Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан мен Испания орнықты даму саласындағы стратегиялық өзара іс-қимылды күшейтуде 04.03.2026
Мадрид, 2026 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Қоршаған орта мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Уго Моранмен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар су ресурстары, экология және орнықты даму салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады.Кездесу барысында Елші Қазақстанның су дипломатиясы және экологиялық оңалту саласындағы практикалық тәжірибесін таныстырды. Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру бойынша қол жеткізілген нәтижелерге, атап айтқанда су деңгейінің көтерілуіне, тұздылықтың төмендеуіне және балық шаруашылығының қайта жандануына ерекше назар аударылды. Бұл оң өзгерістер кешенді экологиялық жобаларды іске асырудың нәтижесінде мүмкін болды.Сондай-ақ Каспий теңізі мәселелері бойынша халықаралық ғылыми ынтымақтастықты ілгерілетудегі Қазақстанның белсенді рөлі, оның ішінде су деңгейінің төмендеуіне мониторинг жүргізу және ден қою жөніндегі бірлескен тетіктерді қалыптастыру мәселелері атап өтілді.Қазақстан тарапы 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында БҰҰ аясында өтетін Өңірлік экологиялық форумға дайындық барысы туралы ақпарат берді.Кездесу қорытындысы бойынша Елші испан тарапын алдағы Астана форумына қатысуға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1173833?lang=kk
Алматы облысы тұрғындарының назарына! 04.03.2026
Жол қызметі мамандары жоспарлы бақылау барысында «Кеген – Нарынқол» республикалық автомобиль жолының 20-шы шақырымында еріген қар суы ағысының күшейгенін уақытылы анықтады. Қосымша тексеру барысында тас жолдағы су өткізу құбыры бүлініп, жиналған су жолды шайып кеткен.Айта кету керек, бұл тасжол 1960-1970 жылдары салынған. 50 жылдан астам уақыт көлік қатынап келеді. Осы уақытқа дейін аталған учаскеде жолдың шайылуы немесе еріген су көлемінің күрт ұлғаюы тіркелмеген. Сондықтан бұл аймақ бұрын тасқын қаупі бар деп есептелмеген.Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында жол қозғалысы дереу тоқтатылып, қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта апат орнында арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Дереу арада көлік қатынасын тоқтатпау үшін уақытша жол салынды.Ал, су өткізу құбыры мен бүлінген жол жабындысы еріген су ағысы азайғасын қалпына келтіріледі. Сонымен қатар аталған учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мердігер ұйымға тапсырылды. Жұмыс барысында зақымданған жерлер қалпына келтіріліп, жол инфрақұрылымының табиғи апаттарға төзімділігін арттыру шаралары іске асырылады.Жағдай тұрақты бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1193439?lang=kk
ҚОСТАНАЙДА КӨКТЕМГІ МЕРЕКЕЛЕРГЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ 04.03.2026
Бүгін аппараттық кеңесте көктемгі мерекелерге дайындық мәселелері талқыланды.Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар Қостанай қаласында 5–8 наурыз аралығында өтеді.14–22 наурыз аралығында Наурыз мейрамы аясында қалада 70-тен астам іс-шара жоспарланған. 40-тан астам киіз үй орнатылады, концерттер, спорттық-ойын-сауық және интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылады.21 наурыз күні барлық мерекелік бағдарламалар қаланың алты ауданында, сондай-ақ көпқабатты үйлердің аулаларында бір уақытта өтеді. Биыл алғаш рет облыс әкімдігінің алдындағы алаңда LED-экрандары мен жарық-дыбыстық жабдықтары бар үлкен сахна орнатылып, екі күн қатарынан жұмыс істейді.Іс-шаралар туралы толық ақпарат Қостанай қаласы әкімдігінің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1174020?lang=kk
Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы: не маңызды білу қажет және қашан төлеу керек 04.03.2026
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын еске салады.       2025 жылға арналған салықты есептеу кезінде 2025 жылы қолданыста болған 3 932 теңге көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.      Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятордың және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.      Бұл ретте салық органдары есеп айырысу балансын анықтау мақсатында жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.     Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1174038?lang=kk
Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық талаптарды жеңілдету және реадмиссия мәселелері бойынша кезекті келіссөздер өтті 04.03.2026
Астанада Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында Визалық режимді жеңілдету туралы келісім және Реадмиссия туралы келісім жобалары бойынша келіссөздердің екінші раунды өтті.Атап айтқанда, азаматтардың ұтқырлығын дамытуға, қоғамдар арасындағы байланыстарды нығайтуға және көші-қон саласындағы өзара іс-қимылдың тұрақты әрі болжамды құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған болашақ келісімдердің жобалары талқыланды. Сонымен қатар сапарларды жеңілдету мен қауіпсіздік мәселелеріне теңгерімді тәсілді қамтамасыз етуге, рәсімдерді жетілдіруге, өзара сенім мен тараптардың жауапкершілігін нығайтуға ерекше назар аударылды.Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді дамыту аясында тараптар екіжақты қатынастардың кемелденген әрі стратегиялық сипатын айқындайтын заманауи ұтқырлық тетіктерін жетілдіруге өзара ұмтылысты көрсетті.Еуропалық әріптестердің сөздерінде Қазақстанның көші-қон саясаты саласындағы мәселелерді шешудегі сындарлы әрі прагматикалық тәсіліне жоғары баға берілді, сондай-ақ келіссөздер үдерісін жалғастыруға және сарапшылық өзара іс-қимылдың орнықты серпінін қолдауға дайындық білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1174070?lang=kk
Қазақстанның конституциялық реформасы ЕКПА назарында 04.03.2026
Страсбург, 2026 жылғы 3 наурыз – Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы Бас консулы Анель Бақытбекқызы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) Бас хатшысы Деспина Хацивассилиумен кездесу өткізді.Кездесу барысында Бас хатшыға конституциялық реформаның негізгі кезеңдері мен жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысы жан-жақты таныстырылды.Конституциялық реформа – жаңа саяси, экономикалық және технологиялық шынайылық жағдайында мемлекеттің институционалдық архитектурасын уақтылы жетілдіру болып табылады.ЕКПА басшылығына Негізгі заңның басты жаңашылдықтары таныстырылды. Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге, Қазақстан халқының өзекті құндылықтары мен қағидаттарын бейнелеуге, сондай-ақ республиканың саяси институттары құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.Жаңа Конституция жобасына енгізілген нормалар «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына негізделген Қазақстанның саяси жүйесінің үздіксіздігі мен даму логикасын нығайтады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕКПА арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралардың алдын ала жол картасы айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1174148?lang=kk
Бернде жаңа Конституцияның жобасы бойынша брифинг өткізілді 04.03.2026
Берн, 2026 жылғы 3 наурыз - Швейцариядағы ҚР Елшілігі Қазақстандағы конституциялық реформа бойынша брифинг өткізді. Іс-шараға көрнекті саяси қайраткерлер және Швейцария Конфедерациясы Федералдық жиналысының мүшелері қатысты.Өз сөзінде Елші Қайрат Саржанов конституциялық реформа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды саяси өзгерістердің логикалық жалғасы екенін атап өтті. Өзгерістер өкімет органдарының есеп беруін күшейтуге, мемлекеттің институционалдық дамуына және азаматтардың саяси процестерге қатысуын кеңейтуге бағытталғанын атап өтілді.Қатысушыларға Ата Заң жобасының өзекті ережелері, соның ішінде бір палаталы Парламент құру, «Қазақстан Халық Кеңесін» жоғары консультативтік орган ретінде құру және Вице-Президент лауазымын енгізу туралы ақпарат ұсынылды. Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі және аумақтық тұтастығы қағидаттарын бекітуге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға ерекше назар аударылды.«Швейцария-Қазақстан» парламентаралық достық тобының мүшелері жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, олардың дәйекті және жүйелі сипатын атап өтті. Швейцария Парламенті Кантондар Кеңесінің (кіші палата) бұрынғы президенті Филиппо Ломбарди конституциялық нормаларды жаңарту мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыруға, құқықтық кепілдіктерді нығайтуға және парламентаризмді дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Ұлттық Кеңестің (үлкен палата) бұрынғы төрағасы депутат Эрик Нусбаумер «Қазақстан Халық Кеңесін» құру идеясын жоғары бағалап, оның Швейцария федерализмі қағидаттарына сәйкес келетінін айтты. Өз кезегінде Кристин Бадертшер мен Роланд Бюхель депутаттар Швейцария парламенттік делегациясының 2025 жылдың қазан айында Президент Қ.К.Тоқаевпен кездесу мен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы тікелей ақпарат алу мүмкіндігін берген Астанаға сапарларын жылы лебізбен еске салды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1174152?lang=kk
346 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат және 1,2 млн кәсіпкер арнайы режимді таңдады 04.03.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің жетінші отырысында салық режимдерін таңдау бойынша деректер жарияланды. Кәсіпкерлер ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдауға тиіс болатын.Қаржы министрлігінің мәліметінше, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимді 346 мың адам таңдаған, оның ішінде 265 мыңы – көлеңкелі айналымнан шыққан жаңа қатысушылар. Еске салсақ, салық реформасының негізгі мақсатының бірі – еңбек нарығын заңдастыру және заңды түрде жұмыс істеу үшін қарапайым, түсінікті әрі қолжетімді жағдай жасау. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы режимнің басты артықшылығы, табысқа салық салынбайды және жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Бұл бұрын тіркеусіз жұмыс істеген азаматтардың заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы режимді 1,2 млн кәсіпкер таңдады.Жалпыға ортақ пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС)2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес, жалпыға ортақ пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық бойынша ПҚӨС түсімдері өндіру орны бойынша жергілікті бюджеттерге есептелуі тиіс.Сонымен қатар Салық кодексінің нормаларына сәйкес жалпыға ортақ пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық бойынша ПҚӨС жер қойнауын пайдаланушының орналасқан жері бойынша төленеді.Бюджет және Салық кодекстерінің нормаларын үйлестіру қажеттілігіне байланысты тиісті өзгерістерді Салық кодексіне енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістер қабылданғанға дейін 2025 жылғы IV тоқсан бойынша түсімдер жер қойнауын пайдаланушы тіркелген жерге (республикалық бюджетке) есептеледі. Ал 2026 жылғы міндеттемелерден бастап, өндіру орны бойынша (жергілікті бюджетке) бағытталады.Корпоративтік табыс салығы (КТС) және табиғи монополиялар субъектілерінің нысаналы қаражатыОтырыста табиғи монополиялар субъектілерінің нысаналы қаражатына КТС салу мәселесі де қаралды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тариф құрамына енгізілген пайда мен амортизация нысаналы сипатқа ие және тек инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға – инфрақұрылымды салу, жаңғырту және қайта құруға бағытталады. Бұл қаражат еркін пайда болып табылмайды.Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2025–2029 жылдары желілерді жаңарту бойынша ауқымды жобалар іске асырылуда. Жаңа объектілер пайдалануға берілген кезде негізгі құралдардың құны мен амортизация көлемі артады. Бұл өз кезегінде КТС бойынша салық базасының ұлғаюына әкеледі.Сонымен бірге КТС төлеуге арналған шығындар тарифте көзделмеген және өтелмейді. Бұл кәсіпорындарға қосымша қаржылық жүктеме түсіріп, олардың жаңғырту жобаларына қатысуын шектеуі мүмкін.Осыған байланысты инвестициялық бағдарламалардың нысаналы қаражатына КТС салуға жол бермеу жөнінде бірыңғай тәсіл қалыптастырып, тиісті түсіндірме беру ұсынылды. Бұл инфрақұрылымды жаңартуды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге және тұтынушыларға түсетін жүктеменің өсуіне жол бермеуге арналған.Сондай-ақ отырыста тау-кен металлургия саласы кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелерге салық нормаларын қолдануға қатысты мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1174153?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Аргентина Елшісінің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады 04.03.2026
 Астана, 2026 жылғы 3 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Аргентина Елшісі Игнасио Феррер Виейраны қабылдады.Кездесу барысында Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.Тараптар Астана мен Буэнос-Айрес арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіп, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдау мен көпжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Аргентина серіктестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1174160?lang=kk
Мадридте Қазақстан мен Испания арасындағы экономикалық қатынастарды жандандыру мәселесі талқыланды 04.03.2026
Мадрид, 2026 жылғы 3 наурыз – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы, Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Ампаро Лопеспен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында өткен жылғы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қорытындылары шығарылды. Тараптар екіжақты өзара іс-қимыл динамикасындағы оң үрдістерді атап өтіп, 2025 жылғы наурызда Мадрид қаласында өткен Үкіметаралық комиссияның 11-отырысы мен Іскерлік кеңестің 8-отырысының нәтижелерін жоғары бағалады.Әңгімелесушілер энергетика, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сондай-ақ Испанияға экспортталатын қазақстандық тауарлар номенклатурасын кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.Осы тұрғыда баламалы логистикалық бағыттарды, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалану және бірлескен іс-шаралар өткізу маңыздылығы атап өтілді.Келіссөздердің бөлек тақырыбы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша алдағы референдум болды. А.Лопеске институционалдық негіздерді нығайтуға, саяси және экономикалық жүйені жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың тұрақтылығын арттыруға бағытталған жобаның негізгі ережелері туралы жан-жақты ақпарат берілді.Мемлекеттік хатшы аталған бастамаларға оң баға беріп, олардың Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы үшін маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1174163?lang=kk
Ұлттық ұландағы электронды тестілеу психологтар жұмысын жеңілдетті 04.03.2026
Елордалық ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде жас сарбаздарды психологиялық сүйемелдеудің цифрлық модулі енгізілді. Бұл жоба мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді алғашқы тестілеуден өткізуді жақсартуға бағытталған.Жүйе бөлімнің ішкі порталында жұмыс істейді және әскерге шақырылушылар келгеннен кейінгі алғашқы үш күнде қолданылады. Ол үшін жергілікті желіге қосылған 12 автоматтандырылған жұмыс орны жабдықталған.Сандық портал мен әдістемелердің электронды нұсқаларын мерзімді қызмет сарбазы қатардағы Ким Хён У аға офицерлердің басшылығымен жасады.Үш әдісті автоматтандыру жобасы алты айда мамандардың 500 жұмыс сағатын үнемдеуге мүмкіндік берді.Енді тестілеуден өткеннен кейін жүйе ықтимал тәуекелдерді қысқаша талдаумен және бағалаумен әрбір әскери қызметшіге автоматты түрде психологиялық сипаттаманы құрастырады.Психологиялық қамтамасыз ету қызметінің бастығы подполковник Жанар Шакаева атап өткендей, бұл мамандардың жұмысын едәуір жеңілдетеді және жас толықтырумен жеке қарым-қатынас жасауға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.Атылмыш жүйе шақыру науқанындағы қажеттіліктерді толығымен жаба отырып, тәулігіне 100 адамға дейін өңдеу-тестілеу жүргізуге қабілетті.Қазір жоба елордалық жедел құрамада сынақтан өтуде. Тиімділігі расталған жағдайда цифрлық шешімді құқықтық тәртіп әскерінің барлық әскери бөлімдеріне енгізу жоспарланып отыр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1174211?lang=kk
Арнайы контингент арасында АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары туралы 04.03.2026
2026 жылғы 23 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас медбикесі А.Е. Ашигалиева №74 мекемесінде шаруашылық жасағындағы сотталғандар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – арнайы контингенттер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, сотталғандардың ауру туралы ақпараттану деңгейін арттыру, сондай-ақ олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Дәріс барысында қатысушыларға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алғашқы белгілері, алдын алу шаралары және дер кезінде медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының қан арқылы, қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы және анадан балаға берілу мүмкін екендігі түсіндірілді. Бұл ретте инфекцияның тұрмыстық қатынас кезінде жұқпайтыны, яғни қол алысу, сөйлесу, ортақ ыдыс қолдану арқылы берілмейтіні атап өтілді. Кездесу барысында сотталғандарға жеке бас гигиенасын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану және қауіпті мінез-құлықтан аулақ болу қажеттілігі түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ақпараттық-түсіндіру материалдары ұсынылды. Осындай профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – арнайы контингенттер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, санитариялық-ағарту жұмыстарын күшейту және сотталғандардың денсаулығын сақтау болып табылады. Қазіргі уақытта мекемеде АИТВ инфекциясының алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бұл жұмыстар арнайы контингент арасында жұқпалы аурулардың алдын алуға және олардың денсаулығын қорғауға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1174275?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатында кезекті сессия өтті 04.03.2026
Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаланың лифт шаруашылығының жай-күйі туралы мәселе тағы қаралды.Жауапты бөлімдерге 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында «Лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ақшалай қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын» бекіту ұсынылды. Бюджетті нақтылау кезінде осы жұмыстарды қаржыландыруды көздеу және лифт жабдығын коммуналдық меншіктен кондоминиумның ортақ мүлкінің құрамына беру тетігін пысықтау.Бұл шаралар лифт шаруашылығын жүйелі түрде жаңартуға және көппәтерлі тұрғын үй қорының тұрғындары арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетуге бағытталған.Бұдан басқа, Өскемен қаласының қаржы бөлімі басшысының коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі істердің жай-күйі туралы есебінің қорытындысы бойынша, шешімге бюджет кірістерін арттыру үшін бос үй-жайларды жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі жұмысты жандандыру, сондай-ақ жария тыңдау тетігі арқылы мәслихатты жекешелендіру жоспарлары туралы хабардар етуді қамтамасыз ету ұсынымдары енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1174278?lang=kk
Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін мерекелеу қарсаңында 04.03.2026
ҚР ІІМ ҚАЖК № 74 мекемесінің қызметкерлері "Ауғанстанның Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер одағы" қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасын құттықтады.Кездесу барысында белсенді азаматтық ұстанымы, жастарды патриоттық тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі, ардагерлерді қолдауы және көпжылдық қоғамдық қызметі үшін алғыс сөздер айтылды. Ұйымның мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылды нығайтудағы және әлеуметтік бастамаларды іске асырудағы маңызды рөлі атап өтілді.Мекеме өкілдері зор денсаулық, амандық, қоғамдық жұмыста одан әрі табыс және қоғам игілігі үшін жаңа жетістіктер тіледі.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1174280?lang=kk
№74 мекеменің 1-ауысым жеке құрамы демалыс күндерін пайдалы өткізу үшін және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 04.03.2026
коньки тебу іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға қатысқан ауысым қызметкерлері коньки теуіп, сырғанап, Осылайша бос уақыттарын тиімді әрі мазмұнды өткізді.Аталған шара қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын дәріптеуге, ұжымның дене дайындығы мен психологиялық жай - күйін жақсартуға және ұжымдық бірлікті нығайтуға және ұжымның мәдениетін дамытуға бағытталды. Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен белсенділікпен сергектік танытып, жағымды әсерлермен тарады.Алдағы уақытта қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға, ұйымшылдығын және бірлігін арттыруға бағытталған осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1174285?lang=kk
№74 мекемеде қызметкерлер референдум өткізуге белсенді дайындық жұмыстарын жүргізуде. 04.03.2026
№74 мекемеде қызметкерлер референдум өткізуге белсенді дайындық жұмыстарын жүргізуде. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары әзірленіп, бекітілді, жауапты тұлғалар арасында міндеттер бөлінді.Дауыс беруге арналған үй-жайларды дайындау жүргізіледі, қажетті жабдықтар мен құжаттаманың болуы қамтамасыз етіледі. Референдум өткізудің белгіленген талаптары мен мерзімдерін сақтауға ерекше назар аударылады.Сондай-ақ қатысушыларды дауыс беру тәртібі мен күні туралы хабардар ету ұйымдастырылды. Дайындық іс-шаралары жоспарлы режимде жүзеге асырылады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1174303?lang=kk
Қазақстан Республикасында жыл сайын 1 наурыз күні атап өтілетін «Алғыс айту күні» мерекесі қарсаңында мекеменің тәрбие бөлімі тарапынан қазақстандық «Семьянин» көркем фильмі көрсетілді. 04.03.2026
Аталған іс-шара сотталған азаматтардың бойында алғыс айту мәдениетін қалыптастыруға, отбасы құндылықтарын нығайтуға және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталды. «Семьянин» фильмі отбасының маңыздылығын, жақын жандар алдындағы жауапкершілікті және өмірлік құндылықтарды бағалауды насихаттайды.Фильм көрсетілімінен кейін қатысушылар арасында талқылау ұйымдастырылып, алғыс пен отбасының өмірдегі орны туралы пікір алмасу жүргізілді.Мұндай тәрбиелік шаралар тұлғаның оң қасиеттерін дамытуға және қоғамға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1174313?lang=kk
Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады 04.03.2026
Астана, 2026 жылғы 3 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Босния және Герцеговинаның Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі қызметін қоса атқарушысы Иван Орличтен сенім грамотасының көшірмесін қабылдады.А.Исетов Босния және Герцоговина дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады.Елші И.Орлич жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Астана мен Сараево арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін күш-жігерін жұмсауға әзірлігін растады.Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалар бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1174314?lang=kk
№28 мекемесінде сотталғандар арасында дойбыдан турнир өтті 04.03.2026
№28 мекемесінде сотталғандар арасында дойбыдан турнир өттіБатыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №28 мекемеде тәрбие бөлімі Батыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасымен және «Жайық Арена» спорт клубымен бірлесіп сотталғандар арасында дойбыдан турнир ұйымдастырып, өткізді.Турнирге «Жайық Арена» спорт клубының жаттықтырушысы Данияр Жұмағалдиев төрешілік жасап, қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсетті.Жарыс тартысты әрі жоғары деңгейде өтті. Қорытындысында I, II, III орын иегерлеріне дипломдар мен медальдар табысталды, сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша марапаттар берілді.Тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Миржан Мендиғалиевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталғандардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, тәртіпті нығайтуға және оң мотивация қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1175354?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай Өскемен» кеден бекеті хабарлайды: 04.03.2026
Кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттар және мәліметтер бойынша2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 146 бабы бойынша Кедендік операцияларды жасау үшін кеден органдарына қазақ, орыс немесе шет тілдерінде жасалған құжаттар ұсынылуы мүмкін.Кеден органы қазақ немесе орыс тілі болып табылмайтын тілде жасалған кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттарда қамтылған мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1174334?lang=kk