Әлем
Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шараға шақырамыз! 09.05.2025
🕓 6 мамыр сағат 16:00-де📍 Арбатта, Жібек Жолы даңғылы мен Күләш Байсейітова көшесінің қиылысындаАлмалы ауданының тұрғындары мен қала қонақтарын🎉 Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шараға шақырамыз!✨Концерттік бағдарламада өнер көрсетеді:Полиция департаментінің оркестрі, «Назар» тобы, Салтанат Құдайбергенова, «Сенім» вокалдық тобы, Қайрат Ігліков, Жұлдыз Өскембаева және басқа да өнерпаздар.🎊 Мерекені бірге атап өтейік!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/989943?lang=kk
АҚШ қоғамы қазақ халқының дәстүрлерімен танысты 09.05.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 3 мамыр – Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі жыл сайын өтетін «Passport DC» халықаралық фестиваліне қатысып, 4000-нан астам қонаққа есігін айқара ашып, еліміздің бай мәдени мұрасын таныстырды.Іс-шара аясында қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрлеріне негізделген ерекше атмосфераны сезіне алды. Елшілік аумағында дәстүрлі көшпелі сәулетке сай безендірілген киіз үй тігілді. Қонақтарды ұлттық киімдегі домбырашылар қарсы алып, күмбірлеген күйлер орындады. Мәдени бағдарлама ұлттық әндер мен билермен толықтырылып, америкалық көпшілік тарапынан үлкен қызығушылық пен жылы қабылдауға ие болды.Шарада қазақ халқының дәстүрлі салт-жораларына да ерекше көңіл бөлінді. Елшілік келіннің бетін ашу дәстүрі, ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген ежелгі «Беташар» рәсімін көрсетті. Сонымен қатар, болашақ жар таңдаудың маңызды рәсімі саналатын «Сырға салу» дәстүрі де таныстырылды.Елшілікте ұлттық тағамдар мен сусындар ұсынылып, қолөнер туындылары, Қазақстанның инвестициялық және туристік әлеуеті туралы ақпарат қойылды. Елшілік қызметкерлері еліміздің тарихы, мәдени ерекшеліктері және қазіргі даму бағыттары бойынша тақырыптық таныстырылымдар өткізді.Қазақстан әлемнің 70-тен астам мемлекетімен бірге «Passport DC» фестиваліне қатысып, Вашингтон қаласындағы дипломатиялық корпустың халықаралық мәдени әртүрлілігін насихаттауға өз үлесін қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/989950?lang=kk
Қазақстан мен Сербия якорлы инфрақұрылымдық жобаларды құруды ниетте 09.05.2025
Белград, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрі Александра Софрониевичпен кездесті.Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан Президентінің Сербияға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы туралы, атап айтқанда, көлік және туризм инфрақұрылымы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.Астана мен Белград арасында тікелей әуе қатынасының ашылуына ерекше назар аударылды, екі тараптың пікірінше, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты айтарлықтай жақсартып, туризм мен бизнес алмасуды дамытуға ықпал етеді.М.Атамқұлов Қазақстан тарапының аталған жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруға дайындығын атап өтіп, екі ел арасындағы достық және әріптестік қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығы ескерілді.Министр А.Софрониевич екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қолдау білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытып, кеңейтуге мүдделілігін білдірді.Сұхбатты жалғастыру үшін тараптар жұмыс байланыстары мен талқыланған жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан делегациясының Белградқа сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/989951?lang=kk
Конституциялық Сот білім беру саласындағы бастамаларды қолдайды 09.05.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Француз және Еуропа тілдері дидактикасы орталығының ашылуына қатысты.Орталық Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен, Пуатье және Лотарингия (Франция) университеттерімен, сондай-ақ Сорбонна-Қазақстан институтымен ынтымақтастықта ашылды. Бұл орталық «Құқық» бағыты бойынша қазақстандық-француздық екі дипломдық бағдарламалар шеңберінде білікті француз тілінде сөйлейтін кадрларды даярлайтын академиялық алаңға айналады. Сондай-ақ «Халықаралық қатынастар», «Экономикалық мамандықтар» және «Француз тілі мұғалімдерін даярлау» бағыттары қамтылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/989867?lang=kk
ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері: Астанадағы парадқа кімдер қатысады? 09.05.2025
2025 жылғы 7 мамыр күні сағат 11:00-де Астанада Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру өтеді. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тыл еңбеккерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, күш құрылымдарының ардагерлері мен әскери қызметшілері салтанатты шараның басты көрермені болмақ.Шеруге Қарулы күштердің үздік бөлімшелері, құрмет қарауылы роталары, құқық қорғау органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдері қатысады. Мерекелік іс-шара күшейтілген қауіпсіздік және бақылау шараларымен өтеді.Салтанатты шеруге Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың 24 парадтық есептобы, 200-ден астам әскери техника, майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 60-тан астам әуе кемелері қатысады.Парадтың тікелей көрсетілімі сағат 11.00-ден бастап елорданың бірнеше негізгі алаңдарында:- елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаң – тікелей эфир және концерттік бағдарлама; «Астана Арена» стадионы – тікелей эфир және мерекелік концерт;«Astana Music Hall» тұрағы (құмыра), Б.Момышұлы даңғылы, 1 – шерудің тікелей көрсетілімі ұйымдастырылады.Сонымен бірге, әскери парад республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.Бұдан бөлек, әскери парадты өткізуге байланысты іс-шара ауданында автокөлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлаймыз.Елорда тұрғындары мен қонақтарына бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынынамыз.Қауіпсіздік ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз.Уақытша жабылған учаскелер барлық іс-шаралар толық аяқталғаннан кейін қайта ашылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/989881?lang=kk
Қазақстан Елшілігі «Ethiopian Tamrit Expo 2025» көрмесіне қатысты 09.05.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Елшілігінің Эфиопиядағы өкілдері «Ethiopian Tamrit Expo 2025» атты үшінші халықаралық көрменің ашылу салтанатына қатысты. Аддис-Абебаның Жаңа халықаралық конференц-орталығында өткен іс-шара ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және Эфиопияда өндірілген тауарларды ілгерілетуге бағытталған озық технологияларды көрсетті.Көрменің бастамашысы Эфиопия Премьер-Министрі Абий Ахмед болып табылады, ол көрмені ресми түрде ашып, ел үшін отандық өндірісті дамытудың маңыздылығын атап өтті.Көрме өнеркәсіптік технологиялар саласындағы соңғы жетістіктерді көрсетуге арналған алаңға айналды және «Эфиопияда жасалған» деген ұранмен Эфиопияның өндірістік секторын нығайтуға қызмет етеді.Expo бағдарламасы негізгі көрме экспозициясын ғана емес, сонымен қатар панельдік пікірталастарды, өнім әзірлеу бойынша конкурстарды, сондай-ақ Эфиопия экономикасының ең табысты салаларын атап өтетін марапаттау рәсімдерін қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/989915?lang=kk
Эфиопия патриоттарының Жеңіс күнін мерекелеу туралы 09.05.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі Эфиопия патриоттары Жеңісінің 84 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты рәсімге қатысты.Іс-шара Аддис-Абебадағы Патриоттар Жеңісінің мемориалдық монументінде ел басшылығының, ардагерлер қауымдастығының, Қорғаныс министрлігінің, дипломатиялық корпустың және қала жұртшылығының қатысуымен өтті.Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Тайе Атске Сеселассие өз сөзінде: «Патриоттардың жеңісі фашизм мен отаршылдыққа қарсы тарихи қарсылық болды және бүкіл әлемде фашизмге қарсы күреске жарқын үлгі мен шабыт берді», - деп атап өтті. Ол өз елінің жарқын болашағы үшін жандарын пида еткен батыр қорғаушылар – Эфиопия патриоттарының рухын қастерлеуге шақырды.Анықтама: 1935 жылы фашистік Италия Эфиопияға қарсы агрессиялық соғыс бастады. Оккупацияға қарамастан, Эфиопия халқы әскери қимылдар мен азаматтық қарсылықты қамтыған кең көлемді қарсылық қозғалысын ұйымдастырды. Партизан соғысы 1941 жылға дейін созылды, сол кезде эфиопиялық жасақтар Антигитлерлік коалицияның одақтас әскерлерімен бірге астана Аддис-Абебаны қайтадан басып алды. 1941 жылғы 5 мамырда император Хайле Селассие елге оралды және жыл сайын Эфиопияда 5 мамыр елдің азаттығы үшін жандарын қиғандарды еске алу күні – Патриоттар күні ретінде атап өтіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/989918?lang=kk
Алматыда Қорғаныс министрлігі ашық аспан астындағы әскери техника мұражайының тұсаукесерін өткізді 09.05.2025
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков әскери оркестрдің сүйемелдеуімен символдық лентаны салтанатты жағдайда кесті.Іс-шараға Алматы өңірлік гарнизонының, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметі академиясының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.Жиынды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев ашты.– Біздің ата-бабаларымыз осы қару-жарақ пен әскери техникамен Мәскеу мен Ленинградты қорғады, Сталинград пен Ржев маңындағы қанды шайқастарға қатысып, Украина мен Беларусьті, Балтық жағалауы мен Польшаны азат етті, біраз Еуропа елдеріндегі шайқастарға қатысты. Бұл мұражай бүгінгі буынға қазақстандық жауынгерлер – Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқа батырлардың сұрапыл соғыс жылдарынан қалған жәдігерлерін көрсететін орын, – деді ол.28 панфиловшылар саябағына және Армия үйіне келушілер Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес әскерлері қаруланған әскери техниканы, яғни Т-34, Т-44, Т-55 танктерін, 1931 жылғы 230 мм гаубицаларын және «Катюша» реактивті артиллериясының әйгілі БМ-13 жауынгерлік машинасын көре алады.Биыл сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Армия үйі қалпына келтірілді. Оның алдыңғы жағында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үрдістерін көрсететін заманауи барельеф орнатылған.Армия үйінің ғимаратында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың филиалы бар. Ашылғаннан кейін онда балалар әскери-патриоттық клубтары жұмыс істей бастайды. Концерттік және мәрмәр залдарда, Жауынгерлік даңқ мұражайында күрделі жөндеу жүргізілді. Балалардың әскери-патриоттық фильмдерін түсіру үшін үлкен заманауи кинопавильон құрылды.– Алматы үшін Армия үйінің мәдени маңызы зор. Ғимарат сәулет ескерткіші ретінде белгілі. Біз қаланың және бүкіл Қазақстанның ең қасиетті көрікті жерлерінің бірі ретінде оның таза келбетін қастерлеп, сақтауға міндеттіміз, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/989848?lang=kk
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ 09.05.2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ Уақыты: 11-00 сағат02.05.2025 жылы Көкшетау қаласы Төрағалық етуші: Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Ақмола облысы бойынша МКД) басшысының орынбасары - Ақмола облысы бойынша МКД сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - МКД) жүргізу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Б. М. Шәйкенов.Қатысты:Ақмола облысы бойынша МКД басқармаларының басшылары, СЖТІТ өткізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері.СЖТІТ нәтижелерін талқылауды Ақмола облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Б. М. Шәйкенов ашты.-Ақмола облысы бойынша МКД қызметінде ағымдағы жылы мамыр-маусым айлары аралығында СЖТІТ өткізілді. "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес СЖТІТ нәтижелерін жария талқылауды жүргізу қажет. Осыған байланысты бүгін біз СЖТІТ нәтижелерін көпшілік алдында талқылаймыз.Бұдан әрі сөз сөйлеу үшін Ақмола облысы бойынша МКД АРБ басшысы Г. Б. Жұмағұловаға берілді.- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) МКК 2025 жылғы 31 наурызынан №КГД-09-2-14/2652-И тапсырмасына сәйкес және Ақмола облысы бойынша МКД 2025 ж.19 наурызынан №115 бұйрығымен Ақмола облысы бойынша МКД қызметінде 2025 ж. 01 сәуірінен бастап СЖТІТ өткізілді.СЖТІТ негізінде жүргізілді:- "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 16.01.2023 жылғы №21 бұйрығы;–Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 30.12.2022 жылғы №488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі-әдістемелік ұсынымдар).ВАКР принциптері бойынша жүргізіледі: 1) объективтілік; 2) сенімділік; 3) ашықтық; 4) жан-жақтылық.Комитеттің нұсқауына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі талдамалық анықтама мен іс-шаралар жоспары Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар барлық жұмыс процестері Комитеттің бейінді бөлімшелерімен келісілгеннен кейін ғана қалыптастырылсын.Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған болуға тиіс.СЖТІТ жүргізу кезінде процедуралық бұзушылықтар анықталған жоқ.Анықтамада көрсетілген ақпарат Ақмола облысы бойынша МКД қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша жұмысқа қабылданды. Хаттама жүргізді:АРБ бас маманы Қ.Ахметова. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/989850?lang=kk
Қазақстанның Швециядағы Елшісі Әлем чемпионаты алдында хоккейден Ұлттық құраманың менеджерімен кездесті 09.05.2025
Стокгольм, 2025 ж. 5 мамыр - 2025 жылғы шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының басталуына орай, Швеция мен Данияда өтіп жатқан турнир алдында, Қазақстанның Швециядағы Елшісі О.Сүлейменов Қазақстан Ұлттық құрамасының менеджері Н.Қайырбергеновамен кездесті.Кездесу барысында тараптар команданың турнирге дайындығын талқылады, спортшыларға сәттілік тіледі және құраманың халықаралық аренада лайықты өнер көрсететініне сенім білдірді. Елші жанкүйерлердің қолдауы мен Қазақстан құрамасының әлем біріншілігіне қатысу кезеңіндегі дипломатиялық қатысудың маңыздылығын атап өтті.Айта кету керек, Қазақстан құрамасы Швецияға келіп үлгерді, мұнда 6 мамырда Словения құрамасына қарсы бақылау матч өткізеді. 7 мамырда қазақстандық команда Хернингке (Дания) аттанады, онда әлем чемпионатының топтық кезеңіне қатысады.Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты 2025 жылғы 9-25 мамыр аралығында өтеді. Топтық кезең аясында Хернингте Қазақстан құрамасы Норвегия, Германия, Мажарстан, Дания, Чехия, Америка Құрама Штаттары және Швейцария ұлттық құрамаларымен ойнайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/989851?lang=kk
Кеген ауылындағы орталық Райымбек көшесінің бойындағы аллея қошаулары округ әкімдігінің қаржы есебінен қалыпқа келтіріліп, сырлау және әктеу жұмыстары жүргізілді. Ерекше көрік беретін “Лайдбокстарда” жаңартылып, қайта орнатылды. 09.05.2025
Кеген ауылындағы орталық Райымбек көшесінің бойындағы аллея қошаулары округ әкімдігінің қаржы есебінен қалыпқа келтіріліп, сырлау және әктеу жұмыстары жүргізілді. Ерекше көрік беретін “Лайдбокстарда” жаңартылып, қайта орнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/989779?lang=kk
Қырғызстан Республикасы Түп ауданы әкімшілігінің басшылары «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесін көрді Қырғызстан Республикасы Түп ауданы әкімшілігінің басшылары аудан басшыларымен бірге Кеген ауылдық округі әкімінің аппаратының жұмыс барысын көріп, тәжірибе алмасты. «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі- 2022 жыл салынған. 25 адамды жұмыспен қамтып отыр. 09.05.2025
Қырғызстан РеспубликасыТүп ауданы әкімшілігінің басшылары «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесін көрдіҚырғызстан Республикасы Түп ауданы әкімшілігінің басшылары аудан басшыларымен бірге Кеген ауылдық округі әкімінің аппаратының жұмыс барысын көріп, тәжірибе алмасты.«Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты»мемелекеттік мекемесі- 2022 жыл салынған. 25 адамды жұмыспен қамтып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/989782?lang=kk
Кеген ауылдық округінде "Дүниежүзілік тал - терек отырғызу күні" акциясы аясында, Маслихат депутаттары мен аудандық мекемелердің қызметкелері Райымбек көшесінде орналасқан аллея мен округ аумағында әр түрлі тал-теректер мен шырша, арша және қарағайдың көшеттерін отырғызды. 09.05.2025
Кеген ауылдық округінде "Дүниежүзілік тал - терек отырғызу күні" акциясы аясында, Маслихат депутаттары мен аудандық мекемелердің қызметкелері Райымбек көшесінде орналасқан аллея мен округ аумағында әр түрлі тал-теректер мен шырша, арша және қарағайдың көшеттерін отырғызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/989786?lang=kk
Кеген ауылдық округінде "Дүниежүзілік тал - терек отырғызу күні" акциясы аясында, Кеген ауылдық округ әкімдігінің аппараның қызметкелері Атыхан көшесінде белгіленген орынға әр түрлі тал-теректер мен шырша, арша және қарағайдың көшеттерін отырғызды. 09.05.2025
Кеген ауылдық округінде "Дүниежүзілік тал - терек отырғызу күні" акциясы аясында, Кеген ауылдық округ әкімдігінің аппараның қызметкелері Атыхан көшесінде белгіленген орынға әр түрлі тал-теректер мен шырша, арша және қарағайдың көшеттерін отырғызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/989788?lang=kk
Қостанайда жағалау мен Триатлон саябағының жаңарту жұмыстары жалғасуда 08.05.2025
Қала әкімі жағалау мен Триатлон саябағы аумағындағы абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді.«Шағала» жағалауын дамыту жобасы жалғасып жатыр. Биыл орталық көпірдің астында екі жағаны байланыстыратын жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынатын болады.Триатлон саябағында да абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Қалған негізгі кезең — Фролов көшесі жағынан кіреберіс кешенінің құрылысы. Жоспарға сәйкес, бұл аумақта аркалы әкімшілік-тұрмыстық кешен, коммерциялық нысандар және субұрқақ орнатылады.Саябақтың қолданыстағы инфрақұрылымын кеңейту аясында йогаға арналған алаң, мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген спорт аймағы және тыныш демалысқа арналған жасыл кеңістік пайда болады.Жарықтандыру жұмыстарының 90%-ы аяқталған. Бұл саябақты қазіргі таңда серуендеуге қауіпсіз әрі жайлы орынға айналдырды. Мамыр айының соңына дейін орнатылған 16 бейнебақылау камерасының барлығы іске қосылады. Сонымен қатар, автоматты суару және дыбыстық хабарлау жүйелерінің монтажы да аяқталуға жақын.Көгалдандыру бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде: биыл саябақ аумағына қарағай мен шырғанақ секілді ағаштар отырғызылып, 60 мыңнан астам біржылдық гүлдер егілмек. Сондай-ақ, 2 мың шаршы метр рокарий мен көгал төселеді.Мердігер ұйымдарға барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/989749?lang=kk
ҚХР азаматы қазақстандық полицейлерге алғыс айтты 08.05.2025
амбыл облысы Мойынқұм ауданы маңында Қытайдан келген турист түскі ас ішу кезінде жеке құжаттарын жоғалтып алған. Аталған аумақта қызмет атқарып жүрген патрульдік полицейлер құжаттарды тауып алып, жедел түрде иесін іздеуге кіріскен.Тәртіп сақшылары шетелдік азаматты қуып жетіп, оның жеке құжаттарын толықтай өз қолына табыстады. Сонымен қатар шетелдік азаматтың көлігіне жанармай құйып беріп, сапарына сәттілік тілеп, шығарып салды. Шетелдік азамат көрсетілген шынайы көмек пен жанашырлық үшін алғысын білдіріп, Қазақстан полициясының кәсіби әрі адамгершілікке негізделген қызметіне жоғары баға берді. Кейінірек ол әлеуметтік желіде алғыс білдірген бейнежазба жариялап, мұндай ықыластың өзіне ерекше әсер қалдырғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/989731?lang=kk
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Кеген ауылының қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау орынына баратын жолдың аумағын тазалық жұмыстары жүргізілді. 08.05.2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Кеген ауылының қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау орынына баратын жолдың аумағын тазалық жұмыстары жүргізілді.Тазалық акциясына Кеген ауылындағы мекемелер, басқарма мен мекемелердің қызметкерлері қатысты.Акция барысында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау орынына баратын жолдың бойы мен аумағы тазаланып ретке, келтіріліп 1 тонна қалдықтар тазаланып жиналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/989734?lang=kk
08.04.2025 Кеген ауылдық округінде пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстарының нәтижесінде қайтарылып алынған 300 га суармалы жерді тұрғындарға үлестіріп беру жұмыстары толығымен аяқталды. Жер 5 га дан кезекте тұрған тұрғындарға егістік және көп жылдық шөп егу мақсатында беріліп, тұрғындар бірден жұмыстарды бастап кетті. 08.05.2025
08.04.2025 Кеген ауылдық округінде пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстарының нәтижесінде қайтарылып алынған 300 га суармалы жерді тұрғындарға үлестіріп беру жұмыстары толығымен аяқталды. Жер 5 га дан кезекте тұрған тұрғындарға егістік және көп жылдық шөп егу мақсатында беріліп, тұрғындар бірден жұмыстарды бастап кетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/989742?lang=kk
Дипломатия музыкасы: Қазақстан «Жібек жолы» турымен келген румындық «Мадригал» хорын қарсы алды 08.05.2025
Астана, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Румынияның «Мадригал» ұлттық камералық хорының концерттік туры аясында Астанаға келген Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Джанина Ситарумен кездесу өткізді.Р.Василенко «Жібек жолы» турнесі шеңберінде Қазақстанның түрлі қалаларында, соның ішінде Астана мен Түркістанда бірқатар концерттер өткізетін әлемге әйгілі хордың келуіне орай қошеметін білдірді. Ол осындай мәдени іс-шаралардың халықтарды жақындастырудағы және мәдени-гуманитарлық саладағы қазақ-румын байланыстарын нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.Министрдің орынбасары Қазақстан мен Румыния арасындағы бұрыннан келе жатқан берік әрі достық қарым-қатынастарды ерекше атап өтіп, олардың бүгінгі күні қарқынды дамып, жаңа мазмұнды жобалармен толықтырылып келе жатқанын айтты.«Біз «Мадригал» хорының концерттері арқылы Румынияның бай мәдени мұрасымен танысу мүмкіндігі үшін алғысымызды айтамыз. Бұл мәдени шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр, осы тұста тарихи маңызға ие. Хордың орындауында тек Румынияның ғана емес, сонымен қатар Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдерінің әнұрандары бар. Сондай-ақ қазақтың сүйікті «Япырай» және «Әгугай» халық әндерінің ерекше аранжировкалары әсерлі», – деп атап өтті Р.Василенко.Тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары, атап айтқанда, өңіраралық байланыстарды дамыту туралы пікір алмасты.Анықтама: Румынияның «Мадригал» ұлттық камералық хорын 1963 жылы көрнекті румын музыканты және дирижері Марин Константин құрды. Ұжымның репертуарында Ренессанс заманының, классикалық музыка, романтизм, Византия музыкасы, сондай-ақ румын және әлемдік композиторлардың заманауи туындылары бар. Қазақстандағы тур барысында ұжым көрермендерді румын мәдениетінің жан-жақтылығымен таныстырады. Бұл екі халық арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/989709?lang=kk
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ 08.05.2025
Сотта қаралады– өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледіШарт:- борыш мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайдыСауықтыру шаралары:- мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру - жаңа сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т. б.Артықшылықтары: -"банкрот"мәртебесі берілмейді - теріс салдарсыз (Қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ)- қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін)- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі- қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.Қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша ақпарат алу үшін көрсетілген интернет-ресурстар бойынша хабарласа аласыз.Сотта қаралады– өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледіШарт:- борыш мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайдыСауықтыру шаралары:- мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру - жаңа сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т. б.Артықшылықтары: -"банкрот"мәртебесі берілмейді - теріс салдарсыз (Қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ)- қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін)- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі- қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.Қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша ақпарат алу үшін көрсетілген интернет-ресурстар бойынша хабарласа аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/989686?lang=kk