Enbekshi QazaQ

Әлем

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 11,49 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды 12.05.2025
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 11,49 млн аса АҚШ долларына 97 615 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 6,70 млн астам АҚШ долларына 56 937 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 4,79 млн АҚШ долларына 40 678 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (6,55 млн жуық АҚШ долларына 55 539 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – шамамен 49,94 мың АҚШ долларына 442 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 38,57 мыңнан аса АҚШ долларына 370 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (шамамен 4,24 млн АҚШ долларына 35 617 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (412,21 мыңнан аса АҚШ долларына 3 789 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (114,96 мыңнан аса АҚШ долларына 1 067 өтініш орындалды).Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/996768?lang=kk
2025 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНА АРНАЛҒАН САЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ 12.05.2025
15 мамырға дейін:101.03 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС есебі;101.04 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін резидент емес тұлғаның табысынан төлем көзінен ұсталған КТС есебі;200.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;300.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсаны үшін ҚҚС бойынша декларация;400.00 және 421.00 нысандары – 2025 ж. наурыз айы үшін акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп айырысу;570.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін экспортқа арналған рента салығы декларациясы;590.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы декларациясы;710.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін ойын бизнесіне салық декларациясы;860.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін жерүсті су ресурстарын пайдалану үшін төлем декларациясы;870.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлем декларациясы;880.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін цифрлық майнинг үшін төлем декларациясы;913.00 нысан – 2025 жылдың 1-тоқсан үшін бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация. 20 мамырға дейін:328.00 форма –үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. 20 мамырға дейін төлеуАкциз, соның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импортталған тауарлар бойынша +Құрылымдық бөлімше үшін акциз;ЕАЭО щенберінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың сомалары 26 мамырға дейін төлеуТөлем көзіндегі ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарыКТС бойынша аванстық төлемдерСыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемТөлем көзіндегі КТСЭкспортқа рента салығы бойынша төлемПайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша төлемЖер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемҚосылған құн салығыЦифрліқ майнинг ақысыЖер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемОйын бизнесіне салынатын салықБөлшек салығыМобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдерҚоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнің ағымдағы төлеміШетелдік интернет-компаниялардан ҚҚСБірыңғай жалақы салығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/993917?lang=kk
Жеке қабылдауда айтылған мәселелер жіті назарда 12.05.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан тұрғындарына кезектілік тәртібімен жеке қабылдап өткізіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан қоғамдық және тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй мәселелері, сондай ақ, жол мәселесіне байланысты өтініштерін жеткізді.Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша тұрғындарға заң аясында түсініктеме беріп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауына алатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/993162?lang=kk
Аймақ басшысы Ұлы отан соығысының ардагері Яхия Тасыровты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады 12.05.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, құрмет көрсетті.Ардагерге Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстады. Дәстүрге сай иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының құрметі азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыров 1942 жылы майданға аттанған. Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Бейбіт өмірде де белсенді еңбек етіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің өркендеуіне үлес қосқан. "Қызыл жұлдыз", І, ІІ дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" ордендері мен бірнеше медальдың иегері, елдің батагөй ақсақалы.Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге, қатары сиреген қарт майдангерлерге құрмет көрсетуге ерекше мән берілуде.Аймағымызда Жеңіс күнін атап өтудің іс-шаралар жоспары бекітілді. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, оларға теңестірілген ардагерлер мен соғыс жылдары кемінде алты ай еңбек еткен тыл ардагерлеріне төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері жыл сайын артып келеді. Бүгінде Қазалы және Сырдария аудандарында 2 ҰОС ардагері тұрады. Оларға 5 миллион теңгеден берілсе, тыл еңбеккерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер мен мүгедектерінің төлемі 40 АЕК-тен 50 АЕК-ке ұлғайтылды.Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/993173?lang=kk
Ардақты азаматтарға құрмет көрсетілді 12.05.2025
Еңсесі биік ел іргесі мен келешек ұрпақ жолының әрдайым ашық болуын тілейтін, елімізді тұтас бірлікке үндейтін аға буындарымыз қашан да құрметке лайық. Осыған орай, аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы ауданының Құрметті азаматтары Ерболат Ұзақбаев пен Қуанышбек Ахметовты 75 жасқа толған мерейтойларымен құттықтады.Сыр елінде абыройлы қызмет атқарып, ел мүддесін алдыңғы орынға қояр арда азаматтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған бұл жиын, адал еңбегімен халықтың ыстық ықыласына бөленген, өнегелі істердің ұйытқысы бола білген ардақты ағаларымыздың құрметіне арналды.Ерболат Ұзақбаев 1950 жылы 1 мамырда Қармақшы ауданында дүниеге келген.Алғашқы еңбек жолын 1974 жылы аудандық байланыс торабы бастығының орынбасарлығына тағайындалып, жауапты қызметтер атқарған.Қазіргі уақытта «Жосалы кенті ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Аудандағы медиаторлар тобының жетекшісі. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы. «Қазақстан Республикасының Құрметті байланысшысы» атағымен марапатталған.Ахметов Қуанышбек Ахметұлы 1950 жылы мамырдың 1 жұлдызында Қармақшы ауданы Жосалы кентінде дүниеге келген.Алғашқы еңбек жолын 1973-1977 жылдары аудандық ауылшаруашылық басқармасында аға зоотехник болып бастап, түрлі жауапты қызметтер атқарған. Еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының «Ерен Еңбегі үшін», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен және облыс, аудан әкімдерінің бірнеше мәрте алғыс хаттарымен марапатталған. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы.Аудан әкімі ардагерлерді мерейлі жасымен құттықтап, олардың ел мен өңір дамуына қосқан үлестерін ерекше атап өтті."Сіздердің еңбектеріңіз – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Ел ішіндегі ынтымақ пен бірліктің, тұрақтылық пен дамудың негізі – аға буын өкілдерінің даналығы мен парасаты," – деп, ардагерлерге естелік сыйлықтар табыстап, халқымыздың игі дәстүріне сай иықтарына шапан жапты.Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген құрмет үшін аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, елдің жарқын болашағы үшін еңбек етіп жатқан жастарға сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/993149?lang=kk
Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы 12.05.2025
Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады:1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды;2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады;4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық басқа да субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;5) мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеулер, оның ішінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді;7) бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/993153?lang=kk
Нағи Ілиясов ауылы газға қосылды 12.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылына газ қосу рәсімі өтті. Оған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Облыс әкімі тұрғындарды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен және ауылдағы ағайын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.«Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың мерекесі! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне жасаған жұмыс сапарында осы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, «Нағи Ілиясов басқа ауылдарға да үлгі болуы қажет. Сондықтан өзге облыстар да ауылдарды осылай дамытады деп ойлаймын», - деп жоғары бағасын берген болатын.Ауылды гүлдендіріп, өнімді еңбектің арқасында туған өлкенің дамуына тұрақты қолдау көрсеткен Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Абзал Ералиевтің еңбегін ерекше атап өткен жөн.Бұған дейін тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жаңа дәрігерлік амбулатория, "Еңбек аллеясы" ашылған еді. Қазір халыққа қалтқысыз қызмет етуде.Бүгін міне, мерейлі мереке қарсаңында Нағи Ілиясов ауылын газға қосу рәсіміне жиналдық. "Көгілдір отын" баршаңызға құтты, берекелі болғай!"- деді Н.Нәлібаев.Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтауын жеткізіп, ел ағасы, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев батасын берді.Рәсімнен соң оған қатысушылар ауылды аралап көрді. Оқу-ағарту министрі мектепке барып, білім ошағының жұмысымен танысты.Аймақта газдандыру жобаларына қаржы бөлініп, 330 шақырым газ желілері тартылды. Бүгінде өңірді газбен қамту деңгейі 78 пайызға жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 83 пайызға дейін арттыру жоспарланған. Бұған дейін де еліміздегі ең сәулетті, берекелі ауылдардың қатарында аталатын Нағи Ілиясов елді мекені"Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауының қорытындысымен де республикадағытуристік ауылдардың үздік бестігіне енді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/993138?lang=kk
Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді 12.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудан әкімі Жандос Еркінбек тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады. Ардагерлерге Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша берілген "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медальдар мен естелік сыйлықтарды табыс етті.Олардың қатарында сұрапыл соғыс кезінде тылда аянбай еңбек еткен 101 жастағы "Батыр ана" Райхан Оспанова, "Байланыс саласының үздігі" Әбдібек Лақбаев, жастық жалынын білім саласына арнаған Ұмсын Омарова және Вьетнам соғысына Қазақстаннан аттанған жалғыз қазақ Иса Бисенов бар.Аудан басшысы ардагерлердің өмір жолына, тылдағы еңбектеріне тоқталып, өскелең ұрпақ үшін бұл кісілердің өнегелі өмірі — тағылым мектебі екенін атап өтті.— «Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміз бейбіт күнге жетті. Тарих алдында, ұрпақ алдында Сіздерге қарыздармыз», — деді аудан әкімі ардагерлермен кездесу барысында.Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген ілтипат пен құрметке ризашылығын білдіріп, Президентке, аймақ басшысына алғыс айтып, елімізге тыныштық пен амандық тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/993139?lang=kk
Қр еңбек сіңірген жаттықтырушысы С.Қобландинді еске алуға арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті 12.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Қобландин Сұлтанбек Ибрагимұлын еске алуға арналған Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда облысының қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов және ардагерлер мен спортшылар қатысты.Аудан басшысы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, республикалық турнирдің маңыздылығына тоқталып өтті. — Спорт саласының дамуына, оның ішінде елімізде көгалдағы хоккейдің өсуіне өзіндік үлес қосқан азаматқа арнап турнир өткізу ауданда дәстүрге айналды. Сұлтанбек Ибрагимұлы көгалдағы хоккей спортымен айналысып, 1982 жылы Алматының «Динамо» командасының сапында Кеңес Одағының чемпионы және Одақтың кубок жеңімпазы атанды. Одан кейін көгалдағы хоккейден шәкірт тәрбиелеймен айналысып, Қызылорда облысының ерлер және әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы болды. Бүгінде КСРО спорт шеберінің тәрбиесін көрген шәкірттері ардақты азаматтың жолын жалғап, көгалдағы хоккейдің дамуына үлес қосып келеді. Халықаралық жарыстарда білікті жаттықтырушы тәрбиелеген спортшылар сан мәрте жарқын жетістіктерге жетті. Сондықтан Сұлтанбек Қобландиннің мемлекетіміздің, оның ішінде Сыр өңірі спортының өркендеуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырғанын көпшілік жақсы біледі. Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлық санаған. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Ауданда спорт саласын дамыту бағытында ғимараттар жаңартылып, барлық жағдай жасалып келеді. Бүгін республикалық турнирде спортшылар өз шеберліктерін ортаға салып, жақсы өнер көрсетеді деп сенемін, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.Сонымен қатар Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда облысының қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов және Сұлтанбек Қобландин туыстары атынан апасы Бибімария Маханова ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.Айта кету керек, жарысқа еліміздің түпкір-түпкірінен 11 команда 150-ге жуық спортшы қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/993057?lang=kk
"Отаным-айбарым, ер байрағым" атты салтанатты іс-шара өтті" 12.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария аударының Құрметті азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыров, тыл, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Жасұлан Шанкулов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.Аудан басшысы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Отан алдындағы адал қызметтің маңыздылығын атап өтті. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Бүгінде Қазақстанның шекарасын бүтіндеп, іргесін бекіттік. Біздің алдымызда тұрған маңызды міндет – осы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалу» деп атап көрсетті. Тамыры терең тарихымызда жауынгер рухты, жасампаз бабаларымыз бар ғұмырын ат үстінде өткізіп, ел іргесін күзетті. Отан қорғаушылар мерекесі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аталып өтеді. Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл. Осы жеңіс жолында қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында шейіт болды. Елге оралған жауынгерлер еңбек майданында ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Аға ұрпақ өздеріне жүктелген істі абыроймен орындады. Бүгінде ортамызда Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметі азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыров зор құрметке бөленіп келеді. Бізге бейбіт өмір сыйлаған аға буынға – өлшеусіз қарыздармыз. Отан қорғаушылар күнімен баршаңызды құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа береке тілеймін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Аудан әкімі бірқатар тыл ардагердерін «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік награсымен және Алғыс хатпен марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Сонымен қатар, бірқатар әскери қызметкерлер, қорғаныс саласында және аудан дамуна еңбек етіп жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Жасұлан Шанкулов Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровқа ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың арнайы құттықтауы мен мерекелік сыйлығын табыс етті.Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Облысқа, ауданға танымал әншілер рухты әндер шырқап, жас өрендер әскери-патриоттық қойылымдарын ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/993072?lang=kk
Төрт аяқты жүлдегерлер: Ұлттық ұланның қызметтік иттері халықаралық көрмеде ерекшеленді 12.05.2025
Алматыда Польша Республикасынан судья-сарапшы тарта отырып, "Элита ДОСААФ” қоғамдық бірлестігі” кинологиялық клубының ұйымдастыруымен "Көктемгі кездесулер — 2025" атты түрлі тұқымды иттердің халықаралық көрмесі өтті. Көрмеге 28 тұқымды қамтыған 230-дан астам иттер мен күшіктер қатысты.Көрмеде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6654 әскери бөлімінің кинологиялық орталығы бес қызметтік иті бақ сынады. Олардың әрқайсысы құқықтық тәртіп әскерлерін лайықты таныстырды және елеулі нәтижелерге қол жеткізді:Скот — аға сержант Шыңғыс Жолдыбаевтың қарамағындағы бельгиялық овчарка (Малинуа) "Ересек иттер" санатында 4-ші орынды тұрақтап, “CAC” атағын иеленді;Хайна — кіші сержант Дастан Туниязовтың иелігіндегі бельгиялық овчарка (Малинуа) "Жасөспірімдер" санатында төртінші орынға табан тіреп, "Өте жақсы" деген бағамен халықаралық асыл тұқымды өсіруге рұқсат алды;Адамс — 3 сынып сержанты Берік Дүйсенеевке бекітілген голландиялық овчарка үздіктер үштігіне енді, "САС" атағын иеленіп, Халықаралық сұлулық чемпиондары титулына үміткер және "Элита ДОСААФ" қоғамдық бірлестігі” клубының чемпионы болды;Шейх — сержант Павел Графкиннің қамқорлығымен бельгиялық овчарканың күшігі "Baby" санатындағы тұқымның ең үздік өкілі деп танылды. Сайыс қортындысында “Өте жақсы" деп бағаланып, үшінші орынға ие болды;Carla trip Benasi — сержант Алексей Мешковтың қарауындағы Малинуа түріндегі бельгиялық овчарка "Ардагерлер" санатында абсолютті жеңіске жетті. Ол Қазақстан мен Польша Республикасының чемпионы, клуб чемпионы және барлық тұқымдар арасында ардагерлер санатындағы көрме чемпионы атанды. Сондай-ақ, “CAC", "CACIB" атақтарын және сұлулық чемпионы атағын қоса иеленді.Жеңімпаздар клуб дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Ұландық кинологтар баптаған қызметтік иттердің жоғары нәтижелерден басқа, Кинологиялық орталықтың асыл тұқымды иттерінің клубы құрамында халықаралық асыл тұқымды өсіруге ресми түрде рұқсат алуы — көрменің маңызды нәтижесі болды.— Мұндай көрмелерге қатысу — біз үшін асыл тұқымды иттердің селекциялық жұмысын сапалы жүргізу тұрғысынан жаңа мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, Ұлттық ұланның кинологиялық қызметін одан әрі дамытуға ықпал етеді және оның кәсіби беделін арттырады, - дейді кинологиялық орталықтың бастығы подполковник Альмир Файласов.Айта кету керек, мұндай іс-шаралар әскери бөлімшелердің имиджін нығайтады, әскери кинологтардың кәсібилігін және қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жүйесіндегі қызметтік кинологияның маңыздылығын көрсетеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/993042?lang=kk
Заңсыз темекі жеткізудің трансұлттық схемасы әшкереленді: сот 8 жылға бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу үкімін шығарды 12.05.2025
Семей қаласында заңсыз темекілерді ірі көлемде заңсыз айналымға түсірген трансұлттық топтың 3 мүшесіне қатысты айыптау үкімі шығарылды.Тергеу барысында 8 адам, оның ішінде 3 шетел азаматын қамтыған қылмыстық топтың Қырғызстаннан жалған құжаттар арқылы 9,3 млн қорап контрафактілік темекіні заңсыз кіргізгені анықталды.Темекі өнімдері Алматы, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарының аумағында сатылған. Сонымен қатар, қылмыскерлер контрафактілік тауардың бір бөлігін Ресейге шығармақ болған.Барлық заңсыз өнім айналымнан алынып, төленбеген акциз сомасы 2,6 млрд теңгені құрады.Мүлікті тәркілеу мақсатында 9 автокөлік пен жеке тұрғын үйге тыйым салынды.Сонымен қатар, тергеу барысында сот қылмыстық жолмен алынған мүлікті алдын ала тәркілеу туралы өтініштерді қанағаттандырды: 157 мың АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша және құны 840 мың теңге тұратын «777» VIP автонөмір тәркіленді.Сот үкімімен Д.Бекешев, Д.Сатыбалдиев, Д.Султанов ҚР ҚК 264-бабының 2-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысу), 214-бабының 2-бөлігі 1) және 3) тармақтары (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді және 166 млн теңге тұратын барлық тәркіленген мүлікті мемлекет меншігіне алынды.Қалған 5 қатысушыға халықаралық іздеу жарияланған. Олардың бірі Ресей Федерациясы аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы өтініш тиісті органдарға жолданды.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/993008?lang=kk
2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері 12.05.2025
Ұлттық статистика бюросының болжамды деректеріне сәйкес, еліміздің 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары.Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6%-ды құрады. Экономиканың негізгі салаларында: көлікте (22,4%), саудада (7%) даму қарқынының артқаны байқалады. Өсім ауыл шаруашылығы (3,9%) және байланыс (2,6%) салаларында да тіркелді.Көлік саласындағы өсім саланың жалпы көлеміндегі үлестері тиісінше 20,5% және 19,6%-ды құрайтын темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Жоғары динамика Түркістан (21,8%), Жамбыл (11,2%) және Абай (14,9%) облыстарында тіркелді.Құрылыс саласында нақты жұмыс көлемінің индексі 16,2%-ды құрады. Сонымен қатар құрылыс кезеңін ескере отырып, жұмыстарды орындау қарқынын арттыру және жобалар құнының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жерлерде қажетті үйлестіруді қамтамасыз ету тапсырылды.Сауда саласы бірінші тоқсандағы 6,3%-ға қарағанда 7% тұрақты өсуді көрсетті. Көтерме сауда көрсеткіші 7,4%-ға, бөлшек сауда көрсеткіші 6,1%-ға дейін өсті. Бірқатар өңірлер: Түркістан облысы – жемістерді, көкөністерді, фармацевтикалық тауарларды сататын кәсіпорындар есебінен 60,4%; Ақмола облысы – астықты, тұқымдарды және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында 44%; Шымкент – дизель отынын, фармацевтикалық тауарларды, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарды сататын кәсіпорындар есебінен 19,8%-ға жоғары өсімді көрсетті.Өнеркәсіпте өндіріс индексі 6,4% жетті. Өсім тау-кен секторында – 7,1%, атап айтқанда көмір өндіруді ұлғайту есебінен (11,2%) байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш 7,2% құрайды, оның ішінде тамақ өнімдерін өңдеу (12%), темекі өнімдерін (26,3%), химиялық өнімдерді өндіру (11,2%) және машина жасау (11,2%).Ауыл шаруашылығы оң динамиканы көрсетуде. Жалпы өнім индексі қаңтар-сәуір айларында 3,9%-ды құрады.Үкімет Президенттің еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының сапалы іске асырылуын бақылауда ұстайды.https://t.me/presseconomyАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/993129?lang=kk
Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары қалпына келу үшін eGov.kz порталы арқылы онлайн өтінім бере алады 12.05.2025
Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына қайта түсу үшін үйден шықпай-ақ өтініш бере алады. Ол үшін eGov.kz порталы арқылы өтінім беру жеткілікті. Қызмет тегін көрсетіліп, кемінде бір семестр оқуды аяқтағандарға қолжетімді болады.Бұрын қалпына келтіру процедурасы күрделі болып, жеке қатысуды талап ететін. Үміткерлер оқу орнына өтініш беріп, жеке куәлік, транскрипт, қызмет орны сипаттамасы, фотосурет, әскери куәлік көшірмесі және басқа да құжаттарды қамтитын кең пакетті жинауы керек еді.Енді процесс жеңілдетілді: онлайн түрде өтініш беріп, қажетті құжаттардың көпшілігі мемлекеттік деректер базасынан автоматты түрде жүктеледі. Оқу орнынан шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде ғана өтініш беруге болатынын айта кету керек. Егер бұл мерзім аяқталса, оқу орнында қалпына келтіру мүмкін болмайды.Көрсетілетін қызметті алу үшін:eGov.kz порталында тіркеліп, «Азаматтарға» - «Әскери есепке алу және қауіпсіздік» - «Әскери қызмет» бөліміне өту керек;«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қалпына келтіру» көрсетілетін қызметін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басуы тиіс;оқу орнын таңдап, оқудан шығарылғаннан бері қанша уақыт өткенін көрсетіп, жеке деректерін пайдалануға келісім беруі тиіс;тұратын мекенжайын көрсетіп, құжаттарды қосуы тиіс;қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен өтінішке қол қоюға тиіс;қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.Өтінімді қарау мерзімі 20 жұмыс күнді құрайды. Егер оң шешім қабылданса, нәтиже пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық форматта жіберіледі. Егер қалпына келтіру мүмкін болмаса, студент те дәлелді бас тарту хатын алады.Жаңа көрсетілетін қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ және ҚР Қорғаныс министрлігінің ынтымақтастығымен іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/993484?lang=kk
eLicense.kz порталында рұқсат беру құжаттарын автоматты түрде қайта рәсімдеу функциясы қолжетімді болды 12.05.2025
Қызметті алу үшін тек SMS-хабарламаны күтіп, оны растау қажет. Одан кейін барлық қажетті рәсімдерді жүйе автоматты түрде жүзеге асырады. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда пайдаланушылар порталдың қолдау қызметіне жүгіне алады.Автоматты түрде қайта рәсімдеу мына қызметтерге қолжетімді:Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу;Тұқым (түпнұсқалық, элиталық, бірінші, екінші және үшінші репродукциялар) өндірушілер мен өткізушілерді аттестаттау.Жаңартылған құжат қайта рәсімдеу процесі аяқталғаннан кейін бірден eLicense.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады. Бұл жаңашылдық өтініш берушілерге уақыт үнемдеуге және құжаттарды қайта жинап, тапсыру қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.Жаңа функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/995061?lang=kk
9 мамыр – Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштің ашылу салтанаты. 12.05.2025
Бастаушы ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Жеңіс шежресі - Мәңгілік даңқ” атты мерекелік іс-шара өтті. Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарға ізгі ниетін білдірді. Концерт барысында тыл ардагерлер мен Таулы Карабах соғысының ардагерлері құрметке ие болып, арнайы марапатталды. Сондай-ақ тыл ардагерлері Қартай Құдайбергенов пен аудан прокуроры Айдос Болатұлы жиналғандарды Жеңіс күнімен құттықтады. Іс-шарада аудандық мәслихат төрағасы Гүлнар Шаймарданова болды. ҰОС ардагерлерінің құрметіне орнатылған ескерткіштің салтанатты түрде ашылды. Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекелік концерт Бастаушы ауылының өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының ән-биімен жалғасты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/992952?lang=kk
Ұландық дзюдошы Астанада өткен Grand Slam чемпионатында қола жүлде иеленді 12.05.2025
Астанада өткен беделді халықаралық Grand Slam дзюдо турнирінде қазақстандық спортшылар Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан қола жүлдегер атанды. Екі балуан да 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жоғары техникалық шеберлік, жеңіске деген жігер мен қайсар рух танытты.Әсіресе Ұлттық ұланның спорттық командасын даярлау орталығының аға маманы (дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы), ефрейтор Мағжан Шамшадиннің жеңісі ерекше қуаныш сыйлады.Шамшадин шиеленісті белдесуде Франция өкілі Энцо Джинаны жеңіп, татамидегі мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.Аман Бақытжанның өнері де көрермендерді тәнті етті — ол әлем чемпионатының жүлдегері, Оңтүстік Кореялық Харим Лиді сенімді түрде ұтып, қола жүлдеге қол жеткізіп қана қоймай, жанкүйерлердің зор құрметіне ие болды.Grand Slam турнирі — әлемнің ең үздік дзюдошыларын жинайтын айтулы дода.Қазақстандық балуандардың қола жүлделері ұлттық құраманың қоржынына қосылған маңызды жетістік болды және еліміздің спортшыларының халықаралық аренада жоғары деңгейде дайындығын, бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжанды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз! ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/992904?lang=kk
Канадада Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі UFC 315 жекпе-жегінде жеңіске жетті 12.05.2025
Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі аға лейтенант Бекзат Алмахан сәтті өнер көрсетті.Канадалық спортшымен болған жекпе-жекте Бекзат Алмахан 33 жастағы Брэд Катонды техникалық нокаутпен жеңді. Үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы кездесу небәрі 64 секундта Алмаханның пайдасына  шешілді.Бекзат Алмахан өзіне сеніп артып, қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғысын жеткізді. Спорт және туризм академиясының түлегі, 27 жастағы Бекзат Алмахан — ұлттық жекпе-жек түрлерінен Азия және әлем чемпионы. Қазір оның есебінде 12 жеңіс пен 2 жеңіліс бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992910?lang=kk
Ақтауда жас теңізшілер Отанға адал болуға ант берді 12.05.2025
       Теңізшілердің қаласында Әскери ант беру рәсімі өтті.       Әскери-теңіз күштерінің 169 жас матросы үшін бұл рәсім – өмірлеріндегі маңызды оқиғаға айналып, олардың Отанға қызмет етуге және оның теңіз шекараларын қорғауға дайындығын білдіретін нышан болды.       Салтанатты шара Мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Рәсімге қатысушылар ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, оларға құрмет көрсетті.Іс-шараға ҚР Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы вице-адмирал Серік Борамбаев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің Ақтау және Маңғыстау облысы бойынша төрайымы Гүлмира Жанысбаева, сондай-ақ ата-аналар қатысты.       – Әскери ант – бұл жай ғана сөз емес, бұл – жауапкершілік пен жауынгерлік ерліктің жолы. Сіздерге ел шекарасын қорғауда батылдық пен табандылық тілеймін. Халық сенімін абыроймен ақтайтындарыңызға сенемін, – деді ҚР Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы вице-адмирал Серік Борамбаев.       Шараға әскери-теңіз күштері оркестрі орындаған патриоттық шығармалар мен матростар дайындаған концерттік бағдарлама мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қонақтарға ерекше әсер қалдырған – қарумен саптық жүріс және жауынгерлік өнер элементтері көрсетілген көрнекі өнер көрсетулер болды.       – Сіздердің жетістіктеріңіз – ата-аналар үшін үлкен қуаныш. Отан қорғау жолыңыз жарқын болсын, қызметтеріңіз абыройлы болсын, – деп Атырау қаласынан келген матростың анасы Армангүл Қыдырбаева ұлын мақтан тұтатындығын айтты.Бұл салтанатты рәсім жас матростардың әскери қызметтегі алғашқы маңызды қадамы болып, олардың патриоттық рухын күшейтіп, сенім сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992916?lang=kk
Көңіл толқытар қуаныш пен жүрек жылуы: Ақтауда Аналар күніне арналған концерттік бағдарлама өтті 12.05.2025
    Аналар күні қарсаңында Ақтау қаласындағы Мұрат Өскенбаев атындағы облыстық филармонияда «Ана жүрегі – сарбаз рухы» атты мазмұнды мерекелік шара өтті.        Іс-шараны ұйымдастырушы – «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитеті, ал қатысушылар – Ақтау гарнизонының түрлі бөлімшелерінен келген әскери қызметшілер болды.       Мереке Әскери-теңіз күштері мен Шекара қызметінің матростарын, теңіз жаяу әскерінің мерзімді қызметтегі сарбаздарын, авиациялық база мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының және Ұлттық ұланның сарбаздарын біріктірді. Залда жүздеген ана мен сарбаздың жақындары жиналды. Көпшілігі үшін бұл – ұлдарымен қауышқан көптен күткен кездесу болды. Қуаныш жасы, құшақтасу мен жүректен шыққан жылы лебіздер ерекше мейірім мен ризашылыққа толы атмосфераны қалыптастырды.       Жиналғандарды Ақтау гарнизонының бастығы, әскери прокурор, қорғаныс істері және әскери полиция департаменттерінің басшылары, әскери бөлім командирлері мен «Аналар жүрегі» комитетінің төрайымы Гүлмира Жанысбаева құттықтады.       «Ана жүрегі – мейірім мен махаббаттың нышаны, ал сарбаз рухы – Отанға деген адалдықтың белгісі. Бұл күн қос ұлы құндылықты біріктірді», – деді ол өз сөзінде.       Мерекелік көңіл-күйді әскери қызметшілердің өздері дайындаған концерттік бағдарлама одан әрі жандандыра түсті. Сарбаздар орындаған патриоттық өлеңдер, музыкалық нөмірлер мен театрландырылған қойылымдар көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.       Аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Әскери бөлім командирлері ұлдарын лайықты тәрбиелегендері үшін ата-аналарға алғыс хаттар табыс етті. Бұл – барша көрерменнің көңілін толқытқан, жүректі тебіренткен сәт болды.«Ана жүрегі – сарбаз рухы» іс-шарасы ананың күш-жігері, төзімі мен махаббатына деген зор құрметтің жарқын үлгісі болып, отбасы мен әскери қызметтің, бейбітшілік пен парыздың ажырамас байланысын айқын көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992918?lang=kk