Enbekshi QazaQ

Әлем

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ ЖАЛАҒАШ КЕНТІНДЕ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ 18.05.2025
   1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ауданда ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.   Мереке аясында этнос өкілдерінің «Бір шаңырақ астында» атты тағам және мәдениет көрмесі ұйымдастырылды. Аудан әкімі көрмемен танысып, түрлі этнос өкілдерінің өнерін тамашалады.  Мерекелік шара одан әрі спорттық сайыстармен, театрландырылған қойылыммен және концерттік бағдарламамен жалғасты.     Аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.   Мерекелік шара одан әрі театрландырылған қойылыммен жалғасып, сахнада жергілікті өнерпаздардың және түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық биі мен әндерімен өрнектелген концерттік бағдарлама ұсынылды.  Жалағаш аспанын қуаныш пен шаттыққа бөлеген бұл күн аудан тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/987828?lang=kk
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 9 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ. 18.05.2025
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім ошақтарына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.https://www.facebook.com/share/r/1ALTuCXvc5/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/987848?lang=kk
Володар ауылдық округі әкімінің аппараты КММ 2025 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есепті талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. 18.05.2025
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Игілік» және «Продакшн» клубтарында «Бір шаңырақ астында» республикалық концерттік бағдарламасы өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau-volodarskiy/press/news/details/987851?lang=kk
Өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторларымен жұмыс істеу кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдары 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/987874?lang=kk
ҚАЖ қызметкерлері қоғамдық келісім мәселелері бойынша Ассамблея өкілдерімен кездесті 18.05.2025
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бейбітшілік пен ынтымақты ұлықтайтын, ел бірлігін паш ететін маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Биылғы мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ерекше мазмұнмен аталып өтуде.Осыған байланысты Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен кездесті. Кездесудің мақсаты – мерекелік іс-шаралардың ақпараттық-идеологиялық мазмұнының біртұтастығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту.Іс-шара барысында “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Нұрмағамбетов Марғұлан Мұхтарұлы және Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, сессия делегаты Сәрсембин Үмбетқан Қуандықұлы қызметкерлермен ашық форматта сұхбат жүргізіп, Ассамблеяның құрылу тарихы, 30 жылдық жетістіктері және қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде мазмұнды ақпараттармен бөлісті.Спикерлер өз сөздерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел ішіндегі бірлік пен келісімді сақтаудағы маңызды қызметіне тоқталды.Кездесу соңында тараптар қоғамдағы өзара түсіністік пен этностар арасындағы сыйластықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасқандығы туралы - Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы әділет подполковнигі Нуртазин Сабржан Бибитович айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/987895?lang=kk
ҚАЖ қызметкерлері Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Бірлік жүгірісі” атты спорттық жарысына қатысты 18.05.2025
2025 жылдың 1 мамыр күні — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған үлкен ауқымды іс-шаралар аясында Ақтөбе қаласында кең көлемді мерекелік бағдарламалар өтті.Солардың бірі — Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Бірлік жүгірісі” атты спорттық жарыс болды. Жарыстың басты мақсаты — көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен достығын дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды нығайту.Аталған жарысқа түрлі сала өкілдерімен қатар Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де белсенді түрде қатысты. Олар жоғары дайындықтарын көрсетіп, мәре сызығын сәтті кесіп өтті.Жарыс нәтижесінде ерекше көзге түскен ҚАЖ қызметкерлері медальдармен марапатталды. Бұл олардың тек қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып қана қоймай, қоғам өміріне де белсене араласатынын дәлелдеді.Іс-шара соңында халыққа арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, олар көтеріңкі көңіл күймен бір сергіп, мерекелік атмосфераның ләззатын сезінді. - Мұндай бастамалар қызметкерлердің рухын көтеріп, ұжымдық ауызбіршілікті арттырып қана қоймай, ел ішіндегі татулық пен қоғамдық келісім құндылықтарын бекемдей түсетіні сөзсіз, - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті әділет подполковнигі Нуртазин Сабржан Бибитович.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/987920?lang=kk
Қостанай облысындағы өрт қаупі бар кезең 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-zabelov/press/news/details/987940?lang=kk
Қаратал ауданында Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аталып өтілді 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/987951?lang=kk
Бір шаңырақ астында 18.05.2025
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, Игілік және Өндіріс клуб үйлерінде "Бір шаңырақ астында" атты мекелік концерттік бағдарлама өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-igilik/press/news/details/987979?lang=kk
1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. 18.05.2025
1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Көксу ауылының әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Көксу орта мектебінде іс-шара өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-koksu/press/news/details/988034?lang=kk
Қоғамдық кеңес отырысы өтті 18.05.2025
2025 жылғы 30 сәуірде Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Жылқышиевтың төрағалығымен кезекті отырыс өтті. Күн тәртібіне сәйкес облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жалқұл Сұлтанғали Нұрғалиұлы Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуіне байланысты  облыстық құрылыс басқармасының мемлекеттік саясатты жетілдіру және іске асыру жөніндегі есебі тыңдалды. Қосымша баяндаманы Қадырбеков  Керімхан Жанысұлы   Түркістан облыстық  Қоғамдық кеңесінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық салалары жөніндегі комиссиясы төрағасы жасады. Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының офицері  Нұрбеков Нұрболат Молдалыұлы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген ұзаққа созылған құрылыс нысандары құрылысының жай-күйі туралы» мәлімет берді. Құрылыс саласындағы мәселелер жан-жақты талқыланып, Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына сала басшылары жауаптар берді. Осы мәселені талқылау барысында айтылған ой-пікірлерді ескере отырып, ұсыным қабылданды. Күн тәртібіндегі басқа да 12 мәселелер  қаралып, қажетті ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/988104?lang=kk
2024-2025 оқу жылы аяқталуда 18.05.2025
Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді.Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні — 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл — бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады.Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Балалардың оқудағы әрбір жетістігі — болашағымыздың іргетасын берік етіп қалаудың негізі.Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі.Сондай-ақ, барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/988173?lang=kk
Ұлытау облысында Жезқазған және Сәтбаев қалаларында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған екі жетекші оқу-әдістемелік орталық – «Тілтану» және «Тіл-құрал» – өз қызметін белсенді түрде жүргізіп келеді. 18.05.2025
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!🔊🔹Ұлытау облысындағы тегін түрде тіл үйрету курстары.🔹Ұлытау облысында Жезқазған және Сәтбаев қалаларында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған екі жетекші оқу-әдістемелік орталық – «Тілтану» және «Тіл-құрал» – өз қызметін белсенді түрде жүргізіп келеді.🔹«Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы – Жезқазған қаласында орналасқан, директоры – Ошаганова Ақгүл Хамитовна. Орталық тіл үйрету бағытында әдістемелік материалдар әзірлеп, ересектер мен жастарға арналған курстарды ұйымдастырып отыр. Байланыс нөмірі: +7 705 443 58 98, электрондық пошта: tiltanu64@mail.kz.🔹«Тіл-құрал» оқу-әдістемелік орталығы – Сәтбаев қаласында орналасқан, директоры – Игенберлина Мадинат Балтина. Орталық мемлекеттік тілді меңгеруге арналған түрлі деңгейдегі курстарды ұсынып, әдістемелік қолдау көрсетуде. Байланыс нөмірлері: +7 71063 34140, +7 705 314 33 91, электрондық пошта: satpaev-til@mail.ru.🔹Аталған орталықтар – ана тілімізді дамыту жолында маңызды рөл атқарып отырған мекемелер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-cultura-arhiv/press/news/details/988301?lang=kk
Қазақстанда экологиялық рұқсат беру ережесі өзгерді 18.05.2025
Экология және табиғи ресурстар министрі 2025 жылғы 25 сәуірдегі бұйрықпен экологиялық рұқсаттарды беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларына, сондай-ақ әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарына өзгерістер енгізді, деп жазады zakon.kz. Ережеде II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу атауы өзгерген, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат берілген объектінің операторы қайта ұйымдастырылған немесе ауысқан жағдайларда жүзеге асырылатыны нақтыланады. II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тізбе бойынша құжаттарды қоса бере отырып, II санаттағы әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш береді. Сондай-ақ түзетулермен әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңінде оператор жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бірінші күніне дейін осындай рұқсатты белгіленген нысан бойынша берген мемлекеттік органға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп беретіні көзделген. Бұдан басқа, қағидаларда кешенді экологиялық рұқсат беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер жаңартылды: көрсетілетін қызметті алушы кешенді экологиялық рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің анық еместігін анықтау; көрсетілетін қызметті алушы кешенді экологиялық рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыға не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындыны қамтитын көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингтеу нәтижелері туралы қорытындыға сәйкес келмеуі; көрсетілетін қызметті алушының Кодекстің 115-бабында көзделген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған кешенді экологиялық рұқсат шарттарымен келіспеуі; "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы. I және II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болып табылады: өтініште және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтер анық емес болса; өтініш және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыға не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттігінің жоқтығы туралы қорытындыны қамтитын көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингтеу нәтижелері туралы қорытындыға сәйкес келмесе; "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы. Бұйрық 2025 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/988366?lang=kk
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АППАРАТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 18.05.2025
 Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активінің отырысы өтті. Жиналысқа төрағалық еткен аудан басшысы Еркеғали Әлімқұлов жаңа аппарат басшысын таныстырды.Аудан әкімі аппаратының басшысы қызметіне Өміртай Амалбек Дәркенұлы тағайындалды.Амалбек Дәркенұлы 1994 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Қазақ ұлттық университетін әлемдік экономика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесінде, 2017 жылы магистратура дәрежесінде бітірген. Еңбек жолын «Петро Қазақстан» АҚ –ның кадр және құжат айналымы бойынша инспектор болып бастаған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінде, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде директордың орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, ұстаздық еткен. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Түркістан» АҚ-ның «Turkistan Invest» филиалында, Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының басшысы, Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары қызметін атқарған. Түркістан облысы мәслихатының VII шақырылым депутаты.Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы аппарат басшысының қызметіне сәттілік тілеп, ауданның өркендеуі мен қоғамдық саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету, түйінді мәселелерді анықтап, шешу жолдары жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды.Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/988380?lang=kk
Қармақшы ауданының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мамандарының қатысуымен семинар өткізілді. 18.05.2025
02.05.2025 жылҚармақшы ауданының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мамандарының қатысуымен семинар өткізілді. Семинарда ауданның нормашығармашылық қызметінің жай-күйі талқыланып, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, құқықтық мониторинг жүргізу бойынша тиісті түсіндірме берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/988421?lang=kk
Түнімен жұмыс істейтін ойын-сауық нысандары тұрақты бақылауда 18.05.2025
Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасы алаңында таңғы уақытқа дейін жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандар бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өтті.Келелі басқосуға Тараз қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесі, Тараз қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі және қала әкімдігінің тиісті бөлімдері арнайы қатысты. Жиынды қала әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова жүргізіп отырды. Жалпы қалалық полиция басқармасы қоғамдық орындарда және көшелерде қылмыстың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.Алайда, осыған қарамастан, таңғы уақытқа дейін жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандарда орын алатын заңбұзушылықтар саны азаяр емес. Жиынға қатысушылар осы мәселе төңірегінде өз ойларын ортаға салып, еркін пікір алмасты. Отырысты қорытындылаған Ұлана Сламбекқызы аталған мәселе алдағы уақытта әкімдік тарапынан тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/988429?lang=kk
Ынталы ауылында ескірген электр бағандарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-yntaly/press/news/details/988455?lang=kk