Әлем
Қонаев қаласы жаңа мүмкіндіктер кезеңіне қадам басты 09.05.2025
2022 жылдан 2024 жылға дейін Қонаев қаласында қалалық ортаны жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. 29 шақырым жол жөнделіп, 72,7 шақырым электр беру желілері мен 26 шақырым су құбыры тартылды. 65 нысан абаттандырылды, оның ішінде орталық саябақ, көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары бар. 48 тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырлары, 10 шақырым апатты кәріз желілері және 2,4 шақырым жылу жүйелері жөнделді.Облыс орталығындағы өмір сапасын арттыру үшін «Smart Qonaev» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Қала бойынша 308 қоғамдық бейнебақылау камерасы орнатылды. iQonaev электрондық жобасы, жолақы төлеу жүйесі және Бірыңғай төлем құжаты енгізілді. Сондай-ақ, Бірыңғай байланыс орталығы, «Ақылды жарықтандыру», «Ақылды қиылыс», «Ақылды бағдаршамдар», «Төтенше жағдай түймелері» жобалары іске асырыла бастады.Бұл жетістіктер мемлекеттік қызметшілердің үйлесімді әрі тынымсыз еңбегінің, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың және өңір тұрғындарының белсенділігінің нәтижесі болды.2025 жылдың сәуірінде жаңа абаттандырылған жағажай пайдалануға берілді. Бұрын Қапшағай су қоймасы бойындағы жағажай қараусыз, жарақталмаған еді. Енді бұл — балалар мен спорттық алаңдары, субұрқақтар, орындықтар мен суға ыңғайлы түсу жолдары бар заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Бұл жобаға «Freedom Life» өмірді сақтандыру компаниясы қолдау көрсетті.Жұмыстар 2024 жылдың жазында басталып, қаланың нағыз көрнекілігіне айналған жағалау толықтай жаңғыртылды. Мұнда жаңа тас төсеніштер төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды, жарық жүйесі жаңартылды. Ашық аспан астында спорттық құрылғылары бар кең балалар және спорт алаңдары, демалыс аймақтары мен воркаут кеңістіктері салынды. Территория субұрқақтармен және жағажайға апарар баспалдақтармен толықтырылды.2025 жылдың наурызында соңғы кезең – гүлзарлар, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызу жұмыстары аяқталды.Ұзындығы 1 шақырым болатын жаңартылған жағалау — бұл демалыс, серуендеу, спорт және отбасылық уақыт өткізуге арналған заманауи әрі жайлы қоғамдық кеңістік. Аталған бастаманы жүзеге асыруға «Freedom Life» өмірді сақтандыру компаниясы 4,53 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті. Бұл жоба — қала тұрғындарының мүддесі үшін мемлекет пен бизнестің тиімді әріптестігінің жарқын үлгісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/990702?lang=kk
Қостанай облысында көктемгі егіс науқанына дайындық пен аграрлық сектордағы инвестициялық жобалар белсенді іске асырылуда 09.05.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кеңейтілген әкімдік отырысында агроөнеркәсіптік кешеннің алдына қойылған маңызды міндеттер қаралды. Бұл міндеттер Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес айқындалған.Президент аграрлық сектор үшін нақты мақсаттарды белгіледі: ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есе арттыру, еңбек өнімділігін үш есе ұлғайту және астықты терең өңдеу бойынша әлемдегі алғашқы он елдің қатарына ену. Бұл өршіл мақсаттар жүйелі тәсілді және саладағы барлық қатысушылардың бірлескен жұмысын талап етеді.Егіс көлемін ұлғайту және топыраққа көңіл бөлуКөктемгі егіс науқанының маңызды бағыттарының бірі – егіс алқаптарын әртараптандыру. Биыл Қостанай облысында майлы дақылдардың егіс көлемі 691 мың гектардан 755 мың гектарға дейін ұлғаяды. Бұл шешім ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттырып, өңірдің экспорттық әлеуетін күшейтеді.Топырақтың құнарлылығын сақтау мен қалпына келтіруге айрықша назар аударылуда. 2025 жылы минералды тыңайтқыштарға берілетін субсидия көлемі 23%-ға артып, 10 млрд теңгені құрады.– Жерді жай ғана пайдалану жеткіліксіз – оған дұрыс күтім жасау қажет. Топырақ құнарлылығы – бұл әрбір аграрийдің құқығы емес, міндеті, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Тыңайтқыштарды уақытылы сатып алып, енгізу, жеңілдетілген дизель отынын жеткізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша нақты тапсырмалар берілді. Өткен жылы өңірде техниканы жаңарту көрсеткіші 6,1%-ды құрады. Биыл бұл көрсеткішті арттыру жоспарлануда.Аграрлық экономикаға инвестицияларАгроэкономиканы дамыту мақсатында өңірде 52,5 млрд теңге сомасына 36 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.Аталған жобалардың ішінде алты сүт-тауарлы ферманың құрылысы ерекше орын алады. Бұл — 2028 жылға дейін іске асырылатын, 30 МТФ-ны қамтитын ірі бағдарламаның бір бөлігі. Жоба өңірде сүтті өңдеу көлемін едәуір арттырып, ішкі және сыртқы нарықтардағы позицияны нығайтуға мүмкіндік береді.Тұрақты ауыл шаруашылығы – қауіпсіздіктің негізіАуыл шаруашылығының дамуы – бұл тек экономикалық емес, сонымен қатар өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының негізі. Облыс әкімдігі аграрийлерді қолдауға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/990680?lang=kk
Үйірлі шегірткелер 09.05.2025
Үйірлі шегірткелерҚазақстанда шегірткетәрізді жәндіктердің 270-тен астам түрі мекендейді, олардың ішінде 10–15 түрі – дәнді-дақылдарға, көкөністерге, жайылымдарға және шабындық алқаптарға зиян келтіретін қауіпті зиянкестер болып табылады. Ең қауіпті әрі зияндысы – үйірлі шегірткелер: азиялық, мароккалық және италиялық шегіртке.Үйірлі шегірткелер үнемі бірігіп топтасуға бейім: дернәсілдерден тұратын шоғырлар – *жаушоғыл*, ал ересек даралардан құралған топтар – *үйір* деп аталады. Олар жаушоғылдар мен үйірлер түзіп, бір жерден екінші жерге топтасып көшеді.Үйірлі шегірткелер егістікке үлкен зиян келтіріп, жергілікті халықтың азық-түлік қауіпсіздігі мен күнкөрісіне қауіп төндіруі мүмкін. Шегірткеге қарсы күресудің күрделілігі – олардың қашан және қайда пайда болатынын алдын ала болжаудың қиындығында болып табылады.Италиялық шегіртке – Қазақстанда кең таралған зиянкестердің бірі, алайда оның ең көп шоғырланған аймақтары — Солтүстік және Батыс Қазақстан. Бұл зиянкес астықты-жусанды, көбінесе құмды топырақты дала мен шөлейт аймақтарды мекендейді. Бұл түр — экологиялық тұрғыдан өте бейімді, түрлі мекенжай жағдайларына оңай бейімделе алады. Негізгі қоректік өсімдіктері — әртүрлі шөптесін өсімдіктер, дегенмен, шегіртке дерлік барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын, соның ішінде дәнді-дақылдарды да жаппай көбейген кезеңде зақымдай алады. Жұмыртқадан дернәсілдердің (личинка) шығуы сәуір айының соңынан маусымның ортасына дейін жүреді. Дернәсілдердің даму кезеңі 40–55 күнге созылады және бес даму сатысынан өтеді. Ересек шегірткелер шілде айының басынан бастап кездеседі. Шағылысуы шілде–тамыз айынан бастап қыркүйекке дейін жалғасады. Аналық шегірткелер құрғақ жусанды далалардың топырағына немесе құрғақ жерлерге бірден төртке дейін жұмыртқа салған күбіршелерін (кубышка) қалдырады. Жалпы бір аналық шегіртке 120-ға дейін жұмыртқа (қыстайтын) салып кетуі мүмкін. Ересек шегірткелер жаздың соңында өзінің тіршілігін тоқтатады.Азиялық шегіртке – Ересегінің денесінің ұзындығы 29–55 мм болатын, қоңыр немесе жасыл түсті болып келеді, үйірлі шегірткелер түріне жатады. Бұл зиянкес жұмыртқа түрінде қыстайды – жұмыртқалар 5–6 см тереңдікте жерге салынған *күбіртектері* болады. Көктемде нимфалар (дернәсілдер) жұмыртқадан шығып, топырақ бетіне көтеріледі.Олардың дамуы 35–50 күнге созылады. Аналықтары – 60–80, кейде 120 жұмыртқаға дейін салады(2–3 күбіртек). Үйірлі түрдегі нимфалар *жаушоғыл* деп аталатын шоғырлар құрып, бірлесе қозғалады. Мұндай топтар 45 км-ге дейінгі қашықтықты еңсере алады.2025 жылы Б. Майлин ауданының аумақтық инспекциясы бойынша үйірлі шегірткелерге жүргізілетін мониторингтік зерттеу көлемі – 152 мың гектарды құрайды.Оның ішінде итальяндық шегіртке бойынша жалпы зерттелетін аумақ – 102,0 мың гектарды құрайды.Оның ішінде: 1,0 мың га – көктемгі күбіртектері,50,0 мың га – көктемгі-жазғы дернәсілдер, 50,0 мың га – жазғы имаго,1,0 мың га – күзгі күбіртектері.Азиялық шегіртке бойынша зерттелетін аумақ – 50,0 мың гектарды құрайды. Оның ішінде:30,0 мың га – дернәсілдер (личинка),20,0 мың га – имаго (ересек даралар).2025 жылға болжанған өңдеу көлемі – 1,0 мың гектарды құрайды (үйірлі шегірткеге қарсы), оның барлығы мемлекеттік қор жерлерінде орналасқан: Белинский ауылдық округі – 0,2 мың га, Новоильин ауылдық округі – 0,4 мың га, Калинин ауылдық округі – 0,3 мың га, Әйет ауылдық округі – 0,1 мың га.Шегірткемен күресте дернәсілдер (личинка) — негізгі нысаны болып табылады және оларға қарсы өңдеу көктем мезгілінде жүргізіледі. Өңдеулер кейде ерте көктемде күбіртектерге, немесе кеш көктем мен жазда имаголарға (ересек даралар) бағытталуы мүмкін.Кей жағдайда механикалық және агротехникалық шаралар да қолданылады. Алайда шегірткеге қарсы күрестің негізгі тәсілі – химиялық препараттармен (инсектицидтермен) бүрку болып табылады. Бұл өңдеулер көбінесе жерүсті немесе авиациялық әдістермен жүргізіледі.Шегірткеге қарсы әртүрлі өңдеу әдістері қолданылады: - Жалпы (сплошной) – зиянкес мекендеген бүкіл аумақ өңделеді; - Барьерлік – шегірткелердің қозғалыс бағытына қарай белгілі бір жолақтар өңделеді, ал аралықтар өңделмей қалады; - Локалды – тек дернәсілдердің шоғырланған ошақтары өңделеді; - Шеткі– ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының айналасы өңделеді.БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ӘКІМДІКТЕРІНІҢ, ХАЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ МЕНШІК НЫСАНЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!Үйірлі шегіртке зиянкестерінің дернәсілдері анықталған жағдайда, ауданның фитосанитариялық қызметтеріне дереу хабар беруіңізді сұраймыз.Байланыс нөмірлері:ҚР АШМ АӨК МИК «Бейімбет Майлин ауданының ААИ» ММ Айет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 12 Байланыс нөмері: 8-71436-3-51-50, 8 747 131 99 31 Бейімбет Майлин ауданы филиалы, «Фитосанитариялық диагностика және болжам РФДжБӘО» РММАйет ауылы, Е.Омаров көшесі, 15 Байланыс нөмері: 8-71436-3-62-26, 8 777 415 79 18Сонымен қатар, химиялық өңдеулер жүргізілетін кезеңде аралар мен мал жаюға арналған шекаралық-қорғаныс аймағын сақтау қажет екенін назарларыңызға саламыз. Беймбет Майлин ААИ бас маманы – өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттікинспекторы А. УрджегитоваАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/990682?lang=kk
Қазақстан АСЕАН+3 облигациялар нарығы форумында бақылаушы мәртебесін алды 09.05.2025
АСЕАН+3 елдерінің қаржы министрлерінің шешімімен Қазақстан Республикасының АСЕАН+3 облигациялар нарығы форумында(ASEAN+3 Bond Market Forum) бақылаушы мәртебесін алуға өтінімі мақұлданды. АСЕАН+3 Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығына (АСЕАН), сондай-ақ ҚХР, Жапония және Корея Республикасына мүше 10 елді біріктіредіАСЕАН +3 облигациялар нарығы форумының негізгі мақсаты Азия аймағында бірнеше валюталарда облигациялар шығару тетіктері (ASEAN+3 Multi-Currency Bond Issuance Framework) арқылы облигациялардың ықпалдастырылған нарығын құру үшін жағдайлар жасау. Мұндай бастама ҚХР, Жапония, Корея Республикасы, Малайзия және т.б. сияқты бастамаға қатысушы елдердің ұлттық нарықтарында облигациялар шығаруға және бір мезгілде орналастыруға мүмкіндік береді.Азия облигациялар нарығы сыйымдылығы бойынша АҚШ пен ЕО-дан кейінгі әлемдегі үшінші аймақтық нарық болып табылады. Қазақстанның осы бастамаға қосылуы қазақстандық эмитенттер үшін аталған нарыққа кіруге мүмкіндік береді.2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық облигациялар нарығының жиынтық сыйымдылығы 100 млрд АҚШ долларына (баламасында) жетті. Ағымдағы жылы Азия Даму Банкі Қазақстанның облигациялар нарығы бойынша Нұсқаулық жариялайды деп күтілуде.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Агенттіктің сайтында бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары Әділ Мамажановтың облигациялық нарықтарды дамыту жөніндегі Азия бастамасының (ABMI) бақылаушысы мәртебесін алудың артықшылықтары жөнінде талдамалық материалы жарияланған. Сыртқы коммуникациялар басқармасы press@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/990627?lang=kk
Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында "Таза Қазақстан" ұлттық жобасы аясында Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің маңында ағаш отырғызылды. 09.05.2025
Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің маңында ағаш отырғызылды. Іс-шараға Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов қатысып, «Таза Қазақстан» акциясының маңызына тоқталып өтті. Оқушылармен қатар аудан басшысы Серік Жеңісов, аудан прокуроры Айдос Тұрсынов, білім бөлімінің басшысы Руслана Закарьянова, Самар ауылдық округінің әкімі Марат Дюсупов, аудандық мәслихат депутаты Гүлнар Шаймарданова да көшет отырғызып, өз үлестерін қосты. Игі шара барысында оқушылар арасында флешмоб ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-samar/press/news/details/990595?lang=kk
Шетел валютасын Қазақстан Республикасынан алып кеткенде нені білу керек? 09.05.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 343–бабы 1–тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО–тың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма–қол ақша қаражатының және жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма–қол ақша қаражаты және жол чектері кедендік декларациялауға жататынын хабарлайды.Алайда, бүгінгі таңда елдің ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығы қолданылады, онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма–қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады.Сонымен қатар, «Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешіміне сәйкес 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтер, аталған тұлғалармен бірге жүретін тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтермен бірге бір жолаушы кедендік декларацияда көрсетіледі.Осылайша, отбасының әрбір мүшесіне 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын қолма–қол шетел валютасын әкетуге рұқсат етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1031403?lang=kk
Қазақстан мен Вьетнам қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады 09.05.2025
Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламның мемлекеттік сапары аясында қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Вьетнам Социалистік Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі армия генералы Фан Ван Зянгпен келіссөздер жүргізді.Генерал-полковник Р. Жақсылықов вьетнамдық әріптесін көрнекті қайраткер Хо Ши Миннің туғанына 135 жыл толуымен құттықтады. Ынтымақтастық мәселелерін талқылау кезінде тараптар бітімгерлік, әскери білім беру және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл сияқты перспективалы бағыттарды атап өтті.Армия генералы Фан Ван Зянг Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен танысуға қызығушылық танытып, биылғы жылы вьетнамдық мамандардың біздің елге жоспарланған сапары туралы хабарлады. Қазақстан Қорғаныс министрі армия генералы Фан Ван Зянгты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге шақырды.Сапар барысында Вьетнам делегациясы КСРО заманының көрнекті әскери қайраткері генерал-лейтенант Жансен Кереевке арналған экспозициямен танысты. Өткен ғасырдың 80-жылдарының басында ол Вьетнам Халық армиясы штабының аға кеңесшісі және Вьетнам Қорғаныс министрлігі әскери кеңесі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Генерал-лейтенант Ж. Кереев Вьетнам Социалистік Республикасының қорғанысын нығайтуға, сондай-ақ оның Қарулы күштерін қалыптастыруға барынша көмек көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/990527?lang=kk
Ақмола облысында мәдени нысандар жаңарып жатыр: ондаған жоба жүзеге асуда 09.05.2025
Ақмола облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. 2025 жылы өңір үшін маңызды басымдықтардың бірі мәдениет нысандарын салу мен жаңарту болды. Осы мақсаттарға республикалық, жергілікті және ұлттық қорлардан жалпы көлемі 3,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Жобалар тек аудан орталықтарын ғана емес, шалғай ауылдарды да қамтиды.Ең ауқымды жобалар жаңа құрылыс бағытында жүргізілуде. Қазіргі таңда 12 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың қатарында мәдениет үйлері, клубтар, бос уақыт өткізу орталықтары мен музейлер бар. Мәселен, Щучье қаласында 400 орындық аудандық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, бұл нысан мамыр айының соңына дейін пайдалануға беріледі.Аршалы ауылында 300 орындық мәдениет үйі салынып жатыр. Құрылысты облыс әкімі тікелей бақылауына алған, ал аяқтау мерзімі 1 қыркүйек деп белгіленген. Ұқсас жобалар Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылында да жүзеге асырылуда. Мұнда ірі мәдени орталықтың құрылысы маусым айында тәмамдалуы тиіс. Бұл нысандарды Жетісу мен Батыс Қазақстан облыстарынан келген құрылыс компаниялары салып жатыр.Зеренді ауылында салынып жатқан музей-креативті хаб ерекше назар аударады. Бұл жай ғана көрме залы емес, шығармашылық пен мәдени бастамаларды дамытуға арналған заманауи кеңістік. Құрылыс жұмыстары басталып кетті, толық аяқталу мерзімі 2026 жыл.Сондай-ақ Буланды, Ақкөл, Бурабай, Астрахан аудандарында да мәдениет ошақтарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мысалы, Никольское ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы 60 пайыз аяқталған. Ал Катаркөл, Кенесары, Қарабұлақ ауылдарында да жұмыс белсенді түрде жалғасуда.Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары да маңызды бағыттардың бірі. Атап айтқанда, Жолымбет, Үрімқай, Сабынды, Жаңаесіл ауылдарындағы мәдениет үйлері жаңартылып жатыр. Есіл ауданындағы жөндеу жұмыстары толық аяқталса, Аршалы ауданындағы Анар ауылының клубы мамыр айында аяқталуға жақын.Сонымен қатар, Бұланды ауданының Қараөзек ауылында орналасқан мәдениет үйінде реконструкция жұмыстары басталды. Қазіргі таңда бұл жерде бұзу жұмыстары жүргізілуде.Барлық жобалар республикалық бюджет, ұлттық қор және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда. Көптеген нысандар 2025 жылдың соңына дейін тапсырылады, ал кейбірі 2026 жылға жоспарланған.Осылайша, Ақмола облысының мәдени картасы қарқынды өзгеруде. Жаңадан бой көтерген мәдени мекемелер тұрғындар үшін шығармашылықпен айналысуға, демалуға, бірлесіп жұмыс істеуге және өзара байланыс орнатуға үлкен мүмкіндік береді. Бұл тек инфрақұрылымдық дамуға ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті сақтау, патриотизмді күшейту мен өмір сапасын арттыруға да зор үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/990463?lang=kk
Кеденде электромобильді қалай рәсімдеуге болады? 09.05.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елімізде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматына 1 электромобильді кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босата отырып, жеке пайдалану үшін әкелуіне рұқсат етілгенін хабарлайды.Бұл Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешімінің3-қосымшасының 9-тармағында қарастырылған.Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын, меншік құқығын растау, көлік құралын қолдану сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды ұсына отырып (CMR, ТКҚ, инвойс, КҚП), азаматтар жолаушылар кеден декларациясын өз қолымен толтырып, кедендік рәсімдеуден өту үшін, кеден бекетінің инспекторына жүгіне алады. Сонымен қатар, декларацияны тапсыруға және толтыруға, декларация бланкісін алу үшін ешқандай ақшалай төлем қажет емес.Бұл ретте, азаматқа осы электромобильді кедендік тазарту уақытынан бастап 3 жыл ішінде Ресей Федерациясының азаматтығы немесе Ресей Федерациясының тұрақты тұрғылықты жері бар тұлғаларға иелену, пайдалану, билік ету құқығын беруге тыйым салынатынын ескертеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/990445?lang=kk
200-ден астам спортшы бокстан Еңбек сіңірген жаттықтырушы Леонид Тлеубаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирге қатысады 09.05.2025
Бұл біріншілік Қарағандыда 6-9 мамыр аралығында өтеді. 2022 жылы турнир атауында «Тлеубаевтың жүлдесі үшін» деген сөз болды. КСРО спорт шебері, КСРО мен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қарағанды боксшыларының жаңа буынына сыйлықтарды қуана дайындады. 2023 жылғы 9 мамырда Леонид Рахымжанұлы дүниеден өтті. Енді республикалық турнир Серік Нұрқазов (Еуропа чемпионы, Әлем Кубогының күміс жүлдегері), Бейбіт Есжанов (КСРО чемпионы, Әлем және Еуропа чемпионатының қола жүлдегері) сияқты жұлдыздарды тәрбиелеген аты аңызға айналған жаттықтырушыны еске алу үшін өткізіледі, «Ринг патшасы» телешоуына қатысқан Эдгард Запашныйдың тәлімгерлерінің бірі болды. – Леонид Рахымжанұлы Тлеубаев-көрнекті спортшы әрі жаттықтырушы. 1973 жылы Қазақстанның үздік боксшысы атағына ие болды. Рингтен кеткеннен кейін ол көптеген танымал шеберлерді тәрбиеледі. Сондықтан, бұл турнирге қатысу біздің ұлдарымыз үшін өте маңызды. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 12-13 жастағы боксшылар келді. Олардың жеңіс үшін қандай қайтарыммен күресіп жатқанын көру өте қуанышты, - деді Олимпиада ойындарының жүлдегері және Қарағанды облысының бокстан олимпиадалық резервтегі мектебінің басшысы Серік Елеуов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/990447?lang=kk
Конституциялық Сотта Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының баяндамашысымен кездесу өтті 09.05.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) баяндамашысы, ЕКПА-ның саяси мәселелер және демократия жөніндегі комитетінің мүшесі, Венгрия Парламентінің депутаты Жолт Неметпен кездесу өткізді.Кездесуге Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов пен судья Роман Подопригора, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.Әңгімелесу барысында тараптар 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижелерін, Қазақстанның адам құқықтары мен құқық үстемдігі саласындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ Конституциялық Соттың Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін талқылады.Кездесу барысында Эльвира Азимова қонақты азаматтардың өтініштері бойынша конституциялық бақылау органы қабылдаған кейбір қорытынды шешімдермен таныстырды.Өз тарапынан Жолт Немет жүргізіліп жатқан конституциялық өзгерістерге оң баға беріп, ЕКПА-ның Қазақстанмен, оның ішінде құқық үстемдігі және адам құқықтарын қорғау мәселелерінде ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/990397?lang=kk
Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония Футбол федерациясының президентімен кездесті 09.05.2025
Скопье, 2025 жылғы 2 мамыр – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Буршаков Солтүстік Македония Футбол федерациясының президенті Масар Омерагичпен кездесті.Тараптар 9 маусымда Астанада өтетін Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы футболдан әлем чемпионатының алдағы іріктеу матчын ұйымдастыру мен логистикалық жағынан дайындықты талқылады.М.Омерагич Қазақстандағы футболдың дамуына жоғары баға беріп, соңғы жылдары еліміздің ұйымдастырушылық және спорттық аспектілерде қол жеткізген елеулі жетістіктерін атап өтті. Қазақстан ойыншыларын даярлау деңгейінің, инфрақұрылымды дамыту және оқу процесіне заманауи әдістемелерді енгізудің сенімді өсуін көрсетіп отырғанын атап өтті.Қазақстандық клубтардың халықаралық аренадағы жетістіктеріне, сондай-ақ жастар арасында және өңірлерде футболды танымал ету жөніндегі күш-жігерге ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің футбол қауымдастықтары желісі бойынша екіжақты байланыстарды жандандыруға жәрдемдесуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/990405?lang=kk
Шығыс Қазақстан: Ұлы Отан соғысының ардагері атаулы күндер қарсаңында құттықталды 09.05.2025
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп тыл ардагері, отставкадағы подполковник Гагарин Иван Федоровичті құттықтады.Салтанатты шара ардагердің үйінде өтті. Ұлттық ұланның әскери оркестрі патриотизм мен құрмет атмосферасын құра отырып, соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Әр ұрпаққа таныс әуендердің үнімен Иван Федоровичке «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы» РММ атынан алғыс хаттар, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен естелік сыйлықтар табыс етілді.ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі атынан Департамент басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков ардагерді құттықтады.Иван Федорович Гагарин 91 жаста. Ол жас кезінен соғыс уақытындағы қиындықтарды көріп өсті. Жеті жасынан бастап кішкентай Ваня колхозға көмектесті: бұзауларды бағып, көшеттерді өсіріп, ересектермен бірге жұмыс істеді.1954 жылы қыркүйекте ол әскерге шақырылып, өмірінің 33 жылын қызметке арнады. 1992 жылдан 1996 жылға дейін Иван Федорович 6638 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесін басқарды. Қызмет еткен жылдары ол жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды: III дәрежелі «КСРО Қарулы Күштеріндегі Отанына қызмет еткені үшін» ордені, В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған «За воинскую доблесть» медалі, «КСРО Қарулы Күштерінің ардагері» медалі, сондай-ақ көптеген мерейтойлық және ведомстволық наградалар.Бүгінгі күні зейнеткерлік демалыста болса да Иван Федорович «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен ардагерлер ұйымының қоғамдық өмірінің белсенді қатысушысы болып табылады, өзінің баға жетпес тәжірибесі мен білімін жаңа ұрпаққа бере отырып, жастардың патриоттық тәрбиесіне үлес қосады.Иван Федоровичті құттықтау – ұрпақтар сабақтастығының және өз еңбегімен және қызметімен елімізде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің берік негізін қалаған аға буынның еңбегін мойындаудың символына айналды.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/990377?lang=kk
Қазақстан мен Ливан рухани байланыстарды нығайтуда 09.05.2025
6 мамырда Қазақстанның Бейруттағы Елшісі Расул Жұмалы Ливан Президентінің адам құқықтары және діндер диалогы бойынша кеңесшісі Хабиб Ефреммен кездесті. Сұхбат барында екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығының бүгінгі жай-күйі және келешек көкжиектері сөз етілді. Өзекті тақырыптар қатарында өркениеттер арасындағы татуластық пен түсіністікті нығайту бойынша бірлескен іс-қимыл жүргізу екендігі айтылды. Бұл тұрғыда Хабиб Ефрем өз елінің Қазақстанның тиісті бағыттағы бастамаларына ат салысуға мүдделілігін, соның ішінде атап айтқанда Астанада өтетін Әлемдік діндер ғұламаларының съезіне үлкен қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Оның ойынша Қазақстанның да, Ливанның да бұл саладағы тарихи тәжірибесі мол және оны екіжақты, сондай-ақ көпжақты ықпалдастықтың игілігіне пайдаланған абзал. Өз кезегінде Елші соңғы жылдардағы аймақтық шиеленістің ауыр салдарынан Ливанның мейлінше тез арада айығып кетуіне тілектестік танытып, өзара байланыстарды дамытуда маңызды ақпаратпен алмасуға және қолайлы алғышарттарды қамтамасыз етуге дайындығын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/990359?lang=kk
«Ақмола облысының аумағында карантин режимін жою және Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №А-5/270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 09.05.2025
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы аталған әкімдік қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілер мен бөгде түрлерден қорғау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірледі. Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 28 наурыздағы №2799 ұсынысы негізінде дайындалды. Жобамен толығырақ «Ашық НҚА» порталында келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518741 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/990364?lang=kk
Теміржолдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг 09.05.2025
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру шеңберінде «Өскемен-Алматы» қатынасындағы №351 жолаушылар пойызының санитарлық және техникалық жағдайына қоғамдық мониторинг жүргізілді. Мониторингті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті Алиев Жанбыл жүзеге асырды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер жүргізген мониторинг вагондардың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық екенін көрсетті. Жолаушылар орындары, дәретхана бөлмелері және басқа да маңызды аймақтар таза болды. Вагон құрамдары, еріктінің ақпараты бойынша, тазалықты сақтау және гигиеналық нормаларды сақтау үшін қажетті құралдармен жабдықталған.Алиев Жанбыл жолаушылар пойыздары сияқты объектілерді тұрақты мониторингілеу азаматтар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына ұқсас бастамалар тасымалдаушылар тарапынан ашықтық пен жауапкершілікті арттыруға ықпал ететініне сенімді.Мониторинг нәтижесінде №351 пойыз қазіргі уақытта қауіпсіздік пен санитарияның негізгі стандарттарына сәйкес келеді деген қорытынды жасалды.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы азаматтардың мемлекеттік және жеке сервистерге деген сенімін арттыруға, олардың қызметіне бақылауды қамтамасыз етуге және ықтимал бұзушылықтарды анықтауға ықпал ете отырып, өз қызметін жалғастыруда.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/990366?lang=kk
Ұландық сарбаздар Астана қаласының ардагерлерін құттықтады 09.05.2025
Бүгін Астана қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің сарбаздары “Ұлы Жеңістің 80 жылдығына” орай соғыс және тыл ардагерлеріне арнайы барып, құрмет көрсетті. Ұландықтар қан майданнан өктен Анатолий Александрович пен Екатерина Сергеевнаның үйіне бас сұғып, Жеңіс күнімен құттықтады.Сарбаздар ардагерлердің алдында саптық жүріспен өтіп, патриоттық әндер орындады. Ардагерлерге айрықша құрмет көрсетіліп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан арнайы мерекелік медальдар табысталды.Кездесу барысында ардагерлер жүрекжарды лебізін білдіріп, Ұлттық ұлан сарбаздарына ақ батасын берді.— Бүгінгі бейбіт күніміз – кешегі жанқиярлықпен келген жеңістің жемісі. Біз көрген сұрапыл соғысты тілмен айтып жеткізу қиын. Бірақ ең бастысы – халықтың бірлігі мен қайсар рухы бізге жеңіс әкелді. Сол рух сендерде де бар екенін көріп қуанып отырмын, – деді тебірене сөйлеген соғыс ардагері Анатолий АлександровичТыл еңбеккері Екатерина Сергеевна да сарбаздардың сап түзеп, әнмен келіп құттықтағанына ризашылығын білдірді.— Соғыста оқ пен оттың ортасында жүрген ерлердің артында біз – тылдағы еңбек адамдары тұрдық. Бір үзім нанды бөлісіп жеген, жанын шүберекке түйген заман еді. Қазір бәрі басқа, бірақ тарих ұмытылмауы керек. Бүгінгі ұрпақ бізді ұмытпай, төрімізден орын бергеніне шексіз алғыс айтамын, – деді ол.Бұл шара – ардагерлерге деген тағзым ғана емес, жас буынға үлгі-өнеге. Ерлік пен елдік сабақтастығын жалғаған бұл кездесудің сарбаздар жадында ұзақ сақталары сөзсіз. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/990309?lang=kk
KazAID ЖОБА МЕНЕДЖЕРЛЕРІ 09.05.2025
KazAID ЖОБА МЕНЕДЖЕРЛЕРІ Бүгін сіздерді KazAID серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің жоба менеджері Назгүл Шариповамен таныстырамыз! Назгүл – Назарбаев Университетінің түлегі. Ол мемлекеттік саясат бойынша магистратураны және саясаттану мен халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавриатты үздік бітірген. Магистрлік оқу аясында Сингапурдағы Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінде оқып, Сингапурдың түрлі салаларға деген көзқарасын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Оның кәсіби дамуының маңызды кезеңдерінің бірі — Оңтүстік Корея Республикасындағы KOICA кеңсесінде өткен тағылымдама. Мұнда Назгүл Оңтүстік Кореяның дамуға ресми көмегі (ДРК) бойынша тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар, ол EY Бизнес академиясында жобаларды басқару бойынша оқудан өтті. Жоба менеджері ретінде Назгүл келесі бағыттарды үйлестіреді:✅ Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка бағыттары✅ “Авиценна: Денсаулық сақтау” бағдарламасы✅ “Достық: Цифрландыру” бағдарламасы (2024)Назгүл қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, ал француз тілі деңгейі — А2. Оның аналитикалық және креативті қабілеттері стратегиялық ойлауды визуалды және коммуникативтік тәсілмен шебер үйлестіруге мүмкіндік береді. Назгүлдің өмірлік ұстанымы:«Жасамай, өкінгеннен гөрі – жасап, өкінген жақсы »KazAID осындай жан-жақты және жарқын мамандарымен мақтанады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/990257?lang=kk
«Ерлік даңқы – жеңіс таңы» әдеби музыкалық композиция 09.05.2025
5 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жамбыл Жабаев атындағы қалалық саябақта «Ерлік даңқы – жеңіс таңы» атты әдеби музыкалық композиция өткізді.Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерліктерін насихаттау, халықтың тарихи және қаһармандық мұрасын таныстыру мақсатында өткен шарада майдан даласының рухын сезіндіретін соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.Қала тұрғындарының назарына «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар Жеңіс, Отан, рух жайында жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқыды.Сондай-ақ, саябақ демалушылары, оқушылар ашық микрофонда ата-бабаларымыздың ерліктеріне, ұрпақтар үшін жанын қиған жандарға алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/990259?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу жөніндегі семинар 09.05.2025
2025 жылғы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеу тақырыбына арналған семинар өтті.Семинарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті basşıсының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов Казыбек Кадесович КГУ «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің маманы Назарбеков Ринат Токтамысовичпен бірлесіп жүргізді.Өз сөзінде лектор Назарбеков Р.Т. бүгінгі күні әлемде және әсіресе Қазақстан Республикасында әрекет ететін деструктивті діни ағымдар туралы кеңінен баяндап, олардың діни көшбасшыларын атап өтті.Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың пайда болу тарихы, олардың шығу себептері, жұмыс әдістері, ел тұрғындарының қай топтары мұндай заңсыз деструктивті діни ағымдарға оңай тартылуы мүмкін екендігі туралы айтылды.Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Казыбек Қадесович қызметтік әдеп нормаларын үнемі сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1112489?lang=kk