Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан мен Швеция сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің жолдарын талқылады 03.06.2025
Астана, 2025 жылғы 3 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Астанаға ірі іскерлік делегацияны басқарып келген Швеция Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің Сауда саясаты жөніндегі бас директоры Камилла Мелландермен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Швеция арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстар мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Министрдің орынбасары швед делегациясына соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген институционалдық реформалар мен әртараптандырылған әрі болашаққа бағытталған экономиканы құруға бағдарланған шаралар туралы айтты.Осы тұрғыда Р.Василенко өнеркәсіп, «жасыл» технологиялар, орнықты даму, цифрландыру және инновациялар сияқты салаларда жетекші швед компанияларымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделілік білдіріп, Қазақстан мен Швеция арасындағы өзара сауда көлемін арттыру үшін күш-жігерін екі еселеуге шақырды.Өз кезегінде К.Мелландер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жоғары әлеует бар екенін атап өтіп, тұрақты сауда, цифрлық трансформация, көлік және логистика, сирек жер металдарын барлау және өндіру салаларында іскерлік байланыстарды нығайту мен тәжірибе алмасуға жәрдемдесуге швед тарапының дайын екенін білдірді.Тараптар Қазақстан мен Швецияда бизнес жүргізуге арналған жағдайларды жақсарту бойынша диалогты жалғастыру ниетін растады.Кездесу өзара түсіністік пен ашықтық рухында өтіп, қазақ-швед сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын нығайту жолындағы кезекті қадам болды.Анықтама: 2024 жылы Қазақстан мен Швеция арасындағы тауар айналымы 327,4 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 27,7 млн, импорт – 299,7 млн). 2024 жылы Швецияның Қазақстанға тікелей инвестицияларының жалпы ағыны 47,8 млн долларға жетті, ал 2005 жылдан бері 675 миллион доллардан асты. Қазақстанда швед капиталының қатысуымен «Ericsson», «Scania», «Volvo» және басқа да компанияларды қоса алғанда 60-тан астам кәсіпорын тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1011084?lang=kk
Заң және тәртіп басты назарда: ШҚО-да білім беру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланды 03.06.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Бұл іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алудың жүйелі шараларын ашық талқылауға арналған алаңға айналды.Кеңеске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.Қ.Садықов, ШҚО әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиев, сондай-ақ білім басқармасының, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары, орта білім беру ұйымдарының және облыстың қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің өкілдері қатысты.Кездесудің негізгі тақырыбы ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 200-бабына сәйкес енгізілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсыныстарын қарау болды. Ұсыныстар білім беру және спорт саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін факторларды — әлеуметтік саясаттың екі негізгі бағытын жоюға қатысты болды.Кеңеске қатысушылар атап өткендей, осы салалардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер қоғам үшін ерекше сезімтал, өйткені олар азаматтардың, өскелең ұрпақтың мүдделерін тікелей қозғайды және мемлекет институттарына деген сенімді қалыптастырады.Талқылау барысында ШҚО білім басқармасының басшысы И.Чернышева мен ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Можанов қабылданған шаралар туралы баяндады. Олардың айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсыныстарына жауап ретінде анықталған тәуекелдерді жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда. Тәрбие жұмысына, процестердің ашықтығын арттыруға және ішкі бақылауды күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1011059?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Буркина-Фасо арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды 03.06.2025
Астана, 2025 жылғы 3 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Астанаға келген Буркина-Фасоның Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі буркиналықтар министрі Карамоке Траоремен кездесу өткізді.Бұл сапар Буркина-Фасо сыртқы саяси ведомствосы басшысының екіжақты қатынастар тарихында Қазақстанға алғашқы ресми сапары және серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге тың мүмкіндіктер ашады.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы кең ауқымды мәселелерді талқылады. Әсіресе, логистика, пайдалы қазбаларды өндіру, цифрландыру және қорғаныс өнеркәсібі сияқты болашаққа бағытталған салалардағы ынтымақтастықты арттыруға басымдық берілді.«Африка бағыты – Қазақстан сыртқы саясатының маңызды бөлігі. Астана құрлық елдерімен өзара тиімді және тең құқықты серіктестікті нығайтуға ұмтылады», – деді М.Нұртілеу.Сонымен қатар Қазақстан СІМ басшысы Буркина-Фасоның Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтты.Министрлер шарттық-құқықтық базаны тереңдетуге және әртүрлі деңгейдегі сапарларды жандандыруға өзара мүдделілігін растады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында Саяси және дипломатиялық консультациялар жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл құжат ведомствоаралық диалогты институциялау бағытындағы маңызды қадам болды.Буркина-Фасо сыртқы саяси ведомствосы басшысының сапары қазақ-африкалық қарым-қатынастардың қарқынды даму кезеңіне сәйкес келуде. Соңғы жылдары Астанада Того, Конго Республикасы, Гвинея-Бисау мен Руанданың көшбасшылары, сондай-ақ Сьерра-Леоне, Бенин және Руанданың сыртқы істер министрлері ресми сапармен болды.Қазақстан Африка құрлығындағы өз дипломатиялық өкілдіктерін жүйелі түрде кеңейтіп, тең құқық пен өзара құрмет негізінде бірлескен экономикалық жобаларды ілгерітуде.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1011047?lang=kk
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды 03.06.2025
2025 жылғы 3 маусымда Комитет Төрағасы 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сәбит Нұрлыбай мен Институт директоры Индира Оралқызы Әубәкіровның қатысуымен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Заңнама институтымен серіктестік оның ғылыми әлеуетін, Комитеттің үлкен деректерін (BIG DATA) және оның ІТ-технологияларын қолдана отырып, құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған нақты шараларды, сондай-ақ заңнамалық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.Деректермен алмасу, бірлескен зерттеулер, семинарлар мен конференциялар өткізуге ерекше назар аударылды.Қатысушыларға Комитеттің енгізілген бірегей ақпараттық-талдау жүйелері көрсетілді, оның көмегімен қылмыстық және әкімшілік процестердің барлық кезеңдері цифрландырылды, сондай-ақ «e-Otinish» ақпараттық жүйесі негізінде тәуекелдерді болжаудың талдамалық моделі көрсетілді.Меморандумға қол қою ынтымақтастықты одан әрі нығайтады және елдегі заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жәнеарнайы есепке алу жөніндегі комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1011039?lang=kk
Қазақстанның мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 03.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша Президенті болып сайлануымен құттықтады.– Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийдің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Польша халқына құт-береке тіледі.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1011000?lang=kk
ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды 03.06.2025
Қаржы министрі Мәди Такиев министрліктің ұжымына жаңадан тағайындалған аппарат басшысы Эрнар Ержановты таныстырды.Эрнар Бөрібайұлы 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.Еңбек жолын 1998 жылы «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-да бастаған.Мемлекеттік қызметте 2003 жылы қаңтардан бастап ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде жұмыс істей бастады. Сонымен қатар Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.2016 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың ақпанына дейінгі аралықта ҚР Президенті Әкімшілігінде Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты болып жұмыс істеді.2018 жылдың ақпаны мен 2021 жылдың тамызына дейін Қаржы министрлігінде Салық және кеден заңнамасы департаментінің директоры болды.2021 жылдың тамызынан 2022 жылдың қыркүйек айына дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты Әуезов ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасын басқарды.2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қаржы министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып еңбек етті.Еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1011005?lang=kk
Ақмола облысы көктемгі егіс жұмыстарын аяқтады 03.06.2025
Елдің астықты жүрегі саналатын Ақмола облысы биыл да көктемгі дала жұмыстарын толық көлемде аяқтаған алғашқы өңірлердің бірі болды. Өткен жылы дәл осы кезеңде егіс жұмыстарының шамамен 60 пайызы ғана аяқталған болса, биыл шаруалар 19 күн ішінде науқанды толық тәмамдады.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биылғы егіс алқабының жалпы көлемі 5,5 миллион гектарды құрап, былтырғыдан 63 мың гектарға артты. Егіс жұмыстары жоғары агротехникалық деңгейде, қолайлы мерзімде және барлық ресурстарды жұмылдыра отырып ұйымдастырылды.Дайындық кезеңі қыста басталды: алқаптарда қар тоқтату жұмыстары жүргізілді, көктемде 2 миллион гектардан астам жерге ылғал жабу мен өңдеу шаралары атқарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Дала жұмыстарына 37 мыңнан астам техника, соның ішінде заманауи егіс кешендері тартылып, науқан кідіріссіз әрі үйлесімді өтті. Облыста тәулік бойы жұмыс істейтін өңірлік аграрлық кеңес құрылып, шаруаларға тұрақты кеңес берілді.Зеренді ауданындағы жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов шаруаларға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.«Биыл біз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ерте қаржыландырумен, арзандатылған жанар-жағармаймен және барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз еттік. Бұл оң нәтижесін берді – егіс жұмыстары сәтті өтті», – деді өңір басшысы.Мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарды: 778 шаруашылыққа 100 миллиард теңгеден астам сомаға несие берілді, 76 мың тоннадан астам дизель отыны жеңілдетілген бағамен үлестірілді.Егіс құрылымында стратегиялық маңызы бар дақылдардың үлесі артты. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4,6 млн гектарға себілсе, майлы дақылдар көлемі рекордтық 430 мың гектарды құрап, былтырғыдан 161 мың гектарға көбейді. Мал азығы, көкөніс және картоп егілген алқаптар да ұлғайды.Көктемгі жаңбырдың мөлшері қалыпты деңгейден сәл артық болып, өңір бойынша егін біркелкі және қалың шығып жатыр. Бұл – мол өнімнің басты кепілі.Егісті алғаш аяқтаған шаруашылықтар қатарында – «Агрофирма Родина» ЖШС, «Ақтық», «Заречное», «Новоприречное», «Белгородское», «Хлебороб», «Жер-1» және басқа да ірі агроқұрылымдар бар.«Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына шынайы қолдау көрсетіліп жатқаны байқалады. Ендігі міндетіміз – осы қарқынды төмендетпей, егісті уақытылы қорғау шараларын жүргізу», – деді «Викторовское» ЖШС директоры Виталий Гончаров.Келесі кезең – өнім жинауға дайындық. Аграрлар егісті зиянкестер мен аурулардан қорғау жұмыстарын жүргізіп, техниканы ретке келтіріп, астық қабылдау нысандарын дайындауға кіріседі. Ал көктемгі науқанның табысты өтуі биылғы егінге сенімді бастау болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1011017?lang=kk
Израильдің министрімен туризм саласындағы ынтымақтастық талқыланды 03.06.2025
Тель-Авив, 2025 жылғы 3 маусым – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израильдің Туризм министрі Хаим Кацпен кездесті.Кездесу барысында тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Әсіресе, Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыру, мәдени байланыстарды ілгерілету, сондай-ақ екі елдің туристік агенттіктері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.Елші Израильдің бұл саладағы ынтымақтастықты нығайтуға деген қолдауы мен қызығушылығына ризашылық білдіріліп, іскерлік және гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екендігі атап өтті. Дипломат сондай-ақ Қазақстанда туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.Кездесу соңында тараптар туризмді дамыту мен достық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруда өзара қызығушылықтарын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1010927?lang=kk
⚜️Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы 151,2 мың гектар өңделді 03.06.2025
Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы 151,2 мың гектар өңделдіОблыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде шегірткеге қарсы күрес мәселелері мен атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.Облыстық аумақтық инспекция басшысы Асылхан Абтиевтің айтуынша, шегірткеге қарсы ауқымды күрес жүргізілуде. Химиялық өңдеу жұмыстары 512,9 мың гектар алаңда жүргізіледі деп жоспарлануда, оның ішінде 368,5 мың гектары жерүсті әдісімен, ал 144,6 мың гектары әуеден өңделмек.Барлығы 95 арнайы техника тартылды: 73 жерүсті вентиляторлы бүріккіш, 13 аэрозольді генератор және 9 жеңіл авиация ұшағы.Айта кету керек, ауа райының күрт жылынуына байланысты биыл шегірткелердің дернәсілдері әдеттегіден ерте шықты. Сәуір айының соңы және мамырдың басында Шалқар, Ырғыз және басқа да бірнеше ауданда зиянкестердің жаппай пайда болуы тіркелді. Осыған байланысты өңдеу жұмыстары облыстың көптеген ауданында 14 мамырдан басталды. «Облыс шегірткеге қарсы қажетті пестицидтермен толық қамтамасыз етілген. Оларды «Бағжан» ЖШС, «Магтоксин» ЖШС және «Аэро» авиакомпаниясы» ЖШС секілді арнайы компаниялар жеткізуде. Мердігер ұйымдар техниканың басым бөлігін іске қосты. Мысалы, «Бағжан» ЖШС 73 жерүсті бүріккіштің 61-ін жеткізді. Жеңіл авиация аудандардың өтінімдері бойынша жедел түрде жіберілуде. Қазірдің өзінде ұшақтар Ырғыз, Байғанин, Ойыл және Шалқар аудандарында зиянкестердің ошақтарын өңдеу бойынша ұшуды орындады», – деді Асылхан Абтиев.1 маусымға дейін 803 мың гектардан астам жер зерттелді. Жоспарланған 172,6 мың гектардың 151,2 мың гектары өңделіп болды.Аймақтағы қазіргі фитосанитарлық жағдайды ескере отырып, облыс әкімі шегірткеге қарсы күрес бойынша мониторинг және жедел әрекет ету штабының күнделікті жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметтері, мердігер ұйымдар мен аудандық әкімдіктер арасында тұрақты үйлестіруді қамтамасыз ету қажет екенін алға тартты.«Шегірткеге қатысты жағдайға ерекше назар аударуды қажет етеді. Біз егінге зиян келтірмеуіміз керек. Штаб күн сайын отырыс өткізіп отыруы тиіс. Зиянкестердің кез келген ошағы – бұл шұғыл әрекет етуге арналған белгі. Өңдеуді уақытында және сапалы жүргізудің жалғыз жолы бар. Жұмыс нақты, үйлесімді және кідіріссіз ұйымдастырылуы қажет», – деп атап өтті облыс әкімі.***Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1010968?lang=kk
«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету: ШҚО-да жемқорлыққа қарсы жас еріктілер үшін оқыту өтті 03.06.2025
Шығыс Қазақстан облысында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оқыту ұйымдастырылды.Кездесуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жас еріктілер — әділ және ашық қоғам құруға үлес қосуға дайын бастамашыл және бей-жай қарамайтын азаматтар қатысты. Іс-шара барысында жас белсенділерге қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері, сондай-ақ осы саладағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.Алған білімдерін бекіту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта викторина өткізілді. Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын бейнелейтін бейнероликтер көрсетілді.Бүгінде ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарында 136 белсенді бар. Олар мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізеді, әлеуметтік объектілердің қоғамдық мониторингтеріне қатысады, сондай-ақ халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктері туралы белсенді хабардар етеді.Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және мемлекеттік билік институттарына деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1010976?lang=kk
Қостанайда жол қозғалысы жеңілдеді — жаңа бұрылыстар ашылды 03.06.2025
            Қостанай қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында әзірленген жол картасы аясында өткен жылы жеті оңға бұрылатын қосымша жолақ пен он көше қиылысын кеңейту бойынша ауқымды дайындық жұмыстары атқарылды.            Жобаның кезекті кезеңінде «Береке – Аэропорт» бағытында жаңа оңға бұрылатын ауысу жолдары ашылып, жүргізушілерге Станционная және Уральская көшелеріне екі бағыттан да жасыл бағдаршамды күтпей-ақ оңға еркін бұрылуға мүмкіндік берілді.            Айта кету керек, бұл тәжірибе Қостанайда үшінші жыл қатарынан қолданылып келеді. Мұндай жаңашыл шешім көлік ағынын жеңілдетіп, жолдың өткізу қабілетін едәуір арттырып отыр. Сонымен қатар, «Береке – Аэропорт» жолындағы теміржол өткелдері арқылы жүк көліктері мен автобустардың жүруіне тыйым салынып, арнайы жол белгілері орнатылған.            Биыл оңға бұрылатын жолақтар мен жол бөлігін кеңейту жұмыстары Каирбекова мен Назарбаева, Тәуелсіздік пен Бородина, Әл-Фараби мен Абай даңғылы, сондай-ақ Абай даңғылы мен Гоголя, Тәуелсіздік пен Алтынсарин, Әл-Фараби мен Чехова және Тәуелсіздік қиылыстарында, Баймағамбетов пен Гагарин, Баймағамбетов пен Бауман көшелерінің тоғысында жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1010980?lang=kk
Өз ісінің шебері 03.06.2025
 Бүгін 50 жылдық мерейтойын әріптестер арасында да, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен тыс жерлерде де есімі танымал адам атап өтуде. Ол – Жүнісов Төлеш Сансызбайұлы. Тәжірибелі маман, өз ісінің нағыз кәсіпқойы және жүрегі кең адам.Өз өмірін кеден қызметімен байланыстырып, Төлеш Сансызбайұлы тек мамандықты таңдап қана қоймай, мемлекетке жауапкершілік, заңға қызмет ету жолын таңдады. Бір ұйымда ширек ғасырға таяп қалған көпжылдық жұмыс: мінездің тұрақтылығын, ұзақ мерзімді қарым-қатынас құру қабілетін және таңдалған іске адалдықты көрсетеді.Төлеш Сансызбайұлы кеден қызметінде жұмыс істеген жылдары кеден бекетінің инспекторынан бастап, "Павлодар – кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінің басшысына дейін еңбек жолын өтті, әріптестерінің құрметіне, басшылықтың сеніміне және мінсіз қызметі үшін шын жүректен танылуына лайықты болды.Кеден – бұл тек бақылау мен тәртіп қана емес, бұл ұқыптылықты, талаптылық пен шыдамдылықты қажет ететін күнделікті жұмыс. Бұл қасиеттердің барлығы мерейтой иесіне толық тән. Ол кәсіпқойлықтың жоғары деңгейімен, жауапкершілікпен, адамдармен жұмыс істей білу мінезімен, ең шиеленісті жағдайларда сабырлылық пен нормативтік-құқықтық базаны мінсіз білумен ерекшеленеді.Алайда қатаң форма мен нақты ережелердің артында адам тұр. Әріптестер Төлеш Сансызбайұлының қайырымдылығын, әзілкеш сезімін және сенімділігін, оның  сөзбен де, іспен де көмекке келуге дайындығын атап өтеді. Дәл осындай адамдар мемлекеттік қызметшінің нағыз тұлғасын жасайды.Осы айтулы күні, Сізге қымбатты Төлеш Сансызбайұлы, шын жүректен зор денсаулық, амандық, қызметте және өмірде одан әрі сәттілік  тілейміз. Әрбір жаңа күн қуаныш әкелсін, қасыңызда әрқашан сүйіспеншілікке толы отбасы, адал достар және лайықты құрмет болсын. Құрметпен, Павлодар облысы бойыншаМемлекеттік кірістер департаментінің ұжымыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1010984?lang=kk
Ұлттық қорғаныс университетінде шетелдік тыңдаушыларға тілдік курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды 03.06.2025
Орыс тілін даярлау курсының тыңдаушыларын шығару рәсіміне Қазақстандағы Түркия, Франция елшіліктерінің жанындағы әскери атташелер подполковник Шенер Кименче мен полковник Роберт Аземанн қатысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабековтың тілдік даярлық курсынан өту туралы бұйрығы жария етілгеннен кейін тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді. – Біздің оқу орнымыздың қабырғасында достастық армияларының офицерлерін оқыту елдер арасындағы байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал етеді, – деп атап өтті генерал-майор Асқар Мұстабеков.Түлектердің атынан түрік майор Өзтүрік Ресул мен француз офицері майор Валет Реви ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушылар құрамына тілдік дағдыларды дамытуға қосқан үлесі және оқу барысында жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1010876?lang=kk
Астанада Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бақыт Құрманбаевқа ескерткіш ашылды 03.06.2025
Ескерткіш 2020 жылы мезгілсіз дүниеден өткен генерал-майор Бақыт Құрманбаевтың жерленген жеріне орнатылды.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, әріптестері, Қарулы күштердің ардагерлері, туыстары мен жақындары қатысты.Ескерткіштің салтанатты ашылуы Қорғаныс министрлігінің құрмет қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің сүйемелдеуімен өтті. Митингке қатысушылар генерал туралы естеліктерімен бөлісті.ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов Бақыт Құрманбаевтың Отанға және әскери борышына адалдығын, жұмысқа айрықша қабілеттілігі мен әдептілігін атап өтті.Әскерде ол взвод командирінен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына дейінгі жолдан өтті.Б. Құрманбаевтың соңғы қызмет жылы COVID-19-бен күрес кезеңімен тұспа-тұс келді. Сол кезде ол эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан бөлімшелердің әрекеттерін үйлестірді. Ол жеке құрамның, әскери дәрігерлердің жағдайын біліп, әскери қызметшілердің ауру жұқтыру қаупін азайтуға тырысты. Алайда өзі індеттен қорғана алмады.Митингте жұбайы Роза Құрманбаева мен қызы Диана қатысушыларға еске алу шарасын өткізгені үшін алғыс айтты.Жиналғандар II дәрежелі «Даңқ» және «Айбын» ордендерінің иегері генерал-майор Бақыт Құрманбаевты бір минут үнсіздікпен еске алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1010832?lang=kk
«Халық заңгері» жалпыұлттық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді 03.06.2025
«Халық заңгері» жалпыұлттық акциясыҚазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді30 мамырда Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыұлттық акциясы басталады.Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығының таңдаулы өкілдерінен тегін келіп, қажетті кеңес ала алады. Олардың қатарында атақты адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары, т.б.Акцияны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.Федоровский ауданында бұл науқан 30 мамырда сағат 11:00-де, мына мекенжайда өтеді: с. Федоровка, көш. Гоголя 15, «Жастар» РДК.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1010778?lang=kk
Ағымдағы жылдың 30 мамырында аудандық «Жастар» мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. 03.06.2025
Ағымдағы жылдың 30 мамырында аудандық «Жастар» мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.Шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Акция аясында аудан тұрғындары түрлі құқық салаларындағы мәселелер бойынша білікті кеңестер ала алды.Акцияға адвокат Ж.С.Жангабулова, жеке сот орындаушысы Нуржанов Ж.К., нотариустар Искакова А.Т., Москалюк М.М., заң консультанты Моисеенко В.А., сонымен қатар ауданның мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.Акцияға қатысушылар азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа да заңнама мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетті. Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға және халықтың кең топтары үшін құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1010771?lang=kk
Огневка кенті әкімінің аппараты ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Анонс 03.06.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan-ognevka/press/news/details/1010711?lang=kk
«Амангелді» АӨП-да CarGoRuqsat электрондық кезегін іске қосу 03.06.2025
"CarGoRuqsat" қолданудың оң нәтижелерін ескере отырып, 2025 жылғы 9 маусымнан бастап Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан "Амангелді" автомобиль өткізу пунктінде электрондық кезекті іске қосу жоспарлануда.Қазіргі уақытта "CarGoRuqsat" жүйесі Павлодар облысының төрт автомобиль өткізу пунктінде – "Найза, "Шарбақты", "Урлютөбе", "Қосақ" – сәтті жұмыс істеп тұр.Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлап отырған тасымалдаушылар "CarGoRuqsat" қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауға тиіс.Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/ru/start сілтемесі бойынша өту керек, "CarGoRuqsat" қосымшасына тіркелу және кіру, өткізу пунктін таңдау, шекарадан өту күні мен уақытын көрсету, жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру қажет. Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу керек."CarGoRuqsat" жүйесі шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк автомашиналарының жиналуына жол бермеуге ықпал етеді, мемлекеттік кірістер органдарына тәуекелдерді басқару жүйесін автоматты режимде қолдануға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, "CarGoRuqsat" мемлекеттік органдардың 17 ақпараттық жүйесімен біріктірілген, соның есебінен тасымалдаушылар айыппұлдар мен берешектердің болуы, тауарларды өткізу үшін тиісті құжаттарды ресімдеу қажеттілігі және т. б. туралы ақпаратты алдын ала алады.Бүгінгі таңда электрондық кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, Ресей Федерациясымен шекарасында сәтті іске асырылды.Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8-800-080-7777 телефоны бойынша хабарласуға болады. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1010665?lang=kk
Ақпараттық-түсіндіру кездесуі 03.06.2025
2025 жылдың 2 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің жетекші маманы Олжас Сулейменов Әділет департаментінің жас қызметкерлеріне Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. 1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады. Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады және келесі 6 бағытты қамтиды: әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; инфрақұрылымды дамыту; өнеркәсіп және сауда саясаты; экономикалық және қаржы саясаты; цифрландыру; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар. Үміткер тіркеу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы керек. Резервке кіруге үміткерлер бірқатар талаптарға сай болуы керек, соның ішінде: - жасы 35 жастан аспайды, - Қазақстан Республикасының азаматтығы, - жоғары білімнің болуы, - белгілі бір жұмыс тәжірибесі, - мемлекеттік тілді білу В1 деңгейінен төмен емес. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болу үшін 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өту қажет. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында арнайы сайтта pkrezerv.gov.kz онлайн-режимде жүзеге асырылады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1010651?lang=kk
"Қарасора-2025" арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кеңейтілген мәжіліс өтті 03.06.2025
Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтың төрағалығымен «Қарасора - 2025» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кеңейтілген мәжіліс өтті. Алқалы жиынға аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мақсат Беркімбаев, Сырдария ауданы прокурорының орынбасары Ғалымжан Дүйсенбаев, зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім, мәдениет және медицина саласының қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты.Аудан әкімінің орынбасары мәжілісте алғы сөз сөйлеп, есірткіге қарсы күрес баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Есірткі мәселесі ушығып барады. Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет» деген болатын. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен соған тәуелді болып қалады. Осы ретте, республика көлемінде «Қарасора - 2025» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарын белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі. Сондықтан барлық мүдделі тараптарды бірлескен, үйлесімді жұмыс жасауға шақырамын! – деді Димаш Серікбайұлы. Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе көтерілді. Бірінші мәселе ауданы аумағында «Қарасора - 2025» арнайы жедел-профилакалық іс-шарасын өткізу туралы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Әділхан Қанзадаев хабарлама жасаса, екінші мәселе есірткі егу алқаптары анықталған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға заңмен белгіленген жауапкершіліктерін түсіндіру жұмыстары туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейіт баяндама жасады.Жиын барысында аудандық полиция бөлімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп тыңдалып, алдағы уақытта жүргізілетін шаралардың нақты бағыттары талқыланды. Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, профилактикалық іс-шараны жүйелі түрде жүргізу жүктелді.Мәжіліс соңында орталық алаңда полиция басшығылымен жеке құрамға осы бағыттағы жұмыстарды нақты әрі кешенді жұмыстарды іске асыру тапсырылды.Айта кетейік, «Қарасора - 2025» арнайы жедел-профилакалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 1 маусым – 31 қазан аралығында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1010416?lang=kk