Enbekshi QazaQ

Әлем

Әскери-теңіз күштері сүңгуірлер дайындығын қорытындылады 29.05.2025
Ақтау гарнизонында сүңгуір дайындығы бойынша оқу-әдістемелік жиын аяқталды. Жалпы жиында 15 адам оқыды, оның ішінде корабльдің штаттан тыс сүңгуірлері де бар. Теориялық бөлімде сүңгуір түсірудің физикасы мен физиологиясының негіздері, сүңгуірлік медицинаның, жабдықтардың және түсіруді ұйымдастыру зерделенді. Практикалық сабақтарда сүңгуір жабдықтарын меңгеру, құтқару жұмыстары және су астындағы апаттық жағдайдан шығу дағдылары пысықталды.Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен жеке құрам әртүрлі тереңдіктерге сүңгуірлер түсіруді орындады, корабльдердің су асты бөліктерін зақымдану ықтималдығына тексерді. Жиын барысында арнайы тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдарды үйлестіруге ерекше назар аударылды.Жиын жетекшісі капитан-лейтенант Сайран Әбдікәрімов сүңгуірлер су астында арнайы тапсырмаларды орындауға әркез әзір болуы тиіс деді.– Әрбір сүңгуір жарақтар мен жабдықтарды сенімді түрде үйренуі, су астында сауатты әрекет етуі және корабль сүңгуір тобының құрамында тиімді өзара іс-әрекет жасай білуі тиіс, – деп атап өтті ол.Әскери қызметшілер сүңгуір жабдықтарының материалдық бөлігі мен тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеп, сынақтарды сәтті тапсырып, арнайы жабдықты пайдалануға рұқсат алды.Әскери-теңіз күштерінде сүңгуір дайындығы ұдайы өткізілетінін айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1004918?lang=kk
Қр ауыл шаруашылығы министрі арал ауданындағы зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстарымен танысты 29.05.2025
 ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Арал ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде осы ауданда қолға алынған ерекше қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарымен танысып, жедел штаб отырысына қатысты.«Қызылорда облысы бойынша 60 мың гектар аумақ зерттелді. Оның 18 мың гектарын химиялық өңдеу қажет. Қазіргі таңда 11 700 гектар жер өңделді. Бұл жұмыстың барынша тез аяқталуын және сапалы орындалуын жеке бақылауымда ұстаймын», – деді министр.Мамырдың 26-сындағы жағдай бойынша, облыста үйірлі шегірткеге қарсы күрес жүргізілуде. Жоспарланған 19,654 мың гектардың 11,706 мың гектары өңделіп үлгерді. Зиянкестерге қарсы күреске 4 жеңіл ұшақ, 2 аса жеңіл ұшақ, 12 жерүсті агрегат, 5 дрон және 45 арқаға асылатын бүріккіш құрал қолданылуда. Өңдеуге жататын болжамды жалпы аумақ 60,024 мың гектарды құрайды. Жоспарланған алаңдар бойынша жеткізуші ұйымдармен келісім-шарт жасалған.Үйлестіру жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов басқаратын жедел штаб құрылды. Мұндай штабтар барлық ауданда жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде мониторинг пен бақылауға 279 маман тартылған. Бүгінгі күнге дейін 474,1 мың гектар жер зерттеліп, үйірлі шегірткенің дернәсілдері анықталды. Дегенмен, ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келгені тіркелген жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/1004919?lang=kk
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматы облысында ауқымды жұмыстар атқарылды 29.05.2025
Ағымдағы жылы елімізде өткізілген «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Алматы облысының тұрғындары мен мекемелері белсенді қатысып, табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.Акция аясындағы іс-шараларға 198,7 мың адам, 8 836 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Табиғатты тазарту мақсатында 6,6 мың тонна қоқыс жиналып, қоршаған ортаны көгалдандыру үшін 76 702 түп ағаш және 13 килограмм түрлі ағаш тұқымдары отырғызылды. Бұл жұмыстарға 2 229 бірлік арнайы техника тартылды.Айрықша атап өтерлігі, облыстың 429 мектебінде оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен 11,2 мың ағаш отырғызылды. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық сана-сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.Сонымен қатар, акция аясында 3 048 көппәтерлі тұрғын үйдің, 55 саябақ пен сквердің, 719 тарихи-мәдени ескерткіштің және 1 055 әлеуметтік нысанның аумағы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Алматы облысы «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстар арқылы қоршаған ортаға деген жанашырлықты іс жүзінде дәлелдеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1004962?lang=kk
Қазақстан Елшісі Лахор қаласына іссапармен барды 29.05.2025
Лахор, 2025 ж. 21-23 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Лахор қаласына жұмыс сапарымен барды.Сапар шеңберінде ресми, іскерлік, академиялық топтармен, ПИР  спорт федерацияларымен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ Абдул Алим Хан ат. қайырымдылық қорының балалар үйіне барды.Пенджаб Сауда және өнеркәсіп министрі Ш. Хусеин мырзамен келіссөздер аясында ынтымақтастықты одан әрі арттыру және Қазақстанмен іскерлік байланыстарды жолға қою үшін жаңа бағыттарды іздеу перспективалары талқыланды. Министр провинцияның атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып, қазақстандық кәсіпкерлермен қарым-қатынасты нығайтуға және әртараптандыруға мүдделі екенін атап өтті.«Fauji foods» ltd мекеменің басқарушы директоры Али Аванмен кездесуде тараптар өзара іс-қимыл үшін ықтимал бағыттар бойынша пікір алмасты.Елші «Fresh N Freeze» компаниясының кәсіпорындарының біріне барып, өндіріс үдерісімен және шығарылатын өнім ассортиментімен танысты. Ол ауыл шаруашылығы бойынша екіжақты бірлескен жұмыс тобын құру туралы хабардар етті, оның шеңберінде ауыл шаруашылығы саласында әріптестік орнату жоспарлануда.Лахор қ. Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) президенті М.А.Шадпен  келіссөздер барысында Елші Түркістан және Лахор қалалары арасында бауырластық қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлап, оны іске асыру мақсатында екі қаланың іскер топтары мен СӨП арасында тікелей байланыс орнатуды ұсынды. Өз кезегінде М.А.Шад жақын арада Қазақстанға келуге ниет білдіріп, Түркістан қаласының кәсіпорындарымен және СӨП-мен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.Бикенхаус Ұлттық университетімен, доктор М.Юсуфпен және Пенжаб университетінің проректоры доктор М.Алимен кездесу кезінде тараптар биыл 28 сәуірде өткен Қазақстан және Пәкістан университеттерінің бірінші форумына, сондай-ақ «Study in Kazakhstan» атты білім көрмесіне жоғары баға берді.ҚР мен ПИР жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстарды кеңейту және тереңдету үшін айтарлықтай әлеует атап өтілді.Пәкістанның Ұлттық олимпиада комитетінің, бокс және кабадди федерацияларының басшылығымен келіссөздер барысында тәжірибе алмасу, бірлескен жиындар, оқу-жаттығу лагерлері және т.б. іс-шаралар өткізу мақсатында байланыс орнатуға және өзара іс-қимыл орнатуға қызығушылық білдірілді.Лахор қаласына іссапар шеңберінде Елші «Lake view City» құрылыс мегажобасына барып, онда Ejaz Group төрағасы, бұрынғы ПИР Ішкі істер, сауда, индустрия және өндірісінің федералды министрі Г.Ежаз мырзамен кездесіп, сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды ұлғайтуға баса назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, Елші Абдул Алим Хан ат. «Аpna Ghar» қайырымдылық қорының балалар үйінде болды. Осы мекеменің тәрбиеленушілерімен және оқытушыларымен кездесті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1004978?lang=kk
БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Ф. Паульердің қатысуымен «Өзгерістер көшбасшысы – жастар» форумы 29.05.2025
2025 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Өзгерістер көшбасшысы – жастар: Ықпал үшін диалог» форумына қатысып, сөз сөйледі. Іс-шара БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі көмекшісі доктор Фелипе Паульердің Алматы қ. сапары аясында ұйымдастырылды.Ж. Әбдрашов Қазақстанның БҰҰ-ның жаһандық жастар күн тәртібіне адалдығын растап, цифрландыру, білім беру және психикалық денсаулық салаларында БҰҰ Жастар істері басқармасымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Сондай-ақ Елші Алматы қаласында жаңадан ашылған Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталықтың өңірлік жастар ынтымақтастығы үшін маңызды платформа ретіндегі әлеуетіне назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1004994?lang=kk
ШҚО Прокуратурасы 1,9 млрд теңгеден астам сомаға активтерді мемлекетке қайтарды 29.05.2025
       Өңірде техникалық сала мамандарын (құрылысшылардан тау-кен металлургтеріне, химиктер мен бағдарламашыларға дейін) даярлайтын, 60 жылдық тарихы бар (1968 жылы құрылған) мемлекеттік «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ-ЖОО (бұдан әрі-Университет) қызметін атқарады.       2008 жылы университет жанынан «Алтай «Шығыс Қазақстан өңірлік технопаркі» ЖШС (бұдан әрі - Технопарк) құрылды, оның миссиясы – инновацияларды дамытудың жаңа бағыттарын әзірлеу және енгізу.      Технопарктегі қатысушылардың үлесін сатып алу және иеліктен шығару бойынша бірқатар мәмілелердің нәтижесінде олардың құрамы өзгерді.     Мемлекет активтерін бәсекелестік ортаға беру заңдылығын талдау арқылы университет мүлкін жарғылық капиталдағы үлестермен айла-шарғы жасау арқылы жеке субъектіге беру белгілері анықталды.     Алдын ала тұжырымдар Технопарк қызметіндегі прокурорлық тексеру барысында расталды, атап айтқанда: 1,5 млрд астам сомаға мүліктік залал келтіру (университет үлесін азайту, сондай-ақ қаражатты алу жолымен), құны 1,4 млрд мемлекеттік мүлікті заңсыз кепілге салу, жосықсыз тең құрылтайшы тарапынан салықтық жеңілдіктерді заңсыз қолдану фактілері анықталды.     Тексеру нәтижелері бойынша Университеттің атына қадағалау актісі енгізілді, оны орындау шеңберінде мемлекеттік университет кепіл шарттарының, сондай-ақ жарғылық капитал үлесін азайту туралы жиналыстың хаттамаларының күшін жою туралы талап арыз берді.      Прокурорлар сотқа мүдделі тұлға ретінде қатысты.       Сот талқылауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік мүліктен барлық ауыртпалықтар алынып тасталды, университетке үшінші тұлғаға заңсыз берілген Технопарктегі қатысу үлесінің құны 535 млн. 78,48%-ы қайтарылды және Технопарктің жосықсыз тең құрылтайшы алдындағы 1,6 млрд сомасындағы берешегі жойылды.      Тексеру материалдары бойынша ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР ҚК 195 – бабы бойынша (алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу жүргізілуде.      Осылайша, Технопарктегі қатысу үлесінің 100%-ы мемлекетке қайтарылды, мүлік ауыртпалықтан толығымен босатылды.      Прокуратура органдары мемлекет пен Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін мызғымас күзетуде.#АдалАзамат#ӘділдікШығыс Қазақстан облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1004996?lang=kk
Мемлекеттік органдардағы этикалық нормалар мен қызметтік мінез-құлық ережелерін бұзуға жол бермеу туралы 29.05.2025
Мемлекеттік қызмет – кез келген заманауи қоғамның негізі болып табылады, ол азаматтардың мүдделерін қорғауды, тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз етеді. Халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімі әрбір мемлекеттік қызметшінің мінсіз мінез-құлқына, жоғары кәсібилігіне және этикалық нормаларды қатаң сақтауына тікелей байланысты.Қазақстан Республикасында қызметтік мінез-құлықтың қағидаттары мен стандарттары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен нақты регламенттелген. Бұл құжаттар Отанға қызмет ету жолын таңдаған әрбір адам үшін бағдар болып табылады және олардың моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.Этикалық нормалар мен қызметтік мінез-құлық ережелері – жай ғана формальды талаптар емес; бұл мемлекеттік аппараттың тиімді және әділ жұмысының негізі. Оларды сақтау мыналарды қамтамасыз етеді:Мемлекеттік қызметтің жоғары беделін сақтау. Әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттің өкілі болып табылады. Оның мінез-құлқы, қарым-қатынас мәнері, іске деген көзқарасы бүкіл жүйе туралы қоғамдық пікірді қалыптастырады.Сенім атмосферасын қалыптастыру. Әріптестер арасындағы және азаматтармен қарым-қатынастағы өзара құрмет, әдептілік пен сыпайылық салауатты жұмыс ортасын қалыптастыруға және халықтың сенімін арттыруға ықпал етеді.Жанжалдар мен тиімсіздіктің алдын алу. Этикалық нормаларды қатаң сақтау тұлғааралық жанжалдардың туындау қаупін азайтады, келіспеушіліктерді сындарлы шешуге ықпал етеді және жалпы өнімділікті арттырады.Сыбайлас жемқорлықпен және басқа да теріс қылықтармен күрес. Әдеп кодексі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуда маңызды құрал болып табылады, ол мемлекеттік қызметшілерді адалдыққа, бейтараптыққа және пара алмауға міндеттейді.Этикалық нормалар мен қызметтік мінез-құлық ережелерінен кез келген ауытқу, мейлі ол дөрекілік, менсінбеушілік, сындарлы емес дау-дамайлар немесе қызметкерлер арасындағы ашық қақтығыстар болсын, категориялық түрде жол берілмейді. Мұндай әрекеттер нақты бір мемлекеттік қызметшінің беделін түсіріп қана қоймай, бүкіл мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіреді.Мемлекеттік мекемелердің басшылары өз ұжымдарында этикалық нормалардың сақталуына ерекше жауапкершілік жүктейді. Олар үлгі бола отырып, кез келген бұзушылықтарға белсенді түрде тосқауыл қойып, жоғары қызметтік этиканы сақтау үшін жағдай жасауы тиіс. Бұл процесте әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі өте маңызды, себебі ол этикалық стандарттарды сақтау мәселелері бойынша кеңесші, көмекші және бақылаушы болып табылады.Этикалық нормалар мен қызметтік мінез-құлық ережелерін бұзу тәртіптік теріс қылық ретінде қарастырылады және заңнамада көзделген тәртіптік жаза шараларын қолдануға әкеп соғады. Бұл ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, ал жүйелі немесе ауыр бұзушылықтар болған жағдайда – лауазымын төмендету немесе тіпті жұмыстан босату болуы мүмкін.Мемлекеттік қызмет әрбір қызметшіден тек кәсіби құзыреттілікті ғана емес, сонымен қатар жоғары моральдық қасиеттерді талап етеді. Тек этикалық нормалар мен қызметтік мінез-құлық ережелерін қатаң сақтаған жағдайда ғана біз тиімді, ашық және азаматтардың сеніміне ие болатын мемлекеттік қызметті құра аламыз.Әрбір мемлекеттік қызметшіні өздерінің жоғары миссиясын есте сақтауға және Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында әрқашан адалдық, парасаттылық және кәсібилік қағидаттарын басшылыққа алуға шақырамын. Жетісу облысы бойынша МКДЭтика жөніндегі уәкіл Н.А.Баймулдинов Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1004612?lang=kk
Қазақстаннан көлікпен Меккеге бет алған жерлестер Сауд Арабиясына аман-есен жетті 29.05.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 26 мамыр – Семей қаласынан үлкен қажылыққа көлікпен аттанған еліміздің төрт азаматы Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядқа жетті. Ержан Слямбеков, Айдар Құрманов, Қанат Саимов және Леонид Паязитовты Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков жылы қарсы алып, Елшілік қабырғасында кездесу өткізді.Кездесу барысында аталған азаматтар өздерінің 13 күнге созылған сапарлары жайында баяндап, жүріп өткен бағытымен бөлісті. Олар Семей қаласынан шығып Астана, Ақтөбе және Атырау қалаларын басып өтіп, Ресей Федерациясы, Грузия, Түркия, Иран мен Біріккен Араб Әмірліктері арқылы Сауд Арабиясының аумағына жеткен.Бұл тарихи сапардың ұзындығы шамамен 10 мың шақырымды құрап отыр. Жерлестеріміз бұдан әрі Мекке мен Мәдинаға бағыт алады. Елші оларға ақ жол тілеп, қасиетті мекендерге аман жетулеріне тілектестік білдірді.Айта кететін жайт, ХІХ ғасырда ұлы Абайдың әкесі – тарихи тұлға Құнанбай Өскенбайұлы қажылыққа бірнеше айға созылған ұзақ сапармен киелі Меккеге жеткен еді. Сол тарихи жол шамамен жүз елу жыл өткеннен кейін жаңғырып отырғанын атап өту қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1004620?lang=kk
Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс ведомстволары өкілдерінің кешенді консультациялары өтті 29.05.2025
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев бастаған делегация Өзбекстан қорғаныс ведомствосына барды.Кешенді консультациялар барысында қорғаныс ведомстволарының өкілдері армия ортасында діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, тараптар әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және Қарулы күштерде психологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелерін қарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1004654?lang=kk
Қазақстандық қажылар Сауд Арабиясы Корольдігіне қажылық жасау үшін келе бастады 29.05.2025
Жидда, 2025 жылғы 26 мамыр - Сауд Арабиясы Корольдігінің Жидда және Мәдина қалаларындағы халықаралық әуежайларына алғашқы 454 қазақстандық қажылар тобы келіп жетті. Оларды Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консул Р.Коспановтың басшылығымен консулдықтың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) қажылық миссиясы өкілдері қарсы алды.Сауд Арабиясы Үкіметі 2025 жылға Қазақстанға бөлген квотаға сәйкес, шамамен 4,5 мың қазақстандық азаматтың қажылық парызын өтеуі күтілуде. Үлкен қажылықтың негізгі рәсімдері биылғы жылдың 4-9 маусым аралығына сәйкес келеді.Биылғы қажылық маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауын Air Astana (Қазақстан), SCAT (Қазақстан), Jazeera Airways (Кувейт) және FlyNas (Сауд Арабиясы) әуе компаниялары жүзеге асыруда. 31 мамырға дейін қажылар Астана, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларынан Жидда мен Мәдинаға жеткізіледі және 10-16 маусым аралығында кері қайту рейстері жүзеге асырылады.Қажылық кезеңінде Бас консулдық ерекше жұмыс режимінде қызмет атқаруда. Қазақстандық қажыларды қарсы алу және шығарып салу консулдық қызметкерлері мен қажылық миссия өкілдерінің арнайы кезекшілік кестесіне сәйкес жүргізілуде.ҚР дипломатиялық миссиясының міндеттеріне қазақстандық азаматтардың Сауд Арабиясында болу кезеңінде жергілікті билік органдарымен үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отанына уақытылы оралуын ұйымдастыру кіреді. Осы мақсатта Сауд Арабиясының қажылық маусымына жауапты мемлекеттік және авиациялық органдарымен, сондай-ақ Қазақстан қажылық миссиясының қызметкерлерімен тұрақты байланыс орнатылған.Әуежайда қарсы алу кезінде консулдық дипломаттар қажыларға қабылдаушы елдің заңдарын сақтау, жергілікті салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға құрметпен қарау, сондай-ақ түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, менингит және т.б.) алдын алу үшін санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.ҚР қажылық миссиясының Мекке және Мәдина қалаларындағы орталық штабтарында тәулік бойы жұмыс істейтін тұрақты медициналық стационарлық пункттер ашылған, онда қазақстандық дәрігерлер қажыларға қажетті медициналық көмек көрсетеді.Сауд Арабиясы тарапының мәліметінше, биыл қажылық парызын өтейтіндердің жалпы саны шамамен 2–2,3 миллион адамға жетуі мүмкін (САК Статистика жөніндегі Бас агенттігінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы қажылардың саны 1 млн. 833 мың адам құрады).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1004659?lang=kk
Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік-медициналық қолдау көрсетілді 29.05.2025
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Бейнеу және Қарақия аудандық пробация қызметтері есепте тұрған тұлғалардың денсаулығына жіті мән беріп, әлеуметтік-медициналық қолдау көрсету бағытында маңызды профилактикалық шара өткізді.Шара аясында пробацияда тіркеуде тұрған 60-қа жуық сотталған флюорографиялық тексеруден өтті. Медициналық қызмет көрсетуді Бейнеу аудандық және Жетібай аудандық орталық ауруханаларының мамандары жүргізді.Флюорографиялық тексерудің басты мақсаты — туберкулез және тыныс алу жолдарының өзге де қауіпті ауруларын ерте кезеңде анықтау.Тексеру нәтижесінде азаматтардың өкпе құрылымында патологиялық өзгерістер анықталған жоқ.Аталған іс-шара — пробация қызметінің тек қадағалау ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған жүйелі жұмысының айқын көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1004680?lang=kk
ШҚО-ның 25 нысаналы мектебінде біліктілікті арттыру курстарының ілгерінді деңгейін оқыту басталды 29.05.2025
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясында «943 - еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» жобасын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының 25 нысаналы мектептердің педагогтеріне біліктілікті арттыру курстарының ілгерінді деңгейін оқыту басталды.2025 жылдың 26 – 30 мамыр және 02 – 16 маусым аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының базасында 195 педагог, оның ішінде бастауыш сынып, қазақ тілінде оқытатын химия пәні, орыс тілінде оқытатын биология мен информатика пәні мұғалімдерін оқыту басталды.Курстың барысы педагогтердің кәсіби даму бағдарламаларын жетілдіруге, оқу-әдістемелерін жаңартуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Қалған негізгі пәндердің 375 педагогі біліктілікті арттыру курстарының ілгерінді деңгейін 2025 жылғы 18-22 тамыз аралығында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1004682?lang=kk
“Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінде” 2025 жылғы 23 мамырда «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітірушілерге арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Бұл шара түлектердің мектеппен қоштасу сәтін ерекше атап өту мақсатында ұйымдастырылды. 29.05.2025
 Мақсаты:Іс-шараның негізгі мақсаты — түлектерді ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әрбір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу. Мерекелік жиынға Бесқарағай ауданы білім бөлімінің басшысы М.К.Кәдірбеков, мектеп бітіруші түлектер, олардың ата-аналары, ұстаздар мен мектеп әкімшілігі қатысты.Ерекше қымбатты сәтте сіздерді құттықтап келген құрметті қонағымыз Еуразиялық Ұлттық университетінің докторанты, «8 минуттық кітап оқу» әлеуметтік жоба негізін қалаушысы Жанерке Мейрамғазықызы түлектерге жүрек жарды тілектерін арнап 1-4 сынып, 9 – сынып, 11- сынып жетекшілеріне кітап табыстады.Іс-шара барысында 1- сынып оқушылары түлектерге сәт-сапар жолдап,түлектер ұстаздарына жүрекжарды өлеңдерін арнап, әсем әндерін жолдады. Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары мектеп басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақ тілегін жолдады.«Мектебім, саған мың алғыс!» атты іс-шара мектеп бітірушілердің білім ордасымен қоштасу сәтін ерекше атап өтуге, олардың еңбегін бағалауға және болашаққа деген сенімдерін арттыруға бағытталды. Сәт-сапар түлек-2025!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1004700?lang=kk
Қағбаға апарар жол: Маңғыстауда пробация қызметкерлері қажылыққа аттанған өзбекстандық азаматқа көмек көрсетті 29.05.2025
Кейде жанашырлық пен ізгілік күтпеген жерден, дәл ең қажет сәтте жолығады. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орын алған мына бір оқиға соның айқын дәлелі. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті Түпқараған аудандық пробация қызмет бөлімінің қызметкерлері қасиетті Меккеге бет алған жолаушыға дер кезінде қол ұшын созып, үлкен адамгершілік пен кәсібиліктің үлгісін көрсетті.Қызметтік іс-сапар кезінде пробация бөлімінің бастығы, әділет майоры Индира Нәрімбетова мен инспектор, әділет кіші лейтенанты Марат Озғанов жол жиегінде абдырап тұрған ер адамды байқап, дереу тоқтайды. Шаршап-шалдығып, қалжыраған азаматтың жағдайын сұрастырған олар оның Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтайды. Ол 3 мамыр күні Бұхара қаласынан велосипедпен жолға шығып, Сауд Арабиясының Мекке қаласына қажылыққа баруды мақсат еткен.Мыңдаған шақырымды артқа тастап, Қазақстан аумағы арқылы жүріп өткен қажы Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылына жеткенде жолдан жаңылып, байланыссыз әрі навигациясыз қалып қойған. Қазақ тілін білмегендіктен, маңайын бағдарлай алмай, Түпқараған ауданының әртүрлі елді мекендеріне — Форт-Шевченко қаласы мен Сайын Шапағатов және Ақшұқыр ауылдарына тап болған.Азаматтың ауыр жағдайына бейжай қарамаған пробация қызметкерлері жан-жақты көмек көрсетті: телефонына навигациялық қосымшалар орнатып, бағыт-бағдар беріп, алдағы сапарын қалай жалғастыру керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, жол үстіндегі қажеттіліктерін өтеу үшін қаржылай да қолдау көрсетті.Күтпеген қамқорлық пен мейірімге толы бұл жәрдем жолаушыны ерекше тебірентті. Өзге елде жүріп дәл осындай жанашырлық пен адами жылулыққа жолығамын деп ойламаған ол қазақстандық қызметкерлерге шынайы алғысын білдірді.Бұл оқиға — пробация қызметінің тек құқықтық қадағалау шеңберінен тыс, адамгершілік пен кәсіби жауапкершілікті қатар алып жүретінінің жарқын дәлелі. Қызметтік борышпен қатар, ізгілік пен жанашырлық таныту – нағыз қызметкердің келбеті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1004701?lang=kk
Гвардейск гарнизонында 800-ден астам әскерге шақырылушы Отанға адал болуға ант берді 29.05.2025
Гвардейск гарнизонының құрамаларында салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Іс-шараға 4 мыңнан аса адам – гарнизон басшылығының өкілдері, әскери бөлімдердің командирлері, Қарулы күштердің, Ауған соғысының, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты.– Отанға адал болуға ант беру – ерекше жауынгерлік дәстүр. Бұл әрбір жас жігіттің өміріндегі салтанатты әрі өте жауапты сәт. Ант берген кезден бастап сендер елді қорғау үшін жауапкершілікті өз мойныңа алып, нағыз жауынгер боласыңдар, – деді гарнизон бастығы полковник Файзулла Дусанов.Әскери ант қабылдау рәсімдері танк және артиллериялық бригадаларда, саперлер полкінде, артиллериялық базада және Гвардейск гарнизонының резервтік бригадасында өтті.– Әр адам Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге міндетті. Армияда әрқайсымыздың беріктігіміз сыналатынын түсінемін. Менің ойымша, әскердегі қызмет кәдеге жарап, алдағы жолымды анықтауға ықпал етеді, – деп бөлісті танк бригадасының сарбазы Кенжебек Әлімжан. Іс-шара салтанатты маршпен аяқталды, одан кейін әскери бөлімдердің басшылығы сарбаздардың ата-аналарымен әңгімелесіп, оларды толғандырып жүрген барлық сұрақтарға жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1004715?lang=kk
Құрметті Бесқарағай ауданының мектеп бітіруші түлектері! 29.05.2025
Сіздерді мектеп бітірулеріңізбен – өмірлеріңіздегі аса маңызды, жарқын әрі есте қалар сәтпен шын жүректен құттықтаймыз!Биылғы жылы Бесқарағай ауданы бойынша 11-сыныпты 166 түлек тәмамдағалы отыр. Оның ішінде 12 оқушы – «Алтын белгіге», ал 29 түлек – Үздік аттестатқа үміткер ретінде тіркелген. Бұл – аудандағы білім беру сапасының, ұстаздардың еңбегі мен оқушылардың табандылығының айқын көрінісі.Сондай-ақ, 9-сыныпты 289 оқушы аяқтап отыр. Олардың 49-ы – Үздік аттестатқа үміткер. Бұл көрсеткіштер – жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын, талап пен еңбекті қадірлейтінін көрсетеді.Қымбатты түлектер, Сіздер – ауданымыздың үміті мен ел ертеңінің тірегісіздер. Сіздерге Ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік, жүректеріңізге сенім, алға қойған асқақ армандарыңызға жетуге қажыр-қайрат тілейміз!Өмір жолдарыңыз жарық, таңдауларыңыз дұрыс болсын! Қайда жүрсеңіздер де туған өлкенің абыройын асқақтатып, білім мен парасаттың биігінен көріне беріңіздер!Ізгі тілекпен,Бесқарағай ауданының білім бөлімі  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1004725?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Польшаның компанияларымен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады 29.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 23 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Польша Республикасына жұмыс сапары аясында экономиканың негізгі салаларын қамтитын бірқатар ірі поляк компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.«Pronar» компаниясы құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Сергиуш Мартынюкпен, «Selena FM S.A.» компаниясының басқарма төрағасы Славомир Майхровскиймен, «TZF Polfa S.A.» компаниясының бас директоры Максимилиан Свиниарскиймен, сондай-ақ «Polpharma Group» фармацевтикалық холдингінің қадағалау кеңесінің төрағасы, Гданьск қаласындағы ҚР Құрметті консулы Ежи Старакпен кездесулер өтті.Тараптар Қазақстан аумағында өндірістерді локализациялау және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы екіжақты экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады. Польша серіктестері өнеркәсіптік ынтымақтастықты жолға қоюға және озық технологиялармен алмасуға қызығушылық білдірді.«Pronar» компаниясының басшылығымен сұхбатта ауыл шаруашылығы мен коммуналдық техника өндірісін Қазақстанда оқшаулау, технологиялар трансфері және кадрлар даярлау мәселелері қаралды.«Selena FM S.A.» компаниясы басқарма төрағасымен құрылыс химиясы саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде жаңа өндірістерді іске қосу және инновациялық материалдарды қазақстандық нарыққа енгізу мәселелері талқыланды.«TZF Polfa S.A.» компаниясымен кездесуде фармацевтикалық саладағы жобаларды жүзеге асыру, технологияларды трансферлеу және бірегей дәрі-дәрмектерді контракттық негізде өндіру жоспарлары сөз болды.«Polpharma Group» холдингі қадағалау кеңесінің төрағасымен сұхбаттастар компанияның Қазақстандағы инвестициялық қатысуын кеңейту, ғылыми-зерттеу бағытында серіктестікті дамыту және фармацевтикалық сектордағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.Сонымен қатар СІМ басшысы «Polpharma Group» компаниясының 2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан өңірлеріне 70 млн теңге сомасында дәрі-дәрмек түрінде көрсеткен гуманитарлық көмегін атап өтті. Компания мәдениет саласындағы қазақстандық ұжымдардың Польшада гастрольдік іс-шараларын өткізуге жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының түрлі секторларында поляк компанияларының қатысуымен өзара тиімді жобаларды нақты пысықтауды жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1004746?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы ШЫҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 26 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен кездесу өткізді.Сұхбат барысында М.Нұртілеу Н.Ермекбаевты ШЫҰ Бас хатшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, Ұйым аясындағы көпсалалы ынтымақтастықты қолдау жөніндегі Қазақстанның тұрақты және белсенді ұстанымын тағы растады.Тараптар Шанхай ұйымының ағымдағы қызметі, сондай-ақ Қытайда өтетін мемлекет басшыларының саммитіне дайындықты қоса алғанда, биыл жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты.2024 жылғы 4 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ШЫҰ қызметін жетілдіру және Ұйымның тиімділігін арттыру жөніндегі нақты шаралар талқыланды.Өз кезегінде Бас хатшы Ұйымның қызметіндегі Қазақстанның белсенді рөлін атап өтіп, алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттары туралы хабардар етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1004774?lang=kk
2025 жылғы 23 мамырда 1-11 сынып оқушылары арасында «Білімім – Отанымa!» эссе байқауының аудандық кезеңі өтті. 29.05.2025
⚜️ Байқау нәтижелері бойынша жүлдегерлер анықталды (1-4 сыныптар арасында):🥇 орын – Цепневская Полина, «Қара-Мырза негізгі мектебі», 3 сынып;🥈 орын – Клец Таисия, «Канонерка орта мектебі», 3 сынып;🥉 орын – Қалиасқарова Сезім, «Сосновска орта мектебі», 3 сынып;⚜️ 5-9 сыныптар арасында жүлдегерлер:🥇 орын – Еменова Еркеназ, «Башкөл негізгі мектебі», 9 сынып;🥈 орын – Оразалинова Адия, «К. Рысқұлбеков атындағы орта мектеп», 7 сынып;🥉 орын – Мусралимова Марзия, «Белокаменка негізгі мектебі», 7 сынып;⚜️ 10-11 сыныптар арасында жүлдегерлер:🥇 орын – Сидельникова Варвара, «Канонерска орта мектебі», 11 сынып;🥈 орын – Жанарбек Ділнара, «Семияр орта мектебі», 11 сынып;🥉 орын – Қалымжанова Аянат, «Беген орта мектебі», 10 сынып.Оқушыларға белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз және шығармашылық табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1004595?lang=kk
Іңкәрдария және Ақжарма ауылдарында есепті кездесулер өтті 29.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев есепті кездесулер аясында Іңкәрдария және Ақжарма ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау қызметкерлері, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.Аудан басшысы кездесу барысында аймақ бойынша атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді атап көрсетті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Сыр өңірінде мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда.Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес 11 мың орындық Орталық стадион салынуда. Сәуір айының басында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен көп салалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Қызылорда қаласында 20 млрд. теңгеге «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталды. Келесі жылы І жартыжылдықта ел игілігіне пайдалануға беріледі. «Самұрық қазына траст» қорымен бірге құны 3 млрд 400 млн теңге болатын Үстел теннисі орталығы салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Биылғы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында құны 3 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын жаңадан «Достық үйі» салынуда. Облыс орталығында құны 11 млрд теңгені құрайтын «Шығармашылық академиясы» ел игілігіне пайдалануға берілді. 14 млрд 700 млн теңгеге Тұңғыш Президенті паркі және 7 млрд 300 млн теңгеге қалалық демалыс паркі қайта жаңғыртудан өтуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Кездесулер барысында ауданда атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті. Мұнан соң тұрғындар өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты. Аудан әкімі барлық мәселе назарда болатынын жеткізіп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1004494?lang=kk