Enbekshi QazaQ

Әлем

Алматы облысында шетелдік инвестициялар есебінен 1 млрд долларлық индустриялық аймақ жобасы жүзеге асуда 19.05.2025
Алматы облысының Талғар ауданында еліміздегі ең ауқымды индустриялық жобалардың бірі — «Қайрат» индустриялық аймағының кеңейтілген құрылысы басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жедел индустрияландыру, өңірлік өндірістік кластерлерді дамыту және тікелей инвестиция тарту жөніндегі тапсырмалары аясында іске асырылып жатыр.Жоба әлемдегі ең ірі құрылыс корпорацияларының бірі — China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. 177 гектар аумақта 20-дан астам жаңа өндіріс орындарын орналастыру жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл «Қайратты» елімізде мұндай көлемдегі қаржы мен кәсіпорынды бір мезгілде тартуға қол жеткізген бірегей индустриялық аймаққа айналдырып отыр.Жобаның басты ерекшелігі — ішкі инженерлік инфрақұрылым толықтай инвесторлар есебінен салынады. Ал сыртқы желілерді тарту облыс әкімдігінің міндетіне жатады. Бұл тәсіл мемлекеттік бюджетті айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.China Construction компаниясының ресми өкілі Чэнь Сяоюнь: «Біз мамыр айында құрылыс жұмыстарына кірістік. Жоба аясында өндірістік нысандар, логистикалық және қоймалық кешендер, саябақтар, павильондар, дата-орталық, әкімшілік ғимараттар мен қонақүйлер салынады. Құрылысты үш жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Инвестиция көлемі 1 миллиард доллардан асады, ал іске 20 компания тартылған», — деді ол.Жобаның негізгі бағыттарының бірі — Geely автоконцернінің қатысуымен машина жасау кластерін құру. Автомобиль компоненттері мен тораптарын жергілікті жерде өндіру жоспарланған. Бұл Қазақстандағы автокөлік өнеркәсібінің дамуына тың серпін береді.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев: «Қайрат» жобасы — Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық мақсаттарға толық сәйкес келеді. Біз заманауи индустриялық платформа қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, экспортты арттырып, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудеміз. 1 миллиард долларлық инвестиция — жүйелі жұмыстың және халықаралық әріптестердің сенімінің нәтижесі», — деп атап өтті.Бүгінде «Қайрат» индустриялық аймағында бірнеше кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр:•ТехноНИКОЛЬ Орталық Азия – жылу оқшаулағыш материалдар өндіреді;•Safa Industrial – құйма өнімдер шығарады;•QazMetProduct – метиз өнімдерін өндіреді;•SUNLONG – тау-кен саласына арналған компоненттер жасайды;•Hong Shun – сұйық шыны шығарады.Жалпы инвестиция көлемі 146,7 млрд теңгеден асып, 3600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.Индустриялық аймақтың басшысы Ербол Шокаев: «Қайрат» — бұл жай ғана өндірістік алаң емес, толыққанды индустриялық экожүйе. Біз инвесторлар үшін жобаларды жедел іске асыруға барынша қолайлы жағдай жасап отырмыз. Әкімшілік кедергілерді азайтып, жан-жақты қолдау көрсетеміз», — деді.Жоба Алматы облысындағы жалпы көлемі 1786,7 гектарды құрайтын алты индустриялық аймақты дамыту бағдарламасы аясында іске асып жатыр. Сонымен қатар, 96,6 мың гектар аумақта орналасқан «Алатау» арнайы экономикалық аймағын дамыту жалғасуда. Мұнда 3,7 трлн теңге инвестиция тартылып, 34 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/994544?lang=kk
Тбилисиде Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты қабылдау өтті 19.05.2025
Тбилиси, 2025 жылғы 7 мамыр - Грузияда алғаш рет Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі - Отан қорғаушы күніне орай салтанатты қабылдау өтті.Іс-шараға Грузияның Қорғаныс министрлігі мен Бас штабыныңө кілдері, Тбилисиде аккредиттелген әскери атташелер, сондай-ақ журналистер мен сарапшылар қатысты.Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин құттықтау сөз сөйлеп, біздің еліміз дәйекті және бейбіт саясат жүргізіп жатқанын атап өтті. «Дегенмен, Қазақстан армиясы мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын сенімді күзетуде. Былтыр біз Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын алғаш рет дербес орындауға кірістік. Бұл қадам халықаралық қауымдастықтың Қазақстан армиясына сенімі жоғары екенін көрсетеді», деді өз сөзінде дипломат.Елші сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің әлеуетін нығайтуға, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қолдауға айрықша мән беретініне тоқталды.М.Мырзалин Қазақстан мен Грузия қарым-қатынастарысаяси,экономикалық, мәдени-гуманитарлық,сондай-ақ әскерижәне қорғаныс  салаларындатабыстыдамып келе жатқанын атап өтті.Қазақстанның Грузиядағы әскери атташесі Қазез Тілеубаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, қазақстандық Қарулы Күштер өз әлеуеті мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін көрсеткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өткен әскери шеру туралы айтып берді.«Өткен 33 жыл ішінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде қазіргі заманғы талаптарға сәйкес әскерлердің жауынгерлік әлеуетін арттыруға бағытталған ұйымдық-құрылымдық сипаттағы бірқатар өзгерістер болды. Геосаяси жағдайды және мемлекетіміздің халықаралық аренадағы ұстанымын ескере отырып, заңнамалық база жетілдірілді, әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері жақсарды», деді атташе өз сөзінде.ГрузияҚарулыКүштері Бас штабы бастығының орынбасары, бригадалық генерал Ираклий Чичинадзе Қазақстанды мерекемен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі деңгейін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Грузия тарапының осы процеске одан әрі күш салуға дайын екендігін білдірді.Қабылдау барысында бригадалық генерал Ираклий Чичинадзе Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған медальмен марапатталды.Іс-шара аясында фотокөрме ашылып, қазақстандық армия туралы бейнероликтер көрсетілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/994554?lang=kk
Астанада ат спортынан ауқымды халықаралық жарыстар өтеді 19.05.2025
30 мамыр - 1 маусым аралығында Астана қ. «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені базасында ауқымды халықаралық жарыстар – конкурдан Еуразиялық Лиганың Әлем Кубогының кезеңі (FEI CSI 1*-W) және Атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнир (FEI CDI 1*) өтеді.Жарысқа алыс және жақын шетелден алты елдің құрама командалары қатысады деп күтілуде. Іс-шара халықаралық стандарттарға сәйкес Халықаралық ат спорты Федерациясының (FEI) қолдауымен өткізіледі.Үш күн ішінде 60-тан аса үздік спортшы әр түрлі кедергілерден тұратын  маршруттар мен  атпен жүруден  өз шеберліктерін көрсетеді деп жоспарлануда.Конкур – жылқының және шабандоздың кедергілерден өту қабілетін анықтайтын олимпиадалық спорт түрі. Мақсат – қашықтықты қателіксіз әрі мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде еңсеру.Атпен мәнерлеп жүру – ат спортының жоғары деңгейі, мұнда шабандоз бен ат арнайы аренада дәлдікпен және үйлесімділікпен түрлі қимылдарды орындайды.Астанада Әлем Кубогының кезеңін Қазақстанда өткізу ат спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл – тек ел үшін ғана емес, барлық ат спорты жанкүйерлері үшін маңызды спорттық іс-шара болмақ. Ауқымды деңгейдегі жарыстар қазақстандық спортшыларға өз шеберліктерін арттырып, шетелдің мықты шабандоздарымен бәсекеге түсіп,  халықаралық турнирлерге біліктілік жолдамаларын алу мүмкіндігін береді.Біздің анықтама:2025 жылға арналған Әлем Кубогы кезеңдерінің Еуразиялық Лигасы сегіз кезеңнен тұрады: Ташкент қ. — 1 (Өзбекстан), Ташкент қ. — 2 (Өзбекстан), Бішкек қ.- 3( Қырғызстан), Астана қ. — 4 (Қазақстан), Тбилиси қ. — 5 (Грузия), 6-шы Тбилиси қ. (Грузия), 7 — Ереван қ. (Армения), 8- Тегеран қ. (Иран). Еуразиялық Әлем Кубогы кезеңдері лигасының «Grand Prix» бас маршрутының қорытындысы бойынша 2025 жылғы конкур бойынша Әлем Кубогының финалына лицензия ойналады.БАҚ аккредиттеу: +7 705 185 6366, +7 777 483 9118Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/994533?lang=kk
КИБЕРАЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ 19.05.2025
       Бүгін Түркістан қаласындағы “Конгресс Холл” кешенінде “Кибералаяқтық: Алдын алу, Қорғау, Жауапкершілік” тақырыбында форум өтті. Іс-шараны Түркістан облысының Полиция департаменті ұйымдастырды.       Форум аясында цифрлық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың түрлері, олардан қорғану жолдары және құқықтық жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды.Форум жұмысына Ішкі істер министрлігі, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, IT саласының мамандары мен сарапшылар қатысты.       Шараның басты мақсаты – қоғамның цифрлық сауаттылығын арттыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың интернеттегі алаяқтыққа қарсы иммунитетін күшейту.       Сонымен қатар, Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы форумда инновациялық IT жобалар мен стартаптарды көпшілік назарына ұсынып, өңірдің цифрлық даму бағытындағы тың бастамаларымен таныстырды.       Цифрлық болашақ – қауіпсіз қоғамнан басталады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/994522?lang=kk
Оқу жылының аяқталуы және жазғы сауықтыру науқанына дайындық: басты назар — балаларды қолдау мен олардың қауіпсіздігі 19.05.2025
Қостанай облысында 2024–2025 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл мектепті 4 752 түлек бітіреді — бұл өткен жылмен салыстырғанда көбірек (4 213). Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға ниетті түлектердің үлесі де артып отыр.Білім басқармасының мәліметінше, биыл түлектердің 80%-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға жоғары. Мұндай көрсеткіш жастардың отандық жоғары оқу орындарында білім алуға деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов атап өтті:«Әрбір нәтиженің артында — баланың және мұғалімнің еңбегі тұр. Біз бұл еңбекті бағалап қана қоймай, оны қолдауға міндеттіміз».Осыған байланысты өңірде емтихан алдындағы кезеңде қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру шаралары қабылданып жатыр. Оқушылардың ынтасын арттыру мен психологиялық қолдау көрсетуге ерекше назар аударылуда.«Бала емтиханға алаңдаумен емес, жанында қолдау көрсететін ересектер бар екенін сезініп, сенімділікпен келуі керек», — деді өңір басшысы.Сонымен қатар, ҰБТ өткізу кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне де баса мән беріліп отыр.«ҰБТ кезіндегі қауіпсіздік пен тәртіп — бұл біздің тікелей жауапкершілігіміз. Мұнда ұсақ-түйек деген болмауы тиіс», — деп толықтырды Құмар Ақсақалов.Қалалар мен аудандар әкімдеріне түлектерді емтихан тапсыру пункттеріне жеткізуді ұйымдастыру тапсырылды. Білім басқармасымен, денсаулық сақтау саласымен және Полиция департаментімен бірлесе отырып, тестілеу өтетін жерлерде медицина қызметкерлері, психологтар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекшілік етеді.Балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуы — тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігіКелесі басым бағыт — оқушылардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру. Мемлекет басшысы өз тапсырмаларында жазғы демалыстың сапасын, қолжетімділігі мен қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығына бірнеше рет назар аударған болатын.«Жазғы демалыс — бұл жай ғана каникул емес. Бұл — тәрбиелік жұмыстың бір бөлігі, баланың дамуы мен күшін қалпына келтіру мүмкіндігі», — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.2025 жылы Қостанай облысында сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамту бағдарламаларымен 105 мыңнан астам бала қамтылады — бұл жалпы санның 98,6%-ын құрайды. Әлеуметтік осал санаттағы балаларға ерекше назар аударылып, олар үшін тегін және сапалы демалыс ұйымдастырылады.Жаз мезгілінде өңірде 12 загородтық және 773 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Облыс әкімінің тапсырмасымен бұрын пайдаланылмаған нысандарды қалпына келтіру үшін инвесторлар тарту жұмысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Меңдіқара ауданындағы «Солнечный» лагерін аукционға шығару үшін құжаттарды дайындау аяқталуда. Бұл нысанға әлеуетті инвестор ретінде «Аллюр» зауыты қызығушылық танытуда.«Бұрын лагерлер — балалар жазын өткізуге армандайтын орын еді. Біз осы мағынаны қайтарғымыз келеді», — деді өңір басшысы.Жазғы сауықтыру науқаны барысында қауіпсіздік мәселелері әрдайым басты назарда болады. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан бастап, өрт қауіпсіздігі нормаларына, аумақты қорғауға және персоналдың біліктілігіне дейінгі барлық аспектілерді қамтиды.«Жүйе ата-ананың кез келгені баласының қауіпсіз екеніне сенімді болатындай құрылуы тиіс», — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Жұмысшы мамандықтар жылы аясында лагерлерде кәсіби бағдар беру жұмысы күшейтіледі. Жазғы демалыс жоспарына өңір кәсіпорындарына, соның ішінде облыс орталығының Индустриялық аймағына экскурсиялар енгізілген.«Бала өз көзімен заманауи өндірістің қалай жұмыс істейтінін көрген кезде, оның бойында қызығушылық пен арман пайда болады. Бұл кез келген дәрістен маңыздырақ», — дейді облыс әкімі.Төтенше жағдайлар қызметімен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен, полициямен және медициналық мекемелермен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қою тапсырылды. Сонымен қатар, ата-аналар мен балалар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілетін болады.Аудан және қала әкімдеріне — демалыс өтетін жерлерде абаттандыру жұмыстарын аяқтап, ойын және спорт алаңдарын орнату тапсырылды.«Біздің ортақ міндетіміз — балалар өзін қауіпсіз сезінетін, пайдалы істерге араласатын жазды ұйымдастыру», — деп қорытындылады Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/994466?lang=kk
Жанна тоқиды, сурет те салады және сылақ жұмысын да жақсы біледі! 19.05.2025
Қарағандыда есту, көру және тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдар арасында сегізінші рет облыстық спартакиада өтуде. Біріншілік аясында жеңіл атлетиканың жекелеген түрлері: үстел теннисінен, шағын футболдан, дойбыдан және тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді. Республикалық спартакиадаға  жолдама алу  үшін және  жеңу үшін облысымыздың қалалары мен аудандарынан 180-нен астам ерекше спортшы күресетін болады.Олардың қатарында теміртаулық Жанна Бакенова да бар. Ол жеңіл атлетика түрінен, яғни ядро лақтырудан, арбамен 100 және 200 шақырымға жарысады. Және де мұның бәрі реампутация  отасынан кейін!- Мен спартакиадаға алтыншы рет қатысып отырмын. Ядро лақтырудан жүлдегер болдым, арманым- бірінші болу! Менің мақсатым айқын және кедергілерге жол жоқ, - деп,  ерекше әйел өз ұранын айтты.Жанна жалғыз өзі екі баланы тәрбиелеп отыр, сонымен бірге бимен, спортпен айналысады, шығармашылық үйірмеде тоқумен, сурет салумен және мүсін жасаумен айналысады. Сондай-ақ, қазір ол ата-анасынан айырылған және үлкен ағасының қамқорлығында қалған балалардың пәтерін тегін жөндейтін еріктілер ұйымының құрамында.- Мен сылақ сылау, кафель қалау жұмыстарын да істеймін- деді, Жанна. Біз  оған, Спартакиаданың барлық қатысушыларына, сол сияқты өздерінің күштілігімен, ерік-жігерімен және сенімділігімен таң қалдыратын таңғажайып адамдарға шын жүректен жеңіс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/994483?lang=kk
Алматы гарнизонында сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасты 19.05.2025
78460 әскери бөлімі мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери қызметшілерді шығарып салу рәсімі өтті.Өткен көктемде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің жүзден астам сарбазы үйлеріне қайтты. Салтанатты жағдайдағы шығарып салу рәсімі, Жауынгерлік тумен қоштасу және командирлердің ізгі тілектері жауынгерлердің есінде қалмақ.  Әскери қызметшілерге Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина сөз сөйледі.– Дәл бір жыл бұрын мен сендердің ант бергендеріңе куә болдым. Қызмет барысында біз достасып, жақын туыстардай болып кеттік. Азаматтық өмірде әрқайсыңа сәттілік тілеймін, – деп атап өтті ол.Үлгілі әскери тәртібі мен жауынгерлік дайындықтағы жақсы көрсеткіштері үшін бірқатар сарбаздарға кезекті әскери атақтар берілді, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталып, ата-аналарына алғыс хаттар жолданды. – Сендер әскерде тәртіпке бағынып, әскери білімге үйрендіңдер. Сол арқылы Отанды қорғауға дайын саналы адам болып қалыптастыңдар, – деді Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов.Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушылар арасында мотивацияны арттыруға бағытталған «Срочники 2.0» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аударып отыр. Соның арқасында сарбаздар грантпен әскери және азаматтық жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Биылғы жылы бұл жоба тегін оқытумен қатар жатақханамен және шәкіртақымен қамтамасыз етуді көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/994465?lang=kk
2025 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру туралы 19.05.2025
Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыс берушілерге 2025 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру тәртібі туралы хабарлайды.Талаптар: 1) өтінім, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қағидасының 1 қосымшасына сәйкес беріледі;2) өтінім тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;3) өтінімде міндетті түрде нысанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсету қажет;4) өтінімде 5 таңбалы коды бар экономикалық қызмет түрін міндетті түрде көрсету қажет (мысалы: мыс кенін өндіру және байыту – 07292);5) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;Өтінімді қайда беру керек: – қағаз түрінде ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының кеңсесіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй, 301 кабинет);– электрондық нұсқасын r.taymuldina@akimvko.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберіледі, және электрондық тасымалдауыш болса ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 301 кабинетіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй).Байланыс деректері: 8 (7232) 56-98-43, 87777280466, r.taymuldina@akimvko.gov.kz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/994447?lang=kk
Қазақстанда фармацевтикалық өндірісті жергіліктендірудің перспективалары Малайзияда талқыланды 19.05.2025
ҚР Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев «Hovid» малайзиялық фармацевтикалық компаниясының штаб-пәтеріне барып, оның басшылығымен кездесті.«Hovid» – 80 жылдан астам тарихы бар, Малайзиядағы фармацевтика саласының жетекші компанияларының бірі. Компания 400-ден астам өнім түрін, оның ішінде дженериктерді, рецептсіз сатылатын дәрілерді және биологиялық белсенді қоспаларды шығарады. Компания өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне экспортталады, бұл оның өнімдерінің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. «Hovid» халықаралық GMP және ISO стандарттарына сәйкес сертификатталған заманауи өндірістік қуаттарға ие және ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді дамытуда.Кездесу барысында қазақ дипломаттары еліміздің фармацевтика нарығының мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылығын таныстырды. Тараптар «Hovid» компаниясы мен Қазақстанның фармацевтикалық және дистрибьюторлық компаниялары арасындағы ынтымақтастық орнату перспективаларын талқылады. Әсіресе өндірісті жергіліктендіру, технологиялар алмасу және өнімді Қазақстан нарығына жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/994419?lang=kk
AI’preneurs 2025: Жасанды интеллект бағытындағы стартаптарды дамытуды көздейтін акселерацияның екінші легі басталды 19.05.2025
 Astana Hub-та жасанды интеллект (AI) саласындағы стартаптарды дамытуға арналған алғашқы қазақстандық акселераторлардың бірі – AI’preneurs бағдарламасының екінші легі басталды. Бағдарлама IT-кәсіпкерлер, инноваторлар мен салалық мамандар арасында қызығушылық тудырды: 2025 жылы Қазақстан, Ресей және Қырғызстан елдерінен 360 өтінім қабылданды.Іріктеу нәтижесінде бағдарламаға 58 қатысушы өтті. Олардың орташа жасы – 33. Қатысушылар қатарында технология мен бизнес саласында тәжірибесі мол мамандар бар. Мұнда практикалық дайындығы мықты кәсіпкерлер, корпоративтік сектор қызметкерлері мен фрилансерлер жиналды. Олардың арасында халықаралық компаниялар мен технологиялық жобаларда жұмыс істегендер де бар.«AI’preneurs – жай ғана акселератор емес, бұл – ертеңгі күннің мәні мен технологиясын жасайтын адамдарға жасалған инвестиция. Бүгінде жасанды интеллект айналасындағы экожүйе тез дамып келеді. Біз, мемлекет ретінде, мықты командалар мен таланттарға даму үшін нақты алаң ұсынуымыз керек. Осы ретте, қатысушылар өз идеяларын нақты AI-өнімдерге айналдыру үшін жан-жақты қолдауға ие болады. Біз оларды деректер жиынтықтары мен есептеу қуаттылығынан бастап, SAFE келісімі аясындағы бастапқы инвестицияларға дейін маңызды ресурстармен қамтамасыз етеміз. Бұл бастамалар – Мемлекет басшысы қойған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам. Атап айтқанда, 2030 жылға қарай 10 мың AI-маман даярлау, 5 технологиялық "юникорн" шығару және жыл сайынғы IT-қызметтер экспортын $5 миллиард жеткізу көзделді”, – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.Бағдарлама оффлайн форматта Астанада өтеді. Басқа қалалар мен елдерден келген қатысушыларға бағдарлама кезеңінде тұрғын үй беріледі. Оқыту мерзімі үш айды қамтып, білім беру іс-шаралары, салалық сарапшылардың жеке кеңестері мен жобалар бойынша белсенді практикалық жұмыс жүргізіледі.Бағдарлама жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған ұлттық бастама аясында жүзеге асырылуда және AI технологияларын қолданатын кәсіпкерлер экожүйесін қалыптастыруға сеп болады.Еске салсақ, AI’preneurs бағдарламасының бірінші легі жоғары қызығушылық пен қатысушылардың әлеуетін нақты көрсетті. Былтыр 250 өтінім ішінен 50 маман іріктеліп, 21 команда құрылды. Соның ішінде 9 команда акселерацияны сәтті аяқтап, Seed Money аясында қаржыландыруға ие болды.AI’preneurs бағдарламасы туралы толық ақпаратты Astana Hub платформасынан табуға болады.Дереккөз : ҚР ЦДИАӨМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/994420?lang=kk  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/994667?lang=kk
«Жеке даму картасы сабақтастықты жүзеге асыру құралы ретінде» облыстық тәжірибелік семинар 19.05.2025
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үндестіру мақсатында жасалған қадамдық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері үшін Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  №37 көпбейінді  орта мектеп базасында 2025 жылдың13 мамырында «Жеке даму картасы сабақтастықты жүзеге асыру құралы ретінде» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.Семинардың мақсаты - мектепалды даярлық сыныптарынан, балабақшадан мектепке көшу кезінде сабақтастық пен сәтті бейімделуді құру, жас ерекшеліктерін ескере отырып үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету және жеке даму картасын толтыру бойынша  іс – тәжірибелермен  бөлісу.Cеминарда спикерлер мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерінің мектепке сәтті бейімделуі  және бастауыш буын арасындағы сабақтастық бойынша ашық сабақтар, шебер сыныптар көрсетіп, баланың жеке даму картасын толтыру бойынша  іс- тәжірибелерімен  бөлісті.Семинарға аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері қатысты.Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/994431?lang=kk
Малайзияда автомобиль өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды 19.05.2025
ҚР Малайзиядағы Елшісі Булат Сүгірбаев Малайзияның жетекші автокөлік өндірушісі – «Протон» компаниясы жүзеге асырған «Протон Сити» көпфункционалды қалашығына жұмыс сапарымен барды. Аталған нысанда компанияның бас кеңсесі, өндірістік кешені, сондай-ақ қызметкерлердің өмір сүруіне қажетті әлеуметтік инфрақұрылым орналасқан.Сапар барысында қазақ дипломаттары зауыттың жұмысымен және өнім желісінің кеңейтілуіне байланысты даму жоспарларымен танысты. «Протон» компаниясы өндірілетін барлық автокөлік үлгілерін, соның ішінде алғашқы малайзиялық электр көлігін ұсынды.Кездесу аясында қазақстандық тарап Малайзия компаниясына еліміздің экономикалық әлеуеті мен қолайлы инвестициялық климаты туралы ақпарат берді. Келіссөздер барысында Қазақстан Елшісі мен компания басшылығы «Протон» өнімдерін қазақстандық нарыққа шығару және өндірісті кезең-кезеңімен жергіліктендіру мүмкіндігін талқылады. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдіріп, жұмыс бағытын жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/994400?lang=kk
Грузияда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті 19.05.2025
Тбилиси, 2025 жылғы 1 мамыр - Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік мереке – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Грузияның астанасында «Бір шаңырақтың астында» атты іс шара өтті.Кезінде Қазақстанда тұрған түрлі ұлт өкілдері дөңгелек үстелде бас қосып, елімізде болып жатқан жаңа өзгерістермен бөлісті.Қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінің негізгі мазмұнымен таныстырылды, жалпы оларға Ассамблеяның жұмысы, осы күзде өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің басты бағыттары мен  ұлтаралық және дінаралық келісім бойынша еліміздің бастамалары жөнінде айтып берілді.Елімізде 30 жыл тұрып тарихи отанына оралған Инга Перадзе  туған жерін, қазақ халқын тек үлкен жылылық сезіммен еске алатынын, сағынатынын ерекше сезіммен жеткізіп, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.Іс-шараға қатысқан әзербайжан, грузин, татар, орыс, түрік өкілдері  Қазақстанда бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүргендеріне тоқталып, қай жерде жүрсе де өздерінің екінші отанын дәріптейтіндерін жеткізді.  Отандастарымыз Жанат Кшаева мен Гүлмира Күренкеева ұлттық ою-өрнектерге арналған шеберлік дәріс өткізіп, олардың қазақ халқының тұрмысы мен өміріндегі мән-мағынасы туралы айтып берді.Іс-шара барысында қатысушыларға әнші Димаш Құдайбергеннің «Киелі мекенім» әніне арналған Қазақстанның әр алуан табиғаттың, киелі орындары мен мәдениетін көрсететін бейне-клипі көрсетілді. Бұл арқылы көрермендер Ұлы даланың ең көрнекті танымал туристік жерлеріне визуалды саяхат жасай алды.Сондай-ақ Қазақстанға арналған фото-көрме ұйымдастырылып, еліміздің мәдениеті, өнері, туристік саласына арналған арнайы кітаптар мен анықтамалар жиналғандарға табысталды.Достық пен бірлік мерекесі ән мен биге ұласып, қатысушылаға ерекше көңіл-күй сыйлады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/994395?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығына орай: еңбек ардагерлеріне құрмет пен марапат 19.05.2025
Самар ауылдық округінің әкімі М.Дюсупов округ мамандарымен бірге Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еңбек ардагерлерін құттықтады. Айтулы мерекеге байланысты ардагерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мерейтойлық медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды.Бұл ардақты жандар — батырлық тарихтың тірі куәгерлері. Біз олардың елге сіңірген еңбегі мен бейбіт өмірге қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Ардагерлерге құрмет көрсету арқылы біз тарихи жадымызды сақтап, өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ерлік пен елге деген адалдықты дәріптейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-samar/press/news/details/994372?lang=kk
«Бір ел – бір кітап – 2025» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті 19.05.2025
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан үлкен жоба.Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. 2007 жылы Ұлы Абайдың қарасөзін оқудан бастаған акция бүгінде қазақ әдебиетінің ең  таңдаулы 51 классик ақын-жазушысының үздік шығармаларын оқырман қауымға ұсынып, насихаттап келеді. Жобаны жалғастыру мақсатында 12 мамыр күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен №1 Абай атындағы орта-мектеп лицейінің фойесінде «Бір ел – бір кітап – 2025» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті. Мектеп оқушылары кітап көрмесін тамашалап, өз ойларымен бөлісті.       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/994341?lang=kk
ҰЭМ: жыл басынан бері 586 млрд теңгеден астам қаржы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 19.05.2025
Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру мен бизнестің қаржыға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатын іске асыру мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп, 2025 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 4 898 жобаға 586 млрд теңгеге қолдау көрсеткен.Бұрын айтылғандай, ағымдағы жылғы сәуірде «Даму» қоры арқылы кепілдік беру қорлары жұмысын бастады. Мұның біріншісі 7 млрд теңгеге дейінгі шағын және орта бизнес жобаларына, екіншісі 7 млрд теңгеден асатын ірі жобаларға арналған.Бүгінгі таңда 8 банкпен келісім жасалған. Кепілдік қорына алғашқы 537 млн теңге жарнаны Freedom Bank салып отыр. Сонымен қатар, Halyk Bank, ForteBank пен Банк Центркредит банкі тиісінше 2 млрд, 1,8 млрд және 1,6 млрд теңгеден үлес қоспақ.ШОБ-қа арналған Кепілдік қоры ашылғаннан бері 230 жобаға 27,7 млрд теңге несие берілген. Бұл ретте кепілдік сомасы 13,9 млрд теңге. Жобалардың 70%-дан астамы жаңа өндірісті іске қосуға, жабдық сатып алу мен құрылысқа, инвестициялық мақсатқа арналған. Ең көп қолдау көрсетілген, шамамен 40% өтінім өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Сондай-ақ, көлік және логистика, денсаулық сақтау мен білім беру саласында да сұраныс жоғары деңгейде.Кепілдік беру бойынша 2025 жылдың басынан бері «Даму» қоры жалпы сомасы 256 млрд теңге, жалпы кепілдік сомасы 178 млрд теңгеге 2 017 жобаға қолдау көрсетті.Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудан ШОБ субъектілеріне жеңілдікпен несие беруге көшу шеңберінде биыл қаржы көлемін 750 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен үш еседей артық. Сондай-ақ, соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6% жаңа бағдарлама іске қосылмақ. Ол бойынша өңдеу өнеркәсібі, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және логистика сияқты басым сектордағы жобаларға қаржы бөлінеді.Бүгінде қолданыстағы жеңілдікпен несие беру бағдарламасына сай, 755 жобаға 53 млрд теңге қолдау көрсетілген.Бұл ретте микро және шағын бизнеске берілетін 200 млн теңгеге дейінгі несиенің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау сақталады. Осы арқылы экономиканың басым саласындағы шағын кәсіпорындарға көмек жасалмақ.Бүгінгі таңда сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша 2 126 жобаға 276 млрд теңге берілді. Қаражаттың негізгі бөлігі бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде басым саланы қолдауға жұмсалды: өңдеу өнеркәсібіндегі 595 жобаға 90,8 млрд. теңге, көлік және қоймалауда 576 жобаға 52,8 млрд.теңге, білім беруде 158 жобаға 28,5 млрд. теңге несие бөлінген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/994325?lang=kk
Алаяқтар интернет желісінде жиі пайдаланатын 5 қулық 19.05.2025
Интернеттегі алаяқтық жыл сайын күрделене түсуде. Алаяқтар сіздің ақшаңызға немесе деректеріңізге қол жеткізу үшін сатушылар, сатып алушылар, банк қызметкерлері және тіпті жақын адамдар ретінде жасырын әрекет етеді.Біріншіден, алаяқтық қарапайым хабарландыруынан басталуы мүмкін. Адам сол бойынша хабарласады, ақша аударады да, ақырында қаражатсыз қалады.Екіншіден, алаяқтар өздерін банк немесе полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, жиі қоңырау шалады. Олар сенімді сөйлейді, қауіп-қатер төндіріп тұр деп сендіреді және жылдам әрекет етуге шақырады.Үшіншіден, жалған инвестициялар белсенді қолданылады: олар оңайтабыстабуғауәде береді, салым салудынемесебанктікқосымшаға кіруге мүмкіндік беруді ұсынады.Кейбір жағдайда алаяқтар фишингті – жалған сайттар мен хаттарды пайдаланады, олардың бір қарағанда ресми сайттардан айырмашылығы жоқ. Адам сілтеме бойынша өтіп, деректерді енгізеді, нәтижесінде шотқа кіруге мүмкіндік беретін барлық ақпарат қылмыскерлердің қолына түседі. Сондай-ақ, мессенджерлердегі «достардан» хабарламалар келуі мүмкін – олар қарызға ақша сұрайды, ұтыс ойынына қатысу немесе сауалнамаға жауап беруді өтінеді, содан кейін шоттағы ақша есептен шығарыла бастайды.Өзіңізді қорғау үшін, ең алдымен, цифрлық гигиенаны сақтау керек. Ешқашан SMS кодтарын, құпия сөздерді және карта деректемелерін жібермеңіз. Логинді немесе кілт сөзді енгізбес бұрын сайттың мекенжайын міндетті түрде тексеріңіз. Қосымшаларды тек ресми дереккөздерден жүктеп алу керек. Ал бастысы, егер сізге қысым жасалып жатқанын сезінсеңіз немесе сізді асықтырып жатса, ақша аударуға асықпаңыз.Өзіңізді қалай қорғауға болады SMSкодтарын,PINкодтарын,картаданCVVжәнебасқадеректердіешкімге хабарламаңыз.Логинменкілт сөзді енгізбес бұрынсайттыңмекенжайын тексеріңіз.Күдіктіхабарламалардансілтемелергеөтпеңіз.Қосымшаларды текресми платформалардан жүктеңіз.Ешқашанқысымменақшааудармаңыз–тіптіқоңыраушалушыөзінполиция қызметкері немесебанкқызметкері ретінде таныстырса да.БарлықоперацияларбойыншаSMS ескертулерін орнатыңызжәнекредиттік тарихтытексеріңіз.Құрбан болған жағдайда не істеу керек Егерсізақшанынемеседеректеріңізді берсеңіз – дереубанкпенполицияға хабарласыңыз.Неғұрлымжылдамәрекет етсеңіз, қаражаттықайтаружәнеқылмыскерлердітоқтатумүмкіндігісоғұрлымжоғары болады.Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.   Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/994335?lang=kk
Ағымдағы жылдың 12 мамырында Меңдіқара ауданының әкімдігінде аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті сессиясы өтті. 19.05.2025
     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Ғабит Мәжитұлы Бекбаев (@bekbaev_gabit) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/994338?lang=kk
2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді 19.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі.Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.Былтыр министрлік еліміздің 14 облысындағы 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл бастапқыда жоспарланғаннан көп.«Жаңа Су кодексіне сәйкес, гидротехникалық нысандардың иелері әр бес жыл сайын өздеріне тиесілі құрылыстарға көпфакторлы тексеру жүргізуге міндетті. Тексеріс нәтижесінде қауіпсіздік декларациясы жасалып, ол бассейндік су инспекциясында тіркелуі қажет», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат ИбрайхановАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/994287?lang=kk
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ техникалық жұмыстар 19.05.2025
Құрметті пайдаланушылары!   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылғы 13 мамыр сағат 21:00-ден 14 мамыр сағат 06:00-ге дейін «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ тарапынан Бірыңғай интернет шлюзі жабдығында техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.Осыған байланысты, аталған уақыт аралығында Комитеттің келесі ақпараттық жүйелерінің: «ЭШФ», «АСТАНА-1», «Кеден», «СӘАЖ», «Е-терезе», «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «СТК» жүйелерінің уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, сондай-ақ ҚР басқа мемлекеттік органдарымен «ЭҮСШ» арқылы интеграцияда қиындықтар туындауы мүмкін. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/994269?lang=kk