Әлем
«Ерлік даңқы – жеңіс таңы» әдеби музыкалық композиция 09.05.2025
5 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жамбыл Жабаев атындағы қалалық саябақта «Ерлік даңқы – жеңіс таңы» атты әдеби музыкалық композиция өткізді.Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерліктерін насихаттау, халықтың тарихи және қаһармандық мұрасын таныстыру мақсатында өткен шарада майдан даласының рухын сезіндіретін соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.Қала тұрғындарының назарына «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар Жеңіс, Отан, рух жайында жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқыды.Сондай-ақ, саябақ демалушылары, оқушылар ашық микрофонда ата-бабаларымыздың ерліктеріне, ұрпақтар үшін жанын қиған жандарға алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/990259?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу жөніндегі семинар 09.05.2025
2025 жылғы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеу тақырыбына арналған семинар өтті.Семинарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті basşıсының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов Казыбек Кадесович КГУ «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің маманы Назарбеков Ринат Токтамысовичпен бірлесіп жүргізді.Өз сөзінде лектор Назарбеков Р.Т. бүгінгі күні әлемде және әсіресе Қазақстан Республикасында әрекет ететін деструктивті діни ағымдар туралы кеңінен баяндап, олардың діни көшбасшыларын атап өтті.Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың пайда болу тарихы, олардың шығу себептері, жұмыс әдістері, ел тұрғындарының қай топтары мұндай заңсыз деструктивті діни ағымдарға оңай тартылуы мүмкін екендігі туралы айтылды.Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Казыбек Қадесович қызметтік әдеп нормаларын үнемі сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1112489?lang=kk
Қой және сиыр: Ерейментау ауданында агроөнеркәсіптік кластер құрылуда. 09.05.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Ерейментау ауданының бірқатар кәсіпорындарын аралады. Іссапар барысында ол Ерейментау ауданы мал шаруашылығы саласында өз орнын иеленуі тиіс екенін атап өтті. Өңірде мал шаруашылығы кластерін құру жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр.Торғай ауылдық округінде «Ерейментау-Астық» ЖШС қой шаруашылығы фермасын және 10 мың басқа арналған бордақылау алаңын құру бойынша инвестициялық жобаны бастаған. «Ерейментау-Астық» компаниялар тобы бас директорының орынбасары Қоныспек Нұрғазиннің айтуынша, жоба аясында бордақылау алаңына арналған базаны салу және қайта жаңғырту, серуендеу алаңдары мен қоршалған қоралар, астық қоймалары, жем дайындау цехы салынады. Сондай-ақ тракторлар, жем таратқыштар мен жем өндіруге арналған жабдықтар сатып алынатын болады.Биылғы жылдан бастап кәсіпорын Катар еліне өнім экспортын бастады.Облыс әкімі бұл жобаның тірек жобаға айналып, тек жақын маңдағы елді мекендердің ғана емес, бүкіл ауданның дамуына серпін беруі тиіс екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/990190?lang=kk
eGov Mobile жеке деректердің жария болуын тексеретін сервис пайда болды 09.05.2025
Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 53%-ы жеке деректерін интернетте тапқанда қайда бару керектігін білмейтінін мойындады. Мұндай деректер соңғы уақытта 50 мыңнан астам адам қатысқан eGov мобильді қосымшасындағы онлайн сауалнамадан анықталды. Тек 62% сенімді түрде жария болу жағдайында қалай әрекет етуді білетіндерін айтты.31%-дан астамы фишингтік сілтемелердің не екенін түсінбейді — онлайн алаяқтардың негізгі құралдарының бірі. Тек әрбір бесінші адам фишингті нақты веб-сайттардан ажырата алады.Осыған қарамастан, 92% «банк қызметкерлеріне» SMS кодтарын бермейтінін айтты, бірақ 8%-ы әлі де қате жіберуі мүмкін. Пайдаланушылар ешқашан өз парольдерін өзгертпейді және тек мәселе туындаған жағдайда ғана өзгертеді. Респонденттердің жартысынан астамы күдікті хабарламаларға тап болды.Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, көптеген адамдар қазірдің өзінде онлайн алаяқтық әрекеттеріне тап болса да, көпшілігі әлі де сандық сауаттылыққа ие емес және өз деректерін қалай қорғау керектігін білмейді. Бұл Nomad Guard сияқты қызметтердің іске қосылуының қажеттілігін көрсетеді.Nomad Guard сервисінде белгілі бір сілтемелерді және пайдаланушы жиі жұмыс істейтін сайттарды тексеруге болады. Бұл үшін тиісті жолаққа сілтеме немесе веб-сайт адресін енгізіп, «Тексеру» түймесін басыңыз. Тексеру нәтижелері біраз уақыт алуы мүмкін, және олардың күйін бақылау үшін, «Менің тексерулерім» қойындысына өтіп, соңғы нәтижені көруге болады.Сервистің басты бетінде деректердің бұзылуына себеп болған сайттар туралы ақпарат, сондай-ақ бұзылған деректердің көлемі көрсетіледі. Деректер санын басу деректердің толық тізімін көрсетеді.Сондай-ақ, пайдаланушылар арнайы форманы толтыру арқылы күдікті әрекеттер туралы хабарлай алатын «Алаяқтық» қойындысы қарастырылған.Сервисті пайдалану үшін пайдаланушы:- eGov Mobile қосымшасына кіруі тиіс және «Басқа сервистер» бөліміне өтуі тиіс;- «Тексер» батырмасын басуы тиіс;- тексеру сілтемесін енгізіп, «Жіберу» батырмасын басуы тиіс;- «Менің тексерулерім» бөлімінде өтінімнің күйін қарауы тиіс.Сонымен қатар, «Тағы» бөлімінде пайдаланушылар қосымша ақпаратты қарай алады, сондай-ақ «Жаңалықтар», «Оқыту», «Тесттер» бөлімдеріне қол жеткізе алады.Жаңа сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/990193?lang=kk
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына. "Keden" АЖ – ашық, тиімді және басқарылатын кеден 09.05.2025
"Keden" ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты – бұл кедендік декларациялау және әкімшілендіру процестерін жаңғырту және цифрландыру."Кеден" АЖ енгізу кедендік рәсімдерді жеңілдетуге, ашықтықты арттыруға, жүктерді ресімдеуді жеделдетуге және тауарлардың қозғалысын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.Жүйеде сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылардың декларацияларды ыңғайлы және жылдам толтыруы және кедендік ресімдеудің барлық кезеңдерін қадағалаулары үшін құралдар пайдаланылады.Кеден органы мен СЭҚ қатысушыларының өзара іс-қимылы "Кеден" АЖ арқылы жүзеге асырылады, осылайша адами фактор алынып тасталады және тікелей өзара іс-қимыл қысқартылады.Жаңа жүйе мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау үшін "бір терезе" қағидатын қолдайды, бұл ресімдеу процестерін айтарлықтай жеңілдетеді және жеделдетеді. Пайдаланушылар декларация бағандары бойынша шарлаумен ыңғайлы интерфейске, форматты-логикалық бақылауға, өрістерді автоматты түрде толтыруға және кірістірілген кеңестерге қол жеткізе алады."Кеден" АЖ-да Кедендік бақылау процестері күшейтілді, жүйе барлық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді.Анықтама:2024 жылғы сәуірде ЭЖЖКД және ЭЖТД арқылы экспресс-жүктерді электрондық кедендік декларациялау мүмкіндігі іске асырылды.2024 жылғы қыркүйекте "Қорғас ХШЫО" арқылы жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды есепке алу модулі іске қосылды.2024 жылғы қарашада алдын ала кедендік операциялар, транзиттік декларация, уақытша сақтау, тәуекелдерді басқару жүйесі, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу, кедендік тексеру, бейрезиденттерді тіркеу бойынша модульдерді іске қосу жүзеге асырылды.2025 жылғы қаңтардан бастап сәуірге дейін көлік құралына арналған кедендік декларация бойынша модульдер, кедендік реттеу саласындағы 9 мемлекеттік қызмет (кедендік өкілдердің, кедендік тасымалдаушылардың, бажсыз сауда дүкендерінің, уақытша сақтау орындарының, уәкілетті экономикалық операторлардың, зияткерлік меншік объектілерінің тізілімдеріне енгізу) іске қосылды.Сондай-ақ, 2025 жылдың сәуір айында жолаушылар кедендік декларациясы бойынша модуль іске қосылды. Павлодар облысы бойынша МКДкедендік әкімшілендіру басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/990131?lang=kk
Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ форумында Орнықты даму мақсаттары бойынша үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынады 09.05.2025
2025 жылғы шілдеде Қазақстан 39 елдің қатарында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтетін орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда үшінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырады. Форум - түрлі ел БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыру тәжірибесімен және жетістігімен бөлісетін басты халықаралық алаңның бірі.Шолу жұмысын Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен, бизнеспен және халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізуде. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі процестің дайындық жоспарын бекітті.Шолудың жобасы БҰҰДБ мен Экономикалық зерттеулер институтының қолдауымен өткізілген өңірлік семинарларда талқыланды. Диалогқа барлық негізгі топтар, соның ішінде жастар өкілдері қатысты.Сонымен қатар, елімізде Орнықты даму мақсаттарын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялау жалғасуда. 2024 жылғы қазанда Ұлттық индикаторлардың жаңартылған тізбесі бекітіліп, 200 көрсеткіштің 69-ы басым бағыт ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда олардың 93%-ы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында ескеріліп, ал өңірлерде облыстардың даму жоспарына толықтай енгізілген.Осылайша, Қазақстан тұрақты және инклюзивті өсуге қол жеткізуге, мемлекеттік басқару сапасын жақсартуға және халықаралық аренадағы өз ұстанымын нығайтуға дәйекті түрде көшуде.Бұл Қазақстанның БҰҰ шеңберінде ұсынатын үшінші шолуы. Осындай есептер 2019 және 2022 жылдары сәтті таныстырылып, халықаралық әріптестер тарапынан жоғары бағаланған еді. 2025 жылғы форумға қатысу еліміздің жаһандық күн тәртібіне ниеттестігін айқындап, халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастығын күшейтеді.Анықтама: Ерікті ұлттық шолу Күн тәртібі-2030 қабылданған сәттен бастап, еліміздің Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуін көрсетеді. Бұл тәжірибе алмасуға, мемлекеттік институтты нығайтуға, жаһандық міндеттерді жүзеге асыруға әріптестерді кеңінен тартуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/990136?lang=kk
«Оқ пен оттың арасы» атты патриоттық әндер фестивалі жас буын арасында өтті 09.05.2025
Қ.Байсейітов саз колеждінде Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «ОҚ ПЕН ОТТЫҢ АРАСЫ» атты патриоттық әндер фестивалі жас буын арасында өтті. Фестиваль сонында әр қатусушыны алғыс хатпен және ақшалай сертификаттарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/990149?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі семинар 09.05.2025
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша семинар өтті2025 жылғы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және лудоманияның алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.Шараны ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Қойшынов Қазыбек Қадесұлы, сондай-ақ «Антарес А» қоғамдық қорының психологы Байбусунов Серік Абылқасынұлы жүргізді.Психолог Байбусунов С.А. өз сөзінде лудоманияның негізгі мәселелерін, оның туындау себептерін және құмар ойындарға бейім адамдар үшін туындайтын салдарын түсіндірді. Ол ойынға тәуелділіктің механизмі есірткі және алкоголь тәуелділігіне ұқсас екенін атап өтті.Семинар аясында сондай-ақ мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілікке және жыныстық қол сұғушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді. Қатысушыларға тең қарым-қатынасты сақтау және сыйластыққа негізделген еңбек ортасын қалыптастыру қажеттілігі ескертілді.Семинар соңында барлық қойылған сұрақтарға толық және мазмұнды жауаптар берілді.Қорыта келе, Әдеп жөніндегі уәкіл Қазыбек Қадесұлы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін ұстанудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1112497?lang=kk
Ақмола облысында көктемгі егіс науқанына дайындық қызу жүріп жатыр. 09.05.2025
Биыл өңір диқандары 5,4 миллион гектар жерге жаздық дақылдар егуді жоспарлап отыр бұл өткен жылмен салыстырғанда 52 мың гектарға артық. Ауыл шаруашылығы алқаптарын әртараптандыруға басымдық берілуде: майлы дақылдар көлемі 430 мың гектарға дейін ұлғайса, көкөніс, картоп және мал азығы дақылдары да көбейеді.Күнтізбе бойынша мамыр басталды бұл егіннің болашағы шешілетін жауапты кезең. Қазіргі таңда негізгі міндеттердің бірі топырақта қыстан жиналған ылғалды сақтау. Қазірдің өзінде 128,9 мың гектар жерде ылғал жабу жұмыстары аяқталды, бұл жоспардың 4,4 пайызын құрайды. Ал 3,2 мың гектарда себу алдындағы өңдеу жұмыстары жүргізілді.Биыл өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға 200 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған: оның ішінде 63,3 миллиарды субсидияға, шамамен 140 миллиарды жеңілдетілген несие мен форвардтық сатып алуға бағытталған. «Кең Дала» және «Кең Дала 2» бағдарламалары желтоқсан айынан бастап жұмыс істеп тұр, бүгінде аграрийлер 71,5 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/990154?lang=kk
Мұраға қалдырылған жинақтарды БЖЗҚ-дан қалай алуға болады? 09.05.2025
Зейнетақы және нысаналы жинақтар (ҚР кәмелетке толмаған азаматтарына "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде есептелетін) – БЖЗҚ-да шоты ашылған жеке тұлғаның меншігі. Тиісінше, бұл жинақтар мұраға беріледі. Бұл ретте мұраға беру құқықтары күшіне енгенге дейін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылуы мүмкін. Оның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде, бірақ қайтыс болған адамның шотындағы қаражаттан аспауы керек. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем іске асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның шотындағы жинақтардың қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлеммен бірге беріледі.Жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған жинақ сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен мұраға беріледі.Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) заңнамасында нысаналы жинақтар есебінен жерлеуге арналған төлем көзделмегенін ескерткіміз келеді.ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес мұраға қалдырылған зейнетақы және (немесе) нысаналы жинақтарды алу үшін мұра ашылған жер бойынша нотариусқа немесе заңмен уәкілеттік берілген лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш беруге тиіс. Мұны мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде жасау керек екенін ескерген жөн. Сонымен қатар, жинақтарды мұраға қалдыру рәсімін оңайлату, сондай-ақ ҚР Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата және БЖЗҚ арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру үшін "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі" (БНАЖ) мемлекеттік ақпараттық жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы шарт жасалды. Шартқа сай, 2019 жылғы ақпаннан бастап нотариустар БНАЖ-да тіркелген мұрагерлік іс бойынша жазбаша сұраныс жібермей-ақ, қайтыс болған адамның шотындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді алу үшін БЖЗҚ-ға онлайн сұрау сала алады. Бұл мұраға құқық туралы куәлік ресімдеуді оңтайландырды. Мұрагер мұрагерлік құқығы туралы куәлікті алғаннан кейін БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне қажетті құжаттар пакетін ұсынуға құқылы. Жеке өтініштен басқа, мұрагерлік төлемдерді алуға арналған құжаттарды сенім білдірілген тұлға арқылы немесе пошта арқылы беруге болады. Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттар, оның ішінде БЖЗҚ-да жинағы бар және ҚР тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болғандығы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің түпнұсқасымен сәйкесетінін, өтініштегі төлем алушының қойған қолының шынайы екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер, сенімхат куәліктері шет мемлекетте жасалса, онда бұл құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылып, заңдастырылуы тиіс. Бұған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайлар жатпайды. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушы немесе БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамның мұрагері шетелдік, оның ішінде мұрагердің сенім білдірілген адамы/алушының заңды өкілі болатын болса, онда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, БЖЗҚ-ға алушының/сенім білдірілген адамның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ретінде мемлекеттік не орыс тіліне аударылған, қажет болған жағдайда нотариат куәландырған және заңдастырған шетелдік паспорт ұсынылады. Қажетті құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін БЖЗҚ заңнамада белгіленген мерзімде зейнетақы жинағы төлемдерін жүзеге асырады. Қайтыс болуына байланысты (жерлеуге немесе мұрагерлерге) төлем тағайындау туралы өтініштерді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесімен Қордың веб-сайтында танысуға болады. Сондай-ақ, мұрагерлердің жинақ алу үшін құжаттарды тапсыру рәсімі БЖЗҚ youtube арнасында да жарияланған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1002864?lang=kk
Тәжікстан Республикасы делегациясының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ сапары 09.05.2025
2025 жылғы 24-25 сәуірде Тәжікстан Республикасы делегациясының (бұдан әрі – ТР) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) танысу сапары өтті. Іс-шара Дүниежүзілік банктің қолдауымен өтті.Делегация құрамында ТР Үкіметі жанындағы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі (ӘСЗА), ТР Президенті жанындағы инновация және цифрлық технологиялар агенттігі (ИЦТА), ТР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Әлеуметтік қорғау мен экономикалық интеграцияны жаңғырту жобасын" жүзеге асыру тобының өкілдері болды. Кездесуге ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты. Құттықтау сөзінде "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов кездесуге қатысушыларға Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтып, оның негізгі компоненттері туралы баяндады және екі ел мамандарының нәтижелі ынтымақтастығына сенім білдірді.Өз кезегінде тәжік делегациясының басшысы – ТР ӘСЗА директоры Абдурахмон Халимзод қазақстандық әріптестеріне зейнетақы жүйесін құрудың озық тәжірибесімен және оны цифрландыру деңгейімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты. Ол цифрлық технологияларды өмірдің барлық салаларына, әсіресе зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласына енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл қазіргі уақытта Тәжікстандағы басым стратегиялық міндеттердің бірі екенін атап өтті.Семинар барысында Душанбе қаласындағы ӘСЗА басқармасының бастығы Усмонали Сироджов ТР әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі туралы айтып берді. Қазір Тәжікстанда ерлер 63, әйелдер 58 жасында зейнетке шығады. Зейнетақы төлемдері елдегі орташа өмір сүру ұзақтығына сәйкес 180 айға (15 жыл) есептелген. Сақтандыру және Мемлекеттік зейнетақы жасына, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалады. Сақтандыру зейнетақысы сақтанушылар сақтандырылған адамдар үшін төлеген зейнетақы жарналарынан тұрады (мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысының 25%, мемлекеттік емес мекемелер 20%). Сондай-ақ, зейнетақы әкесінен немесе анасынан айырылған 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады.Тәжікстандық топ Қазақстанның зейнетақы жүйесімен танысу, оның жинақтаушы компоненттеріне ерекше назар аудару, сондай-ақ еліміздің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін цифрландыру саласындағы озық тәжірибесімен танысу үшін келді.Тәжік делегациясына Қазақстандағы әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, атап айтқанда жинақтаушы компонент туралы кешенді ақпарат ұсынылды. Зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту, жеке зейнетақы шоттарын әкімшілендіру, зейнетақы төлемдерінің түрлері сынды тақырыптар таныстырылды, Зейнетақы жинақтарын инвестициялау мәселелері ашылды. Бұл ретте осы бағыттарды іске асыруда цифрландырудың рөліне, кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, БЖЗҚ және Қазақстанның жинақтаушы жүйесінің басқа да қатысушылары (уәкілетті операторлар (ЕДБ), инвестициялық портфельді басқарушылар және өмірді сақтандыру компаниялары және т.б.) ұсынатын онлайн-сервистерді дамытуға ерекше назар аударылды. Заманауи технологияларды дамытудың және ақпараттық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтай отырып, мемлекеттік құрылымдардың дерекқорларымен тығыз ықпалдасудың арқасында БЖЗҚ халыққа көрсететін барлық қызметтер цифрландырылды. Цифрландыру Қазақстанның зейнетақы және әлеуметтік жүйесін неғұрлым ашық, ыңғайлы және икемді, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары үшін пайдаланушы тәжірибесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұны Тәжікстанның әлеуметтік ұйымдарының мамандары, сондай-ақ Дүниежүзілік банк өкілдері атап өтті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/990417?lang=kk
Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» атты патриоттық сағат ұйымдастырылды 09.05.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» атты патриоттық сағат өтті.Шара барысында «Ерлік пен абыройдың символы – Отан қорғаушылар» атты қысқаша бейнеролик көрсетіліп, «Қарулы күш – ел тірегі» атты кітап көрмесімен кітапханшы Тұрсынханова Ажар библиографияық шолу жүргізді.7 мамыр – Отан қорғаушылар күні — Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелердің бірі. Бұл күн еліміздің Қарулы Күштерінің құрылған күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн – еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігін күзетіп жүрген сарбаздар мен әскери қызметкерлерге, сондай-ақ әрбір ер азаматқа арналған құрмет күні.Шарада Талдықорған қаласының №13 орта-мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Уалиева Назгүл Замзабекқызы баяндама оқыса, осы мектептің оқушылары патриоттық өлеңдерін оқыды және №17 орта-мектептің кітапханашысы Назгүл Советжанқызы өзінің ізгі тілегін арнады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/990179?lang=kk
Қазақстан мен Моңғолия СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 09.05.2025
Астана, 2025 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгпен телефон арқылы сөйлесті.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық байланыстарды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, қазақ-моңғол ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Биік деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету үшін күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы аталып өтті.Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды жоғары деңгейде сақтауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/990118?lang=kk
Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы үздік IT-әзірлемелерді қолдады 09.05.2025
Елордадағы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің алаңында Defense Tech хакатоны өтті. Ұйымдастырушылар бұл шараны Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырды. Оған ғалымдар, IT-мамандар, өнертапқыштар, студенттер, әскери қызметшілер, қорғаныс технологияларын дамытуға үлес қосуға және өзін республикалық деңгейде танытуға ұмтылатындардың барлығы қатысты.Хакатонда қазылар алқасы Sarbaz+ порталы, жасанды интеллекті бар дербес чат-бот, коммуналдық қызметтерді есепке алу жүйесі, интеллектуалды жарықтандыру жүйесі, объектілердің цифрлық егіздері және AI-клиенттік өзіне-өзі қызмет көрсету порталы бойынша инновациялық шешімдерді ұсынды. – Қорғаныс министрлігі үшін бұл іс-шараның маңызы зор. Біз соңғы трендтерді зерделейміз, инноваторлар мен стартаперлердің немен жұмыс істейтінін анықтап білеміз. Сол арқылы оларға өз таланттарын қолдана алатын бағыттарды ұсынамыз. Өткен хакатондардың жеңімпаздары сынақтан өтуде, олардың жобалары Қарулы күштерде пайдаланылуда және өз тиімділігін көрсетуде, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев. 30-дан аса жобаны зерделеген қазылар алқасы қорғаныс саласында неғұрлым пысықталған және сұранысқа ие жобаларды анықтады. MyArmy.kz. командасы бірінші орын мен 2,5 млн теңге ақшалай сыйлықтың иегері атанды. Екінші орынды ішкі нормативтік құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді талдау үшін жасанды интеллектпен автономды чат-бот әзірлеген «Жаңғыр» командасы иеленіп, 1,5 млн теңге ұтып алды. Үшінші орын және 1 млн теңге 2D нысандарының цифрлық егіздерін әзірлеуші Uazir Tech 3D–командасына берілді.– Біздің жеті адамнан тұратын команда мерзімді және келісімшарттық әскери қызметке өтініш беруді жеңілдету үшін қосымша жасап шығарды. Кез келген адам біздің пилоттық сайтқа кіріп, тіркеліп, қызметке өтініш беріп, қажетті ақпаратты таба алады. Біздің сайтта және телеграм-ботта әскери комиссариат өкілдерінен сұрақтарға жауап алуға болады, - деп бөлісті Myarmy.kz командасының өкілі 17 жастағы Сұлтанәлі Әбілмәжін.Қатысушылардың пікірінше, хакатон идеяларды көрсету алаңына ғана емес, сонымен қатар жемісті қарым-қатынас пен пікірлес адамдармен және кәсіпқойлармен байланыс орнатуға арналған орынға айналды.Қорғаныс министрлігі мұндай іс-шараларды жылына төрт рет өткізеді. Бұл компанияларға алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, өз өнімдерін дамытуға және жақсартуға мүмкіндік береді. Әзірлеушілердің ұсыныстарына кезекті байқауды осы жылдың жазында Алматыда өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/990121?lang=kk
Халықаралық мүгедектер құқығы үшін күрес күні 09.05.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Кемсітпеушілік пен құқықтар теңдігінің конституциялық кепілдіктері мүгедектердің құқықтарын қолдау және құрметтеу жөніндегі, оның ішінде кедергісіз орта құру, инклюзивті білім беру, әлеуметтік қолдау және т.б. бағыттарды қамтитын мемлекеттік саясаттың негізін құрайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты өз қызметі шеңберінде мүгедектігі бар азаматтардың бірқатар өтініштерін қарады және бекітілген конституциялық кепілдіктердің үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер қабылдады.Мысалы, 2024 жылғы 26 шілдеде конституциялық бақылау органы № 50-НҚ нормативтік қаулысын қабылдады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/697428?lang=kk, оған сәйкес сот шешіміне шағымдану сатысында мемлекеттік баждан босатуды тек талапкер ғана емес, сонымен қатар жауапкер болып табылатын мүгедектігі бар азаматтар алуға тиіс. Қазіргі уақытта бұл норма Парламент Мәжілісі бірінші оқылымда мақұлдаған жаңа Салық кодексінің жобасында Конституцияға сәйкес келтірілген.Сондай ақ, Конституцияға сәйкестігін тексеруді бастау прокурорлық тексеруді және уәкілетті министрліктің https://t.me/consot_kz/1274 мүгедек адамдардың теміржол көлігіне отырғызу кезінде қосымша құжат ұсынуы туралы бұйрық деңгейіндегі заңсыз талапты жоюды ынталандырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/990072?lang=kk
"Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі-2025" 09.05.2025
2025 жылғы 31 наурызда «Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі-2025» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді, оған Осакаров ауданының шағын жинақты мектептерінен 4 педагог қатысты. Аудандық кезеңнің нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді: 2 орынды Ладнер Т. В. – «№13 жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі және Два А. – «№34 Негізгі орта мектеп» КММ дене шынықтыру мұғалімі бөлісті; 3 орынды «№32 негізгі орта мектеп» КММ тарих пәнінің мұғалімі Е. Н. Монжосов және «№20 жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Ю. Д. Карлова бөлісті; Осы байқаудың облыстық кезеңіне «№13 жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Т.В. Ладнер қатысып, 3 орын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/990016?lang=kk
«Ашық есік күні» өткізілді 09.05.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіШоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледж студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында «Ашық есік күні» акциясын өткізді.Бұл шараның мақсаты мемлекеттік кірістер органдарының қызметімен таныстыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болды.Акция аясында студенттер мемлекеттік кірістер органдарының мұражайымен, «Көкшетау- кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетімен, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қабылдау және өңдеу Орталығымен және басқада бөлімдерімен танысты, салық және кеден саласындағы қызметтерлерінің негізгі бағыттары түсіндірілді. Кадрлар бөлімінің бас маманы Жәмиля Меңдібаева жұмысқа қабылдау шарттарымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Аманжол Құсайынов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуымен және мемлекеттік қызметшілер сақтауы тиіс әдеп нормалармен таныстырды.Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп, брошюралар таратылды. #akmola#салықтар#кеден#ақмола#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП# Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/989982?lang=kk
1 мамырдан бастап жедел медициналық көмекті көрсету ережелерінің жаңа нұсқасы күшіне енді 09.05.2025
Жаңа өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес, бекітіліп отыр. Бұл өзгерістер шұғыл көмектің тиімділігін арттыруға, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің (МСАК) рөлін күшейтуге және ауылдық пен шалғай өңірлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз-мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымұлы жаңа ереже жедел жәрдемнің жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретінін айтты. - «Мобильді бригадаларды енгізу — жай ғана жаңалық емес, бұл қоғамға берілетін белгі: медициналық көмек халыққа жақындай түсуде. Бұл ірі қалалар үшін де, әсіресе ауылдық аймақтар үшін маңызды. Біз жедел жәрдемнің шамадан тыс жүктемесін азайтып, МСАК-тің басты рөлін қайтара бастадық», — деді спикер.Негізгі өзгерістерге келер болсақ: МСАК-тің мобильді бригадалары. - Төртінші санаттағы (аса шұғыл емес) шақыртулар енді жұмыс уақытында (08:00–20:00) үйге барып қызмет көрсететін МСАК мамандарымен қамтылады;- Ауылдық жерлерде бұл қызметті лицензиясы бар мердігерлер арқылы аутсорсинг негізінде ұйымдастыруға болады;Келу нормативтері. - Жедел жәрдемнің келу уақыты нақты регламенттелген: 1-санат үшін – 10 минутқа дейін, 4-санат үшін – 60 минутқа дейін. МСАК мобильді бригадалары да бір сағат ішінде келуі тиіс;Өкілеттілікті бөлу. - Жұмыс уақытынан тыс кезде 4-санаттағы шақыртулар жедел жәрдем қызметіне беріледі. Науқасты ауруханаға жеткізу туралы шешімді ССМК фельдшері не дәрігері қабылдайды;Қауіпсіздік пен есепке алу шаралары.- Барлық бригадалар бейнетіркегіштер мен рациялармен жабдықталады, дәрілік заттар автоматтандырылған жүйелер арқылы есепке алынады;Санитарлық автокөлік резерві. - Автопарктің кемінде 10%-ы резервке бөлінеді. Машиналар A, B және C санаттары бойынша жіктеледі;Диспетчерлік және Call-орталықтардың жұмысы. - Денсаулық сақтау ұйымдары мен ішкі істер органдарымен үйлестіру күшейтіледі. Егер жедел жәрдем бара алмаса, шақырту МСАк-ке беріледі;Медициналық авиация. - Тек келісімшарттар негізінде пайдаланылады, қону алаңын дайындау міндетті;Жаңа ережелер күшіне енгенен кейін, әрекет ету уақытының қысқарып, өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігінің артуына ықпал етеді. Бригадалар жұмысының қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрлық бақылау күшейтіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/989987?lang=kk
Акушер болу - қиын да маңызды миссияны орындау 09.05.2025
Алматы облысы Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының Шеңгелді ауылдық дәрігерлік амбулаториясының акушері Клара Заглетқызы Есенованың медициналық білімі мен тәжірибесі жүздеген сәбидің аман-есен дүниеге келуіне ұйытқы болған. Ауылда 40 жылдан астам еңбек еткен акушер жедел медициналық көмекке мұқтаж көптеген әйелдерге қол ұшын созған. Ол, кәсіби тұрғыда әрекет етуге тура келген алғашқы қиын жағдайларды ұмыту мүмкін емес деп отыр.Бірі - шұғыл медициналық көмек қажет болатын босану кезіндегі көмек көрсету. Осыдан бірнеше жылдар бұрын Клара Заглетқызы жайлаудан қансыраған жүкті, шопанның әйелін ауруханаға алып келген екен. «Жайлауда мерзімінен бұрын босану және жүктілікті үзу қаупінің негізгі себебі физикалық белсенділіктің тым көп болуы. Жүкті әйел ауыр салмақты көтеріп, уақытылы демалмаса, осындай жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Біз әйелді дереу ауруханаға жеткіздік және дәрігерлер екі адамның өмірін аман алып қалды, дәлізде нәтижесін күтіп, жүкті әйел мен оның баласын уайымдаған сәттерім әлі есімде. Ең әсерлі сәт - сәби дүниеге келіп, анасы барлық қорқыныш артта екенін, баласы оның жанында және бәрі жақсы екенін түсініп жатқан кезі», - дейді маман.40 жылдан астам еңбек өтілімі бар Клара Заглетқызы, таңдаған мамандығын ерекше сүйгендіктен, ешқашан жеке уақытымен санаспағанын айтады. Қар мен жаңбырда, тіпті боранда да ол жүкті әйелдерді назарсыз қалдырған емес.Шеңгелді ауылында, бүгін, 50 келіншек сәбилерін күтуде. Клара Заглетқызы олардың әрқайсысын жақсы біледі және кез келген уақытта медициналық көмек көрсетуге дайын. Бір айдан аз уақыт бұрын ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, алғашқы медициналық көмек көрсетуге қолайлы жағдайлар жасалған болатын.Осыған орай, кейіпкеріміз амбулатория ұжымы үшін өте қуанышты және барлығына амандық тілейді. Тамаша жанға акушерлік қызметке адалдығы үшін алғыс білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/989989?lang=kk
Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етті 09.05.2025
Қорғаныс министрлігінде Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.Бірқатар әскери қызметшілерге Президент Ақордада мемлекеттік наградалар табыстады. Әскерлерді басқару және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету ісіндегі жетістіктері үшін ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов II дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. С. Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденіне Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов, Б. Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденіне Қорғаныс министрлігінің режимі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының бастығы полковник Талғат Әмірхан ие болды.28738 әскери бөлімі зеңбірек артиллериялық дивизионының фельдшері аға сержант Руслан Мейірбаев пен 25744 әскери бөлімі танк батальонының танк командирі кіші сержант Шыңғыс Бақыт азаматтық және әскери борышын үлгілі орындағаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан көп жылғы қызметі мен елеулі үлесі үшін ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары – «Жауынгерлік даңқ» мұражайының бастығы Алуа Байқадамова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.Жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтаған қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қазақстандықтар биыл атап өтетін екі күннің тарихи маңыздылығына тоқталды. – Ата-бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихымыздың шежіресіне алтын әріптермен жазылған. Майдангерлердің жауынгерлік дәстүрін абыроймен жалғастырушы – Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне де құрмет бөлек. Жеңімпаз ұрпақтың бүгінгі ізбасарлары жанқиярлық қызметімен мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтып, бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосып жүр, – деді ол.Кәсіби мерекеге орай 51 әскери қызметші мен азаматтық персонал мемлекеттік наградаға ие болды. Оның ішінде 17 адам орден, 33 адам медаль және бір адам «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.61 әскери қызметші ведомстволық наградалармен марапатталды. Оның ішінде 37 - «Ел қорғаны», 15 - «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі және 9 - «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздігі» төсбелгісімен атап өтілді.Отан қорғаушы күніне орай Қарулы күштердегі еңбек сіңірген жылдары үшін 2274 адам «Мінсіз қызметі үшін» және 153 ардагер «Қарулы күштердің ардагері» медалімен марапатталды.Сонымен қатар Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Қарулы күштерінің 54 әскери қызметшісіне мерзімінен бұрын кезекті әскери атақтар берілді.Марапаттау рәсімінен кейін ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концерт өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/989970?lang=kk