерттеулермен алмасу, түркі тілдес қауымдардың сөздік мұрасын зерттеу мен талдауға арналған жалпы мәдени-ғылыми контекст ретінде, сондай-ақ Еуропадағы әдебиетшілер мен жазушылармен диалог орнату. Күн тәртібінде мынадай тақырыптар қаралды: деректерді пайдалану (көне сөздіктер, эпикалық аңыздар, ауызша және жазбаша дәстүрлер), ХХ ғасыр әдебиетіндегі түркі халқының ұлттық ерекшелігін зерттеу, «Манас» эпосын және «Жаңғыр» эпосын талдау, Қожа Ахмет Яссауидің мұралары мен оны мәңгілендіру, көне түркі поэзиясы және Махмұд Қашқари «Диуан лұғат ат-түрк» мәтіндері, сондай-ақ түркітану ретінде аралас ғылыми бағыт.Конференцияға негізгі баяндамашылар ретінде белгілі қазақстандық әдебиеттанушылар қатысты: Әуезов атындағы институттың жетекші ғылыми қызметкері, профессор Гүлзия Пирали, Алматыдағы М.О.Әуезов атындағы үй-музейдің директоры және директор орынбасары Диар Қонаев пен Салтанат Мұқатаева, Институттың ғылыми қызметкерлері Ермек Ханкей мен Нұр Магажбеков. Ғылыми және ағартушылық қызметінің нәтижелерімен әдебиет тарихшысы, философия докторы Зифа-Алуа Әуезова және академик Әлкей Марғұлан атындағы қордың жетекшісі Дәме Марғұлан бөлісті. Белгілі нидерландтық түркітанушылардың баяндамалары да үлкен қызығушылық тудырды - антрополог-манасшы, доктор Нинке ван дер Хайде және қазақ тілінде баяндама жасаған тіл ғылымының докторы Роберт Эрмерс. Қожа Ахмет Яссауидің ғылыми мұрасын танымал исламтанушы және дін зерттеушісі Анне Дийк өз көзқарасымен таныстырды.Қатысушыларға қошемет білдіре отырып, Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Нидерландтар мен Еуропа біздің елімізді және оның таусылмас әлеуетін қазақтың көрнекті жазушылары мен ғалымдарының шығармашылығы мен еңбектері арқылы танып жатқанын атап өтті; осы ретте түркітану саласындағы зерттеулер Орталық Азия елдерінің қазіргі жағдайда жаңа Жібек жолында сенімді серіктес әрі өсім аймағы ретінде біртұтас және ортақ мақсатқа бағытталғанын көрсетеді.Еуропалық зерттеушілерге қазақ ғалымдарының, ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің бұған дейін жарияланбаған еңбектеріне негізделген ғылыми-әдеби еңбектерінің сериясы таныстырылды. Олардың ішінде Г. Пиралидің ағылшын тіліне аударылған «Мұхтар Әуезов және Жамбыл» және «Мұхтар Әуезов және Манас эпосын зерттеу мәселелері» атты еңбектері бар.Конференция зерттеушілерді, студенттерді, гуманитарлық ғылымдар өкілдерін, Нидерландтағы қазақ қауымдастығының мүшелерін біріктіріп, түркі әлемінің бай әдеби және мәдени мұрасына қызығушылық танытқан тұлғаларды жинады және Еуропа мен Азия арасындағы гуманитарлық және академиялық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.Қазақстан делегациясы Гаагадағы Елшілігіне барып, маңызды іс-шараның қорытындылары шығарылды, Қазақстан мен Нидерландтар арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың болашақ перспективалары туралы пікір алмасып, ғылым, мәдениет және білім саласындағы бірлескен жобаларға қатысты нақты ұсыныстармен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1020753?lang=kk
Будапештте мажар орталықтарымен ғылыми-зерттеу байланыстары талқыланды 25.06.2025
Будапешт, 2025 жылғы 18 маусым - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, профессор Дүкен Мәсімханұлы бастаған қазақ делегациясының Мажарстанға сапары өтті.Делегация құрамында Алтын Орда дәуіріндегі Шығыс Дешті Қыпшақтың батыс әлемімен қарым-қатынастарын зерттеуші Болатбек Батырхан (PhD) және Еуропа және шығыс тілдеріндегі дереккөздер мен ғылыми әдебиеттерді зерттеудің маманы, Алтын Орда тарихына қатысты статистикалық деректер мен архивтер мәлімттерін сараптаушы Нұртас Әбдімомынов (PhD) болды.Сапардың алғашқы күні, ғылыми қызметкерлер Түркі мемлекеттері ұйымының Будапешттегі кеңсесі ұйымдастырған түркі халықтарына ортақ аңыз саналатын «Алтын мүйізді киік» ескерткішінің ашылуына қатысып, мажарлық түркітанушылармен, мысалы Иштван Вашари профессормен сұхбаттасуға мүмкіндік алды.Елшіліктің үйлестіруімен Мажарстан зерттеу институтында (https://mki.gov.hu/en/) өткен кездесуде тараптар екі жақты ынтымақтастықты, зерттеу саласындағы ғылыми әріптестікті дамыту, ортақ ғылыми жобалар әзірлеу, бірлесе жас ғалымдар даярлау, оларды тағылымдамадан өткізу мен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Ал, елдің ең негізгі мұрағаттық қоры саналатын Сечени ұлттық кітапханасында (https://oszk.hu/) өткен келіссөздерде, сұхбаттасушылар Кітапханадағы тарихи, құнды деректер, қолжазбалар мен құжаттарды зерттеуде екі жақты әріптестікті дамыту жолдарын талқылап, ғылыми зерттеу саласындағы әріптестікті дамыту мен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін саралады.Жоғарыдағы өткен келіссөздер нәтижесінде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен аталған мекемелер арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1020772?lang=kk
Көшпелі кәсіби бағдар беру көрмесі 25.06.2025
2025 жылдың 04 маусым күні Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі “Адал еңбек- Адал табыс” айдарымен Жұмысшы мамандықтар жылына орай Жамбыл ауданының орталық алаңына “Көшпелі кәсіби бағдар беру” көрмесін ұйымдастырды.⚜Шараның негізгі мақсаты- Жұмысшы мамандықтарының маңызын арттыру, жастарды осы салаға тарту және еңбек нарығына қажетті білікті кадрларды даярлауға баса назар аударып, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын дәлелдеу.⚜Салтанатты жиынға Жамбыл ауданы әкімі аппараты мен 24 селолық округ әкімдері, аудандық білім бөлімі мен мектеп басшылары, “Жастар ресурс орталығы”, “Мансап”жұмыспен қамту орталығының өкілдері мен жұмыс берушілер және аудан тұрғындары шақырылды.⚜Көрмеге заманауи оқу қондырғылары мен ауыл шаруашылық техникалары қойылып, мамандықтар бойынша таныстырылым жасалды. ⚜Сондай- ақ ” Адал адам- Адал еңбек- Адал табыс” атты Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушыларымыз әскери- патриоттық клубтары мен спорттық үйірмелер жұмысынан көріністер жасады.⚜Көрме іс- шарасына келген барлық қонақтар ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1020738?lang=kk
Қазақстан мен Индонезия: бірлескен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер 25.06.2025
Джакарта, 2025 жылғы 19 маусым – Индонезия Кәсіпкерлер палатасының мүшелеріне Қазақстанның инвестициялық, транзиттік және туристік әлеуетін таныстыруға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Қазақстан мен Индонезия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге деген өзара қызығушылықты білдіре отырып, кездесу жылы әрі сындарлы атмосферада өтті.Іс-шара барысында Елші С.Әбдікәрімов екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Индонезияның шағын және орта бизнес өкілдерімен сауда-экономикалық әріптестікті күшейтудің маңыздылығына тоқталды. Ол инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына кеңінен тоқталып, Қазақстан экономикасының басым салалары туралы баян етті: агроөнеркәсіп кешені, жаңартылатын және дәстүрлі энергетика, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және цифрландыру.Индонезия нарығында қазақстандық өнімге деген өсіп келе жатқан қызығушылыққа, сондай-ақ экспортты дамыту мен бірлескен өндірістерді жолға қою перспективаларына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға Қазақстанда бизнес ашу мен оны жүргізудің қазіргі жағдайлары туралы ақпарат ұсынылды, оның ішінде компанияларды тіркеудің жеңілдетілген рәсімдері, инвесторлардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қолдау құралдары таныстырылды.Презентация барысында Қазақстанның Еуразиядағы негізгі транзиттік хаб ретінде стратегиялық маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қытайды, Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропалық одақ елдерін байланыстыратын логистикалық бағыттар көрсетілді, сондай-ақ индонезиялық тауарлардың жаңа нарықтарға шығуы үшін Қазақстан инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндіктері таныстырылды. Қатысушыларға «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі, шетелдік инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер, субсидиялар мен заманауи инфрақұрылымға қол жеткізу сияқты кең ауқымды преференциялар ұсынатын арнайы экономикалық аймақтар туралы ақпарат берілді.Қазақстанның туристік көрікті жерлері мен елдің қарқынды дамып келе жатқан, әлемге ашық мемлекет ретіндегі имиджін ілгерілетуге бағытталған «Born Bold» ұлттық бастамасы туралы бейнеролик көрсетілді. Индонезиялық аудиторияға Қазақстанның мәдениетімен, табиғатымен және инвестициялық ахуалымен таныстыратын «Salam Kazakhstan» журналы ерекше қызығушылық тудырды.Презентацияның негізгі бөлімінен кейін Индонезия Кәсіпкерлер палатасының мүшелерімен мазмұнды әрі қызу пікірталас өтті. Оның барысында визалық режимге (оның ішінде 10 жылдық көп мәртелі виза алу мүмкіндігі), салықтық ынталандыруларға, инвестицияларды қорғауға, сондай-ақ индонезиялық бизнес қатыса алатын нақты жобаларға қатысты сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.Іс-шараның соңында Индонезия Кәсіпкерлер палатасының басшылығы мазмұнды презентация үшін алғыстарын білдіріп, индонезиялық іскерлік қауымдастықтың қазақстандық әріптестермен тығыз ынтымақтастық орнатуға жоғары қызығушылығын атап өтті. Осы орайда Палата өкілдері инвестициялық ортаны, құқықтық реттеуді тереңірек зерделеу, сондай-ақ инфрақұрылыммен, өндірісті жергілікті деңгейде орналастыру мүмкіндіктерімен және бизнесті жүргізу жағдайларымен жергілікті жерде танысу мақсатында Қазақстанға іскерлік сапар ұйымдастыру жоспары туралы бөлісті.Индонезия Кәсіпкерлер палатасы (KEIND) шағын және орта бизнестің өкілдерін біріктіріп, олардың бастамаларын ілгерілету мен іскерлік ынтымақтастықты кеңейту үшін бірыңғай платформа ұсынады. Ұйым елдің 28 провинциясын қамтиды және шетелдің 10 юрисдикциясында өкілдіктері бар. Бүгінгі таңда KEIND құрамында кәсіпкерлікті дамытуға және халықаралық экономикалық байланыстарды нығайтуға белсенді үлес қосып отырған шамамен 10 мың мүше бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1020623?lang=kk
Жазғы кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтау 25.06.2025
⚠️ Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздік шараларын сақтауы аса маңызды. Ата-аналарды, балаларды суға түсу ережелерімен танысуға және ол шарттарды сақтауға шақырамызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1020624?lang=kk
Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Сауд геологиялық қызметімен кездесті 25.06.2025
Жидда, 2025 жылғы 19 маусым – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Сауд геологиялық қызметінің Бас директоры Абдулла Әл-Шамранимен кездесті.Тараптар геологиялық барлау және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.Бас директор Қазақстанға жасаған жуырдағы сапарын атап өтіп, Сауд Арабиясының әріптестікті жалғастыруға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1020637?lang=kk
Қазақстанның барлық колонияларында Ұлттық ойындар күні өтті 25.06.2025
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде «Заң және тәртіп» айлығы аясында Ұлттық ойындар күні өткізілді.Сотталғандар асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту сияқты дәстүрлі қазақ ойындарына және басқа да спорттық жарыстарға қатысты.Іс-шаралар еліміздегі барлық 78 түзету мекемесін қамтып, 15 мыңнан астам сотталғанды біріктірді.«Бұл іс-шараның мақсаты – спортқа оң көзқарас қалыптастыру, дене шынықтыруды дамыту және сотталғандар арасында ұжымдық рухты тәрбиелеу. Жарыстар жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталып, көтермелеу туралы мәліметтер олардың жеке істеріне енгізілді», – деді ҚАЖ комитетінің тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Рустам Ахметжанов.Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде Ұлттық ойындар күнін өткізу – бұл жай ғана жарыс емес, сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуге бағытталған кешенді тәрбие жұмысының бір бөлігі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1020655?lang=kk
Қазақстан Елшісі БАӘ Сыртқы істер министрлігінде сенім грамотасының көшірмелерін табыс етті 25.06.2025
2025 жылғы 19 маусым, Әбу Даби – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Сыртқы істер министрінің орынбасары Омар әл-Шамсимен кездесу өткізіп, сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.Кездесу барысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегі талқыланып, барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударылды.Тараптар Әбу Даби Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның биыл 12 мамырда Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді уақтылы іске асырудың өзектілігін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Омар әл-Шамси қазақстандық Елшіні Әмірліктердегі дипломатиялық миссиясының басталуымен шын жүректен құттықтап, екі ел арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1020658?lang=kk
Алматыда «БҰҰ Плаза»-да БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шартының көп елдік желісі іске қосылды 25.06.2025
Алматы, 2025 жылғы 18 маусым – «БҰҰ Плаза» ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шартының көп елдік желісінің іске қосылуына арналған салтанатты шараға қатысып, сөз сөйледі.Іс-шараға БҰҰ Жаһандық шартының жаһандық операцияларының басшысы Оле Лунд Хансен, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің м.а. Стивен О'Малли қатысты.Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Көп елдік желіні іске қосу үкіметтердің, бизнес құрылымдардың және азаматтық қоғамның адам құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты негізгі бағыттардағы күш-жігерін біріктіретінін атап өтті.Сондай-ақ Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталық және БҰҰ Жаһандық шарты арасындағы ықтимал серіктестік мәселелеріне ерекше назар аударылды.Соңында Елші өңірдің орнықты болашағы үшін БҰҰ-ның Жаһандық шартының көп елдік желісінің қызметіне Қазақстан Үкіметінің жан-жақты қолдау көрсететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1020659?lang=kk
Жаз. Лагерь. Пайдалы демалыс. 25.06.2025
Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты айлық шарамыз жалғасуда.Бүгін қаламыздың №12 орта мектеп гимназиясының жанындағы жазғы демалыс лагерінің 3-4 сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отыра «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сондай-ақ балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылып,қызықты ойындар ойнатылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1020718?lang=kk
Тоқтамыс ауылдық округі тұрғындарымен Абай ауданының кездесуі 25.06.2025
Бүгін аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы жұмыс кестесіне сәйкес Тоқтамыс ауылдық округінде тұрғындармен тұрақты кездесуі өтті.Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы М.Нұрсұлтанұлы, тиісті сала мамандары, ауылдық округ әкімі Д.Мұхтаров және ауыл тұрғындары қатысты.Жиын барысында ауылдық округ әкімі Д.Мұхтаров округте атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.Одан кейін аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы 2025 жылдың алғашқы төрт айында аудан көлемінде жүзеге асырылған негізгі жұмыстар туралы айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті.Кездесу кезінде тұрғындар тарапынан мал соятын арнайы орын ашу, шаруақожалық ашу үшін жер сатып алу, көше жарығын орнату, тұрақты жұмыс сынды бірқатар мәселелер көтерілді. Аудан басшысы бұл сұрақтарға заң аясында нақты жауаптар беріп, кейбір мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.Сонымен қатар, ауыл тұрғындары жол бойына қауіпсіздікті сақтау мақсатында жол белгілерін орнату жөнінде өтініш білдірді. Бұл ұсыныс бойынша аудан әкімі жыл соңына дейін арнайы жол белгілері орнатылатынын мәлімдеді.Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындарды «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысып, санитариялық тазалық пен абаттандыру жұмыстарына атсалысуға шақырды.Кездесуден кейін аудан әкімі жуырда басталған Тоқтамыс ауылына кіреберіс 6-11 шақырым жол аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарының барысын қарап, округ әкімі Д.Мұхтаровқа жөндеу жұмыстарын бақылауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-toktamys-district/press/news/details/1020352?lang=kk
Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру Банк ЦентрКредит мобильді қосымшасы арқылы беруге болады 25.06.2025
Соттан тысбанкроттыққаөтінішті"БанкЦентрКредит"АҚ(bcc.kz)мобильдіқосымшасыарқылы беруге болады.Бұған дейінрәсімХҚКО-ға жеке жүгіну немесеeGov.kzпорталыарқылығанақолжетімдіболатын. Bcc.kz мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметі іске қосылды. Өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулық:kz қосымшасын ашып, «Мемлекеттік қызметтер» → «Қызметтер» бөліміне өтіңіз.«Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметін таңдаңыз.Қысқаша ақпаратпен танысып, «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш» батырмасын басыңыз.Тіркелген мекенжайды растаңыз немесе қажет болса өзгертіңіз, содан кейін «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.Мемлекеттік кірістер органын көрсетіңіз, қажет болған жағдайда келесі бір немесе екі тармақты да белгілеңіз:6 ай бойы әлеуметтік көмек аламынМіндеттемелерімді 5 жылдан аса уақыт орындамадымӨтініш беру шарттарымен сілтеме арқылы танысыңыз.Өтінішті жіберу үшін «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз. Өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органның өтінішті қарау барысы туралы ақпарат шығады.Өтініштің мәртебесін «Тарих» бөлімінен қадағалауға болады.Өтініш сәтті өңделсе, пайдаланушы push-хабарлама алады, ал «Тарих» бөлімінде «Орындалды» мәртебесі және мемлекеттік органның сайтына сілтеме көрсетіледі.Назар аударыңыз: егер неке туралы куәлік болса, жұбайының/зайыбының келісуі қажет. Егер келісім ағымдағы күннің 23:59-ына дейін берілмесе, өтініш автоматты түрде жойылады. Бұл рәсімді тек «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімінің талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғалар ғана қолдана алатынын атап өтеміз. Маңызды: сервисті пайдалану тегін, өтініш беру үшін комиссия өндіріп алынбайды.Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1020361?lang=kk
Қарағанды «Жас ұлан» мектебін аяқтаған 90-нан астам түлек әскери оқу орнын таңдады 25.06.2025
Биыл кеншілер қаласындағы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебін 136 тәрбиеленуші тәмамдады.Осы жолғы шараның тарихи маңызы бар. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап оқу орны өз жұмысын әскери колледж ретінде жалғасытрмақ. «Жас ұлан» мектебінің әскери колледж форматына көшуі – жастарды патриоттық тәрбиелеу және Отанға абыроймен қызмет етуге дайын мамандарды даярлау ісіндегі жаңа тараудың басы болмақ.Салтанатты шараға әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар және түлектердің ата-аналары шақырылды.Аты аңызға айналған ұшқышқа құрмет ретінде Талғат Бигелдиновтың бюстіне гүл шоқтары қойылды.Оқушыларға орта білім туралы аттестаттар мен төсбелгілерді ардагерлер мен ауған жауынгерлері табыс етті.136 түлектің 90-нан астамы еліміздің жоғары әскери оқу орындарында оқуын жалғастыруды жоспарлап отыр.– «Жас ұланда» екі жыл ішінде мен сапалы білім алдым. Тәртіпке, жауапкершілікке, төзімділікке бейімделдім. Бұл қасиеттер мен мектеп қабырғасында алған білімім Құрлық әскерлерінің әскери институтына түсу кезінде және болашақ офицерлік қызметте көмектесетініне сенімдімін, - деді түлектердің бірі Айберген Тұрсынбек.Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері мен ұландар орындаған вальс іс-шараға ерекше салтанат сыйлады. Ал қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсеткеннен кейін мектеп оқушылары салтанатты саппен жүріп өтті.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі өткен жылы 40 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде оны бес мыңнан астам түлек бітіріп шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1020382?lang=kk
Қазақстан мен Сингапур ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 18 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сингапур Республикасының Қазақстандағы резидент емес Елшісі Зулькифли Бахарудинмен кездесу өткізді.Тараптар 2024 жылғы мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапарының қорытындыларын жоғары бағалады және сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыруға келісті.«Қазақстан мен Сингапурдың өзара құрмет, сенім пен ортақ мүдделерге негізделген берік және орнықты серіктестік құрды», – деп атап өтті А.Бақаев.Сұхбаттастар сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдету, инвестициялық және көліктік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.Сонымен қатар дипломаттар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1020413?lang=kk
"Бәйге" жаңа акциясы 25.06.2025
Маңызды!!! Сіз 100 000 теңгенің иесі бола аласыз!Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде келесі акциялар туралы хабарлайды: "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал" акциясы барысында әрбір азамат сатып алу немесе ақылы қызмет алу арқылы ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндік алады.Акция еліміздің барлық аумағында 2025 жылғы 3 сәуірден 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін өткізіледі. "Бәйге" жаңа акциясы100 000 теңге көлеміндегі жүлде random.org сайттың көмегімен, кездейсоқ жеребе тастау арқылы таңдалған өңірдің 50 үздік пайдаланушысының біріне беріледіАкция бүкіл ел бойынша 2025 жылдың 1 мамырынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізіледі.Әр тоқсанның қорытындысы бойынша оператор фискалдық чектердің ең көп санын сканерлейтін әр өңірден бір жеңімпазды (барлығы 20 жеңімпаз — әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір) анықтайды.Жеңімпаздарға 100 000 теңге көлемінде сыйлық төленеді. Акция тоқсан сайын өткізілетін болады.Аталған акцияларға қатысу үшін "Amian"мобильді қосымшасында тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлегені үшін шағын және орта бизнестің фискалдық кассалық чектерін тіркеу қажет.#АБАЙМКД#DGDABAI#Салықтар#Налоги#Кеден#Таможня#Тікелей_эфир#Прямой_эфир#салықтөлеушігепайдалы#полезноеналогоплательщикуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1020424?lang=kk
Самар ауданында инфрақұрылымға 1,7 млрд теңгеден астам қаржы құйылды: ауылдар өмір сүруге жайлы бола түсуде 25.06.2025
Шығыс Қазақстан облысындағы Самар ауданы ауқымды жаңғыру кезеңін бастан өткеріп жатыр. 2025 жылдың басынан бері инженерлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымға 1,7 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Бұл қаражат ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және елді мекендерде жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Бұл туралы Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді. Көріктендіру саласында ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда. Сарыбел және Миролюбовка ауылдарында заманауи көше шамдары орнатылып жатыр. Жаңа жарық бағаналары Самар ауылындағы және оның айналма жолындағы көшелерде де пайда болады.Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Көкжота, Көкжыра және Самар ауылдарында жолдар жөнделіп, Миролюбовкада тротуарлар салынуда. Жұбандық, Қабанбай, Абай, Алтынсарин және Амангелді көшелері мен «Палатцы – Подгорное» автожолының бір бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілуде.Ауыл тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету басым бағыттардың бірі болып отыр. Құлынжон, Аққала және Көкжыра ауылдарында су құбырлары жаңартылуда, ал Самар ауылында су тарту құрылыстары қайта жаңғыртылып жатыр.Палатцы ауылында ұялы байланыс сигналын күшейту үшін антенна-мачталық құрылыс салынуда. Жаңажол және Қаратүбек ауылдарында мәдениет үйлерін жөндеу жұмыстары жалғасуда. Карповка ауылында су қоймасына күрделі жөндеу жүргізілуде, сондай-ақ жылу жүйелерінің қайта жаңғыртылуы басталды.Тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында республикалық бюджет пен ҚДБ есебінен тұрғын үйлер сатып алынуда. Сонымен қатар Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы электрмен жабдықтау желісі де сатып алынуда.Іске асырылып жатқан жобалар тек инфрақұрылымды дамытуға емес, сонымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бұл – жылы үйлер, жарық көшелер, таза су мен қолжетімді байланыс. Мұның бәрі ауылдың орнықты дамуы мен жайлы өмірі үшін негіз болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1020465?lang=kk
Қазақстан поляк бизнесі үшін жаңа көкжиектер ашуда 25.06.2025
Варшава, 2025 жылғы 17 маусым - Қазақстан Республикасының Варшавадағы Елшілігі мен Поляк инвестициялар және сауда агенттігінің (PAIH) қолдауымен поляк бизнесінің өкілдеріне арналған "Компания құру және Қазақстанда бизнес жүргізу: практикалық және құқықтық аспектілер" тақырыбында кезекті вебинар өтті. Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің тұсаукесерін Елшіліктің Кеңесшісі Лариса Жұмағалиева табыс етіп, елдің негізгі экономикалық жетістіктері туралы, сондай-ақ инвесторларды қолдау және бағыттау үшін Қазақстанда жұмыс істейтін тиімді тетіктер мен платформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.Қазақстандағы Польша Республикасының дипломатиялық миссиясының басшысы Михал Лабенда мырза вебинар қатысушыларына өз алғы сөзін жолдады.Ол Қазақстан экономикасының жетістігін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуетіне сенім білдіріп, поляк компанияларын Қазақстанмен іскерлік байланыстарды белсендірек дамытуға шақырды. Вебинарда сондай-ақ PAIH, «Kazakh Invest» Инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық агенттігі, сондай-ақ «Aequitas» заң фирмасы өкілдерінің Қазақстан нарығына шығудың практикалық және құқықтық аспектілері жөніндегі презентациялары ұсынылды.Вебинар қатысушыларының жоғары белсенділігі Польша бизнесінің Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге және оның инвестициялық әлеуетін игеруге деген қызығушылығының артып келе жатқанын дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1020507?lang=kk