Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті 18.05.2025
Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті Биыл Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің дәстүрлі түрде тойланып келе жатқанына 29 жыл. Осы орайда, Үшарал қаласы, орталық Д.Қонаев атындағы орталық алаңда 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті.  Шараға аудан тұрғындары мен ардагерлер, жастар және ауданымыздағы түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері қатысты. Мерекелік шарада аудан тұрғындарына аудандық орталық кітапхананың “Татулық пен тұрақтылықты тұмар еткен Қазақстан” атты кітап көрмесі, этномәдени орталықтар мен білім беру ұйымдарының қолөнер көрмелері халық назарына ұсынылды.  Достық пен татулық насихатталған салтанатты жиында аудан әкімі А.Абдинов барша аудан тұрғындарына жылы лебізін жеткізе отырып, елімізге береке-бірлік, әр шаңыраққа құт-береке мен амандық тіледі. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, әлеуметтік тұрақтылықты насихаттауға, конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар өзге ұлт азаматтарына Құрмет грамотасы мен алғыс хат табыстады.  Ел бірлігін, ұлттар достығын паш еткен мереке “Saiko stars” би орталығы оқушыларының “Қара жорға” ұлттық биі және аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/989187?lang=kk
Қақпа алдында кездесу әлеуметтік жобасы бойынша кездесулер 18.05.2025
2025 жылдың 30 сәуір күні Қарқаралы қаласының Мансап орталығының директоры Мұздыбай Е.Ж.  және пробация бөлімі аға инспектор,  әділет аға лейтенанты Ақжолтай С.С. бірігіп пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға  "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасы бойынша кездесулер өтті. Пробация басшылығымен құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша сондай-ак, мансап орталықтың қатысуымен тұрақты жұмыс орнында квоталанатын жұмыс орындарында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтканда: “Қоғамдық жұмыстар”, “Әлеуметтік жұмыс орындары”, “Күміс жас” сондай-ақ, “қысқа мерзімді кәсіптік оқыту “ және skills Enbek онлайн форматында Enbek.kz сайтында оқуға болатыны туралы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/989215?lang=kk
ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ 1200 ГЕКТАР АУМАҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛАДЫ 18.05.2025
  Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан аумағындағы зиянкес шегірткелерді дәрілеу жұмыстарының барысымен танысты. Ауданда 1200 гектар жерге шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жоспарланған. Мамандар биылғы жылдың ауа-райының құрғақ болуына байланысты тау бөктерлерінде шегірткелер жылдағыдан 15 күн ерте оянғанын айтты. Шегірткелерді екінші даму сатысында дәрілеп, үшінші дәрежесіне дейін өтуінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы Еркеғали Амантайұлы сала мамандарына арнайы техниканы көрсетілген мерзімде жеткізіп, химиялық өңдеуді дер кезінде жүргізіп, жұмысты өз деңгейінде атқаруды тапсырды. Жайылымдық жерлерді дәрілеу арнайы аппарат көмегімен де жүзеге асуда. Аталған аумақтарды толықтай залалсыздандыру үшін химиялық препараттар мен жанар-жағармай қоры жеткілікті.Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/989263?lang=kk
САТҚЫНДЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ 18.05.2025
Сайрам тұрғын алабында «Сатқындық» қойылымы сахналандыБүгін Сайрам тұрғын алабындағы Өзбек драма театрында Шымкент қаласының Дін істері басқармасының тапсырмасы бойынша «Сатқындық» атты әсерлі драмалық қойылым сахналанды.Қойылымда отанға адалдық, елге деген сүйіспеншілік және сатқындықтың салдары секілді терең тақырыптар көрініс тапты. Туынды көрермендерді адалдық пен сатқындықтың ара жігін ажыратып, азаматтық борыш пен адамгершілік туралы ойлануға шақырды.⠀Шынайы актерлік ойын мен мазмұнды сахналық шешімдер арқылы қойылым көрерменнің жүрегіне жол тауып, ұлтқа деген сүйіспеншіліктің маңызын айқындай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/989277?lang=kk
01.04.2025 жылғы жағдай бойынша VIII шақырылған Приозерск қалалық мәслихаты депутаттарының тізімі 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/989282?lang=kk
Түркістан облысында радикалды діни ағымдарға жол жоқ 18.05.2025
Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының үйлестіруімен және Дін істері басқармасымен біргелікте Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлеріне радикалды діни ағымдардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқық бұзушылықты, оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша мекеме қызметкерлері және жауапты басшылармен кездесу өтті.Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ғ.Өгембай қатысты.Әкімдік аппаратының қызметкерлерін қамтыған кездесуде қазіргі таңдағы өзекті болып жатқан діни экстремизм мен терроризм мәселесі жайлы сөз өрбіді.Орталықтың теолог маманы Ғ.Өгембай радикалды ағымдардың қоғам ішіндегі тұрақтылықты бұзып, ішкі және сыртқы ортаға өз қауіптерін тигізіп жатқаны туралы кеңінен ақпарат берілді.Спикерлер қызметкерлерге жат идеологияның өкілдері ғаламтор арқылы азаматтарды өздеріне тартып, жалған діни ақпаратпен бөлісіп, азаматтық құқықтарына нұқсан келтіріп жатқаны жеткізілді.Іс-шара барысында дінге қатысты күрделі сұрақтар мен сауалдар бойынша тек ресми түрде ақпарат таратушы діни сайттар мен арнайы мамандардан кеңес алу қажет екендігі айтылды.Жиынға қатысқан мекеме қызметкерлері оң пікірін білдіріп, тәрбиелік мағыналы жиын болғанын атап өтті.Жиын барысында барлық сұрақтарға спикерлер тарапынан мардымды жауаптар берілді. Материал Түркістан облысы бойынша ТҚКаппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/989339?lang=kk
Қадірлі жерлестер! 18.05.2025
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Бірлік пен татулықты ту етіп, бір шаңырақ астына ұлт пен ұлыстардың ынтымағын ұйыстырған бұл мерекенің әрбіріміз үшін алар орны айрықша. Кең байтақ елімізде күн кешкен түрлі этнос өкілдерінің ынтымақ-бірлігіне ұйытқы болып келеді. Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігіміз де барлық ұлттың біртұтас ел ретіндегі әлеуеті мен мызғымас достығымыздың нәтижесінде еселенді. Түркістан әрдайым бірлік пен ынтымақтың символы болған. Түркі әлемінің орталығында халқымыз бірлікті ту етіп, жаңа белестерді бағындырып келеді. Түркістан өңірінде 50-ден аса этнос өкілдері бар. Соған сай 11 облыстық этномәдени бірлестік, 6 құрылым жұмыс істейді. Әрбір аудан, қаладағы тілдерді оқыту орталығында үш тілді оқыту мүмкіндігі бар. Өңірдегі этнос өкілдерінің 92 пайызы мемлекеттік тілді жетік біледі, құрмет тұтады. Осындай айтулы мерекеде өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, қызметте абырой мен шығармашылық табыс тілеймін! Тәңірдің тәтті сыйы – Тәуелсіздіктің ғұмыры мәңгі, мәнді, Бірлігіміз бекем болсын! Еліміз көркейіп, дами берсін! Ізгі ниетпен,Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан ҚойлыбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/989345?lang=kk
Таза Қазақстан акциясы аясында округ аумағында елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-presnoredut/press/news/details/989106?lang=kk
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-belozer/press/news/details/989296?lang=kk
Қазақстандықтардың 73%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды деген пікірде – әлеуметтанулық сауалнама 18.05.2025
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 73,3 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді. Мемлекеттік бастамаларды қолдаудың ең жоғары деңгейі жастар арасында –18-29 жас аралығындағы респонденттердің 82%-ы қолдаған. Бір қызығы, ерлерге (71,1%) қарағанда әйелдер елдің дамуына (75,3%) оптимистік көзқарас білдіруде. Қоғамдық көңіл-күйдің маңызды көрсеткіші – халықтың ел Президентіне деген сенімі. Қоғамдық пікірді зерттеу нәтижесі бойынша ел халқының 76,4% Мемлекет басшысына сенім білдірді. Президентке деген сенімнің жоғары деңгейі жастар арасында – 84,6%, әйелдер арасында – 78,1% (ерлерде – 74,5%) байқалды. Ауыл және қала тұрғындарының сенім деңгейінде елеулі айырмашылық байқалмайды – тиісінше 76,8% және 76,1%. Бұл ретте респонденттердің жартысынан астамы – 60,8% елдің алдағы бес жылдағы даму болашағын «өте дұрыс» және «едәуір дұрыс» деп бағалайды. Бұл әлеуметтік оптимизм өмірге қанағаттану сияқты қоғамдық көңіл-күйдің көрсеткішінде де көрінеді. «Жалпы, сіз өз өміріңізге қаншалықты қанағаттанасыз?» деген сұраққа респонденттердің 57,3%-ы «толығымен қанағаттанамын» деп есептесе, 32,8%-ы «едәуір қанағаттанамын» деп жауап берген. Сондай-ақ респонденттер елдің саясаты, экономикасы және қоғамдық өмірі туралы ақпаратты желілік БАҚ-тан (30,3%) және әлеуметтік желілерден (34,7%) алғанды жөн көретінін атап өтті. 18 жастан асқан 8 мың респондент қатысқан зерттеу 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыды. Сауалнама 2025 жылдың 20 наурызы мен 20 сәуірі аралығында халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымын көрсететін іріктеу бойынша жеке сұхбаттарды (CAPI) пайдалана отырып жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/989482?lang=kk
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ҚАРСАҢЫНДА МАҚТААРАЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ 18.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы елімізде кең көлемде атап өтілуде. Осыған орай, Мақтаарал ауданы әкімдігінің қолдауымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанындағы "Замандастар" ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен ауданымыздың ардагерлері Түркістан қаласына арнайы мәдени-танымдық саяхат жасады.Аталған саяхатқа қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің және әжелер алқасының белсенді мүшелері, тыл және еңбек ардагерлері қатысты. Аудан әкімі Бақыт Асановтың өзі ардагерлерге сәттілік тілеп, Мақтааралдан шығарып салды. Шараның басты мақсаты – ардагерлердің рухани тынығуын қамтамасыз ету, олардың еңбегіне құрмет көрсету, сондай-ақ жастарға патриоттық тәрбие беру бағытында үлгі ету.Ардагерлер сапары ең алдымен Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесінен басталды. Мұнан соң тарихи және рухани орталық саналатын Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, ұлы бабамыздың рухына тағзым етіп, қазақтың тәуелсіздігі жолында құрбан болған барша батырларымыз бен жауынгерлерімізге арнап құран бағыштады. Сонымен қатар, ардагерлер «Керуен Сарай» туристик кешенінде болып, көне Жібек жолының атмосферасы сезінді. Кешенде ұлттық қолөнер бұйымдары, заманауи музейлер мен қазақи стильде безендірілген қонақүйлер көптеп кездеседі. Мұның бәрі біздің мәдени мұрамызды заманауи үлгіде жаңғырып жатқанын көрсетеді.Ардагерлермен бірге барған ұйымдастырушылар тарапынан арнайы экскурсиялық бағдарламалар ұйымдастырылып, әрбір тарихи нысан бойынша кәсіби экскурсия жүргізілді. Бұл сапар қатысушылар үшін терең әсер қалдырды. Кейбір ардагерлер Түркістанға алғаш рет барып отырғанын айтып, ризашылықтарын білдірді.«Түркістан тек өткеннің куәсі ғана емес, ол – болашаққа жол сілтейтін, жастарды ұлттық рухта тәрбиелейтін мекен. Қаланың жаңарған келбеті мен инфрақұрылымының дамуы – еліміздің рухани жаңғыру жолындағы нақты қадамдарының көрінісі. Сапар соңында біз туған еліміздің тарихына деген құрметіміз бен мақтанышымыз одан сайын артты. Түркістанға саяхат – жүректі тазартатын, ойды байытатын, рухты биіктететін ерекше әсерлі сапар болды. Бұл қала – әрбір қазақ баласы көруі тиіс киелі мекен. Мақтааралға барған соң немерелерімізге киелі қаланың кереметтері жайлы айтып жүретін боламыз» - деді, ардагерлер.Айта кетейік, Мақтаарал ауданының тұрғындары үшін бұл іс-шара — ардагерлерге деген құрмет пен қамқорлықтың нақты көрінісі. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – бұл тек тарихты еске алу емес, ол – бүгінгі ұрпақтың елге, ерлікке, бірлікке деген шынайы құрметін білдірудің белгісі. (с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/989540?lang=kk
ШЫМКЕНТ-АБАЙ БАҒЫТЫНА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРЕДІ 18.05.2025
 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың, облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының тұрғындармен кездесуінде үнемі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – Шымкент-Абай бағытына қоғамдық көлік жүргізу болатын.Кемеқалған ауылдық округі халқының өтінішін назардан тыс қалдырмаған аудан басшысы Еркеғали Амантайұлының ұйытқы болуымен мәселе шешімін тапты.Бүгін, Шымкент қаласына жақын орналасқан Абай ауылына тікелей қоғамдық көлік қатынап,– тұрғындардың күнделікті тұрмысы жеңілдетіп, қалаға қатынау мүмкіндікке қол жеткізді.Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/989585?lang=kk
Түркістанда тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді 18.05.2025
Бүгін, 5 мамыр күні Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараны Түркістан қалалық прокуратурасы ұйымдастырды.Шараға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар, қала прокуроры Кәукен Нәрікбаев, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен тыл ардагерлері қатысты.Мерекелік жиын барысында ардагерлерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына сәйкес “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерекелік медалі табысталды. Сонымен қатар, Түркістан қалалық мәслихатының атынан арнайы алғыс хаттар беріліп, қала әкімдігі тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.Ардагерлерге көрсетілген бұл құрмет – олардың ерен еңбегіне, қиын-қыстау замандағы табандылығы мен елге деген сүйіспеншілігіне деген шынайы алғыс пен тағзым. Осындай шаралар өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің бағасын ұғындырып, тарихтан тағылым алуға сеп болады.Батырларымызға мың тағзым!          Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/989603?lang=kk
Құрғақ шөпті жинау 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novoselov/press/news/details/989681?lang=kk
Құрмет пен марапат — еңбектің бағаланғаны! 18.05.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков білім саласында еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.⠀Марапат иелері – №2 Оқушылар сарайының шығармашылықты, спортты, өнер мен ғылымды ұштастырған ұстаздары мен жаттықтырушылары.⠀«Шапағат» медалімен марапатталғандар:• Ақмарал Дәулетәліқызы Қосбармақова – қыш өнері үйірмесінің жетекшісі• Ақшолпан Аллахиярқызы Сеитова – заманауи би үйірмесінің жетекшісі• Аясбек Халықұлы Бижігітов – жүзу жаттықтырушысы• Сергей Викторович Уткин – жүзу жаттықтырушысы• Владислав Александрович Смирнов – дзюдо жаттықтырушысы• Ақмарал Абетаева – педагог-психолог⠀«Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен» марапатталғандар:• Бауыржан Бабаханұлы Рүстемов – ағаш және темір өңдеу өнерінің жетекшісі• Шұғыла Тимурқызы Елшібек – драма және актерлік шеберлік жетекшісі⠀Қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар:• Данияр Дүйсенбайұлы Егізбаев – №2 Оқушылар сарайының директоры• Рашид Амзеевич Батчаев – шаруашылық жөніндегі орынбасар• Таннұры Маратқызы Кушерова – ғылыми жөніндегі орынбасар• Азат Алпысбайұлы Тұрапбеков – БІЛ №2 лицей интернатының мұғалімі⠀Бұл марапат — тек құрмет емес, ел болашағына қосқан үлестің дәлелі.Ұстаз еңбегі — әрқашан биік!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/989729?lang=kk
2025 жылдың І жартыжылдығында Ақкөауданы әкімінің халықпен кездесулерін өткізу кестесі 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-akkol-azat/press/news/details/989754?lang=kk
2025 жылғы 30 сәуірде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-arka/press/news/details/989790?lang=kk
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Ноғайұлы Асылов: Таза Қазақстан – адал азаматтың таңдауы 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-arka/press/news/details/989823?lang=kk
Тұрақты елді мекені тұсындағы Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді 18.05.2025
 Бәйдібек ауданына қарасты Тұрақты елді мекенінің маңынан өтетін Бөген өзенінің арнасында су тасқынының алдын алу мақсатында арна нығайту және жағалау бекіту жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи апаттардың алдын алу және су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында қолға алынды. Көктемгі жауын-шашын мен еріген қар суларының көлемі артқан жағдайда өзен суының арнасынан асып, маңайдағы аумақтарға қауіп төндіруі ықтимал. Осыны ескере отырып, аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша өзен арнасын тереңдету, жағалауларын нығайту және қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде атқарылды. Жобаны жүзеге асыру барысында арнайы техникалармен өзен табаны кеңейтіліп, топырақтан жасалған бөгеттер күшейтілді. Сонымен қатар, су ағысын реттейтін құрылғылар орнатылып, гидротехникалық қауіпсіздік шаралары пысықталды.Жергілікті тұрғындар атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, мұндай шаралар ауыл өмірінің қауіпсіздігі мен жайлылығына оң әсер ететінін атап өтті. Бұл жұмыстар табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау тұрғысынан да маңызды. Аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың тапсырмасына сәйкес, су нысандарына қатысты осындай алдын алу және қалпына келтіру жұмыстары алдағы уақытта басқа да елді мекендерде жалғасын табатын болады. Бұл өз кезегінде аудан көлеміндегі су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне бағытталған су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/989873?lang=kk
📌Вакциналардың қысқаша тарихы 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/989900?lang=kk