Enbekshi QazaQ

Әлем

Алматы облысы call-орталықтарының нөмірлері 25.02.2026
Аймақ коды (саны)Аудан / қала атауы орыс тіліндеаудан/қала атауы қазақ тіліндеСall-орталықтың телефоныорналасқан жері (көше, үй)Жауапты (аты-жөні, лауазымы, ұясы. телефон)Ескерту1907Алматинская облысыАлматы облысы109Алматы облысы, Қонаев қаласы, 3 ықшам аудан, 3Ибрагимов Ермек Навлетжанович, «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ басшысы, 87086167360 1907город ҚонаевҚонаев қаласы8 (72772) 40790Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13Ералиева Айгерим Берикболовна, "Алматы облысы Қонаев қаласы әкімі аппараты" ММ ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, 87715350590 1907город АлатауАлатау қаласы8(727) 3042629Алматы облысы, Алатау қаласы, Қоянқұс ықшамауданы, Б.Момышұлы көшесі, 157/1Сапиев Асет Шолпанбекович, "Алматы облысы Алатау қаласы әкімі аппараты" ММ бас инспекторы, 87079280619 1907Балхашский районБалқаш ауданы8(72773) 95496Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 64Рахат Толғанай Нұрланбекқызы, "Алматы облысы Балқаш ауданы әкімі аппараты" ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 87474710618 1907Енбекшиказахский районЕңбекшіқазақ ауданы8 (72775) 72371Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Ж.Жабаев проспекті, 21Жолмаганбек Жанболат Боранбайұлы, "Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты" ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 87071017949 1907Жамбылский районЖамбыл ауданы8(72770) 22340Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 56Чилдебаев Кундызби Мелисович, "Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімі аппараты"ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 87073988699  1907Илийский районІле ауданы8(72752) 20892Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі, 8Муханова Камилла Талғатқызы, "Алматы облысы Іле ауданы әкімінің аппараты" ММ  ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 87084857712 1907Карасайский районҚарасай ауданы8(72771) 29981Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 213Төлегенов Берік Бейсембайұлы, "Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің аппараты" ММ біріңғай персоналды басқару қызметіні бөлімінің бас маманы8708 193 28 85 1907Кегенский районКеген ауданы8(72777) 21170Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 19Әбділда Жасұлан Ерланұлы, "Алматы облысы Кеген ауданы әкімінің аппараты" ММ  ұйымдастыру бөлімінің басшысы, 87086901213 1907Райымбекский районРайымбек ауданы8 (72779) 21994Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, 22Бүктербаев Алмат Тұрсынұлы, "Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы, 8771454991 1907Талгарский районТалғар ауданы8(72774) 21284Алматы облысы, Талғар  ауданы, Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 65Айтбеков Нұрбек Қайратұлы, "Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің аппараты" ММ  ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, 87072629617 1907Уйгурский районҰйғыр ауданы 8(72778) 21739Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Юнус Раджибаев көшесі, 75Устембай Өмірсерік Ықыласұлы , "Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі басшысы, 87081803717  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1169531?lang=kk
«ЦОН» мобильді қосымшасы: қазақстандықтар қосымша арқылы қанша қызмет түрін алады 25.02.2026
«ЦОН» мобильді қосымшасы: қазақстандықтар қосымша арқылы қанша қызмет түрін аладыҚазақстанда мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіп жатыр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтер тізілімінде 1448 қызмет бар, оның 1278-і онлайн форматта қолжетімді. Осындай цифрлық арналардың бірі – «ЦОН» мобильді қосымшасы. Онда 18 қызмет іске қосылған, оның ішінде бейнеқоңырау форматында 79 қызмет түрі бар, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы.Мемлекеттің корпорацияның мәліметінше, 2025 жылы «ЦОН» мобильді қосымшасын 2 миллионнан астам адам жүктесе, 2026 жылдың басынан бері тағы шамамен 370 мың пайдаланушы қосылған. Қосымша арқылы азаматтар уақытын үнемдеп, кезекті алдын ала жоспарлап, QR-талон алып, өтініштерінің мәртебесін және құжаттарының жеткізілуін онлайн қадағалай алады.Пайдаланушылар ең жиі таңдайтын қызметтердің бірі – электронды талон алу. Қосымша іске қосылған сәттен бері пайдаланушылар 3,5 миллионнан астам электронды талон рәсімдеген. Бұл қызмет азаматтарға бөлімшеде тіркеу рәсімін оңайлатып, қызмет алу процесін ыңғайлы етеді.Қосымша қашықтан қызмет алу мүмкіндігін де ұсынады. Пайдаланушылар құжаттардың жеткізілуін онлайн бақылай алады, сондай-ақ «Бейне қызметі» арқылы маманмен бейнебайланысқа шығып, бөлімшеге бармай-ақ кеңес алып, қызметті рәсімдей алады.Көлікке қатысты бірқатар рәсімдер де цифрлық форматқа көшірілген. Қосымшада автокөлікті сатып алу-сату шартын рәсімдеу, көлік тарихын тексеру, мемлекеттік тіркеу нөміріне тапсырыс беру және жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу қызметтері қолжетімді.Мемлекеттік корпорацияның атап өтуінше, «ЦОН» мобильді қосымшасы халықпен өзара байланыстың негізгі онлайн құралдарының біріне айналды. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында бұл платформа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен қолжетімділікті арттыру бағытында өз жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bakbakty/press/news/details/1173782?lang=kk
Кезекте тұрған азаматтардың назарына! 25.02.2026
     2026 жылғы 2 наурыздан бастап Ережелерге енгізілген өзгерістерге сәйкес Отбасы банк тұрғын үйді тек түгендеуден өткеннен кейін ғана бөлетін болады. Осы сәттен бастап түгендеу тұрғын үйді бөлу алдындағы алғашқы және міндетті кезеңге айналады. Тұрғын үй кезегінде тұрған барлық азаматтар orken.otbasybank.kz порталы арқылы түгендеуден өтуі қажет. Егер кезекте тұрған азамат түгендеуден өтпесе, ол кезектен шығарылмайды. Алайда ол тұрғын үйді бөлу процесіне қатыса алмайды, тіпті кезекте ұзақ уақыт тұрған болса да. Азамат түгендеуден өткенге дейін Банк оған жалдамалы тұрғын үйді бөле алмайды немесе пәтер сатып алу үшін жеңілдетілген несие бере алмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1169461?lang=kk
Елші Өзбекстанның Салық комитетінің төрағасы Фаррух Пулатовпен кездесті 25.02.2026
2026 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б. Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Салық комитетінің Төрағасы Фаррух Пулатовтың кездесуі өтті.Кездесу барысында қарқынды дамып келе жатқан қазақ-өзбек қатынастары аясында салық саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.Елші Өзбекстанда салық жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан реформаларды, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жақында енгізілген жеңілдіктерді, сондай-ақ салықтық рақымшылық шараларының тиімділігін атап өтті.Дипмиссия басшысы Қазақстанда жүргізілген салық саясаты реформалары, соның ішінде әкімшілендіру жүйесін жаңғырту және осы жылдың басынан бастап жаңа Салық кодексінің күшіне енуі туралы хабарлады.Кездесу барысында салық саласын цифрландыру, электрондық сервистерді дамыту және инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар шетелдік инвесторларға қатысты салық саясаты, арнайы экономикалық аймақтардың қызметі, сондай-ақ IT Park Uzbekistan резиденттеріне ұсынылатын қолданыстағы преференциялар жөнінде пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша салық саясатының болжамдылығын қамтамасыз ету және бизнес үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында профильдік ведомстволар арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтіліп, екі елдің салық органдары арасындағы тәжірибе алмасуды әрі қарай дамытуға дайындық білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1169494?lang=kk
Қазақстан мен Черногория туризм саласындағы ынтымақтастықты талқылады 25.02.2026
Подгорица, 2026 жылғы 25 ақпан. Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногория Туристік ұйымының директоры Ана Трипкович-Марковичпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Өзара туристік ағындарды ұлғайту, Қазақстан мен Черногория арасындағы тікелей әуе қатынасын дамыту, сондай-ақ туристік бағыттарды ілгерілету және туризмді тұрақты дамыту саласында тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар туризм саласындағы практикалық өзара іс-қимылды жалғастыруға, оның ішінде екі елдің туристік ұйымдары арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесін пысықтауға, сондай-ақ туризмді дамыту бағытындағы үздік тәжірибелер мен ақпарат алмасуды жандандыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1169502?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия архив ісі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 25.02.2026
Хельсинки, 2026 жылғы 25 ақпан – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның Ұлттық архивінің директоры Пайви Хаппоненмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар архив ісі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту, архив қорларын цифрландыру тәжірибесін бөлісу, құжаттық мұраларды сақтау мен оларға қолжетімділікті қамтамасыз етудің заманауи технологияларын енгізу мәселелерін талқылады.Кездесу барысында Қазақстан Президенті архиві мен Финляндия Ұлттық архиві арасындағы жүйелі серіктестік орнату перспективаларына ерекше назар аударылды. Тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын жүзеге асыру, екі елдің тарихи-құжаттық мұрасын насихаттауға бағытталған тақырыптық фотокөрмелер ұйымдастыру, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру мен озық архивтік тәжірибелерді енгізу үшін мамандарды тұрақты түрде алмастыру мүмкіндіктерін қарастырды.Кездесу аясында қазақ дипломаты фин тарапқа 2026 жылғы 8 – 12 маусымда Астанада өтетін 3-ші Халықаралық архившілер конгресіне қатысуға ресми шақыру табыс етті.Аталған кездесу Қазақстан мен Финляндияның архив ісі саласындағы серіктестікті тереңдетуге және тарихи-құжаттық мұраны болашақ ұрпаққа сақтау жолында өзара ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1169416?lang=kk
Қостанайда заманауи спорт кешені тұрғындарға кең мүмкіндік ұсынуда 25.02.2026
Бүгін Қостанай қаласының Юбилейный шағын ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне арнайы бару ұйымдастырылды. 2024 жылы жүзеге асырылған жоба заманауи талаптарға сай салынған және жан-жақты ойластырылған инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Ғимаратпен қатар жүгіру жолдары мен жарықтандырылған саябақ аймағы қарастырылып, спорт пен белсенді демалысқа арналған толыққанды кеңістік қалыптастырылған.Кешен базасында екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Мұнда баскетбол, гандбол, волейбол және ауыр атлетика секциялары ұйымдастырылған. Сонымен қатар, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстар тұрақты түрде өткізіліп келеді.Аталған нысан қалалық әкімдіктің балансында. Бұл оның қолжетімділігін қамтамасыз етіп, қала тұрғындарына спортпен тегін шұғылдануға мүмкіндік береді. Кешен барлық санаттағы азаматтарға — балаларға, ересектерге, зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға ашық. Олардың әрқайсысы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Күн сайын кешенге 300-ден астам адам келеді.Дене шынықтыру-сауықтыру кешені Береке, Алтын арман, Юбилейный және Қостанай-2 шағын аудандары тұрғындарының тартымдылық орталығына айналып отыр. Негізгі мақсат — Қостанай тұрғындары үшін бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қолжетімді жағдай жасау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1169436?lang=kk
25 ақпанда аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері Рудный қаласындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-на барды. 25.02.2026
Балаларға мейірімді, тәрбиелік мәні бар ертегі қойылымы көрсетіліп, ол кішкентай көрермендерге қуаныш пен шаттық сыйлады. Балалар қойылымды үлкен қызығушылықпен тамашалап, әртістерді жылы қабылдады.Кездесу соңында балаларға тәттілер дайындалып, мерекелік бағдарламаның жағымды жалғасына айналды.Осындай іс-шаралар ерекше маңызға ие — олар қамқорлық пен жылулықтың жарқын үлгісі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1169451?lang=kk
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын түсіндіру 25.02.2026
2026 жылдың 25 ақпанда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бақылау бөлімінің басшысы, мемлекеттік еңбек инспекторы Сартбаев Ілияс Жамбылұлы «Сарыарқа» телеарнасында Қарағанды облысында еңбек заңнамасын сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған «Уакыт.kz» бағдарламасына қатысты. Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы негізгі өзгерістер, сондай-ақ өңірдің жұмыс берушілері еңбек қатынастарын ұйымдастыру кезінде ерекше назар аударуы тиіс мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1169354?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ білім беру саласындағы диалогты жандандыруда 25.02.2026
Абу Даби, 2026 жылғы 24 ақпан – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Мұхаммед бен Заид атындағы гуманитарлық ғылымдар университетінің ректоры доктор Халифа Мүбарак Әл Захиримен кездесті.Кездесу барысында Р.Жұмабек сұхбаттасушыны Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы мағлұмат берді. Оның ішінде Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша алдағы республикалық референдумға ерекше назар аударылып, бұл қадам елдің одан әрі демократиялық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екені айтылды.Референдум мемлекеттік маңызы бар негізгі шешімдерді қабылдауға азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталғаны және Қазақстанның ашықтық пен транспаренттілік қағидаттарына берік ұстанымын айқындайтыны жеткізілді.Тараптар білім беру және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Екі елдің жоғары оқу орындары арасында тікелей әріптестік байланыстар орнатудың маңыздылығы, оның ішінде бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу мәселелері талқыланды.Өз кезегінде доктор Х.М. Әл Захири екіжақты академиялық өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылық білдіріп, делегациялар алмасу, гуманитарлық ғылымдар мен мәдениетаралық диалог саласында бірлескен оқу жобаларын ұйымдастыру, сондай-ақ араб тілін оқыту жөніндегі ұсыныстарды қолдады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру әрі мәдени байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілігін растады және айтылған бастамаларды мазмұнды түрде пысықтауды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1169308?lang=kk
«КӨКТЕМ-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ 25.02.2026
Қазақстанда 25–27 ақпан аралығында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі нұсқауларына сәйкес ұйымдастырылуда және көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты тексеруге бағытталған.Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері, азаматтық қорғау капитаны Шәріп Асқар Рысбекұлы мәлімдеді.Оқу-жаттығудың негізгі тақырыбы – 2026 жылдың көктемгі кезеңінде су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда төтенше жағдайларды жоюға, құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыруға дайындықты пысықтау. Осыған байланысты қала аумағында оқу-жаттығуды дайындау және өткізу бойынша арнайы ұйымдастырушылық нұсқаулық әзірленіп, қала әкімінің бекітуіне ұсынылған.Іс-шара барысында департамент базасында жедел қалалық штаб құрылып, азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелері жоғары дайындық режиміне көшіріледі. Құлақтандыру және байланыс жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі, авариялық-құтқару қызметтерінің жедел әрекет ету мүмкіндіктері тексеріледі. Сонымен қатар көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар кең көлемде жүргізіледі.Практикалық бөлім аясында қала аумағында су басу қаупі жоғары 9 оқу-жаттығу нүктесі белгіленді. Атап айтқанда, Абай ауданында – 2, Әл-Фараби ауданында – 1, Еңбекші ауданында – 3, Тұран ауданында – 1, Қаратау ауданында – 2 нүктеде оқу-жаттығулар өтеді. Бұдан бөлек, бір нысанда Шымкент қаласының күштері мен құралдары ҚТЖ ҰК теміржол платформалары арқылы инженерлік және өзге де техникаларды тиеу-түсіру жұмыстарын пысықтайды.Сондай-ақ шұғыл ден қою жасақтарын жинау, зардап шеккен тұрғындарды эвакуациялау және қабылдау пункттерін өрістету, азаматтық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарын Түркістан облысы аумағына жедел жіберу мәселелері тәжірибеде қарастырылады. Бұл ретте жеке құрамның автономды жағдайда әрекет етуге толық дайын болуы басты назарда.«Көктем-2026» оқу-жаттығуы аясында Түркістан облысының су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін аумақтарына көмек көрсету үшін 1-эшелон толық әзірлікке келтірілді. Құрамында 32 жеке құрам, 6 бірлік техника, 9 мотопомпа, 1 жүзу құралы және 1 ұшқышсыз ұшу аппараты бар жасақ кез келген уақытта аттануға дайын. Сонымен қатар сыйымдылығы 20 адамдық 2 шатыр қарастырылған. Бұл күштер ықтимал су тасқыны салдарын жою, халықты қорғау және жедел әрекет ету жұмыстарын жүргізуге бағытталады.Ұйымдастырушылық нұсқаулыққа сәйкес азаматтық қорғау қызметтері, әскери бөлімдер мен тиісті мекемелер басшыларына барлық іс-шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алу тапсырылды. Оқу-жаттығуға шешім қабылдау құқығы бар, басқарма басшысының орынбасары лауазымынан төмен емес жауапты қызметкерлердің қатысуы міндеттелді.Дайындық шеңберінде 20 ақпанда департамент базасында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық деңгейі жан-жақты талқыланып, басқару органдары мен күш-құралдардың әзірлігі нақтыланды. Күн тәртібінде оқу-жаттығуды ұйымдастыру тәртібі, ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, күштер мен құралдардың есебі, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу алгоритмдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібі қаралды.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, оқу-жаттығуды белгіленген мерзімде жоғары деңгейде өткізу міндеті қойылды.Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін оның қорытындысы туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігіне ұсынылатын болады.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25.02.2026
🔎 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады. Біз желіде тараған жалған мәлімдемелерді жобаның ресми мәтінімен және мемлекеттік органдардың түсіндірмелерімен салыстырдық.1-бөлім1. «Конституция Президенттің өкілеттіктерін күшейтеді»Бұл құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді.Жоба тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін бекітеді. Негізгі кадрлық шешімдер - Вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындау - Құрылтайдың келісімімен жүзеге асырылады.Сонымен қатар, Президенттің қайта сайлану құқығынсыз бір реттік жеті жылдық өкілеттік мерзімі сақталады.Мұндай құрылым «суперпрезиденттік» модельге емес, президенттік республикаға тән.Қорытынды: Фейк2. «Шетелдіктерге жер сатуға қойылған тыйым алынып тасталады»Жоба мәтінінде шетел азаматтарына жер сатуға рұқсат беретін нормалар жоқ.8-баптың 3-тармағында:«Жер және оның қойнауы, сулар, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп бекітілген.Қорытынды: Фейк3. «Тегін медицина жойылады»Жоба медициналық көмектің өтеусіз сипатын сақтайды.32-баптың 2-тармағына сәйкес:«Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген, өздері төлемейтін медициналық көмекті алуға құқылы».Бұл жерде мәселе тегін медицинаны жоюда емес, аталған құқықты іске асыру тетігін заңнамалық тұрғыдан нақтылауда болып отыр.Қорытынды: Манипуляция4. «Тегін білім беру жойылады»Бұл да жоба мәтініне сәйкес келмейді.Шын мәнінде, мемлекеттік оқу орындарында орта білім берудің өтеусіз сипатына Конституция кепілдік береді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы бекітіледі (33-бап).Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 9-отырысында Премьер-Министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева:«Ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайды... «Тегін» деген ұғым құқықтық тұрғыдан нақтырақ «азаматтар ақы төлемей, заңда белгіленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы» деген тұжырымдамамен алмасты», – деп атап өтті.Қорытынды: Манипуляция5. «Жыл сайынғы ақылы демалыстар жойылады»Бұл - қате пайым.Конституция жобасының 27-бабы демалу құқығына кепілдік береді. Ал жыл сайынғы ақылы демалыстың нақты ұзақтығы мен шарттары Еңбек кодексімен айқындалады.Конституциялық норма принципті бекітеді, ал егжей-тегжейі салалық заңнамамен реттеледі.Қорытынды: Манипуляция2-бөлім6. «Конституциядан «бостандық» ұғымы алынып тасталды»Керісінше, құқықтар мен бостандықтар ең жоғары құндылық ретінде айқындалған.Преамбула мен 1-бапта адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп жарияланған. Құқықтар мен бостандықтар бөлінбейтін және иеліктен шығарылмайтын деп танылады.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз жария мәлімдемесінде: «Адам және оның қадір-қасиеті – конституциялық модельдің езегіне айналып отыр» - деп атап өтті.Қорытынды: Манипуляция.7. «Сөз және жиналыс бостандығы шектеледі»Шын мәнінде, Конституция жобасы цензураға тікелей тыйым салады (23-бап, 5-т.) және сөз бостандығына кепілдік береді (23-бап, 4-т.). Шектеулерге тек заңмен және тек конституциялық құрылысты, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында ғана жол беріледі, бұл Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне, соның ішінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес келеді.Бейбіт жиналыстар өткізу құқығына Конституция жобасының 35-бабында да кепілдік берілген. Бейбіт жиналыс түрлерінің тізбеленбеуі осы түрлердің барлығының «бейбіт жиналыстар» ұғымына кіретіндігімен, яғни бейбіт жиналыстар өткізу құқығымен қамтылатындығымен түсіндіріледі. Бейбіт жиналыстардың нақты түрлері бейбіт жиналыстар туралы бейінді Заңда ашып көрсетіледі.Бейбіт жиналыстардың түрлерін тәптіштемейтін мұндай жалпы тұжырымдама «Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы танылады» делінген Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес келеді.Қорытынды: Манипуляция.8. «Тотальды цифрлық бақылау енгізіледі»Керісінше, Конституция жобасы «цифрлық құқықтарды» енгізіп, азаматтардың жеке өмірі мен дербес деректерін виртуалды ортада заңсыз пайдаланудан қорғайды (21-бап, 1-т.).Қорытынды: Фейк.9.«Конституция мәтінін шетелдіктер жазған»Жобаны отандық заңгерлер, ғалымдар мен сарапшылар азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып дайындады. Комиссия жұмысы ашық әрі жария түрде жүргізілді.Қорытынды: Фейк.10. «Жаңа Конституция халықаралық міндеттемелерді бұзады»Жобада ратификацияланған халықаралық шарттарға қайшы келетін нормалар көзделмеген. Адам құқықтары мен бостандықтарының негізгі қағидаттары халықаралық деңгейде танылған стандарттарға сәйкес келтірілген.Ратификацияланған халықаралық шарттардың қолданылу тәртібі ұлттық мүдделерді қорғау қажеттілігі ескеріле отырып, заңдарда айқындалатын болады. Ратификацияланған халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық жүйесінің құрамында қалады.Қорытынды: Манипуляция.Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды бастапқы дереккөздерді мұқият зерделеуге, тексерілмеген жарияланымдарға сын көзбен қарауға және жалған ақпаратты таратпауға шақырады.Өз көзқарасыңызды қалыптастыру барысында эмоционалды және үстірт интерпретацияларға емес, ресми мәтін мен уәкілетті органдардың түсіндірмелеріне сүйеніңіз.
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесі 25.02.2026
Облыстық С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде қазақ халқының ұлы жырауы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесі өтті.Көрмеге ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған жыр жинақтары, естеліктер, зерттеу еңбектері және Жамбыл туралы жазылған әдебиеттер қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Шара барысында ақынның елдік рухты көтерген, халықтың мұң-мұқтажын жырлаған туындылары жайлы мәлімет беріліп, оның қазақ әдебиетіндегі орны ерекше екені айтылды.Кеш аясында бөлімнің тұрақты оқырманы Дәуен Алғысбек «Төгейін жырды халқыма» атты жырын әсерлі орындап, жиналған қауымға ерекше рухани әсер сыйлады. Оның орындауындағы жыр жолдары кештің мазмұнын тереңдете түсіп, оқырмандардың  зор ықыласына бөленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1169205?lang=kk
2026 жылы жеке практикамен айналысатын тұлғаларға салық салу туралы 25.02.2026
Салық заңнамасына  сәйкес жеке практикамен айналысатын адамдар санатына (бұдан әрі-ЖПАА) жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор жатады.ЖПАА тіркеуесебінеқою,тіркеудеректерінөзгерту,сондай-ақ тіркеуесебінен алу Салықкодексінің 97-98-баптарыменреттеледі.Салық салынатын табыс бойынша жеке практикамен айналысатындар адамдар Салық кодексінің 363-бабында белгіленген 9% мөлшерінде жеке табыс салығының  (бұдан әрі-ЖТС) төлеушілері болып табылады.Жеке практикамен айналысатын адамдар жеке салықтық шегерімдердің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар:- әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі;- базалық салықтық шегерім;- әлеуметтік салықтық шегерімдер.ЕсептелгенЖТСсомасы ай сайын табысалынғанайданкейінгіайдың5-і күнінен кешіктірілмей төленеді.Салық кодексімен белгіленген Жеке практикамен айналысатын адамға қатысты өтпелі ережелері бойынша ЖПАА қосылған құн салығын төлеуші ретінде  болып табылмайтыны және салық органдарымен тіркеу есебінен шығарулуына  тиісті. ЖПАА қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік Кодекс қолданысқа енгізілген күннен, яғни 01.01.2026 ж. бастап жарамсыз деп танылады.Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00 СЕН) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ұсынылады. Ағымдағы жылы ЖПАА қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда ЖТС (240.00 СЕН) бойынша тапсырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1169209?lang=kk
«Заң мен тәртіп» - қоғам тұрақтылығының басты кепілі 25.02.2026
Бүгін «Руханият» орталығында облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегеновтің аудан тұрғындарымен кездесуі өтті.Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жүргізіп, Мемлекет басшысы көтерген «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығын ерекше атап өтті. Президент құқық нормаларын құрметтеу мен қоғамдық тәртіпті сақтау – Әділетті Қазақстан құрудың басты негізі екенін атап өткен болатын. Осы ретте заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдағы тәртіпті нығайту – ортақ міндет екені айтылды.Жиын барысында облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегенов аймақтағы құқықтық тәртіптің жай-күйіне тоқталып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.Жиынды қорытындылаған Диас Молдабаев облыс прокурорының бірінші орынбасарына құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1169197?lang=kk
Ұрпақтар сабақтастығы – 90 жылдық тарих 25.02.2026
25 ақпан күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің залында ауданымыздың 90 жылдығына арналған «Ұрпақтар сабақтастығы – 90 жылдық тарих» атты кездесу өтті.Бұл күні ауылдық округтердің еңбек ардагерлері мен аудан орталығы мектептерінің оқушылары бас қосып, ашық диалог алаңында жүздесті. Оқушылар қонақтардың еңбек жолы, ауданның әр кезеңдегі тыныс-тіршілігі, туған өлкенің дамуына үлес қосқан құндылықтар туралы қызығушылықпен сұрақтар қойды.Ардагерлер өз естеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен және жүрекжарды әңгімелерімен бөлісті. Залда сыйластық пен ризашылыққа толы жылы атмосфера орнады.Осындай кездесулер тарихи жадымызды сақтауға және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.Ауданның 90 жылдық тарихы – бұл, ең алдымен, адамдардың тағдыры, еңбегі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1169020?lang=kk
Болгарияның академиялық қауымдастығы Қазақстандағы конституциялық реформаларға жоғары баға берді 25.02.2026
София, 2026 жылғы 25 ақпан – Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінде Елші Виктор Темірбаев Жоғары телекоммуникация және пошта мектебінің (ЖТПМ) ректоры Миглена Темелковамен кездесті.Сұхбат барысында тараптар ЖТПМ мен қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы инновациялар мен телекоммуникациялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ академиялық ұтқырлық пен ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.Елші В.Темірбаев болгар тарапын Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және конституциялық реформалармен таныстырып, 2026 жылғы 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтетінін, онда елдің жаңа Конституциясы бойынша түпкілікті шешім қабылданатындығы туралы хабардар етті. Қазақ дипломаты елде орын алып жатқан өзгерістер заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын арттыруға бағытталғандығын атап өтті.Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстанның орнықты даму мен халықаралық өзара іс-қимылдың негізгі факторлары болып табылатын ғылым, технология және адами капиталды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатының басымдықтарына ерекше назар аударылды.Өз кезегінде, М.Темелкова академиялық әріптестікті дамытуға қызығушылық танытып, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға өзінің жоғары бағасы берді. Оның пікірінше, бұл өзгерістер қазақстандық университеттермен ынтымақтастықты кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар академиялық ұтқырлықты дамыту, жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосу және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын арттыру бойынша бірлескен жұмысты әрі қарай жалғастыруға уағдаласты. Жоғары телекоммуникация және пошта мектебі (ЖТПМ) 1881 жылы құрылған және Болгариядағы ең көне мамандандырылған жоғары оқу орны болып табылады. Оқу орны информатика, телекоммуникация, жоғары технологиялар, компьютер ғылымдары және киберқауіпсіздік салаларындағы мамандарды даярлайды.ЖТПМ халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда және AI, Huawei және Siemens секілді әлемдегі жетекші жоғары технологиялық компаниялармен өзара іс-қимыл жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/news/details/1169022?lang=kk
Жол белгілері жаңартылды 25.02.2026
Атамекен ауылдық округінде жолдарды күтіп ұстау қызметі есебінен, жол белгілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-atameken/press/news/details/1169027?lang=kk
«Қазақ мәдениетіндегі дәстүрлі тәртіп нормалары» көрмесі 25.02.2026
2026 жылдың 24 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қазақ мәдениетіндегі дәстүрлі тәртіп нормалары» атты көшпелі көрме ұйымдастырды.Көрмеде қазақ даласындағы заң және жеті ата шежіресін сақтау жүйесі, салт-дәстүр және ырым-тыйымдардағы тәртіп нормалары көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1169043?lang=kk
Қазақстан мен Индонезия сыртқы саяси диалогты нығайтуда 25.02.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Джакартаға жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында оның сыртқы істер Вице-министрі Анис Матта және Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық жөніндегі Бас директоры Три Тарьятпен кездесулері өтті.Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерінің кең ауқымын талқылады.Ерекше назар БҰҰ және Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, Палестина мәселесіне, әсіресе Бейбітшілік кеңесі мен Халықаралық тұрақтандыру күштеріне бірге қатысуды тұрғысынан, су проблематикасына, халықаралық бастамаларды өзара қолдау мәселелеріне аударылды.Тараптар халықаралық күн тәртібінің аталған сұрақтары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1171413?lang=kk