Әлем
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.С.Биахметовтің Ақтөбе облысына жұмыс сапары 21.06.2025
13.06.2025ж.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметовтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында 1999 жылдың мамыр айынан бері табысты жұмыс жасап келе жатқан «Көктас-Ақтөбе» көпсалалы кәсіпорнын аралап көрді.Жұмыскер саны шамамен 200 адамды құрайтын компания дәнді және бұршақ дақылдарын өсірумен, ет өнімдерін өндірумен, силикат кірпішін шығарумен, көтерме және бөлшек саудамен, қоймалау және геологиялық барлау жұмыстарымен айналысады.Кездесу барысында өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын арттыру мәселелері талқыландыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1018007?lang=kk
АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ – ӨЛЕҢГЕ ТАҒЗЫМ 21.06.2025
Меркі аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Құрметті жазушысы, “Құрмет” орденінің иегері, Меркі ауданының Құрметті азаматы, белгілі ақын Шырын Бөкейқызы Мамасерікованың 80 жылдық мерейтойына арналған “Өлеңі – өмірі” атты жыр мүшәйрасы өтті.Шараның мақсаты – ақын шығармашылығын кеңінен насихаттап, жастардың бойына отансүйгіштік пен әдебиетке деген сүйіспеншілік дәнін себу болды. Байқауға ауданның әр өңірінен келген жеті жас ақын қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.Мүшәйра үш кезең бойынша өткізілді. Алғашқы кезең – “Жүрегі жырдан жаралған” деп аталып, қатысушылар ақынның туған жерге және Меркі өңірінен шыққан тарихи тұлғаларға арналған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Екінші кезең – “Қасыңда жүр жақсы адам” тақырыбымен арнау жырларға арналды. Ал соңғы, үшінші кезеңде “Бала − ананың жан жүрегі” атты тақырып аясында ақынның ұлына арналған лирикалық өлеңдері оқырман жүрегіне жол тартты.Сонымен қатар, ақынның айтыс өнерінің майталманы, Меркі мақтанышы марқұм Өмірбек Қабыловқа арнаған “Жарқылдаған жан аға!” атты жыры да оқылды. Бұл туындыны кітапхананың белсенді оқырмандары − Е.Төлеу, Ә.Отарбаева және К.Қанатбекқызы жүрек тебірентерлік әсермен жеткізіп, көрермен ықыласына бөленді. Айтыскердің қызы Әшіркүл Өмірбекова шара соңында сөз алып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.Мүшәйра қорытындысында бас жүлде Есенәлі Мединаға бұйырса, І орын – Солтанаева Бұлбұлға, ІІ орын – Сәрсенбай Білімжан мен Серік Санжарға, ІІІ орын – Ернар Мадина, Құрманби Жанайым және Нұржан Томириске табысталды.Бұл әдеби кеш − ақын рухына тағзым етіп, жас ұрпақтың сөз өнеріне деген ықыласын арттырған тағылымды да мәнді шараға айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1018009?lang=kk
📢 Құрметті Талғар ауданының тұрғындары! 2025 жылғы 16 маусымнан бастап Талғар ауданы әкімдігінің Регламенті жаңа редакцияда күшіне енеді. 21.06.2025
Мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақытының өзгергенін хабарлаймыз.Жаңа жұмыс уақыты: сағат 08.00 - 17.30Түскі үзіліс: сағат 12.30 - 14.00.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-talgar/press/news/details/1018011?lang=kk
Ақмола облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Тілеген Әубакір Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді! 21.06.2025
Құрметті азаматтар! 2025 жылғы 19 маусымда сағат 10.00-де Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы, Курманова көшесі 2/2, мекен-жайы бойынша Ақмола облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Тілеген Еракұлы Әубакір Целиноград ауданы Тасты ауылының тұрғындарымен кездесу өткізеді.Іс-шараға әкімдік өкілідері, адвокат, нотариус және жеке сот орындаушысы қатысады.Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өтеді.Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды поштаға жіберуіңізді сұраймыз:d.ibraeva@adilet.gov.kz, a.magauov@adilet.gov.kz, сондай-ақ Ақмола облысы Әділет департаментінің телефон нөмірлері бойынша: 8(7162)25-00-18, 87015365903, 87476250853Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1018012?lang=kk
Халықаралық донор күнін мерекелеу аясында Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қайырымдылық донорлық акцияға қатысып, Көкшетау қаласының қан орталығында қан тапсырды. 21.06.2025
Халықаралық донор күнін мерекелеу аясында Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қайырымдылық донорлық акцияға қатысып, Көкшетау қаласының қан орталығында қан тапсырды.Қатысушылар арасында құюға мұқтаж пациенттерге көмек көрсету үшін тұрақты негізде қан тапсыратын құрметті донорлар бар. Мұндай акцияларды өткізу ерікті донорлық мәдениетін дамытуға және өзара көмек пен ынтымақтастықтың қоғамдық құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1018013?lang=kk
Жазғы маусымда суға түсу ережелері мен өрттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтау! 21.06.2025
Ағымдағы жылдың 10 маусым күні Кенжалы, Көкбұлақ, Қосарал елді мекендерінде кәмелетке жасқа толмағандар мен жасөспірімдерге, ауыл тұрғындарына жаз айларында жазатайым оқиғалар мен жарақаттану фактілеріне болдырмау мақсатында жазғы маусымда суға түсу ережелері мен өрттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі (жалаңаш сымдар, ашық септик, кәріздер,құдықтар, траншейлер, тек рұқсат етілген және осыған бейімделген орындарда суға шомылу, далалық өрт, өрт қауіпсіздіктері т.б) жөнінде жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-karauylkeldi/press/news/details/1018014?lang=kk
Қазақстан Қытайдың ең ірі жасыл технологиялар банкімен әріптестік орнатты 21.06.2025
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) мен Шанхай ғылыми-техникалық алмасу орталығы Азиядағы жасыл технологиялар бойынша ірі платформалардың біріне - Green Technology Bank-пен тікелей қарым-қатынасқа жол ашатын ынтымақтастық туралы стратегиялық келісімге қол қойды.Келісім Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-техникалық диалогты нығайтудағы маңызды қадам болды және республика экономикасына озық экологиялық шешімдерді жедел енгізу үшін кең перспективалар ашты. Енді қазақстандық кәсіпорындар, зерттеу орталықтары мен стартаптар жаңартылатын энергетика, су ресурстары, қалдықтарды өңдеу, агроэкология және басқа да бағыттардағы инновацияларды қоса алғанда, Қытайдың деректер базасындағы әзірлемелерді пайдалана алады.Қол жеткізілген келісімге сәйкес, Шанхай ғылыми-техникалық алмасу орталығы қазақстандық тарапты технологиялық дерекқорға және Green Technology Bank сараптамалық желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме алды. Бұдан басқа, жыл сайын қазақстандық компаниялардың қатысуымен - роадшоулар, форумдар мен іскерлік миссияларды қоса алғанда - қытай тарапынан қаржылық қолдау көрсету мүмкіндігімен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру көзделген. Тағы бір жекелеген бағыт - Қазақстандағы жиырма басым жасыл жобаны жүйелі бағалау және сүйемелдеу: сарапшылар жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады және технологияларды жергілікті нарықтың шарттары мен талаптарына бейімдеу бойынша ұсынымдар береді.ХЖТИЖО Басқарма Төрағасының м.а. Сәкен Қалқаманов қол қойылған құжаттың стратегиялық маңыздылығын атап өтті:«Қазақстан жасыл технологиялар саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірінің тәжірибесі мен шешімдерін тікелей қолдана алады. Бұл экологиялық инновацияларды жедел енгізу, инвестициялар тарту және технологиялық әріптестікті дамыту үшін берік негіз жасайды. Біз мұны еліміз үшін тұрақты болашақты ілгерілетудің стратегиялық құралы ретінде қарастырамыз».Екі тарап қол қойылған келісімнің «Бір белдеу, бір жол» сияқты жаһандық бастамалар аясындағы екіжақты өзара іс-қимылды күшейтіп қана қоймай, білім алмасу, жаңа нарықтар ашу және бірлескен жобаларды іске қосу арқылы Қазақстанның халықаралық жасыл күн тәртібіне кірігуінің практикалық құралына айналатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1018015?lang=kk
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына - 100 жыл толуына орай 21.06.2025
Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың туғанына - 100 жыл. Ұлы есімді ұлықтау мақсатында Ақтөбе өңірінде жыл басынан бері мәдени-танымдық, рухани шаралар ұйымдастырылып жатыр.Осы орайда Қобда ауылында өткен Қазақтың мерген қызының мерейтойына Ойыл аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин бастаған бірқатар аудандық мәслихат депутаттары: Еркін Жиеналин, Тилекбай Амиров, Жангүл Ізғарина және Назгүл Ешпанова қатынасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/1018018?lang=kk
📍 Медицина қызметкерлері күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет 21.06.2025
Мәртөк ауданында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл – халық саулығы үшін күн-түн демей еңбек ететін дәрігерлер мен медбикелерге алғыс білдіретін ерекше күн.🎙️ Іс-шара барысында ауданның денсаулық сақтау саласында атқарылған істер мен алдағы жоспарлар кеңінен айтылды. Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, олардың еңбегіне жоғары бағасын берді.🏅 Сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, үздік мамандарға «Ардақты ардагер» медалі мен Алғыс хаттар табысталды. Бұл – олардың ұзақ жылғы адал еңбегіне деген ризашылықтың белгісі.🏥 Биыл аудан бойынша бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды:• Аудандық аурухананың сыртқы кәріз жүйесі мен өрт сөндіру гидранттары толық жөнделді;• Байнассай ауылдық медициналық пунктіне күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындалды;• Сарыжар ауылында алғашқы медициналық көмек көрсету пунктін салу жоспарда;• Ауданға жаңадан келген 4 жас дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, көтерме қаржы берілді.📊 Бүгінде Мәртөкте 250-ден астам медицина қызметкері тұрғындар игілігі үшін қызмет етуде.🎶 Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының көтеріңкі көңіл сыйлаған концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.#Мәртөк #МедицинаҚызметкерлеріКүні #АқХалаттыЖандар #ДенсаулықСақтау #Құрмет #АлғысАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1018020?lang=kk
ШҚО-да медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасында медицина қызметкері күнімен құттықталды 21.06.2025
Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкері күніне орай «Шығыс медицинасы-2025. Негізділік. Жаңару. Жауапкершілік» тақырыбындағы салтанатты іс-шара Өскемен қаласындағы облыстық филармонияда өтті. Медицина қызметкерлеріне облыс әкімі Нұрымбет Сақтаганов құттықтау тілектерін білдірді.«Қадірлі медицина қызметкерлері және ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің әрбір күндеріңіз халыққа қалтқысыз еңбек етудің, зор жігерліліктің және халыққа көрсеткен махаббаттарыңыздың белгісі. Сіздер әрдайым азаматтардың денсаулығы мен өмірі үшін күресіп келесіздер.Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы – мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтардың бірі. Медицина – қарқынды дамып келе жатқан сала, және медицинадағы соңғы жетістіктер халық игілігі үшін пайдаланылып, медицина қызметкерлеріне жетуі қажет. Бүгінгі таңда медицина қызметкерінен тек жанқиярлық және кәсіби шеберлік ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму, медицинадағы соңғы жетістіктерді меңгеру және жаңа технологияларды енгізу де талап етілуде.Шығыс Қазақстан облысында, соның ішінде ауылдық жерлерде де емдеу мекемелерінің кең жүйесі қалыптасқан. Соңғы жылдары денсаулық сақтау нысандарын жөндеу, жабдықтау және құрылысын сплу жүйелі атқарылуда. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жетілдіру» ұлттық жобасы аясында бүгінгі таңда 35 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді», — деді Нұрымбет Сақтағанов.Биыл басталған нысандардағы жұмыстар жалғасын табады. Атап айтқанда, гематология орталығы, 200 төсек-орынды көпсалалы аурухана және Риддер қаласында 500 келушіге арналған емхана салынады. Сонымен қатар, облыстық көпсалалы Онкология және хирургия орталығының хирургиялық корпусындағы 1–3 қабаттағы бөлімшелерді жаңғырту, қайта жоспарлап, жабдықтау, сондай-ақ Ана мен бала орталығының стационарының ғимаратын перинаталдық орталыққа ауыстыру жұмыстары атқарылады. Қазірдің өзінде Қасым Қайсенов кентінде 150 келушіге арналған емхана пайдаланылуда".Шара барысында облыс әкімі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталары мен төсбелгілерін, сондай-ақ облыс әкімдігінің грамоталары мен алғыс хаттарын үздік медицина қызметкерлеріне табыс етті. Марапаттау рәсімі облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаковтың медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарын табыс етуімен, әрі қарай жалғасты. Сонымен қатар, еңбек сіңірген медицина қызметкерлеріне «Сенім» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Үздік» төсбелгілері берілді. Салтанатты шара бағдарламасында емделуші балалардың ата-аналарының атынан медицина қызметкерлеріне деген алғыс сөз сөйлеуі болды. Мереке концерттік бағдарламамен және естелік суретке түсумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1018021?lang=kk
Афинада Қазақстандағы понти гректерінің тарихына арналған конференция өтті 16.06.2025
Афина, 2025 жылғы 15 маусым – Жексенбі күні Грекия астанасында Қазақстанда өмір сүрген және өмір сүруді жалғастырып жатқан понти гректерінің тарихына арналған ғылыми-тарихи конференция өтті. Іс-шараны Каллифея муниципалитетінің Эллинизмді қолдау орталығы мен Қазақстан грек қоғамдарының «Филия» қауымдастығы ұйымдастырды.Конференцияға Қазақстаннан келген грек диаспорасының өкілдері, қоғамдық және саяси қайраткерлер, Каллифея муниципалитетінің басшылығы, сондай-ақ Қазақстанның достары мен серіктестері қатысты.Іс-шараға қатысушылар понти гректерінің Қазақстан мен Орталық Азияның басқа аймақтарына қоныс аударуына алып келген тарихи үдерістерді зерделеуге баса назар аударды. Бұл оқиғалар мыңдаған грек отбасының тағдырына айтарлықтай әсер етіп, екі халықтың тарихи жадында терең із қалдырды.Конференция аясында тарихи мұраны сақтау, Қазақстан мен Грекия арасындағы гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайту, сондай-ақ Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігіне айналған грек қауымдастығын қолдау мәселелері маңызды тақырыпқа айналды.Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының көпжылдық мүшесі, «Филия» қауымдастығының құрметті төрағасы Павел Иванович Феодоридидің еңбегіне ерекше назар аударылды. Ол Қазақстанда – «Достық» орденімен, ал Грекияда – Феникс орденінің Күміс крестімен марапатталған. Оның Қазақстан мен Грекия арасындағы достықты нығайтуға және Қазақстан гректерінің мәдени бірегейлігін сақтауға қосқан үлесі жоғары бағаланды.Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин өз сөзінде ұлтаралық келісімнің, төзімділік пен ынтымақтастықтың Қазақстанның қоғамдық даму үлгісінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстандағы грек қауымының танымал өкілдерінің – футболшы Евстафий Пехлеваниди мен халық әртісі Лаки Кесоглудың – екіжақты қатынастар мен мәдени алмасуды дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.Конференция Қазақстан мен Грекия арасындағы ортақ тарихи мұраны сақтау, мәдени диалог пен гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1017993?lang=kk
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңесшісінің Брюссель қаласына жұмыс сапары 16.06.2025
Брюссель, 2025 жылғы 12–13 маусым – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – ҚР Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі З. Сүлейменова Брюссель қаласына жұмыс сапарымен барып, Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) энергия тиімділігі жөніндегі 10-шы жаһандық жыл сайынғы конференциясына (IEA 10th Annual Global Conference on Energy Efficiency) қатысты.Конференция аясында З. Сүлейменова жоғары деңгейдегі дөңгелек үстел отырысында сөз сөйлеп, энергия тиімділігін арттыру және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мәселелері жөніндегі Қазақстанның көзқарасын таныстырды. Ол Қазақстан энергия тиімділігін ұлттық климаттық саясат пен орнықты экономикалық өсудің негізгі элементі ретінде қарастыратынын атап өтті. Ерекше назар 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясына аударылды.Сапар барысында Еуропалық комиссияның Энергетика жөніндегі бас директораттың (DG ENER) бас директоры Д. Йоргенсенмен, Климат жөніндегі бас директораттың (DG CLIMA) бас директордың орынбасары Я. Дюсикпен, ЕО-ның климат және қоршаған орта мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Э. Аготамен, сондай-ақ Халықаралық энергетикалық агенттіктің атқарушы директоры Ф. Биролмен екіжақты кездесулер өтті.Кездесулерде тараптар Қазақстанның климаттық күн тәртібін ілгерілету және ұлттық энергетикалық секторды түрлендіру бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалады. Сонымен қатар, метан шығарындыларын реттеу саласындағы ынтымақтастыққа зор қызығушылық атап өтілді. Тараптар нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін техникалық кездесулер өткізудің маңыздылығымен келісті.Конференцияға қатысудан бөлек, З. Сүлейменова «TÜV AUSTRIA Belgium» компаниясына барды. Ұйым басшылығымен өткен кездесуде ол компанияның қызметімен танысып, оның инспекциялық және сертификаттау жұмыстары, зертханалық зерттеулер, бұзбайтын бақылау, коррозия диагностикасы, сондай-ақ менеджмент жүйелері мен персоналды сертификаттау салаларындағы қызметтері туралы ақпарат алды.Жұмыс сапары тараптардың әріптестікті одан әрі нығайтуға деген өзара мүдделілігін растады. Орнықты энергетикалық даму, энергия тиімділігін арттыру және қоршаған ортаға зиянсыз энергия көздеріне көшу – ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің іргелі элементтері ретінде ерекше назарда болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1017958?lang=kk
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілуде 16.06.2025
Аудан орталығында және елді мекендерде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме атсалысты. Сенбілік барысында әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойындағы шөптерді шауып, тазалық жұмыстарын жүргізді.Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады. Аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсене қатысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1017903?lang=kk
Қазақстан мен Таиланд туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 16.06.2025
Бангкок, 2025 жылғы 13 маусым – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Таиланд туристік агенттігі (ТАТ) басшысының орынбасары Чиравади Кхунсубпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, екі елдің туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы өзара іс-қимылын кеңейту перспективаларына қатысты пікір алмасты.Елші Исетов Таиланд халқының саяхаттың жаңа бағыттарына қызығушылығының артуын және Қазақстанның Орталық Азияға «қақпа» ретіндегі стратегиялық жағдайын ескере отырып, екі елдің нарықтарында туристік өнімдерді өзара ілгерілету үшін «Қазақтуризм» және ТАТ бейінді туристік ведомстволарының бірлескен күш-жігерін жандандыру қажеттігін атап өтті. Бұған, соның ішінде Қазақстан мен Таиланд арасындағы тікелей авиарейстер санын ұлғайту ықпал етуі мүмкін.Өз кезегінде, Чиравади Кхунсуб Таиландтағы қазақстандық туристерді Корольдіктегі демалыс өткізу орындары туралы көбірек хабардар ету есебінен ұлғайтуға қызығушылық білдірді, сондай-ақ Таиландтың жаңа туристік өнімдерімен және бағыттарымен танысу мақсатында ағымдағы жылдың шілде айының басында Агенттігінің өкілді делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1017773?lang=kk
Экономикалық штаб: Қазақстан 6% ЖІӨ өсіміне қалай қол жеткізбек 16.06.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген кеңесте биылғы 5 айдағы еліміздің ЖІӨ өсімінің құрамдас бөлігі мен экономикаға қомақты үлес қосып отырған салалардың даму серпінін арттыру мүмкіндіктері талқыланды.Өнеркәсіп экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып қала береді: 2024 жылғы қорытынды бойынша оның ЖІӨ-дегі үлесі 25,7%-ды құрады. 2025 жылғы қаңтар–мамыр айларында сала 6,4%-ға өскен. Дегенмен, қарқын бәсеңдеп барады: бір ай бұрын өсім 6,6%-ды құраған. Оның басты себебі – өндірістің өскеніне қарамастан өңдеу өнеркәсібінің баяулауы. Өнеркәсіптік өндіріс индексінің төмендеуі үш өңірде: Шығыс Қазақстан облысы (90,4%), Ұлытау облысы (96,2%) және Қостанай облысында (97,6%) тіркелді.Өңдеу жоспарынан артта қалу, ең алдымен, өңдеу өнеркәсібінің 40%-ын құрайтын металлургиямен байланысты. Кеңесте басқа сегменттердегі – машина жасау, тамақ, химия және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі өсу әлеуеті де қарастырылды.Белсенді өсу қарқыны бар тағы бір сала – құрылыс. Оның 5 айдағы өсімі 15,4%-ды, жұмыс көлемі 2 трлн теңгені құрады. Алайда, екі өңір, Атырау мен Ұлытау облыстары артта қалып келеді. Атырауда (жоспардың 43,2%) ТШО жобасы шеңберінде зауыт жұмысының тоқтауына байланысты, Ұлытауда (78,4%) тау-кен өндіру саласындағы нысандар салу мен жөндеудің қысқаруына байланысты қарқын бәсеңдеген.Тұрғын үй құрылысы саласында биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті тұр. Соңғы 5 айда 6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,7%-ға жоғары.«Біздің мақсатымыз – биыл ЖІӨ 6%-дық өсіміне қол жеткізу. Ол үшін нақты сектордағы барлық сала белгіленген индикаторға сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Әкімшілік кедергілерді жедел жойып, компаниялар өз өнімін шығаруды ұлғайтуы үшін әрбір саладағы қарқынның баяулауы есебінен нақты айлық жоспарлар әзірлеу қажет», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.https://primeminister.kz/news/ekonomikalyk-shtab-kazakstan-6-zhio-osimine-kalay-kol-zhetkizbek-30159 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1017743?lang=kk
Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Димаш Құдайбергеннің шығармашылық челленджін қолдады 16.06.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері әлемге танымал әнші, халықтың сүйікті ұлы Димаш Құдайберген бастаған шығармашылық челленджге қолдау білдіріп, отандық өнер мен мәдени мұраға деген құрметін көрсетті.Ұландықтардың қатысуымен түсірілген бейнеролик челлендждің ерекше көріністерінің біріне айналды. Онда әскери қызметшілер саптық дайындық пен заманауи хореография элементтері үйлескен әсерлі би орындады. Қозғалыстар ұлттық нақыш пен музыкалық ырғақтың көркем үйлесімдігін айқындады.Бұл бастама – мәдениет пен әскери қызметтің өзара үндесе алатынын, олардың ел бірлігі мен мақтаныш сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.- Біз үшін бұл жай ғана интернеттегі флешмоб емес, — дейді түсірілімге қатысқан Әсел Мұханбетзәкір. — Біз ұландықтардың тек жарғыны бұлжытпай орындайтын сарбаздар ғана емес, өз елін, оның табиғатын, өнерін шын жүректен сүйетін азамат екенін көрсеткіміз келді.Бұл шығармашылық бастаманың негізіне Димаш Құдайбергеннің «Тау ішінде» атты жаңа бейнебаяны арқау болды. Әннің сөзін қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ақын әрі жазушы - Сәкен Сейфуллин жазған.Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің бұл челлендж аясындағы өнері тың әрі әсерлі форматымен ерекшеленді. Ол өнердің шекарасы жоқ екенін, шен мен шекке бағынбайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1017655?lang=kk
«Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді. 16.06.2025
2025 жылғы 13 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Г.К. Кожахметова Департамент қызметкерлері үшін «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1017660?lang=kk
Алатаудағы заңсыз құрылыс: облыс әкімі қатаң шаралар қабылдауды тапсырды 16.06.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алатау қаласына жасаған жұмыс сапары барысында заңсыз құрылыс фактілері анықталып, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.Заречный шағынауданында өткен көшпелі кеңес барысында «LH AL» ЖШС-ға тиесілі құрылыс нысанында рұқсат құжаттарынсыз жер қазу жұмыстары жүргізілгені белгілі болды. Тексеру нәтижесінде компанияның Қазақстан Республикасының құрылыс заңнамаларын сақтамай жұмыс жүргізіп жатқаны анықталған.Облыс әкімі заңбұзушылықтарды қатаң сынға алып, тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.– Біз ретсіз құрылысқа және жер мен экологияға немқұрайлы қарауға жол бермейміз. Барлық жұмыстар заң талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс, – деді Марат Сұлтанғазиев.Осыған байланысты әкім бірқатар мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына «LH AL» ЖШС нысанындағы барлық құрылыс жұмыстарын тиісті жобалық және рұқсат құжаттары толық реттелгенге дейін тоқтату тапсырылды. Алатау қаласының әкімдігіне уәкілетті органдармен бірлесе отырып, ұңғыманың өздігінен ағуын жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу міндеттелді.Сонымен қатар, «БАБИ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ұңғыманың ағуын жою процесіне тұрақты бақылау орнату тапсырылды. Алматы облысының Экология департаменті тарапынан ұңғымадан тараған судың қоршаған ортаға әсерін бағалап, тиісті экологиялық мониторинг жүргізілуі қажет. Ал Төтенше жағдайлар департаментіне нысанда төтенше жағдайдың туындауына жол бермеу мақсатында бақылауды қамтамасыз ету жүктелді.Табиғат қорғау прокуратурасы мен Полиция департаментіне заңнама талаптарының сақталуына бақылау орнатып, құқықтық шаралар қабылдау тапсырылды. Облыс әкімінің аппаратына бұл жағдай бойынша облыстық деңгейдегі тиісті құрылымдардың әрекетсіздігі туралы орталық мемлекеттік органдарға ұсыныс жолдау міндеті жүктелді. Сонымен қатар, «LH AL» ЖШС-ға анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша күн сайын Алатау қаласы әкімдігіне есеп беріп отыру тапсырылды.Аталған мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында. Құқықтық баға беру үшін барлық материалдар уәкілетті органдарға жолданады. Экология саласындағы мамандардың пікірі мен қосымша ақпараттар кейінірек ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-karasay/press/news/details/1017747?lang=kk
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дзюдодан әлем чемпионатының марапаттау рәсіміне қатысты. 15.06.2025
13 маусым 2025 ж. Будапешт қаласында - Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дзюдодан Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының марапаттау рәсіміне қатысты.Министр әйелдер арасында 48 келі салмақта жүлдеге ие болған спортшыларды марапаттады.Айта кетейік, осы салмақта белдескен отандасымыз Әбиба Әбужақынова финалға дейін жетіп, отандық дзюдо тарихында әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған тұңғыш қазақ қызы атанды.Ресми веб-сайтқа сілтеме: Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дзюдодан әлем чемпионатының марапаттау рәсіміне қатыстыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1017605?lang=kk
Әскери дәрігерлер медицина қызметкерлерінің күнін атап өтті 15.06.2025
Астанада кәсіби мерекеге орай Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде салтанатты жиналыс өтті.Әскери дәрігерлерді құттықтауға м.ғ.к., "Астана медицина университеті" КЕАҚ реабилитология және спорттық медицина кафедрасының профессоры Виктор Ткачев; PhD, доцент, кафедра меңгерушісі Әлия Смағұлова; м.ғ.к., ішкі аурулар кафедрасының доценті Айнагүл Қазбекова; м.ғ.д., профессор "Достармед" клиникасының директоры Амангелді Асабаев; PhD, дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының доценті Наталья Цой; КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Еуропалық урологтар мен андрологтар қауымдастығының мүшесі Гафур Хайрли келді.– Медицина ғылымы мен практикасының танымал майталмандарын көргеніме қуаныштымын. Сіздердің кәсіби және әдістемелік еңбектеріңіз біз үшін маңызды. Тәжірибемен бөлісіп, бізді қолдап, жеке құрамды дамытуға жігер бергендеріңіз үшін рахмет, – деді Бас әскери клиникалық госпиталь бастығы медициналық қызмет полковнигі Арман Ескендіров. Ол сол секілді медицина ардагерлеріне жылы лебіздерін білдіріп, олардың еңбек жолы денсаулық сақтауды дамыту тарихы, бүгінгі ұрпаққа өнеге екенін атап өтті.– Бүгін сіздердің араларыңызда тұру мен үшін үлкен мәртебе. Госпиталь басшылығына академиялық қоғамдастықпен ынтымақтастық үшін шын жүректен алғыс айтамын. Әскери медицина қызметі – бұл мамандық пен Отанға деген адалдықтың ең жоғары көрінісі. Бұл тек білім мен тәжірибені ғана емес, батылдықты да қажет ететін еңбек, – деп атап өтті құрметті қонақ Виктор Ткачев.Кәсіби мереке құрметіне денсаулық сақтау саласындағы көпжылдық, жемісті еңбегі үшін "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен госпиталь бастығының орынбасары медициналық қызмет полковнигі Аслан Асылханов және урология бөлімшесінің бастығы медициналық қызмет подполковнигі Дастан Кенжерахманов марапатталды.Ерекше көзге түскен мамандарға Денсаулық сақтау министрінің алғыс хаттары, ал құрметті қонақтарға Қарулы Күштердің Бас әскери-медициналық басқармасы бастығының алғыс хаттары табыс етілді. Аурухананың үздік қызметкерлері медициналық мекеме бастығының құрмет грамоталарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1017602?lang=kk