2026 жылғы 1 сәуірден бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа тәртіп енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа тәртіп енгізіледі

13.04.2026 15:22:56 297

2026 жылғы 1 сәуірден бастап банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуды бастайды.
Аталған шараның мақсаты — қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету және тіркелмеген кәсіпкерлік қызметті анықтау.

Қандай жағдайлар бақылауға алынады?
Барлық аударымдар емес, тек келесі шарттар бір уақытта орындалған жағдайда ғана тексеру жүргізіледі:
- әртүрлі 100 және одан да көп адамнан қаражат түсуі;
- аударымдардың қатарынан 3 ай бойы қайталануы;
- жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асуы.
Осы талаптардың барлығы сәйкес келгенде ғана назарға алынады.

Назар аударыңыз
Бұл өзгерістер шоттарды автоматты түрде бұғаттауды білдірмейді.
Тексеру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
- бастапқыда камералдық бақылау жүргізіледі;
- кейін салық төлеушіге ресми хабарлама жолданады;
- 30 жұмыс күні ішінде:
— түсіндірме беру;
— қаражаттың шығу тегін дәлелдеу;
— қажет болған жағдайда бұзушылықтарды түзету мүмкіндігі ұсынылады.

Жеке аударымдарға қатысты
Егер қаражат:
- жақындардан көмек ретінде;
- емделу үшін жиналған қаржы;
- қарызды қайтару;
- сыйлық немесе жеке қажеттілік мақсатында түскен болса,
мұны тиісті дәлелдермен растауға болады.
Мұндай түсімдерге салық салынбайды.

Бақылаудың негізгі бағыты
Бұл шара ең алдымен жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтауға бағытталған.

Мысалы:
- тұрақты түрде тауар сату;
- қызмет көрсетіп, бірақ ЖК (ИП) тіркелмеу;
- жүйелі табыс таба отырып, салық төлемеу.

Маңызды білу қажет
- Жеке тұлғалар арасындағы аударымдар заң шеңберінде жүзеге асырылады және салық салынбайды;
- Бақылау қарапайым азаматтарға емес, көлеңкелі бизнеске бағытталған;
- Егер кәсіпкерлік қызмет жүргізбесеңіз, алаңдаудың қажеті жоқ.

Қорытынды
Мобильді аударымдарды бақылау — заңсыз кәсіпкерлікті анықтауға арналған құрал. Бұл барлық азаматтардың жеке қаржылық операцияларын толық бақылау деген сөз емес.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1199589?lang=kk