Enbekshi QazaQ

Әлем

«Жасыл» энергетика: Алматы облысы инвестиция мен даму қарқыны бойынша алда келеді 20.05.2025
Алматы облысы еліміздегі «Жасыл» энергетиканы дамыту бойынша көшбасшы өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Бүгінде өңірде жалпы қуаты 328,1 МВт болатын 23 жаңартылатын энергия көздері нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында – қуаты 25,78 МВт болатын 8 шағын су электр станциясы, 142 МВт-тық 9 жел электр станциясы және 160,365 МВт-тық 6 күн электр станциясы бар.Өңірдегі электр энергиясын орташа тұтыну көлемі 550–630 МВт аралығында. 2024 жылы бұл көрсеткіш 608,4 МВт-қа жетті. Оның 303,31 МВт-ы – облыс ішінде өндірілген, оның ішінде 62,36 МВт – жаңартылатын энергия көздерінің үлесі (Іле және Шарын өзендеріндегі ірі СЭС-терді есептемегенде). Қалған 305,09 МВт басқа өңірлерден сатып алынады.Жаңа жобалар мен инвестициялар2024 жылы Жамбыл ауданында қуаты 3 МВт болатын жаңа су электр станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаның инвестициялық көлемі – 1,9 млрд теңге, 5 тұрақты жұмыс орны ашылды.Сондай-ақ, биыл жаңартылатын энергия көздері нысандарын салуға арналған екі аукцион өткізілді. Қонаев қаласындағы қуаты 100 МВт болатын КЭС жобасы бойынша жеңімпаз ретінде «Дамона» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жамбыл ауданында қуаты 20 МВт болатын ұқсас жобаны «Dala Solar» ЖШС жүзеге асырып жатыр – қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда, нысан да 2026 жылы іске қосылады деп күтілуде.2025 жылға арналған Энергетика министрлігінің жоспарына Қонаев қаласында қуаты 40 МВт болатын екі КЭС салу бойынша тағы екі аукцион енгізілген.Инвесторлардың қызығушылығы және салалық кедергілер2023–2024 жылдары облыстық энергетика басқармасына жалпы қуаты шамамен 1400 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері нысандарын салуға ниетті 20-ға жуық инвестордан өтінім түсті. Бұл жобалар бойынша күтілетін инвестиция көлемі – 1 триллион теңгеден асады.Алайда, жобалардың іске асырылуын тежейтін негізгі кедергілердің бірі – өндірілген электр энергиясын сатып алу кепілдігінің болмауы. Жергілікті атқарушы органдар мұндай кепілдік бере алмайды, бұл ірі инвесторлардың келуіне тосқауыл болып отыр.Энергетика министрлігінің аукциондық саудасы арқылы 2030 жылға дейін Алматы облысында іске асырылатын 14 жаңартылатын энергия көздері жобасы айқындалған. Бұл жобалардың жалпы қуаты – 184 МВт. Оның ішінде 100 МВт-тық бір күн электр станциясы, 9,4 МВт-тық екі биоэлектр станциясы және 74,9 МВт-тық он бір шағын су электр станциясы бар.- «Алматы облысы жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша елеулі әлеуетке ие. Инвесторлардың жоғары қызығушылығын байқап отырмыз. Ендігі мақсатымыз – жобаларды жүзеге асыру үшін барынша ашық әрі болжамды жағдай жасау. Бүгінгі таңда тек өндіріс көлемін арттыру ғана емес, сонымен қатар ЖЭК-ті жалпы энергетикалық жүйеге тиімді интеграциялау үшін сенімді инфрақұрылым қалыптастыру маңызды», – деді Алматы облысының энергетика басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков.Алматы облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту – өңірдің орнықты болашағына қосылған үлес қана емес, сонымен қатар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды фактор. Өңірдің әлеуеті зор, инвесторлардың қызығушылығы жоғары, ал әкімшілік кедергілер жойылған жағдайда Алматы облысы Қазақстандағы «таза» энергия өндірудің жетекші орталықтарының біріне айнала алады.Мемлекет тарапынан заңнамалық және тарифтік саясат деңгейінде дер кезінде көрсетілетін қолдау осы мүмкіндіктерді нақты энергетикалық және экономикалық жетістіктерге айналдырудың кілті болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/996722?lang=kk
Құрметті Жалағаш ауылдық округінің тұрғындары мен қонақтары! Аса қадірлі тыл ардагерлері! 20.05.2025
Құрметті Жалағаш ауылдық округінің тұрғындары мен қонақтары!Аса қадірлі тыл ардагерлері!Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Баршаңызға Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Бұл мейрам – халқымыздың жауынгерлік рухының символы. Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз.Қиын кезеңді бастан өткерген тыл ардагерлері қазір ортамызда отыр. Құрметті тыл ардагерлері, барша халықтың атынан Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын! Аға буынның өшпес ерлігі – ұрпаққа ұлағат. Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және тыл ардагерлерін ешқашан ұмытпаймыз! Сіздерге бас иеміз! Тыл еңбеккерлері соғыс жылдары жанкештілік пен табандылық танытты. Жұртымыз жұдырықтай жұмылып, күні-түні жұмыс істеп, қару-жарақ пен оқ-дәрі дайындады, әскери киім тікті. Соғыстағы он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Ұлы Жеңісті ұлықтау дегеніміз, бұл – ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда мәңгі сақтау деген сөз. Олардың ерлігі мен еңбегін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.Біз Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге баса назар аудардық, аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлының қолдауымен соғыс ардергерлерінің ескерткішіне арнайы қаржы бөлініп, өздеріңіз көріп отырғандай күрделі жөндеуден өтті. Заманауи үлгіде жасалды. Сіздердің аттарыңыздан Үлкен алғыс айтамын!Қазақ халқы – бейбіт. Бірлігі жарасқан халық. Соның көрінісі Жалағаш ауылындағы көгалдандыру жұмысы, Мешіттің күрделі жөндеуі және биылғы ақсақалдар алқасы мен ардагерлер кеңесінің ұйымдастырған Тыл ардагерлеріне арналған құрмет тақтасын жалғастырып, тылда еңбек еткен ата-аналарымыздың есімдерін мәңгі есте сақтау мақсатында ескерткішті жалғастырып жасауы. Қадірменді тыл ардагерлері!Ата бабамыздың жанқиярлық еңбектері ешқашан ұмытылмайды. Ұрпақтарыңыз сіздерге мәңгілік қарыздар. Осы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен бейбіт өмір тілейміз!Құрметті ауылдастар!Рухымыз мықты, мемлекеттілігіміз мәңгі болсын! Көк Туымыз биікте желбіресін!Қадірлі ауылдастар! Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/996726?lang=kk
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен іс - шара 20.05.2025
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн – еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың татулығы мен достығын, бейбітшілігі мен бірлігін паш ететін ерекше мейрам. Көп ұлтты халқымыздың арасындағы өзара сыйластық пен келісім – еліміздің басты байлығы.Берекелі бірлігіміз арта берсін! Әр шаңыраққа амандық, құт-береке, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/996697?lang=kk
Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншік мәселелері бойынша панельдік сессия өтеді 20.05.2025
2025 жылғы 29 мамырда Астана қаласында «AI және креативті индустриялар дәуіріндегі зияткерлік меншік: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында панельдік сессия өтеді. Іс-шара Астана Халықаралық форумы аясында ұйымдастырылады.Форумның ресми ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.Астана Халықаралық форумы — жаһандық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу мақсатында халықаралық ұйымдар мен академиялық мекемелердің өкілдерін, сондай-ақ жетекші халықаралық сарапшыларды біріктіретін алаң.Панельдік сессияда сөз сөйлейтін спикерлер:Қазақстан Республикасының Әділет министрі — Сарсембаев Ерлан Жақсылықұлы;Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры — Дарен Танг;Малайзия Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары — Мохамед Датук Нур Джазлан бин Тан Шри;Еуразиялық патент ведомствосының Президенті — Ивлиев Григорий Петрович;Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) — Сұлтанов Бахыт Тұрлыханұлы;және басқа да мәртебелі қонақтар.Форумға қатысу үшін тіркеуден өту қажет: www.astanainternationalforum.orgБАЙЛАНЫС:Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  баспасөз қызметіТелефон: +7 (7172) 74-06-21Электрондық пошта: a.lurova@adilet.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/996698?lang=kk
Аудан әкімі Айдарлы,Жетікөл,Аманкелді ауылдарының тұрғындарымен кездесті 20.05.2025
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев есепті кездесулер аясында Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.Аудан басшысы кездесу барысында аймақ бойынша атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді атап көрсетті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы салынуда. 2025 жылы қыркүйек айында аймақ үшін ерекше маңызы бар нысан ел игілігі үшін пайдалануға беріледі. Оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында жақында ғана Катар еліндегі іссапарда үкіметаралық келісім шеңберінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағында салынатын болады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 6 білім ордасы пайдалануға берілді. 4 мектеп жаңа оқу жылына дейін табысталады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Бүгінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Аудан халқы 100 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Соңғы 3 жылда 670 млн. теңгеге Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді елді мекендерінде ауыз су желілері жаңартылды. Тереңөзек кенті, Қалжан ахун, Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағамбетов және Н.Ілиясов елді мекендерін газдандыру жобасы толық аяқталды. Аудан орталығында құны 1,5 млрд. теңге болатын «Руханият» орталығының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Өткен жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында құны 241,1 млн. теңгеге Тереңөзек кенті және Аманкелді елді мекеніндегі медициналық нысандар күрделі жөндеуден өтті.Есепті кездесулерде тұрғындар өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан әкімі барлық мәселе назарда болатынын жеткізіп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/996644?lang=kk
Словенияда батырдың еске алу рәсімі өтті 20.05.2025
Сежана қ., 2025 жылғы 14 мамыр - Қазақстанның Словениядағы Елшісі Данияр Сарекенов Сежана қаласының әкімі және муниципалитет өкілдерімен бірге қазақ батыры Кассе Себероның (Қасым Жақыповтың) зиратына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Югославияда партизан жасағының құрамында соғысқан Солтүстік Қазақстан облысының тумасы қазақ жауынгері 1943 жылы қарашада шайқаста өлімші жараланып, Повир ауылы маңында жерленген.Еске алу шарасына Словенияның бостандығы үшін жанын қиған жауынгердің ерлігі мен жанқиярлығын құрметтеу үшін біріккен жергілікті тұрғындар да қатысты. Бір минуттық үнсіздікпен салтанатты шараға қатысушылар Қазақстан мен Словения халықтарының достығының символына айналған жауынгердің ерлігіне шексіз алғыстарын білдірді.Бұл салтанатты еске алу шарасы екі ел арасындағы тарихи байланысты нығайтып, бейбіт болашақ үшін күрескендердің ерлігі арқасында сақталған азаттықтың мәңгілік құндылығын еске салады.Салтанатты шара соңында Қазақстан Елшісі словениялық тарапқа тарихқа ұқыптылықпен қарағаны және фашизмді жеңуге үлес қосқан қаһармандардың есімін мәңгі қалдыруға көмектескені үшін алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/996600?lang=kk
Жұмыс кеңесі өткізілді 20.05.2025
2025 жылдың 19 қарашасында «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Әділет министрлігінің Аппаратының басшысы С.А. Ерсеитованың төрағалығмен жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңеске басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Т.О. Нажиканов, сондай-ақ әкімшілік бөлімінің басшысы С.С. Аитова қатысты. Кеңес барысында 2025 жылдың 9 айы бойынша әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған жұмыстарының қорытындылары қаралды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Кеңестің қорытындысы бойынша заңдылық қағидаларын одан әрі нығайту, қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыру және қызметтік әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шараларды жетілдіру қажеттігі атап өтілді.Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1107917?lang=kk
Халықаралық отбасы күні: Қазақстандағы неке мен бала туу көрсеткіші 20.05.2025
Халықаралық отбасы күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы тіркелген некелер мен дүниеге келген сәбилер саны бойынша еліміздің үздік 5 өңірінің көрсеткішін ұсынады. Жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 144 234 сәби дүниеге келіп, 36 818 жұп некеге тұрған.Туу туралы тіркеулер көрсеткішінің алғашқы бестігі:Түркістан облысы – 17 643 нәресте (жалпы санның 12,2%).Алматы қаласы – 16 914 (11,7%).Астана қаласы – 14 134 (9,8%).Алматы облысы – 12 121 (8,4%).Шымкент қаласы – 11 645 (8,1%).Тіркелген некелер саны бойынша алғашқы бестік:Алматы қаласы – 5 731 неке (жалпы санның 15,6 %).Астана қаласы – 4 005 (10,9%).Түркістан облысы – 2 919 (7,9%).Алматы облысы – 2 424 (6,6%).Шымкент қаласы – 2 356 (6,4%).Ресми мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері азаматтық хал актілерінің тіркелуі бойынша сәуір айы көш бастап тұр. Тіркеу бөлімдері бұл айда 37 812 туу туралы және 10 190 неке туралы куәлік берген.«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы барша қазақстандықтарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа береке, бақыт пен жылулық тілейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/997477?lang=kk
БҚО-да субсидиядарды жамқыру фактісі: Күдікті ақшаны жеке мақсатына жұмсаған 20.05.2025
ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті несиелік серіктестік басшысына қатысты 150,7 млн теңге көлеміндегі субсидияны жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.Күдікті «Агробизнес» несиелеу бағдарламасы аясында бақылауындағы шаруа қожалығының атына заңсыз түрде 126,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдеген.Кейін бұл қаражат ірі қара мал сатып алынбастан, шаруа қожалығының шотынан қолма-қол ақшаға айналдырылған.Сонымен қатар, мал шаруашылығының ақпараттық жүйесі базасына жалған ақпарат енгізу арқылы ол 2017–2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бөлінген 24 млн теңге көлеміндегі субсидияны заңсыз алған.Субсидияны заңды түрде алынды деп көрсету мақсатында ол басқа шаруа қожалықтарынан асыл тұқымды сиыр сатып алды деген жалған құжаттарды тапсырған.Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті жер телімдерін сатып алып, олардың бірінде сауна мен сауда үйін салған. Аталған мүлікті жасыру мақсатында оны туысының атына рәсімдеген.Сот санкциясымен жалпы құны 198 млн теңге болатын мүлікке — 2 жер теліміне, сауда үйіне, саунаға және «Exeed LX» маркалы автокөлікке — тыйым салынды.Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-aktobe/press/news/details/996542?lang=kk
Астанада жел электр станциясын салу барысында 8,5 млрд теңге жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды 20.05.2025
Астанада экс-мəслихат депутаты А.Беленцева мен Д.Мергенбаевқа қатысты аса ірі мөлшерде ұрлық фактісі бойынша үкім шығарылды.Тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізді.2020 жылы сотталғандар ТОО «Олимп Транс Сервис» атынан Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға 23,2 млрд теңгеге шарт жасасқан.Жалған шарттарды рәсімдеу арқылы олар ақшаны серіктес компаниялардың шоттарына аударып, кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырған.Нəтижесінде келтірілген залал көлемі 8,5 млрд теңгеден асты.Соттың санкциясымен 13 млрд теңге тұратын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көлік құралдары) тыйым салынды.Сот үкімімен Беленцева кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, Мергенбаевқа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Бұдан бөлек, сот 8,5 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талапты қанағаттандырды.Азаматтық талапты орындау мәселесі қаралғанға дейін мүлікке салынған тыйым сақталады.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-aktobe/press/news/details/996519?lang=kk
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясының трансляциясы 20.05.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/996531?lang=kk
Назар аударыңыз, байқау! 20.05.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес ұйымдастыру комитеті 2025 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауын өткізу туралы хабарлайды.Байқауды өткізу мақсаты:1) отбасы, адамгершілік, руханият институтын нығайту, жауапкершілігі бар ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау;2) бала тәрбиесінде ата-ана жауапкершілігін арттыру;3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау;4) қазақстандық отбасылардың жақсы жағын насихаттау.Байқауға еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамға пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысып жүрген отбасы мүшелері жіберіледі.Байқауға мына отбасылар қатыса алмайды:1) Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған әрекетке немесе ұйымдар құрамына кіретін (кірген) отбасы мүшелері;2) бұрын сотталған отбасы мүшелері.Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).Қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейінгі мерзімде бекітілген нысан бойынша беріледі. Барлық сұрақтар бойынша «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, мына мекенжай бойынша: Королев көшесі, 5, каб. 209, тел.: 8 (71443) 2-46-06, e-mail: mendovp@mail.ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/996468?lang=kk
Елшінің Литваның көлік тасымалдаушылары қауымдастығының Президентімен кездесуі туралы 20.05.2025
Вильнюс, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстан Республикасының Елшісі Тимур Оразаев Литваның ұлттық автокөлік тасымалдаушылары қауымдастығы LINAVA Президенті Эрландас Микенаспен кездесіп, көлік және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Кездесу барысында 2024 жылы Қазақстан мен Литва арасындағы автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі 7900 тоннадан асып, 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есе артқаны атап өтілді. Жүктердің негізгі санаттары машиналар, жабдықтар, ауыл шаруашылығы және фармацевтикалық өнімдер, тыңайтқыштар, металл сынықтары болды.Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Қазақстан ел ішінде және ТХКБ бойында инфрақұрылымды кеңейту мен жаңғыртуға белсенді түрде инвестиция салып жатыр. Атап айтқанда, Ақтау портында контейнерлік хаб, Құрық портында астық терминалы, сондай-ақ AD Ports серіктестігімен «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы жүріп жатыр (2024 жылы ТХКБ бойымен тасымалдаудың 62%-ға өсуін ескере отырып).Елші Қазақстанның литвалық логистикалық компаниялармен ынтымақтастыққа қызығушылығын атап өтіп, ТХКБ аясында Қазақстан көлік жобаларын Балтық өңірінің логистикалық инфрақұрылымымен, соның ішінде Клайпеда портымен ұштастыру мүмкіндігін қарастыруда екенін жеткізді.Кездесу қорытындысында тараптар Еуропа мен Азия арасындағы тұрақты көлік маршруттарын дамыту үшін екі елдің логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға және іскерлік өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/996447?lang=kk
Көктемгі дала жұмыстары 20.05.2025
Округ бойынша 400 га жер жыртылып, тырмаланды. 380 га арпа себілді. МТЗ 82 соқасы (ПЛН 3,35) – 1 дана, МТЗ 892 дискілі тырма (БД 2) – 1 дана, МТЗ 82 ауыр тырма,соқасымен – 4 дана, МТЗ 80 тұқым сепкіш(СЗ-5,4) – 3 дана, ЮТО -2 дана, Т-150 соқасымен -1 дана көктемгі науқандық жұмысқа барлығы 12 ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.Көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезінде егістік жер телімі бар шаруа қожалық төрағалары жерді өз мақсатында игеру туралы ескерту берілген. Қазіргі уақытта 2500 га жер телімі өз мақсатында пайдаланылмай жатқандығы анықталды.Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.1. Көктемгі егіс науқаны туралы (егістік жерлерді өз мақсатында пайдалану, ауылдық әкімшілікке себілген егіс көлемі туралы есебін беру, арзандатылған жағармай туралы)2. Көктемгі санитарлық тазалық айлығы (тазалық, аббаттандыру, көгалдандыру жұмыстары)3. Мал отарларын жайлауға көшіру 4. Бада кезегі5. Жер қору 6. Ауылдық округтегі жол, су, көше жарықтары тағы да басқа проблемалық сұрақтар туралыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/996429?lang=kk
Фейк инвестициялық платформаларға алданып қалмаудың жолдары 20.05.2025
Цифрлық технологиялардың дамуымен инвестициялау барлығына бірдей қолжетімді бола бастады. Инвестицияларға деген қызығушылықтың өсуімен қатар, қаржы сарапшыларының атын жамылған алаяқтардың да белсенділігі артты. Олар әсіресе әлеуметтік желілер арқылы белсенді жұмыс істейді.Кең тараған сценарийлердің бірі – фейк инвестициялық платформа. Қаскүнемдер белгілі компанияларды көрнекі түрде көшіріп, ірі банктердің атынан сайттар жасайды.Әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнама жасау арқылы мұндай «жобалар» қысқа мерзімде, кейде ең аз инвестициямен жоғары кіріске уәде етеді. Көбіне посттардың астында «көңілі толған инвесторлардың» жалған пікірлерін жариялайды. Роликтерде танымал тұлғалардың нейрожелілердің көмегімен жасалған бейнелерін пайдаланады.Басты мақсат – сенім ұялату және фейк инвестициялық платформаға ақша салуға көндіру.Фейк платформаның белгілері:бейресми аккаунттардан жарнама;сілтеме ресми сайтқа емес, тысқары тараптың ресурсына апарады;«кепілдендірілген» жоғары табысқа уәде береді;шұғыл әрекет етуге шақырады;қосымшаны AppStore немесе GooglePlay арқылы емес, басқа жолмен жүктеу қажеттігі.Кеңестер:Қаржы ұйымдарының лицензияларын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында тексеріңіз.Банктер мен компаниялардың ресми сайттарында растамайынша, жарнамаға сенбеңіз.Платформаны толық тексермейінше, жеке деректеріңізді немесе ақшаны ешқайда жібермеңіз.Қосымша пайдалы материалдар Fingramota.kz сайтында қол жетімді Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/996433?lang=kk
Алматы облысы аграршыларға қолдауды «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы арттырып жатыр 20.05.2025
Алматы облысында фермерлерды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы – «Кең дала 2»-ге қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Аймақта бұл бағдарламаны жүзеге асырушы оператор – «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ.Несиелеу бағдарламасы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын (КЕЖТЖ) жүргізуге ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға бағытталған. Жеңілдетілген қаржыландырудың мақсатты арналуы – егіс және жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыру.Несиелер 18 айға дейінгі мерзімге, жылдық 5 % жеңілдетілген мөлшерлемемен беріледі. Қарыз сомасы егістік алқаптың 1 гектарына шаққандағы шығын нормативтері негізінде жеке есептеледі.Бағдарлама шарттарына сәйкес несие қамсыздандыру ретінде:жылжымайтын мүлік;немесе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қарыз сомасының 85 %-ына дейінгі кепілдігі қабылданады.Қарызды өтеу кестесі:негізгі қарыздың 50 %-ы – ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізілген жылдың 1 желтоқсанына дейін;қалған 50 %-ы – келесі жылдың 20 ақпанына дейін.Қарызды мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеуге болады. Сыйақы сол мерзімдерде немесе несие комитетінің шешімімен жеке кесте бойынша төленеді.Қарыз алушыларға қойылатын негізгі талаптар:аграрлық салада кемінде 3 жылдық тәжірибе;егістік алқаптарының болуы (меншікте, жалға алу немесе бірлесіп пайдалану шарттары бойынша);соңғы 24 айда 180 күннен астам мерзімі өткен берешектің болмауы;соңғы есептілік бойынша оң қаржылық нәтиже;100 % кепілзат қамтамасыздығының болуы.Барлық қарыз қаражаты қаржыландыру жылының 1 тамызына дейін игерілуі тиіс.«Кең дала 2» бағдарламасы агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылып, фермерлердің қаржылық тұрақтылығын арттыруға, өнімділікті көтеруге және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/996408?lang=kk
8 наурыз "Ана өмір шуағы" 20.05.2025
Тұйық ауылдық округінің әкімі Ж.Алиасқаров 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай ауылымыздағы қарт аналар мен қыз-келіншектерді айтулы мерекесімен құттықтап, марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-tuiyk/press/news/details/996367?lang=kk
Сеулде SCAT әуе компаниясының Шымкент – Сеул жаңа тікелей рейсі таныстырылды 20.05.2025
Сеул, 2025 жылғы 15 мамыр – Оңтүстік Кореяның астанасында SCAT әуе компаниясының Шымкент – Сеул бағытындағы жаңа тікелей рейсінің таныстырылымы өтті. 2025 жылғы 29 мамырда іске қосылатын бұл рейстің тұсаукесеріне 70-тен астам жетекші корей туроператорлары мен БАҚ өкілдері қатысып, екі ел арасындағы туристік және іскерлік алмасуды кеңейтуге деген жоғары қызығушылықты көрсетті.Аталған бағыттың ашылуымен, Астана мен Алматыдан ұшатын рейстерді қосқанда, Қазақстан мен Кореяны апта сайынғы 15 тікелей рейс байланыстыратын болады. Жаңа бағыт екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, іскерлік байланыстарды, мәдени және гуманитарлық қатынастарды дамытуға серпін береді.Рейстің таныстырылым рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов бұл бағыттың ашылуы екі ел халықтарының жақындасуына ықпал ететінін атап өтті: «Бұл – Қазақстан-Корея қарым-қатынастарының дамуындағы тарихи сәт. Мәдениеті мен тарихы бай Шымкент қаласынан тікелей рейстің ашылуы туристерге, студенттерге және кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз туристік ағынның жыл сайын 12%-ға тұрақты өсіп келе жатқанын байқап отырмыз және бұл рейс туризмді, іскерлік байланысты және азаматтар арасындағы тікелей қарым-қатынасты дамытудың жаңа ынталандырушысы болады деп сенеміз».Сонымен қатар Елші Қазақстанның туристік тартымдылығына тоқталып, еліміз ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген алты нысанымен әйгілі екенін айтты. Олардың қатарында Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглифтері және Сарыарқа экожүйесі бар. Елші туроператорларды Қазақстанның мәдени және табиғи байлығын ашатын жаңа туристік пакеттерді әзірлеуге шақырды.Қазақ дипломаты Қазақстан басшылығы тарапынан туризм саласына берілетін саяси қолдауға назар аударып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде туризмді тұрақты дамытудың стратегиялық бағыты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл бағыт Қазақстан экономикасының өсуінің және мәдени мұраны халықаралық деңгейде ілгерілетудің маңызды тірегіне айналуда.Туризм саласындағы ынтымақтастықты айта келе, Елші 2025 жылы екі елдің туроператорлары мен компаниялары қатысатын маңызды іс-шараларды атады. Олардың қатарында Қазақстан халықаралық туристік көрмесі (KITF, 23–25 сәуір), Астана халықаралық форумы (AIF-2025, 29–30 мамыр), Kazakhstan Tourism Road Show (Сеул, маусым), және Сеул халықаралық туристік көрмесі (SITF-2025, 5–8 маусым) бар.Сондай-ақ, Елші екіжақты экономикалық ынтымақтастыққа да ерекше назар аударды. Ол 2024 жылдың қорытындысы бойынша Корея Республикасы Қазақстан экономикасына инвестиция құйған ең ірі үш елдің қатарына енгенін атап өтті.Өз кезегінде SCAT компаниясының Кореядағы өкілі Андрей Цыганков: «Бүгін біз тек жаңа рейсті таныстырып отырған жоқпыз – бұл екі халық арасындағы достық пен жақындасудың мерекесі. Шымкент – Қазақстандағы үшінші ең ірі қала, қарқынды дамып келе жатқан мегаполис, жуырда жылына 2 миллион жолаушыны қабылдай алатын заманауи әуежайға ие болды. Біз аптасына екі рет ұшатын жаңа Boeing 737 MAX ұшақтарындағы жайлы рейстерді ұсынуға қуаныштымыз» деп мәлімдеді.Ол SCAT компаниясы жыл сайын 2 миллионнан астам жолаушыны тасымалдайтынын, Қазақстан ішкі нарығындағы жетекші әуекомпаниялардың бірі екенін және жаңа рейстің туристерге ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдері, студенттер мен отбасылар үшін де жоғары сұранысқа ие болатынына сенім білдірді.Іс-шара аясында SCAT әуе компаниясының қызметі мен Шымкент қаласы, сондай-ақ Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды. Қонақтар туристік брошюралармен танысып, елдің табиғи сұлулығы мен мәдени мұрасы туралы бейнероликтерді тамашалады.Шымкент – Сеул бағытындағы тікелей рейстің ашылуы Қазақстан мен Корея арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосылған маңызды үлес болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/996318?lang=kk
Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңеюі туралы 20.05.2025
📍 Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 наурыздан басталған «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңеюі туралы хабардар етеміз. Жоба сыйақы төлеу арқылы микро және шағын бизнес субъектілерінен фискалдық чектер алуды ынталандыруға бағытталған.2025 жылғы 15 қазаннан бастап жобаға Талдықорған қаласы (Жетісу облысы) қосылады. ℹ️ Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы «Salyq кэшбэк» жобасы 2025 жылғы 15 наурыз, сәуір, мамыр, маусым және 15 шілдеден бастап кезең-кезеңімен іске қосылды. «Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін сізге қажет:✅ Тауарларға немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық чек алыңыз;📲 «Amian» арнайы мобильді қосымшасындағы чектен штрих-кодты сканерлеңіз және сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк алыңыз.💰 Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефонның балансына аударуға болады.2025 жылғы қазандағы жағдай бойынша төленген кэшбэк сомасы 127 млн теңгеден асты.Бұдан басқа, пилоттық жоба іске асырылатын аумақтарда оң динамика байқалады: берілген чектер саны 48% — ға, ал олар бойынша жалпы сома — 38% - ға ұлғайды. 📢 Комитет бүкіл ел аумағында «Amian» мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, фискалдық чектерді алуды ынталандыру бойынша өзге де іс-шараларды іске асыратынын қосымша хабарлаймыз:«Чекті талап ет — жүлдені ұтып ал!»«Бәйге» акциясы«Чекті талап ет — Halyk Bank сыйлығын ұтып ал!» 🔹 Сыйақыларды есептеуді «IT Analytics» ЖШС операторы App Store және Google Play дүкендерінде тегін жүктеу үшін қолжетімді «Amian» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырады. 🤝 Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды есептеулердің ашықтығын дамытуға және салық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін аталған жобалар мен акцияларға белсенді қатысуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1087085?lang=kk
Боровское ауылының тұрғындарымен кездесу 20.05.2025
2025 жылғы 29 мамырда  Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың Боровское ауылының  тұрғындарымен  кездесуі  өткізіледі.          Өткізілетін орны: Боровское  ауылы, балалар өнер мектебінің  ғимараты, сағат 11:00.          Халықпен  кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде.  Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-87 нөмірі бойынша  WhatsApp чаттары арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/996293?lang=kk