Enbekshi QazaQ

Әлем

ОБЪЯВЛЕНИЕ 21.05.2025
"Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.         Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға қатыса алады. Ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға қатысу мәселелері бойынша "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ бас маманы Онайбаев Нұрғали Нұрланұлына 8 - (7132) 54-05-92 телефоны бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/997443?lang=kk
Заң және тәртіп: «Антикор» командасы жастар квиз ойынында үздік атанды 21.05.2025
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған интеллектуалды квиз-ойын өтті. Іс-шараға құқық және заңдылық мәселелеріне жоғары қызығушылық танытқан жастар өкілдері, студенттер мен еріктілер қатысты.Іс-шараның басты мақсаты жастар арасында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру болды. Ойын ҚР Конституциясы және қолданыстағы заңнама саласындағы білімді кеңейту үшін маңызды тұғырнамаға айналды.Квиз барысында қатысушылар елдің негізгі Заңына, салалық нормативтік актілерге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға қатысты тапсырмаларды шешті. Сұрақтар теориялық білімді тексеріп қана қоймай, аналитикалық ойлау мен топтық жұмысты ынталандыратын етіп жасалған.Ойын қорытындысы бойынша жемқорлыққа қарсы еріктілерден тұратын «Антикор» командасы жеңімпаз атанды. Жастар дайындықтың жоғары деңгейін, эрудиция мен ұйымшылдықты көрсетті. Команда мадақтамамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың бойында заң мен адам құқықтарын құрметтеуге негізделген тұрақты азаматтық ұстанымдар қалыптастыруға ықпал етеді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/997395?lang=kk
Қарағанды техникалық университетінде Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орнының делегациясы болып қайтты 21.05.2025
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті University of Exeter (Ұлыбритания) делегациясын қабылдады. Қонақтарға өңірдің ғылымын дамытудың басымдықтары туралы айтып, сондай-ақ КарТУ кампусына экскурсия ұйымдастырылды.Жоғары оқу орнынан келген делегация құрамына профессор проректордың жаһандық мәселелер жөніндегі орынбасары Стюарт Берхоп пен қоршаған орта, ғылым және экономика факультетінің жаһандық әріптестік бөлімінің басшысы Рейчел Джонс кірді.University of Exeter мамандары Сағынов атындағы КарТУ басшылығымен кездесіп, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейтуді қоса алғанда, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.– Бұл делегацияның біздің университетке алғашқы сапары болды. Біз өзімізді қызықтыратын мәселелерді талқылап, біздің қонақтарға кампус бойынша экскурсия жүргіздік. Енді осының барлығына сүйене отырып, олар да, біз де ынтымақтастықтың ықтимал форматтары мен нұсқаларын ойластыратын боламыз, – дейді Сағынов атындағы ҚарТУ стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры Тимур Қанапиянов.Сондай-ақ, британдық делегация үшін «QARMET» АҚ кәсіпорындарына экскурсия ұйымдастырылды.Содан кейін Астанадағы University of Exeter өкілдері ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті. Олар сондай-ақ Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы академиялық ынтымақтастықтың ықтимал перспективаларын қарастырды.University of Exeter – үлкен тарихы бар көпсалалы британдық жоғары оқу орны. Ол 1855 жылы құрылған. Бүгінде жоғары оқу орнында әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер білім алуда.University of Exeter Russell Group зерттеу университеттерінің беделді қауымдастығына кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/997333?lang=kk
Самар ауданының әкімі С.Жеңісов Көкжота ауылында кездесу өткізді. 21.05.2025
Самар ауданының әкімі С.Жеңісов Көкжота ауылында кездесу өткізді. Онда бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, "Көкжота-Бастаушы" бағытындағы тасжолдың жөндеу жұмыстары қолға алынбақ. Аудан басшысы ауыл тұрғындарының көшені жарықтандыру, ауызсу мәселесі бойынша қойған сұрақтарына жауап беріп, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/997334?lang=kk
Кәсіби шеберлік сайысы: Шығыс Қазақстанда үздіктер марапатталды 21.05.2025
🔷 Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 16 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «WorldSkills Shygys 2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.🔷 Үш күнге созылған чемпионат барысында қатысушылардың жұмыстарын кәсіпорындардың жетекші мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері бағалады.🔰 Нәтижесінде 38 құзыреттілік бойынша 28 колледждің студенттері жеңімпаз атанып, ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін «WorldSkills Kazakhstan 2025» республикалық чемпионатына қатысу құқығына ие болды.📌 Аймақтық чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:🏆🥇1-орынды Өскемен жоғары политехникалық колледжінің командасы (9 алтын, 1 күміс, 1 қола және 2«Үздік маман» медальоны);🏆🥈 2-орынды Риддер колледжінің командасы (3 алтын, 4 күміс, 1 қола және  4 «Үздік маман» медальоны);🏆🥉 3-орынды Өскемен көпсалалы технология колледжінің командасы (5 алтын,  3 қола және 2 «Үздік маман» медальоны) иеленді.🔰 Жалпыкомандалық есепте жеңіске жеткен колледждерШығыс Қазақстан облысы әкімінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.✅ Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауда «Казцинк» ЖШС-нің демеушілігімен  сыйлықтар табысталды.✊ «WorldSkills Shygys 2025» аймақтық чемпионатының барлық жеңімпаздарына республикалық деңгейде сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңіс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/997320?lang=kk
Серік Жұманғарин Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесін ашты 21.05.2025
Қазақстанның барлық өңірінен келген 350 өндіруші өз өнімін Астанадағы «Ulttyq ónim» VIII отандық өндірушілер көрмесінде ұсынды. EXPO халықаралық көрме орталығында басталған сегізінші жылсайынғы көрмеде қазақстандық өндірушілер тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау, жабдықтар, зергерлік бұйым мен басқа да мыңдаған тауар түрін ұсынды. Экспозицияға қатысқан барлық кәсіпорынға еліміздегі шағын және орта бизнеске қолдау жасайтын негізгі қаржы институты «Даму» қоры қаржылай және басқа да көмек көрсетті.«Ulttyq ónim сегізінші көрмесі – отандық кәсіпкерлікті дамытудың ең жақсы дәлелі мен көрінісі. Өндірушілер еліміздің ішкі нарығындағы ұстанымын нығайтып, экспортқа шығуда. Шетелде танымал брендке айналып жатыр. Ал шағын және орта бизнесті мемлекеттің қолдауы тек күшейе бермек. Биыл экономиканың нақты секторын жедел дамытуға бет бұрдық. Мемлекет ақпараттық технология, логистика, туризмге, тамақ өнімін, құрылыс материалын өндіруге, машина жасау, жеңіл және химия өнеркәсібі сияқты басым салалардағы ШОБ инвестициялық жобаларына ашық тапсырыс жариялады. Бұл бағытта жан-жақты қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті көрменің ашылуында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин. Көрмеде ас үй плиталары, желдеткіш, медициналық жабдықтар, трансформаторлар, құрама жем, чемодандар, тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, антисептиктер, киім, аяқ киім және басқа да сұранысқа ие тауарлар ұсынылған. Қатысушылардың бірі зарарсыздандыру және жуу құралын өндіруші «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда косметикалық өнімнің 40, тұрмыстық химияның 55, зарарсыздандыру құралының 80-нен астам түрі бар.«Біз өнім өндіруде тиімділікке, қауіпсіздік пен тауардың тым қымбат болмауына баса назар аударамыз. Бізден ыдыс жууға арналған сабын, сұйық сабын, әйнек жууға, ас үйге, кір жууға арналған тұрмыстық химияны сатып алуға кеңес береміз. Біз желіні үнемі жаңартып отырамыз. Жаңа өнімдердің арасында үй мен кеңсеге арналған хош иісті диффузорлар бар. Booboo брендімен балаларға арналған өнімдердің сан алуан түрін шығарудамыз. Өнімдеріміз Қазақстандағы сауда желілерінде, маркетплейстерде және таяу шет елдерде кеңінен ұсынылған», — деді «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС өңірлік директоры Ермек Еркінов.2024 жылы «Бәйтерек» холдингінің субсидиялау және кепілдік беру құралдары арқылы Үкімет бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруға 336 млрд теңге бөлді. 2,7 мың жобаға 254 млрд теңге жеңілдетілген несие берілсе, жалпы 29,5 мың жоба 1,7 трлн теңгеге мемлекеттің қолдауына ие болды. Бұл шаралар 9,7 мың жұмыс орнын ашуға, 25,4 трлн теңгенің өнімін шығаруға, 1,7 трлн теңге салық түсіміне мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2024 жылы ШОБ секторында жұмыспен қамтылғандар үлесі халықтың 48%-на тиесілі болса, ЖІӨ-ге қосылған үлес шамамен 40%-ды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/997324?lang=kk
Мүмкіндіктер жәрмеңкесі: әр адамға — жұмыс 21.05.2025
16 мамыр күні Қостанай қаласының Сити-орталығында дәстүрлі облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шара жоғары оқу орындары мен колледж түлектері, жұмыс іздеп жүрген жастар үшін ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қостанай облысы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ.Жәрмеңкеде облыстың түкпір-түкпірінен келген 1000-нан астам жас ізденуші мен 80-нен астам жұмыс беруші бір алаңда бас қосты. Қатысушылар қатарында ірі жекеменшік компаниялар, мемлекеттік мекемелер, өндірістік кәсіпорындар, банктер, IT-компаниялар және денсаулық сақтау ұйымдары бар.Жәрмеңкенің басты мақсаты — адамдарды бір жерге жинау ғана емес, жұмыс берушілер мен жас мамандар арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік жасау. Әрбір қатысушы алғашқы әңгімелесуден өтіп, бос орындар, еңбек шарттары, тағылымдамалар мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.Көптеген жастар үшін бұл жәрмеңке жұмысқа орналасуға жасалған алғашқы маңызды қадам болды. Сонымен қатар, іс-шара барысында жұмыспен қамту орталықтары мен мемлекеттік бағдарламалардың өкілдері кеңес беріп, субсидиялар, жеңілдіктер және тағылымдамалар бойынша ақпарат ұсынды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Мақсат — мүмкіндігінше көбірек жастарды қамтып, дипломнан жұмыс орнына дейінгі жолды қысқарту.Жастар жұмыс істегісі келеді — бұл анық байқалады. Ал жәрмеңке көптеген жас үшін нағыз бастау нүктесіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/997299?lang=kk
Зайсан ауданның жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс 21.05.2025
Ақпараттық хабарлама шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 08.07.2025 жылы конкурсқа ұсынылған жер учаскелерінің тізімі1 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/997273?lang=kk
"Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу" семинары 21.05.2025
     Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы сайлауды тиімді дайындау және өткізу мақсатында "Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында каскадты әдіспен Курчатов қаласында семинар өткізді.Семинарға аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.Сайлау комиссияларының қызметін тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ дауыс беру күнінің алгоритмі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ семинарға қатысқан барлық тыңдаушылар сайлау заңы бойынша тестілеуден өтті.Семинар барысында комиссия мүшелерінің назары "Барлық сайлаушыларды ағымдағы науқан туралы хабардар ету, дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету, дауыс берушілер үшін қажетті жағдайлар жасау, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің қызметі, мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігіне" назар аударылды.Семинар қорытындысы бойынша Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/997252?lang=kk
Ақтау гарнизонында әскер қатарын толықтырғандар танк жүргізу сынағын өткізді 21.05.2025
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлерінің бригадасында жас сарбаздарды жауынгерлік даярлау бойынша қарқынды сабақтар өтті. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасынан және теңіз жаяу әскерлері бригадасын көктемде толықтырғандар жауынгерлік оқудың маңызды кезеңінен – Калашников автоматынан алғашқы атыстарды орындау, кедергілер жолағын еңсеру, танк жүргізу сынынан өтті. Оқу-жаттығу барынша жауынгерлікке жақын жағдайда өтті. 600-ге жуық сарбаз жас жауынгер курсының негізгі элементтерін үйреніп, мұнда күш-қуат тұрғысынан төзімділік қана емес, психологиялық тұрақтылық та бағаланады.Ең шиеленісті сәттердің бірі танктерді жүргізіп сынау болды – бұл арнайы жаттығуда танк орда жатқан жауынгердің үстінен өтеді. Бұл сынақ сарбаздың сауытты көліктен қорқынышын жеңуге үйретеді және ұрыс кезінде болуы ықтимал жағдайларға дайындайды. Жиын бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары капитан Рәтбек Қуатбековтың айтуынша, жаттығу мақсаттарына толық деңгейде қол жеткізілді.– Біздің міндетіміз – сарбазға теориялық білім ғана емес, оны экстремалды жағдайда әрекет етуге үйрету, – деп түсіндірді ол. – Қарсыластың танктерімен күресудің іс жүзіндегі дағдылары, психологиялық тұрақтылық әдістерін пысықтау, мұның бәрі «өте жақсы» орындалды.Даярлық бағдарламасына айтылғаннан басқа Калашников автоматынан ату, оқ борап тұрғанда қозғалыстарды пысықтау және тактикалық дайындық элементтерімен кедергілер жолағын еңсеру кірді. Бұл сабақтар теңіз жаяу әскерлерін қызметке бейімдеудің маңызды кезеңі болды.Түркістан облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Мұхтархан Алмаған үш аптадан астам уақыт бойы әскери істің негіздерін үйреніп, қару-жарақты меңгеріп, тактикалық дайындықтың ережелерін зерделегенін айтты. Міне, әскерге жаңа келгендердің де атыс жүргізіп, танктермен сынақтан өткен күн келіп жетті.–  Теңіз жаяу әскерінде қызмет етемін, бұл мен үшін мақтаныш, – деді сарбаз. – Мен граната лақтырушы болғым келеді, бір жыл ішінде бізге әскерге де, өмірде де пайдалы болатын біраз нәрсені үйренеміз деп сенемін.Алда теңіз жаяу әскерлерінің жауынгерлері әскери ант беріп, осы әскердің шабуылдау батальондарының құрамында борышын өтейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/997178?lang=kk
Ұлттық ұланда бейімделген интеллектуалды психологиялық тестілеу жүйесі енгізіледі 21.05.2025
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында әскери ортада психологиялық мәселелерді анықтауға арналған заманауи технологияларды енгізу бойынша кездесу өтті. Іс-шара барысында әзірлеушілер бейімделген интеллектуалды психологиялық тестілеу жүйесін таныстырды.Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетовтың айтуынша, жасанды интеллектті қолдану әскери ортадағы психологиялық қиындықтарды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.– Заманауи технологиялар психология мен менталдық саулық саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Олар эмоционалдық жайсыздықтың алғашқы белгілерін дер кезінде анықтауға және олардың өршуінің алдын алуға көмектеседі. Біздің мақсатымыз – әрбір әскери қызметшіге уақытылы көмек көрсетуді қамтамасыз ететін тиімді ерте анықтау және қолдау жүйесін құру, – деді Қайрат Үмбетов.Интеллектуалды жүйенің қалай жұмыс істейтіні туралы жобаның әзірлеушісі Ерғали Мәбиев баяндап берді.Оның айтуынша, гибридті архитектура талдау нәтижелерінің дұрыстығын тексеріп, нақты ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйе сынақтан өтушінің алдыңғы жауаптарына сәйкес сұрақтардың мазмұны мен күрделілік деңгейін динамикалық түрде өзгертіп отырады. Бұл әдіс дәстүрлі тестілеу тәсілдеріне қарағанда адамның психологиялық жағдайын анағұрлым дәл және тиімді бағалауға мүмкіндік береді. Өйткені артық сұрақтар қысқартылып, маңызды аспектілерге назар аударылады.Мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйе әскери бөлімдердің серверлерінде локалды түрде орналастырылады.Бас қолбасшылықтың мәліметінше, жүйені сынақтан өткізу елордалық гарнизонның әскери бөлімдерінде қызмет атқарып жатқан жас сарбаздар арасында жүргізіледі.Айта кетейік, мұндай технологияларды енгізу – әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және әскери бөлімдерде дұрыс моральдық-психологиялық климат қалыптастырудың маңызды қадамы болмақ. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/997159?lang=kk
Халықаралық отбасы күні: Қазақстандағы неке мен бала туу көрсеткіші 21.05.2025
Халықаралық отбасы күні: Қазақстандағы неке мен бала туу көрсеткішіХалықаралық отбасы күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы тіркелген некелер мен дүниеге келген сәбилер саны бойынша еліміздің үздік 5 өңірінің көрсеткішін ұсынады.  Жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 144 234 сәби дүниеге келіп, 36 818 жұп некеге тұрған. Туу туралы тіркеулер көрсеткішінің алғашқы бестігі: Түркістан облысы – 17 643 нәресте (жалпы санның 12,2%).Алматы қаласы – 16 914 (11,7%).Астана қаласы – 14 134 (9,8%).Алматы облысы – 12 121 (8,4%).Шымкент қаласы – 11 645 (8,1%). Тіркелген некелер саны бойынша алғашқы бестік: Алматы қаласы – 5 731 неке (жалпы санның 15,6 %).Астана қаласы – 4 005 (10,9%).Түркістан облысы – 2 919 (7,9%).Алматы облысы – 2 424 (6,6%).Шымкент қаласы – 2 356 (6,4%). Ресми мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері азаматтық хал актілерінің тіркелуі бойынша сәуір айы көш бастап тұр. Тіркеу бөлімдері бұл айда 37 812 туу туралы және 10 190 неке туралы куәлік берген. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы барша қазақстандықтарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа береке, бақыт пен жылулық тілейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/997135?lang=kk
Отбасы күніне орай отбасылық «көңілді start» эстафеталық сайысы өтті 21.05.2025
 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай жанұя ынтымағы мен бірлігін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты іскер асыру бағытында іс-шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында отбасылық «Көңілді START» эстафеталық сайысы өтті.Отбасылық эстафета «Қазалы мәдени-демалыс кешеніндегі» спорт алаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен басталды. Спорттық шараны аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиев сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Сайысқа көп балалы 7 отбасы қатысып, алдымен өз командаларының ұрандарымен таныстырды. Одан кейін сайыскерлер 5 кезең – «Жүйрік ат», «Кім епті?», «Кім жылдам», «Допты шеңберге лақтыру», «Жеңіске жету» эстафеталары бойынша бақ сынасты.Тартысты өткен сайыс нәтижесімен І орын алған Төлегеновтер отбасы кубок, диплом және 50 мың теңге, екінші орынға ие болған Әлиевтер отбасы диплом және 30 мың теңге, ІІІ орын иегері Советовтер отбасы диплом мен 20 мың теңге қаржылай сыйақылар иеленді. Ал, Жұмабаевтар, Жеткергеновтер, Жусуповтар және Әділхановтар отбасыларына ынталандыру алғыс хаты мен 10 мың теңгеден сыйақылар табысталды.Шарада Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік әсем ән шырқап, отбасылар мен жанкүйерлердің көңілін көтерді. Шара соңында эстафетаға қатысушы отбасылар керемет көңіл күймен ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп,естелік суретке түсіп, ризашылықпен тарқасты.Айта кетейік, сайыстың ынталандыру жүлдесіне демеушілік жасаған «Сауаптан құр қалмайық» қоғамдық қорының төрағасы Қарымсақов Мақсұт Мұратұлы және «Ақжол Қазалы құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ақжолова Сания Нұржаубайқызына алғысымызды білдіреміз.15 мамыр – Халықаралық отбасы күні баршаңызға құтты болсын!Барлығыңыздың жанұяларыңызға амандық, шаттық пен қуаныш тілейміз! Берекесі мен бірлігі жарасқан отбасылар қатары көп болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/997120?lang=kk
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі АҚШ-та өткен Best warrior байқауында рекорд орнатты 21.05.2025
Қазақстан Қарулы күштерінің командасы Аризона штатындағы Кемп Навахо әскери базасында жыл сайын өтетін Best warrior байқауында бағын сынауда. Қазақстанның намысын өткен жылы кәсіби сайыста жүлделі орындарға ие болған 54835-А әскери бөлімі батальонының сержанты 3-сыныпты сержант Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімі ротасының 3-сыныпты гвардия сержанты Рауан Тоқтарбеков қорғауда.18 мамырға дейін созылатын байқауға АҚШ-тың 7 штатынан, Фиджи, Гуам, Тонга және Филиппиннен келген әскери қызметшілер сайысып жатыр. Аризона Ұлттық гвардиясы жыл сайын Best warrior байқауын өткізіп, онда әскери қолданбалы пәндерден үздік деп танылған сержанттарды анықтайды.Сайыс армиялық жауынгерлік фитнес тесті, жауынгерлік даярлықты оқыту пәндерінен нормативтерді орындау, түнгі күзет, картамен жұмыс, аймақты бағалау және азимут бойынша қозғалыс, жергілікті жерді патрульдеу, тактикалық медицина, М-240В пулеметінен, М-4 автоматынан, М-17 тапаншасынан ату, арнайы әскери сауытпен және 12 келі жүкпен 22 шақырымға марш жүгіру сынды 10 негізгі жарыстан тұрады.Дүбірлі додада АҚШ армиясының қару-жарағымен және құралдарында жаттығулар мен нормативтерді орындаса да біздің әскери қызметшілер тамаша нәтижелер көрсетіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, 3-сыныпты сержант Дархан Аслан 800 метрге жүгіруде қашықтықты 2 минут 5 секундта еңсеріп, үздік нәтиже көрсетті. Оның көрсеткен нәтижесі Аризона штатының Ұлттық гвардия байқауының бүкіл тарихындағы рекорд ретінде тіркелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/997093?lang=kk
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібін жетілдіру туралы 21.05.2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» АгенттікБасқармасықаулысыныңжобасынәзірледі.Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, оның ішінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады.Атап айтқанда, зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын алу үшін жүгінбеген азаматтар үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін автоматты (өтінішсіз) тәртіппен жүзеге асыру жоспарланып отыр.Осы тетікті іске асыру ЕЗЖ бойынша талап етілмеген зейнетақы жинақтарының алдын алып, зейнетақы төлемдерінің барлық түріне бірдей көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді  тұтынушыларының құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.  Сыртқы коммуникациялар басқармасы press@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/997069?lang=kk
Агенттік өкілдері Катардағы IOSCO-ның 50-ші жыл сайынғы отырысына қатысты 20.05.2025
2025 жылғы 12 – 15 мамыр аралығында Катар астанасы Дохада Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссиялар ұйымының (IOSCO) 50-ші жыл сайынғы отырысы, сондай-ақ капитал нарығын дамытудың, шағын және орта кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейтудің негізгі мәселелеріне және исламдық қаржының рөліне арналған Катардың қаржы нарықтары жөніндегі басқармасы (QFMA) ұйымдастырған Конференция өтті.Іс-шараға ұлттық реттеуші органдар, қор биржалары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар, банктер, инвестициялық компаниялар, сондай-ақ халықаралық және аймақтық қаржы институттарын ұсынатын 130 юрисдикциядан 500-ден астам қатысушы жиналды.Жыл сайынғы отырыс қаржы нарықтарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша пікір алмасу үшін маңызды халықаралық платформа болып табылады. Талқылауға инвесторлардың құқықтарын қорғау, капитал нарықтарын орнықты дамыту және олардың тұрақтылығын сақтау мәселелері ұсынылды.Технологиялық өзгерістердің қаржы нарықтарына әсеріне, соның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту мен қадағалаудағы жасанды интеллекттің рөліне, сондай-ақ қаржылық технологияларды, цифрлық активтерді және криптовалюталарды дамытуға ерекше назар аударылды.Іс-шара аясында Агенттік өкілдері IOSCO-ға қатысушы елдердің қаржы реттеушілерімен, оның ішінде Катардың қаржы нарықтары жөніндегі басқармасымен (QFMA) кездесулер өткізді. Екіжақты кездесулер барысында цифрлық активтер нарығын реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеуді және бағалы қағаздар саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруді қоса алғанда, ынтымақтастық перспективалары қаралды.Іс-шара қаржы институттары мен мемлекеттік органдар арасындағы жаһандық және жергілікті капитал нарықтарын реттеу тиімділігі мен орнықтылығын арттыруға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды кезең болды. Сыртқы коммуникациялар басқармасы press@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/997014?lang=kk
«Чори Аваз: Сөзі мәңгілік ақын» 20.05.2025
Шырайлы Шығыста А.С. Пушкин кітапханасы ұлт арасындағы мәдени байланысты, рухани үндестікті нығайтуға бағытталған тағы бір тағылымды шараны табысты ұйымдастырды.«Çorï Avaz: Sözi mäñgilik aqın» атты әдеби кеш өзбек поэзиясының көрнекті өкілі, рухы мен сөзі мәңгілік ақын — Чори Аваз шығармашылығына арналды.15 мамыр күні кітапханада өзбек поэзиясының көрнекті өкілі, сөзі мәңгілікке айналған ақын — Чори Аваздың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық кеш өтті. Кешке арнайы  Өзбекстаннан келген ақынның жары, қаламгер Зебо Омонова ханым қатысты. Ақынның жарымен бірге, сонау Өзбекстаннан келген Келдиёр Хужайеров («Fаvvora» киностудиясының жетекшісі, ақын жайлы деректі фильм авторы), Сирожиддин Рауф («Шығыс жұлдызы» журналының бас редакторы), Гүли Нигор Авазова (Зульфия атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақынның қызы), немересі Мехри Нигор құрметті қонақ ретінде кітапхана төрінен орын алды.Кеш барысында Гүли Нигор Авазова әкесі туралы тебірене естелік айтып, жүрекжарды жырын оқыса, Мехри Нигор атасының өлеңінен үзінді оқып, көрерменді толқытты. Ақын жайлы жылы естеліктерімен бөліскен Келдиёр Хужайеров пен Сироджиддин Рауф мырза  ақынның шығармашылығына арналған бірнеше өлеңін оқып берді. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері Чори Аваз өлеңдерінің қазақша аудармасын мәнерлеп оқыды.Зебо Омонова ханым Чори Аваздың өмірі мен шығармашылығы, отбасындағы бейнесі, оқырманмен байланысын сақтау жолындағы еңбектері туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті.Шара соңында  ақын, драматург, Өскемен қалалық мәслихат депутаты Әскерхан Ақтай сөз сөйлеп, Чори ақынның өлеңін қазақшаға тәржімалап оқып берді. Кітапхана ұжымы алыстан келген қонақтарға шапан жауып, сый-сияпат ұсынды. Кеш қонақтары да өздерімен алып келген кітаптарын кітапхана қорына табыстады.Бұл кеш – ұлт пен ұлтты табыстырған, жүректерді жырмен жалғаған әдеби кездесуге айналды. Шарадан кейін қатысушылар естелік суретке түсіп, ақын рухына тағзым етті. Сөз – ұмытылмас, жыр – өшпес. Ақын Чори Аваздың мәңгілік сөзі халық жүрегінде өмір сүруін жалғастыра бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/996959?lang=kk
«Majid Al Futtaim» компаниясының Атқарушы директоры Юнус Аль Мулламен кездесу 20.05.2025
14 мамырда «Majid Al Futtaim» компаниясының Атқарушы директоры Юнус Аль Мулла мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ сауда-экономикалық саладағы бірлескен бастамалар талқыланды.Анықтама: Majid Al Futtaim - БАӘ-дегі ең ірі жеке компаниялардың бірі. Құрамында 30-дан астам сауда орталықтары, соның ішінде Mall of the Emirates, сондай-ақ Carrefour супермаркеттер желісі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/996970?lang=kk
БЖЗҚ-дағы мұраға қалатын жинақтарды қалай алуға болады? 20.05.2025
Зейнетақы және мақсатты жинақтар (соның ішінде «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында) – БЖЗҚ-да атына шот ашылған адамның меншігі болып саналады және мұра ретінде беріледі. Мұрагерлік рәсімделмей тұрып, марқұмның отбасы мүшелері оның жинақтары (МЗЖ/МКЗЖ/ЕЗЖ) есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлемді алуға құқылы – мөлшері 94 АЕК-тен аспауы тиіс және шоттағы қалдықтан көп болмауы керек.Егер жерлеу төлемінен кейін шотта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз сома қалса, ол да жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.Қалған жинақтар заңнамаға сәйкес мұрагерлік жолмен беріледі.Маңызды: мақсатты жинақтардан жерлеу төлемі қарастырылмаған. Мұраны алу үшін мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде марқұмның тұрғылықты жері бойынша нотариусқа жүгіну қажет. 2019 жылдан бастап нотариустар БЖЗҚ-дан мәліметтерді онлайн түрде сұратуға мүмкіндік алды – бұл мұрагерлік құқық туралы куәлікті рәсімдеуді жеделдетеді.Куәлік алынғаннАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/996937?lang=kk
Зейнетақы аннуитеті шартын жасауға кім құқылы? 20.05.2025
БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (СҰ) зейнетақы жинақтарын аударуға құқығы бар тұлғалар:Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:1)Зейнет жасына жеткен азаматтар:Ерлер – 63 жасқа толғанда;Әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);2)45 жасқа толған азаматтар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:1)Зейнет жасына жеткен азаматтар:Ерлер – 63 жасқа толғанда; әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/996943?lang=kk