Enbekshi QazaQ

Әлем

Найробиде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша бизнес-форум өтті 18.02.2026
Найроби, 2026 жылғы 17 ақпан – Қазақстан Республикасының Елшілігі Кения Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бойынша бизнес-форум ұйымдастырды. Іс-шараға Кенияның Ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрінің орынбасары С.Исабоке мырза, Сауда-өнеркәсіп палатасының ұлттық директоры К. Ондитти, Кения Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық істер және коммерциялық дипломатия департаментінің директоры Э.Матура, «KenInvest» ұлттық компаниясы департаментінің директоры П.Ротич, сондай-ақ 25-тен астам кениялық бизнестің басшылары мен өкілдері қатысты.«QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Қазақ экспорттық несие агенттігі» АҚ, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, NS Art Venture Labs және TransAsia Logistics сияқты қазақстандық тараптың өкілдері онлайн режимінде қатысып, өз ұйымдарының қызметін таныстырып, Қазақстанмен екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы өз бағаларымен бөлісті.Елші Б.Садықов өз сөзінде қатысушыларды Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар, ұлттық экономиканы дамыту жоспарлары және Кениямен ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, АКТ, ғарыш, энергетика, туризм, құрылыс және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары туралы хабардар етті.Кенияның Ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрінің орынбасары С.Исабоке Кенияның Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге мүдделі екенін, сондай-ақ жоғары дамыған инфрақұрылымға, жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайларға және экономиканың әртүрлі салаларындағы білікті мамандарға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ, Кенияның құрлықтағы қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі, өңірлік логистикалық хаб және Шығыс Африка елдерімен сауданы дамытудың теңіз қақпасы екенін атап өтті. Қазақстанның цифрлық трансформациядағы жетістіктерін жоғары бағалап, екі елдің электрондық үкімет жүйелері, қаржылық технологиялар, киберқауіпсіздік және стартап-инкубация салаларында тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырды.Форумның нәтижесі бойынша Кения Сауда-өнеркәсіп палатасы екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін негіздемелік бағдарлама дайындауды, сондай-ақ кениялық бизнесмендерден тұратын делегацияны іскерлік кездесулер өткізу және екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылау үшін олларды Қазақстанға жіберу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, Кения Сауда палатасы Қазақстандағы кениялық экспорттаушылар үшін өнімді сертификаттау талаптары, реттеуші және сәйкестік бойынша нұсқаулық, логистика және жеткізу тізбегі бойынша кеңестері енгізілген нарыққа кіру туралы ақпараттық парақша дайындайтын болады.Бизнес-форум аясында кофе, шай, гүлдер және цитрус жемістерін экспорттауға маманданған бірқатар кениялық компаниялардың өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, Кенияның іскерлік қауымдастығының өкілдері арасында Қазақстанмен ынтымақтастық перспективалары бойынша қызу пікір алмасу болды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1164569?lang=kk
Қазақ тілінің тегін онлайн курсына тіркелу ашық 18.02.2026
Құрметті отандастар!«Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:– Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;– Жас ерекшелігі маңызды емес;– Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;– Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;– Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.Курстың артықшылықтарыТілді меңгеру мүмкіндігі:– Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;– Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.Тілдік орта қалыптастыру:– Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.Мәдениетпен танысу:– Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді. Өз-өзіне сенімділік:– Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады.Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.Курсты толық аяқтау:        – Барлық сабақтарды толық өту;    – Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру:  – Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет;   Белсенділік:– Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі.Неге дәл осы курс?– Сізге арналған интерактивті сабақтар;– Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар.Курсқа қалай тіркелуге болады?Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі.Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз 🔽Орыс тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog  Түрік тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoCUYTiYCmNHLKhoGF12NZ00La_c_xHs51ZX8LP31pJrjjSQ/viewform?usp=dialog  Түрік және орыстілді аудитория үшін:– 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы– 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы– 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы– 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз.Түрік тілді аудитория үшін Whatsapp группалар:A1:  https://chat.whatsapp.com/LjaLJXMkz8d4G9MuMF3uUy    A2: https://chat.whatsapp.com/Eo9wP7FYd7YLqnBEPDEw4nB1 https://chat.whatsapp.com/JlVlOJjHNZhLsZK2gaeX4HВ2  https://chat.whatsapp.com/JOkqN6WOmRxCnWg96G5X81Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy  А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy  В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6 В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6  WhatsApp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың  наурыз айынан басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1164748?lang=kk
Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы 18.02.2026
Сарандa еңбек қауіпсіздігі және жұмысшы мамандықтарының беделі мәселелері талқыланды 👷‍♂️🏗️Әкімнің орынбасары С. Бейскеевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:🔹 Қауіпсіздік басты назарда: QazTehna, Silk Road Electronics, Tengri Tyres және басқа да ірі кәсіпорындарда Өндірістік кеңестер құру мәселесі талқыланды. Мақсат - өндірістік жарақаттануды нөлге дейін төмендету және кәсіптік аурулардың алдын алу.🔹 Жұмысшы мамандықтары жылының (2025) қорытындысы: Білім бөлімдері, колледждер және Мансап орталығының басшылары жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бойынша атқарылған шаралар туралы есеп берді. Еңбек адамының кәсібі - басым бағытта!🔹 Келісімдердің орындалуын бақылау: 2024–2026 жылдарға арналған Үшжақты келісімнің орындалу қорытындылары шығарылып, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.Барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, қала тұрғындарының еңбек жағдайларын жақсарту үшін ұсыныстар берілді.     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1164566?lang=kk
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды 18.02.2026
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің терроризмге қарсы комиссиясының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бас маманы;«Риддер қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы (уақытша бос).«Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджетті жоспарлау және атқару секторының бас маманы.«Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы.Хабарландырудың толық мәтіні eqyzmet.gov.kz жүйесінің ашық порталында жарияланды.Толық ақпарат алу үшін «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ, Семенова көшесі,19, 5 кабинетке жүгінуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1164462?lang=kk
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша БСК 18.02.2026
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем Бюджет кодексіне сәйкес арнайы түсімдерге жатады.Осыған байланысты оны заңнамаға сәйкестендіру мақсатында Қаржы министрлігі бюджеттік сыныптама кодын 105316-дан 401101-ге өзгертті.Салық есептілігі нысаны 870.00 декларациясы бойынша төлемдерді бөлуге қатысты жаңарту 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.Осыған орай, төлемдердің бюджетке дұрыс есептелуі үшін төлемді 401101 БСК бойынша жүзеге асыру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1164433?lang=kk
Шетелдегі отандастарға арналған қазақ тілін тегін қашықтықтан үйрету курстары туралы 18.02.2026
Құрметті отандастар!«Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:– Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;– Жас ерекшелігі маңызды емес;– Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;– Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;– Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.Курстың артықшылықтарыТілді меңгеру мүмкіндігі:– Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;– Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.Тілдік орта қалыптастыру:– Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.Мәдениетпен танысу:– Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді. Өз-өзіне сенімділік:– Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады.Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.Курсты толық аяқтау:          – Барлық сабақтарды толық өту;      – Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру:    – Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет;          Белсенділік:– Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі.Неге дәл осы курс?– Сізге арналған интерактивті сабақтар;– Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар.Курсқа қалай тіркелуге болады?Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі.Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз 🔽Орыс тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog  Түрік тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoCUYTiYCmNHLKhoGF12NZ00La_c_xHs51ZX8LP31pJrjjSQ/viewform?usp=dialog  Түрік және орыстілді аудитория үшін:– 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы– 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы– 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы– 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз.Түрік тілді аудитория үшін Whatsapp группалар:A1:  https://chat.whatsapp.com/LjaLJXMkz8d4G9MuMF3uUy    A2: https://chat.whatsapp.com/Eo9wP7FYd7YLqnBEPDEw4nB1 https://chat.whatsapp.com/JlVlOJjHNZhLsZK2gaeX4HВ2  https://chat.whatsapp.com/JOkqN6WOmRxCnWg96G5X81Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy  А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy  В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6 В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6  WhatsApp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың  наурыз айынан басталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1164449?lang=kk
Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарға психологиялық тренинг өткізді. 18.02.2026
          Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің қызметкерлері сотталғандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған психологиялық тренинг өткізді. Іс-шара сотталғандардың эмоционалды өзін-өзі реттеу, стресске төзімділік және дағдарыстық өмірлік жағдайлардан сындарлы шығу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.                         Тренинг барысында қатысушыларға психологиялық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді, сондай-ақ мазасыз күйлер мен жағымсыз ойларды тану әдістері үйретілді. Іс-шараға барлығы 50-ден астам сотталушы қатысты. Мекеменің психологы өзіне деген сенімділікті, ішкі шиеленісті жеңе білуге және қиын жағдайларда қолдау табуға бағытталған практикалық жаттығулар өткізді.             — Мен 10 жылға сотталғаннан кейін өмір тоқтап қалғандай болдым. Мен ата-анам мен жұбайымның сенімін ақтадым. Менің ата-анам кішкентай ауылда тұрады, онда бәрі бір-бірін біледі, мен олардың ұлының колонияда болғаны үшін сөгіспен қарап тұрғанын үнемі елестететінмін. Мен бір жыл бұрын ғана отбасын құрдым және жұбайыма ұсыныс жасай отырып, оның ата-анасына қыздары мен үшін ешқашан жыламайды деп уәде бердім. Бұл ойлар мені ұзақ уақыт азаптады, көбінесе менсіз бәрі оңай болар еді деген сезім пайда болды. Тренингтен кейін өзің туралы айту оңайырақ болды. Өзімнің жалғыз емес екеніңді түсінесің, тіпті қиын жағдайдан шығудың жолы бар екен, — деп бөлісті сотталған.           — Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу-біздің жұмысымыздың маңызды міндеті. Біз мекемеде әрбір сотталған адам уақтылы психологиялық көмек пен қолдау ала алатын атмосфера құруға тырысамыз, — деп атап өтті мекеме бастығы Аслан Нурбеков.            Мекеме қызметкерлері мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетінін және тәрбие мен профилактикалық жұмыстың кешенді жүйесінің бөлігі екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1164362?lang=kk
2026 жылы салықтық тексерулер жүргізу тәртібі 18.02.2026
2026 жылы салықтық тексерулер жүргізу тәртібі Салықтық тексерудің негізгі принциптері          Бұрынғы режимнен айырмашылығы, жоспарлы (тұрақты) салықтық тексерулер жойылды. Салық органдары алдын-ала бекітілген кестелер бойынша тексерулер тағайындауға құқылы емес. Тексеру Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көрсетілген нақты шарттар негізінде ғана бастама жасалуы мүмкін.          Бұдан басқа, тексеру барысында салық төлеушінің қызметін тоқтата тұру қағидатына назар аударылады: оны жүргізу заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қалыпты кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірмеуі тиіс. Салықтық тексеруді тағайындау үшін негіздер          Жаңа тәсілге сәйкес тексеру тек келесі жағдайларда тағайындалуы мүмкін:Салық төлеушінің немесе салық агентінің өтініші (бастамасы) бойынша. Салық төлеуші, мысалы, есептеулердің дұрыстығын растау немесе даулы мәселелерді жою үшін өз қалауы бойынша тексеру жүргізуге өтініш жасауға құқылы.ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер болған жағдайда. Бұл болжамды салық қылмыстары фактілері бойынша қылмыстық іс бойынша тексеру болуы мүмкін.Белгілі бір келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, мысалы, жер қойнауын пайдалану шарттары және заңнамада қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тексеру көзделген өзге де шарттар.Тәуекелдерді талдау және салық заңнамасын анықталған бұзушылықтар негізінде қабылданатын салық органының шешімі бойынша. Мұндай шешім бекітілген ережелерге сәйкес ресімделеді және белгіленген нысанда тіркеледі.3. Тәуекелге бағытталған тәсіл.     ҚР жаңа СК тексеру туралы шешім қабылдау критерийлерінің бірі ретінде салық жүктемесін бағалауды (СЖК) енгізеді. Егер салық төлеушінің салық жүктемесінің коэффициенті аймақ бойынша орташа салалық деңгейден 90% немесе одан көп болса.4. Салықтық тексерулердің нысандары мен түрлеріЖоспарлы тексерулердің күшін жойғанына қарамастан, заңнама жаңа жағдайларға бейімделген бақылау рәсімдерінің бірнеше түрін сақтайды:Кешенді салықтық тексеру-салықтар мен міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын қамтиды.Тақырыптық тексеру-салық салудың жекелеген аспектілерін немесе салықтардың жекелеген түрлерін тексеруге бағытталған.Қарсы тексеру-тағайындалған тексеру шеңберінде салық төлеушінің контрагенттеріне қатысты жүргізіледі.Хронометраждық тексеру-салық төлеушінің жергілікті жердегі нақты қызметін талдауға бағытталған бақылау іс-шарасының нысаны.          Тексеруге жататын кезең салық кодексінде белгіленген ескіру мерзімінен аспауға тиіс, сондай-ақ бұрын жүргізілген аудиттермен қамтылмауға тиіс.Салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу тәртібіТексеру процедурасы бірнеше негізгі кезеңдерді қамтиды:          Тексеру туралы шешім қабылдау          Салық органдары ақпаратты (салық есептілігін, басқа мемлекеттік органдардан алынған деректерді, ықтимал бұзушылықтар туралы мәліметтерді) алдын ала талдағаннан кейін ғана тексеру туралы шешім қабылдайды. Бұл тексеру ресми процедура ретінде емес, нақты тәуекелдерге жауап беру шарасы ретінде қарастырылатынын растайды.                 Тексеру жүргізу          Белгіленген мерзім ішінде салық органдарының мамандары салық төлеушінің құжаттарын, мәліметтері мен түсіндірмелерін жинайды және талдайды. Тексеру мерзімі салық төлеушілердің әртүрлі санаттары үшін бөлек анықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1164372?lang=kk
Қара өлең саңлағы: жас ақынның шабыты Ұлттық ұланда оянды 18.02.2026
Ақынға шабыт түрлі жағдайда келеді. Бірі оны махаббаттан тапса, енді біріне өлең жазу үшін ерекше орта қажет. Осындай шығармашылық серпілісті Тараз қаласындағы Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Ерік Ысқақ бастан өткерді. Оның ақындық шабыты дәл осы әскери ортада оянды.Ұландық патриоттық жанрда өлең жазу дағдысын қалыптастыру үшін Отан алдындағы борышын өтеуге арнайы келген.«Әке көрген – оқ жонар» демекші Алматы облысының тумасы, 25 жастағы ұландықтың ақындық өнері әкесінен дарыған.  Еріктің әкесі Ескермес Сәрсембаев - Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы.Атадан балаға мұра болып қалған өнер тек ақындықпен шектелмейді. Қатардағы Ысқақ – қолөнер шебері, зергер.  Бұл атакәсіпті Алматыдағы Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде меңгерген.Ал ақындық  оның шығармашылық әлеуетін аша түсетіндей. Бұл жолда Ерік Ұлттық ұлан қатарын толықтырғанына дән риза. Себебі ол «ерлік», «батырлық», «патриоттық сезім», «Антына адал болу» секілді  ұғымдардың терең мағынасын дәл осы құқықтық тәртіп әскері сапында білді.Екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ете  жүріп, ол әрбір ұландықтың күн сайынғы жауынгерлік қызметте көрсеткен ерлігін дәріптеуді шешті.Осылайша, қатардағы  Ысқақтың қойын дәптерінде өзіне жат болған патриоттық жанрда жазылған өлеңдер тола бастады. Ұлттық ұлан – таланттар ордасы. Құқықтық тәртіп әскері сапында әр ұландық Отан қорғаумен қатар, өзіне беймәлім қырларын аша бастайды. Немесе қатардағы Ысқақ секілді мерзімді әскери қызметтің ұтымды тұстарын пайдаланып, өз таланттарын шыңдайды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1164395?lang=kk
Құрметті сайлаушылар! 18.02.2026
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдегі № 1338 Жарлығына сәйкес Меңдіқара ауданы әкімдігінің жанындағы сайлаушылар үшін Call-орталық ашылды.Сайлауды өткізуге байланысты, сайлаушылар тізімінде қосу және алып тастау, сондай-ақ өз деректеріңізді нақтылау жөнінде барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша Сіздер жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) жұмыс істейтін Call-орталығының 8 (71443) 2-43-05 телефонына  хабарласа аласыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1255773?lang=ru
Қазақстанның конституциялық жаңғыруы: референдум қарсаңындағы Нидерландтағы халықаралық сарапшылық диалог 18.02.2026
Гаага, 2026 жылғы 17 ақпан – Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды халықаралық ақпараттық-талдамалық деңгейде сүйемелдеу аясында Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі LINKS Europe Foundation қорының директоры әрі тәуелсіз талдамалық commonspace.eu порталының бас редакторы Деннис Саммут мырзамен кездесу өткізді.Анықтама: commonspace.eu – Гаагада орналасқан тәуелсіз талдамалық платформа. Ол Еуропа және оның шығыс пен оңтүстік көршілес өңірлері, соның ішінде Орталық Азия мен Қазақстан мәселелеріне маманданған. Портал сарапшылық мақалалар, талдамалық шолулар, Concise ақпараттық бюллетені мен Unpacked подкасттарын жариялап, сарапшылар, саяси орта өкілдері және шешім қабылдайтын тұлғалар арасында пікірталас алаңын қалыптастырады. Ресурс қауіпсіз әрі өркендеген Еуропа тұжырымдамасын көршілес өңірлермен әріптестік негізінде ілгерілететін LINKS Europe Foundation қорының басқаруында.Деннис Саммут мырза – посткеңестік кеңістік бойынша танымал сарапшы, Лондон экономика мектебінің түлегі және Оксфорд университетінің докторы. Ол Кавказдағы бейбітшілік үдерістерін дамытуға қосқан үлесі үшін Британ империясы орденімен марапатталған.Диалог барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының тұжырымдамалық негіздері, саяси жүйені институционалдық трансформациялаудың логикасы және мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың стратегиялық параметрлері жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының V Ұлттық құрылтайдағы сөйлеген сөзінің негізгі қағидаттарына, сондай-ақ Президенттің «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айқындалған стратегиялық басымдықтарға ерекше назар аударылды.Д. Саммут мырза Қазақстанның дамуын көптеген жылдар бойы мұқият қадағалап келе жатқанын атап өтті. Ол елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүйелілігі мен тереңдігін жоғары бағалады. Оның пікірінше, Қазақстан институционалдық тұрғыдан орнықты әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекет ретінде қалыптасып, Орталық Азия өңірінде конструктивті әрі тұрақтандырушы рөл атқарып отыр. Сонымен қатар елдің көпвекторлы сыртқы саясат стратегиясының маңыздылығы және жаһандық қауіпсіздік пен даму архитектурасындағы өзгерістерге бейімделу қабілеті ерекше атап өтілді. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жаңғыртудың жаңа кезеңін қалыптастырудағы рөліне назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сарапшылық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және талдамалық диалогты кеңейтуге өзара мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1164270?lang=kk
2026 жылдың 18 ақпанында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті. 18.02.2026
Депутаттар Меңдіқара ауданы сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ақпаратын тыңдады. Аудан депутаттарымен сұрақтар қойылған болатын, оларға жауаптар алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1164202?lang=kk
Бұғының қанын ішу, пантаваннаға түсу: Қазақстанға туристер не үшін келеді? 18.02.2026
YouTube платформасындағы @NartayAralbyuli арнасында Шығыс Қазақстан облысында сауықтыру және этнотуризмді дамытуға арналған бейнематериал жарияланды.Сюжетте өңірдің туристік әлеуетінің ерекшеліктері, сондай-ақ Қазақстаннан және шетелден келетін туристерді қызықтыратын бірегей табиғи әрі дәстүрлі тәжірибелер жан-жақты көрсетіледі.Атап айтқанда, бейнематериалда:панта емдеу дәстүрлері және панталы ванна қабылдау;марал шаруашылығының сауықтыру туризмінің негізі ретіндегі дамуы;Шығыс Қазақстанның табиғи-климаттық артықшылықтары;туристердің этномәдени және гастрономиялық ерекшеліктерге қызығушылығы қамтылған.Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы сауықтыру туризмін дамыту орталықтарының бірі болып табылады. Таза экология, таулы климат, табиғи ресурстар және ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер саяхатшылар тарапынан тұрақты қызығушылық қалыптастырып отыр.Өңірде емдік-сауықтыру демалысынан бастап белсенді және экологиялық туризмге дейінгі туристік бағыттардың кең ауқымы ұсынылады.Бейне @NartayAralbyuli YouTube арнасынан алынды. https://www.youtube.com/watch?v=Y_BkQxHgUKoАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1164241?lang=kk
Электрондық сауда тауарлары туралы: интернет-сатып алуларды кедендік әкімшілендірудің жаңа тәсілдері 18.02.2026
       Шетелдік маркетплейстерден жеке тұлғалар сатып алатын және халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы немесе тасымалдаушы арқылы жеткізілетін интернет-сатып алуларға қатысты бірқатар өзгерістер енгізіледі.     Не өзгереді:     Мұндай тауарлар бұдан былай «жеке пайдалануға арналған тауарлар» деп аталмайды, олар «электрондық сауда тауарлары» деген жеке санатқа бөлінеді.      Бұл тауарлардың барлығы жаңа декларация түрін – «электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны» ұсыну арқылы міндетті түрде кедендік декларациялауға жатады.      Алайда сатып алушыларға бұл декларацияны өз бетінше толтырып, тапсырудың қажеті жоқ – кедендік декларациялау процесінің барлығын олардың атынан «электрондық сауда операторлары» жүзеге асырады. Яғни, бұрынғыдай жеке тұлға не сәлемдемені беру пунктінен өзі алып кетеді, не оған жеткізіп береді.     Негізінен өзгерістер құны бажсыз әкелу шегінен асатын тауарларды сатып алатын тұлғаларға қатысты болады. Қазіргі уақытта олар 200 еуро (қазіргі таңда шамамен 120 000 теңге) құндық лимитінен асатын бөлігіне 15% мөлшерінде кедендік төлемдер, біріңғай мөлшерлеме бойынша салықтар төлейді немесе сәлемдеме салмағы 31 кг-нан асқан жағдайда кемінде 1 кг үшін 2 еуродан төлейді.      Кеден заңнамасына енгізілген түзетулер күшіне енген кезде кедендік баж мөлшерлемесі өзгеше болады – егер сатып алынатын тауар бажсыз әкелудің құндық шегінен асса, тауардың толық құнының 5%-ы мөлшерінде алынады, бұл ретте мынадай шарт бар – 1 кг үшін кемінде 1 еуро. Яғни төленуге тиіс сома тауардың құнынан немесе салмағынан есептелген төлемдердің ішіндегі ең жоғарысы болады. Сонымен қатар, 16% мөлшерінде ҚҚС төленуге жатады..      Айта кетеміз, құндық шегі бұрынғы деңгейде – 200 еуро мөлшерінде сақталады, ал салмақтық шек жойылады. Осылайша, егер сәлемдеменің құны 200 еуродан аспаса, жеке тұлғалар бұрынғыдай ештеңе төлемейді.      Аталған кедендік операциялардың барлығын «электрондық сауда операторлары» жүзеге асырады – бұл тауарларды жеткізуге, сақтауға, кедендік декларациялауға және беруге жауапты осы қызмет нарығының кәсіби қатысушылары.      Электрондық сауда операторлары үшін кеден заңнамасына жаңа тарау енгізіледі, онда мұндай операторларды тізілімге енгізу шарттары, олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұру және тізілімнен шығару тәртібі айқындалады.      Жоғарыда көрсетілген, Мемлекет басшысы қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексіне енгізілген түзетулермен ИПС «Әділет» жүйесінде мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://adilet.zan.kz/rus/docs/U2300000412. Аталған түзетулер, ұлттық заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдайтын тиісті нормативтік құқықтық актілер ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі Хаттама ратификацияланғаннан кейін күшіне енеді. Қазіргі уақытта Хаттаманы Ресей Федерациясынан басқа ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер ратификациялады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1164263?lang=kk
Шетелдегі отандастарға арналған қазақ тілі онлайн курстары 18.02.2026
Құрметті отандастар!«Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:– Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;– Жас ерекшелігі маңызды емес;– Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;– Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;– Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон. Курстың артықшылықтарыТілді меңгеру мүмкіндігі:– Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;– Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.Тілдік орта қалыптастыру:– Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.Мәдениетпен танысу:– Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді. Өз-өзіне сенімділік:– Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады. Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.Курсты толық аяқтау:        – Барлық сабақтарды толық өту;    – Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру:  – Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет;        Белсенділік:– Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі. Неге дәл осы курс?– Сізге арналған интерактивті сабақтар;– Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар. Курсқа қалай тіркелуге болады?Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі. Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңізОрыс тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog  Түрік тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoCUYTiYCmNHLKhoGF12NZ00La_c_xHs51ZX8LP31pJrjjSQ/viewform?usp=dialog   Түрік және орыстілді аудитория үшін:– 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы– 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы– 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы– 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз. Түрік тілді аудитория үшін Whatsapp группалар:A1:  https://chat.whatsapp.com/LjaLJXMkz8d4G9MuMF3uUy    A2: https://chat.whatsapp.com/Eo9wP7FYd7YLqnBEPDEw4nB1 https://chat.whatsapp.com/JlVlOJjHNZhLsZK2gaeX4HВ2  https://chat.whatsapp.com/JOkqN6WOmRxCnWg96G5X81 Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy  А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy  В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6 В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6   WhatsApp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың  наурыз айынан басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1165703?lang=kk
ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ – ТЕҢДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ 18.02.2026
Жаңа Конституция жобасының 1-бабы мемлекеттің мәні мен бағытын айқындайтын іргелі норма болып табылады. Бұл бапта Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені нақты көрсетілген. Аталған ұстанымдар ел дамуының негізгі қағидаттарын білдіреді.Демократиялық мемлекет – халық билігінің үстемдігін мойындайтын жүйе. Зайырлы мемлекет – дін мен мемлекеттің қызметі ажыратылған, ар-ождан бостандығы қамтамасыз етілген құрылым. Құқықтық мемлекет – заң үстемдігі орныққан, баршаға ортақ талаптар әділ сақталатын орта. Әлеуметтік мемлекет – азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған саясат жүргізетін мемлекет.Баптың ең маңызды тұсы – мемлекеттің ең жоғары құндылығы адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп танылуы. Бұл қағида мемлекеттік шешімдердің, заңдардың және реформалардың барлығы адам мүддесіне сай қабылдануға тиіс екенін білдіреді. Яғни, мемлекет адам үшін қызмет етеді, ал адамның құқығы мен өмірі кез келген саяси немесе экономикалық мүддеден жоғары тұрады.Осылайша, 1-бап елдің конституциялық негізін айқындап қана қоймай, бүкіл құқықтық жүйенің бағытын белгілейді. Адамды ең жоғары құндылық деп тану – әділетті, тұрақты және өркениетті қоғам қалыптастырудың басты шарты.
АДАМ ҚАДІРІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ МЫЗҒЫМАС НЕГІЗІ 18.02.2026
Жаңа Конституция жобасында адам ар-намысы мен қадір-қасиеті ең жоғары құндылық ретінде айқындалған. 20-баптың 1-тармағында адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайтыны және олардың заңмен қорғалатыны нақты бекітілген. Бұл норма әрбір азаматтың жеке абыройы мен тұлғалық тұтастығын мемлекет деңгейінде қорғауға бағытталған.Адам қадірі – тек моральдық ұғым емес, ол құқықтық кепілдікке ие құндылық. Яғни, ешбір тұлға, ешбір орган адамның намысына тиіп, оның абыройын түсіруге құқылы емес. Заң бұл құқықты бұзуға жол бермейді және оны қорғаудың нақты тетіктерін қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, қатыгездік көрсетуге немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын жаза қолдануға болмайды. Бұл қағида мемлекеттің адамға деген құрметін, әділеттілік пен заң үстемдігін ұстанатынын білдіреді.Аталған нормалар қоғамдағы өзара сыйластықты нығайтып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етеді. Адамның ар-намысын қорғау – өркениетті, құқықтық мемлекеттің басты белгісі және әділетті қоғам қалыптастырудың негізі.
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ 18.02.2026
Жаңа Конституция жобасындағы бұл норма адамның құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде орнықтырады. Мұнда басты ой айқын: мемлекет ең алдымен адам үшін қызмет етуі тиіс.Құқықтар мен бостандықтар әркімге тумысынан тиесілі және олардан ешкім айыра алмайды. Бұл – құқықтар биліктің сыйы емес, адамның табиғи болмысына тән құндылық екенін білдіреді. Сондықтан заңдар мен мемлекеттік шешімдердің барлығы осы қағидаға сай қабылдануға тиіс.Азаматтық белгілі бір құқықтармен қатар міндеттерді де жүктейді. Азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық байланыс өзара жауапкершілікке негізделеді. Сонымен бірге, заңда көзделген жағдайларда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да құқықтары қорғалады. Бұл – құқықтық теңдік пен әділдіктің көрінісі.Маңызды қағидаттардың бірі – әр адамның өз құқықтарын жүзеге асыруы басқа біреудің құқықтарына зиян келтірмеуі керек. Еркіндік жауапкершілікпен қатар жүреді. Қоғамдық тәртіпті, адамгершілік құндылықтарды және конституциялық негіздерді сақтау – баршаға ортақ міндет.Егер мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға заңсыз әрекет жасап, азаматқа зиян келтірсе, ол зиянды мемлекет өтейді. Бұл норма биліктің жауапкершілігін нақтылай түседі және азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттырады.Жалпы алғанда, аталған ережелер құқық үстемдігі қағидатын нығайтып, адам мен мемлекеттің өзара қатынасын әділдік пен заңдылық негізінде құруға бағытталған.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ: ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛҒАН? 18.02.2026
Қоғамның тұрақты дамуы мен ұлт болашағы ең алдымен отбасы институтының беріктігіне байланысты. Сондықтан жаңа конституциялық өзгерістерде неке, отбасы, ана, әке және бала мәселесіне ерекше мән беріліп, оларды мемлекеттік қорғаудың нақты құқықтық тетіктері айқындалды.Ата Заңның 30-бабының 1-тармағында «Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады» деп нақты көрсетілген. Бұл норма отбасы құндылықтарын қорғауды мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде бекітеді.Конституцияға сәйкес, неке – еркек пен әйелдің заңға сәйкес тіркелген ерікті әрі тең құқықты одағы. Мұндай құқықтық айқындау қоғамдағы дәстүрлі отбасы моделін сақтауға және отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.Мемлекеттік қорғау нақты тетіктер арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда:– әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер;– ана мен баланы қолдау бағдарламалары;– білім беру және денсаулық сақтау саласындағы кепілдіктер.Осылайша, мемлекет отбасының әл-ауқатын арттыруды тек әлеуметтік міндет ретінде емес, ұлттық қауіпсіздік пен демографиялық саясаттың маңызды бөлігі ретінде қарастырады.Сонымен қатар, Конституция ата-аналардың балаға қамқорлық жасау және оны тәрбиелеу құқығын ғана емес, міндетін де нақтылайды. Бұл қағида баланың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарын қорғауға бағытталған.Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасау міндетінің бекітілуі – отбасы ішіндегі өзара жауапкершілік пен сыйластықты құқықтық тұрғыда нығайтудың көрінісі.Қорытындылай келе, жаңа Конституциядағы отбасыға қатысты нормалар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға және берік қоғам қалыптастыруға бағытталған жүйелі саясаттың айқын дәлелі болып табылады.
Қазақ тілін үйрету бойынша онлайн-курс 18.02.2026
Құрметті отандастар! «Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі. Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:– Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;– Жас ерекшелігі маңызды емес;– Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;– Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;– Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон. Курстың артықшылықтарыТілді меңгеру мүмкіндігі:– Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;– Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.Тілдік орта қалыптастыру:– Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.Мәдениетпен танысу:– Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді. Өз-өзіне сенімділік:– Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады. Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.Курсты толық аяқтау:       – Барлық сабақтарды толық өту;   – Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру: – Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет;    Белсенділік:– Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі. Неге дәл осы курс?– Сізге арналған интерактивті сабақтар;– Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар. Курсқа қалай тіркелуге болады?Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі. Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз 🔽 Орыс тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog  Түрік тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoCUYTiYCmNHLKhoGF12NZ00La_c_xHs51ZX8LP31pJrjjSQ/viewform?usp=dialog   Түрік және орыстілді аудитория үшін:– 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы– 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы– 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы– 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз. Түрік тілді аудитория үшін Whatsapp группалар:A1:  https://chat.whatsapp.com/LjaLJXMkz8d4G9MuMF3uUy    A2: https://chat.whatsapp.com/Eo9wP7FYd7YLqnBEPDEw4nB1 https://chat.whatsapp.com/JlVlOJjHNZhLsZK2gaeX4HВ2  https://chat.whatsapp.com/JOkqN6WOmRxCnWg96G5X81 Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy  А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy  В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6 В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6   WhatsApp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың  наурыз айынан басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1164146?lang=kk