Әлем
Риядта Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің қызметін жандандыру мәселелері талқыланды 13.01.2026
Рияд, 2026 жылғы 12 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ахмед Әл-Дахилмен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың ілгерілету перспективаларын қарастырды.ҚР Елшісі Іскерлік кеңесті екі ел арасындағы инвестициялық өзара әрекеттесуді кеңейту, іскерлік байланыстарды дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін негізгі алаң ретінде белсенді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде, Ахмед Әл-Дахил қос мемлекет арасындағы ықпалдастықтың елеулі әлеуетін атап өтіп, сауд тарапының өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-шаралар өткізу және бизнес делегацияларының өзара сапарларын ұйымдастыру арқылы Іскерлік кеңестің қызметін жандандыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1140348?lang=kk
Алматы облысы колледждерінің халықаралық ынтымақтастығы кеңеюде 13.01.2026
Алматы облысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір колледждері шет мемлекеттердің жетекші білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу мен білікті кадрлар даярлау ісін жаңа деңгейге шығаруда. Қазіргі таңда Алматы облысының колледждері Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің бірқатар оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасаған.Атап айтқанда, Түркияның Анталия қаласындағы Мехмет Зеки Балджы жоғары мектебі (туризм және қонақ үй бизнесі), Францияның Париж қаласындағы Гийома Тирель лицейі және Элиза Лемонье лицейі облыс колледждерімен бірлескен жобаларды іске асыруға ниет білдірген.Сонымен қатар, Қытайдың Сиань қаласындағы кулинарлық колледжбен, Финляндиядағы ECEDU кәсіптік колледжі, Қырғыз Республикасындағы С. Ибраимов атындағы агротехникалық колледж, Қытайдың Чунцин қаласындағы оқу орындарымен және Кореяның OFECO.LTD компаниясымен ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылған.2024–2025 оқу жылында Алматы облысынан сегіз педагог шет мемлекеттерде тағылымдамадан өтті. Оның ішінде бес педагог Түркияда, ал үш педагог Францияда кәсіби тәжірибе жинақтаған.Колледж оқытушыларының айтуынша, халықаралық тәжірибе кәсіби дамуға тың серпін береді.- «Шетелде тағылымдамадан өту бізге заманауи оқыту әдістерін меңгеруге, өндіріс пен білімнің өзара байланысын терең түсінуге мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе студенттермен жұмыс істеу сапасын арттыруға тікелей әсер етеді», – дейді Алматы облысы колледжінің басшысы Бақытгүл Кішібаева .Ал білім саласына жауапты мекеме өкілдері бұл бағыттағы жұмыстың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.- «Халықаралық әріптестік – техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртудың маңызды тетігі. Біз колледждердің әлемдік стандарттарға сай дамуына және еңбек нарығына сұранысқа ие мамандар даярлауына басымдық беріп отырмыз», – дейді облыстық білім басқармасының өкілі Кенжегуль Дюсентаева.Бұдан бөлек, Қытай – Орталық Азия елдері арасындағы бірлескен жобалар аясында ауыл шаруашылығы мен техникалық мамандықтар бойынша кадр даярлайтын жеті колледж директоры және өндірістік оқыту жөніндегі бір директордың орынбасары 2025 жылғы 14–24 сәуір аралығында Қытайдың Чунцин қаласында оқу курсынан өтті. Нәтижесінде 49 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.Мамандардың айтуынша, бұл бастамалар Алматы облысы колледждерінің халықаралық стандарттарға сай дамуына, педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға және еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлау сапасын күшейтуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1140322?lang=kk
Жұмыссыз азаматтарға медициналық көмек көрсетуге 1,2 млрд теңге бөлінеді 13.01.2026
Әлеуметтік осал топ өкілдері үшін ақжолтай хабар. Биылдан бастап МӘМС жарналары жергілікті бюджет есебінен төленетін болады. Өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы: «Әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтар үшін медициналық сақтандыруға аударымдар жергілікті бюджет есебінен төленуі тиіс», – деп атап өткен еді.Президенттің тапсырмасынан кейін МӘМС аясында бірқатар өзгерістер енгізілді. Заңдағы жаңашылдықтың арқасында 2026 жылы елімізде 1 млн адам МӘМС жүйесімен қосымша қамтылмақ.Жаңа жылдан бастап МӘМС жүйесіне 11 нозологияны қамтитын әлеуметтік мәні бар аурулардың (ӘМА) жаңартылған тізбесі енгізілді. Соған қарамастан, МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен көлемі өзгеріссіз қалады.18 жасқа толғаннан кейін де мемлекет мүгедектігі бар адамдар үшін сақтандыру жарналарын төлеуді жалғастырады. Сондай-ақ мемлекет жұмыссыз және әлеуметтік осал азаматтарды — МӘМС жүйесіндегі D және E санаттарын сақтандырумен қамтамасыз етеді.«Диспансерлік есепте тұрған осы санаттағы азаматтарға медициналық көмек көрсету үшін облыста 2,6 млрд теңге бөлінген. Қосымша түрде жұмыссыз азаматтар үшін 1,2 млрд теңге бөлу мәселесі қарастырылуда», – дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.Айта кетейік, диагностика, консультациялар, емдеу және оңалту қызметтері қысқартылмайды және тоқтатылмайды — барлық медициналық қызметтер МӘМС жүйесі аясында толық көлемде көрсетіле береді.Халықтың басым бөлігін аталмыш жүйемен қамтуды оңтайландыру мақсатында жарналар мен аударымдардың негізгі шегі өзгертілді. Нақтыласақ, жұмыс берушілер жарналарды 40 ЕТЖ-дан аспайтын сомадан, ал қызметкерлер 20 ЕТЖ-ға дейінгі сомадан аударатын болады.«Бүгінде Алматы облысындағы медициналық мекемелерге 1 645 171 адам тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде “Сақтандырылған” мәртебесі бар азаматтар саны 1 343 718 адамға жетіп жығылады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облыстық филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев.Қарасай ауданы бойынша МӘМС жүйесінің жауапты координаторы Гүлнара Жайсанбаеваның айтуынша, бір ғана Қарасай ауданында 309 557 адам сақтандыру мәртебесіне ие.«2025 жылы жергілікті құзырлы органдармен бірлесе жұмыс жасау барысында Қарасай ауданында 10 089 азамат МӘМС жүйесіне тіркелді», – дейді спикер.Еске саламыз, 1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістерді халыққа түсіндіру мақсатында медициналық ұйымдардың call-орталықтарының жұмысы күшейтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1140287?lang=kk
Тыйым салынған затты мекемеге жасырын кіргізбек болған азаматша ұсталды 13.01.2026
Тыйым салынған затты мекемеге жасырын кіргізбек болған азаматша ұсталдыАқтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №70 тергеу изоляторында тыйым салынған затты мекемеге кіргізу әрекетінің жолы кесілді.Мекемеге келген сәлемдемені рентген-телевизиялық құрылғы (РТУ) арқылы тексеру барысында сөмкенің ішіне жасырын тігілген 1 дана «Redmi» маркалы ұялы телефон анықталып, тәркіленді. Аталған тыйым салынған затты 65 жастағы қала тұрғыны Т.А. есімді азаматша мекемеде қамауда отырған ұлына жасырын түрде жеткізбек болған.Азаматша өз кінәсін толық мойындады. Осыған байланысты оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.– Мекемеге тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеттерінің алдын алу бағытындағы бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі, – деді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Мирас Мереевич Хамзин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1140226?lang=kk
Өскемен қаласында «Халықтық бухгалтер» акциясы аясында Ашық есік күні өтті 13.01.2026
2026 жылғы 12 қаңтарда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін Ашық есік күні өткізілді.Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері ПОБ «Учёт» кәсіби бухгалтері Светлана Осикова қатысуымен салық төлеушілерге консультативтік көмек көрсетті.Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары жаңа Салық кодексінің ережелерін, салықтық есептілікті тапсыру тәртібін, арнайы салық режимдері бойынша өтпелі нормаларды, ҚҚС бойынша тіркеу және тіркеуден шығару мәселелерін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндірді.Іс-шара барысында өзін-өзі жұмыспен қамту режиміне көшу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тіркеу тәртібі, салық салу және салықтық міндеттемелерді орындау бойынша толыққанды түсіндірмелер мен жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар алды.Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне көрсетілген кәсіби кеңестер мен қолдау үшін алғыстарын білдірді.«Халықтық бухгалтер» республикалық акциясы мемлекеттік кірістер органдары қызметінде сервистік тәсілді дамытуға, халықтың салықтық сауаттылығын арттыруға және салық заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алуға бағытталған.Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Салық төлеушілерге арналған консультациялар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіледі:қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін; наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.Консультациялар мына мекенжай бойынша өткізіледі: Өскемен қ., Н. Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.Облыстың басқа қалалары мен аудандарының салық төлеушілері үшін бейнебайланыс арқылы консультация алу мүмкіндігі қарастырылған. Байланыс нөмірі: 8 771 123 80 84.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1140150?lang=kk
Қарасай аудандық орталық ауруханасында алғаш рет аз инвазивті операциясы жасалды 13.01.2026
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-де алғаш рет перкутандық эндоскопиялық гастростомия (ПЭГ) сәтті орындалды. Бұл — жұтыну қызметі бұзылған, өңештің ауыр ауруларымен сырқаттанатын науқастарға қолданылатын заманауи аз инвазивті хирургиялық ота.Операция 1952 жылы туған науқасқа жасалды. Диагнозы: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің орталық обыры, III саты (T4N1M0), өңештің ортаңғы және төменгі үштен бір бөлігінің зақымдалуымен. Ауру өңештің субкомпенсацияланған стенозымен асқынған, бұл табиғи жолмен тамақ қабылдауға мүмкіндік бермеген.Клиникалық жағдайды ескере отырып, дәрігерлік консилиум перкутандық эндоскопиялық гастростомия жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл әдіс эндоскопиялық бақылау арқылы асқазанға жасанды жол ашып, толыққанды энтеральды қоректендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Операция бөлімше меңгерушісі Жұмабеков Берік Нұррадинұлының жетекшілігімен, хирург-эндоскопист Сұлтанқұлов Данияр Рустамұлының және хирург Бактореев Мұрат Бердіғалиұлының қатысуымен жүргізілді. Медициналық топтың үйлесімді жұмысы, кәсіби даярлықтың жоғары деңгейі және клиникалық хаттамаларды қатаң сақтау араласудың сәтті орындалуына мүмкіндік берді.«Біздің ауруханада алғашқы перкутандық эндоскопиялық гастростомияның жүргізілуі — мамандандырылған медициналық көмекті дамытудың маңызды қадамы. Бұл әдістеме ауыр онкологиялық аурулары және жұтыну қызметі бұзылған науқастардың өмір сапасын едәуір жақсартуға, сондай-ақ ісікке қарсы емді жалғастыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Біз үшін халықаралық стандарттарға сай заманауи, аз инвазивті технологияларды енгізу аса маңызды», — деп атап өтті Қарасай аудандық орталық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Жұмабеков Берік Нұррадинұлы.Перкутандық эндоскопиялық гастростомия аз инвазивті емдеу әдістеріне жатады, кең көлемді хирургиялық тіліктерді қажет етпейді, жарақаттану деңгейі төмен, асқыну қаупі аз және қалпына келу кезеңі қысқа.Аталған технологияны меңгеру және тәжірибеге енгізу Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасында эндоскопиялық және хирургиялық көмекті дамытудың маңызды кезеңі болып табылады және мекеме мамандарының жоғары кәсіби деңгейін айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1140164?lang=kk
Еңбекшіқазақ ауданында лимон өсіретін жаңа жылыжай іске қосылды 13.01.2026
Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ават ауылында лимон ағашын өсіруге арналған заманауи жылыжай кешені жұмысын бастады. Бұл – аудан аумағында алғаш рет қолға алынған жоба. Бір гектар аумаққа салынған кешен алғашқы өнімін екі жылдан кейін береді. Ал толық қуатына шыққан кезде жылдық өнім көлемі бірнеше тоннаға жетуі мүмкін.Жобаның бастамашысы – кәсіпкер Юрий Паскалов. Ол өткен жылдың көктемінде бір гектар жерге жылыжай салып, 1200 түп лимон көшетін отырғызған. Жобаға шамамен 500 миллион теңгеге жуық жеке қаражат инвестицияланған. Кешен заманауи талаптарға сай салынып, жыл бойы бірқалыпты температураны ұстап тұруға мүмкіндік береді.Жылыжайдың басты ерекшелігі – жылдың төрт мезгілінде де жабық күйде жұмыс істеуі. Қыстың қақаған аязында ішкі температура тұрақты сақталса, жаздың аптап ыстығында салқындықты ұстап тұратын заманауи құрылғылар орнатылған. Бұл технология лимон ағаштарының дұрыс өсіп-жетілуіне және сапалы өнім беруіне қолайлы жағдай жасайды.Кәсіпкердің айтуынша, кешен екі жылдан кейін ғана өнім бере бастайды. Алғашқы кезеңде әр түп лимон ағашы 25–30 килограмға дейін жеміс береді. Ағаш толық жетілгенде бұл көрсеткіш 100 килограмға дейін жетуі мүмкін.Кәсіпкер Юрий Паскалов жылыжайда қолданылып жатқан технологияларға тоқталды.Юрий Паскалов, кәсіпкер: «Мен бұл көшеттерді Шымкент қаласынан әкелдім. Қазіргі таңда жылыжайда тамшылатып суару технологиясын пайдаланып отырмыз. Кешен көгілдір отын арқылы бірқалыпты температурада жылытылып тұр. Қазір екі көмекшім бар. Егер ойдағыдай баптап-күтсек, екі жылдан кейін алғашқы өнімін көреміз», – дейді ол.Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, көктем мезгілінде жылыжай кешеніне баратын жол қайта жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, өнім нарыққа шыққаннан кейін оны субсидиялау мәселесі де қарастырылмақ.Ават ауылдық округінің әкімі жобаның ұзақмерзімді екенін атап өтті.Момынжан Исламов, Ават ауылдық округінің әкімі: «Мемлекет тарапынан өнім алынып, нарыққа шыққаннан кейін субсидиялау мәселесін қарастыруға дайынбыз. Бұл – бір жылдық жұмыс емес. Шаруа қожалық болғандықтан, басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері көрсетіледі. Кәсіпкердің алдағы уақытта тағы да жоспарлары бар», – деді округ әкімі.Қазіргі таңда кәсіпкер адам ағзасына аса пайдалы лимон жемісін өсіретін жылыжай кешенінің аумағын алдағы уақытта 5 гектарға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл жоба ауыл шаруашылығын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға оң ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1140071?lang=kk
2025 жылғы 24 желтоқсанда Өскемен қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өтті 13.01.2026
2025 жылғы 24 желтоқсанда Өскемен қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:«Өскемен қаласының мектептегі тамақтану жағдайы туралы»;«Өскемен қаласының көшелерін, тротуарларын, автобус аялдамаларын тазалау туралы»;«Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ-де ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлық көріністерін талдау.Қоғамдық кеңес мүшелері мектеп асханаларында тегін тамақтануға қол жеткізуді тең қамтамасыз ету мақсатында мәзірдің бастауыш сынып оқушыларының қажеттіліктеріне сәйкес келу мәселесін арнайы денсаулық көрсеткіштерімен талқылады. Жаңа буфет мәзірін әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты жеделдету қажеттілігі атап өтілді, өйткені бұл өнімдер мектеп асханаларына барлық келушілер арасында жоғары сұранысқа ие. Сонымен қатар, бракераждық комиссиялардың жұмысы мәселесі қаралды, оның барысында осы комиссиялардың құрамындағы ата-аналардың санын көбейту, сондай-ақ олардың жұмысы туралы ақпаратты мектептердің сайттары мен чаттарында үнемі жариялау ұсынылды. Мектеп асханаларындағы кәсіпкерлердің қызметіне келетін болсақ, адал ниетпен жалға алушылардың тұрақты қызметін ынталандыру мақсатында олардың жалдау шарттарын ұзарту мүмкіндігін қарастыруы керек екендігі атап өтілді.Отырыста қыс мезгілінде қала аумағын күтіп ұстау мәселелері де талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшелері осы бағыттағы коммуналдық қызметтердің жұмысындағы көптеген кемшіліктерді және бұрын берілген ұсыныстарды орындаудың жеткіліксіздігін атап өтті. Бұл мәселе Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде қалады және келесі отырыста қайта қаралатын болады.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін тыңдау барысында қалалық қаржы бөлімінде жүргізілген жұмыстың жоғары сапасы атап өтілді. Ақпарат назарға алынды.Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес Өскемен қаласы бойынша білім бөліміне мектептегі тамақтану мәселесі бойынша және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қала аумағын қысқы күтіп ұстау мәселесі бойынша ұсынымдар жолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1140091?lang=kk
Ақтауда әскери теңізшілер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады 13.01.2026
99 жасқа толған соғыс ардагері Василий Иванович Салазкинге Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Әскери-теңіз күштерінің қызметкерлері министрдің атынан құттықтау хатын табыстады.Қорғаныс саласының өкілдері ардагерге Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерлігі үшін шексіз құрмет көрсетіп, оған денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.– Сіз халқымыздың қаһармандық тарихының тірі куәгері ретінде ерлік, намыс пен қайсар рухтың жарқын бейнесісіз. Сізге алғысымызды білдіріп, жеңімпаз ұрпақтың ерлігі алдында басымызды иеміз, – деді әскери бөлім командирі 1-ші дәрежелі капитан Есенғали Байботаев.Василий Иванович Салазкин І Қиыр Шығыс майданы құрамында соғысқан. Кіші сержант шеніне дейін көтерілген. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» және «Кеңес Одағының маршалы Г. К. Жуков» медальдарымен марапатталған.Ардагер тұратын үйдің ауласында Әскери-теңіз күштерінің оркестрі соғыс жылдарындағы әуендерді орындап, даңқты жауынгерлік дәстүрлер мен аға буынның ерлігін еске түсірді. Бұл сәт ардагерді ерекше тебірентіп, ол әскери қызметкерлерге сәттілік пен ашық аспан тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1140022?lang=kk
Жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялауға уәкілетті тұлғалар туралы 13.01.2026
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 343-бабына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлардың декларанттары мемлекеттердің он алты жасқа толған жеке тұлғалары бола алады – Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерінің немесе шетелдік жеке тұлғалардың және (немесе) он алты жасқа толмаған жеке тұлғалардың (осы адамдардың ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының бірі, өзге де ілесіп жүретін адам не ілесіп жүретін адамдар болмаған кезде, ал кәмелетке толмаған адамдар тобының ата-анасының, асырап алушыларының еріп жүруінсіз ұйымдасқан түрде шығуы (келуі) кезінде тасымалдаушының өкілі, қорғаншылар немесе қамқоршылар, өзге де адамдар – топ басшысы не тасымалдаушының өкілі).ШҚО бойынша МКД "Ауежай Өскемен" кеден бекетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1140017?lang=kk
Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Almaty Management University басшылығымен кездесті 13.01.2026
Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев «Almaty Management University» университетінің президенті әрі негізін қалаушы Асылбек Қожахметовпен кездесті.Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде қазақстандық және малазиялық жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік байланыстарды орнату және кеңейту мәселелерін талқылады. Академиялық алмасу мүмкіндіктеріне, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға, сондай-ақ басқару және қолданбалы білім беру бағыттарындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды.Елші Малайзиямен білім беру саласындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, малазиялық университеттердің жоғары әлеуетін және кадр даярлаудағы тәжірибеге бағдарланған тәсілін ерекше атап өтті.Өз кезегінде «Almaty Management University» университетінің президенті жоғары оқу орнының қол жеткізген жетістіктері туралы ақпарат беріп, университеттің ТМД кеңістігінде MBA бағдарламалары бойынша басқарушылық кадрлар даярлау саласындағы жетекші оқу орындарының бірі ретінде танылғанын атап өтті. Сонымен қатар ол Малайзияның бейінді білім беру мекемелерімен ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.А. Қожахметов AlmaU университетінің негізгі халықаралық білім беру іс-шараларына жүйелі әрі белсенді түрде қатысып, жаһандық кәсіби қауымдастық аясында өзінің академиялық және сараптамалық күн тәртібін ілгерілетіп келе жатқанын атап өтті. Осы орайда ол 2026 ж. 12-14 қаңтар аралығында Куала-Лумпур қаласында өтетін «IAUP Asia Pacific Regional Conference» іс-шарасына баяндамашы ретінде қатысу жоспарланып отырғанын хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1140008?lang=kk
Жаңаөзенде алғаш рет заманауи үлгідегі оқушылар сарайы ашылды 12.01.2026
Бүгін, 12 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында балалар мен жастардың дамуы, заманауи үлгідегі оқушылар сарайының ашылу салтанаты өтті. Жиынға өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры Бахытжан Таубаев, Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттары, педагогикалық еңбек ардагерлері және қала тұрғындары қатысты. «Bolashaq Sarayi» балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық, ғылым және спорт саласында жаңа мүмкіндіктер ашады. Заманауи ғимаратта ғылым мен шығармашылыққа арналған зертханалар мен кабинеттер, өнер және ІТ сыныптары, телестудия, түрлі шеберханалар, «Жас құтқарушы» кабинеті, акт залы және балаларға арналған коворкинг аймағы қарастырылған. Орталық жоғары технологиялық құралдармен, компьютерлік техникалармен және қажетті заттармен жабдықталған.Ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метрден асады. Оқушылар сарайы бір күнде 1500-ге дейін баланы қабылдай алады. Нысан ҚМГ-ның еншілес компаниялары – «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ak Su KMG» ЖШС қолдауымен салынды. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай қатысушыларды оқушылар сарайының ашылуымен құттықтады.– Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып отырған жоба. Мұнда балалардың жан-жақты дамуына, қабілетін шыңдауына және сапалы білім алуына толық жағдай жасалған. Оқушылар сабақтан тыс уақытын жаңа нысанда тиімді пайдалана алады. Жобаға демеушілік жасаған компанияларға айтар алғысымыз шексіз. Енді осы білім ордасынан бәсекеге қабілетті жастар шығады деп сенеміз, – деді облыс әкімі.Сонымен қатар оқушылар сарайының салтанатты ашылуы барысында балаларды тасуға арналған жаңа шағын автобустың кілті табысталды.Шара аясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жетістіктерімен көзге түсіп жүрген Жаңаөзен қаласының жастарын арнайы марапаттады. Робототехника, шығармашылық және спорт бағыттары бойынша республикалық және халықаралық байқауларда, сондай-ақ облыстық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен жастарға және Жаңаөзен қаласының футбол командасының мүшелеріне алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1139980?lang=kk
Салық есептілігін кері қайтарып алуға салықтық өтінішті табыс етудің уақытша мүмкіндігін беру туралы шешім 12.01.2026
Құрметті салық төлеушілер!Таңдалған салық салу режиміне уақтылы көшуді қамтамасыз ету мақсатында Комитет салық есептілігін кері қайтарып алуға салықтық өтініш берудің уақытша мүмкіндігін беру туралы шешім қабылдады.Бұл өтініш ескі және жаңа СТК-де 2026 жылғы 01 наурызға дейін, яғни өтпелі кезең ішінде қолжетімді болады.Бұл ретте, салық есептілігінің нысандары олар берілген ақпараттық жүйеде кері қайтарып алынуға жататынына назар аударамыз (жаңа СТК–де СЕН ұсынылған жағдайда – салық өтінішті кері қайтарып алуға толтыру және ұсыну да жаңа СТК-де жүзеге асырылуы тиіс. Егер СЕН ескі СТК-де ұсынылған жағдайда, кері қайтарып алуға өтініш ескі СТК-де берілуі керек).Сондай-ақ, СЕН қайтарып алу мүмкіндігіне қатысты норма жаңа Салық кодексіне сәйкес алынып тасталғанын ескере отырып, бұл функцияны салық салу режимін уақтылы таңдау, сондай-ақ дара кәсіпкердің қызметін тоқтату мақсатында ғана пайдалану қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1140471?lang=kk
Жаңаөзен қаласында құрғақ түйе сүтін өндіретін цех ашылды 12.01.2026
Бүгін, 12 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласына жұмыс сапарымен барып, Жаңаөзен сүт зауытының сублимацияланған құрғақ түйе сүтін өндіру цехінің ашылу салтанатына қатысты.Жаңа сүт зауыты өңір экономикасына үлес қосатын маңызды өндіріс орны болып саналады. Жоба өңірде жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндірісін жолға қоюға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өндірісті дамытуға бағытталған. Алдағы уақытта зауыт өнімдерін экспортқа шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда өнімдерді Қытай мен БАӘ-не жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.Аталған нысан «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС тарапынан салынды. Жобаның жалпы инвестициялық құны – 148 миллион теңге, цехта 12 жаңа жұмыс орны ашылған. Жалпы ауданы 500 шаршы метрді құрайды және жылына 18 тонна өнім өндіруге қауқарлы.Цехтың басты мақсаты – жыл бойы шұбат өнімін үздіксіз қамтамасыз ету. Сонымен қатар цех арқылы шұбат өндірісін ұлғайту және ауыл шаруашылықты қолдау көзделген. Зауыт 30-ға жуық жеке шаруа қожалығынан бір жылда 68 000 литр сүт қабылдап келген, енді осы өнімді 2 есеге ұлғайту жоспарланып отыр.Салтанатты шара барысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, оның қала өмірі үшін маңыздылығын атап өтті.«Бұл жаңа өндіріс орны өңіріміз үшін маңызды әрі пайдалы бастама. Жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндірісін дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және отандық өндірісті қолдау – біздің басты мақсатымыз», – деді өңір басшысы.Сонымен қатар қала ақсақалдары құттықтау сөз сөйлеп, жаңа кешеннің лентасы қиылды. Қонақтар цехтың ішкі бөлімдерімен және өндіріс барысымен танысты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1139978?lang=kk
Жаңа салық кодексі түсіндірілді 12.01.2026
Көкшетауда Шұғыла бизнес коворкинг орталығында кәсіпкерлер, есепшілер, консалтингтік компания өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында семинар өтті.Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева Қазақстан Республикасының 2026 жылда салық заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістермен таныстырды.Жаңа Салық кодексі кәсіпкерлердің қызметін айтарлықтай жеңілдетуді көздейді. Осы арқылы әкімшілік жүктеме мен өткізілетін есеп түрлері азайып, цифрлы сервистер енгізілетін болады. Бұл бизнеске артық бюрократиядан арылып, ашық және тиімді жұмыс істеу арқылы кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұған дейін қолданыста болған жеті нұсқаның орнына үш әмбебап арнайы салық режимі (АСР) қалады: 1. Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСРҚарапайым декларацияға негізделген АСРШаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР.бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова хабарлады.ҚҚС-ты әкімшілендіру бөлімінің басшысы Жанна Антаева ҚҚС салынбайтын санаттарын, электрондық шот-фактураларды беру ерекшеліктерін және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды. Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек. Акция 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша түсінікті әрі практикалық түсіндірмелер ала алады. Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау. Қаңтар–ақпан айларында консультациялар аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Наурыздан бастап консультациялар аптасына 2 рет жүргізіледі. Акция аясында консультацияларды кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының ең тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді. Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 21А мекенжайында орналасқан Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1139942?lang=kk
Құрметті салық төлеушілер 12.01.2026
Құрметті салық төлеушілер, 328.00 СЕН-ды есепке алу кезіндегі қате (жеке шоттарға жүргізу шетел валютасында жүргізілген) 2026-жылға арналған 328.00 нысанын 1-С жүйесінен json форматында дұрыс емес жүктеу себебінен орын алды.Мемлекеттік кірістер комитеті жағдайды түзету бойынша жұмыстар жүргізуде – шетел валютасындағы есептеулерді сторнолау және KZT валютасында жатқызу. Жұмыстар жақын арада аяқталады деп жоспарлануда.Салық төлеушілердің 328.00 нысанын кері қайтарып, қайта тапсыруы талап етілмейді.СӘИЖ-сі үшін 1-С тарапынан 2026 жылға арналған 328.00 нысанын json форматында жүктеу түзетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1186191?lang=kk
Қалалық шаңғы жарысы стартының ашық біріншілігі өтті 12.01.2026
2026 жылғы 10 қаңтарда № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы базасында шаңғы жарысы бойынша қалалық старттың ашық біріншілігі өтті.Жарысқа әртүрлі жас санатындағы жас спортшылар қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Ұлдар мен қыздар арасында өткен бәсекелерде жоғары дайындық деңгейі, төзімділік пен спорттық рух айқын байқалды.Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар иегерлері анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Ұйымдастырушылар жарыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, мұндай іс-шаралар балалар спортының дамуына үлкен серпін беретінін жеткізді.Жаттықтырушылар мен спортшыларды жарыста көрсеткен нәтижелерімен құттықтаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1139913?lang=kk
Павлодарда "Халық бухгалтері" кеңес беру кабинеті ашылды 12.01.2026
Павлодарда Республикалық акция шеңберінде жеке кәсіпкерлер үшін "Халық бухгалтері" кеңес беру кабинетінің презентациясы өтті. Акция Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жаңа жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда.Жобаның мақсаты – жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілерін қолдау, сондай-ақ бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу сапасын арттыру.Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ержан Тоқтарханов атап өткендей, акция 5 қаңтарда басталып, ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. "Халық бухгалтері" кабинеті кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша тегін кеңес береді. Кеңес беруді "Қазақстанның бухгалтерлер және бухгалтерлік ұйымдар одағы" бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшелері және МКБ мамандары жүргізеді."Халық бухгалтері" жобасы – бұл салық органдарының бақылау моделінен салық төлеушілерге қызмет көрсетуге көшудің алғашқы қадамы. Әрі қарай бұзушылықтарды алдын алуға және консультациялық қолдау сапасын арттыруға бағытталған қосымша шараларды іске асыру жоспарлануда."Халық бухгалтері" кабинеті Павлодар қаласы Жеңіс алаңы, 5а (1-қабат, сол қанат) мекен-жайында орналасқан.Акцияның алғашқы айларында (қаңтар-ақпан) кабинеттің жұмыс кестесі аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін. Наурыз айынан бастап кеңес беру аптасына 2 рет өткізіледі."Халық бухгалтері" жобасы бизнесті қолдаудың маңызды құралы болады, салық төлеушілердің жұмысын жеңіл және ашық, ал салық органдарымен өзара іс – қимылды неғұрлым ыңғайлы әрі түсінікті етеді.Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1140054?lang=kk
Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу 12.01.2026
«ҚР ҚМ ММЖК Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комиетінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №Л-69 бұйрығына сәйкес 202, жылғы 13 қаңтарынан бастап 16 қаңтар аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1139896?lang=kk
Шұбаттан жасалған «қазақ балмұздағы» Алматы облысы өндіріледі 12.01.2026
Алматы облысында ұлттық тағам мәдениетін жаңаша танытатын ерекше гастрономиялық өнім пайда болды — түйе сүтінен дайындалатын балмұздақ. Сарыбұлақ ауылында өндірілетін бұл десерт дәстүрлі шұбаттың пайдасын сақтай отырып, заманауи форматта ұсынылып, бүгінде «қазақ балмұздағы» деген атауға ие болуда.Алматы облысында ұлттық тағам мәдениетін жаңа қырынан танытатын тосын гастрономиялық өнім пайда болды — түйе сүтінен, дәлірек айтқанда шұбаттан жасалған балмұздақ. Бұл өнімді Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Сарыбұлақ ауылында 38 жастағы кәсіпкер Азангүл Албосын өндіреді. Табиғи құрамы, 20-дан астам дәм түрі және дәстүрге негізделген тұжырымдамасы бар бұл десертті жергілікті тұрғындар бүгінде «қазақ балмұздағы» деп атап кеткен.Жоба «Қазақтану» атты мәдени-ағартушылық бағыт аясында жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты — көне дәстүрлердің қазіргі заманмен үндесе отырып, жаңаша сипат ала алатынын көрсету. Мұнда ұлттық ас тек тағам ретінде ғана емес, тарихты, философияны және мәдени жадыны сақтаушы құндылық ретінде қарастырылады.Азангүл Албосынның негізгі мамандығы — заңгер. Қазақстанға қоныс аудармай тұрып, Қытайда сот болып жұмыс істеген. Тарихи Отанына оралу бала күнінен бергі арманы еді — ата-анасы ата-баба жері жайлы жиі әңгімелейтін, ал әкесі түйе шаруашылығын ашуды көп ойлайтын.Шамамен 15 жыл бұрын Азангүл Қазақстанға көшіп келіп, тұрмыс құрды. Жолдасы Жарқын Жұмағазымен бірге шаруа қожалығын дамыта бастады. Алғашында ешкі мен жылқы өсіріп, ешкі сүті мен қымыз сатты. Кейін тәуекелге барып, түйе шаруашылығымен айналысуға бел буды. Алғашқы түйелерді көліктерін сатып, сол қаржыға алған. Тәжірибені өз бетімен жинады: фермаларды аралап, білікті шаруалардан кеңес алып, шұбат дайындау технологиясын меңгерді.«Алғашқы кезде түйе сүтін базарларда, халық көп жиналатын жерлерде стақанмен саттық. Көлігіміз болмаған соң, күйеуім өзі көтеріп жүрді. Қиын болды, бірақ сұраныс артты. Кейін адамдар өздері бізге келе бастады», — деп еске алады Азангүл.Отбасы Сарыбұлақ ауылына 10 жыл бұрын қоныс аударған. Бүгінде фермада 80-ге жуық түйе бар. Мұнда өндірілетін шұбат, құрт пен майды тек аудан тұрғындары ғана емес, өзге өңірлерден де сатып алады. Үш жыл бұрын ерлі-зайыптылар бизнес-жоспар әзірлеп, оны Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке ұсынды. Жоба қолдау тауып, Қаражотын ауылдық округінен бос жатқан жер телімі берілді.«Түйе шаруашылығы — жай ғана кәсіп емес. Қазақ халқы үшін бұл — тіршілік көзі болған сала. Сүтін, жүнін, терісін — барлығын тұрмыста пайдаланған. Біз осы дәстүрдің болашағы бар екенін көрсеткіміз келеді», — дейді кәсіпкер.Азангүл қолөнермен де айналысады: түйе жүнінен көрпе, жастық, емдік белбеулер тігеді. Алдағы уақытта ауыл әйелдеріне арналған қолөнер мектебін ашуды армандайды.Шаруашылықтағы негізгі өнім — түйе сүті. Халықаралық оқудан өтіп, арнайы құрал-жабдық алғаннан кейін, өткен жылы Азангүл «Қазақ қызы» атты жеке брендімен шұбаттан балмұздақ шығара бастады.«Сүтті баяу қайнату керек. Бұл процесс 20 сағатқа дейін созылады. Сүт қоюланып, қоюландырылған сүт секілді болғанда, оған тосап қосамын. Қазір шамамен 20 түрлі дәм бар: шоколад, құрма, карамель, жидек, қауын және басқалары», — дейді ол.Балмұздақ толықтай табиғи өнім: консервантсыз, қант мөлшері аз. Дәмі классикалық балмұздақтан кем емес, ал пайдасы әлдеқайда жоғары — дәрумендер мен қоректік заттарға бай.Алғашында өнім Шелек ауылындағы шағын дүкенде сатылса, қазір Алматы қаласындағы дәмханалар мен мейрамханаларға тапсырыспен жеткізіледі. Қаптама дизайнын да Азангүлдің өзі әзірлеген.Өткен жылы кәсіпкер «Бір ауыл — бір өнім» жобасына қатысып, көрме қонақтарының оң бағасына ие болды. Алайда сол жолы мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алмады.«Қазақстанды әлемге танытатын басты құндылық — оның дәстүрі мен мәдениеті. Бізде ұлттық гастрономиялық брендтер болуы керек. «Қазақстанда жасалған» деген таңбасы бар өнімдер көбейгенін қалаймын», — дейді Азангүл.Отбасының алдағы жоспары — түйе санын арттыру, бөтелкеге құйылған шұбат өндіретін цех ашу және балмұздақ өндірісін кеңейту.Қазақтың ұлттық асханасы — Ұлы дала көшпелілер өркениетінің айнасы. Азангүл Албосын — сол дәстүрді сақтап қана қоймай, оны заманауи тілде сөйлете білген жандардың бірі. Оның шұбаттан жасалған балмұздағы — тарих пен табиғилықты, жаңа идеяларды тоғыстырған, Отанның дәмі бар ерекше десерт.Айта кетейік, Қазақстанда түйе сүті өндірісі жылына 18 мың тоннадан асады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1139790?lang=kk