Enbekshi QazaQ

Әлем

Белградта Қазақстан-Сербия Үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысына дайындық мәселелері талқыланды 09.05.2025
Белград, 2025 жылғы 6 мамыр – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Премьер-министрінің орынбасары – Ішкі істер министрі Ивица Дачичпен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сербия үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысына дайындық мәселелерін талқылады.Инфрақұрылымдық жобалар мен іскерлік әріптестік саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды арттыру жөнінде пікір алмасты. М.Атамқұлов алдағы кездесудің экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін маңыздылығын атап өтті.Серб министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары барысында (2024 жылғы 18-19 қараша)  сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша жұмысты жалғастыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізудің маңыздылығын атап өтіп, серб тарапының ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.Тараптар ҮАК-тың келесi отырысының дайындық жұмыстарын үйлестіру қызметін жалғастыруға келісті. Қазақ дипломаты Серб əріптестері тарапының қолдауына ризашылығын білдірді жəне Қазақстанның өңірлік жəне халықаралық денгейде ынтымақтастығын кеңейтуге дайын екендігін қайта сендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/990992?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Франциямен өзекті ынтымақтастық мәселелері талқыланды 09.05.2025
Астана, 2025 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.Сұхбат барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-француз ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.Сұхбаттастар атқарылған жұмыстарды қорытындылап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашада Францияға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды және уақытылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.Өз тарапынан Р.Василенко «дипломатиялық қарым-қатынастардың 33 жылы ішінде Қазақстан мен Франция екіжақты ынтымақтастықты «нығайтылған стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеруге қол жеткізе алып, бұл Астана мен Париж арасындағы ынтымақтастықтың бар әлеуетін дамытуға өзара қызығушылықты көрсететініне» назар аударды.Энергетика, оның ішінде ядролық және жаңартылатын энергия көздері, сирек кездесетін металлдар, көлік және логистика, денсаулық сақтау, туризм, білім беру ынтымақтастықтың басым перспективалы бағыттары ретінде белгіленді.С.Гиогенің айтуынша, 2024 жылы Қазақстандағы Франция Елшілігі еліміздің азаматтарына 17 мыңнан астам виза берді. Аталған көрсеткіш 2023 жылғы салыстырғанда 40%-ға артық. Сонымен қатар қазіргі уақытта екі ел арасында 20 жуық дуальді білім беру бағдарламасы бар. Сонымен бірге көптеген француз университеттері Қазақстанды Орталық Азияның басқа елдерімен ынтымақтастығын ілгерілететін хаб ретінде қарастырады.Сонымен қатар кездесуде түрлі деңгейдегі бірлескен шаралар және екіжақты сапарлар кестесі, сондай-ақ ү.ж. 28 мамырда Астана халықаралық форумы қарасанында өтетін «Француз күні» қазақ-француз форумының ұйымдастырылуы талқыланды. Өтетін іс-шара энергетика және сирек жер металдары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және қалалық инфрақұрылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.Бұған қоса тараптар бір-бірін келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, С.Гиоге 8 мамыр күні Астанадағы Шарль де Голль ескерткіші алдында Францияны азат етуге қатысқан қазақстандық партизандарының құрметіне арналған мерекелі шарасы туралы хабардар етті.Кездесу соңында тараптар Астана мен Париж арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету мен байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.Анықтама: Франция – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2024 жылғы екіжақты сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 31%-ға өсіп, 5,5 млрд АҚШ долларын құрады (экспорт – 3,6 млрд, импорт – 1,9 млрд). Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 4,2 млрд долларға жетті (экспорт – 3 млрд, импорт – 1,2 млрд), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7%-ға жоғары (4 млрд). Францияның Қазақстан экономикасына инвестициясының көлемі 20 млрд доллар құрады. Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 200 астам компания жұмыс атқаруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/990949?lang=kk
Қазақстан мен Иордания Ақабада логистикалық және инвестициялық серіктестік талқылады 09.05.2025
Ақаба, 2025 жылғы 5 мамыр – Жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Ақабадағы Арнайы экономикалық аймақ пен Ақаба теңіз портына іссапармен барды.Сапар барысында Ақаба порттарын пайдалану және басқару компаниясының Бас директоры Махмуд Әл-Халифатпен кездесу өтті. Тараптар порттың логистикалық мүмкіндіктерін, соның ішінде жүктерді жеткізу мерзімдерін, транзиттік маршруттарды, мультимодальды тасымалдауларды, тарифтік саясатты және қызмет көрсету шарттарын талқылады.Сол күні Ақаба арнайы экономикалық аймағы басқармасының (ASEZA) бас комиссары Найеф Әл-Файезбен кездесу өтті. ASEZA инвестициялық басымдықтары, іске асырылып жатқан жобалар, инвесторларды қолдау шаралары, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және көлік-логистикалық ортаны жақсарту жөніндегі стратегиялық жоспарлар басты назарда болды.Сапар қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жандандыру және Ақаба теңіз порты мен Қазақстан порттарының бірі арасында екіжақты құжатқа қол қою мүмкіндігін пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/990964?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Мұраға қалдырылған жинақтарды БЖЗҚ-дан қалай алуға болады? 09.05.2025
Зейнетақы және нысаналы жинақтар (ҚР кәмелетке толмаған азаматтарына "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде есептелетін) – БЖЗҚ-да шоты ашылған жеке тұлғаның меншігі. Тиісінше, бұл жинақтар мұраға беріледі.  Бұл ретте мұраға беру құқықтары күшіне енгенге дейін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылуы мүмкін. Оның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде, бірақ қайтыс болған адамның шотындағы қаражаттан аспауы керек. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем іске асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның шотындағы жинақтардың қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлеммен бірге беріледі.Жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған жинақ сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен мұраға беріледі.Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) заңнамасында нысаналы жинақтар есебінен жерлеуге арналған төлем көзделмегенін ескерткіміз келеді.ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес мұраға қалдырылған зейнетақы және (немесе) нысаналы жинақтарды алу үшін мұра ашылған жер бойынша нотариусқа немесе заңмен уәкілеттік берілген лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш беруге тиіс. Мұны мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде жасау керек екенін ескерген жөн.            Сонымен қатар, жинақтарды мұраға қалдыру рәсімін оңайлату, сондай-ақ ҚР Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата және БЖЗҚ арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру үшін "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі" (БНАЖ) мемлекеттік ақпараттық жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы шарт жасалды. Шартқа сай, 2019 жылғы ақпаннан бастап нотариустар БНАЖ-да тіркелген мұрагерлік іс бойынша жазбаша сұраныс жібермей-ақ, қайтыс болған адамның шотындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді алу үшін БЖЗҚ-ға онлайн сұрау сала алады. Бұл мұраға құқық туралы куәлік ресімдеуді оңтайландырды. Мұрагер мұрагерлік құқығы туралы куәлікті алғаннан кейін БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне қажетті құжаттар пакетін ұсынуға құқылы. Жеке өтініштен басқа, мұрагерлік төлемдерді алуға арналған құжаттарды сенім білдірілген тұлға арқылы немесе пошта арқылы беруге болады.                     Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттар, оның ішінде БЖЗҚ-да жинағы бар және ҚР тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болғандығы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің түпнұсқасымен сәйкесетінін, өтініштегі төлем алушының қойған қолының шынайы екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер, сенімхат куәліктері шет мемлекетте жасалса, онда бұл құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылып, заңдастырылуы тиіс. Бұған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайлар жатпайды.            Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушы немесе БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамның мұрагері шетелдік, оның ішінде мұрагердің сенім білдірілген адамы/алушының заңды өкілі болатын болса, онда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, БЖЗҚ-ға алушының/сенім білдірілген адамның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ретінде мемлекеттік не орыс тіліне аударылған, қажет болған жағдайда нотариат куәландырған және заңдастырған шетелдік паспорт ұсынылады.            Қажетті құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін БЖЗҚ заңнамада белгіленген мерзімде зейнетақы жинағы төлемдерін жүзеге асырады.            Қайтыс болуына байланысты (жерлеуге немесе мұрагерлерге) төлем тағайындау туралы өтініштерді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесімен Қордың веб-сайтында танысуға болады. Сондай-ақ, мұрагерлердің жинақ алу үшін құжаттарды тапсыру рәсімі БЖЗҚ youtube арнасында да жарияланған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/990967?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Тәжікстан Республикасы делегациясының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ сапары 09.05.2025
2025 жылғы 24-25 сәуірде Тәжікстан Республикасы делегациясының (бұдан әрі – ТР) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) танысу сапары өтті.  Іс-шара Дүниежүзілік банктің қолдауымен өтті.Делегация құрамында ТР Үкіметі жанындағы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі (ӘСЗА), ТР Президенті жанындағы инновация және цифрлық технологиялар агенттігі (ИЦТА), ТР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Әлеуметтік қорғау мен экономикалық интеграцияны жаңғырту жобасын" жүзеге асыру тобының өкілдері болды. Кездесуге ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты. Құттықтау сөзінде "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов кездесуге қатысушыларға Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтып, оның негізгі компоненттері туралы баяндады және екі ел мамандарының нәтижелі ынтымақтастығына сенім  білдірді.Өз кезегінде тәжік делегациясының басшысы – ТР ӘСЗА директоры Абдурахмон Халимзод қазақстандық әріптестеріне зейнетақы жүйесін құрудың озық тәжірибесімен және оны цифрландыру деңгейімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты. Ол цифрлық технологияларды өмірдің барлық салаларына, әсіресе зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласына енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл қазіргі уақытта Тәжікстандағы басым стратегиялық міндеттердің бірі екенін атап өтті.Семинар барысында Душанбе қаласындағы ӘСЗА басқармасының бастығы Усмонали Сироджов ТР әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі туралы айтып берді. Қазір Тәжікстанда ерлер 63, әйелдер 58 жасында зейнетке шығады. Зейнетақы төлемдері елдегі орташа өмір сүру ұзақтығына сәйкес 180 айға (15 жыл) есептелген. Сақтандыру және Мемлекеттік зейнетақы жасына, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалады. Сақтандыру зейнетақысы сақтанушылар сақтандырылған адамдар үшін төлеген зейнетақы жарналарынан тұрады (мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысының 25%, мемлекеттік емес мекемелер 20%). Сондай-ақ, зейнетақы әкесінен немесе анасынан айырылған 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады.Тәжікстандық топ Қазақстанның зейнетақы жүйесімен танысу, оның жинақтаушы компоненттеріне ерекше назар аудару, сондай-ақ еліміздің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін цифрландыру саласындағы озық тәжірибесімен танысу үшін келді.Тәжік делегациясына Қазақстандағы әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, атап айтқанда жинақтаушы компонент туралы кешенді ақпарат ұсынылды. Зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту, жеке зейнетақы шоттарын әкімшілендіру, зейнетақы төлемдерінің түрлері сынды тақырыптар таныстырылды, Зейнетақы жинақтарын инвестициялау мәселелері ашылды.  Бұл ретте осы бағыттарды іске асыруда цифрландырудың рөліне, кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, БЖЗҚ және Қазақстанның жинақтаушы жүйесінің басқа да қатысушылары (уәкілетті операторлар (ЕДБ), инвестициялық портфельді басқарушылар және өмірді сақтандыру компаниялары және т.б.) ұсынатын онлайн-сервистерді дамытуға ерекше назар аударылды. Заманауи технологияларды дамытудың және ақпараттық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтай отырып, мемлекеттік құрылымдардың дерекқорларымен тығыз ықпалдасудың арқасында БЖЗҚ халыққа көрсететін барлық қызметтер цифрландырылды. Цифрландыру Қазақстанның зейнетақы және әлеуметтік жүйесін неғұрлым ашық, ыңғайлы және икемді, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары үшін пайдаланушы тәжірибесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұны Тәжікстанның әлеуметтік ұйымдарының мамандары, сондай-ақ Дүниежүзілік банк өкілдері атап өтті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).        Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/990971?lang=kk
Алматыда «Метрополитен» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселесі талқыланды 09.05.2025
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Алматы қаласы әкімдігінің «Метрополитен» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті.Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасы, сондай-ақ «Метрополитен» ШЖҚ КМК басшылығы мен ұжымы қатысты.Кездесу барысында бұрын анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібімен енгізілген ұсыныс қаралды.Аталған тәуекелдерді жою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан «Метрополитен» ШЖҚ КМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған ұсыныстар енгізілді.Атап айтқанда, ҚР Үкіметіне «Қалалық рельстік көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныс енгізу, мемлекеттік сатып алулар саласындағы «Метрополитен» қызметіне ведомстволық бақылауды күшейту, қалалық рельстік көлік құралдарының қосалқы бөлшектерінің қауіпсіздігін зерттеу әдістемесін әзірлеу мәселесін қарастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізу ұсынылды.Кеңес соңында қатысушыларға қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жеткізілді.Сонымен қатар, Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы негізінде «Метрополитен» ШЖҚ КМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою шаралары туралы, оның ішінде ҚР Үкіметіне қалалық рельстік көлік саласында жеке заң жобасын әзірлеу не «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңына жеке тарау енгізу жөніндегі ұсынысты енгізу мәселесін пысықтау бойынша түсініктемелер берді. # Заң_мен_жоғары тәртіп# Заң мен тәртіп Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/990980?lang=kk
Польшаның Ұлттық мерекесі 09.05.2025
2025 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Польша Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдауға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Польша арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Польша арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1108101?lang=kk
Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу 09.05.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының  қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың төрағалығымен Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығының психологы Әсел Базарбаеваның қатысуымен «Құмар ойындарға тәуелділік, лудомания» тақырыбында семинар өткізілді.         Лудомания–бұл адамның физикалық, психологиялық, қаржылық немесе әлеуметтік әл-ауқатына теріс әсер еткеніне қарамастан, құмар ойындарға деген қажеттіліктен зардап шегетін тәуелділік.      Біздің міндетіміз – мемлекеттік қызметкерлер арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу. Біз осындай жағдайлардың алдын алуға назар аударамыз және қызметкерлерге мұндай қатысудың құқықтық салдары туралы ескертеміз, деп атап өтті Мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасары Бауыржан Шәйкенов.Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/990936?lang=kk
Мерекелік көңіл-күймен! 09.05.2025
Мереке қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Әйелдер ұжымы атынан ер-азаматтарды Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова құттықтады.Бұл мереке – барлық жауынгерлерінің ерліктері мен қаһармандығы үшін ерекше алғыс, Отанымызды қорғап, оның гүлденуі жолында еңбек етіп жүргендердің барлығына алғыстың белгісі.Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмулдин шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін ұжымның әдемі жартысына алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына табыс тілеп, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін күзететін абыроймен атқара беруіне тілектестік білдірді.Шара мерекелік концертпен аяқталдыМереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/990944?lang=kk
Құрметті жайдарман сүйер қауым! 09.05.2025
Құрметті жайдарман сүйер қауым!Сіздерді республикалық Жетісу аймақтық лигасына шақырамыз!Ерекше әзілдер және шынайы эмоция!Жаңа командалармен танысып, бірінші болып бағалаңыз7-8 мамырУақыты: 18:00Өтетін орны: І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайыКіру тегін Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/990946?lang=kk
2025 жылғы 29-30 мамырда Қазақстан елордасында Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді 09.05.2025
Форум жаһандық сын-қатерлер мен геосаяси шиеленістер жағдайында мемлекетаралық ынтымақтастық пен дипломатияға жәрдемдесудегі өз миссиясын жалғастырып жатыр.Форумды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашады.Ұйымдастырушылар 39 панельдік сессия өтеді жоспарлап отыр.  Оның ішінде 10 эксклюзивті сессия жоғары дәрежелі қонақтармен және әлемдік көшбасшылардың жеке қатысуымен өтеді.Форум бағдарламасы «Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік», «Энергетика және климаттың өзгеруі», «Экономика және қаржы» деп аталатын  үш негізгі тақырыптан тұрады.Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік саласындағы әлемдік сарапшылар болашақ туралы пакт, сондай-ақ көпполярлы әлемдегі «орта державалар» саясатын, сондай-ақ Таяу Шығыстағы жаңа тепе-теңдікке апаратын жолдарды талқылайды.Айта кетейік, елші, Мюнхен қауіпсіздік конференциясының төрағасы (2022-2025 жж.) Кристоф Хойсген, Элькано корольдік институтының директоры Чарльз Пауэлл, Женева қауіпсіздік саясаты орталығының (Gcsp) атқарушы директоры Томас Гремингер аталған тақырып бойынша форумға қатысатынын растады.Энергетика және климаттың өзгеруі туралы панельдік сессияларда қатысушылар су және энергетикалық қауіпсіздікті, Орталық Азияның орнықты болашағын, климат саласындағы жаһандық іс-қимылдарды, инновациялық сын-тегеуріндерді талқылайды.Бұл тақырыптар бойынша Power International Holding компаниялар тобының төрағасының орынбасары, президенті және бас атқарушы директоры Рамез Әл-Хайят, Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA) бас директоры Франческо Ла Камера, Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасының мүшесі Лорд Фрэнсис Моуд, СОР29 президенті Мұхтар Бабаев сөз сөйлейді.«Экономика және қаржы» тақырыбы бойынша негізгі бағыттар: әлемдік сауданың болашағын анықтау, жасанды интеллект, жаһандық экономикалық қуатты қайта қарау, цифрлық активтер революциясы болады. Форумның қонақтары Berlin Global Dialogue негізін қалаушы және төрағасы Ларс-Хендрик Рёллер, Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа жөніндегі вице-президенті Патрик Уорнкинг, Министр-шетелдегі француз азаматтарының сыртқы сауда және істер жөніндегі делегаты Лоран Сент-Мартен, Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Кириакос Какорис болады.2025 жылғы Астана Халықаралық форумы - жаһандық диалог пен өзекті әлемдік проблемаларды талқылауға арналған негізгі алаң. Жобажаһандықсын-қатерлерді бірлесіпшешуүшінелдердібіріктіре отырып,мультилатерализмніңжаңадәуірінқалыптастыруғаықпал етеді. Іс-шараэкономикаға,климатқажәнемемлекетаралыққатынастарға бағытталған жаһандықөзгерістержағдайындахалықаралықынтымақтастықтынығайтуғабағытталған.Форум және оған қатысу мүмкіндіктері туралы толық ақпаратты мына сайттан табуға болады: https://www.astanainternationalforum.org/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/990927?lang=kk
«Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» облыстық байқауы өтті 09.05.2025
Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» атты облыстық байқауы өтті.Бұл байқаудың басты мақсаты – ұлт намысы мен рухын оятқан тұлғаны таныту, оның ерлігін, еңбегін ұрпақтар арасындағы рухани байланыс ретінде дәріптеу. Бауыржан Момышұлының батырлығын, тұлғалық қасиеттерін еске алып, оны бүгінгі жастарға үлгі ету.Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына биыл 115 жыл толып отыр.Кітапханамызда алғашқы рет ұйымдастырылған бұл байқау ІІІ кезеңнен тұрды:I кезең «Томаға киген тау бүркіт» бағыты бойынша қатысушыларБ. Момышұлының өлеңдерін жатқа оқыдыII кезең Оқылған шығармалардан қысқа көрініс қоюIII кезең «Дұрыс жауап» батырдың өмірінен және шығармашылығынан әр қатысушыға 5 сұрақтан қойылды.Байқауға Баймендинова Мадина  - С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директорның орынбасары, Жүнісов Мәжкен Талдықорған инновация колледжінің тарих пәні оқытушысы, Жолдасова Мақпал Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы, Рахимова Клара Талдықорған заң колледжінің тарих пәні оқытушысы және ақын Қалқаман Әбдірахман әділ қазылық етті. ІІІ кезеңнің қорытындысы бойынша  Қызырхан Ақерке І дәрежелі дипломмен, Салихат Аяулым ІІ дәрежелі , Бейсенгалиев Алдияр ІІІ дәрежелі дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталса басқа қатысушыларға алғыс хат табысталды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/990890?lang=kk
«Соғыстың сұрқы әйелге жат» /реквием/ 09.05.2025
Авторы – С.АлексиевичҚоюшы-режиссері – Б.ШамбетовБикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Ұлы  Жеңістің 80 жылдығына  орай  7-9  мамыр күндері сағат 19.00-де «Соғыстың сұрқы әйелге жат» қойылымы сахналанады. Екінші дүниежүзілік  – Ұлы Отан соғысы талай жанның ғұмырын қыршыннан  қиып,  толмас қасіретке жолықтырды. Елін сақтап қалу үшін, соңғы  демі  қалғанша  күрескен  ерлердің  қатарында нәзікжанды аруларымыз да қан майданда неміс фашисттеріне қарсы шайқасты.             С.Алексиевичтің «Соғыстың сұрқы әйелге жат» реквиемі соғыс даласында отан үшін отқа түскен әйел-қыздардың сан-қилы тағдырының тапталуы,  арман-мақсатының,  күн  сүйген келбетінің «күлге айналғаны» туралы сыр шертеді. Оқиға желісінің тартымды, сюжеті қызықты болғаны сонша  жиналған  көрермен қойылымды бір деммен тамашалайды. Спектакль соғыстың тек әйелдерге ғана емес, күллі ғаламға жат екендігі көрсетіледі.Ұлы мереке қарсаңында жүректі тербейтін, әйелдердің соғыс жайлы шынайы естеліктеріне құрылған бұл қойылымнан қапы қалмаңыз, көрермен! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/990904?lang=kk
Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ерлікке тағзым» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті 09.05.2025
7 мамыр – Отан Қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына орай Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ерлікке тағзым» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, мәдениет қызметкерлері мен студенттер қатысты. Шара барысында соғыс ардагерлеріне арналған жаңадан құрылған «Ерлік және Даңқ» залы мен «Отан қорғаушылар – ел тірегі» тақырыбындағы көрменің салтанатты ашылу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/990850?lang=kk
Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» атты тарихи сағат 09.05.2025
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» атты тарихи сағат өтті.Шара 1 минут үнсіздікпен басталып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтар еске алынды. Іс-шараны кітапханашы Айнаш Райқұлқызы жүргізіп, соғыс жылдарындағы қаһармандық пен отансүйгіштік жайында мазмұнды ақпаратпен бөлісті.Шара барысында қазақстандық ержүрек батырлар – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың өмір жолы мен ерлігі туралы мәліметтер беріліп, олардың қаһармандығы ерекше құрметпен еске алынды.Оқырмандар назарына соғыс тақырыбындағы әдебиеттерден құралған «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде мазмұнды әдебиеттер көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/990838?lang=kk
Отан қорғаушылар күнін Бейімбет Майлин ауданында мерекелік концертпен атап өтті. 09.05.2025
Салтанатты шара мереке қарсаңында 6 мамыр күні Елубай Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде өтті.Әскери киім киген азаматтар әрдайым өз халқына намыс, ерлік, батылдық, патриотизм және жанқиярлықпен қызмет етудің көрінісі болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы сахнаға салтанатты шығарылғаннан кейін әскери адамдарға, сондай-ақ салтанатқа келген көрермендерге аудан әкімі құттықтау сөз сөйледі. Бұл күні облыс әкімінің және аудан әкімінің құрмет грамоталарымен, сондай-ақ аудан әкімінің алғыс хаттарымен ауданның бірқатар тұрғындары марапатталды.Мерекелік шараның басты қонақтарын вокал шеберлері мен "Даймондс" хореографиялық ұжымы өз өнерлерімен қуантты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/990839?lang=kk
Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады 09.05.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады.«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады.Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын "Қалбатау – Майқапшағай", "Күрті – Қонаев", "Қызылорда– Жезқазған" және "Ұзынағаш – Отар" жолдарының реконструкциясы жалғасады.Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында "Жезқазған – Петропавл", "Мұқыр – Құлсары", "Қандыағаш – Ембі -Ырғыз", "Қостанай – Қарабұтақ", "Өскемен – Шемонаиха", "Өскемен-Рахман кілттері", "Орал –Атырау" жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/990840?lang=kk
Фискалдық чекті талап етіңіз – құқықтарыңызды қорғаңыз! 09.05.2025
Құрметті Павлодар облысы өңірінің тұрғындары! Тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшамен, картамен немесе мобильді қосымшалар арқылы төлем жасағанда міндетті түрде фискалдық чекті талап етіңіз!Бұл сіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғайды және салықтық ашықтықты қамтамасыз етеді. Чек не үшін қажет?Құқықтарыңызды қорғау. Чек сатып алуды растайды, ол тауарды қайтаруға, айырбастауға немесе шағымдануға мүмкіндік береді.Адал кәсіпкерлік. Чекті бермеу салықтық бұзушылықты білдіруі мүмкін, бұл ел экономикасына әсер етеді.Әлеуметтік бағдарламаларды қолдау. Сатудан түсетін салықтар зейнетақы, стипендия, жәрдемақыны қаржыландыруға жұмсалады. Чекті бермеу үшін жауапкершілікЗаңды бұзу үшін 20-дан 40 АЕК-ке дейін айыппұл көзделген. Мұқият болыңыздар!Егер сізге чек берілмесе, бұл туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлаңыз.Чекті талап етіңіз – мүдделеріңізді қорғаңыз және әділ бизнесті қолдаңыз! Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/990797?lang=kk
Салық төлеушілер үшін маңызды ақпарат. БКМ есебі СӘБЖ жаңа жүйесіне ауыстырылды 09.05.2025
СӘБЖ ақпараттық жүйесіне көшу шеңберінде бақылау-касса машиналарын (БКМ) тіркеу, мәліметтерді өзгерту және есептен шығару бойынша фискалдық деректер операторларымен (ФДО) өзара іс-қимыл функциялары жаңа жүйеге ауыстырылды. Бұл функция біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесінен (БСАЖ) шығарылып, келесі сегіз операторға қатысты тек СӘБЖ арқылы жүзеге асырылады: «Казахтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Jusan Mobile» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «IT ANALYTICS» ЖШС, «Smartcontract» ЖШС, «Бухта» ЖШС. Пилоттық жоба енгізілгеннен бастап, БКМ-ды тіркеу, өзгерістер енгізу және есептен шығару бойынша барлық әрекеттер тек СӘБЖ жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл ретте деректер БСАЖ жүйесімен синхрондалмайды, сондықтан салық төлеушілер тарапынан назар аударуды талап етеді. Осыған байланысты, ФДО арқылы БКМ есептен шығарылғаннан кейін, оны БСАЖ жүйесінен есептен шығару үшін салық төлеуші БКМ тіркелген жердегі мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) жүгінуі қажет. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/990784?lang=kk
Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары! 09.05.2025
Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары! Қымбатты Отан қорғаушылар!Сіздерді мемлекеттік мереке — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн — ерлік пен батырлықтың, абырой мен ар-намыстың символына айналған айтулы мереке. Ол еліміздің тыныштығы мен бірлігін нығайтуға өз еңбегімен және отаншылдығымен үлес қосып жүрген барша ер-азаматтарға деген алғыс пен құрметтің көрінісі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Отан қорғаушылар күні – тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, бүкіл халқымыз үшін маңызы зор мереке. Бұл күннің биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тойланып жатқаны да ерекше мәнге ие.Бүгін біз тыл еңбеккерлерімен, әскери қызметшілермен, офицерлермен, Чернобыль апаты мен Семей полигонындағы зардаптарды жоюға қатысқандармен және ел алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарымызбен мақтанамыз. Сіздердің арқаларыңызда біз бүгінде бейбіт өмір сүріп, ұрпақ тәрбиелеп, болашаққа сеніммен қараймыз. Сіздер — жас ұрпаққа үлгі болған нағыз қаһармандарсыздар.Сондай-ақ, өз елінің тарихына құрметпен қарап, аға буынның жолын жалғастыруға дайын жас патриоттарымызды да атап өткім келеді. Қазақстанның болашағы — сіздердің қолдарыңызда, біз сіздерге сенеміз!Құрметті жерлестер!Тағы да баршаңызды ел тарихындағы маңызы зор мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн бейбітшілік пен тұрақтылықтың қадірін еске салып тұрсын. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас күш-қуат, рух мықтылығы және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!Аудан әкімі                                                                      Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/990691?lang=kk