Enbekshi QazaQ

Әлем

АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА АТА ЗАҢНЫҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ 03.03.2026
Денсаулық сақтау саласы – қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы мен ұлт болашағын айқындайтын стратегиялық бағыттардың бірі. Адам өмірі мен денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлері ел өміріндегі маңызды өзгерістерге бейжай қарамай, қоғамдық бастамаларға белсенді түрде қатысып келеді. Осы тұрғыда Конституцияның жаңартылған мазмұнын түсіндіру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.Жиын Қалалық балалар клиникалық ауруханасы ұжымының қатысуымен өтті. Кездесу барысында елдегі конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен олардың қоғам дамуына ықпалы кеңінен талқыланды.Басқосуда сөз сөйлеген заң ғылымдарының кандидаты Ботабек Имашев тұрақтылық кез келген мемлекеттің өркендеуінің басты шарты екенін атап өтті. Оның айтуынша, тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде қабылданған қолданыстағы Конституция мемлекеттілікті қалыптастыруда тарихи миссиясын абыроймен атқарды. Алайда жаһандық геосаяси ахуалдың өзгеруі, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы және қоғамдық сұраныстың артуы құқықтық жүйені заман талабына сай жетілдіруді қажет етеді.– Жаңа Конституция адам құқықтары мен заң үстемдігін басты құндылық ретінде айқындайды. Бұл – білім мен ғылымға негізделген, әділетті әрі өркениетті мемлекет құруға бағытталған нақты қадам, – деді Ботабек Есенбекұлы.Жиын барысында аурухананың пульмонология бөлімінің меңгерушісі Гүлжанат Наурызова мен қабылдау бөлімінің меңгерушісі Өркен Ақбаев та пікір білдірді. Олар Конституцияның жаңа редакциясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, заң үстемдігі қағидатына ерекше мән берілгенін атап өтті. Сонымен қатар енгізілген өзгерістер қоғам мен билік арасындағы сенімді арттырып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.Кездесу ашық форматта өтіп, медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жан-жақты жауап алды. Жиын қортыныдысы бойынша қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдірді.
ШЫМКЕНТ: «Karlskrona LC AB» кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесу өтті 03.03.2026
Шымкент қаласында Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен маңызын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға арнайы сарапшы маман А.Монтаев пен Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Дархан Балажанов қатысып, «Karlskrona LC AB» ЖШС-нің еңбек ұжымымен жүздесті.Еліміздегі ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі саналатын өндіріс орнында бүгінде 200-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Кәсіпорын директорының міндетін атқарушы, техникалық директор Асқар Ажаевтың айтуынша, жоғары сапа стандарттарына сай сорғылар мен сорғы жабдықтарын өндіретін зауыт өнімдеріне сұраныс тұрақты түрде артып келеді.Кәсіпорында ауыл шаруашылығы саласымен қатар мұнай және уран өндірісіне арналған сорғылар дайындалады. Өнімдер болат пен шойыннан құйылып жасалады. Шикізаттың басым бөлігі отандық көздерден алынады. Металл сынықтары арнайы балқыту цехында қайта өңделіп, қажетті қалыптарға құйылады. Заманауи технологиялар мен сапа талаптарының сақталуы нәтижесінде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жоғары.Бүгінде зауыт өнімдеріне тек ішкі нарықта ғана емес, шетелде де сұраныс бар. Атап айтқанда, Түркия мен Үндістан мемлекеттерінен тұрақты тапсырыстар түсуде. Бұл – отандық өндірістің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі.Осындай стратегиялық маңызы бар кәсіпорында еңбек ететін мамандар үшін елдің басты құқықтық құжаты – Конституция талаптарын білу айрықша маңызды. Жиын барысында арнайы сарапшы маман А.Монтаев пен Дархан Балажанов Ата заңға енгізілген өзгерістердің мәні мен мазмұнына жан-жақты тоқталды.– Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық әрі рухани тірегі. Ол қоғам дамуының негізгі бағдарын айқындайды. Конституцияға енгізілген өзгерістер жай ғана заңнамалық түзетулер емес, ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басудың нақты көрінісі. Уақыт талабына сай саяси, экономикалық және қоғамдық қатынастар жаңарып отыр. Сондықтан Негізгі заңды жетілдіру – заман сұранысынан туындаған қажеттілік, – деді сарапшы ол.Кездесу барысында Жаңа Конституцияда әлеуметтік мемлекеттің рөлі айқындалып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтілгені атап өтілді. Сонымен қатар саяси реформалардың билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға бағытталғаны, ал экономикалық өзгерістер кәсіпкерлік пен жеке бастаманы қолдауға мүмкіндік беретіні айтылды.Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, еңбек ұжымы өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кеездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа құжатқа бірауыздан қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ МОДЕЛІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мемлекет моделін қалыптастыруда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік қағидаттарды біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Бұл принциптер бір-бірімен тығыз байланысты болып, елдің тұрақты дамуын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз етеді.Демократиялық қағидат азаматтардың саяси өмірге еркін қатысуын, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін, сондай-ақ референдум мен сайлау институттары арқылы халық билігінің іске асуын қамтамасыз етеді.Зайырлы қағидат мемлекет пен діннің бөлінуін, барлық діндерге теңдік пен азаматтардың сенім бостандығын қамтамасыз етеді. Бұл принцип қоғамдағы әлеуметтік келісім мен әртүрлі мәдени-діни топтар арасындағы өзара құрметті нығайтады.Құқықтық мемлекет қағидаты заң үстемдігін, мемлекеттік биліктің заңға бағынуын және азаматтардың құқықтарының сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз өкілеттіктерін тек Конституция мен заңдарға сәйкес жүзеге асырады.Әлеуметтік мемлекет қағидаты халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге және азаматтардың негізгі әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған. Мемлекет әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін әлеуметтік кепілдіктер мен қызметтерді қамтамасыз етеді.Осылайша, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік қағидаттар бір-бірін толықтырып, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қоғамдағы әлеуметтік әділдік пен теңдікті қамтамасыз ететін мемлекет моделін қалыптастырады.
МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ – ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының басты кепілі ретінде айқындайды. Бұл қағидаттар мемлекеттің тәуелсіздігін, саяси дербестігін және аумағының бүтіндігін қорғауға бағытталған маңызды құқықтық негіз болып табылады.Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы өз аумағында толық егемендікке ие және бұл құқық барлық мемлекеттік органдар мен азаматтар үшін міндет болып саналады. Мемлекеттік билік ұлттық мүддені қорғауға, сыртқы және ішкі қауіп-қатерге қарсы шаралар қабылдауға жауапты.Аумақтық тұтастық мемлекеттің барлық аймақтарының біртұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл принцип заң алдында теңдік пен аймақтар арасындағы әділ қатынасты бекітеді, сондай-ақ мемлекетішілік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастық ұлттық қауіпсіздіктің негізгі негіздері ретінде елдің сыртқы саясатында да басты рөл атқарады. Бұл қағидаттар Қазақстанның халықаралық аренадағы құқықтық мәртебесін нығайтып, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімділікті арттырады.Осылайша, Конституцияда бекітілген мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастық қағидалары – Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі болып табылады.
ХАЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БІРДЕН-БІР БАСТАУЫ: РЕФЕРЕНДУМ МЕН САЙЛАУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ РӨЛІ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы халықтың мемлекеттегі билікке қатысуын қамтамасыз ететін негізгі институттарды – референдум мен сайлауды – айқындайды. Бұл институттар демократиялық қоғамның негізгі тірегі болып саналады және азаматтардың мемлекеттік шешім қабылдау процесіне тікелей қатысуына құқықтық негіз береді.Референдум – азаматтардың маңызды мемлекеттік және қоғамдық мәселелер бойынша тікелей шешім қабылдау құралы. Конституция бойынша референдум арқылы халық өз пікірімен заң жобаларына, конституциялық өзгерістерге және маңызды саяси шешімдерге әсер ете алады. Бұл институт халықтың мемлекеттік билікке ықпалын нақты іске асыруға мүмкіндік береді.Сайлау институты да мемлекеттік биліктің легитимдігін қамтамасыз ететін маңызды құрал болып табылады. Сайлау арқылы азаматтар Парламент, Президент және жергілікті өкілді органдар құрамын таңдай отырып, елдің саяси өміріне белсенді қатысады. Конституция сайлау процесінің ашық, әділ және тең негізде жүргізілуін қамтамасыз етеді, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғауды кепілдейді.Осылайша, референдум мен сайлау институттары – халық пен мемлекет арасындағы сенімділікті нығайтып, демократиялық қағидаттарды жүзеге асырудың басты тетіктері болып табылады. Халық мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде қоғамдағы шешім қабылдау процесінде белсенді рөл атқарады.
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ ЗАҢДЫҚ КҮШІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚАҒИДАТЫ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елдің құқықтық жүйесінің негізін айқындайтын және ең жоғары заңдық күшке ие негізгі заң болып табылады. Конституцияның жоғары заңдық күші мемлекет аумағында қабылданатын барлық заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің оның талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді.Жаңа Конституцияға сәйкес, Конституция нормалары тікелей қолданылады және мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың қызметі мен іс-әрекеттері Конституция талаптарына негізделуі тиіс. Бұл құқықтық мемлекет қағидатын жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.Құқықтық мемлекет қағидаты заң үстемдігін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын және мемлекеттік биліктің заңмен шектелуін көздейді. Мемлекеттік органдар өз өкілеттіктерін Конституция мен заңдарға сәйкес жүзеге асырады және заң талаптарын сақтауға міндетті.Сонымен қатар, Конституцияның жоғары заңдық күші азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғалуына құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың заңдылыққа негізделуін және әділдік қағидатының сақталуын қамтамасыз етеді.Осылайша, Конституцияның жоғары заңдық күші мен құқықтық мемлекет қағидаты еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, заң үстемдігін нығайтатын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған негізгі құқықтық негіз болып табылады.
ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҒЫЛМАУ ЖӘНЕ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ САЯСАТЫ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛДІГІ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауын және дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Бұл норма әрбір азаматтың жеке кеңістігін қорғауға және оның құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталған маңызды құқықтық кепілдік болып табылады.Жаңа Конституцияға сәйкес, әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғылмайды, оның жеке кеңістігі мен дербес деректері заңмен қорғалады. Азаматтың жеке мәліметтерін жинау, сақтау және пайдалану тек заң талаптарына сәйкес және белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл талаптар азаматтардың жеке ақпаратын заңсыз пайдалануға жол бермеуге бағытталған.Цифрлық технологияларды кеңінен қолдану жағдайында дербес деректерді қорғау мәселесі ерекше өзектілікке ие. Осыған байланысты Конституция азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың жеке мәліметтерінің құпиялығын сақтауға құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл азаматтардың мемлекетке және цифрлық қызметтерге деген сенімін арттыруға ықпал етеді.Аталған нормалар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтіп, құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Жеке өмірге қол сұғылмау және дербес деректерді қорғау – цифрлық дәуірдегі қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың мәлімдемесі 02.03.2026
Соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына байланысты Иран халқына қайғырып көңіл айтамыз.Қазақстан достық пен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келе жатқан және Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдіреді.Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қарулы қақтығыстар кезінде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты ерекше қорғауды талап етеді. Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ұсынушылардың бірі ретінде қарулы қақтығыстар жағдайында адамгершілікті сақтаудың маңыздылығын атап өтеді.Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтай отырып, тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігі жөніндегі өзінің қағидатты ұстанымының өзгермейтінін растайды.Өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында барлық тараптарды барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1173138?lang=kk
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжімен онлайн-конференция 02.03.2026
2026 жылдың 25 ақпанында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжімен «Мұғалім болу – мақтаныш» облыстық жобасы аясында Осакаров ауданында 9-11 сынып оқушылары үшін Zoom онлайн конференциясы ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты: оқушыларды кәсіби өзін-өзі анықтауы бойынша жүйелі іс-шараларды ұйымдастыру, колледжде ұсынылатын мамандықтарды танымал ету және таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылықты дамыту.Кездесу барысында колледждің оқытушылар құрамы оқу орны, сұранысқа ие мамандықтар, оқуға қабылдау ережелері, құжаттарды қабылдау мерзімі, шәкіртақы алуға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ колледждің оқу-тәрбие және мектептен тыс жұмыстары туралы ақпарат берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1173121?lang=kk
Саябақтар мен скверлерді күтіп-ұстау жұмыстары жаңа форматта жүргізілуде 02.03.2026
Қостанай қаласында бүгінде 7 саябақ пен 9 сквер бар. Соңғы бір жылдың ішінде 5 жаңа қоғамдық кеңістік абаттандырылып, пайдалануға берілді.Биыл өткізілген конкурс қорытындысы бойынша саябақтар мен скверлерді күтіп-ұстау жұмыстарын екі жергілікті компания жүзеге асыруда. Алғаш рет келісімшарттар 2 жыл мерзімге жасалды. Бұл формат жұмысты жүйелі жоспарлауға, қажетті техниканы алдын ала сатып алуға, мамандар құрамын қалыптастыруға және қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, күтіп-ұстау барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, қарды тазалау сапасы мен уақытылы орындалуына қатысты ескертулер бар. Мердігер ұйымдарға жұмысты күшейту және аумақтарды тиісті деңгейде күтіп-ұстауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.Саябақтар мен скверлерде негізінен ұқыпты, қолмен тазалау тәсілі қолданылуы тиіс екеніне ерекше назар аударылды. Бұл тартан жабындысын, шағын сәулет нысандарын және жасыл желекті сақтау үшін маңызды. Техника абаттандыру элементтеріне зиян келтірмеуі қажет.Басты мақсат — Қостанай тұрғындары үшін саябақтар мен скверлердің жыл он екі ай бойы жайлы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1173123?lang=kk
Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті 02.03.2026
Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Әмірліктердің басшылығы мен барша халқына шынайы құрметін, қолдауы мен тілектестігін жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыс барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын айтты.– Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын, – деді Қазақстан Президенті.Мемлекет басшысы БАӘ азаматтық нысандарына, сондай-ақ Шығанақтағы басқа да елдерге жасалған шабуыл қатаң айыпталуы керек деп санайды.Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян еліміздің қолдауын жоғары бағалап, қазіргі халықаралық дағдарысты еңсеруде көмек көрсетуге ықылас танытқаны үшін ризашылығын білдірді.Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейіл екенін растады. Сондай-ақ қасиетті Рамазан айында екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1173107?lang=kk
Сталкинг-қылмыстық жауапкершілікке тартылады 02.03.2026
2026 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұжымында Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындауға қатысты науқан аясында «Әйелге құрмет = қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» ұранымен некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сталкингке бей-жай қарамауға және мұндай жағдай туындаса бірден ішкі істер органдарына хабарласуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1172909?lang=kk
Мысырда Қазақстандағы Конституциялық реформалар талқыланды 02.03.2026
Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінде жергілікті зиялы қауым, Әл-Азһар университетінің ғалымдары, сарапшылар, бизнес және БАҚ өкілдеріне арналған ауызашар ұйымдастырылды.Аталған шара барысында Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс мысырлық қауымға Қазақстанда мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді әрі ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған ауқымды конституциялық реформалардың жүргізіліп жатқандығы туралы ақпарат берді.А.Жеңіс Қазақстанда құрылымдық тұрғыдан да, мазмұны жағынан да түбегейлі ерекшеленетін жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 2026 жылғы 15 наурызда жалпыұлттық референдумның өтетіні туралы айтты.Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар жаңа Конституцияның ендігі кезекте бір палаталы Парламентке көшу, Вице-Президент институтын енгізу, сондай-ақ заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың іргелі құқықтарын қорғауды күшейту және т.б. маңызды мәселелерді қамтитыны хабардар етілді.Өз кезегінде, мысырлық тарап өкілдері Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан саяси өзгерістерді талқылауда белсенділік таныта отырып, олардың маңыздылығына өздерінің жоғары бағаларын берді.Іс-шараның қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастардың дамуын ілгерілетуге бағытталған бірлескен жұмыстарды жүргізуге мүдделіктерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1172746?lang=kk
Референдум 02.03.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1172545?lang=kk
Амман қаласында Қазақстан мен Иордания арасындағы экологиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды 02.03.2026
Амман, 2026 жылғы 1 наурыз – Иордан Хашимит Корольдігінің Қоршаған орта министрлігінде Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай аталған ведомствоның басшысы Айман Абдулла Сүлейманмен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және табиғи ресурстарды орнықты басқару салаларындағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, сондай-ақ салалық халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды талқылады.Қазақстан Елшісі иордан тарапын 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген алдағы Республикалық референдум туралы хабардар етті. Референдумға Қазақстан Конституциясы жаңа редакциясының жобасы шығарылатыны атап өтілді. Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіруге және билік институттары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталғанына назар аударылды.ҚР Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсанда БҰҰ қамқорлығымен су қауіпсіздігі саласындағы жаһандық үйлестіруді нығайтуға бағытталған су ресурстары мәселелері жөніндегі мамандандырылған халықаралық құрылым құру туралы бастамасына ерекше назар аударылды.Осы тұрғыда Елші Министрге «Өңірлік экологиялық саммит - 2026» (2026 жылғы 22-24 сәуір, Астана қаласы) іс-шарасына қатысуға ресми шақыру хатын табыс етіп, аталған жиын Қазақстанның БҰҰ Су ресурстары жөніндегі мамандандырылған құрылымын құру бастамасын ілгерілетуге бағытталған халықаралық жұмыстың бір бөлігі болып табылатынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық күн тәртібі бойынша диалогты әрі қарай дамытуға және екіжақты деңгейде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1172511?lang=kk
Братиславада парламенттік дипломатия мен Қазақстанның саяси жаңғыру үдерісі талқыланды 02.03.2026
Братислава, 2026 жылғы 27 ақпан – Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Елшісі Жанна Сағынова Словакия Республикасының Ұлттық кеңесінің депутаты Михал Бартекпен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан мен Словакия арасындағы саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары қаралды. Екіжақты өзара іс-қимылдың басым бағыттары, соның ішінде парламентаралық диалогты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Мемлекетаралық қатынастарды нығайтудың тиімді құралы ретіндегі парламенттік дипломатияның рөлін атап өткен Қазақстан Елшісі Словакия парламентінде Қазақстанмен достық тобын құру жоспарларын құптап, ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесінің парламенттік ассамблеялары жұмысына қатысу аясында екі ел парламентарийлері арасында тығыз байланыстар орнатуды қолдайтынын білдірді.Дипломат сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырту басымдықтарымен таныстырды. Әңгіме барысында «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы негізінде мемлекеттік дамудың кемел кезеңіне көшу үдерісін аяқтауға бағытталған конституциялық реформаға ерекше назар аударылды.Словакиялық депутат реформаның тұжырымдамалық қағидаттарына, атап айтқанда бір палаталы Парламентке (Құрылтайға) көшу, Вице-Президент институтын енгізу және жалпыұлттық диалогтың жаңа платформасы – «Қазақстанның Халық Кеңесін» құру мәселелеріне қызығушылық танытты.Қазақстанда 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыұлттық референдум өтетіні хабарланды. Аталған құжат азаматтық қоғам өкілдерінің, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың қатысуымен ашық форматта әзірленгені атап өтілді.М. Бартек жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елдің прогрессивті мемлекет ретінде одан әрі дамуы үшін маңызды екенін жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тұрақты диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1172516?lang=kk
ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шолу 02.03.2026
enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы 2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 26 337,27 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 435,96 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 806,69 млрд теңге.  ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 94,62 млрд теңге.  ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2026 жылғы 1 ақпанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,92%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,36%, ҚРҰБ депозиттері – 2,53%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,48%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,38%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,09%, МҚҰ - 1,23%.  2026 жылғы 1 ақпандағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,33%, АҚШ долларымен – 40,66%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша 179,5 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 105,48 млрд теңге, өзге кірістер – 0,14 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы бағалы қағаздарды, шетел валютасын, активтерді нарықтық қайта бағалау, оның ішінде бағамдық қайта бағалауды ескерсек, теріс болып қалыптасты.    2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,28 трлн теңгені, осы кезеңдегі кірістілік 9,74% құрады.2026 жылғы 1 ақпандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 87,90%, РЕПО операциялары – 6,23%, ҚРҰБ депозиттері – 5,85%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,01%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 9,42 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ЖМЗЖ-ның соңғы 12 айдағы кірістілігі 10,36% құрады. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 94,62 млрд теңгеден асады.01.02.2026ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 15,71 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 25,22%, ҚР ҚМ МБҚ – 14,01%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 13,41%, РЕПО – 11,37%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,17%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,00%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,34%, МҚҰ – 4,72%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,51%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,12%. Атап кетейік, портфельдің 68,35% теңгемен, 30,52% - АҚШ долларымен, 1,13% - басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,35%."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.02.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 8,19 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 25,58%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 16,43%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,51%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,83%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,24%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,05%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,05%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 65,68%, АҚШ долларымен 34,32% тең.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,41%."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.02.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 11,71 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,39%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,73%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,23%, РЕПО – 12,93%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,86%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,46%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,50%,.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 67,76%, АҚШ долларымен 32,24%.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,17%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.02.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 5,26 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 21,61%, ҚР ЕДБ облигациялары – 19,04%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 14,24%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 9,93%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 9,62%, РЕПО – 7,34%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,29%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 2,25% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 68,31%, АҚШ долларында – 31,69% инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 16,72%.  "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.02.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 53,75 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 21,83%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,53%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,18%, МҚҰ – 11,92%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,28%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,50%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,50%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,16%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,71%.  Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 64,11%, АҚШ долларында – 35,89% инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,96%."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ИПБ қызметін Ki композиттік индекстері негізінде бағалау жүйесі енгізілді. Композиттік индекс – бұл жаһандық экономикалық тенденцияларды, сондай-ақ капитал нарығындағы жағдайларды ескере отырып, ИПБ жұмысының нәтижелерін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ұлттық және әлемдік қор нарықтарының индекстерін қамтитын бенчмарк түрі. 2026 жылдан бастап ИПБ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдауды көздейтін жаңа тәсіл негізінде жүзеге асырады. Егер зейнетақы активтерінің кірістілігі белгіленген ең төменгі деңгейден (композиттік бенчмарктан) төмен болған жағдайда, ИПБ теріс айырма сомасын меншікті капитал есебінен өтеуге тиіс. Осылайша, жеке басқарушылар жинақтардың сақталуын меншікті капиталмен қамтамасыз етуге жауапты. Айта кету керек, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі пайда болған 2021 жылдан бастап барлық басқарушы компаниялар белгіленген нормативтерді сақтады, осыған байланысты белгіленген айырмашылықты өтеу қажеттілігі туындаған жоқ.   [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1183376?lang=kk
2026 жылдың 27 ақпан күні аудандық мәслихаттың кезекті XXXIII сессиясы өтті 02.03.2026
Аудандық мәслихаттың кезекті XXXIII сессиясын мәслихат төрағасы К.Ермекбаев ашып, жүргізді. Сессия отырысына аудан әкімі Е.Ихсанов, облыстық мәслихатының депутаттары А.Агаев, Ж.Курманкулов, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпаратқұралдары өкілдері қатысты.Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы атқарған жұмыстар туралыКәсіпкерлік бөлімінің атқарылған жұмыстары мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралыБөрлі ауданының ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру туралы2025-2027 жылдарға арналған Ақбұлақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру туралы2025-2027 жылдарға арналған Бөрлі ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру туралыБөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №32-2 «2026-2030 жылдарға арналған Бөрлі ауданының даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыБөрлі аудандық мәслихатының  2022 жылғы 26 ақпандағы №6-15/234 «Бөрлі ауданы әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыБөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы №27-19 «Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың  құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыЖер комиссиясының құрамын бекіту туралыУчаскелік сайлау комиссияларына қосымша сайлау туралы Депутаттар  қаралған мәселелер бойынша шешім жобаларды қолдады. Жұмыс барысында  баяндамашыларға сұрақтар қойып, жауаптар алды.Сессия отырысы онлайн форматта көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1172469?lang=kk
Ауылды кім басқарады: Қостанай облысының ауыл әкімінің портреті 02.03.2026
Ауылдық жерлерде кім шешім қабылдайды? Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл әкімдерінің – халыққа ең жақын басқару деңгейінде жұмыс істейтіндердің портретін ұсынады.Қостанай облысында ауыл әкімдері институтын 196 ауылдық округ әкімі ұсынады. Олардың таралуы аймақтың аумақтық ерекшеліктерін көрсетеді: әкімдердің ең көп саны Қостанай ауданында (16), Әулиекөл және Қарабалық аудандарында (әрқайсысы 13) және Арқалық қаласында (13) шоғырланған. Ең аз саны Лисаковск қаласында (1).Ауыл әкімінің қазіргі заманғы портреті, ең алдымен, тәжірибелі басшы. Әкімдердің шамамен 83%-ы ер адамдар, ал шамамен 17%-ы әйелдер. Орташа жасы 45-46, бұл кәсіби тәжірибе мен жоғары өнімділік арасындағы тепе-теңдікті көрсетеді. Дегенмен, жас аралығы өте кең: 29 жастан 64 жасқа дейін.Бүгінгі таңдағы ең жас әкім (әкім) 29 жаста – ол Амангелді ауданындағы Қарасу ауылдық округінің әкімі. Ең үлкені 64 жаста – Қарабалық ауданындағы Үрнек ауылдық округінің әкімі, 2022 жылы төрт жылдық мерзімге сайланған.Дегенмен, заңда зейнеткерлік жасқа жету ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтатуға негіз емес екені анық көрсетілген.Әкімдердің шамамен 95%-ы жоғары білімді. Ең көп таралған оқу салалары – экономика және қаржы (29%), құқық (29%) және педагогика (15%). Мемлекеттік басқару және менеджмент саласын 6%, ал техникалық мамандықтарды шамамен 9% таңдады.Ауыл әкімінің мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 14 жылдан асады. Қазіргі әкімдердің жартысына жуығы үш жылдан аз уақыт қызметте болды, бұл әкімшілік корпустың жаңартылғанын көрсетеді. Сонымен қатар, тұрақты өзек сақталды: 68 әкім өз қызметтерін бес жыл немесе одан да көп уақыт атқарды, бұл басқарудағы сабақтастық пен тұрақтылықты қамтамасыз етті.Талдау көрсеткендей, ауыл әкімі лауазымы мансаптық өсудің бастапқы нүктесі ретінде сирек қызмет етеді. Басшылардың 70%-дан астамы 35 жастан кейін тағайындалады, ал үштен бір бөлігінен астамы 35 пен 45 жас аралығында. Бұл ауыл әкімі лауазымы жетілуді, басқару тәжірибесін және беделді талап ететін кәсіби өсу кезеңі екенін растайды.Әкімдердің 60%-дан астамы Қостанай облысының тумалары. Олардың аймақтағы географиялық шығу тегі бір ауданда шоғырланбай, біркелкі бөлінген. Әрбір үшінші әкім туған ауданында жұмыс істейді, бұл жергілікті ерекшеліктер мен әлеуметтік жағдайды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, кадрлардың мобильділігі қағидаты белсенді қолданылады: 60%-да әкімдер өз аудандарынан тыс жерде жұмыс істейді. Бұл тәсіл басқарушы персоналды икемді түрде қайта бөлуге және проблемалық аймақтарды нығайтуға мүмкіндік береді.Ауыл әкімдерінің көпшілігінде (84%) тәртіптік жазалар жоқ. Олар жауапкершілікке тартылған кезде жеңіл шаралар басым болады. Тұрақты оң үрдісті атап өту маңызды: соңғы үш жылда Әдеп кеңесі қараған әкімдер саны екі еседен астамға азайды.Бұл бейінді ынталандыру жүйесі толықтырады: әрбір бесінші ауыл әкімі өз аумақтарын дамытуға қосқан үлесін мойындайтын мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттарға ие болды.Сонымен қатар, әкімге кандидаттарға қойылатын талаптар және олардың мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкестігін тексеру «ҚР сайлау туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның құзыретінде.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы – Е.А. СалықбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1172474?lang=kk
Қазақстан Орнықты даму мақсаттарына бейілділігін растады 02.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған Орнықты даму саласындағы ынтымақтастық негіздемелік бағдарламасының Басқарушы комитетінің отырысы өтті.Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері, БҰҰ агенттіктері, бағдарламалары мен қорларының басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.Өз сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу мемлекеттік жоспарлау жүйесіне толық енгізілгенін және Үкіметтің тұрақты ведомствоаралық бақылауында екенін атап өтті. Оның айтуынша, елде ОДМ бойынша шамамен 200 ұлттық индикатор қолданылады, бұл прогресті жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің 6,5%-ға өскенін айтып, әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты динамикасын атап өтті.Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча елдің айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін мәлімдеді: ОДМ нысаналы көрсеткіштерінің шамамен 40%-ы орындалған немесе тұрақты іске асырылу жолында, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 18%-дан едәуір жоғары. Ол сондай-ақ жаңа Конституция жобасы бойынша жалғасып жатқан қоғамдық диалогты қоса алғанда, реформалардың дәйекті жүргізіліп жатқанын атап өтті.Өз кезегінде, ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов Мемлекет басшысы БҰҰ Қазақстан үшін халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала беретінін бірнеше рет атап өткенін айтты. Осы тұрғыда 2026-2030 жылдарға арналған Орнықты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы бірлескен жұмыстың стратегиялық бағдарын айқындайтыны және БҰҰ қолдауының ұлттық даму басымдықтарына толық сәйкес келетінін жеткізді.Д.Теменов сондай-ақ Қазақстанның бастамасымен Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығы құрылғанын еске салды. Бұл қадам даму бағытына негізделген өңірлік көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес болды.Отырыстың қорытындысы бойынша Басқарушы комитет 2025 жылғы жұмыстың нәтижелерін мақұлдап, ағымдағы жылға арналған басымдықтарды бекітті, сондай-ақ Қазақстан мен БҰҰ арасындағы Орнықты даму мақсаттарына жету үшін стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1173137?lang=kk