Enbekshi QazaQ

Әлем

Қарулы күштердің 7000-нан астам әскери қызметшісі су тасқынына қарсы тұруға сақадай сай 18.05.2025
Қорғаныс министрлігі бірінші нұсқаумен су тасқынына қарсы күреске ұдайы дайын тұрған 7 мың әскери қызметші мен 500 бірлік техника бөлуге әзір.Қажет болған жағдайда әскери-көліктік авиацияның тікұшақтары мен ұшақтары, барлау жүргізуге арналған ҰҰА, ойлы-қырлы жерлермен жүретін техника, понтондық көпірлер, жүзетін транспортерлер және дезинфекция жүргізуге арналған арнайы техника жұмылдырылатын болады.Өткен жылғы тәжірибені ескерсек, қорғаныс ведомствосы Төтенше жағдайлар министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да қызметтермен алдын ала өзара іс-қимыл жасап, ақпарат алмасуды ұйымдастырды.Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарындағы аумақтық қорғаныс бригадаларының жеке құрамы су тасқынының алдын алу іс-шараларына жұмылдырылды.Солтүстік Қазақстан облысында 99275 әскери бөлімінің жауынгерлері Подгара және Тепличный елді мекендеріндегі көктемгі су тасқыны қаупін азайту мақсатында бөгеттерді күшейтуге атсалысуда. 14 наурыздан бастап олар 1500 қап құм дайындады.– Біздің барлық жұмысымыз атқарушы органдармен және жергілікті қызметтермен келісіледі. Ауылдар мен инфрақұрылым нысандарын қорғау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Біз су тасқынына тосқауыл қою үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді 99275 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Қуанышбай Әбдіқайымов.Ал, Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауылындағы үйлерді су басу қаупіне байланысты 99250 әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Дерқұл өзенінің жағасында жауынгерлер 300 қап құм дайындап, төседі.Ақтөбе қаласындағы алдын алу шараларына Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 140 курсанты мен 30238 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі 400 сарбазы қосылды. Олар қардың тез еруі және жауын-шашын кезінде ағыстың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін су арналары мен арықтарды тазартумен айналысуда. Қар тазалау жұмыстарына арнайы техника жұмылдырылған.Қостанай облысы әкімдігінің сұрауы бойынша 99260 әскери бөлімінің әскери қызметшілері су басу қаупі бар деген Арқалық қаласына жіберілді.Қорғаныс ведомствосы жеке құрам мен техниканы қауіпті аймақтарға жіберу және ол жерге орналастыру алгоритмдерін нақтылап қойды. Жағдай ушыққан жағдайда өзен жағалауларын нығайту үшін қосымша 1000 жауынгер, 130 бірлік техника және су тасқынына қарсы габиондар бөлінетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/957599
Шаңырақ күні Ақтөбе периниталдық орталығында жаңа туған нәрестелерге бесіктер таратылды 18.05.2025
Шаңырақ күні жалпыұлттық Наурызнаманың онкүндігі аясында атап өтілді. Мереке отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Бұл күні облыстық перинаталдық орталықта «Бесік тарту» атты ерекше іс-шара өтті, онда он жаңа туған нәрестелерге ұлттық өрнектермен бедерленген бесіктер тарту етілді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев мереке қарсаңында нәрестелі болған аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Бүгін біз жылулыққа, қамқорлыққа және ежелгі дәстүрлерімізге құрметпен қарайтын ерекше күнді атап өтудеміз. «Бесік тарту» акциясы арқылы сәбиге қамқорлық жасап, оның денсаулығы мен әл-ауқатына ерекше маңыз беретін ұлттық құндылықтардың бірін жандандырдық десек артық етпес.Мемлекет басшысы өз сөзінде дәстүрлерімізді сақтау мен дамытудың, отбасылық құндылықтарды нығайтудың және ана мен баланы қолдаудың маңыздылығын үнемі алға тартады. Соның негізінде өмірде өз жолын енді ғана бастаған – жаңа туған нәрестелер мен олардың аналары басты назарда. Бесік - бұл жай ғана құрал емес, әр үйдегі, әр отбасындағы бейбітшілік, жайлылық пен амандықтың символы іспеттес. Балаларыңыз сау, бақытты және сүйіспеншілікке бөленіп өссін. Үйлеріңізден сәбидің күлкісі кетпесін, ал дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін», - деді Ерлан Сұлтангереев.Облыс бойынша Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Саида Сәдуақасова мен айтыскер ақын Жұлдыз Қожабекова да аналарға деген өз ізгі тілектерін жеткізді. Олар «Бесікке салу» дәстүрінің жай ғана салт емес, баланың денсаулығы мен ананың жан тыныштығына деген қамқорлықтың көрінісі екенін тілге тиек етті. Айта кету керек, облыста наурыздың 15-нен 16-сына қараған түні он бес бала дүниеге келді. Сәбилер мен аналардың денсаулығы қалыпты. Бақытты аналардың арасында 28 жастағы Айсара Қарамырза бар. Ол 16 наурызда таңғы сағат бесте үшінші сәбиін дүниеге әкелді.«Менің ұлым мен қызым бар, ал бүгін тағы бір батырдың анасы атандым. Екі үлкенім де бесікте өсті, өз басым оны дұрыс деп есептеймін. Бесікте жату сәби үшін өте ыңғайлы және жылы. Мұндай құнды сыйлық үшін алғысым шексіз», - деп қуанышымен бөлісті ол. Жас ана Інжу Жолдыбайқызы тұңғыш қызы Сафураны дүниеге әкелді. «Дәрігерлер мен акушерлерге рахмет, бәрі ойдағыдай өтті. Менің бірінші нәрестемнің дүниеге келуіне орай осындай сыйлық алу өте тамаша. Бұл қамқорлық пен қолдаудың көрінісі, мен бұл әдемі дәстүрдің біздің отбасымызда жалғасатынына қуаныштымын», - деді Інжу.Құттықтаулардан бөлек, жас аналарға денсаулық пен тәрбие тұрғысынан ежелгі дәстүрлердің пайдасы туралы кеңірек айтылды. Ұйымдастырушылар «Бесік тарту» халықтың бірлігін, жылуы мен қамқорлығын насихаттайтын игі дәстүрге айналатынына сенім білдірді. Шаңырақ күні мерекесі отбасы құндылықтарын, ата-баба мұрасын құрметтеуді және дәстүрлерге ұқыпты қараудың маңыздылығын тағы бір еске салды. Өйткені, берік шаңырақ - болашақ ұрпақ үшін мықты іргетас.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/957733
Қазақстан мен Ресей су тасқынына дайындық аясында трансшекаралық өзендер бойынша күн сайын ақпарат алмасады 18.05.2025
Су тасқынына дайындық аясында Қазақстан мен Ресей екі ел арасындағы барлық трансшекаралық өзендер бойынша күнделікті ақпарат алмаса бастады. Деректермен алмасу су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін жалғасады.Жыл басынан бері су тасқыны кезеңіндегі өзара іс-қимыл жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобының екі отырысы өтті. Кездесуде тараптар су қоймаларының белгіленген және жоспарланған жұмыс режимдері туралы дерек алмасты, сондай-ақ су қоймаларына су ағыны және трансшекаралық өзендердегі күтілетін су деңгейі бойынша болжамдармен бөлісті.«Қазіргі уақытта Қазақстанның өзендері мен су қоймаларындағы су деңгейіне тұрақты бақылау жүргізілуде, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Су қоймаларында тасқын суды қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін бос сыйымдылықтар қамтамасыз етіледі. Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетін Ертіс пен Жайықты қоса алғанда 240 шақырым өзен арнасы тазартылды», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/959147
Қазақстан мен Қытай бірлесіп қандай көлік саласындағы жобаларды қолға алды – салалық ведомствоның мәліметі 18.05.2025
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Бейжіңде өтетін Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 12-отырысы қарсаңында 16-17 наурыз күндері Көлік министрі Марат Қарабаев Қытайдың жетекші компанияларымен бірқатар келіссөз жүргізді.1.Авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтсақ, «CAMC Engineering» компаниясының президенті Ли Хайсинмен Қытайдан Орталық Азия мен Еуропа елдеріне жүк транзитін қамтамасыз ететін әуехаб құру мәселесі талқыланды. Тараптар бұл бастаманы ведомствоаралық деңгейде одан әрі пысықтауға келісті.2.Тачэн округі партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэймен кездесуде шекара инфрақұрылымын тексеріп, оның өткізу әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен қадамдар жасауға келісті. Сондай-ақ, Қытай тарапы аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.3.«Chinacai Finance Investment Co., Ltd.» компаниясының басқарушы серіктесі Линь Цзяньцзюньмен бірге құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестиция тарту арқылы технологиялық және логистикалық парк салу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, тараптар Бақты шекара бекетінде заманауи уақытша сақтау қоймасын ашуға ортақ қызығушылық танытты.4.Қазақстанда арнайы техника өндірісін жергілікті деңгейде дамыту мәселесі бойынша XCMG компаниясының вице-президенті Лю Цзяньсэнмен келіссөз жүргізілді. Тараптар еліміздегі жол-құрылыс техникасына деген сұраныстың артуына байланысты бірлескен өндіріс құру мәселесін қарастырып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.5.China Henan Airlines компаниясының бас директорының орынбасары Цяо Чангенмен Түркістан қаласының әуежайын дамыту жобасын бірге іске асыру жайы талқыланды. Жобаға Түркістан облысы әкімдігі де қатысады.6.China Silk Road Fund қорының бас директоры Цай Сюэсюньмен өткен кездесуде Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасына шетелдік инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Инвесторлардың қызығушылығы автожолдарды қайта жаңарту, теміржол желілерін кеңейту, порт инфрақұрылымын дамыту және басқа да стратегиялық жобаларға бағытталмақ. Қаржы институты өңірлік және халықаралық сауданы ілгерілетуге арналған жобаларға қаржы құюға дайын екенін білдірді.7.«SP Qingdao Port Group» директорлар кеңесінің мүшесі Чжан Баохуамен өткен кездесуде Қазақстандық порттарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Тараптар порттардың инфрақұрылымын жаңғырту, өткізу қабілетін арттыру және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жайын сөз етті. Сондай-ақ, порттарды дамытуға заманауи технологияларды енгізу және логистикалық процестерді тиімді ұйымдастыру арқылы олардың жұмысын жақсарту мәселелерін қарады.8.China Communications Construction Company төрағасы Ван Тунчжоумен келіссөздер барысында Қазақстанда теміржолдар салу және порт инфрақұрылымын дамыту мәселелері қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/959796
Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi-zhambyl/press/news/details/964667?lang=kk
тест почта каз 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/test/press/news/details/969784?lang=kk
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райы өзгерістерін бақылап, сақ болуға шақырады. Желдің күшеюі кезінде тұрғындарға келесі қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет: ‼️электр желісін шамадан тыс артық жүктемеңіздер; ‼️мүмкіндігінше далаға шықпай, ғимарат ішінде болыңыздар; ‼️балаларды ерекше бақылауға алып, оларды қараусыз қалдырмаңыздар; ‼️егер далада қатты желге тап болсаңыз, жақын маңдағы подъезде немесе дүкенді паналаңыздар; ‼️қатты жел кезінде үйлердің қабырғаларының жанына жақындауға болмайды, себебі шатырдан шифер және басқа да төбе материалдары құлауы мүмкін; ‼️қоғамдық көлік аялдамаларында, жарнама тақталарының астында, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды; ‼️қатты жел кезінде электр желілері астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өлімге әкелуі мүмкін; ‼️жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады; ✅ Сақ болыңыздар және құтқару қызметінің бірегей телефоны – «112»-ні ұмытпаңыздар. 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-akbulak/press/news/details/970014?lang=kk
тест почта новый каз 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/test/press/news/details/970220?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ МЕН МИГРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН КАРТА 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka/press/news/details/970285?lang=kk
Қарағанды облысының әлеуметтік - экономикалық дамыту және инвестициялық жобаларын іске асыру 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-balkantau/press/news/details/972319?lang=kk
Халықпен жұмыс. 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-aleshin/press/news/details/972477?lang=kk
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ШҚО-ҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ 18.05.2025
Бүгін Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен келді. Сапар аясындағы алғашқы нысан — биыл 90 жылдық мерейтойын атап өтетін Өскемен жоғары медициналық колледжі болды.Өз тарихында бұл колледж 55 мыңнан астам орта буын медицина мамандарын дайындап, еліміздің денсаулық сақтау саласына зор үлес қосты. Қазіргі таңда оқу орнында 2 390 студент алты мамандық бойынша білім алуда: мейіргер ісі, емдеу ісі, акушерлік іс, фармация, зертханалық диагностика және стоматология.2023 жылы колледж студенттері үшін 460 орындық екі жаңа жатақхана салынды. Бұл оқушылардың білім алу және тұру жағдайларын айтарлықтай жақсартты. Студенттер өндірістік тәжірибені облыстағы медициналық мекемелерде өтуде, бұл өз кезегінде олардың кәсіби даярлығы мен жұмыспен қамтылуына оң әсер етуде.Министр оқытушылармен және студенттермен кездесіп, орта медициналық қызметкерлердің беделін арттыру, білім беру бағдарламаларын жаңғырту және жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын талқылады. Бұл мәселелер Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған жағдайда ерекше мәнге ие.«Сіздердің өмір жолдарыңыз енді басталды. Осы кезеңде сапалы білім алуға, мықты негіз қалыптастыруға барынша көңіл бөлу аса маңызды. Бұл – болашақ кәсіби табыстарыңыздың іргетасы», – деді Ақмарал Әлназарова студенттерге сәттілік тілей отырып.Сапар барысында министр №2 қалалық емханасында болып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің ұйымдастырылуымен танысты, жалпы практика дәрігерлерінің кабинеттерін аралап, медицина қызметкерлерімен тілдесті. Министр алғашқы көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталды.Жұмыс сапары Өскемен қаласындағы ірі инфрақұрылымдық нысан — болашақ Гематология орталығының құрылыс алаңында аяқталды. Жаңа заманауи кешен бірнеше мамандандырылған корпустардан тұрады және қан мен жүрек-қан тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеуді қамтамасыз етеді. Министр Ақмарал Әлназарова мен ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов құрылыс алаңында жобаның іске асырылу барысын талқылады.«Министрлік тарапынан барлық міндеттемелер орындалды — қажетті қаржыландыру қамтамасыз етілді, қаражат бөлінді. Ендігі міндет – мердігер ұйымның жұмысты уақытылы әрі сапалы аяқтауы. Бұл жобаның жүзеге асуы өңірде ғана емес, еліміз бойынша да мамандандырылған медициналық көмектің аясын кеңейтеді», — деді министр.Жоба Денсаулық сақтау министрлігі мен ШҚО әкімдігінің ерекше бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/974036?lang=kk
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл 18.05.2025
М. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Абай мұрасы – ұлт байлығы» атты әдеби сағат өтті.Іс-шараға департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің мамандары қатысты.Іс-шараны ашқан кітапханашы Абай Құнанбаев қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, халық мәдениеті мен тарихындағы маңызды тұлғалардың бірі екенін атап өтті. Оның терең философиялық мазмұнға толы шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа баға жетпес рухани мұра ретінде беріледі. Әдеби сағатқа қатысушылар ұлы ойшылдың өмірбаянымен танысып, оның шығармашылық мұрасын жан-жақты зерттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/979302?lang=kk
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫ 18.05.2025
📍 14–16 сәуір, 2025 жыл – Орал қаласыОрал қаласында 14 сәуірден бастап Қазақ күресінен 2005–2007 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Ауқымды бәсекеге еліміздің барлық 17 облысынан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан жалпы саны 468 спортшы қатысуда. Сонымен қатар, чемпионатқа 20 жаттықтырушы, 30 төреші және 20 ресми өкіл келіп отыр.Қатысушы аймақтар:Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарыжәне Астана, Алматы, Шымкент қалаларыСалмақ дәрежелері:Ұлдар: -55, -60, -66, -72, -78, -84, -90, -100, +100 кг, «Түйе балуан»Қыздар: -44, -48, -52, -56, -60, -65, -70, +70 кг Ашылу салтанаты14 сәуір күні жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, ҚР Қазақ күресі федерациясы Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов қатысып, чемпионатқа қатысушы жас балуандарға сәттілік тіледі.Сонымен қатар, ұлттық спортымыз – қазақ күресін кеңінен насихаттау мақсатында Орал қаласына республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келіп, ақпараттық қолдау көрсетті. Атап айтқанда, бұл қатарда «Астана» телеарнасы, «Qazsport»  телеарнасы, «Информбюро» ақпараттық қызметі және басқа да БАҚ өкілдері бар.Сонымен бірге, Кувейт мемлекетінен келген «Al-Jarida» ақпараттық агенттігінің онлайн платформасының басшысы Mohye Amer арнайы сапармен келіп, ұлттық төл спортымен жақынырақ танысты. КөрсетілімЧемпионаттың белдесулері QAZSPORT телеарнасында және BQO_SPORT YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілуді.Жарыс нәтижелері🥇 14 сәуір – Алғашқы күн нәтижелері:Қыздар:-60 кгСматали Ақбота (Жетісу обл.)Тилеубаева Айару (Қостанай обл.)Изтаев Жұпаркүл (Түркістан обл.)Сейітқасым Аружан (Түркістан обл.)-65 кгБалғабаева Аяулым (Жамбыл обл.)Өтеулі Сезім (Жамбыл обл.)Әлібек Сабина (Шымкент қ.)Өзбек Саяжан (Жетісу обл.)-70 кгҚыдырәлі Ақбота (Түркістан обл.)Рсынхан Гүлнұр (Түркістан обл.)Мақсатқызы Шұғыла (Алматы обл.)Забильская Дария (БҚО)+70 кгОразбекова Наргиз (Астана қ.)Оразбек Ләззат (Шымкент қ.)Кулумбетова Сабина (БҚО)Рамазанова Анель (Абай обл.)Ұлдар:-90 кгМержанов Ерасыл (Абай обл.)Полша Бейсет (Қарағанды обл.)Ағыбаев Шахнияз (Қостанай обл.)Кемелбек Сабырбек (Жамбыл обл.)-100 кгҚалмырза Ердәулет (Түркістан обл.)Жанболатұлы Эльнар (БҚО)Қыбышев Әлімжан (Қарағанды обл.)Адилжан Айдар (Алматы обл.)+100 кгБейсенәлі Мейірхан (Түркістан обл.)Базарбай Олжас (Шымкент қ.)Төре Қажымұхан (Астана қ.)Нұрахметов Ерасыл (Абай обл.)  🥈 15 сәуір – Екінші күн нәтижелері:Қыздар:-44 кг🥇 Таджимова Жансая (Қызылорда обл.)🥈 Рахыбай Қарақат (Жетісу обл.)🥉 Алтынбек Шолпан (Түркістан обл.)Өмірбекова Бақыт (Абай обл.)-48 кг🥇 Анарбекқызы Эльнара (БҚО)🥈 Токмурзина Томирис (Астана қ.)🥉 Рахметова Томерис (Жамбыл обл.)Алтыбайқызы Камила (Маңғыстау обл.)-52 кг🥇 Шегелекова Алира (Абай обл.)🥈 Темірбек Сандуғаш (Ақмола обл.)🥉 Баёва Эвелина (Қостанай обл.)Какенова Гүлназ (Ұлытау обл.)-56 кг🥇 Өмірбек Гүлназ (Түркістан обл.)🥈 Саламат Сезім (Маңғыстау обл.)🥉 Мадиярқызы Мадина (Ақмола обл.)Амангельдинова Анель (Абай обл.)Ұлдар:-72 кг🥇 Бақдәулет Ерасыл (Жамбыл обл.)🥈 Бахытханұлы Нұржол (Павлодар обл.)🥉 Саматұлы Асар (Ақтөбе обл.)Кнестиков Данил (Қарағанды обл.)-78 кг🥇 Мақсұтов Бекзат (Абай обл.)🥈 Темірхан Мансұр (Жамбыл обл.)🥉 Темірхан Дәрусейтхан (Түркістан обл.)Дүйсенбай Әли (Алматы обл.)-84 кг🥇 Қайратұлы Сұлтан-Бейбарыс (Абай обл.)🥈 Әлімби Әли (Жамбыл обл.)🥉 Сағиев Серіжан (Ұлытау обл.)Шайхыслам Бауыржан (Шымкент қ.)   🥈 16 сәуір – Үшінші күн нәтижелері:   -55 кг🥇 Даулет Диас (Астана қ.)🥈 Миразат Айбатыр (БҚО)🥉 Хамит Нұролла (Қарағанды обл.)🥉 Муса Эржан (Қарағанды обл.)-60 кг🥇 Тугушев Рузимон (Түркістан обл.)🥈 Сошнин Арсен (Ақтөбе обл.)🥉 Тойжан Әділжан (Алматы обл.)🥉 Бескемпір Жалғас (Астана қ.)-66 кг🥇 Алдаберген Нұрдаулет (Астана қ.)🥈 Жаңабай Бекасыл (Жамбыл обл.)🥉 Мажит Сәкен (Алматы қ.)🥉 Дінмұханбетұлы Жанасыл (Алматы қ.)Түйе балуан🥇 Абдисамитұлы Сардар (Түркістан обл.)🥈 Рахимов Амирбек (Ақтөбе обл.)🥉 Маратов Думан (Атырау обл.)🥉 Жамбыл Нұрболат (Шымкент қ.) 🏆 Жалпы командалық есеп:🥇 Түркістан облысы – 6 алтын, 1 күміс, 4 қола🥈 Абай облысы – 4 алтын, 0 күміс, 4 қола🥉 Астана қаласы – 3 алтын, 2 күміс, 2 қолаҚосымша ақпарат:📞 Байланыс: +7 708 854 55 96 (Айнұр)📱 Instagram: @bqo_sport Ел болашағы – ертеңгі чемпиондар. Жас балуандарға сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/979683?lang=kk
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «SARYARQA» телеарнасында «Ойөріс» зияткерлік телеойыны ұйымдастырылды. 18.05.2025
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «SARYARQA» телеарнасында «Ойөріс» зияткерлік телеойыны ұйымдастырылды. Телеойынның мақсаты – тарихи тұлғаларды ұлықтау, көнерген сөздерді саралау, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын жаңғырту, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу болып табылады. Төрт кезеңнен құралған тартысты додада облыс көлемінде әр сала бойынша мекеме қызметкерлері қатысып, сөз сайысында бақтарын сынайды. Телеойынға әр қатысушының қабілеттері мен сөз саптау шеберліктерін айқындайтын сарапшы тағайындалып, топтың жинаған ұпай сандары бойынша ойынға әділ бағасын бере отырып, төрелік етеді. Жыл бойы «Ойөріс» зияткерлік телеойыны ұйымдастырылып, 8 хабар түсірілетін болады.Ағымдағы жылдың 15-16 сәуірінде Қарағанды қаласының мектеп мұғалімдері, мемлекеттік мекемелерден және университет оқытушыларынан құралған сегіз топ сайысқа түсіп, өз білімдерінен бақ сынады. Атап айтсақ, Қарағанды қаласының «№53 мектеп-лицейі» атынан «Тіл тұғыр» тобы мен «№65 ЖББМ» КММ атынан «Жасдәурен» тобы сынға түсіп, «Жасдаурен» тобы алға шықты, екінші түсірілімде «Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ» КММ атынан «Тапқырлар» тобы мен Шахтинск қаласынан «Жарқын жол» тобы сайысқа түсіп, «Жарқын жол» тобы жеңіске жетті, үшінші түсірілімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі» Қарағанды облысы бойынша департаменті атынан «Сұңқар» тобы мен «Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы» атынан «Тіл мен тәртіп» тобы сайысқа түсіп, «Тіл мен тәртіп» тобы алға шықты, төртінші түсірілімде «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» атынан «Ұшқыр» тобы мен «Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ атынан «Зерде» топтары сайысқа түсіп, «Ұшқыр» тобы жеңіске жетті.Нәтижесінде жеңімпаз топтарға басқарма тарапынан дипломдар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. «Ойөріс» зияткерлік телеойыны «SARYARQA» телеарнасында көрсетіледі, сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/979786?lang=kk