Әлем
Семинар өткізілді 08.06.2025
2025 жылдың 30 қазанында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің басшысы мемлекеттік органдардың өкілдері, ММИБ және ПИК төрағаларының қатысуымен «Moder Qazaqstan» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған ММИБ мен ТББ дамыту мәселелеріне арналған семинарға қатысты.Іс-шараның негізгі тақырыбы 2025 жылғы 17 қыркүйектен бастап күшіне енген «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген түзетулерді іске асыру мәселелері болды.Семинар барысында ММИБ құру және ПИК пен ПИТК қайта тіркеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды.Іс-шараға қатысушыларға қойылған сұрақтар бойынша түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1096175?lang=kk
Құрбан айт 08.06.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1012912?lang=kk
Қазақстан мен Еуропалық комиссия маңызды шикізат пен орнықты даму жобаларын жүзеге асыруды талқылады 08.06.2025
Астана, 2025 жылғы 5 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Еуропалық комиссияның Ішкі нарық, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және шағын және орта бизнес жөніндегі бас директоратындағы (DG GROW) Мобильділік және энергияны көп қажет ететін салалар жөніндегі директоры Жоаким Нунес де Алмейдамен кездесу өткізді.Кездесуде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы стратегиялық минералдар, орнықты жеткізу тізбектері және технологиялық ынтымақтастық салаларындағы серіктестікті тереңдету перспективалары талқыланды. Қазақстан ЕО үшін басым болып танылған стратегиялық минералдық ресурстарды бірлесіп барлау және өңдеу, сондай-ақ жоғары қосылған құны бар өнімді экспорттау бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін растады.Инвестицияларды геологиялық барлауға тарту тетіктеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде салықтық және кедендік жеңілдіктер, инвестицияларды қорғау кепілдіктері және инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.Ә.Қуантыров Еуроодақпен стратегиялық шикізат саласындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы экономикалық күн тәртібінің маңызды элементі екенін атап өтті: «Қазақстан өзін еуропалық өндірістер үшін сенімді серіктес ретінде таныта білді. Біз инвесторлар үшін барынша ашық әрі болжамды жағдай ұсынамыз, оған заңнамалық тұрақтылық, салық жеңілдіктері және рәсімдердің жеңілдетілуі кіреді. Бүгінгі диалог Еуропалық комиссия өкілдерімен геологиялық барлаудан бастап орнықты жеткізу тізбектері мен ғылыми алмасуға дейінгі бағыттар бойынша ұзақ мерзімді және прагматикалық ынтымақтастыққа екі тараптың да мүдделі екенін тағы бір мәрте көрсетті».Қазақстанмен серіктестіктің маңыздылығын атап өткен Жоаким Нунес де Алмейда екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатына тоқталды: «Біз Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және оны Еуропалық одақ үшін жеткізу тізбектерінің орнықтылығын қамтамасыз етудегі негізгі серіктес ретінде қарастырамыз. Өңіріңіз осы ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған стратегиямызда маңызды рөл атқарады. Ортақ күш-жігеріміз тұрақты, өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық алаңын құруға мүмкіндік беретініне сенімдімін».Сұхбаттастар сондай-ақ «Global Gateway» бастамасы аясындағы ықпалдастық мүмкіндіктерін және Қазақстанның орнықты даму жобаларына, соның ішінде Еуропаның «жасыл өтпелі кезеңі» аясындағы жобаларға қатысуын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды қолдау, технологиялар алмасу және академиялық әріптестік бағытында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1012924?lang=kk
Қазақстандық өнерпаздар «Цирк ханшайымы – 2025» халықаралық фестивалінде «Алтын тәжді» жеңіп алды 08.06.2025
Қазақстандық цирк артистері Жасмина Алшынбаева мен Авелина Гузей Ресейдің Саратов қаласында өткен XI Халықаралық цирк өнері фестивалі «Цирк ханшайымы – 2025»-те ең жоғары марапат — Алтын тәждің иегері атанды.2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл айтулы форум әлемнің түкпір-түкпірінен цирк сахнасының үздік өкілдерін жинап, цирк өнерінің дамуына әйелдердің қосқан үлесін ерекше атап өтеді. Биыл Ресейдің ең көне циркі — ағайынды Никитиндер атындағы Саратов мемлекеттік цирк аренасында АҚШ, Мексика, Қытай, Вьетнам, Испания және Қазақстан секілді 13 елден қатысушылары өнер көрсетті.Қазақстан атынан Қазақ мемлекеттік циркінің артистері – әйгілі цирк әулетінің өкілі Жасмина Алшынбаева мен талантты әуе гимнастшысы Авелина Гузей қатысты. Олар қоюшы-режиссер Зарина Тапалованың жетекшілігімен алғаш рет «Әуе сферасы» деп аталатын «сақинада жұптаса өнер көрсету» жанры бойынша нөмір ұсынды.Күш, сұлулық және мінсіз техниканы ұштастырған бұл әсерлі қойылым халықаралық қазылар алқасы мен көрермендерді тәнті етіп, өнерпаздар фестивальдің бас жүлдесін иеленді.«Біз бұл нөмірді бірнеше ай бойы дайындадық, әр қимылымызды әбден ұштадық. Бұл өте жауапты сәт болды: премьера, жаңа сахна, халықаралық қазылар. Бірақ күмбез астына шыққан сәтте қобалжу шабытқа айналды. Бұл біздің жұлдызды сәтіміз болды», - деді Жасмина Алшынбаева.Қазақстандық гимнастшылардың бұл жеңісі – жекелеген жетістік емес, бүкіл отандық цирк өнері үшін зор табыс. Бұл Қазақстанның кәсіби деңгейінің және шығармашылық әлеуетінің әлемдік аренада жоғары екенін дәлелдейтін үлкен жетістік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1012943?lang=kk
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы тағайындалды 08.06.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге қатысты мәжілісте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Айтымбетова Ләззат Қанибайқызы таныстырылды. Осыған дейін аталған департамент басшысы болған Байменова Ғалия Абсадыққызы зейнет жасына жетіп, құрметті еңбек демалысына шықты.Облыс әкімі Ләззат Қанибайқызының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар міндет жүктеді.«Жаңа басшыға медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау функцияларын атқаруды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын қатаң бақылауды тапсырамын», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Айтымбетова Ләззат Қанибайқызы 1974 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген.Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институтында «Провизор», Орталық Азия университетінде «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда қалалық перзентханасында дәріхана провизоры ретінде бастаған.Әр жылдары Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінде, облыстық денсаулық сақтау басқармасында, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жауапты қызметтер атқарған. 2024 жылдан осы күнге дейін Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде басшылық лауазымдарда абыройлы еңбек етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1012586?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Грекия арасындағы кезекті сімаралық консультациялар өтті 08.06.2025
Астана, 2025 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасы мен Грек Республикасы сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялардың екінші раунды өтті. Қазақ делегациясын СІМ Еуропа департаментінің директоры Данияр Сейдәлиев, грек делегациясын СІМ А5 департаментінің директоры Димитриос Михалопулос басқарды.Тараптар Астана мен Афина арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылықтарын растады.Парламентаралық ынтымақтастық пен екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері жеке аталды. Екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытудағы диаспоралардың оң рөлі аталып өтті.Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Энергетика, көлік, логистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қаржы, ауыл шаруашылығы және климаттың өзгеруі сияқты перспективалы салалардағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.Дипломаттар Еуропа одағы, БҰҰ және ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қоса алғанда, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша көзқарасымен бөлісті.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грекия арасындағы сындарлы серіктестікті одан әрі тереңдетуге бағытталған бірлескен күш-жігерді жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Сапар барысында грек делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко да жылы қарсы алып, қазақ тарапының екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша белсенді диалог жүргізуге дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1012591?lang=kk
Хабарландыру-аңдатпа 08.06.2025
"БЖЗҚ" АҚ-да (БЖЗҚ) "Ашық есік күні": ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер туралы айтамыз, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстырамыз Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2024 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнін" өткізеді. Күннің басты тақырыбы - "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ –салымшыларға ыңғайлы болу үшін".Алдағы іс-шара барысында Қор мамандары жаңа Салық кодексіндегі зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі өзгерістер, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсететін қызметтері туралы айтып береді.Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні " 2025 жылдың 24 қыркүйегінде 10:00, 14:00, 16:00 онлайн-форматта өткізіледі.Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушыға сілтеме бойынша өту қажет Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Event-совещание/Event- жиналыс:https://enpf.webex.com/weblink/register/r4dc57cf52a4db8b4346cbd99527912ca https://enpf.webex.com/weblink/register/rfb7f37c3e629f8479cd2b9b92c334ff7 https://enpf.webex.com/weblink/register/rf70e33e2498937d0798ed588b34ac2d2 Дата и время/Күні мен уақыты:10:00 среда,24 сентября 2025 г. (UTC+05:00) Астана14:00 сәрсенбі, 24 қыркүйек 2025ж. (UTC+05:00) Астана16:00 среда,24 сентября 2025 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі:2513 885 0005 2515 829 4091 2515 489 9107 Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі:15465476 33874311 43986651 "БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1073727?lang=kk
Ұлттық ұланда ержүрек жауынгерлерді еске алды 08.06.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында 2016 жылы Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөліміне жасалған террористік шабуылға тойтарыс беру кезінде өз өмірін қиған ұландықтардың ерлігіне арналған "Мәңгілік сапта" естелік акциясы өтті.Іс-шара аясында ұландықтар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл акция сын сағатта көрінетін антқа адалдыққа және әскери борыштағы төзімділікке деген құрметтің символына айналды.Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 5 маусымында сағат 14:35-те бір топ қарулы террористер 6655 әскери бөліміне қару-жарақ, оқ-дәрі алу және жеке құрамды жою мақсатында шабуыл жасады. Содырлар жолында бірінші болып ҚР ҰҚК әскери қарсы барлаудың аға жедел уәкілі майор Даниэль Майлыбаев, патрульші қатардағы жауынгер Сапар Досбол және келісімшарт бойынша әскери қызметші кіші сержант Берік Қалиев болды. Үшеуі де соңына дейін күресіп, ерлікпен қаза тапты.Соңғы демі қалғанша қайсарлық танытқан Берік Қалиевтің батылдығына бас иеміз. Құқықтық тәртіп әскерінің үш қана әскери қызметшісі саны жағынан өздерінен үш есе көп қылмыстық топқа төтеп беріп, олардың қару-жарақ қоймасын басып алуына жол бермеді. Өмір мен өлім арасындағы арпалыс 15 минутқа созылды және ержүрек жауынгерлердің ерік-жігері мен жанкештілігі террористердің жоспарына тосқауыл болды.Шабуыл кезінде казармада болған сарбаздар нұсқаулыққа сәйкес жедел әрекет етіп, қорғанысқа дайын болды. Олардың үйлесімді және батыл әрекеттерінің арқасында стратегиялық нысандар шабуылдан аман қалып, адам шығынына жол берілмеді."Мәңгілік сапта" акциясы — әскери қызметшілердің еліміздің бейбітшілігі мен қауіпсіздігі жолындағы баға жетпес батырлығын еске салу. Ақтөбе батырларының ерлігі нағыз батылдықтың, ар-намыс пен антқа адалдықтың үлгісі ретінде құқықтық тәртіп әскерлерінің тарихында мәңгі қалады.Айта кету керек, бұл күні ҚР ІІМ Ұлттық ұланының барлық әскери бөлімдерінде қайғылы оқиғаға арналған еске алу іс-шаралары өткізілуде. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1012678?lang=kk
Отандық өндірушілерді қолдау-тұрақты дамудың кепілі 08.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбавтың төрағалығымен отандық өндірушілерді дамыту мен қолдау шаралары жөнінде мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, бөлім басшылары және меншік түріне қарамастан мекеме басшылары қатысты.Мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес аудандағы өндірістік әлеуетті арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ жергілікті өндірушілердің өзекті мәселелері талқыланды.Аудан басшысы отандық өнімге сұранысты арттыру және жергілікті өндірушілерге басымдық берудің маңызын атап өтті.– Отандық өнім өндірушілерді қолдау – экономиканың тұрақты дамуына тікелей септігін тигізеді. Бүгінгі таңда ауданымызда сапалы өнім шығарып отырған кәсіпкерлер бар. Енді сол кәсіпорындарды кеңейтуге, жаңа технологиялармен қамтамасыз етуге және өнімді нарықта таралуын арттыруға күш салуымыз қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Бүгінгі таңда аудан бойынша 35,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 111,8 пайызға орындалды. Өңдеу өнеркәсібінде 5,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 38 пайызға артты.Мәжіліс барысында аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, кәсіпкерлермен тікелей байланыс орнатып, жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін қатаң тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1012684?lang=kk
"Мемлекеттік рәміздер-ел мақтанышы" атты мерекелік іс-шарасы өтті 08.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Мемлекеттік Рәміздер – ел мақтанышы» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.Аудан басшысы жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, Рәміздердің еліміз үшін маңызына тоқталып өтті:– 1992 жылдың 4 маусымы – Тәуелсіз еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылған ерекше күн. Себебі, осы күні Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері Көк байрақ, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі» деп атап өтті. Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел топтасқан. Қазақ халқының байрағы бүкіл ұлтты ұйыстырды, ел бірлігін бекемдейді. Еліміздің көк Туы Біріккен Ұлттар Ұйымы секілді халықаралық ұйымдардың мінберінде желбіреп, Әнұранымыз әлем ареналарында шырқалып келеді. Бұл – барша халқымыздың бірлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Рәміздеріміз тек көркемдіктің символы ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы, ұлттық болмысқа деген құрмет. Мемлекеттік рәміздеріміздің беделі бүкіл әлемде өсіп, нығая берсін. Көк Туымыз көкте мәңгі желбірей берсін! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Мерекелік іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Рәміздері құрметтеліп, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өткізілді. Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүрген әртүрлі сала мамандары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Сондай-ақ мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында мерекелік шарада Сырдария ауданында 2 мемлекеттік қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады. Ант қабылдау жас мамандарға қызметтің мол жауапкершілігін түсіндіруге бағытталған. Бұл күні мемлекеттік қызмет табылдырығын алғаш рет аттағандар жұмысқа адал болып, кәсіби қызмет көрсетуге серт берді. «Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ант қабылдау мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі ретінде бекітілген.Мемлекеттік қызметшілердің қатарын толықтыра отырып Айдарлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Есболатов Өмірзақ Есболатұлы және Бесарық ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Кішкенбаев Талғат Есқалиұлы салтанатты түрде еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға ант беріп, кәсіби міндеттерін адал атқаруға міндеттелді. Салтанатты іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Жиын соңында Рәміздер күні мерекесіне арналған жастар арасындағы жүгіру марафоны ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1012692?lang=kk
Қазақстанның инвестициялық және сыртқы экономикалық дамуының перспективалары S&P Global Ratings миссиясына таныстырылды 08.06.2025
Астана, 2025 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров елімізге әлеуметтік-экономикалық жағдайды жыл сайынғы талдау мақсатында келген халықаралық рейтинг агенттігі S&P Global Ratings миссиясымен кездесу өткізді.Диалог барысында жақын және алыс шетелдермен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық тауарлар мен инвестициялардың сыртқы нарықтарға шығуын кеңейтуге бағытталған Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының негізгі басымдықтары таныстырылды. Ерекше назар макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, инвестициялық ахуалды жақсарту және шикізаттық емес секторларға тікелей инвестиция тартуды ынталандыруға бағытталған жүйелі шараларға аударылды.Министрдің орынбасары сондай-ақ инвестициялық сипаттағы соңғы іс-шаралар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, елдің экономикалық әлеуетін таныстыру алаңына айналған Астана халықаралық форумын атап өтті. Форум тарихында алғаш рет Африка елдерінің қатысуымен арнайы сессия ұйымдастырылып, онда агроөнеркәсіптік кешен, цифрландыру, логистика және басқа да перспективалы бағыттар бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.Ішкі өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға да ерекше көңіл бөлінді. Бұл – көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, Транскаспий халықаралық көлік бағдары (Орта дәліз) бастамасына қатысу және Орталық Азия елдері арасында тұрақты байланыс орнату бағыттары. Қазақстан өңір елдерінің бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру үшін келісілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті.Қазақ тарапы елдің экономикалық бағытының негізі – ашықтық, болжамдылық және халықаралық қаржы институттарымен белсенді серіктестік екенін атап өтті. Ішкі институционалдық күн тәртібін іске асырумен қатар, Қазақстан өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық, орнықты даму және өңірлік экономикалық кооперация идеяларын дәйекті түрде ілгерілетіп келеді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ашық диалог пен ақпарат алмасуды жалғастыруға өзара мүдделілік бар екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1012710?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Үндістанға ресми сапармен барды 08.06.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 5 маусым – Үнді тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Үндістан Республикасына ресми сапармен барды.Сапар аясында Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкармен кездесу өтті. Тараптар қазақ-үнді стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және екі елдің іскерлік топтары үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.ҚР СІМ басшысы екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы шамамен 1 млрд АҚШ долларын құрағанын, ал соңғы 20 жылда Үндістаннан Қазақстанға тартылған инвестициялар көлемі 450 млн АҚШ долларынан асқанын атап өтті.Осыған байланысты М.Нұртілеу экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында іскерлік байланыстарды жандандыруды ұсынды, сондай-ақ Үндістанның жетекші компанияларын өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.Екі елдің бизнес қауымдастықтарының іскерлік байланыстарды дамытуға қатысуының маңыздылығы аталып өтті. Бүгінде Қазақстан аумағында фармацевтика, пайдалы қазбалар өндіру және азық-түлік өнімдерін өндіру салаларында 600-ден астам үнді компаниясы жұмыс істейді.«Үндістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы сенімді саяси және сауда-экономикалық серіктесі, біздің байланыстарымыз сындарлы арнада тұрақты дамуда», – деді М.Нұртілеу.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды теңестіріп», БҰҰ, АӨСШК және ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін растады.Қазақ тарапы «Орталық Азия + Үндістан» диалогын өңірлік ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылауға арналған маңызды платформа ретінде одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар Қазақстан СІМ басшысы Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын қолдағаны және оның тең авторы болғаны үшін үнді тарапына алғыс білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Үндістан сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды, онда өзара іс-қимылдың болашағы бар бағыттары айқындалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1012708?lang=kk
«Айнакөл» фольклорлық ансамблінің «Сырлы мекеннің сырбаз әуені» концерті өтті 08.06.2025
15 мамыр күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Айнакөл» фольклорлық ансамблінің «Сырлы мекеннің сырбаз әуені» атты концерті өтті.Мадиар Абай жетекшілік еткен, әр шығармасы бойыңа нәр беретін, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ансамбльдің репертуары бай.Шыңдалған, өзіндік ерекше қолтаңбасы бар ансамбль қанықты концерттік бағдарламасын көпшіліктің назарына ұсынды.Бағдарлама «Айнакөл» фольклорлық ансамблінің орындауында, ұлттық би өнерінің әсемдігін бейнелейтін «Гәкку» би ансамблінің «Шашу» биімен ашылды. Сонымен қатар филармонияның жезтаңдай әншілері «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі мен ҚР «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есовтың орындауында Е.Үсеновтің «Балуан ата» әні, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Эльмира Төлеубаеваның орындауында Т.Базарбаевтың «Қаздар қайтқанда», Т.Ізтаевтың «Нұрикамал» әндері көрермендердің жүрегін тербеп, ерекше сезімге бөледі. Жас әнші Аманғали Жұматай Ш.Қалдаяқовтың «Арқалықтың ақ таңы» шығармасын шарықтата шырқады. Ансамбльдің бес саусағынан бал тамған майталман музыканттары: Жұлдыз Мукушева (жетіген) ұлттық музыкалық аспаптың сұлулығын көрсететін «Айжұлдыз» композициясын, Айнабек Оразалы қасиетті қара домбырада Н.Сахының «Асыл мұра» туындысын, Мадиар Абай баянда Р.Гальяноның «Танго для Клода» шығармасын асқан шеберлікпен орындап, тыңдармандарының жүрегінде терең із қалдырды. Ансамбльдің орындауында шабыттандыратын, рух беретін Нұрболат Сахының «Өрлеу», Рухты ел» және Темірлан Шөкеновтің «Самғау» туындылары мен Қ.Жұмағалидың «Ғасырлар үні», М.Бердіғұловтың «Дәуір дастан» шығармаларын өнер сүйер қауым беріле тыңдады.Көненің көзін жаңғыртып, ұлттық туындыларымызды халқымыздың сырлы, сазды аспаптарына салып жеткізген, өткен мен бүгінгі ғасырды жалғаған фольклорлық ансамбльдің «Сырлы мекеннің сырбаз әуені» концерті халқымыздың мәдени байлығын, дәстүрлі өнерінің сұлулығын көрсететін ерекше концерт болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1012717?lang=kk
«Қостанай облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы қызметінің қорытындысы» 08.06.2025
2025 жылдың 5 маусымында Қостанай өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Азамат Султановтың қатысуымен «Қостанай облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы қызметінің қорытындысы» тақырыбында брифинг өткізілді.Сілтеме: https://www.youtube.com/live/uy6rhchx9o8?si=OIA-6YJVlSdGlP6g Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1012719?lang=kk
Еуропа Кеңесінде киберқылмыспен күрес мәселелері талқыланды 08.06.2025
Страсбург, 2025 жылғы 2-3 маусым – Киберқылмыс туралы Конвенция жөніндегі Комитеттің 32-ші Пленарлық отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты.Пленарлық отырыс барысында қазіргі заманғы халықаралық сын қатерлер, атап айтқанда бейбітшілікке, қауіпсіздікке, демократияға, әділеттілікке және адам құқықтарына төнетін қауіптер жағдайында Конвенция аясындағы ынтымақтастық бұрынғыдан да өзекті екені атап өтілді.Қатысушылар киберқылмыспен күрес саласындағы ұлттық бастамалар мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасты. Тергеу, қылмыстық қудалау және халықаралық ынтымақтастық үшін Конвенция құралдарын қолдану айтарлықтай артқаны атап өтілді.Талқылаулар барысында киберқылмыстарға қатысты заңдар да кіретін қылмыстық заңнамада пікір білдіру бостандығын шектеу адам құқықтары мен құқық үстемдігі талаптарына сай болуы тиіс екені атап өтілді.Өз кезегінде, Қазақстан делегациясы Еуропалық сарапшыларды еліміздің осы саладағы тәжірибесімен және Еуропа Кеңесімен киберқылмыспен күрес саласындағы қазіргі ынтымақтастығымен таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1012720?lang=kk
«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының дарынды қатысушылары маусымды «Өнерге қанат қаққандар» атты үлкен концерттік бағдарламасымен жапты 08.06.2025
Өнер – жүректің үні, жанның тілегі, өмірдің әсем бояуы. Ол адамның ішкі әлемін паш етіп, армандарды қанаттандыратын, көңілді әлдилейтін сиқырлы әлем.26 мамыр күні «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының дарынды қатысушылары маусымды «Өнерге қанат қаққандар» атты үлкен концерттік бағдарламасымен жапты.Концерттік бағдарламада өнер көрсеткен Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары: 50 жылдық тарихы бар «Көкшетау» халықтық би ансамблі – жетекшісі «ҚР Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина, 25 жылдық тарихы бар «Он алты қыз» халықтық би ансамблі - жетекшісі Мадина Дусмогомбетова, 60 жылдық тарихы бар «Сувенир» халықтық би ансамблі - жетекшісі Маргарита Авдеенко, 20 жылдық тарихы бар «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі - жетекшісі Томирис Жанспаева, 30 жылдық тарихы бар «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы - жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Виктория Семёнова, 25 жылдық тарихы бар «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі – жетекшісі Әлизат Дүзелбай, 45 жылдық тарихы бар халықтық ардагерлер хоры – жетекшісі Светлана Пушкина, 40 жылдық тарихы бар «Көркемтау» домбырашылар ансамблі - жетекшісі Альбина Касенова, 30 жылдық тарихы бар «Жұлдыз» үлгілі вокал студиясы және 25 жылдық тарихы бар «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі - жетекшісі Айымгүл Хасенова, 20 жылдық тарихы бар «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясы - жетекшісі Ақниет Абдулла, «Жастар» вокал студиясы - жетекшісі Асем Мухамеджанова, 50 жылдық тарихы бар фортепиано студиясының солистері – Барух Мейрамов, Нурганым Журумбаева, Султан Орал – жетекшілері Элла Гладкова, Елена Анашкина.Шығармашылық ұжымдардың жұмысы - бұл ғажап, ерекше ауыр және керемет қуанышты жұмыс. Құрметті шығармашылық ұжымдардың қатысушылары, сіздерге барлық армандарыңыздың орындалуын, табысты демалыс және шығармашылық шабыт тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1012721?lang=kk
«Елімнің рәміздері-тәуелсіздіктің белгілері» атты тәрбие сағаты. 08.06.2025
4 маусым күні Бастаушы ауылдық кітапханасында 4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай «Елімнің рәміздері-тәуелсіздіктің белгілері» атты тәрбие сағаты ҚР әнұранымен ашылды. Тәрбие сағатына бастауыш сынып оқушылары қатысты. Сабақтың мақсаты: оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жасөспірімдерді тәрбиелеу. Сондықтан сіздер балалар бір-бірінді татулыққа, достыққа шакырайық. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Балалар сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1012743?lang=kk
ЭШФ АЖ-дағы техникалық жұмыстар 08.06.2025
🔰Құрметті салық төлеушілер!💠ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 6 маусымда сағат 00:00-ден 10:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде, жүйені жаңарту және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланғанын хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!💠Бұл ретте, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін еске саламыз:- 2025 жылғы 6 маусымнан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;- 2025 жылғы 9 маусымнан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1012382?lang=kk
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады ✅ 08.06.2025
Құрметті қала тұрғындары! 👨👩👧👦«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне (аудандық) құжаттар қабылдау басталады.«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.Конкурсты өткізудің мақсаты:1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеп, кеңінен насихаттау;4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2025 жылғы 15 мамырдан бастап15 маусымға дейін өтінімдер қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады. Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша аудан әкімдігіне жүгінуге болады.📑Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні –2025 жылғы 14 маусым. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1012386?lang=kk
Балалар күні құтты болсын! 08.06.2025
Балалар күні құтты болсын! Әрдайым жүздеріңнен күлкі, жүректеріңнен қуаныш кетпесін. Бақытты балалық шақтарыңның әр күні ерекше сәттерге толы болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1012389?lang=kk