Әлем
МӘМС аясында психолог көмегін алуға бола ма? 08.06.2025
Психологиялық немесе психотерапиялық кеңес – мамандандырылған медициналық көмектің бір түрі. Бұл көмек нақты диагностика мен емдеуді, медициналық оңалтуды қажет ететін ауруларда, сондай-ақ телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсетіледі.Пациент психолог қызметін өз емханасы деңгейінде келесі бағыттар бойынша ала алады:* психологтың қабылдауы;* балалар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша сабақтар өткізу;* мінез-құлықтық және психобелсенді бұзылыстарға күдік туған жағдайларда қабылдау;* әлеуметтік бейімделу, жас ерекшелігіне сай қиындықтар бойынша кеңес беру;* созылмалы аурулары бар пациенттерге өзін-өзі басқару тәсілдерін үйрету;* жүкті әйелдерге, жасөспірімдерге және жастарға Жастар денсаулық орталықтарында қызмет көрсету.Психологтың консультациясы ТМККК, МӘМС жүйесі аясында да қолжетімді.#мәмсАлматыоблысы #осмсАлматинскаяобластьАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1012229?lang=kk
«Жақсылық жаса» марафоны: Алматы облысы көш бастап тұр 08.06.2025
1 наурыздан бастап елімізде «Жақсылық жаса» атты жалпыұлттық акция басталды. Бұл бастама еріктілер қозғалысын дамытуға және азаматтарды әлеуметтік әрі экологиялық жобаларға кеңінен тартуға бағытталған. Марафонның алғашқы күндерінен-ақ Алматы облысының еріктілері белсенділік танытып, екі мыңнан астам іс-шара ұйымдастырып, өңірді республика бойынша алдыңғы қатарға шығарды.Алматы облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, өңірде 20-дан астам ірі еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Еріктілердің жалпы саны 10 мыңнан асып жығылады. Қозғалыс барлық аудандар мен ауылдық округтерді қамтып, әлеуметтік қолдаудан бастап экологиялық жобаларға дейін түрлі бағыттарды біріктіріп отыр. Әсіресе, Мемлекет басшысының «Тaza Қазақстан» бастамасы аясында эковолонтерлікке деген қызығушылық артып келеді.– Соңғы бір жарым жылда жастарды еріктілік қызметіне тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Арнайы іс-шаралар күнтізбесі бекітіліп, Жастар ресурстық орталығы жанынан еріктілік бастамаларды дамыту және қолдау бөлімі ашылды. Сонымен қатар алғашқы көмек көрсету, көшбасшылық, іс-шара ұйымдастыру және жобалық басқару бойынша оқыту курстары іске қосылды, – деді басқарма басшысы Мәди Ахметов.Бұдан бөлек, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында еріктілікті насихаттау мақсатында ауқымды ақпараттық науқан жүргізілуде. Негізгі мақсат – жаңа еріктілерді тарту және қоғамда еріктілер еңбегін кеңінен таныту.Алматы облысының Еріктілер фронт-офисі өз жұмысын жаңартып, жыл бойына жүйелі түрде өткізілетін білім беру бағдарламаларын енгізуде. Бұл бағдарламалар еріктілерге тек көмек көрсетіп қана қоймай, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.Мамандардың айтуынша, «Жақсылық жаса» марафоны – жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, қоғамда еріктілік мәдениетін нығайтатын маңызды алаңға айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1012230?lang=kk
ҚР Елшісі Алмас Сейтақынов сенім грамоталарының көшірмелерін табыстағаны туралы 08.06.2025
Ұлан-Батыр, 2025 ж. 4 маусым – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Л.Мөнхтүшигке сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы стратегиялық әріптестікті дамыту, сондай-ақ 2025 ж. жоғары деңгейдегі өзара сапарларды іске асыру мен кезекті үкіметаралық комиссияның отырысын ұйымдастыру бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1012236?lang=kk
Қазақстан мен Қаратеңіз сауда және даму банкі арасындағы ынтымақтастық перспективалары Грекияда талқыланды 08.06.2025
Афина, 2025 жылғы 4 маусым — Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Султанғожин мен Қаратеңіз сауда және даму банкінің (ҚТСДБ) Президенті Серхат Кёксал арасында бейнеконференция форматында кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ҚТСДБ арасындағы өзара мүдделілік тудыратын ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, әсіресе Қазақстанның Қаратеңіз өңірі елдерімен экономикалық байланыстарды кеңейтуге ұмтылуы тұрғысынан талқылады.Елші Тимур Султанғожин Қазақстанның Қаратеңіз банкімен байланыстарды жандандыруға мүдделілігін атап өтіп, Қазақстан тарапынан банк пен мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды нығайтуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Өз кезегінде ҚТСДБ Президенті Серхат Кёксал ашық диалогқа дайын екенін растап, Қазақстанмен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете алатын нақты жобалық бастамаларды қарастыруға қызығушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша нақты өзара іс-қимыл тетіктері мен форматтарын әзірлеу мақсатында белсенді жұмыс байланыстары мен ақпарат алмасуды жалғастыруға уағдаласты.ҚР Елшілігі, ГрекияАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1012239?lang=kk
Жұмыс кездесуі Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен өткізілді 08.06.2025
«Заң және тәртіп» нарративі аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Департаменті жұмыс кездесуін ұйымдастырды. Іс-шараға шамамен 300 адам қатысты.Кездесу Алматы қаласы Алатау ауданының Оқушылардың инновациялық шығармашылығы орталығы алаңында өтті.Іс-шараға мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және осы ұйымдардың бухгалтерлері қатысты.Департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымов Жарқын білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелерін жан-жақты атап өтіп, адалдық пен парасаттылық қағидаттары әрбір қызметкердің кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі болып табылатынын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі тұстарын атап өтті.Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары мен негізгі заңнамалық актілер таныстырылдыӨз сөзінде Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев елдің болашағы әр азаматтың белсенділігіне, құқықтық санасы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін айтты.Іс-шара соңында қатысушылар спикерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған мазмұнды дәріс және профилактикалық жұмысы үшін алғыс білдірді. #ЗАҢ менТӘРТІП#заң мен тәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1012245?lang=kk
«Астана» алаңында Мемлекеттік рәміздер күніне орай жарқын флешмоб өтті 08.06.2025
Мереке Алмалы ауданы әкімі аппаратының, студенттердің, еріктілердің және Алматы қаласы Полиция департаменті өкілдерінің қолдауымен ұйымдастырылды.Іс-шараға 400-ден астам адам қатысты. Мерекелік көңіл-күйді Алматы қаласы Полиция департаментінің оркестрі орындаған салтанатты әуендер толықтырды.Қатысушылардың қатарында полиция қызметкерлері, еріктілер, жастар белсенділері мен ауданның белсенді тұрғындары болды.Барша қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Рәміздеріміз әрдайым бізді игі істер мен бірлікке шабыттандыра берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1012247?lang=kk
Ұйымдастыру комитеті маусым мерекелері қарсаңында. 08.06.2025
2025 жылдың 27 мамырында аудан әкімдігінің ғимаратында ұйымдастыру комитеті өткізілді. Қаралған мәселелер: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін, балаларды қорғау күнін, ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін өткізу туралы. Барлық мәселелер пысықталды, қажеттіліктер ескерілді және барлық мүдделі ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1012249?lang=kk
Бразилияда БРИКС парламенттік форумы ашылды 08.06.2025
Бразилиа қ., 2025 ж. 4 маусым – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, Бразилияның төрағалығымен өтіп жатқан БРИКС-ке мүше және серіктес елдердің 11-ші Парламенттік форумының ашылуына байланысты оның алқа отырысына қатысты. Іс-шараны Бразилия Ұлттық конгресінің Федералды Сенаты мен Депутаттар палатасы ұйымдастырды.Форумның мақсаты болып, парламентаралық ықпалдастықты нығайту, ғылыми-техникалық алмасуларды ынталандыру, орнықты дамуды ілгерілету, ғаламдық басқару реформаларын қолдау, сондай-ақ парламенттердің, азаматтық қоғам мен әйелдердің БРИКС ұжымдық күн тәртібін қалыптастырудағы рөлін күшейту табылады.Форумның негізгі сессиялары, бразилиялық төрағалықтың басымдықтарын айқындайтын: жаһандық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту; сауда-экономикалық байланыстарды, инвестициялық әрі қаржылық ықпалдастықты нығайту; климаттың өзгеруіне қарсы тұру; жасанды интеллектіні басқарудың халықаралық әдіс-тәсілдерін қалыптастыру; әлем архитектурасы мен ғаламдық қауіпсіздік мәселелерін талқылау; сондай-ақ БРИКС шеңберіндегі көпжақты тетіктердің тиімділігін арттыруға бағытталған институционалды даму тәрізді алты іргелі бағытқа арналмақ.Қазақстан делегациясы аталған іс-шарада ҚР-дың Бразилиядағы Елшілігімен ұсынылды. Жалпы, біздің елдің парламенттік форумдағы қатысуы, БРИКС мемлекеттерімен диалогты тереңдету мен өзара мүдделілік тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамыту ниетін айғақтайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1012261?lang=kk
Молдовада Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселелері талқыланды 08.06.2025
Кишинев, 2025 жылғы 4 маусым – Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Джурджулешты Халықаралық еркін портына барды.Сапар барысында қазақ дипломаты порттың инфрақұрылымымен, логистика және операциялық қызмет көрсету шарттарымен танысып, портты басқаратын Danube Logistics компаниясының Бас директоры Матиас фон Тухермен келіссөздер жүргізді.Сұхбат барсында қазақстандық өнімдерді экспорттау мақсатында Джурджулешты портының әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстан және Молдова арасында транзит және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.Қазақстан Елшісі екіжақты экономикалық қатынастардың оң қарқынын атап өтті. 2024 жылы Қазақстан мен Молдова арасындағы өзара сауда көлемі 75%-ға өсіп, 65 млн. долл. асты. Бұл көрсеткіш екі ел іскер топтарының тиісті байланыстар орнатуға деген қызығушылығының артқанын білдіреді.Осы тұрғыда А.Айдарбеков Қазақстан тарапынан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (ТХКД) дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Ол Джурджулешты портының ТХКД бағыты бойынша ықтимал логистикалық тораптардың бірі ретіндегі маңыздылығына назар аударды. Бұл порт қазақстандық тауарларды Еуропалық Одақ нарығына жеткізудің қосымша бағыты бола алады.Джурджулешты Халықаралық еркін порты – Молдованың Қара теңізге шығатын жалғыз порты. 2030 жылға дейін бұл аумақ еркін экономикалық аймақ мәртебесіне ие. Жыл сайын порт арқылы 2 млн. тоннадан астам жүк өңделеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1012271?lang=kk
Астана 2026 жылғы Болашақ Ойындарының ресми астанасы болып жарияланды 08.06.2025
Бұл туралы Дубай қаласында өткен World Phygital Summit 2025 халықаралық саммитінде Қазақстанда Болашақ Ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі ресми оператор – «Казспортинвест» АҚ басшысы Әлібек Хасенов мәлімдеді.«Біз 100-ден астам елден қатысушыларды қабылдауды жоспарлап отырмыз және әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлердің көптеп келуін күтеміз. Турнир жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз, өйткені еліміз ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруда үлкен тәжірибеге ие», – деді Әлібек Хасенов саммит барысында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1012288?lang=kk
«Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті 08.06.2025
2025 жылғы 30 мамырда Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті. Байқау оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау мақсатында өткізілді.Сайысқа облыстың қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарынан 9 оқытушы қатысып, өздерінің әдістемелік тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар «Бейнесабақ», «Сұрақ-жауап» және «Жағдаяттық тапсырмалар» кезеңдерінде бақ сынады.Байқау қорытындысы бойынша:Бас жүлде – Гүлжазира Жұмақанқызы Баймағамбетова (Арқалық қаласы).I орын – Нурсыйла Махсатовна Мейримханова (Рудный қаласы),II орын – Нұрмұхамед Әмзеұлы Серікбаев (Лисаков қаласы),III орын – Жанар Кумаровна Хаджиева (Ұзынкөл ауданы),Жеңімпаздар мен қатысушылар Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының атынан дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1012293?lang=kk
Дәріхана желілерінің өкілдері мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырушы уәкілетті органдар арасында кездесу өтті 08.06.2025
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен дәріхана желілерінің өкілдері мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырушы уәкілетті органдар арасында кездесу өтті.Кездесу барысында дәріханалардағы дәрілік заттар туралы ақпараттың, жарнамалық және анықтамалық материалдардың мемлекеттік тілде ұсынылу сапасы мен қолжетімділігі талқыланды. Сондай-ақ тұтынушыларға қазақ тілінде сапалы қызмет көрсету мәселесі көтерілді.Шараға Қостанай облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.Тараптар мемлекеттік тілді дамыту – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, бұл бағыттағы өзара іс-қимылды күшейтуге келісті. Кездесу соңында қатысушылар дәріхана қызметінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1012294?lang=kk
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні! 08.06.2025
Бүгін Қостанай қаласында осы атаулы датаға орай мемлекеттік рәміздерге арналған ауқымды салтанатты іс-шара өтті. Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік шараға 1000-ға жуық адам қатысты.🎵 Шара барысында Мемлекеттік Гимн шырқалып, биікке Көк Ту көтерілді. Ерекше форматта өткен патриоттық челлендж, өнерпаздардың әсерлі ән-шашуы мен жастар көшбасшыларының сахнаға шығуы көпшіліктің рухын көтеріп, елдік сезімін оятты.Мемлекеттік рәміздер — бұл тек нышан емес, бұл — халқымыздың болмысын, рухын, бірлігін бейнелейтін ұлы құндылықтар.🇰🇿 Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз асқақ болсын!Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/1012295?lang=kk
Қазақстан–Бельгия Іскерлік кеңесінің үшінші отырысы Брюссельде өтті 08.06.2025
Брюссель, 2025 жылғы 4 маусым – Бельгия астанасында Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесінің үшінші отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан мен Бельгияның жетекші компанияларынан 50-ден астам өкілі қатысты. Шараны БеНиЛюкс Сауда палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің, BECI, AWEX, FIT және Hub.Brussels сауда ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырды.Жиынды ашқан Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан екі ел көшбасшыларының бастамасымен құрылғанын Іскерлік кеңес екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайтуға арналған тиімді алаңға айналғанын атап өтті.Өз кезегінде, Бельгияның Астанадағы Елшісі Анри Вантигем Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиялық рөлін атап өтіп, шетелдік компаниялардың табысты қызметіне ықпал ететін елдің тиімді сыртқы экономикалық саясатының маңыздылығына тоқталды.Кездесу барысында Қазақстан мен Бельгия бизнес-қоғамдастықтарының кең ауқымды ынтымақтастығы мәселелері - әсіресе логистика, жасыл энергетика, химия өнеркәсібі мен биотехнология, жоғары білім беру салаларындағы әріптестік басты назарда болды.Қатысушылар екі ел арасындағы сауда байланыстарының өсіп келе жатқанын атап өтіп, нақты ынтымақтастық жобаларын талқылады.Іс-шара аясында Astana NAN, Artex, Batys Wood Works және басқа да қазақстандық компаниялардан құралған іскерлік делегацияның өкілдері бельгиялық ықтимал серіктестерімен мазмұнды келіссөздер жүргізді.Анықтама: Бельгия Қазақстан экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Бельгиядан Қазақстанға тартылған инвестициялар көлемі 1,2 млрд. АҚШ долларынан асты. Сонымен қатар, 2024 ж. Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 456,3 млн. АҚШ долларын құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1012299?lang=kk
Қарағанды мен Куманово басшылары өңіраралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 08.06.2025
Қарағанды, 2025 жылғы 30 мамыр – Астана халықаралық форумы аясында Солтүстік Македонияның Куманово қаласының мәрі Максим Димитриевски Қарағанды қаласына барды.Сапар барысында М.Димитриевски Қарағанды қаласының әкімі М.Кожуховпен және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.Тараптар екі қала арасындағы өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.М.Кожухов Қарағанды қаласының тарихы, экономикалық әлеуеті, әлеуметтік-мәдени дамуы туралы айтып, екі ел қалалары арасында тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.М.Димитриевски Қарағанды мен өңірдің қазіргі даму деңгейін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Қарағанды қаласы әкімдігі мен Куманово қаласы муниципалитеті арасында сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ қалалық басқару, көлік, экология және әлеуметтік даму салаларында тәжірибе алмасуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Меморандумға қол қою тараптардың ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестікке ұмтылысын растады.Келіссөздерге Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов және Куманово қаласындағы ҚР Құрметті консулы Эюп Абдулахи қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1012300?lang=kk
Қазақстан мен Солтүстік Македония энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуда 08.06.2025
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – Астана халықаралық форумы (AIF-2025) аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Аккенженов Солтүстік Македония Республикасының энергетика, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбалар министрі Саня Божиновскамен кездесті.Тараптар жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытуға баса назар аудара отырып, екі елдің энергетика секторындағы ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.Е.Аккенженов Қазақстанның «жасыл» энергетика секторының белсенді дамуын атап өтіп, македондық серіктестерді жобаларға қатысуға шақырды. Ол біздің еліміздің халықаралық танылған аукциондық сауда-саттық тетігін пайдалана отырып, ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыруда табысты тәжірибесі бар екенін және осы бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.Министр С.Божиновска ЖЭК дамытудың қазақстандық тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді. Заңнамалық бастамаларға, аукциондық рәсімдерге және инвесторларды мемлекеттік қолдау тетіктеріне ерекше қызығушылық танытты.Кездесуге Солтүстік Македония Республикасындағы Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршаков қатысты.Сонымен қатар, AIF-2025 аясында С.Божиновска халықаралық сарапшылармен бірге «The Resource Race: who Controls The Green Future» панельдік талқылауына қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1012301?lang=kk
Астанада AIF-2025 аясында Солтүстік Македония Экономика және еңбек министрі баяндама жасады 08.06.2025
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – Астана халықаралық форумы (AIF-2025) аясында Солтүстік Македонияның Экономика және еңбек министрі Бесар Дурмиши «Жасанды интеллект пен шығармашылық индустрия дәуіріндегі зияткерлік меншік: қиындықтар мен мүмкіндіктер» тақырыптық сессиясында сөз сөйледі.Б.Дурмиши Солтүстік Македонияның зияткерлік меншікті дамыту және қорғау жөніндегі ұлттық стратегиясын инновацияға негізделген экономиканың негізгі құрамдас бөлігі ретінде ұсынды, бұл шағын және орта бизнестің стартаптарына ерекше назар аударды.Министр Солтүстік Македония үшін зияткерлік меншік тек құқықтық қорғаныс емес, сонымен бірге нақты экономикалық ресурс екенін атап өтті.Инновациялық инфрақұрылымды дамытуға басты назар аударылды: заманауи технологиялық парк салу, сондай-ақ Еуропалық цифрлық инновациялар орталығының қолдауымен шағын бизнеске арналған цифрлық трансформация бағдарламаларын іске асыру.Солтүстік Македонияның AIF-2025-ке қатысуы оның инновацияларға, инвестицияларға және тұрақты экономикалық дамуға ашық болуға деген ұмтылысын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1012302?lang=kk
Қазақстан мен Корея ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 08.06.2025
Тэджон, 2025 жылғы 3 маусым – Қазақстан «International Space Summit 2025» халықаралық көрмесіне ұлттық стендпен қатысып, ғарыш саласындағы соңғы жетістіктер мен жаһандық даму перспективаларын таныстырды.Іс-шараға мемлекеттік және жеке ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, инвесторлар мен дипломаттар қатысып, ғарыш технологияларын дамыту мен халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.Қазақстан тарапынан форумға Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайыржан Қожаев, «Galam» ЖШС директорының орынбасары Әділсұлтан Лепес және Ионосфера институтының директоры Серік Нұрақынов қатысты.Форумның ашылуында сөз сөйлеген қазақ Елшісі Қазақстанның ғарыш саласына шолу жасап, оның ел үшін стратегиялық маңыздылығын және одан әрі даму әлеуетін атап өтті. Сондай-ақ, ол Қазақстан аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағы – әлемдегі ең көне және ең ірі жұмыс істеп тұрған ғарыш айлағы екенін еске салды.Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығына арналған бейнеүндеуінде соңғы онжылдықтарда жүзеге асырылған ауқымды ғарыш жобаларының ұлттық экономикаға қосқан үлесін атап өткенін және Байқоңырды халықаралық ынтымақтастық, ғылыми алмасу, туризм және білім беру орталығына айналдыруға ұмтылатынын жеткізді.Сондай-ақ, Елші «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы корей компанияларымен отандық ғарыш инфрақұрылымы мен технологияларын дамыту саласында ең жоғары деңгейдегі келісімдерге сәйкес ынтымақтастықты дамытып жатқанын хабарлады. Ол Қазақстанның спутниктік байланыс сияқты негізгі бағыттарға инвестиция салуды жалғастырып жатқанын атап өтті.Сонымен қатар, ол елде «KazSat» байланыс спутниктері мен «KazEOSat» жерді қашықтықтан зондтау спутниктері сәтті жұмыс істеп тұрғанын, олардың телекоммуникациялық инфрақұрылым мен кеңістіктік мониторинг жүйесін дамытуда маңызды рөл атқаратынын айтты.Саммит аясында қазақстандық делегация іс-шараның негізгі ұйымдастырушыларының бірі болған Contec Space Group компаниясының Төрағасы Сон Хи Лимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылап, өзара іс-қимылдың басқа да перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасты.Форумға қазақстандық делегацияның қатысуы екі елдің инновациялық және жоғары технологиялық секторларда, соның ішінде аэроғарыш өнеркәсібінде серіктестікті тереңдетуге деген өсіп келе жатқан қызығушылығын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1012303?lang=kk
Мемлекеттік рәміздер күні 08.06.2025
2025 жылдың 4 маусымында Қостанай қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мереке аясында облыс әкімдігінің алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.Аталған іс-шараға Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова және департамент қызметкерлері қатысты.Мемлекеттік рәміздер күні - мемлекеттіліктің басты белгілерін құрметтеу мен насихаттауға арналған маңызды күн. Бұл атаулы күн азаматтардың ұлттық рәміздерге деген жауапкершілігін арттырып, патриоттық сана мен бірегейлік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1012304?lang=kk
Алматы облысында Мемлекеттік Ту бір мезетте көкке көтерілді 08.06.2025
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы облысында «Тұғырлы Туым» атты ауқымды патриоттық акция өтті. Бұл күні өңірдің барлық аудан-қалаларында бір мезетте Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, елдік пен бірліктің белгісі ретінде ұлықталды.Мерекелік шараның басты бөлімі Іле ауданының Өтеген батыр кенті мен Қонаев қаласының 5-жағажайында ұйымдастырылды. Таңғы сағат 9:00-де Өтеген батыр ауылында Мемлекеттік Ту тұғыры маңына жиналған көпшілік Әнұранды бірге шырқап, көк байрақтың көкке көтерілу сәтіне куә болды.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналған жұртшылықты құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің ел болашағын тәрбиелеудегі маңызын атап өтті:«Ту көтеру – тек салтанатты рәсім ғана емес, бұл – ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің, ұлттық рухты жаңғыртудың нақты көрінісі. Мемлекеттік рәміздер – әр азаматтың жүрегіндегі отансүйгіштік сезімін оятатын киелі нышан», – деді өңір басшысы.Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Мемлекеттік рәміздеріміз – күллі халқымызға қастерлі нышандар» деген сөзіне тоқталып, тәуелсіздіктің құндылығына ерекше мән берді.Шара аясында концерттік бағдарлама ұсынылып, патриоттық әндер шырқалды.Қонаев жағажайында — шеру мен су шоуыМерекенің екінші кезеңі Қонаев қаласындағы 5-жағажайда жалғасты. Қала көшелерімен өткен «Тұлпар» ретро көліктер шеруі мерекеге көрік беріп, жағажай алаңына тізіліп қойылды. Қала әкімінің құттықтауынан соң, концерттік бағдарлама ұсынылды.Көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген сәт — кәсіби флайбордшы Олеся Колесниченконың су үстіндегі көрінісі болды. Ол катерлер мен желкенді қайықтардың арасында әуеге көтеріліп, акробатикалық өнер көрсетті.Рәміз – ұлттың рухы«Тұғырлы Туым» акциясы — халықтың патриоттық рухын көтеріп, мемлекеттік нышандарға деген құрметті арттыруға бағытталған тағылымды бастама. Бұл күн — жас ұрпаққа елдік пен бірлік туралы ой салып, ел рәміздерінің қадірін терең ұғынуға мүмкіндік берді.“Бір мезетте көкке көтерілген Ту – еліміздің тұтастығы мен халқымыздың жүрегіндегі ортақ мақтаныштың белгісі”, – дейді ұйымдастырушылар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1012314?lang=kk