Enbekshi QazaQ

Әлем

«Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті 27.02.2026
Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және облыс әкімдігінің ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес аудан аумағында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.Көктем мезгілінде орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен құралдардың дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіров қатысып, практикалық шаралардың орындалу барысын бақылады.Аудандық азаматтық қорғау қызметтері мен Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы аумақтық бөлімшелерімен бірлесе ұйымдастырылған жаттығу барысында су тасқыны қаупі төнген жағдайда басқару органдарының іс-қимылы пысықталып, азаматтық қорғау қызметтерінің жедел әрекет ету тетіктері тексерілді.Сонымен қатар, су басу ықтималы жоғары аймақтардағы қорғаныс бөгеттерін нығайту және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да тексерілді.Жалпы оқу-жаттығуға арнайы техника мен жеке құрам практикалық дайындықтан өтіп, мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.Айта кетейік, «2026 жылы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында өткізілген оқу-жаттығу 25-27 ақпан күндері аралығында жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1170683?lang=kk
Тұрғындардың мәселелері тыңдалды 27.02.2026
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев бірқатар азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жұмыссыздық және өзге де өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір тұрғынның өтініші мұқият тыңдалып, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кейбір мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, орындау мерзімдері белгіленді.Диас Молдабаев көтерілген әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, айтылған өтініш пен ұсыныс бойынша жауапты басшыларға бақылауға алуын жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1170686?lang=kk
Қазақстан мен Таиланд саяси диалогты дамыту және экономикалық әрі гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын айқындады 27.02.2026
Бангкок, 2026 жылғы 26 ақпан – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиланд Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Африка істері жөніндегі департаментінің Бас директоры Ураса Монгколнавинмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін және Қазақстан мен Таиланд арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту бағыттарын талқылады. Саяси диалогты дәйекті түрде дамытуға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы әріптестікті нығайтуға өзара бейілділік расталды.Сұхбаттастар алдағы екіжақты іс-шараларға дайындық мәселелерін қарастырып, екі елдің ішкі саяси күн тәртібі бойынша ақпарат алмасты, оның ішінде Таиланд Корольдігінде өткен парламенттік сайлау және Қазақстан Республикасында жоспарланған конституциялық референдум мәселелері қозғалды.М.Баймұхан референдумды өткізудің құқықтық және институционалдық негіздерін егжей-тегжейлі баяндап, оның демократиялық институттарды одан әрі дамыту мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызын атап өтті.Қазақстандық дипломат цифрлық трансформация және инновациялық даму мәселелеріне ерекше назар аударды. Ол Алматы қаласында БҰҰ ЭСКАТО аясында Өңірлік цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі Қазақстан бастамасы туралы ақпарат беріп, оның цифрлық технологияларды ілгерілетуге, электрондық үкіметті дамытуға, цифрлық сауданы қолдауға және цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Тұрақты және инклюзивті цифрлық дамуды қамтамасыз ету үшін көпжақты құрылымдар шеңберінде күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы айтылды.Гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылау барысында тараптар мәдени және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылдың халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың негізі екенін атап өтті. Мәдени іс-шаралар, академиялық алмасулар және тиісті мекемелер арасындағы ынтымақтастықтың оң серпіні белгіленіп, мәдениет, ғылым және жоғары білім беру салаларындағы байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайындық білдірілді.Сұхбаттастар сондай-ақ көпжақты ынтымақтастық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасып, халықаралық алаңдарда сындарлы диалог пен үйлесімді іс-қимылды жалғастыруға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1170689?lang=kk
Ауа-райына байланысты ахуал талқыланды 27.02.2026
Аудан әкімі Жандос Еркінбек қолайсыз ауа-райының салдарынан туындаған жағдайға байланысты шұғыл арнайы мәжіліс өткізді. Жиын барысында электр желілеріндегі ақаулар, жол қауіпсіздігі, көктайғақтың алдын алу мәселелері жан-жақты қаралды.Мәжілісте жауапты сала басшылары атқарылып жатқан жұмыстар туралы атап өтіп, жолдарға тұз аралас құм себу және тазалық жұмыстарын күшейту бағытындағы шараларды талқылады.Аудан әкімі тиісті басшыларға бірқатар тапсырмалар беріп, жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды және коммуналдық мекемелерге күшейтілген режимде жұмыс жасауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1170690?lang=kk
Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесі Салық төлеушінің жаңа кабинеті (СӘИЖ СТК) 27.02.2026
Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 26-ақпаннан бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) келесі салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары бар екенін хабарлайды:Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00 СЕН);Акциз бойынша декларация (910.00 СЕН);Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация (710.00 СЕН).СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары ондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 2026 жылға арналған СЕН жаңа нұсқалары қол жетімді емес.Сондай-ақ, салық төлеушінің дербес салық төлеушілер болып табылмайтын құрылымдық бөлімшелері болса, жеке СЕН 200.03 құжатын беру талап етілмейтінін хабарлаймыз. Есептелген сомалар бас ұйым 200.00 СЕН ұсынатын 200.03 қосымшасы бойынша бөлімшелердің жеке шоттарында көрсетіледі.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1170708?lang=kk
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен микро және шағын бизнес субъектілері үшін салық берешегінің негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруға мүмкіндік беретін қағидалар бекітілді 27.02.2026
Құжат 2026 жылғы 13 ақпанда Әділет министрлігінде тіркелді (№37975).Бұл шара кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесін азайту және қарыздарын қосымша санкцияларсыз реттеуге мүмкіндік беру мақсатында қабылданды.Егер кәсіпкер 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салық берешегінің (негізгі қарыздың) толық сомасын 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында өтесе, онда:- толық өтеген күнге дейін есептелген өсімпұлды қоса алғанда, барлық өсімпұл есептен шығарылады;- берешегі өтелген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салынған айыппұлдар есептен шығарылады;- сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС бойынша есепке тұрмау кезеңінде жасалған айналымдар үшін салынған айыппұлдар (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмаған жағдайда) есептен шығарылуы мүмкін.Көрсетілген шараларды қолдану үшін  негізгі қарыз сомасын 2026 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей толық төлеу қажет.Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару мемлекеттік кірістер органдары жанындағы арнайы комиссиялардың дербес шоттарды тексеруі нәтижесінде жүзеге асырылады.Қабылданған Қағидалар кәсіпкерлерге бұрынғы берешектерін қосымша қаржылық шығындарсыз жабуға, қарыз жүктемесін азайтуға және алдағы уақытта санкциялар есептелу қаупінсіз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.Бұл бизнес үшін салықтық міндеттемені реттеу мен жинақталған өсімпұлдар мен айыппұлдарсыз жұмысын бастауға нақты мүмкіндік.НҚА толық мәтінімен https://zan.gov.kz/client/#!/doc/222079/kaz сілтеме арқылы танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1170717?lang=kk
Микро және шағын бизнес үшін қызметті тоқтатудың оңайлатылған тәртібі бекітілді 27.02.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» №654 бұйрығына өзгерістер енгізді.Аталған құжат Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 ақпанында №38022 тіркелді.Қабылданған өзгерістер ең алдымен микро және шағын бизнес субъектілері үшін кәсіпкерлік қызметті тоқтату рәсімдерін оңайлатуға және әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.Бұйрықта келесілер көзделді:- жекелеген санаттағы салық төлеушілер үшін қызметті тоқтатудың оңайлатылған тәртібі;- бекітілген шарттарға сәйкес келетін микро және шағын бизнес субъектілері үшін камералдық бақылауды жүргізбей қызметті аяқтау мүмкіндігі;- қызметті тоқтату туралы өтінішті берген кезде 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері бөлігінде 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған салық есептіліктері бойынша камералдық бақылауды қолданбау.Сондай-ақ тарату кезіндегі салықтық берешекті өтеу тәртібі нақтыланды. Мүлік жеткіліксіз болған жағдайда қалған берешек Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда құрылтайшылармен (қатысушылармен) өтеледі.Қабылданған шаралар бизнесті қолдауға және салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға бағытталған.Нормативтік құқықтық актінің  толық мәтінімен http://zan.gov.kz/client/#!/doc/222326/kaz сілтемесі арқылы танысуға болады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1170731?lang=kk
Үндістанда дуатлоннан өткен халықаралық жарыста әскер спортшылары қола жүлдеге ие болды. 27.02.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының командасы Үндістанда өткен халықаралық әскери-спорттық ойындарда (International Military Adventure Challenge Cup) сәтті өнер көрсетті.Бұл сайысқа Үндістан, Қазақстан, Шри-Ланка, Бразилия, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Бутан және Непал елдерінен келген 12 команда құрамында 150-ден астам спортшы қатысты.Жарыс ережесіне сай D (дуатлон) бағдарламасына қатысушылар бір күн ішінде 9 сағаттық белгіленген уақыт шегінде 80 шақырымнан астам қашықтықты бағындыруы тиіс болды.Қазақстандық спортшылар таулы жердегі 21 шақырымдық жүгіру мен таулы трассадағы 59,5 шақырымдық веложарыстан тұратын сайыстың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтті. Олар барлық кедергілерді сәтті еңсеріп, 6 сағат 46 минут 25 секунд көрсеткішімен D (дуатлон) бағдарламасында жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.Команда жетекшісі полковник Еркебұлан Түсіпханов еліміздің мұндай форматтағы жарысқа алғаш рет қатысып отырғанын атап өтті.– Команда бар күш-қуатын сарқа жұмсады. Таулы трасса айтарлықтай қиындық туғызды. Спортшылардың арасында жеңіл жарақат алғандар да болды. Соған қарамастан, біздің жігіттер бар күш-жігерін жинап, жауынгерлік мінез танытып, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді, – деді ол.Жарыс қорытындысы бойынша D (дуатлон) санатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Үндістан Әскери-әуе күштерінің командасы, екінші орынды Бутан құрамасы, үшінші орынды Қазақстан командасы иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1170661?lang=kk
✨ «Отбасы – тәрбие бесігі» атты дөңгелек үстел өтті 27.02.2026
25 ақпанда Әжелер алқасының ұйымдастыруымен көпбалалы аналардың қатысуымен отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттауға арналған мазмұнды кездесу өтті.Кездесуде:🔹 көпбалалы отбасындағы тәрбие🔹 ұлттық салт-дәстүрдің маңызы🔹 әже мен ана тәрбиесінің ерекшелігі🔹 қазіргі заман тәрбиесінің қиындықтары🔹 қыз бен ұл тәрбиесісияқты маңызды мәселелер талқыланды.Әжелер өнегелі әңгімелер айтып, батасын берді. Үш буынның бірлігі – тәрбиенің берік негізі екені атап өтілді.👵 Әжесі бар үй – қазыналы үй.🤱 Анасы бар үй – мейірімді үй.👶 Баласы бар үй – берекелі үй.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1170620?lang=kk
Бүгін О.Бөкей атындағы орта мектебі және Қ.Ысқақ атындағы орта мектебінің ұжымдарымен референдум тақырыбында пікір алмасу кездесуі өтті. 27.02.2026
Кездесу барысында алдағы референдумның маңызы, оның ел дамуына ықпалы және әр азаматтың жауапкершілігі жан-жақты талқыланды. Ұстаздар қауымы өз ой-пікірлерін білдіріп, ашық әрі мазмұнды диалог өрбіді.Референдум – халық үнінің айқын көрінісі әрі ел болашағына ортақ жауапкершілік жүктейтін маңызды қадам🇰🇿Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1170621?lang=kk
Бүгін аудан әкімі Данияр Дүйсембаевтың жеке қабылдауында Нурекенова Лазат Шаяхметовна болды. 27.02.2026
Қабылдау барысында азаматтың жеке мәселесі көтерілді. Мәселе жан-жақты тыңдалып, азаматтың өтініші бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.Тиісті сала басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мәселені қарау және белгіленген тәртіппен шешу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1170619?lang=kk
Newsletter Kazakhstan - 26.02.2026 27.02.2026
Link - Newsletter - 26.02.2026Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1170632?lang=kk
Казахстан мен Словения протоколдық үйлестіруді күшейтуде 27.02.2026
Любляна, 2026 жылғы 26 ақпан – Словения СЕІМ‑нің Дипломатиялық протокол басшысы, Елші Наташа Прахпен кездесуде Қазақстанның Словениядағы Елшісі А.Әбибуллаев екіжақты қатынастардың жоғары қарқынын және олардың дәйекті дамуын, соның ішінде Словенияның Қазақстандағы жаңа Елшісін Люблянада резиденциясымен тағайындау жоспарын да талқылады.Елші 2027 жылы Қазақстан мен Словения арасындағы дипломатиялық қатынастардың 35 жылдығына орай жоспарланған бірлескен іс‑шаралар, сондай‑ақ Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытудағы жетістіктері мен жоспарлары туралы ақпарат берді. Бұл тұрғыда Люблянада өтетін «AI Digital Bridge» қазақстан‑словен бизнес форумының маңыздылығы атап өтілді.Кездесу барысында тараптар дипломатиялық және визалық‑аккредитациялық рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасып, практикалық өзара іс‑қимылдың бірқатар аспектілері бойынша келісімге келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1170602?lang=kk
Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады 27.02.2026
Лондон, 2026 жылғы 26 ақпан – Құрама Корольдікке сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Иветт Купермен екіжақты кездесу өткізді.Е.Көшербаев «Орталық Азия – Ұлыбритания» форматындағы алғашқы министрлік кездесуін өткізу бастамасы үшін британ Үкіметіне алғысын білдіріп, оның өзектілігі мен іс жүзіндегі бағыттылығын атап өтті.Кездесу барысында тараптар қазақ-британ қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ сауда және инвестициялар, маңызды минералдар, көлік және логистика, қаржы, цифрландыру, білім беру және климаттық күн тәртібі салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.2024 жылы қол қойылған Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің маңыздылығы аталып өтіп, оны ратификациялау өзара іс-қимылды кең ауқымды бағыттар бойынша тереңдетуге қосымша мүмкіндіктер беретіндігі көрсетілді.«Биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 34 жыл толуын атап өтуде. Осы кезең ішінде Астана мен Лондон белсенді саяси диалог орнатып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтіп, халықтар арасындағы байланыстарды нығайтты. Ұлыбритания Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі болып қала береді және біз стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілдіміз», – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.Маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Қол қойылған 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасының өзара іс-қимылға қолданбалы сипат беріп, геологиялық барлау, өңдеу және заманауи технологияларды енгізу салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік ашатыны атап көрсетілді.Тараптар Еуразиялық байланысты нығайтудың және жаһандық логистикалық тізбектердің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту перспективаларын талқылады.Білім және ғылым саласында академиялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара қызығушылық расталды. Соңғы жылдары Қазақстанда «De Montfort University», «Heriot-Watt University», «Coventry University» және «Cardiff University» жетекші британ университеттерінің филиалдары ашылды. Бұл өзара іс-қимылдың неғұрлым терең институционалдық модельге көшуін және экономика мен инновациялардың ұзақ мерзімді дамуы үшін берік негіз қалыптастырылғанын айғақтайды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға назар аударылғанын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1171634?lang=kk
Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде 27.02.2026
Лондон, 2026 жылғы 26 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Лондонға сапары аясында Ұлыбританияның Бизнес және сауда министрінің міндетін атқарушы, сондай-ақ Қазақстан-Ұлыбритания сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Крис Брайантпен кездесуі өтті.«Қазақстан-Ұлыбритания үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы ретінде Сіз көп жоспарлы серіктестікті ілгерілетуде маңызды рөл атқарасыз. Біз осы тетіктің көмегімен бұдан арғы іс жүзіндегі нәтижелерге жете аламыз деп санаймыз. Аса маңызды қазбалар, ядролық энергетика, цифрлық трансформация және жасанды интеллект секілді басым секторлардағы инновациялық серіктестікті кеңейте отырып, біздің елдер ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастыққа негіз қалай алады», – деп сұхбат барысында Е.Көшербаев хабарлады.Сұхбат барысында тараптар саяси диалогтың оң серпіні мен екіжақты сауда көлемінің айтарлықтай өскенін атап өтті. Өткен жылы өзара сауда айналымы 1,6 млрд АҚШ долларына жетіп, 84 пайызға ұлғайған. Ұлыбританияның инвестициялық белсенділігіне ерекше назар аударылды: бүгінде Қазақстанда британ капиталының қатысуымен 500-ден астам компания табысты жұмыс істеп келеді. Олар маңызды минералдар, жасыл энергетика, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект сияқты басым салаларда жобаларды іске асыруда.     Энергетика саласында тараптар Қазақстан мұнайының Еуропаға тұрақты жеткізілуін және британ компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.Е.Көшербаев маңызды минералдар секторын дамытудың стратегиялық маңызына ерекше тоқталып, «Rio Tinto» және «Maritime House» компанияларымен бірлескен табысты жобаларды атап өтті. Қол қойылған Маңызды минералдар жөніндегі жол картасы шеңберінде сирек жер элементтерін өндіру және қайта өңдеу бағытындағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.Өткен жылы жарияланған Ұлыбританияның маңызды минералдар жөніндегі стратегиясына айрықша назар аударылды, онда Қазақстан тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың үлгісі ретінде көрсетілген. Ұлыбритания стратегиялық маңызы бар деп айқындаған 36 минералдың 22-сі бүгінде Қазақстанда өндіріледі. Олардың қатарында уран, титан, кремний және рений бар. Бұл еліміздің тұрақты әрі сенімді жеткізу тізбегін қамтамасыз етудегі маңызды серіктес ретіндегі рөлін растайды.Сұхбаттастар қазіргі таңда бұл саладағы ынтымақтастық нақты жобалар кезеңіне өтті деген пікірге келді. Басымдық қосылған құн қалыптастыруға, яғни қайта өңдеу және тазарту өндірістерін дамытуға, ілеспе компоненттерді бөліп алуға, тиісті сервистік қызметтер ұсынуға, заманауи қайта өңдеу қуаттарын құру мен жобаларды қаржылық сүйемелдеудің ашық тетіктерін енгізуге бағытталған.Келіссөздердің жекелеген бөлігі білім беру саласындағы бастамаларға арналды. Атап айтқанда, Алматы қаласында «Coventry University» жаңа кампусының ашылуы және «Heriot-Watt University» қызметін кеңейту жоспарлары талқыланды. Е.Көшербаев қос диплом бағдарламаларының, академиялық ұтқырлық пен тағылымдамалардың жүзеге асырылып жатқанын, сондай-ақ қазақ тілінің алғашқы Оксфорд сөздігінің жарық көруін және «Oxford University»-де қазақ тілі курстарының іске қосылғанын атап өтті.Тараптар цифрлық және технологиялық серіктестіктің перспективаларын, оның ішінде «OneWeb» компаниясымен өзара іс-қимылды және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады. Сондай-ақ ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға британ сарапшылары мен компанияларының белсенді қатысып отырғаны аталып өтті.Кездесу қорытындысында К.Брайант Ұлыбританияның Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге, негізгі жобаларды іске асыруға және экономика, ғылым мен технология салаларында нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін үкіметаралық диалогты кеңейтуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1171640?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Орталық Азия – Ұлыбритания» форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты 26.02.2026
Лондон, 2026 жылғы 26 ақпан – Ұлыбритания тарапының шақыруымен Лондонға келген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «Орталық Азия + Ұлыбритания» (CA5+UK) форматы аясында Орталық Азия мемлекеттері мен Ұлыбритания сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысты.Тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде экономикалық өсу мүмкіндіктерін, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді, өңірлік өзара байланыстылықты нығайту және халықаралық көлік дәліздерін дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты талқылады.Өз сөзінде Е.Көшербаев өңір мен Ұлыбритания арасындағы прагматикалық, өзара тиімді стратегиялық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, оның барлық қатысушы елдердің орнықты экономикалық дамуына ықпал ететінін жеткізді.           «Қазақстан өңірлік байланыстылықты қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарады. Біздің аумақ арқылы 13 ірі транзиттік дәліз өтеді, ал Еуропа мен Азия арасындағы құрлық арқылы жүк тасымалының шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы жүзеге асырылады. Дәл осы стратегиялық маңыздылық «CA5+UK» форматының өзегін құрайды. Оның шеңберінде біз Ұлыбританияны ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастырамыз және экономикаларымыздың, қоғамдарымыздың және ортақ болашағымыздың игілігі үшін іс жүзіндегі нәтижелерді қамтамасыз етуге дайынбыз», – деп атап өтті Е.Көшербаев.Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Иветт Купер өз сөзінде Орталық Азияның орнықты экономикалық өсуімен, өңірлік ынтымақтастықтың артуымен және халықаралық үдерістердегі рөлінің күшеюімен ерекшеленетін серпінді дамып келе жатқан өңір ретіндегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ өңір елдерінің өзара іс-қимылға прагматикалық тұрғыдан келіп, өзара байланыстылықты нығайтып, экономикалық және саяси ынтымақтастықтың заманауи архитектурасын қалыптастыруға қатысуын дәйекті кеңейтіп жатқанын айтты.Талқылаулар барысында Орталық Азияның ресурстық және транзиттік әлеуетін Ұлыбританияның қаржы, реттеушілік стандарттар, технологиялар және білім беру салаларындағы артықшылықтарымен ұштастыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері «CA5+UK» Ұлыбритания мен Орталық Азия елдерінің арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды форматы деп жоғары бағалады. Бұл формат құрылымдалған және нәтижеге бағдарланған диалогты дамыту үшін маңызды алаң ретінде атап өтілді. Ол Орталық Азия елдерінің ортақ мүдделерін ескере отырып, өңірлік күн тәртібін кешенді қарастыруға, сондай-ақ экономикалық бастамаларды ілгерілету және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1171627?lang=kk
Шымкенттік адвокаттар жаңа Конституция нормаларын талқылады 26.02.2026
Шымкент қалалық адвокаттар алқасында еліміздің жаңа Конституциясына енгізілген нормалар жан-жақты түсіндірілді. Басқосуға Ата заңдағы өзгерістермен тікелей жұмыс істейтін заңгерлер мен құқық саласының өкілдері қатысты.Жиында Мемлекет басшысы бастамасымен еліміз жаңа тарихи кезеңге қадам басқаны айтылды. Қатысушылардың пікірінше, жаңа Конституция саяси, құқықтық және қоғамдық дамудың жаңа бағыттарын айқындап отыр.Адвокаттар атап өткендей, ауқымды өзгерістер – қоғамның ұзақ жылдар бойы қалыптасқан сұранысының және уақыт талабына берілген заңды жауап. Жаңа құжат «Күшті қоғам – Әділетті мемлекет» қағидатын алға шығарып, Парламенттің рөлін күшейтуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауды көздейді.Талқылау барысында Конституцияның ел болашағын айқындайтын басты құқықтық негіз екені ерекше аталды. Сонымен қатар жаңа Парламент – Құрылтайдың өкілеттіктері қарастырылды. Заң шығарушы орган 145 депутаттан тұрады және олар пропорционалды сайлау жүйесі арқылы 5 жыл мерзімге сайланады.Сонымен бірге жаңа жалпыұлттық диалог алаңы – Қазақстан Халық Кеңесінің құрылатыны хабарланды. Бұл орган Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырып, заңнамалық бастама құқығына ие жоғары консультативтік орган болып табылады.Жаңа Конституцияға сәйкес, Вице-президент институты енгізіледі. Ол Президент атынан қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен, сондай-ақ шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.Бұдан бөлек, Конституцияда алғаш рет адвокаттық қызмет пен адвокатураға арналған жеке бап бекітілген.Жиын қорытындысында қатысушылар құқықтық реформалардың табысты жүзеге асуы кәсіби қауымдастықтың белсенділігіне тікелей байланысты екенін атап өтіп, жаңа құжатқа қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
«Astana Finance Days 2026» форумының өтетін күндері белгілі болды 26.02.2026
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Astana Finance Days (AFD) 2026: Delivering Impact. Capital in Action  форумының өтетін күндерін жариялады – іс-шара 2026 жылдың 9-10 қыркүйегінде Астанада өтеді. Форум банкирлерді, брокерлерді, инвесторларды, қаржы және технологиялық секторлардың, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік институттардың өкілдерін қоса алғанда, нарықтың кәсіби қатысушыларын біріктіреді.2018 жылы алғаш өткізілген сәттен бастап Astana Finance Days өзін инвестициялар тарту, капитал нарықтарын нығайту және Қазақстанда жаңа бизнес-мүмкіндіктерді қалыптастыру үшін қаржы индустриясы көшбасшыларын бір алаңға жинайтын Еуразия аймағының негізгі қаржы форумы ретінде танытты.Форумға қатысушылар әрдайым оның практикалық құндылығын атап көрсетіп келеді: алаң жаңа жобаларға, мәмілелерге және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктерге айналатын өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік береді. Мұнда бизнес өзіне серіктестер таба алады, қаржылық күн тәртібіндегі мәселелер шешіледі, ал қатысушылар саны жыл сайын артып келеді.2025 жылы форум әлемнің 82 елінен 5 500-ден астам қатысушыны, соның ішінде жиынтық көлемі $1,5 трлн құрайтын активтерді басқарушыларды жинады. Бағдарлама 160 спикерді, 40-тан астам іскерлік іс-шараны, Astana International Exchange биржасындағы төрт жаңа листингті және жеті келісімге қол қоюды қамтыды. AFD 2025 спикерлерінің қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, қазақстандық және халықаралық банктер мен инвестициялық компаниялардың топ-менеджерлері, активтерді басқарушылар, реттеушілер, финтех-кәсіпкерлер және жаһандық қаржы нарығының пікір көшбасшылары, соның ішінде танымал футуролог, кәсіпкер және әлемдік бестселлерлердің авторы Бретт Кинг болды.AFD 2026 бұл динамиканы практикалық шешімдерді әзірлеуге бағытталған терең талқылау форматында жалғастырады. Форум қатысушыларына жаһандық үрдістерді талдау, жаңа бизнес пен инвестициялық бағыттарды іздеу, қаржылық қызметтердің кәсіби көрмесін тамашалау, сондай-ақ инвесторлармен, топ-менеджерлермен және сала көшбасшыларымен іскерлік байланыстар орнату үшін мүмкіндіктер ашылады.AFD 2026 басты тақырыптарының қатарында – капитал нарықтары және инвестициялық өнімдер; сенім инфрақұрылымы: реттеу, құқықтық орта және нарықтардың тұрақтылығы; институционалдық ауқымдағы инновациялар; экономиканың нақты секторын қаржыландыру; капитал нарықтарындағы өңірлік және трансшекаралық ынтымақтастық.АХҚО экожүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтарына жеке назар аударылмақ. Форум аясында компаниялардың өсу тарихынан бастап капиталды табысты тартуға және халықаралық нарықтарға шығуға дейінгі Орталықтың юрисдикциясында бизнесті дамыту кейстері ұсынылатын болады.Форумның тағы бір маңызды тұсы AFD Exhibition болады – бұл қатысушылар өз шешімдері мен жұмыс нәтижелерін көрсететін көрме платформасы.  Компаниялар үшін бұл нарықтағы позицияны нығайту және стратегиялық серіктестермен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі.Форум дәстүрлі түрде серіктестер мен демеушілердің қолдауы арқасында өткізіледі. 2025 жылы Freedom Broker, Solidcore Resources, ITS, MYD Production, LMAX Group, Teniz Capital Investment Banking, Allur, Binance, Mastercard және т.б. серіктестердің рөлін атқарған еді.  AFD 2026-ға демеушілер ретінде қатысуға нарықтағы позицияларды нығайтуды және қаржы саласының көшбасшыларымен стратегиялық серіктестіктер құруын көздейтін компаниялар шақырылады. Сондай-ақ компанияларды AFD Exhibition-ге қатысуға шақырамыз.Қатысушыларды тіркеу және іс-шараның егжей-тегжейлі бағдарламасы форумның astanafindays.org ресми сайтында қолжетімді болады. Форумға қатысты жалпы сұрақтар бойынша afd@aifc.kz, серіктестік мәселелері бойынша partnership@aifc.kz электронды мекенжайға хабарласыңыздар. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. АХҚО ресми веб-сайты: www.aifc.kzАХҚО баспасөз қызметіАйнұр Исабаева, баспасөз хатшысыE-mail: pr@aifc.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/news/details/1170577?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ 26.02.2026
Шымкент қаласында Бельгия Корольдігінің Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа дипломатиялық өкілдік Шымкент қаласында, сондай-ақ, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қызмет көрсететін болады.Іс-шараға Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эрик Де Майер, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, дипломатиялық корпустың және іскерлік ортаның өкілдері қатысты.Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген қала әкімі Құрметті консулдықтың ашылуы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды қадам екенін атап өтті. Шымкент Қазақстандағы үш ірі мегаполистің бірі ретінде өнеркәсіптік, инвестициялық және логистикалық әлеуетке ие екеніне, бұл бірлескен жобаларды жүзеге асыруға кең мүмкіндік беретініне тоқталып өтті.Мегаполис басшысы Еуропа мемлекеттерімен серіктестікті дамыту халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін жеткізді. Сондай-ақ, консулдық қызметі сауда-экономикалық байланыстарға серпін беріп, инвестициялар тартуға және іскерлік қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
АКАДЕМИЯ ҰЖЫМЫНА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МӘН-МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ 26.02.2026
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жаңа Конституцияны қабылдауға арналған жалпыхалықтық референдумға байланысты түсіндіру жиыны өтті. Кездесуге Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары, фракция мүшелері Бөкейхан Әбішев және Бақытжан Позилов қатысып, студенттер мен оқытушылар құрамымен ашық пікір алмасты.Жиын барысында депутаттар жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызын жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ білім мен ғылымды дамытуға басымдық беру мәселелері кеңінен талқыланды.Бөкейхан Әбішев өз сөзінде жаңа Конституцияның ел дамуының стратегиялық бағдарын айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтті.– Бұл референдум – жай ғана дауыс беру науқаны емес, ел дамуының алдағы кезеңін айқындайтын тарихи қадам. Ұсынылып отырған өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған, – деді депутат.Өз кезегінде Бақытжан Позилов жастардың азаматтық белсенділігіне ерекше назар аударды.– Бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман. Конституцияда білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде белгіленуі – болашаққа жасалған нақты инвестиция. Әсіресе, медицина саласы үшін ғылымның дамуы аса маңызды. Сондықтан жастардың бұл үдеріске бейжай қарамауы қажет, – деді ол.Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, референдумның құқықтық тәртібі, ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны мен олардың қоғам өміріне ықпалы жөнінде пікір алмасу болды. Депутаттар әр сауалға нақты жауап беріп, референдумның маңызын түсіндірді.Жиын соңында қатысушылар 15 наурыз күні өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, жаңа Конституцияға қолдайтындарын жеткізді.