Enbekshi QazaQ

Әлем

Латвия мен Қазақстан көлік және логистика саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтуда 02.06.2025
Рига, 2025 жылғы 2 маусым – Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріповтың Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинкамен кездесуі өтті.Тараптар транзиттік бағыттарды кеңейту, инфрақұрылымды жаңғырту және мультимодальды логистикалық тізбектерді дамытуды қоса алғанда, көлік ынтымақтастығын дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Латвиялық порттар арқылы елдер арасындағы жүк тасымалдауды жандандыруға, қазақстандық тауарларды ЕО елдеріне жедел жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын пайдалануға, сондай-ақ жүк айналымы процестерін цифрландыру және кедендік рәсімдерді оңайлату мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар іскерлік және туристік байланыстарды нығайту үшін авиация саласындағы ынтымақтастықты арттыруға келісті. Осы тұрғыда жақын арада елдер арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру туралы  пікір алмасу болды.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Көлік министрі М. Қарабаевтың шақыруы бойынша А. Швинка мырзаның биылғы жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1010108?lang=kk
Ақмола, Түркістан облыстарының және Тәжікстан Республикасының қатысуымен халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті 02.06.2025
Өңіріміздің қонақтары мен облыс орталығының тұрғындарының құрметіне Ақмола облысының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.Концерттік бағдарламаның шымылдығын 50 жылдық тарихы бар халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары «Көкшетау» халықтық би ансамблінің орындауында «Мереке» биімен ашылды. Жетекшісі «Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина. Түркістан облысы мен Тәжікстан Республикасынан келген жәрмеңкеге қатысушыларға арқаның дәстүрлі әнімен құлақ құрышын қандыра орындаған халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Зәмзәгүл Смағұл.Тәжікстан Республикасының өкілдерінің құрметіне Тәжік әні «Kabutar» Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солисті, республикалық байқаулардың лауреаты Арай Букаева тамылжыта шырқады.Сондай-ақ концерттік бағдарламаның сәнін кіргізген Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, «Гәкку» би ансамблі, жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева.Көкше төрінде Түркістан облысының кернейшілері, «Достық», «Гунча» ансамбльдері, «Мәдениет саласының үздігі» Абылай Бәжібай, республикалық байқаулардың лауреаты Дәулет Тұрсынбаев өнерімен шашу шашты.Сонымен қатар, Целиноград, Қорғалжын, Аршалы, Біржан сал және Ақкөл аудандарының шығармашылық ұжымдары жәрмеңкеге қатысушыларға және тұтынушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1010095?lang=kk
Назарбаев университетінде ISEMD 2025 – IV Халықаралық жаңа материалдар мен құрылғылар симпозиумы өтті 02.06.2025
Назарбаев университетінде ISEMD 2025 – IV Халықаралық жаңа материалдар мен құрылғылар симпозиумы өтті28-30 мамыр аралығында Nazarbayev University-де (NU) IV Халықаралық жаңа материалдар мен құрылғылар симпозиумы (ISEMD 2025) өтті. Симпозиум барлығы Испания, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Түркия, Финляндия, Эквадор, Өзбекстан, Ресей және Қазақстаннан 180-ден астам зерттеушінің басын қосты. Қазақстандық қатысушылар арасында ҚазҰУ, Satbayev University, Abai University, Astana IT University және басқа да жоғары оқу орындары бар. Қатысушылар биомассадан жасалған препараттар, электроникаға арналған «ақылды» полимерлер, болашақтың отыны сынды ғылыми мәселелерді талқылады.«Климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаның нашарлап тозуы аясында тұрақты энергетикалық шешімдер өте маңызды», - деп атап өтті NU президенті доктор Вакар Ахмад құттықтау сөзінде. «Жаңартылатын энергетика саласындағы зерттеулер мен білім – біздің миссиямыздың негізгі бөлігі. Біз күн, жел және таза энергияның басқа да түрлері саласында инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге қабілетті болашақ көшбасшыларды дайындап жатырмыз», – деді ол.Ғылыми бағдарлама аясында күн батареялары, биомасса, сутекті өндіру және сақтау, кванттық қосымшаларға арналған топологиялық материалдарды қамтыған 40-тан астам баяндамалар қорғалды. Көпшілікті қазақстандық әзірлемелер қызықтырып, талқыға салынды. NU жанындағы Жаңартылатын энергия зертханасының командасы икемді электроника мен биосенсорларға арналған кеуекті полимерді ұсынды. Ол деформацияға төзімді әрі киілетін құрылғылардың тиімділігін арттырады. Ал биомасса бойынша жұмыс істейтін топ аға ғылыми қызметкер Минавар Шаймарданның жетекшілігімен Қазақстан үшін бірегей зерттеуді, атап айтқанда, фурфурал (жүгері собықтарынан алынған органикалық қосынды) негізіндегі гипертонияға қарсы дәріні ұсынды. Фурфурал – АҚШ Энергетика министрлігінің айтуы бойынша перспективалық биозаттардың бірі.«Біздің басты міндетіміз – Қазақстанда әлемнің түкпір-түкпірінен мықты ғалымдарды жинау. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, бірлескен зерттеулерді дамытуға және Қазақстанның жетістіктерін ілгерілетуге көмектеседі», – деп атап өтті NU жанындағы National Laboratory Astana Жаңартылатын энергия көздері зертханасының басшысы профессор Нұршат Нұражы. «Қазақстандағы ғылымның белсенді дамуы мен университет жүйесіндегі орасан зор жетістіктер мені шын жүректен таңғалдырады. Сіздердің талантты студенттеріңіз біздің Шотландия және Оксфордтағы зертханамда тағылымдамадан өтіп, керемет нәтижелер көрсетті», – деді Батыс Шотландия университетінің профессоры Моджтаба Мирзаэян.Симпозиум Қазақстанды ірі академиялық орталыққа айналдыру жолындағы министрліктің рөлін тағы бір мәрте айқындап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1010088?lang=kk
Ағымдағы жылдың 30 мамырында облыстық «Жастар» мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті 02.06.2025
Ағымдағы жылдың 30 мамырында облыстық «Жастар» мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті Шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Акция аясында аудан тұрғындары түрлі құқық салаларындағы мәселелер бойынша білікті кеңестер ала алды.Іс-шараға адвокат Ж.С., нотариус Искакова А.Т., жеке сот орындаушысы Нұржанов Ж.К., нотариустар Искакова А.Т., Москалюк М.М., жеке сот орындаушысы Ж.К.Нұржанов, заң кеңесшісі Моисеенко В.А., сонымен қатар ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.Акцияға қатысушылар азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа да заңнама мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетті. Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға және жалпы халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1010047?lang=kk
Аудан әкімдігінің отырыс өтті 02.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Асанұлы, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен меншік түріне қарамастан мекеме басшылары қатысты.Бірінші мәселе – 2024-2025 оқу жылын аяқтау және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып хабарлама жасады. Ағымдағы жылы жазғы каникул кезеңінде бекітілген жоспарға сәйкес балаларды сауықтыру демалысымен қамту, қорытынды емтиханға дайындық жұмыстары және жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі туралы ақпарат берді. Екінші мәселе – Денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғас Үсенов баяндады. Аудандық аурухана құрамында ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 1 медициналық бекет жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Тереңөзек кентінде орналасқан ауруханаға қарасты 6000 шаршы метр болатын физиатерапия ғимараты күрделі жөндеу жүргізіліп, 60 төсек орын паллиативтік медициналық көмек көрсету бөлімшесі ел игілігіне берілгенін атап өтті. Үшінші мәселе – Қоғалыкөл ауылдық округіндегі атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы ауылдық округ әкімі Бақытжан Рақымбеков хабарлама жасады. Елді мекенде өткен жылы бірқатар жобалар іске асқан. Атап айтқанда, Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі бағытындағы 10,2 км тас жолына орташа жөндеуге мердігер «Қызылорда Жолдары» ЖШС анықталып бүгінгі таңда жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді. О.Садықұлы көшесінің бойына құны 7 млн. 280 мың теңге спорттық ойын алаңы салынды. Сонымен қатар, елді мекенді газдандыру бойынша демеушілік есебінен жобалық сметалық құжаттар әзірленді.Аудан басшысы жазғы демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында барлық үйірмелердің тұрақты жұмыс жасауды жеткізді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар бөліміне жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Аудандық емхананың бас дәрігеріне аудандағы барлық медицина нысандарының тазалығымен қатар күтіп-ұстау жұмыстарын жүйелі жүргізуді атап өтті. Сондай-ақ, Қоғалыкөл шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жаңа жобаларды ұсынуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1010050?lang=kk
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Зеленое ауылында мамыр айында жаңа медициналық пункттің ашылуы жүзеге асырылды 02.06.2025
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Зеленое ауылында мамыр айында жаңа медициналық пункттің ашылуы жүзеге асырылды.Бұл медициналық нысан ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық – санитариялық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған. Заманауи талаптарға сай медициналық құрал – жабдықтармен және білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, екпе егу, скрининг, жедел және шұғыл медициналық көмек қызметтерін көрсету мүмкіндіктер бар.Енді ауыл тұрғындары сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтерді өз елді мекенінде алу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмек көрсету, дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету және профилактикалық тексерулер жүргізу секілді қызметтер ұсынылатын болады. Аталған маңызды әлеуметтік нысанның ашылуы – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және өңірдегі денсаулық сақтау қызметінің қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір көрінісі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1010059?lang=kk
2025 жылы жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде кейбір салықтық шегерімдерді қолдану 02.06.2025
2025 жылы жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде кейбір салықтық шегерімдерді қолдануҚазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) және оны енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап еңгізілуі жоспарланып отырған келесі өзгерістер мен толықтырулар көзделген.Белгілі болғандай, Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңіне жататын азаматтардың (зейнеткерлер, жеке құрылымдардың қызметкерлері, студенттер және т.б.) қалған санатын жалпыға бірдей декларациялаудан босатуды және жалпыға бірдей декларациялауға тәсілдерді қайта қарауды тапсырды.Осыған байланысты, декларациялау тәртібін оңтайландыру шеңберінде, мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары, қаржы секторының ірі қатысушылары, ұйымдардың құрылтайшылары мен басшылары, жеке практикамен айналысатын адамдар, шетелде мүлкі немесе банк шоты бар адамдар, сондай-ақ табысқа ие болған басқа да тұлғалар, жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын, сондай-ақ есепті кезеңде 20 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын сомаға мүлік сатып алған тұлғалардв қоспағанда, салық салу көзінен табыс алатын жеке тұлғалар (жалақы, зейнетақы, стипендия, зейнетақы, сақтандыру төлемдері және т.б.) жыл сайынғы 270.00 нысанындағы декларацияны тапсырудан босатылады.Жоғарыда аталған, жеке тұлғалардың салықтық шегерімдерді қолдану бөлігіндегі әкімшілендіруді өзгертетін тәсілдерді ескере отырып, бірқатар салықтық шегерімдерді (14 АЕК мөлшерінде, оқытуға, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларға және көпбалалы отбасылар үшін) күнтізбелік айға 30 АЕК, яғни күнтізбелік жылға 360 АЕК мөлшеріндегі бірыңғай базалық шегерімге ауыстыру көзделген, ол салықтық шегерімдерді қолдану туралы еркін нысандағы өтініш негізінде беріледі.Аталған шегерімдер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жеке тұлғалар үшін қызметкерлердің, салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (жеке нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) кірістері бойынша қолдану үшін көзделетін болады.Бұл ретте, қосымша, жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін кәсіби шегерімдерді алып тастаудың орнына ЖТС мөлшерлемесі 10%-дан 9%-ға дейін төмендетілді және ЖТС-ты ай сайын төлеу көзделді.Сондай-ақ, жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін ұсталатын әлеуметтік аударымдар сомасы бойынша қосымша салықтық шегерім – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде енгізіледі. Бұл өзгерістер жеке тұлғалардың салықтық шегерімдерді қолдану тәртібін жеңілдету мақсатында енгізіледі, бұл жеке тұлғалардың салықтық шегерімдерді растайтын құжаттарды жинау, сақтау бойынша қосымша міндеттерін, сондай-ақ жеке тұлғаның жыл сайынғы кірістер мен мүлік туралы декларациясын күнтізбелік жыл үшін алынған барлық кірістерді көрсете отырып, салықтық шегерімдерді қолданумен және бюджетке төленуге тиісті ЖТС-тың нақты сомасын дербес есептеумен тапсыруды, мемлекеттік кірістер органдарының салықтық шегерімдерді қолданудың заңдылығы бөлігінде тексерулер жүргізуді және т.б. алып тастайды.Бұдан басқа, көрсетілген нормаларды ретроспективті түрде енгізуге байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Заң қолданысқа енгізілген күнге дейінгі кезеңде ЖТС есептеу және салықтық шегерімдерді қолдану тәртібі бөлігінде өтпелі ережелер көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1011841?lang=kk
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Халықтық заңгер» республикалық акциясына қатысты 02.06.2025
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Халықтық заңгер» республикалық акциясына қатысты30 мамырда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзекті сұрақтарына жауап беру мақсатында ұйымдастырылған «Халықтық заңгер» республикалық акциясына қатысты.Іс-шара барысында департамент мамандары тұрғындарға тегін кеңес беріп, салық заңнамасына қатысты сұрақтарға жауап берді, салық төлеу тәртібін, электронды мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын, берешекті өтеу механизмін түсіндірді.Акция ашық форматта өтті — әрбір келуші салық органдарының өкілдерімен ғана емес, прокуратура, полиция, жеке заңгерлер мен адвокаттармен де тікелей сөйлесіп, кәсіби құқықтық көмек алды.Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Біз халыққа мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі түсінікті ету бағытындағы жұмысымызды жалғастыра береміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1010001?lang=kk
«Көрнекі ақпарат – Тіл мәдениетінің айнасы» 02.06.2025
2025 жылы атқарылған жұмыстар Ақтөбе облысы «Тіл туралы» Заңның 21-бабы – көрнекі ақпараттың мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуін қамтамасыз ету талаптарын бекітеді. Осыған сәйкес облыста жүйелі түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілді. Жалпы іс-шаралар: 46 іс-шара 1168 түсіндіру жұмысы 697 кәсіпкерлік нысан араланды 3918 көрнекі ақпарат зерделенді 1858 қате анықталды 831 түзетілді 245 бойынша жұмыс жалғасуда Серіктестік аясындағы маңызды кездесулер: 5 дөңгелек үстел 2 кеңейтілген жиналыс 2 ақпараттық жиын Меморандум «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асты. Аудандық нәтиже: 12 аудандағы ас мәзірлері 100% қазақ тіліне аударылды Азаматтық өтініштер: «Айкөмек»: 5 өтініш – толық қанағаттандырылды «Е-Өтініш»: 3 өтініш – Travelers’s, V лаваше, Dober Doner – Жарнама және көрнекі ақпарат: 709 ұсыныс 597 түзетілді Маңдайша, мәзір, баға, тауар атауы – барлығы қамтылды Ақпараттық қолдау: 2 ролик 12 ұсынымдама 3 сұхбат 15 мақала 1 баспасөз брифингі Қорытынды: Мемлекеттік тілге деген жауапкершілік артуда 831 түзету, 780 қосымша өзгеріс, 245 жұмыс жалғасуда Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасады!#АқтөбеТіл #МемлекеттікТіл #КөрнекіАқпарат #TilTazalygy #TilSayasaty #АқпараттықЕсеп   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1010009?lang=kk
Қала әкімі қалалық фонтандардың жай-күйін тексеріп өтті 02.06.2025
Қостанай қаласында барлығы 26 фонтан бар, оның ішінде 18-і — стационарлық, ал 8-і — жүзбелі. Қазіргі уақытта екі стационарлық фонтанда — Жастар бульвары мен Гашек көшесіндегі саябақта — реконструкция жұмыстары жүргізілуде.Биыл фонтандардың техникалық қызмет көрсетуі жергілікті емес ұйым — «Эснаф» ЖШС-не жүктелген. Алайда, қазіргі таңда объектілерді уақытылы іске қосу және олардың күтімі бойынша бірқатар күрделі мәселелер туындауда.Қала әкімі қызмет көрсетуші ұйымға келесі аптаның соңына дейін барлық фонтандарды, соның ішінде Орталық сквердегі жарық-музыкалық фонтанды іске қосуды тапсырды. Сондай-ақ, Жастар бульвары мен Гашек көшесіндегі екі стационарлық фонтанның қайта жаңғырту жұмыстарын 15 күн ішінде бастап, Қала күніне дейін толық аяқтау міндеттелді.Осылайша, барлық жоспарланған жұмыстар аяқталған соң, облыс орталығындағы фонтандардың 100%-ы қайта жаңғыртылып, жөндеуден өтетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1010025?lang=kk
әдістемелік-техникалық оқыту 02.06.2025
Ағымдағы жылдың 27 наурызында «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің» зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г.Сарсеновамен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша филиалының» қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, бас тартулар мен қайта өңдеулерді болдырмау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында әдістемелік-техникалық оқыту жүргізілді.Мамандардың қойылған сұрақтарға қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес түсінік берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009985?lang=kk
"Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні"Республикалық ұлттық ақпараттық науқанын өткізу туралы 02.06.2025
Жыл сайын 1-12 маусым аралығында Республикалық ұлттық "Балалар еңбегін қолдануға қарсы күрестің 12 күні" ұлттық ақпараттық науқаны (бұдан әрі-ҰАК) өтеді.Биылғы жылы науқан "Балалық шақты қорғайық-болашақты құрайық!».Ақпараттық науқанның мақсаты: балалар еңбегін қолдану мәселесіне қоғамдық назар аудару.Ақпараттық науқанның міндеттері: ересектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның назарын балалар еңбегін қолдану проблемасына, оның ауқымы мен сипаттамаларына, оның бала мен қоғам үшін салдарына тарту, жұртшылықтың, оның ішінде әрбір өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнаманың негіздері туралы құқықтық хабардарлығын арттыру.Күтілетін нәтижелер: балалар мен ересектерді қоса алғанда, балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ балалар балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне түскен жағдайларда көмектің ықтимал нысандары туралы қоғамның құқықтық хабардар болу деңгейін арттыру; ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды балалардың заңды мүдделерін қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тартуды жандандыру.Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында осы іс-шараны ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді, жұмыс жоспарлары әзірленді және бекітілді.Осы науқан аясында ауданның білім беру ұйымдарының оқушылары үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады: флешмобтар, дебаттық турнирлер, суреттер, шығармалар конкурстары, акциялар, семинарлар, тренингтер, "Дөңгелек үстелдер" және т.б., мектеп кітапханаларында балалар еңбегін жою мәселелері бойынша әдістемелік нормативтік-құқықтық әдебиеттер көрмелері ұйымдастырылады.Сонымен қатар, полиция бөлімімен бірлесіп "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ", "Түнгі қаладағы балалар", "Қамқор", "Жасөспірім", "Көше" кең ауқымды рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады және өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1009988?lang=kk
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті 02.06.2025
Салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық рухты нығайту мақсатында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадаға белсене қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша команда мүшелері жоғары нәтиже көрсетіп, келесі жетістіктерге қол жеткізді:Футболдан – 1 орынҮстел теннисінен – 1 орын, жеңімпаздар: Татьяна Попович (АРБ бөлімінің басшысы) және Жанібек Тұрағұлов (Рудный қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары)Сонымен қатар, жүзу бойынша да зор жетістіктерге жеттік:Жанболат Берікбаев (Қостанай ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы) — 50 метрге арқамен жүзу бойынша 1 орынАлихан Ерумбаев (Қостанай ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары) — 50 метрге еркін стильде жүзу бойынша 3 орынКоманда атынан қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Осындай іс-шаралар тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, ұжымдық ынтымақтастықты арттыруға да септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1009995?lang=kk
«Caspian news» телеарнасының тікелей эфирі 02.06.2025
025 жылдың 13 ақпанында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Беккалиева Айгерим Сагиндыковна «Caspian news» қалалық телеарнасының тікелей эфирінде «Әлеуметтік қорғау – тұрақтылық кепілі» тақырыбына арналған «Елге қызмет» бағдарламасына қатысты.А.С. Беккалиева Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша және 2025 жылы өзгерген зейнетақы, жәрдемақы төлемдерінің жаңа мөлшерлері туралы сөз қозғап, қойылған сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009934?lang=kk
🔰Табиғатты аялау – ортақ міндет. Талас өзені жағасында экологиялық сенбілік өтті 02.06.2025
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен Талас өзені жағасында экологиялық акция – сенбілік ұйымдастырылды.Табиғатты қорғауға бағытталған шараға 300-ге жуық адам белсене қатысып, нәтижесінде өзен жағасынан 3 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс шығарылды. Бұл бастама өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.Акцияның маңыздылығы – өскелең ұрпаққа табиғатты сүюді, оны қорғап-қадірлеуді үйрету. Мұндай игі шаралар жастарға экологиялық тәрбие беріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың жарқын үлгісіне айналады.Табиғатқа деген жанашыр көзқарасты қалыптастыруға бағытталған мұндай бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1009945?lang=kk
«Халық заңгері» республикалық акциясы өтті 02.06.2025
Қазақстанда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.Акция бір мезгілде еліміздің барлық ірі қалалары мен негізгі елді мекендерінде өтті. Ақмола өңірінде облыс орталығынан басқа, акцияға қалалар мен аудандар да қосылды.Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері азаматтарға салық және кеден саласында кеңес берді.«Халық заңгері» құқықтық демократиялық мемлекетіміздің, ортақ үйіміздің дамуына үлес қосып келеді. Мұнда заңның үстемдігі, азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтау басымдыққа айналуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1009958?lang=kk
«Қиялымдағы демалыс» 02.06.2025
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Қиялымдағы демалыс»  атты кітапханадағы жазғы лагерь маусымының ашылу салтанаты өтті. Шараға жазушы  Оразай Жеңіс  қатысты. Ол балаларды мерекемен  құттықтап, білімді болу үшін кітапты көп  оқыңдар деген тілек білдірді.  Мереке барысында балалар үшін қызықты ойындар ұйымдастырылды.Балаларды  бірнеше ойын аймақтары күтіп тұрды:«Кескіндеме тарихы» – ШҚ өнер музейінің  жылжымалы көрмесі,«Шытырман оқиғалы арал» – қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар,«Ашық аспан астындағы  оқу залы» – оқу мен қарым-қатынасқа арналған жайлы кеңістік. Түрлі-түсті костюм киген көңілді аниматорлар барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады, ән- жырдан шашу шашылды, кітапхананың "Керім-ай" би тобының биші бүлдіршіндері де атсалысты.  Оқырмандарға  әзірленген кітап көрме күні бойы жалғасын тапты. Сондай-ақ, кітапқұмар балалар үшін «Эмиль балмұздақ фабрикасы» ЖШС  балмұздақ таратты.   Кітап оқу – қызықты іс! Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына келіп  жазда кітап оқыңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1009837?lang=kk
Қазақстан мен Корея тарихи жадыны сақтау және жастар алмасуы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты 02.06.2025
Сеул, 2025 жылғы 31 мамыр – Сеул қаласында Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов пен Корея Республикасының Патриоттар және ардагерлер істері жөніндегі министрі Кан Чжон Э арасында кездесу өтіп, сұхбаттасушылар гуманитарлық диалогтың, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Кездесу Корея Республикасының Патриоттар және ардагерлер істері жөніндегі министрлігі ұйымдастырған делегацияны Қазақстанға және бірқатар Еуропа елдеріне (Франция, Бельгия және Нидерланды) тарихи этникалық корейлерге қатысты тарихи орындарға баруға шығарып салу рәсімі аясында өтті. Делегация құрамына тәуелсіздік күрескерлерінің ұрпақтары мен жас көшбасшылар кіретін 30-дан астам қатысушы енді.Іс-шарада сөйлеген сөзінде қазақ дипломаты Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастардың жоғары қарқынын атап өтіп, екі елді ортақ мәдени құндылықтарға, өзара құрмет пен тарихи байланыстарға негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік біріктіретінін жеткізді. Сондай-ақ, ол этникалық корейлердің Қазақстанның дамуына қосқан елеулі үлесіне назар аударды.Елші тарихи жадыны сақтау саласындағы сындарлы ынтымақтастықты ерекше баса айтты. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы шешіміне сәйкес генерал Хон Бом Доның сүйегі Корея Республикасына құрметпен қайтарылғанын еске салды.Өз кезегінде, Министр Кан Чжон Э бұл жастар сапарының ерекше маңызын атап өтіп, қатысушыларды ата-бабалар ерлігін терең түсінуге шақырды.Жалпы, корей делегациясының алдағы сапары Қазақстан мен Корея халықтарының арасын одан әрі жақындастыруға және жастар алмасуын дамытуға бағытталған маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1009846?lang=kk
«Кел, балалар, оқылық» 02.06.2025
1 маусым – Балаларды қорғау күні аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б. Х. Нарымбетовтың қатысуымен мектеп жасындағы балаларға арналған «Кел, балалар, оқылық» сериясымен шығарылған үш томдық антологияның тұсаукесерін өткізді. Кітап тұсаукесері Мәдениет басқармасы мен Білім басқармасының қолдауымен өтті.Іс шарада Қазақстан Жазушылар Одағының Қостанай облысындағы өкілдігінің басшысы Жанұзақ Аязбекұлы, көрнекті ақын, жазушы Ақылбек Шаяхмет, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жүсіпов Саят Дәулетұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Әбутәліп Әмірұлы, Серікбай Оспанов, Суслова Александра Ильинична, Жандос Жүсіпбек, Абылай Мауданов және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.Антологияға халқымыздың ұлы тұлғалары — ағартушы Ыбырай Алтынсарин, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы, барша қазақты оятқан Міржақып Дулатов сынды Алаш арыстарының өнегелі шығармалары енгізілді. Сонымен қатар бұл жинақ қазіргі таңда әдебиетке жаңа леп әкеліп жүрген жас қаламгерлердің туындыларымен толықты. #ҚазақстанбалаларыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1009870?lang=kk
Көлік және логистика — Қостанай облысының экономикалық дамуының қозғалтқышы 02.06.2025
«Авиация және көлік логистикасын дамыту — елдің аумақтық байланыстылығын қамтамасыз ету мен тең мүмкіндіктерге қол жеткізудің негізі», — деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдағы сөзінде.Бүгін Қостанайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды талқылау аясында транзиттік-логистикалық сала мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Басқару, бизнес және қоғам өкілдері өңірдің көлік инфрақұрылымының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады.Облыс автомобиль жолдарының ұзындығы бойынша елде бірінші орын алады. 2025 жылы автожол желісін дамытуға 104,7 млрд теңге бөлініп, бұл өткен жылға қарағанда 42%-ға көп. Жоспарға 1 200 км жол және 103 елді мекендегі 382 көшені жөндеу кіреді. Арнайы назар ауылдық елді мекендерге апаратын жолдарға аударылып отыр: үш жыл бұрын 20 учаске жөнделсе, биыл — 80.«Екінші жыл қатарынан Қостанай облысына облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге еліміздің барлық өңірлері арасында ең көп қаржы бөлініп отыр», — деді жолаушылар тасымалы мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы Алмас Есенжолов.Республикалық маңызы бар жолдардың — Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы, Ұзынкөл – Троебратное, Бестөбе – Ақтөбе облысының шекарасы, Арқалық – Ұлытау облысының шекарасы сынды учаскелердің жөнделуі белсенді жүргізілуде. Соңғы учаскенің жөнделуін аяқтағаннан кейін күнделікті көлік ағыны 150-ден 2 500 машинаға дейін артады деп күтілуде.Астанадан Арқалық, Торғай, Ырғыз арқылы Транскаспий бағытындағы жаңа тасжол жобасының маңызы зор. Бұл жол елдің орталық және батыс өңірлері арасындағы қашықтықты 560 км қысқартып, Қазақстанның халықаралық логистикадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Осы жобалардың әсері айқын. Біріншіден — жүктер мен жолаушылардың жылдам әрі ыңғайлы тасымалдануына қолайлы жағдай жасау. Бұл өз кезегінде жол бойындағы барлық өңірлерде экономикалық белсенділікті арттырып, бизнестің дамуына, сауда мен қызмет көрсету саласының өсуіне септігін тигізеді.Сонымен қатар, магистралдың Транскаспий халықаралық тасымалдау бағытына шығуы Қазақстанның халықаралық логистикалық тізбектердегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл жаһандық экономикалық ахуалдың өзгеруі жағдайында сауда қатынастары мен бағыттарға тез бейімделу үшін өте маңызды.Бизнес өкілдері жол бойындағы сервис пен мультимодальды логистиканың дамуын ерекше атап өтті.«Облысымыз жалпы транзиттік ағынның орталығына айналады. Географиялық орналасуы Қостанайды Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы негізгі транзиттік түйіндердің біріне айналдырады. Осы жобалар костанайлық өндірушілердің өнімдерінің, әсіресе агроөнеркәсіп, машина жасау және қайта өңдеу саласындағы өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етіп отыр», — деді кәсіпкер Валерий Сусаренко.Кәсіпкерлер халықаралық тасымалдау саласындағы оң өзгерістерді де атап өтті. Рұқсатнамалар алу процедурасын жеңілдету рәсімдерді аптамен емес, бір күнде аяқтауға мүмкіндік беріп, бұл әсіресе АӨК пен машина жасау кәсіпорындарының сыртқы нарықтарға шығуын айтарлықтай жеңілдетті. Тасымалдау құнының 30%-ға төмендеуі костанайлық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырды.Логистикалық процестерді цифрландыру жалғасуда — Рұқсаттар ақпараттық базасы (РАБ) аясында интеграциялық шешімдер енгізіліп, транзитті жеделдетіп, операциялардың ашықтығын арттырады деп күтілуде.Дөңгелек үстел қатысушылары транспорт саласын тұрақты дамытудың негізгі факторы — мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы екеніне бірдей келісті.«Мемлекет басшысының Астана, Арқалық, Торғай, Ырғызды жалғайтын жаңа автомобиль магистралын салу туралы тапсырмасы — еліміздің логистикасын дамытуда маңызды қадам болады. Машина жасау, қара металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салалары қатарында бұл сала Қостанай өңірінің экономикасын дамытуда төртінші — стратегиялық маңызы бар бағытқа айналады», — дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1009878?lang=kk