Enbekshi QazaQ

Әлем

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! 08.06.2025
Мемлекеттік рәміздер – бұл жай ғана көзбен көретін белгілер емес. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Мемлекеттік рәміздер – бұл ұлттық мақтаныштың қайнар көзі, жарқын болашаққа деген сенімнің, Отанға деген адалдықтың символы». Бұл сөздер біздің Туымыздың, Елтаңбамыздың және Әнұранымыздың мән-мағынасын айқын бейнелейді. Олар – Тәуелсіздіктің, бостандықтың және ұлттық бірліктің белгісі, халқымыздың бай тарихын, мәдени мұрасын және рухани құндылықтарын бейнелейді. Әрбір рәміз терең мағынаға ие болып, барша қазақстандықтар үшін мақтаныштың қайнар көзіне айналған.Бүгінгі таңда рәміздерімізге деген құрметті сақтау, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына, Отанға деген сүйіспеншілік пен оның мұраттарына адалдықты сіңіру бұрынғыдан да маңызды. Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары әрдайым патриоттықтың, еңбекқорлық пен бірліктің жарқын үлгісі болып қала беретініне сенімдімін. Біз бәріміз бірге қуатты, тұрақты әрі өркендеген Қазақстанның дамуына үлес қосып келеміз.Құрметті жерлестер! Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбекте табыс және туған жеріміздің игілігі жолындағы үлкен жетістіктер тілеймін! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әрқашан бейбіт және гүлденген еліміздің үстінде желбірей берсін! Мереке құтты болсын! Аудан әкімі                                                                      Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1011308?lang=kk
Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өтті 08.06.2025
Бүгін Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин мен Атырау облысы әкімінің мүгедектігі бар адамдарға қатысты кеңесшісі Марат Үмбеталиев мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізіп, олардың жеке сұрақтарына жауап берді.Кездесуге қалалық әкімдіктің дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, Атырау теміржол вокзалының әкімшілігі, денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ мүгедектігі бар жандарды қолдайтын қоғамдық бірлестік өкілдері мен инватакси қызметі қатысты.Кездесу барысында азаматтар инватакси қызметі, тұрғын үй алу, санаторийге жолдама, теміржол қызметі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және пандустар мәселесіне қатысты өз сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.Қала әкімі барлық сұрақтарға заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелердің назарда болатынын жеткізді.Бұл кездесу – жергілікті билік пен қоғам арасындағы ашық диалог пен өзара түсіністіктің жарқын көрінісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011325?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 08.06.2025
1992 жылғы 4 маусым – еліміздің тарихындағы маңызды күн. Бұл күні Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірегейлігін бейнелейтін Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Егемендіктің мызғымас негіздері – Ту, Елтаңба және Әнұран әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті таныстырды.2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды, ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік рәміздердің сипаттамасын және пайдаланылу тәртібін белгілейді.Осы Заңға сәйкес Қазақстанда жыл сайын 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мерекелеріңізбен!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1011372?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ТАПСЫРУ БОЙЫНША ТҮСІНІК БЕРІЛДІ 04.06.2025
2025 жылдың 13 мамыр күні Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлеріне Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің жетекші маманы С.Ғимырованың қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардың декларациясын (кірістері мен мүлік туралы) тапсыру заңдылықтарын түсіндіру бойынша семинар жиналыс өткізілді.Семинар жиналыс барысында қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011182?lang=kk
Әскери-теңіз күштері құрамалары мен бөлімдерінің жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді 04.06.2025
Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Әскери-теңіз күштерінің мыңға жуық әскери қызметшісі жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне көтерілді. Іс-шараларға Әскери-теңіз базасының күштері мен құралдары, әртекті кемелер дивизионы, теңіз жаяу әскерлерінің десанттық-шабуылдау батальоны, диверсияға қарсы күштер мен құралдар ротасы және гидрографиялық қамтамасыз ету қызметтері қатысады.Кешенді тактикалық-саптық сабақтар барысында хабарландыру жүйесінің тиімділігі, штабтар жұмысының үйлесімділігі, бөлімшелерді шоғырланған аудандарға шығарудың жеделдігі тексеріледі. Әскери техника мен қару-жарақ жауынгерлік қолдануға келтірілді.Әскери-теңіз базасының командирі полковник Есенғали Байботаев жауынгерлік кемелер экипаждары мен жағалау бөлімшелері порттар мен кемелер тұрақтарының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларының ұйымдастырғанын атап өтті. Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.Өткізілетін іс-шаралар кешені әскерлердің мақсаты бойынша міндеттерді орындауға дайындығын арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге және әскери қызметшілердің барлық санаттарының одан әрі кәсіби өсуіне бағытталған.Жазғы оқу кезеңінде Әзербайжан қарулы күштерімен бірлескен жаттығулар, кемелердің теңізге шығуы, практикалық атыс, жауынгерлік машиналарды жүргізу, парашютпен секіру және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1011142?lang=kk
«Жәрдем Атырау» 04.06.2025
Ағымдағы жылдың 13 мамырында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында «Жәрдем Атырау» қоғамдық қорының теологы Р.Қалмазұлының қатысуымен семинар өтті.Семинарда қоғамдағы дін саласындағы маңызды ақпараттар туралы айтылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011159?lang=kk
Жұмыс отырысы 04.06.2025
2025 жылдың 3 маусымында Қостанай облысының прокуратурасында алқа отырысы өтті. Отырысқа Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова, басшының орынбасары Темирбек Нажиканов, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Қайрат Баймуханов, сондай-ақ құқық қорғау және қадағалау органдарының өкілдері қатысты.Отырыс барысында Әділет органдары мен жеке сот орындаушыларының өзара іс-қимыл тиімділігі, соның ішінде сот актілерін орындау кезіндегі олардың әрекеттерінің заңдылығы мен мерзімділігі мәселелері талқыланды. Мемлекет пайдасына өндірумен байланысты және әлеуметтік маңызы бар атқарушылық іс жүргізулерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, өңірдегі жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды күшейту шаралары қарастырылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1011166?lang=kk
Экология – Қостанай облысының стратегиялық басымдығы 04.06.2025
5 маусым – Эколог күні қарсаңында Қазақстан, әлем елдерімен бірге, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда орнықты даму мемлекеттік және өңірлік саясаттың өзегіне айналып отыр. Осы тұрғыда Қостанай облысында экология стратегиялық маңызы бар бағыт ретінде белгіленді. Бұл – уақыт талабы мен келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктен туындаған қажеттілік, тек сәнге айналған ұран емес.Қостанай облысының экологиялық күн тәртібіҚостанай облысы – ірі аграрлық-индустриялық өңір. Ауыл шаруашылығы, кен өндіру және көлік салаларының дамуы табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мен қорғауды талап етеді. Соңғы жылдары өңірде экологиялық ахуалды жақсарту бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр:* Қостанай, Рудный, Жітіқара және Лисаков қалаларында атмосфераға шығарындыларды бақылауға арналған автоматтандырылған мониторинг жүйелері енгізілуде;* Елді мекендерді көгалдандыру және орман алқаптарын қалпына келтіру бағдарламалары іске асуда;* Өндіріс орындарының экологиялық жауапкершілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде;* Қалдықтарды сұрыптап жинау мен қайта өңдеу бастамаларына қолдау көрсетілуде.Эколог күніне орай жыл сайын өңірде қоршаған ортаны қорғауға қоғамды тартуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.Өткізілген шаралар:* 29 мамыр 2025 жыл — Қостанай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысымен «Neco» экологиялық клубы «Табиғат шекарасыз — орман, су, тазалық» атты экосағат өткізді. Іс-шарада табиғи ресурстарға саналы көзқарас, ормандарды өрттен сақтау, суды үнемдеу және тұрмыстық қалдықтардан қорғану мәселелері талқыланды.* 31 мамыр 2025 жыл — «Мөлдір Бұлақ» және «Таза Қала» атты экологиялық акциялар өтті. Оған мемлекеттік органдар, студенттер, волонтерлер, экоактивистер және жергілікті тұрғындар қатысып, жалпы саны 8200 адам болды. 850 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.* 2 маусым 2025 жыл— экоактивистер мен еріктілермен бірлесіп «10 экоәдет — дұрыс өмір салты» атты онкүндік онлайн-челлендж басталды. Әлеуметтік желілер арқылы қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеу жарияланды.* 3 маусым 2025 жыл — Қостанай қаласындағы «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты сурет байқауы өткізілді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.Алдағы жоспарланған шаралар:* 5 маусым 2025 жыл — республикалық «Қоғамдық эко-бақылау» акциясы басталады. Оның аясында мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері бірлесіп туристік, тарихи-мәдени нысандарда және көгалдандыру, заңсыз қоқыс үйінділері, суару жүйелері сияқты мәселелер бойынша экомониторинг жүргізеді.* Осы күні экомарафон басталады. Ол 10 маусымға дейін жалғасады. Марафон аясында су айдындарын, мемлекеттік орман қорын, аулалар мен қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары ұйымдастырылады.* 5 маусым — «Экологиялық үгіт-насихат шараларын өткізу» жобасы аясында тұрғындарға арналған эковикторина, сондай-ақ сала үздіктерін ведомстволық марапаттармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтеді. Сонымен қатар, өңірдің ауыл-аймақтарында «Туған жер — таза жер!» атты экологиялық акция өтеді.* 9 маусым — «Neco» экоклубының бастамасымен мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Жасыл кеңсе қағидаттарын енгізу» атты интерактивті оқыту өтеді.Ортақ іс – ортақ болашақЭкология — бұл тек экологтар мен табиғатты қорғау мекемелерінің міндеті емес. Бұл — бүкіл қоғамға қойылған сын. Әрбір Қостанай тұрғыны табиғатты қорғау ісінде өз үлесін сезінуі тиіс: тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптаудан бастап, ағаш отырғызуға дейін.Тек біріге әрекет еткенде ғана біз Қостанай облысының таза ауасын, құнарлы топырағын және мол су қорын сақтап қала аламыз. Эколог күні — бұл кәсіби мейрам ғана емес, сонымен қатар әрқайсымызға ой салар күн: артта қандай із қалдырамыз?Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1011171?lang=kk
«Зияткерлік меншік құқығы» 04.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 3 маусымында Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинова «Qostanai TV» телеарнасы «Бірінші студия бағдарламасында «Зияткерлік меншік құқығы» тақырыбында сұхбат берді.Сілтеме: https://youtu.be/H3cd3MFfvIU?si=U4DcMSgqciB3wFfJ Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1011134?lang=kk
Алматы тарихы музейі «Жыл музейі» атанды 04.06.2025
Алматы тарихы музейі 2025 жылғы Freedom Ticketon Awards сыйлығының шешімімен «Жыл музейі» атағына ие болды. Қалалық мәдениет басқармасына қарасты бұл мекеме музей инфрақұрылымын дамыту мен жаңа ағартушылық бастамаларды жүзеге асыруға бағытталатын 3 500 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.Айта кетейік, бұл номинацияда Қазақстанның ең ірі музейлері бақ сынаған. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Орталық мемлекеттік музей, А.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Абай Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы, «Шым қала» тарихи-мәдени кешені, ҚР Тұңғыш Президенті орталығы және т.б. мекемелер бар.Бұл жеңіс Алматы тарихы музейінің Қазақстандағы тарихи жад пен мәдени бірегейлікті сақтаудағы жетекші орталықтардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.Айта кетейік, Алматы тарихы музейі Алматы қаласы музейлер бірлестігінің құрамына кіреді. Бұған дейін TÜRKSOY халықаралық түркі мәдениеті ұйымының шешімімен бұл бірлестік Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстан елдерінің музейлері арасында түркі дүниесінің үздік музейі атанып, Best Museum of the Turkic World сыйлығын алған болатын. Бұл марапат түркі әлемінің мәдени мұрасының насихатталуына және сақталуына қосқан зор үлесі үшін берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1011097?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия ЕКПА шеңберінде парламентаралық ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуда 04.06.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 3 маусым – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия делегациясының төрайымы, Финляндия Парламентінің депутаты Миапетра Кумпула-Натримен кездесті. Кездесу барысында тараптар парламентаралық диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық, білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ Еуропа Кеңесі мен ЕҚЫҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аудара отырып, екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.Ә.Әбдіраимов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, құқық үстемдігі, сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатының маңызды аспектілері туралы айтып берді.Миапетра Кумпула-Натри Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалап, олардың елдің ішкі дамуы және халықаралық контексте де маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1011100?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Алматы облысындағы «Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты 04.06.2025
«Таза Қазақстан»: Алматы облысындағы«Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты Экологтар күніне орай, Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Ұзынқарғалы өзенінің бойын тазарту мақсатында «Таза жағажай – таза өзен» экоакциясы өтті. Шараға 100-ден астам адам, олардың қатарында жергілікті тұрғындар, жастар, белсенділер мен қоғамдық ұйым өкілдері ат салысты.Акцияның мақсаты – жағажай аймағын тазарту, су айдындарының ластануының алдын алу және қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару.Жергілікті аналар кеңесінің төрайымы Зияш Мамедова ««Таза Қазақстан» - еліміз, болашағымыз, қоршаған ортамыз үшін үлкен септігі бар экологиялық бағдарлама. Сондықтан, осындай игі шаралар жастарымыздың, жалпы барша жерлестеріміздің ортасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, айланамызды таза ұстауға ынталандырады.» - деп атап өтті.Акция барысында қатысушылар өзен бойын тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаздардан және басқа да қоқыстардан тазалады. Нәтижесінде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды.Бұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstanАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1011102?lang=kk
Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Астанада ОПЕК Бас хатшысы мәртебелі Хайтам әл-Гайспен кездесті 04.06.2025
Кездесу барысында министр Қазақстанның тарихи ОПЕК+ келісіміне оң көзқарасын жеткізіп, жаһандық мұнай нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.Тараптар ынтымақтастық нәтижелері мен «8 ел» кездесуі аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары бағалады.Қазақстан ОПЕК және келісімге қатысушы мемлекеттермен одан әрі тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, өндірушілердің, тұтынушылардың және жаһандық экономиканың мүддесі үшін әлемдік нарықтағы тұрақтылықты нығайтуға ынталы екендігін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1011105?lang=kk
Қазақстан мен Мажарстан өнеркәсіптік ынтымақтастықты талқылауда: "Hajdu" компаниясымен кездесу 04.06.2025
Будапешт, 2025 жылғы 29 мамыр — Қазақстанның Елшілігінде Мажарстанның жетекші машина жасау компанияларының бірі «Hajdu Hajdúsági Ipari Zrt.»-нің өкілі др. Дьюрко Тюнде ханыммен кездесу өтті.Кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның келешегі, соның ішінде сауда ынтымақтастығын дамыту және Hajdu компаниясының өндірістік қызметінің бір бөлігін Қазақстанда орналастыру мүмкіндігі талқыланды.Қазақстан Елшісі өңдеуші өнеркәсіп, оның ішінде машина жасау мен инженерлік жабдықтар өндірісі елдің индустриялық дамуының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Қазақстан технологиялық даму жолын ұстанып, қазіргі заманғы құзыреттері бар халықаралық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық екенін жеткізді.«Қазақстан өндірістік әріптестік пен технологиялық трансферге ашық. Біз Hajdu компаниясының елімізге деген қызығушылығын жоғары бағалаймыз және бірлесіп өзара тиімді жобаларды жүзеге асыратынымызға сенімдіміз», — деп атап өтті Елші.Қазақстан тарапынан инвестициялық ахуалдың негізгі аспектілері ұсынылды: шетелдік компанияларды қолдау шаралары, инфрақұрылымдық алаңдардың қолжетімділігі, тұрақты нормативтік орта және өңірлік нарықтарға шығу әлеуеті. Инвесторларға Kazakh Invest тарапынан ұсынылатын институционалдық сүйемелдеу тетіктері де ерекше атап өтілді.Др. Дьюрко Тюнде қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс білдіріп, компанияның ынтымақтастықты кеңейтуге деген қызығушылығын білдірді. Сондай-ақ ол жақын арада Hajdu компаниясының өкілдерінің Қазақстанға сапары жоспарланып отырғанын, онда неғұрлым егжей-тегжейлі келіссөздер жүргізіліп, елдегі қатысудың ықтимал нысандары қарастырылатынын растады.Кездесу қорытындысында тараптар бейінді құрылымдар мен әлеуетті серіктестердің қатысуымен жұмыс консультацияларын жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1011109?lang=kk
Қазақстан Вашингтондағы халықаралық алаңда өзін Орта держава ретінде танытты 04.06.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 2 маусым – Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашыкбаев америкалық «Special Competitive Studies Project» ой-талқы орталығы алаңында өткен Тұрақты болашақ форумы аясында өткен «Kazakhstan: An Emerging Middle Power in Central Asia» панельдік сессиясында сөз сөйледі. Сессия модераторы – Ұлыбритания Ішкі істер министрлігінің бұрынғы арнайы кеңесшісі Фиона Хилл болды.Өз сөзінде Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан өзін халықаралық тұрақтылық пен орнықтылықты нығайтуға үлес қосуға дайын проактивті Орта держава ретінде қарастыратынын атап өтті. Бұл ұстаным бұған дейін Астана халықаралық форумында нақты айтылған болатын, онда Қазақстан жаһандық диалог алаңы болуға әзір екенін растады.Қазақ дипломаты дәстүрлі бағыттарға сенімді балама ұсына отырып, жаһандық жеткізу тізбегінің негізгі элементіне айналатын Орта дәлізді дамыту арқылы Еуразияның транзиттік хабы ретіндегі елдің рөліне ерекше назар аударды.Сонымен бірге Е. Ашыкбаев АҚШ-пен стратегиялық серіктестікке арнайы тоқталып, Америка Құрама Штаттары Қазақстанның негізгі экономикалық және инвестициялық серіктесі болып қала беретінін атап өтті.Сөзінің соңында Елші Қазақстан стратегиялық және экономикалық серіктестікті тереңдетуге дайындығын ғана емес, сонымен қатар диалог, реформалар мен консенсус үшін платформа бола отырып, неғұрлым тұрақты, интеграцияланған және әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыру үшін жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойнына алуға ниет білдіретінін атап өтті.Іс-шараға сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы жауапты және сенімді серіктес ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін атап өткен жетекші халықаралық сарапшылар, АҚШ мемлекеттік құрылымдарының, талдау орталықтары мен бизнестің өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1011111?lang=kk
Ат айналып қазығын табар... Жабайы жылқылардың ежелгі мекеніне оралуы туралы 04.06.2025
2025 ж. 3 маусым - Будапешт қ. Керқұландардың (Equus przewalskii Poljakov) ежелгі мекені Қазақстанға оралуын - халқымыздың өзінің тарихы танымы, эпос және аңыздарындағы сақталған болмысымен жүздесуі, ал табиғат ананың өз перзенттеріне қауышу десе болады. Жылқы – көшпенді дала салтын ұстанған халық үшін қасиетті жануар. Алғаш болып жылқыны қолға үйреткен қазақтың арғы тегі. Сондықтан, қазақ үшін төрт түлік ішінде жылқының алар орны ерекше.  Керқұландар, кеше Мажарстанның Хортобадь табиғи қорығынын ежелгі заманда аумағында еркін жайылған қазақ даласына Чехия әуе әскери күштерінің ұшағымен жол тартты. Дебрецен қ. халықаралық әуежайында керқұландарды шығарып салу салтанатына, кәсіби мамандардан басқа, жылқы десе жанын беретін Мажар қыпшақтар одағының төрағасы, парламент депутаты Шандор Ф. Ковачта қатысты.Бауырлас мажар даласынан әзірше 4 бас керқұлан бие ұшаққа тиеліп, Қостанай облысы Алтын дала мемлекеттік табиғи резерватына жөнелтілді.2024 жылы Прага зообағы 7 жылқы жіберген болатын. Барлығы 2029 жылға дейін 40-45 жылқыны алдыру жоспарланған.Қазақстандағы жабайы жылқыларды қалпына келтіру жобасы 2024 жылы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Прага зообағы, Қазақстан биоалуандылықты қорғау қауымдастығы, Франкфурт зоологиялық қоғамы, Нюрнберг зообағы, Берлин зообағы және Берлин хайуанаттар паркі, Мажарстан Хортобадь ұлттық паркінің әріптестігімен басталған болатын. Жалпы осы жабайы жылқылардың ең көп популяциясы (265 бас) Мажарстанда тіркелген.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1011112?lang=kk
Таза су және ресурстарды тиімді басқару: Қазақстан Елшісінің Будапешттегі Pureco компаниясымен кездесуі 04.06.2025
Будапешт, 2025 жылғы 3 маусым — Pureco Ltd. компаниясының орталық кеңсесінде Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлының сумен жабдықтау, ағынды суларды тазарту және нөсер суларды басқару саласындағы орнықты шешімдерге маманданған компания басшылығымен кездесуі өтті.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту шеңберіндегі ықтимал ынтымақтастықты, оның ішінде шалғай және ауылдық өңірлерде заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. Әсіресе, өндірісті жергіліктендіру, техникалық әріптестік орнату, сондай-ақ компанияның Қазақстан Республикасындағы экологиялық бағыттағы жобаларға қатысу мүмкіндіктері ерекше назарда болды.Елші 2025 жылы Қазақстанда жаңа Су кодексі қабылданғанын атап өтті. Бұл құжат су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға, цифрлық шешімдерді дамытуға, суды қайта пайдалану тәжірибесін енгізуге, сондай-ақ климаттық және инфрақұрылымдық сын-қатерлер жағдайында тұрақты сумен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.Pureco Ltd. компаниясының басшылығы қазақстандық нарықты зерттеуге және жобаларға қатысу мүмкіндігін қарастыруға мүдделілік білдірді. Атап айтқанда, олар модульдік су тазарту жүйелерін, ағынды суларды биологиялық өңдеу технологияларын, сондай-ақ жаңбыр суларын жинау және қайта пайдалану шешімдерін енгізу мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екендерін білдірді.Тараптар Kazakh Invest-тің үйлестіруімен өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті. Атап айтқанда, инвестициялық ұсыныс әзірлеу, Қазақстан өңірлеріндегі логистикалық және өндірістік мүмкіндіктерді талдау, сондай-ақ компания өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру арқылы ықтимал өндірістік алаңдарды зерделеу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1011114?lang=kk
Донгнам радиология және ядролық медицина институтымен танысу 04.06.2025
Пусан, 2025 жылғы 21 мамыр – Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Асқар Донгнам радиология және ядролық медицина институтының  (동남권원자력의학원) директоры Ли Чанг Хун (이창훈) мырзамен кездесті. Аурухана шетелдік пациенттерге арналған онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу мүмкіндіктерімен таныстырды.Busan, May 21, 2025 – The Consul General of the Republic of Kazakhstan, Mr. Aslan Askar, met with Dr. Lee Chang-hoon, Director of the Dongnam Institute of Radiological & Nuclear Medicine. The hospital presented its capabilities in diagnosing and treating cancer for international patients. Пусан,21 мая 2025 года – Генеральный консул Республики Казахстан в городе Пусан Аслан Асқар провёл встречу с директором Института радиологии и ядерной медицины Донгнам (동남권원자력의학원) господином Ли Чанг Хуном (이창훈).Больница представила доступные возможности диагностики и лечения онкологических заболеваний для иностранных гражданАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1011120?lang=kk
МҮФТИЯТ АТЫНАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАРҒА ДАСТАРҚАН ЖАЙЫЛДЫ 03.06.2025
Мекке қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан қазақстандық қажылардың құрметіне арнайы дастарқан жайылды.Іс-шараға Қажылық миссиясының төрағасы Кенжетай Байкемелұлы, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов, миссия мүшелері, 15 қажылық компаниясының жетекшілері, уағыз-насихатқа жауапты имамдар мен қажылар қатысты.Рухани басқосу қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Бұдан кейін миссия төрағасы Кенжетай Байкемелұлы меймандарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізіп, қажыларға құт-береке тіледі және қажылық жөнінде насихат айтты.Сонымен қатар, рухани шарада Бас консул Руслан Тобылұлы мен Қазақстан қажыларына қызмет көрсететін «Машариқ әл-Мутамаииза» мекемесі Басқарма кеңесінің мүшесі Хусам Шабана, Ислам тарихын зерттеуші белгілі ғалым Әшірбек Мүминов сөз сөйлеп, қажыларға ізгі тілегін арнады.Мерекелік дастарқаннан кейін қонақтар Сауд Арабиясы Корольдігі Қажылық және ұмра министрлігінің ұйымдастыруымен ұсынылған көрмені тамашалады. Қажыларға арнайы әзірленген көрмеде қажылық пен Мекке қаласының тарихы, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі заманауи форматта көрсетілген.Дереккөз: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1011085?lang=kk
МЕККЕДЕ ҚАЖЫЛЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ 03.06.2025
Қасиетті Мекке қаласында Қазақстан қажыларын ұлы сапарға бастап келген туроператорлар басшыларымен кездесу өтті.Жиынға наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері, Бас консул Руслан Тобылұлы және 15 қажылық туроператорының жетекшілері қатысты.Басқосу барысында қазақстандық қажылардың ұлы құлшылыққа дайындығы, қажылық турфирмаларының қызмет көрсету сапасы т.б мәселелер талқыланды.Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Кенжетай Байкемелұлы компаниялар жетекшілеріне қажыларға сапалы қызмет көрсетуді, олардың құлшылығының дұрыс орындалуын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ жиында қажылардың денсаулығын қадағалау, қауіпсіздік шараларын ескеру секілді мәселелер пысықталды. Қажылық компаниялары жетекшілеріне ҚМДБ тарапынан 15 компанияға бөлініп берілген уағызшы имамдардың лайықты насихат жұмыстарын жүргізуі, қажылардың іс-шараларға жүйелі қатысуын қадағалау сынды тиісті тапсырмалар берілді.Жиында Қазақстан қажылық миссиясының мүшелері де өз ұсыныс-тілектерін жеткізіп, ұлық сапарда белсенділік танытып, жұмысқа жауапкершілікпен қарауға шақырды.Дереккөз: Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1011086?lang=kk