Enbekshi QazaQ

Әлем

Ынталы ауылында 1-мамырдан бастап күл-қоқысты шығару жұмыстары басталды 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-yntaly/press/news/details/988461?lang=kk
Ынталы ауылында ФАП құрылысы жалғасуда 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-yntaly/press/news/details/988485?lang=kk
бұзылған құқықтарды қалпына келтіру 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/988494?lang=kk
1 Мамыр Қазақстан-бірлік пен татулықтын мекені 18.05.2025
Құрметті тараздықтар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!Бұл – мемлекет үшін ерекше мәні бар мағыналы мейрам.Кең байтақ жерімізде түрлі этнос өкілдері өзара келісім мен татулық аясында өмір сүріп жатыр.Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Осы ұйым да әуел бастан еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың жаршысына айналды.Еңселі мерекеде ел бірлігі арта берсін деп тілек етеміз. Ұлтымыздые арман-мұраты, өмір өрнегі өнегелі сәттерден құрала бергей!Баршаңызға бақ-берекетілейміз, отбасымыз – Отанымыз аман болсынАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/988541?lang=kk
2025 жылы 2 мамыр күні Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. 18.05.2025
2025 жылы 2 мамыр күні Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері бірауыздан Қоғамдық кеңесінің төрағалығына Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлын сайлады.Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы отырыстың күн тәртібін бекітті.Күн тәртібінде:1. Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы сайлау туралы;2. ⁠Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің комиссияларын құру туралы;3. ⁠Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің комиссияларының төрағаларын сайлау туралы;4. ⁠Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің төралқасын сайлау туралы;5. ⁠Қоғамдық кеңестің Ережесін бекіту туралы мәселелер қаралды.Облыстық Қоғамдық кеңесте екі комиссия бекітілді.Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы болып Борашов Раббим Байбозұлы, әлеуметтік мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы болып Тлеубаева Қаламқас Калиевна сайланды.Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің Ережесі бекітілді.2015 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды. Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-oblysy/press/news/details/988578?lang=kk
Түркістанда «АЙБЫН-2025» әскери-патриоттық ойындары өтті 18.05.2025
 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Білім басқармасының «Қосымша білім беруді дамыту өңірлік орталығы» бірлесіп, Төлеби ауданындағы «Бәйшешек» жазғы сауықтыру лагерінде «АЙБЫН-2025» әскери-патриоттық жиынына арналған облыстық іріктеу байқауын өткізді.Сайыстың ашылуына Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштері мен локальді соғыстар ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Олар барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Жалпы жарысқа Түркістан облысының аудан-қалаларынан келген 17 команда құрамындағы 255 жас қатысты. Жастар турникке тартылу, шалқасынан жатып денені көтеру, әскери кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау, сондай-ақ жалпыәскери қорғаныс жиынтығын (накидка түрінде) кию секілді жаттығулар бойынша өзара бақ сынасты.– Болашақ жауынгерлерді жастайынан әскери іске баулу, олардың бойында отансүйгіштік және қаһармандық рух қалыптастыру – барша қазақстандықтардың ортақ борышы, тікелей міндеті. Бұл дәстүрлі шарада алдыңғы жылдармен салыстырғанда нәтиже әлдеқайда жақсы болды. Сайыс барысында іріктелген 10 ұл мен 5 қыздың алдағы республикалық байқауда жоғары нәтиже көрсететініне сенемін, – деді Республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Аружан Шекербек.Облыстық әскери-патриоттық жиынның қорытындысы бойынша І орынды Кентау қаласының командасы, ІІ орынды Сайрам ауданы, ал ІІІ орынды Арыс қаласының құрама командасы иеленді.Жеңімпаздарға арнайы марапаттар, дипломдар және медальдар табысталды. Жақын арада жеңімпаз команда маусым айында Ақтөбе облысында өтетін халықаралық кезеңде облыс намысын қорғайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/988631?lang=kk
ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ - ВОЛОДАРСКИЙ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ 18.05.2025
Қонаев даңғылы - Володарский көшелерінің қиылысы көлік қозғалысы үшін ашылды.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аясында Володарский көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында автомобиль жолы өткелінің құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты Володарский және Рашидов көшелері көлік қозғалысы үшін ашық екенін хабарлаймыз.2025 жылғы 2 мамырдан бастап жолдың ашылуына байланысты №6, №27, №57, №60, №84, №147 бағыттарындағы қоғамдық көлік маршруттары бұрынғы бағытымен қайта жүре бастайды.Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988646?lang=kk
27 сәуір мен 3 мамыр аралығында Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы өтеді. 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/988666?lang=kk
ҚАЛА ӘКІМІ ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ 18.05.2025
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.Қабылдауға келген 12 азаматтың өтініштері мен ұсыныстары жеке-жеке тыңдалып, әрбір мәселеге қатысты нақты түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Азаматтар тарапынан заңсыз салынған нысандарды бұзу, жер телімін заңдастыру, тұрғын үй кезегі мен баспанаға қол жеткізу, тифлопедагог мамандарының жетіспеушілігі, жұмысқа орналасу, шығармашылық кеш ұйымдастыру, мемлекеттік мұқтаждыққа алынған мүліктерді реттеу, сондай-ақ мектептегі жұмыстан заңсыз босатылу сияқты әлеуметтік сипаттағы өзекті мәселелер көтерілді.Әзімбек Пазылбекұлы әрбір өтінішке мұқият назар аударып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелердің бірқатары сол жерде шешімін тапса, қалғандарына қатысты заң аясында жан-жақты зерделеу жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатыны атап өтілді.Қала басшысы тұрғындардың өтініш-тілектеріне бейжай қарамай, оларды жүйелі түрде шешу – әкімдік қызметінің негізгі басымдықтарының бірі екенін жеткізді.Сондай-ақ, қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы талдау топтары тұрғындар көтерген мәселелердің себеп-салдарын анықтап, олардың қайталанбауына бағытталған кешенді жоспарлар әзірлеп жатқанын мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/988712?lang=kk
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. 18.05.2025
Бұл күн – еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың татулығын, достығы мен бірлігін дәріптейтін маңызды мейрам. Бірлік пен келісім – мемлекетіміздің баянды болашағының кепілі.Ел азаматтарының татулығы мен өзара түсіністігі – табыс пен тұрақтылықтың негізі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/988713?lang=kk
Құрметті спорт сүйер қауым! 18.05.2025
Сіздерді Қазақ күресінен «Дала қырандары» атты республикалық турнирге шақырамыз! Өтетін күні: 14 мамыр, Ашылу салтанаты:12:00 Өтетін орны:Түркістан қаласы, Керуен Сарай «Show Arena» Жүлде қоры: 4 000 000 теңге Қатысушылар: Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған үздік балуандар!Келіп, нағыз тартысты белдесулердің куәсі болыңыз!Өз батырыңызды қолдап, ұлттық спортты бірге дәріптейік!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/988717?lang=kk
❗️ХАБАРЛАНДЫРУ❗️ 18.05.2025
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!Әл-Фараби көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.Жөндеу мерзімі05.05.2025 жылғы 10:00-ге дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/988718?lang=kk
ШЫМКЕНТ-ТАШКЕНТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ВЕЛОМАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ 18.05.2025
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында Шымкент-Ташкент веломарафонның ашылу салтанаты өтті. Жыл сайын көктемде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан велошеруге биыл еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген 100-ге жуық спортшы қатысты. Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шараның ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен ҚР велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов сөз сөйлеп, веломарафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. — Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл үрдіс Шымкент қаласында да жалғасын тауып келеді. Бүгінде қала тұрғындарының бұқаралық спорт және дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасалып, қажетті инфрақұрылым желісі дамып келеді, — деген Сәрсен Абайұлы веломарафонға қатысушыларға ақ жол тіледі. Айта кетейік, Шымкент пен Ташкент қалаларының арақашықтығы 125 шақырымды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988801?lang=kk
ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ 18.05.2025
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы бірқатар құрылыс және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Аралау барысында қала басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуына ерекше назар аударды.Алдымен қала әкімі Тәуке хан және Тыныштықұлов көшелерінде шағын архитектуралық формаларды орнату жұмыстарының барысын тексерді. Жобалардың орындалуы мен қалалық инфрақұрылымға сәйкестігі бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.Аралау барысында Әзімбек Пазылбекұлы Қабанбай батыр ескерткіші маңындағы абаттандыру жұмыстарының жағдайымен танысты.Сондай-ақ, қаладағы жаңадан салынып жатқан Еділбаев мектебінің ойын алаңшасы мен негізгі құрылыс барысын қарап, білім беру нысанын сапалы әрі уақытылы пайдалануға беру қажеттігін атап өтті.Бұдан бөлек, әкім С.Ниязов көшесінде орналасқан жабық стадион құрылысына барып, нысанның іске асу барысын бақылап, Ниязов көшесін абаттандыруға қатысты жоспарды мердігер мамандармен бірге талқылады.Жалпы, 2025 жылы қала аумағында 9 ойын алаңшасын жаңарту және 10 жаңа нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған.Сонымен қатар, заманауи талаптарға сай екі стадионның құрылысы қарқынды жүргізілуде.Нысандарды аралау барысында қала әкімі мердігер ұйымдарға барлық құрылыс және абаттандыру жұмыстарын сапалы, әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/988850?lang=kk
№1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН 18.05.2025
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, аурухананың А, Б және С корпустары мен жылу қазандығы, сондай-ақ, зертханасы күрделі жөндеуден өтуде.Бүгінде жөндеу жұмыстары тек Б корпусында жалғасып жатыр. Аурухананың басқа бөліктерінде жұмыс аяқталып, олар пайдалануға берілген.Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.«Шымкент келбеті»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988874?lang=kk
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Новоселов ауылында билборд орнатылды. 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novoselov/press/news/details/989155?lang=kk
ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ 18.05.2025
2025 жылғы 2 мамыр күні аудан әкімі А.Қарсыбаевтың төрағалығымен шіркейге қарсы күрес бойынша арнайы жиналыс өтті. Жиналысқа қала, ауыл әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.Жиын барысында А.Қарсыбаев шіркеймен күрес жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, елді мекендер мен өзен бойындағы ауылдарда қосымша залалсыздандыру шараларын жүргізу қажеттігін жеткізді. Атап айтқанда, арнайы сүзгілер арқылы шіркей шоғырланған аймақтарын анықтап, ситуациялық карталарын жасауды тапсырды.Сонымен қатар, шіркейге қарсы биологиялық және химиялық әдістерді тиімді пайдалану мәселесі қаралды. Биологиялық әдіс – су көздеріне арнайы препараттарды ағызу арқылы, ал химиялық әдіс – препараттарды арық, канал бойлары мен ағаш, көгалдарға шашу арқылы жүзеге асырылады.Қала мен ауыл әкімдеріне халықты, соның ішінде омарта шаруашылығымен айналысушыларды хабардар ету, сондай-ақ жүргізілген залалсыздандыру шаралары туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялау тапсырылды.Аудан әкімдігі шіркейге қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/989165?lang=kk