Enbekshi QazaQ

Әлем

Аналар кеңесі 11.02.2026
Ново-Хайрузовка ауылдық округінің аналар кеңесі "Салауатты сана" жобасы аясында "ата-аналардың заманауи сын-қатерлері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді 👨 👩 👧 👦Аналар кеңесінің төрағасы Д. Е. Нұрқасынова қатысушыларды қазіргі ата-ана болудың өзекті мәселелерімен және оларды шешудің мүмкін жолдарымен таныстырды.Кездесу жылы және ашық атмосферада өтті: қатысушылар балаларды тәрбиелеудегі тәжірибелерімен, пайдалы кеңестерімен және практикалық дағдыларымен белсенді бөлісті 🤍Мұндай іс-шаралар ата-аналарды біріктіруге, маңызды сұрақтарға жауап табуға және бір-бірін қолдауға көмектеседі 🙌Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1201824?lang=kk
26 желтоқсан күні инклюзивті балаларға арналған жаңа жылдық «Ғажайып шырша» ертегісі мен «Ойна!Ойла!» интерактивті ойындары өткізілді. 11.02.2026
26 желтоқсан күні инклюзивті балаларға арналған жаңа жылдық «Ғажайып шырша» ертегісі мен «Ойна!Ойла!» интерактивті ойындары өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1158872?lang=kk
Коньки спортынан әлем чемпионатының жүлдегері Алматы гарнизонында әскери борышын өтеп жүр 11.02.2026
 Белгілі қазақстандық конькиші, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және ел чемпионы Құдайберген Теміржанов бүгінде Алматы гарнизонындағы 78460 әскери бөлімінде мерзімді қызметін өтеп жүр.Спортшы Қарулы күштер сапындағы қызметін спорттық мансабымен қатар ойдағыдай үйлестіріп келеді. Ол әскери қызметшілерге кәсіби және цифрлық дағдыларын дамытуға, шет тілдерін үйренуге және жоғары дене дайындық деңгейін сақтауға мүмкіндік беретін «Сарбаз+» жобасы аясында қызмет етеді.Қатардағы жауынгер Теміржановтың айтуынша, бұл жоба оған ағылшын тілін меңгеруге, IT бағыттарын және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды басқаруды үйренуге, сонымен қоса әскери бөлімнің спорт залында ұдайы жаттығуға мүмкіндік береді.Таңертең ерте тұру, саптық және атыс дайындығы, далалық жорықтар секілді қарқынды әскери тәртіпке қарамастан, әскери қызметші ортаға тез бейімделіп, пікірлес достар тапқан. Спорттағы тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп отыратын ол әскердегі тәртіп кәсіби спорттағы талаптарға қатты ұқсайтынын айтады.Құдайберген Теміржановтың спорттық жетістіктері қатарында коньки спортынан спорт шебері атағы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдесі, нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогы кезеңдеріндегі жүлделі орындар, бұдан бөлек 2024–2025 жылдары Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарында бірнеше мәрте жеңістер мен жүлделі орындар бар.Қорғаныс министрлігі мұндай әскери қызметшілердің армияда борышын өтеуі кәсіби спорт, патриотизм және әскери борыштың үйлесімді ұштасуын айқын көрсетіп, жастарға үлгі болатынын әрі Қарулы күштердің беделін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1158847?lang=kk
Нидерланд–Қазақстан: жаңа инвестициялық цикл және бизнес үшін стратегиялық мүмкіндіктер 11.02.2026
2026 ж. 6 ақпанда Гаага қ. Нидерланд кәсіпкерлікті дамыту агенттігінің (RVO) бас кеңсесінде «Kazakhstan–Netherlands: New Investment Cycle & Strategic Opportunities» тақырыбында Нидерланд–Қазақстан бизнес қауымдастығының (NKBA) отырысы өтті. Іс-шара екі елдің мемлекеттік органдары, бизнес өкілдері және сарапшылар қауымдастығын біріктірді.Аталған кездесу жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді, Қазақстанның стратегиялық басымдықтарын және басталған жаңа инвестициялық цикл жағдайында екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаң болды.Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Құрметті консулы, NKBA төрағасы Хенк Нибур, RVO халықаралық сауда жөніндегі директоры Аннемике Брустерхаузен, сондай-ақ Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Ақан Рахметуллин және Нидерландтың Қазақстандағы Елшісі Нико Схермерс болды.Іс-шараның жалпы тұжырымдамасы, соның ішінде презентациялар мен спикерлердің баяндамалары Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген сұхбатындағы және V Ұлттық құрылтайдағы сөзіндегі негізгі ережелерді түсіндіруге бағытталғаны ерекше атап өтілді. Аталған стратегиялық құжаттар қазіргі таңда елді жаңғыртудың жаңа кезеңінің негізін қалыптастырып, инвесторлар мен халықаралық әріптестер үшін ұзақмерзімді бағдарларды айқындайды.Баяндамалар барысында Қазақстан экономикасын жаңғыртудың жаңа кезеңіне және әртараптандыруға, технологиялық дамуға әрі жоғары қосылған құн қалыптастыруға бағытталған қолайлы инвестициялық ортаны құруға кіріскені атап өтілді. Ел басшылығы жариялаған жаңа инвестициялық цикл шикізаттық модельден білім экономикасына, терең өңдеуге және индустриялық өсімге көшуді көздейді.2025 ж. қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрап, экономика көлемі 300 млрд АҚШ долларынан асты. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40%-ға жетіп, бұл экономиканың дәйекті әртараптандырылып, кәсіпкерлік сектордың нығайып келе жатқанын көрсетеді.Қазақстан экономикасындағы негізгі экономикалық серіктес ретінде Нидерландтың рөліне ерекше назар аударылды. Нидерланд Қазақстан экономикасына шамамен 126 млрд АҚШ доллары көлеміндегі инвестицияларымен ірі шетелдік инвестор мәртебесін сақтап отыр және Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің бірі болып табылады.Іс-шара аясында Мемлекет басшысы айқындаған экономикалық дамудың бес басым бағыты ұсынылды:өнеркәсіпті әртараптандыру және жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамыту;көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанды Еуразиядағы құн қалыптастыру платформасы ретінде орнықтыру;агроөнеркәсіптік сектор және азық-түлік қауіпсіздігі;цифрландыру және жасанды интеллект енгізу;энергетикалық, су және инфрақұрылымдық тұрақтылық.Қазақстан мен Нидерланд экономикаларының өзара толықтырушы сипаты атап өтілді: Қазақстан ауқымды нарық, ресурстар мен өсіп келе жатқан сұранысты ұсынса, нидерландтық компаниялар озық технологиялар, инженерлік шешімдер мен басқарушылық құзыреттерге ие. Бұл үйлесім ұзақмерзімді бірлескен жобалар мен индустриялық әріптестіктер үшін берік негіз қалыптастырады.Кездесуге қатысушылар NKBA платформасына бизнес қызығушылығының тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті. Егер қауымдастықтың алғашқы кездесулеріне шамамен 30 қатысушы жиналса, қазіргі кездесу 80-ге жуық бизнес өкілін біріктірді. Бұл екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың серпіні мен өзара сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді.Отырыс қорытындысы бойынша тараптар іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосуға және экономиканың негізгі секторларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екендіктерін растады. Өнеркәсіп, логистика, агроөнеркәсіптік кешен, цифрлық технологиялар және тұрақты инфрақұрылым салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылады. Бұл бағыттар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңінің негізін қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1158806?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 11.02.2026
Рияд, 2026 жылғы 10 ақпан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Көлік және логистикалық қызметтер министрі Салех Әл-Жасермен кездесу өткізді.Сұхбат аясында тараптар көлік және логистика саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Жаңа логистикалық бағыттарды ілгерілету, шарттық-құқықтық базаны кеңейту және халықаралық көлік дәліздерінің әлеуетін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар көлік-логистика саласындағы диалогты жандандыру мен практикалық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, қазақ-сауд әріптестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған алдағы қадамдар туралы келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1158818?lang=kk
Шетел азаматтарына арналған «QazETA» цифрлық платформа 11.02.2026
QazETA – шетел азаматтарының негізгі көші-қон және ілеспе қызметтерге «бір терезе» қағидаты бойынша (шетелдіктерге арналған бірыңғай цифрлық терезе) ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік цифрлық платформа.Жоба шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылының заманауи әрі қолайлы моделін қалыптастыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.QazETA платформасы келесі мақсаттарға бағдарланған:Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының кіруі мен болу рәсімдерін оңайлату;елге кіруден бастап күнделікті сервистерге дейін мемлекеттік қызметтермен бірізді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық кіру нүктесін қалыптастыру;үдерістердің ашықтығын арттыру, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту;базалық көші-қон рәсімдерін цифрлық және мобильдік форматқа көшіру.Қазіргі уақытта QazETA пилоттық режимде жұмыс істейді, платформаны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Осы кезеңде төмендегі қызметтер қолжетімді:электрондық визаларды (e-Visa) беру;электрондық кіру рұқсатын (ETA) рәсімдеу;Қазақстан Республикасының электрондық резиденті мәртебесін (e-Residency) алу;шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы анықтама беру (оның ішінде мобильдік құрылғылардың IMEI-ін верификациялау мақсатында). Платформаның негізгі сервистері  Электрондық виза (e-Visa)Электрондық виза – шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға визаларды беру жөніндегі мемлекеттік қызметтің цифрлық нысаны.104 елдің азаматтары (тізімі қоса беріледі) келесі санаттар бойынша бір мәртелік электрондық визаны рәсімдей алады: «A3» (қызметтік), «A5» (инвесторлық), «B1», «B2», «B3» (іскерлік), «B9-1» (Digital Nomad Visa), «B10» (жеке), «B12» (туристік), «C12» (емделу мақсатында).Электрондық виза электрондық форматта рәсімделген шақыру негізінде беріледі (шақыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық полиция органдарында рәсімделеді) және тек виза иесіне ғана қолданылады, ілесіп жүретін тұлғаларға таралмайды. Паспорт ауыстырылған жағдайда электрондық визаны қайта рәсімдеу қажет.Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағына кіріп-шығуды жарамды электрондық визамен тек Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларындағы өткізу пункттері арқылы жүзеге асыра алады. Электрондық кіру рұқсаты (Electronic Travel Authorization, ETA)ETA Қазақстан Республикасының визасыз режимі қолданылатын елдердің азаматтарына арналған. Рұқсат электрондық форматта рәсімделеді.Қазақстанға сапар жоспарлаған шетел азаматтары ETA алуға өтінімді мобильдік қосымша арқылы сапарға дейін кемінде 72 сағат бұрын береді.ETA-ның жарамдылық мерзімі – 180 күн.Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы нақты болу мерзімі қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес реттеледі.Сонымен бірге, берілген ETA Қазақстан Республикасының аумағына кіруге кепілдік бермейді. Елге кіру туралы түпкілікті шешім шекаралық бақылаудан өту кезінде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы тарапынан қабылданады.ETA алудан босатылатындар:дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері;ресми делегация мүшелері;Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері.Пилоттық кезеңде визасыз режим қолданылатын елдер азаматтары үшін ETA алу ұсынымдық сипатта болады. Осы кезең аяқталғаннан кейін аталған санаттағы азаматтар үшін ETA алуды міндетті ету кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.  Электрондық резиденттік (e-Residency)e-Residency – Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Астана халықаралық қаржы орталығының (МФЦА) юрисдикциясы шеңберінде цифрлық мемлекеттік және коммерциялық сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін инновациялық құрал.Электрондық резиденттік МФЦА юрисдикциясында жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды:жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) қашықтан алу;банктік шоттар мен төлем карталарын ашу;eSIM рәсімдеу;компанияларды қашықтан тіркеу және бизнесті жүргізу. Шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы анықтама беру(оның ішінде мобильдік құрылғылардың IMEI-ін верификациялау мақсатында).Алдағы уақытта функционалды кеңейту жоспарлануда, соның ішінде: медициналық сақтандыруды рәсімдеу, ETA иелері үшін шекаралық бақылаудан жеделдетілген тәртіппен өту мүмкіндігі, сервистік алымды төлеу және өзге де цифрлық сервистер.QazETA мобильдік қосымшасы Play Market және App Store платформаларында жүктеу үшін қолжетімді.Жоба аясында техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Өтініштер мен ұсыныстар support@qazeta.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1158826?lang=kk
Достық форумының отырысы «Қазақстан-Бразилия» және БАҚ үшін брифингі өтті 11.02.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 10 ақпан - Елші Болат Нүсіпов пен Ұлттық Конгресстің экс-Сенаторы Улиссис Ридельдің тең төрағалығымен Қазақстан Елшілігінде гибридті форматта «Қазақстан-Бразилия» Достық форумының жыл сайынғы отырысы мен БАҚ-қа арналған брифинг өткізілді.Кездесу барысында Қазақстандағы Конституциялық реформаның негізгі аспектілеріне, алдағы Өңірлік экологиялық саммиттің күн тәртібіне, сондай-ақ 2025 ж. қыркүйекте Астанада өткен VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезінің қорытындыларына басты назар аударылды.Бразилиялық тараптан «Қазақстан-Бразилия» Достық форумының Президенті және Вице-президенті Улиссес Ридельмен Кассиано Перейра Виана, Форумның Атқарушы директоры профессор Эдельсио Америкомен Бразилияның халықаралық қатынастар және дипломатия саласындағы журналистер мен коммуникаторлар қауымдастығының Президенті Фабиана Сейхан алғысөздерімен баяндама жасады.Қазақстан Eлшісі өз сөзінде қонақтарды ел басшылығы жүргізіп жатқан реформалардың барысымен, оның ішінде негізгі Заңның түйінді тұстарына түсініктеме бере отырып, жаңа Конституция жобасымен таныстырды. 2026 жылғы Қазақстан-Бразилия екіжақты қатынастарын дамытудың негізгі бағыттары мен жоспарлары жеке ұсынылды.Оңтүстік Америка елдері атынан VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің жұмысына қатысқан Теософиялық қоғамдастықтың мүшесі, жазушы Освальдо Конде (Бразилия) мен Аргентинадағы Ахмадия мұсылман қауымының Президенті, Америка мемлекеттері ұйымының (АМҰ) Діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі Комиссары, имам Марван Гилл (Аргентина) тақырыптық баяндамалар жасады.Кездесу соңында форумның Бразилиялық қатысушылары іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Бразилия арасындағы достық және әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1158827?lang=kk
Қазақстан Елшісі Молдова Республикасы Парламентінің Қазақстан Республикасымен Достық тобының Төрағасымен кездесті 11.02.2026
Кишинёв, 2026 жылғы 10 ақпан – ҚР Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков МР Парламентінің депутаты, ҚР Достық тобының Төрағасы Илье Ионашпен, сондай-ақ бірқатар парламент депутаттарымен кездесу өткізді.Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны аталған лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты қатынастардың достық сипатын атап өтті.А.Айдарбеков мемлекеттер арасындағы саяси диалогты нығайтудың, өзара түсіністік пен сенімді арттырудың маңызды құралдарының бірі ретінде парламентаралық байланыстардың маңыздылығына назар аударды.Сондай-ақ, Қазақстандағы негізгі экономикалық және саяси қайта құрулар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, қазіргі уақытта негізгі заңға түзетулер дайындау мақсатында Конституциялық комиссия құрылғаны атап өтілді. Ұсынылып отырған түзетулер мемлекеттің дамуының қазіргі кезеңінің талаптарына, қоғамдық сұраныстарға және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың ұзақ мерзімді міндеттеріне сәйкес келетін заманауи конституциялық үлгіні қалыптастыруға бағытталған.Өз кезегінде, И.Ионаш пікір алмасудың конструктивті сипаты үшін алғыс білдіріп, Молдова тарапының парламентаралық байланыстарды жүйелі түрде дамытуға мүдделілігін растады. Сондай-ақ, барлық салаларда ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдетуге ашық екендігін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Молдова өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға мүдделілігін растап, тұрақты саяси диалогты қолдаудың және парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1158829?lang=kk
Шымкентте жылыту маусымындағы өрт пен газ қауіпсіздігін күшейту жұмыстарының қорытындысы шығарылды 10.02.2026
Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жылыту маусымындағы қауіпсіздік шараларының қорытындысына арналған брифинг өтті. Жиында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау майоры Ордабек Рауан Нұрлыбекұлы және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Абдинұров Мәлік Құттымбетұлы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелерге тоқталды.Брифинг барысында мәлім болғандай, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында Шымкент қаласында өрт пен улы газдан уланудың алдын алу мақсатында ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Қала аумағында 62 589 тұрғын үй араланып, 148 385 тұрғынға өрт қауіпсіздігі мен газдан сақтану талаптары түсіндірілді. Оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы 1 073 отбасы қамтылды.Аудан әкімдіктерімен бірлесіп әлеуметтік осал топтардың нақты тізімі жасақталып, олармен мақсатты жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 123 газдануды анықтайтын құрылғы орнатылып, 55 тұрғын үйдің мұржасы тазартылды.Халықты ақпараттандыруға да ерекше мән берілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 293 материал жарияланып, шағын аудандарда дауыс зорайтқыштар арқылы 370 рет үгіт-насихат жүргізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде 130 ақпараттық материал таратылды. Білім беру ұйымдарында 4 980 оқушыны қамтыған 103 интерактивті және ашық сабақ өткізілсе, өрт сөндіру бөлімдерінде 819 оқушы қатысқан 37 экскурсия ұйымдастырылды. Қала бойынша 6 232 тұрғынды қамтыған 190 жиын мен 84 нұсқаулық өткізілді. Сондай-ақ, 2025 жылғы 2 желтоқсанда Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбындағы қойылым көрсетіліп, оған 200-ге жуық бала қатысты. Қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында түсірілген 12 танымдық бейнеролик WhatsApp желісіндегі ата-аналар чаттары арқылы таратылды.Қабылданған шаралар өз нәтижесін берді. Өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға азайып, 81 жағдайдан 49-ға дейін төмендеді. Өрт салдарынан қаза тапқандар саны екі есеге, ал жарақат алғандар саны төрт есеге қысқарды.Алайда жылыту маусымында табиғи және улы газбен улану жағдайларының артуы алаңдаушылық тудырып отыр. 2025 жылғы 1 қазаннан бастап «112» қызметіне газбен улану бойынша 99 хабарлама түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға көп. Газдан улану салдарынан қаза тапқандар саны үш есеге артқан, ал жеңіл дәрежеде уланғандар саны 28 пайызға өскен.Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлардың негізгі себептері – газ су жылытқыштары мен қазандықтардың ақаулығы, дұрыс орнатылмауы, тартылыстың болмауы және газ жабдықтарына уақтылы техникалық қызмет көрсетілмеуі.Осыған байланысты қалада газ қауіпсіздігін күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қарасты «Шымкент қалалық газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан қауіпті аймақтар анықталып, «қызыл аймақ» және «тәуекел аймақтар» белгіленді. Қызыл аймаққа «Самал-3», «Ақжайық», «Нұрсәт», «Күншығыс», «Қайтпас», «8 шағын аудан» кірсе, тәуекел аймақтар қатарында «Самал-1, 2», «11 шағын аудан», «Сайрам», «17 шағын аудан», «Көксай», «Қызылжар», «112 орам», «5 шағын аудан», «Қарасу» бар. Аталған аумақтарда газ қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше бақылау қойылған.2025 жылы қала бойынша 231 014 тұрғын үйде, оның ішінде 105 533 көпқабатты және 125 481 жеке тұрғын үйде, сондай-ақ 3 185 кәсіпкерлік нысанда профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде газ қауіпсіздігі бойынша 231 мың дана жадынама таратылды. Ал 2026 жылы 39 372 тұрғын үй мен 159 кәсіпкерлік нысанда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 32 мың дана жадынама таратылды.Сонымен қатар, газ тұтыну және газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылуда. 2025 жылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306-бабы бойынша 117 адам, 305-бабы бойынша 19 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы айыппұл сомасы 2 миллион теңгеден асты. Ал 2026 жылы осы баптар бойынша 36 тұлға жауапкершілікке тартылды.Мамандар тұрғындарды газ және жылыту жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, ақаулар анықталған жағдайда тиісті қызметтерге жедел хабарлауға шақырады.
Қазақстан мен Испания энергетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылады 10.02.2026
Мадрид, 2026 ж. 9 ақпан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Энергетика жөніндегі мемлекеттік хатшысы Жоан Гроисардпен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саланың орнықты дамуы, энергияға көшу, энергия тиімділігін арттыру және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.Елші испан тарапына энергетика саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары туралы, оның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту, энергетикалық теңгерімді нығайту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы ақпарат берді.Мемлекеттік хатшы өз кезегінде өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге қызығушылық білдіріп, «жасыл» энергетиканы дамыту, энергетикалық жүйелерді заманауи сын-қатерлерге бейімдеу және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы Испанияның тәжірибесімен бөлісті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын пысықтау және диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1158782?lang=kk
Елші Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановтың кездесуі 10.02.2026
2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановтың кездесуі өтті.Аталған кездесу 2026 жылғы қаңтар айында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Б. Саидовпен өткен келіссөздердің жалғасы болып, ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін неғұрлым егжей-тегжейлі талқылауға арналды.Тараптар ағымдағы жылға жоспарланған екіжақты іс-шаралар мен ірі халықаралық оқиғалардың кестесін, сондай-ақ бірлескен үкіметаралық және салалық ынтымақтастық тетіктері аясындағы алдағы отырыстарды қарастырды.Елші Б. Атамқұлов өзбек тарапын Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформалар және елде өткізілетін алдағы референдум туралы хабардар етті.Сондай-ақ 2026 жылғы сәуірде Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысы, оның ішінде экология, орнықты даму және білім беру салаларындағы көптеген іс-шараларды өткізу жоспарлары туралы мәлімет берді. Осы орайда Елші Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың БҰҰ жүйесінде Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасымен және оны іске асыруға қатысты ұсыныстарымен таныстырды.Өз кезегінде Б. Усманов Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаларға өзбек тарапының зор қызығушылығын атап өтіп, алдағы референдумға шынайы қолдау білдірді.Сонымен қатар Сыртқы істер министрінің орынбасары жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екенін растады және Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейде ұсынған бастамаларын жоғары бағалады.Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын қорғау, көпжақты құрылымдар, соның ішінде ИЫҰ және БҰҰ ЭСКАТО аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Кездесу сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1158774?lang=kk
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Павлодар тұрғынына аман-есен үйіне қайтуға көмектест 10.02.2026
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Павлодар тұрғынына аман-есен үйіне қайтуға көмектестіАбай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің әйелдер колониясының қызметкерлері ұзақ мерзімді кездесуден кейін қар құрсауында қалған Павлодар қаласының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған ұлына көмек көрсетті.Ауа райының күрт нашарлауына байланысты олардың автокөлігі толығымен қар астында қалып, отбасы өз бетімен жолды жалғастыра алмады.52 жастағы ер адам 15 жастағы ұлымен бірге жазасын өтеп жатқан жұбайымен кездесуге келген. Олар ұзақ мерзімді кездесуде болған уақытта Шуақ ауылында ауа райы күрт өзгеріп, қатты жел соғып, мол қар жауған. Соның салдарынан отбасының көлігі қалың қарға батып, қозғала алмай қалған.Үйден алыс жерде қиын жағдайға тап болған әке мен бала үлкен қиындық көрді. Сол сәтте кезекшілікте жүрген мекеме қызметкерлері жағдайды байқап, дереу көмекке келген. Олар өз күштерімен және қызметтік техниканың көмегімен қарды тазалап, көлікті қар құрсауынан шығарып, қауіпсіз түрде жолды жалғастыруға мүмкіндік жасады.Колония қызметкерлерінің ұйымшыл әрі жедел әрекетінің арқасында отбасы аман-есен Павлодарға қайтып аттанды.– Ұлым екеуміз өте қиын жағдайға тап болдық – көлігімізді толығымен қар басып қалған, айналада боран, жол көрінбейді. Шынымды айтсам, қатты абдырап қалдым. Сол сәтте колония қызметкерлері көмекке келді. Олар тек қызметтік міндетін орындап қана қоймай, шынайы адамгершілік танытты. Қиын сәтте жанымда бейжай қарамайтын адамдардың болғаны мен үшін өте маңызды болды. Бізге көмектесіп, аман-есен үйге жетуімізге жағдай жасаған әрқайсысына шын жүректен алғыс айтамын, – деді Павлодар тұрғыны.– Біздің қызметкерлер қандай жағдай болмасын адамдарға көмектесуге әрдайым дайын. Бұл жағдайда тек қызметтік міндет емес, адамгершілік жауапкершілік, қамқорлық пен қолдау көрсетілді. Ұжымымыздың жеделдік, бірлік танытып, адамдарды қиын жағдайда қалдырмағанына біз мақтанамыз, – деп атап өтті мекеме бастығы Уәлихан Жұмашев.Мұндай жағдайлар қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің тек тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен шектелмей, сонымен қатар қиын өмірлік жағдайларда азаматтарға көмек көрсететін жоғары моральдық қасиеттерге ие екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1158760?lang=kk
Қызметтік этика: әрбір мемлекеттік қызметші нені білуі тиіс 10.02.2026
Мемлекет пен қоғам арасындағы ашықтық пен тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында қызметтік этика мәселелері ерекше маңызға ие болуда. Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі, көрсетілетін қызметтердің сапасы және тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында қызметтік этика нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалған.Қызметтік этиканың негізгі қағидаттарыӘдеп кодексінде мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін атқару кезінде мыналарға міндетті екендігі белгіленген:• заңдылықты, әділдік пен бейтараптық қағидаттарын сақтауға;• азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне құрметпен қарауға;• мемлекеттік қызметке деген сенімге нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге;• азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайы, әдепті және тактілі болуға.Қызметтен тыс мінез-құлық және беделӘдеп кодексі тек қызметтік уақытқа ғана емес қолданылады. Мемлекеттік қызметші өзінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы, оның ішінде әлеуметтік желілердегі белсенділігі де мемлекеттік қызметтің беделіне әсер ететінін есте сақтауға міндетті.Кодексте мемлекеттік қызметшілер:• қоғамдық айыптауға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерден тартынуға;• дәйексіз ақпараттың таралуына жол бермеуге;• жалпыға ортақ мораль мен іскерлік этика нормаларын сақтауға тиіс екендігі көрсетілген.Этика нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікӘдеп кодексі талаптарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл институтының негізгі міндеті – бұзушылықтардың алдын алу, адал және құрметті мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болып табылады, жазалау шаралары емес.Қорытындылай келе, қызметтік этика – бұл формалдылық емес, мемлекеттік қызметтің сапасын арттырудың маңызды құралы екенін атап өткен жөн. Азаматтарға сыпайы қарым-қатынас жасау, іскерлік қатынас нормаларын сақтау және әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1158764?lang=kk
Алматыда Италиямен мәдениеттік ынтымақтастық талқыланды 10.02.2026
2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Италия мәдениет институтының директоры - Италияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Кризафулли Эдоардомен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы мәдениеттік байланыстар деңгейін өзара арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Э.Кризафулли алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1158750?lang=kk
Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады 10.02.2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Премьер-министр Мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі нығайту жөніндегі тапсырмаларына және Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық мақсаттарға сәйкес Үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған бірқатар шаралар қабылдағанын атап өтті.Салық, тариф және бюджет саясаты, цифрландыру және құрылыс салалары, сондай-ақ әлеуметтік бағыт бойынша қабылданған шешімдер экономиканың дамуына кедергі келтіріп отырған құрылымдық теңгерімсіздіктерді кезең-кезеңімен жоюға бағытталған.Салық және бюджет реформасының нәтижесінде Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді тартпай-ақ, елдің үш жылдық бюджетін қалыптастыру мүмкін болды. Бұл 2028 жылға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімнің 0,9%-ына дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылғы 50%-дан 2028 жылы 34%-ға дейін төмендейді.Жүргізілген реформалар аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың орнықты өсімі сақталды. Ақшалай мәнде жалпы ішкі өнімнің өсімі 20,1 млрд АҚШ долларын құрады.Жалпы алғанда, 2025 жылы ЖІӨ өсімі 6,5% деңгейінде қалыптасты. Экономикалық өсім негізгі салалардың жедел дамуымен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, көлік саласы 17,8%-ға, құрылыс – 14,6%-ға, тау-кен өнеркәсібі – 17,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 12,2%-ға, сауда – 26%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,9%-ға өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1158714?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан саяси диалогты тереңдетуге және консулдық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі 10.02.2026
Нью-Дели, 2026 жылғы 10 ақпан - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Сыртқы істер министрлік департаменттің Бас директоры доктор Биной Джорджпен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін және сыртқы саяси ведомстволар арасындағы диалогты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Кездесулер барысында қазақ дипломаты Үндістан тарапын Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси және институционалдық реформалар туралы хабардар етті. Әсіресе конституциялық өзгерістерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту, Президент өкілеттіктерін шектеу, Парламенттің рөлін арттыру, жергілікті өкілді органдардың құзыретін кеңейту, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін институционалдық тұрғыдан бекіту мәселелері атап өтілді.Тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тақырыптары бойынша пікір алмасты. Үндістан тарапы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік танытып, алдағы уақытта консулдық консультациялар өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.Кездесулер сындарлы әрі достық жағдайда өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы серіктестікті нығайтуға деген өзара мүдделілікті растады. Тараптар тұрақты байланыстарды қолдап, өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1158580?lang=kk
Жаңа Конституция – ел болашағына бастар құқықтық бағдар 10.02.2026
Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы Политехникалық колледж ұжымының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның қоғам дамуына ықпалы және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.Іс-шарада Конституцияның ұлттық құндылықтармен өзара сабақтастығына ерекше назар аударылды. Қатысушылар Ата Заңның тек мемлекеттік құқықтық құжат қана емес, ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, оның әрбір нормасы елдің тарихи тәжірибесі мен стратегиялық даму бағдарын қамтуы тиіс екенін айтты.Дөңгелек үстелде Қазақстан Халық кеңесінің рөлі де жан-жақты түсіндірілді. Кеңес құрамындағы 126 мүшенің 42-сінің өзге этнос өкілдерінен сайлануы қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді. Бұл бастама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты жүзеге асып жатқанын көрсететіні айтылды.Сонымен қатар, Конституцияның 3-бабында көрсетілген мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарына тоқтала келе, ғылым мен білімді дамыту әрдайым мемлекеттің басым бағыты болғаны, ал жаңа Конституцияда бұл салалардың стратегиялық маңызы нақты айқындалғаны айтылды. Адами капиталды дамыту, білім, ғылым және инновацияны қолдау, зияткерлік меншік құқығын қорғау еліміздің ұзақ мерзімді дамуының басты тіректерінің бірі ретінде белгіленген.Жиын барысында спикерлердің бірі, «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Айдар Құлжанов конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып:– Конституция бүгін өзгеріп, ертең өмір бірден өзгеріп кетпейді. Алайда жүйелі реформалар уақыт өте келе өз нәтижесін береді. Бұл өзгерістер ғасырдың ортасына қарай тұрақты әрі әділетті қоғам қалыптастыруға негіз болады, – деді.Ал Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының арнайы пәндер циклының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, полиция полковнигі Айболат Маймақов жаңа Конституция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» басқару моделін іске асыруға берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жүйе билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.Іс-шара қорытындысында жаңа Конституция жобасының негізгі өзегі айқын екені айтылды. Онда адам және оның құқықтары, заң мен тәртіп, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық, бірлік пен келісім, білім мен ғылым, инновация және табиғатқа жауапкершілік сияқты басты құндылықтар қамтылған. Ең маңыздысы – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен әділетті қоғам құндылықтарының нақты бекітілуі екені атап өтілді.Сондай-ақ, Айдар Құлжанов алдағы референдумның маңызына тоқталып, бұл халықтың ел тағдырына қатысты тарихи шешімді бірге қабылдайтын маңызды кезең екенін айтты.– Жаңа Конституция жобасын талқылау – жай ғана мәтінді қарау емес. Бұл елдің болашаққа қандай құндылықтармен қадам басатынын айқындау. Сондықтан бұл үдерістен шет қалмауымыз қажет, – деді ол.Дөңгелек үстелге қатысушылар мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық санасын арттырып, қоғамның ел дамуына белсенді қатысуына ықпал ететінін атап өтіп, жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.
Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді 10.02.2026
Шымкент қаласында медицина ұйымдарының басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Маңызды басқосуға басқарма басшысы Қайрат Қалибеков, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының жетекші мамандары қатысты.Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы медицина саласының өкілдеріне кеңінен таныстырылып, оның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Қатысушылар құжаттың ел дамуының жаңа кезеңіне сай әзірленгенін атап өтті.Жиынға қатысушылардың пікірінше, жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысына негізделген, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дамуға бағытталған маңызды құжат болып табылады. Әсіресе, денсаулық сақтау саласына қатысты нормалар медицина қызметкерлерінің ерекше назарын аударды.Талқылау барысында Конституция жобасының 32-бабына, яғни азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы мен оны іске асыру тетіктеріне айрықша мән берілді. Жобаға сәйкес, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары екі негізгі бағытта қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, заңда белгіленген көлемде тегін медициналық көмек алу құқығы сақталып, сондай-ақ заңнамада көзделген тәртіппен ақылы медициналық қызметтерді пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.Қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің әлеуметтік маңызына тоқталып, медицина қызметкерлерін жобаны қолдауға шақырды.– Азаматтардың медициналық көмек алу құқығы бұрынғыдай заңда белгіленген көлемде сақталады. Ұсынылған өзгерістер әлеуметтік кепілдіктерді нақтылап, оларды құқықтық тұрғыдан нығайтуға бағытталған. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына оң серпін береді, – деді ол.Сонымен қатар, жиында жаңа Конституция жобасының адамға бағдарланған құжат екені ерекше атап өтілді. Онда адам құқықтары мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалған. Денсаулық сақтау, білім және ғылым салаларына ерекше мән берілуі де осы бағыттың нақты көрінісі екені айтылды.Қорытынды сөз сөйлеген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе жан-жақты зерделенгенін атап өтті.– Көптеген мемлекеттерде азаматтардың медициналық көмекке құқығы конституциялық кепілдіктер мен салалық заңнаманың үйлесімі арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан да осы озық тәжірибені негізге алып отыр. Ұсынылып отырған өзгерістердің басты мақсаты – денсаулық сақтау саласының құқықтық негізін күшейту, қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктерді сақтау және медициналық көмектің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету. Жаңа Конституцияда денсаулық сақтау мемлекеттің азамат алдындағы негізгі жауапкершіліктерінің бірі ретінде айқын бекітіліп отыр, – деді ол.Жиын қорытындысында медицина саласының өкілдері жаңа Конституция жобасы азаматтардың денсаулық сақтау құқығын қорғауға, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға оң ықпал ететініндігін атап өтіп, жаңа Ата заң жобасына қолдау білдірді.
Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді 10.02.2026
Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» «Қазақстан мемлекеттілігінің негізі – бірлік пен келісім» тақырыбында этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен ғылыми-сарапшылық топ өкілдері қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Басқосуда Шымкент қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің департамент директоры Қайрат Анарбаев жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталды. Ол Ата Заңның жаңартылған нұсқасы ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті.– Жаңа Конституция жобасын нағыз халықтық Конституция деуге толық негіз бар. Преамбуладан бастап оң өзгерістер анық байқалады. Конституцияның жаңа редакциясында Кіріспе бөлімі толығымен жаңарып, онда Ұлы даланың мыңжылдық тарихына сүйене отырып, Ата Заңның негізгі мақсат-міндеттері айқындалған. Сонымен қатар, жаңа редакцияда адам капиталы, білім, ғылым және инновация мемлекеттік саясаттың басты стратегиялық бағыттары ретінде белгіленіп отыр. Ең бастысы, адамның құқығы мен өмірі ең жоғары құндылық ретінде айқындалды, – деді Қайрат Сапарханұлы.Пікір алмасу барысында қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева жаңа Конституция жобасында дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтау мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған жүйелі өзгерістер қарастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, Аналар кеңесінің осы бағыттағы жұмыстарының белсенді жүргізіліп жатқанын жеткізді.Іс-шара барысында қалалық ассамблея төрағасының орынбасары, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан, қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Рамиля Искандерова және өзге де этномәдени бірлестік өкілдері сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.Дөңгелек үстел қатысушылары жаңа Конституция жобасын кеңінен талқылап, толық қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Вакцинация —қызылшаға қарсы халықты қорғау мен және алдын алудың негізгі шарасы 10.02.2026
Қызылша — жұқпалылығы аса жоғары, қоғамдық денсаулыққа елеулі қауіп төндіретін вирустық инфекциялық аурулардың бірі. Ауру ауа-тамшылы жолмен жұғып, егілмеген тұрғындар арасында жылдам таралуымен ерекшеленеді, соның салдарынан індет ошақтары пайда болып, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.Қызылшаға шалдығу қаупі әсіресе балалар, жүкті әйелдер және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар үшін жоғары. Ауру дене қызуының көтерілуімен, жалпы уыттанумен, тыныс алу жолдарының зақымдалуымен және тән бөртпенің пайда болуымен сипатталады. Асқынуларының қатарында өкпенің қабынуы, құлақ аурулары, энцефалит және өзге де ауыр зардаптар бар.Қызылшаның алдын алудың ең тиімді әрі сенімді жолы — вакцинация. Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізілетін жоспарлы иммундау тұрақты иммунитет қалыптастырып, аурудың даму қаупін едәуір төмендетеді. Вакцинация жеке адамды ғана емес, бүкіл қоғамды қорғап, инфекцияның кең таралуына жол бермейді.Қызылшаның алдын алу мақсатында халықтың вакцинация мен ревакцинациядан уақтылы өтуі, санитариялық-алдын алу шараларын сақтау, сондай-ақ аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуі аса маңызды. Иммундаудың денсаулық пен өмірді сақтаудағы рөлі туралы халықтың хабардарлығын арттыру да ерекше мәнге ие.Қызылшаның алдын алу — мемлекет, медицина саласы және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Уақтылы вакцинация эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің және халық денсаулығын қорғаудың басты шарты болып қала береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-mihailov/press/news/details/1158484?lang=kk