Әлем
Бүгін ауданда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. 08.06.2025
Мерекелік бағдарлама Мемлекеттік Гимнді жаппай орындаумен басталды. Оған жастар мен еңбек ұжымдарының өкілдері белсене қатысты.Мемлекеттік Туды көтеру құрметі Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы Жақсылық Шыңғыс Ақылбекұлына берілді.Іс-шара жалғасын жастардың жарқын флешмобы мен патриоттық әндердің орындалуымен тапты.Іс-шара мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын, олардың ұлттық сананы қалыптастырудағы және Тәуелсіз Қазақстанды нығайтудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1012318?lang=kk
Өңір басшысы Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты 08.06.2025
Ақтөбеде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Орталық саябақтағы басты Ту тұғыр алаңында Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.Шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, мемлекеттік қызметшілер, құқыққорғау органдарының өкілдері, жастар ұйымдары, волонтерлер мен қала тұрғындары қатысты.Қатысушылар Қазақ камералық хоры және эстрадалық үрмелі аспаптар оркестірінің сүйемелдеуімен Әнұранды орындады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көкке көтерілді.Құттықтау сөзінде облыс әкімі Асхат Шахаров мемлекеттік рәміздердің патриотизм мен ұлттық сананы нығайтудағы рөлін атап өтті.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны — бұл біздің мемлекеттілігімізді күллі әлем алдында айқындайтын ең биік құндылықтарымыз. Рәміздер халқымызға ерекше рух береді, елге деген мақтаныш сезімін оятады. Бүгінде ақтөбеліктер спорт, ғылым мен мәдениет салаларындағы жетістіктерімен Қазақстан туын биікке көтеруде. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!», — деді өңір басшысы.Іс-шара түрлі жас және түрлі мамандық иелерінің басын патриоттық рухта біріктіре отырып, әрбір жанға бірлік, ұрпақтар сабақтастығы мен Отанға деген сүйіспеншіліктің маңызын еске салды.Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда аталып өтеді және ол — ұлттық бірегейлік пен тәуелсіздіктің құндылығын айқындайтын ел тарихындағы маңызды күн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-karzhy/press/news/details/1012319?lang=kk
Солтүстікте Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтілді 08.06.2025
Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде — бұл Тәуелсіздігіміздің рухын және ұлттық бірлікті бейнелейтін ерекше дата. Айтулы күнге орай облыс орталығында СҚО әкімінің қатысуымен мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті, сондай-ақ еліміз бен өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға марапаттар салтанатты түрде табысталды.Ту, Елтаңба және Әнұран — бұл жай ғана белгілер емес. Олар — бостандықтың, патриотизмнің, тарихымызға, ана тілімізге, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге деген құрметтің символдары. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет — Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі және әр азаматтың парызы."Баршаңызға шын жүректен бейбіт өмір, бақыт, амандық және гүлденген Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Көк Туымыз әрдайым желбірей берсін! Мереке құтты болсын!", - деп атап өтті өңір басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1012346?lang=kk
Бүгін — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні 08.06.2025
Бүгін — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл күн — Ту, Елтаңба мен Әнұран арқылы тәуелсіздігіміз бен бірлігімізді дәріптейтін маңызды мереке.Мемлекеттік рәміздер — елдің жүрегі, халқымыздың рухы мен мақтанышы!1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз елдің жаңа Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын бекітті. Бұл күн — еліміздің тарихындағы маңызды оқиға болды. 2007 жылдан бастап бұл күн ресми түрде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді.Ту — бейбітшілік пен бірліктің белгісі. Көк түс — ашық аспан мен ел тұтастығын білдіреді. Күн мен қыран — еркіндік пен жарқын болашақтың символдары.Елтаңбада — шаңырақ бейнеленген, ол — бірлік пен отбасылық құндылықтың белгісі. Қанатты тұлпарлар — биік арман мен даму жолындағы ұмтылысты білдіреді.Әнұран қазіргі нұсқасы 2006 жылы қабылданды. Негізі — «Менің Қазақстаным» әні. Авторы — Жұмекен Нәжімеденов (сөзі), Шәмші Қалдаяқов (әуені), мәтініне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңдеу енгізген.#МемлекеттікРәміздерКүні #Қазақстан #Отаным #ҰлтМақтанышыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1011847?lang=kk
Қостанайда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 08.06.2025
4 маусым күні Қостанай облысы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға облыстық басқарма өкілдері, жастар, әскери қызметшілер, белсенді азаматтар, оқушылар мен студенттер қатысты. Салтанатты шара Мемлекеттік Тудың көтеріліп, Әнұранның шырқалуымен басталды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің елдік пен бірлікті нығайтудағы маңызын атап өтті. «Мемлекеттік рәміздер – бұл тек Тәуелсіздіктің белгілері ғана емес. Бұл – халқымыздың рухын көтеретін, барша қазақстандықты біріктіретін қасиетті құндылықтар. Әнұран, Ту мен Елтаңба арқылы әлем Қазақстанның бейбітшіл, қуатты әрі ашық мемлекет екенін таниды», – деді өңір басшысы. Өз сөзінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай облысының ел дамуына қосып отырған үлесіне де тоқталды. Биыл өңірде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылуда, тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысы белсенді жүргізілуде, экономиканың негізгі салаларында өсім байқалады. Салтанатты жиында патриоттық бастамалар мен ағартушылық жобаларға белсене қатысқан үздік оқушылар, студенттер мен әскери қызметшілер алғыс хаттармен марапатталды. Шара барысында шығармашылық ұжымдар Отанға арналған әндерді орындап, жастар флешмоб ұйымдастырды. Мерекелік шара еліміздің Мемлекеттік Әнұранының тағы бір мәрте орындалуымен және Мемлекеттік Туға құрмет көрсетумен қорытындыланды. Қатысушылар Қазақстанның Тәуелсіздігін, бірлігі мен болашағын көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге дайын екендерін білдірді. Мемлекеттік рәміздер күні – әрбір азаматқа туған еліне деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті еске салатын тағылымды мейрам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1011863?lang=kk
Стратегиялық даму: «Полудинское» ЖШС мал шаруашылығында қуаттылықты арттыруда 08.06.2025
Мағжан Жұмабаев ауданы Полудино ауылында 2021 жылы іске қосылған «Полудинское» ЖШС сүт кешені белсенді дамып келеді. 400 бас ірі қара малға есептелген бұл ауқымды жоба шаруашылықтың меншікті инвестициясының 3 миллиард теңгесінің арқасында іске асырылды.Еуропадан жоғары өнімді табын құру үшін симменталь және голштино-фриз тұқымдарының 337 аналық басы әкелінді. Жобаны іске асыру шеңберінде екі сиыр қорасы, сауу залы, перзентхана блогы, жас жануарларға арналған үй-жай салынды, сондай-ақ «De Laval» компаниясы шығарған 40 басқа арналған «Карусель» заманауи сауу жабдығы орнатылды.Шаруашылық дамуын жалғастыруда: аналық мал басын 1000 басқа дейін ұлғайту мақсатында жақын арада тағы үш сиыр қорасын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта олардың біреуінің құрылысы жүргізілуде — 300 басқа арналған. Сондай-ақ, екі сүрлем шұңқырының құрылысы аяқталды, бұл сенімді қоректендіруді қамтамасыз етеді.Жобаны іске асыру аудан экономикасының дамуына елеулі үлес қоса отырып, 10 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Кешенді кеңейту Жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктерін және өңірдің агроөнеркәсіптік секторын одан әрі нығайтуды уәде етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1011869?lang=kk
Қостанай ауданында заманауи Балалар шығармашылығы үйі ашылды 08.06.2025
Қостанай ауданының Тобыл қаласында 1300 балаға арналған жаңа Балалар шығармашылығы үйі өз есігін ашты. Салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Өз сөзінде өңір басшысы еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеген басты міндеттердің бірі – адами капиталды дамыту және жастардың әлеуетін толық ашуға жағдай жасау екенін атап өтті. Мемлекет балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық, ғылыми, спорттық және қоғамдық бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін орта қалыптастыруды жүйелі түрде жалғастырып келеді.«Балалар әлемі» қосымша білім беру орталығының құрылысына мемлекеттік бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді. Жаңа нысан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына толықтай сай келеді.Бұл ғимаратта Балалар шығармашылығы үйі мен Балалар музыка мектебі бір шаңырақ астында орналасқан. Шығармашылық үйінің аясында 50-ге жуық үйірме жұмыс істейді. Олардың қатарында түрлі тілдегі пікірсайыс клубтары, актерлік шеберлік, экология, өлкетану, хореография және ұлттық спорт түрлеріне (тоғызқұмалақ, асық ату, дәстүрлі ойындар) арналған үйірмелер бар. Сонымен қатар, робототехника, лего-құрастыру, фото және бейнестудиялар, STEAM-зертханасы мен гидропоника кабинеті жұмыс істейтін заманауи технопарк ашылды.Музыка мектебінде 250-ден астам оқушы 12 бағыт бойынша білім алуда. Өткен оқу жылының өзінде мектептің материалдық-техникалық базасы 107 миллион теңгеге жаңартылды: жаңа музыкалық аспаптар мен заманауи цифрлық құрал-жабдықтар сатып алынды. Оқушылар арасында ұлттық рухты оятатын киелі аспап — домбыра ерекше сұранысқа ие (86 бала). Сонымен қатар, қобыз бен жетігенге қызығушылық танытқан балалардың қатары жыл сайын артып келеді.Соңғы үш жыл ішінде аталмыш мекеме шәкірттері 200-ден астам өңірлік, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Соңғы жетістіктердің бірі — Дильназ Әлембаеваның «Бала шабыты» халықаралық байқауында иеленген Гран-приі және Батыр Қаржаспаевтың Латиф Хамиди атындағы халықаралық байқауда бірінші дәрежелі лауреат атануы.— Өткен жылдың қарашасында «IQostanay» SMART орталығының ашылуында мен мұндай заманауи орталықтар әр аудан мен қалада болуы тиіс екенін айтқан едім. Бүгінде бұл сөз нақты іспен дәлелденіп отыр. Осындай білім ордаларында болашақтың жұлдыздары тәрбиеленетініне сенімдімін, — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Жыл соңына дейін Жангелдин ауданында 100 орындық жаңа Шығармашылық үйінің ашылуы жоспарланған.Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау – Қостанай облысының басты басымдықтарының бірі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1011875?lang=kk
Еуропа Кеңесімен ынтымақтастықты нығайту 08.06.2025
2025 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Еуропа Кеңесінің Экономикалық қылмысқа қарсы күрес және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Евгений Евгениев мырзамен кездесу өтті.Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағыынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық саясатты жетілдіру, халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) ұсынымдарыніске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сол күні Astana International Forum алаңында Агенттік делегациясы Астана қаласында өткен 2024-2027 жылдарға арналған Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен тату көршілік жөніндегі ынтымақтастығының басымдықтары жөніндегі конференцияға қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаттары Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы болашақ өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын таныстыру, сондай-ақ бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыруүшін ресурстарды жұмылдыру мәселелерін талқылау болды.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/1011912?lang=kk
Деструктивтіліктің белгілері 08.06.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1011924?lang=kk
Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері кәсіподағы алаңындағы семинар 08.06.2025
2025 жылғы 29 мамырда Шығыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер департаменті «Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі алаңында семинар өткізді.Негізгі баяндамамен Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Сабралимова Гүлмира Камильевна сөз сөйледі. Ол жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар мәселелерін қозғап, қатысушыларды өткізіліп жатқан акциялармен: «Түбіртекті талап ет — жүлде ұтып ал», «Бәйге» және «Salyq-кэшбек» пилоттық жобасымен таныстырды.Спикер сондай-ақ 250, 270 салық есептілігі нысандарын тапсыру тәртібі, тәсілдері мен мерзімдері туралы, сонымен қатар ҚР ҚМ МКК-нің цифрлық жаңалықтары: «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «Salyq Bot» чат-боты және салық заңнамасындағы басқа да жаңашылдықтар жөнінде хабардар етті.Баяндамалардан кейін семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, берілген түсініктемелер үшін алғыстарын білдірді. Барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1012014?lang=kk
Ұландықтар Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті 08.06.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шара әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындауымен басталды.Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы полковник Нұрбай Бектұрсыновтың жеке құрамның шараға дайындығы туралы баяндамасынан кейін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Еркебұлан Хамидуллин әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады.— 1992 жылғы 4 маусымда "Мемлекеттік рәміздерді бекіту туралы" Заңға қол қойылды. Мемлекеттік рәміздер ұлттық болмысымызды, даналық пен халқымыздың арман-тілектерін бейнелейді. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу — Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті міндеті және ел мен жерді, халықты, тарихты, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қастерлеуді білдіреді. Егемен еліміз әрқашан дамып, өркендей берсін, мемлекеттік рәміздеріміз әлемге танылсын! — деді Е.Хамидуллин.Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер — ажырамас ұғым. Төл нышандарымыз патриотизмді оятар ұлттық мақтаныш болып табылады. Бүгінде еліміз басқа мемлекеттерге тең зайырлы ел ретінде танылды. Ел Президентінің сапарлары барысында және түрлі әлемдік тұғырларда Мемлекеттік Ту биіктен желбірейді.Айта кету керек, бүгін ҚР ІІМ Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде мемлекеттік рәміздерге арналған іс-шаралар өткізілуде. Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1012026?lang=kk
Балалар үшін ұмытылмас мереке! 08.06.2025
Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше назар аударып, оны игі мақсаттарға жетуге бағыттау қажеттігін атап өтті. Балаларды қорғау күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметкерлердің балаларына арналған балалар мерекесі өтті.Іс-шара барысында «Салықтар мен сыбайлас жемқорлық - жақсылық пен жамандық» тақырыбында балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша: 3-6 жас аралығындағы бірінші санатта жеңімпаздар - 1 орын –Алиса Фомич, 2 орын – Мәди Бақытжан, 3 орын - Лина Қайдар7-10 жас аралығындағы екінші санатта 1 орын – Арлан Айтжанов, 2 орын – Зере Темірхан, 3 орын –Ерұлан Сапаров және Айсезім Смағұл жеңіске жетті. 11-15 жас санатында бірінші орында Самира Әбдірахманова, екінші орында Шыңғыс Оралбай, үшінші орында Нәби Темірхан мен Азамат Сапаров.Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.Балалар үшін аниматорлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.Мереке мейірімді, көңілді және есте қаларлық болды. Алда балалардың жазғы демалысы және бұл іс-шара оларды жарқын бастама деп санауға болады. #BIRGEDAMYUSHIN# Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1012036?lang=kk
Терроризмді қаржыландырудағы краудфандинг 08.06.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1012041?lang=kk
ЕАЭО шеңберінде кедендік өзара іс-қимылды нығайту 08.06.2025
2025 жылғы 4 маусымда Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кеден қызметі Біріккен алқасының 50-ші мерейтойлық отырысы өтті, Қазақстан делегациясын Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев басқарды. Осы алаң құрылған сәттен бастап кеден қызметінің басшылары ЕАЭО-да кеден ісін жетілдіруге және дамытуға бағытталған 1000-нан астам шешім қабылдады. Мерейтойлық отырыста тәуекелдерді басқару жүйесін, кедендік құнды бақылауды және жекелеген тауарларды жіктеудің біркелкілігін жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды. Бұдан басқа, интеграциялық бірлестіктің кедендік аумағында "жалған транзит" фактілерін азайту бөлігінде ЕАЭО құқығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды. Кеден қызметінің басшылары транзиттің кедендік рәсімін қолдану мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы шешімге қол қойды, бұл ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады. Отырыс қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті, оның барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлеріне интеграциялық кедендік ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметі Біріккен алқасының 50-ші отырысы" естелік медальдары табыс етілді. ЕАЭО кеден қызметі Біріккен алқасының келесі отырысы ағымдағы жылғы III тоқсанға жоспарланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1012042?lang=kk
ТМД кеден қызметінің басшылары кеңесінің мерейтойлық отырыссы 08.06.2025
2025 жылғы 4 маусымда Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында ТМД кеден қызметінің басшылары кеңесінің 80-ші мерейтойлық отырысы өтті, оған МКК төрағасы Жандос Дүйсембиевтің бастаған Қазақстан делегациясы қатысты. Кеңес экономикалық одақ құру туралы шартты іске асыру мақсатында 1993 жылғы 24 қыркүйекте ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің шешімімен құрылды. Кеңес алаңы жұмыс істей бастағаннан бері ТМД кеден қызметінің басшыларының 80 отырысы өтті және 750 шешім қабылданды. Мерейтойлық отырыс барысында Тараптар Кеңестің құрылуы мен жұмыс істеуі кедендік әкімшілендіруді дамытуға, алдыңғы қатарлы құқық қолдану практикасын құруға және ТМД кеңістігінде кедендік бақылаудың неғұрлым қолайлы шараларын әзірлеуге ықпал еткенін атап өтті. Отырыста ТМД кеден қызметінің басшылары кедендік бақылаудың біркелкілігі мен жетілдірілуіне бағытталған бірқатар шешімдер қабылдады. Атап айтқанда, импортталатын гибридті автомобильдер мен ілеспе құрылғыларға қатысты бақылауды жүргізудің біркелкілігі, кедендік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ тауарлардың жіктелуі мен шығарылған жері бойынша жұмыс тобын құру жөнінде шешімдер қабылданды. Отырыс қорытындысы бойынша ТМД КҚБК халықаралық наградалары тапсырылды. Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері ТМД кеңістігінде кеден саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан жоғары үлесі үшін "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құрметті кеденшісі" төсбелгісімен, сондай-ақ "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кедендік ынтымақтастығын нығайтқаны үшін" айырым белгісімен марапатталды. ТМД кеден қызметінің басшылары кеңесінің келесі отырысы 2025 жылғы екінші жартыжылдықта Тәжікстан Республикасында өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1011664?lang=kk
KazAID және ЭЫДҰ мемлекеттік органдарға дамуға ресми көмек көрсету мәселелері бойынша семинар өткізді 08.06.2025
KazAID және ЭЫДҰ мемлекеттік органдарға дамуға ресми көмек көрсету мәселелері бойынша семинар өткіздіАстана, 2025 жылғы 4 маусым – дамуға ресми көмек (ДРК) туралы статистикалық есептілікті ұсыну бойынша семинар өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы келісімді іске асыру шеңберінде өтті. Жоба ЭЫДҰ мен KazAID әзірлеген Жол картасына сәйкес елдегі ДРК жүйесін дамытуға бағытталған.KazAID Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов құттықтау сөз сөйлеп, ДРК бойынша ашық және шынайы есеп беру халықаралық әріптестер тарапынан сенім кепілі екенін атап өтті.Іс-шара ДРК көрсетуге және ДРК туралы статистикалық есептілікті ұсынуға тартылған негізгі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері үшін ҚР СІМ қолдауымен ұйымдастырылды. Семинар спикерлері ЭЫДҰ Даму мақсатындағы ынтымақтастық жөніндегі директоратының өкілдері – Г.Делаланд, дамуды және өзара іс-қимылды қаржыландыру мәселелері жөніндегі кеңесші және зерттеу үйлестірушісі Сэнди Сюй болды.Қатысушылар дамуға ресми көмек ұғымы мен критерийлерін, деректерді жүйелі жинау мен ұсынудың артықшылықтарын, сондай-ақ гуманитарлық, техникалық және көпжақты көмекті есепке алудың халықаралық тәсілдерін талқылады. Жеңілдіктер, даму мақсаты, стипендиялық бағдарламалар, әкімшілік шығындар және ДРК-нің бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қосқан үлесі сияқты тақырыптар қозғалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1011683?lang=kk
Қазақстанда «Чекті талап ет — Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» акциясы басталды 08.06.2025
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ Қазақстанда «Чекті талап ет — Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» акциясы басталдыҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Halyk Bank және Amian мобильді қосымшасымен бірлесіп, «Чекті талап ет — Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» атты республикалық акцияны іске қосады.Бұл бастама қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды танымал етуге, фискалдық тәртіпті арттыруға және тұтынушылардың саналы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған. Акция өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 маусымнан 30 қарашаға дейін. Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады. Қатысу шарттары:Halyk Bank картасы немесе Halyk QR-коды арқылы Halyk POS-терминалдарда сауда жасаңыз;Фискалдық чектерді Amian мобильді қосымшасына жүктеңіз;Amian профиліңізде ЖСН көрсетілгеніне және төлем картасы өз атыңызға рәсімделгеніне көз жеткізіңіз — бұл ұтыс ойынына дұрыс қатысу үшін маңызды. Сыйлықтар:Ай сайын — еліміз бойынша 30 жеңімпаз анықталады.Әр жеңімпаз Halyk Bank-тегі бонус шотына 100 000 бонус алады. Жеңімпаздар RANDOM.ORG сайты арқылы кездейсоқ түрде анықталып, әр айдың 15-іне дейін @halykbank.kz ресми Instagram парақшасында тікелей эфирде жарияланады. Amian қосымшасы — чектерді сақтау мүмкіндігін беретін цифрлық көмекші.Қосымша App Store және Play Market платформаларында тегін жүктеп алуға қолжетімді. Маңызды:Мемлекеттік кірістер комитеті ескертеді: фискалдық чекті талап ету — бұл тек сыйлық ұтып алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау, есеп айырысудың ашықтығына ықпал ету және адал кәсіпкерлікті дамыту жолы. Әрбір чекті — сыйлыққа және қаржылық мәдениетке жасалған қадамға айналдырыңыз!#АБАЙМКД#DGDABAI#Салықтар#Налоги#Кеден#Таможня#Тікелей_эфир#Прямой_эфир#салықтөлеушігепайдалы#полезноеналогоплательщику Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1020435?lang=kk
Қорғаныс министрі әскери жоғары оқу орындары мен колледждердің үздіктеріне погон табыстады 08.06.2025
Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстан Президенті - Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері және ҰҚК оқу орындарының 14 үздік түлегіне алғашқы офицерлік погондарды табыс етті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, Халық қаһарманы және Қазақстанның Еңбек Ері атақтарының иегерлері, Қарулы күштердің ардагерлері, курсанттар, туыстары мен жақындары қатысты.Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлектеріне лейтенант погондарын табыс етті. Ал Астана және Ақмола облысының Щучинск қаласындағы әскери колледждерді сәтті бітірген жастар кіші сержанттың погондарын алу құрметіне ие болды.Мемлекеттік рәміздер күні үздік курсанттар мен кадеттерге погон табыстаған генерал-полковник Руслан Жақсылықов түлектер Отан қорғаушы атағын лайықты алып жүретініне және батыр бабалардың өсиеттеріне адал болатынына сенім білдірді.Биыл "Атамекен" этномемориалдық кешенінде әскери колледждердің түлектері погон алды.- Бүгін маған "кіші сержант" әскери атағы берілді. Қорғаныс министрінің қолынан погон алу мен үшін үлкен мәртебе. Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж басшылығына және командирлерге оның қабырғасында алған біліміміз үшін өте ризамын. Мен олардың сенімін ақтауға тырысамын, - деді Максим Ибрашев.Әскери институттың үздік түлектерінің бірінің анасы да өз әсерін жеткізді:– Өз басым осындай маңызды іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Менің ұлым бүгін Президенттің қолынан лейтенант погонын алды. Мен оның жетістігіне мақтанамын және болашақта жақсы офицер болатынына сенімдімін, – деп атап өтті Әміре Жолдыбековтің анасы Альфия Есенғалиева.Әскери жоғары оқу орындарының түлектері ел Президенті мен Қорғаныс министріне көрсеткен құрметі үшін алғыс білдіріп, Отанға адал қызмет етуге уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1011781?lang=kk
«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарасы бастау алды 08.06.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарамыз бастау алды. Бүгін, қаламыздың Абай атындағы №1 орта мектептің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушыларына экскурсия ұйымдастырылды.Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отыра «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сондай-ақ балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1011796?lang=kk
«Көк байрағым жасасын» атты танымдық сағат 08.06.2025
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бөлімінде. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Көк байрағым жасасын» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.Шара барысында қатысушылар еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы тың мәліметтерге қанықты. Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен мән-маңызы жайлы еркін әңгіме өрбіді. Көпшілік өз ойларын ортаға салып, рәміздерге деген құрметін білдірді.Жиналған қауым үшін бұл күн жай ғана танымдық сағат емес, елдікке деген мақтаныш сезімді ұялатқан ерекше сәт болды. Көк байрағымыз желбіреп тұрғанда, жүрегіміз де ел деп соға бермек!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1011827?lang=kk