Әлем
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Павлодар тұрғынына аман-есен үйіне қайтуға көмектест 10.02.2026
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Павлодар тұрғынына аман-есен үйіне қайтуға көмектестіАбай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің әйелдер колониясының қызметкерлері ұзақ мерзімді кездесуден кейін қар құрсауында қалған Павлодар қаласының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған ұлына көмек көрсетті.Ауа райының күрт нашарлауына байланысты олардың автокөлігі толығымен қар астында қалып, отбасы өз бетімен жолды жалғастыра алмады.52 жастағы ер адам 15 жастағы ұлымен бірге жазасын өтеп жатқан жұбайымен кездесуге келген. Олар ұзақ мерзімді кездесуде болған уақытта Шуақ ауылында ауа райы күрт өзгеріп, қатты жел соғып, мол қар жауған. Соның салдарынан отбасының көлігі қалың қарға батып, қозғала алмай қалған.Үйден алыс жерде қиын жағдайға тап болған әке мен бала үлкен қиындық көрді. Сол сәтте кезекшілікте жүрген мекеме қызметкерлері жағдайды байқап, дереу көмекке келген. Олар өз күштерімен және қызметтік техниканың көмегімен қарды тазалап, көлікті қар құрсауынан шығарып, қауіпсіз түрде жолды жалғастыруға мүмкіндік жасады.Колония қызметкерлерінің ұйымшыл әрі жедел әрекетінің арқасында отбасы аман-есен Павлодарға қайтып аттанды.– Ұлым екеуміз өте қиын жағдайға тап болдық – көлігімізді толығымен қар басып қалған, айналада боран, жол көрінбейді. Шынымды айтсам, қатты абдырап қалдым. Сол сәтте колония қызметкерлері көмекке келді. Олар тек қызметтік міндетін орындап қана қоймай, шынайы адамгершілік танытты. Қиын сәтте жанымда бейжай қарамайтын адамдардың болғаны мен үшін өте маңызды болды. Бізге көмектесіп, аман-есен үйге жетуімізге жағдай жасаған әрқайсысына шын жүректен алғыс айтамын, – деді Павлодар тұрғыны.– Біздің қызметкерлер қандай жағдай болмасын адамдарға көмектесуге әрдайым дайын. Бұл жағдайда тек қызметтік міндет емес, адамгершілік жауапкершілік, қамқорлық пен қолдау көрсетілді. Ұжымымыздың жеделдік, бірлік танытып, адамдарды қиын жағдайда қалдырмағанына біз мақтанамыз, – деп атап өтті мекеме бастығы Уәлихан Жұмашев.Мұндай жағдайлар қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің тек тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен шектелмей, сонымен қатар қиын өмірлік жағдайларда азаматтарға көмек көрсететін жоғары моральдық қасиеттерге ие екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1158760?lang=kk
Қызметтік этика: әрбір мемлекеттік қызметші нені білуі тиіс 10.02.2026
Мемлекет пен қоғам арасындағы ашықтық пен тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында қызметтік этика мәселелері ерекше маңызға ие болуда. Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі, көрсетілетін қызметтердің сапасы және тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында қызметтік этика нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалған.Қызметтік этиканың негізгі қағидаттарыӘдеп кодексінде мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін атқару кезінде мыналарға міндетті екендігі белгіленген:• заңдылықты, әділдік пен бейтараптық қағидаттарын сақтауға;• азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне құрметпен қарауға;• мемлекеттік қызметке деген сенімге нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге;• азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайы, әдепті және тактілі болуға.Қызметтен тыс мінез-құлық және беделӘдеп кодексі тек қызметтік уақытқа ғана емес қолданылады. Мемлекеттік қызметші өзінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы, оның ішінде әлеуметтік желілердегі белсенділігі де мемлекеттік қызметтің беделіне әсер ететінін есте сақтауға міндетті.Кодексте мемлекеттік қызметшілер:• қоғамдық айыптауға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерден тартынуға;• дәйексіз ақпараттың таралуына жол бермеуге;• жалпыға ортақ мораль мен іскерлік этика нормаларын сақтауға тиіс екендігі көрсетілген.Этика нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікӘдеп кодексі талаптарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл институтының негізгі міндеті – бұзушылықтардың алдын алу, адал және құрметті мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болып табылады, жазалау шаралары емес.Қорытындылай келе, қызметтік этика – бұл формалдылық емес, мемлекеттік қызметтің сапасын арттырудың маңызды құралы екенін атап өткен жөн. Азаматтарға сыпайы қарым-қатынас жасау, іскерлік қатынас нормаларын сақтау және әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1158764?lang=kk
Алматыда Италиямен мәдениеттік ынтымақтастық талқыланды 10.02.2026
2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Италия мәдениет институтының директоры - Италияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Кризафулли Эдоардомен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы мәдениеттік байланыстар деңгейін өзара арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Э.Кризафулли алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1158750?lang=kk
Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады 10.02.2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Премьер-министр Мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі нығайту жөніндегі тапсырмаларына және Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық мақсаттарға сәйкес Үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған бірқатар шаралар қабылдағанын атап өтті.Салық, тариф және бюджет саясаты, цифрландыру және құрылыс салалары, сондай-ақ әлеуметтік бағыт бойынша қабылданған шешімдер экономиканың дамуына кедергі келтіріп отырған құрылымдық теңгерімсіздіктерді кезең-кезеңімен жоюға бағытталған.Салық және бюджет реформасының нәтижесінде Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді тартпай-ақ, елдің үш жылдық бюджетін қалыптастыру мүмкін болды. Бұл 2028 жылға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімнің 0,9%-ына дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылғы 50%-дан 2028 жылы 34%-ға дейін төмендейді.Жүргізілген реформалар аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың орнықты өсімі сақталды. Ақшалай мәнде жалпы ішкі өнімнің өсімі 20,1 млрд АҚШ долларын құрады.Жалпы алғанда, 2025 жылы ЖІӨ өсімі 6,5% деңгейінде қалыптасты. Экономикалық өсім негізгі салалардың жедел дамуымен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, көлік саласы 17,8%-ға, құрылыс – 14,6%-ға, тау-кен өнеркәсібі – 17,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 12,2%-ға, сауда – 26%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,9%-ға өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1158714?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан саяси диалогты тереңдетуге және консулдық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі 10.02.2026
Нью-Дели, 2026 жылғы 10 ақпан - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Сыртқы істер министрлік департаменттің Бас директоры доктор Биной Джорджпен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін және сыртқы саяси ведомстволар арасындағы диалогты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Кездесулер барысында қазақ дипломаты Үндістан тарапын Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси және институционалдық реформалар туралы хабардар етті. Әсіресе конституциялық өзгерістерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту, Президент өкілеттіктерін шектеу, Парламенттің рөлін арттыру, жергілікті өкілді органдардың құзыретін кеңейту, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін институционалдық тұрғыдан бекіту мәселелері атап өтілді.Тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тақырыптары бойынша пікір алмасты. Үндістан тарапы практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік танытып, алдағы уақытта консулдық консультациялар өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.Кездесулер сындарлы әрі достық жағдайда өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы серіктестікті нығайтуға деген өзара мүдделілікті растады. Тараптар тұрақты байланыстарды қолдап, өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1158580?lang=kk
Жаңа Конституция – ел болашағына бастар құқықтық бағдар 10.02.2026
Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы Политехникалық колледж ұжымының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның қоғам дамуына ықпалы және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.Іс-шарада Конституцияның ұлттық құндылықтармен өзара сабақтастығына ерекше назар аударылды. Қатысушылар Ата Заңның тек мемлекеттік құқықтық құжат қана емес, ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, оның әрбір нормасы елдің тарихи тәжірибесі мен стратегиялық даму бағдарын қамтуы тиіс екенін айтты.Дөңгелек үстелде Қазақстан Халық кеңесінің рөлі де жан-жақты түсіндірілді. Кеңес құрамындағы 126 мүшенің 42-сінің өзге этнос өкілдерінен сайлануы қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді. Бұл бастама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты жүзеге асып жатқанын көрсететіні айтылды.Сонымен қатар, Конституцияның 3-бабында көрсетілген мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарына тоқтала келе, ғылым мен білімді дамыту әрдайым мемлекеттің басым бағыты болғаны, ал жаңа Конституцияда бұл салалардың стратегиялық маңызы нақты айқындалғаны айтылды. Адами капиталды дамыту, білім, ғылым және инновацияны қолдау, зияткерлік меншік құқығын қорғау еліміздің ұзақ мерзімді дамуының басты тіректерінің бірі ретінде белгіленген.Жиын барысында спикерлердің бірі, «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Айдар Құлжанов конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып:– Конституция бүгін өзгеріп, ертең өмір бірден өзгеріп кетпейді. Алайда жүйелі реформалар уақыт өте келе өз нәтижесін береді. Бұл өзгерістер ғасырдың ортасына қарай тұрақты әрі әділетті қоғам қалыптастыруға негіз болады, – деді.Ал Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының арнайы пәндер циклының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, полиция полковнигі Айболат Маймақов жаңа Конституция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» басқару моделін іске асыруға берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жүйе билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.Іс-шара қорытындысында жаңа Конституция жобасының негізгі өзегі айқын екені айтылды. Онда адам және оның құқықтары, заң мен тәртіп, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық, бірлік пен келісім, білім мен ғылым, инновация және табиғатқа жауапкершілік сияқты басты құндылықтар қамтылған. Ең маңыздысы – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен әділетті қоғам құндылықтарының нақты бекітілуі екені атап өтілді.Сондай-ақ, Айдар Құлжанов алдағы референдумның маңызына тоқталып, бұл халықтың ел тағдырына қатысты тарихи шешімді бірге қабылдайтын маңызды кезең екенін айтты.– Жаңа Конституция жобасын талқылау – жай ғана мәтінді қарау емес. Бұл елдің болашаққа қандай құндылықтармен қадам басатынын айқындау. Сондықтан бұл үдерістен шет қалмауымыз қажет, – деді ол.Дөңгелек үстелге қатысушылар мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық санасын арттырып, қоғамның ел дамуына белсенді қатысуына ықпал ететінін атап өтіп, жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.
Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді 10.02.2026
Шымкент қаласында медицина ұйымдарының басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Маңызды басқосуға басқарма басшысы Қайрат Қалибеков, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының жетекші мамандары қатысты.Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы медицина саласының өкілдеріне кеңінен таныстырылып, оның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Қатысушылар құжаттың ел дамуының жаңа кезеңіне сай әзірленгенін атап өтті.Жиынға қатысушылардың пікірінше, жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысына негізделген, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дамуға бағытталған маңызды құжат болып табылады. Әсіресе, денсаулық сақтау саласына қатысты нормалар медицина қызметкерлерінің ерекше назарын аударды.Талқылау барысында Конституция жобасының 32-бабына, яғни азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы мен оны іске асыру тетіктеріне айрықша мән берілді. Жобаға сәйкес, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары екі негізгі бағытта қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, заңда белгіленген көлемде тегін медициналық көмек алу құқығы сақталып, сондай-ақ заңнамада көзделген тәртіппен ақылы медициналық қызметтерді пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.Қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің әлеуметтік маңызына тоқталып, медицина қызметкерлерін жобаны қолдауға шақырды.– Азаматтардың медициналық көмек алу құқығы бұрынғыдай заңда белгіленген көлемде сақталады. Ұсынылған өзгерістер әлеуметтік кепілдіктерді нақтылап, оларды құқықтық тұрғыдан нығайтуға бағытталған. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына оң серпін береді, – деді ол.Сонымен қатар, жиында жаңа Конституция жобасының адамға бағдарланған құжат екені ерекше атап өтілді. Онда адам құқықтары мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалған. Денсаулық сақтау, білім және ғылым салаларына ерекше мән берілуі де осы бағыттың нақты көрінісі екені айтылды.Қорытынды сөз сөйлеген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе жан-жақты зерделенгенін атап өтті.– Көптеген мемлекеттерде азаматтардың медициналық көмекке құқығы конституциялық кепілдіктер мен салалық заңнаманың үйлесімі арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан да осы озық тәжірибені негізге алып отыр. Ұсынылып отырған өзгерістердің басты мақсаты – денсаулық сақтау саласының құқықтық негізін күшейту, қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктерді сақтау және медициналық көмектің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету. Жаңа Конституцияда денсаулық сақтау мемлекеттің азамат алдындағы негізгі жауапкершіліктерінің бірі ретінде айқын бекітіліп отыр, – деді ол.Жиын қорытындысында медицина саласының өкілдері жаңа Конституция жобасы азаматтардың денсаулық сақтау құқығын қорғауға, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға оң ықпал ететініндігін атап өтіп, жаңа Ата заң жобасына қолдау білдірді.
Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді 10.02.2026
Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» «Қазақстан мемлекеттілігінің негізі – бірлік пен келісім» тақырыбында этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен ғылыми-сарапшылық топ өкілдері қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Басқосуда Шымкент қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің департамент директоры Қайрат Анарбаев жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталды. Ол Ата Заңның жаңартылған нұсқасы ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті.– Жаңа Конституция жобасын нағыз халықтық Конституция деуге толық негіз бар. Преамбуладан бастап оң өзгерістер анық байқалады. Конституцияның жаңа редакциясында Кіріспе бөлімі толығымен жаңарып, онда Ұлы даланың мыңжылдық тарихына сүйене отырып, Ата Заңның негізгі мақсат-міндеттері айқындалған. Сонымен қатар, жаңа редакцияда адам капиталы, білім, ғылым және инновация мемлекеттік саясаттың басты стратегиялық бағыттары ретінде белгіленіп отыр. Ең бастысы, адамның құқығы мен өмірі ең жоғары құндылық ретінде айқындалды, – деді Қайрат Сапарханұлы.Пікір алмасу барысында қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева жаңа Конституция жобасында дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтау мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған жүйелі өзгерістер қарастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, Аналар кеңесінің осы бағыттағы жұмыстарының белсенді жүргізіліп жатқанын жеткізді.Іс-шара барысында қалалық ассамблея төрағасының орынбасары, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан, қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Рамиля Искандерова және өзге де этномәдени бірлестік өкілдері сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.Дөңгелек үстел қатысушылары жаңа Конституция жобасын кеңінен талқылап, толық қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Вакцинация —қызылшаға қарсы халықты қорғау мен және алдын алудың негізгі шарасы 10.02.2026
Қызылша — жұқпалылығы аса жоғары, қоғамдық денсаулыққа елеулі қауіп төндіретін вирустық инфекциялық аурулардың бірі. Ауру ауа-тамшылы жолмен жұғып, егілмеген тұрғындар арасында жылдам таралуымен ерекшеленеді, соның салдарынан індет ошақтары пайда болып, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.Қызылшаға шалдығу қаупі әсіресе балалар, жүкті әйелдер және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар үшін жоғары. Ауру дене қызуының көтерілуімен, жалпы уыттанумен, тыныс алу жолдарының зақымдалуымен және тән бөртпенің пайда болуымен сипатталады. Асқынуларының қатарында өкпенің қабынуы, құлақ аурулары, энцефалит және өзге де ауыр зардаптар бар.Қызылшаның алдын алудың ең тиімді әрі сенімді жолы — вакцинация. Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізілетін жоспарлы иммундау тұрақты иммунитет қалыптастырып, аурудың даму қаупін едәуір төмендетеді. Вакцинация жеке адамды ғана емес, бүкіл қоғамды қорғап, инфекцияның кең таралуына жол бермейді.Қызылшаның алдын алу мақсатында халықтың вакцинация мен ревакцинациядан уақтылы өтуі, санитариялық-алдын алу шараларын сақтау, сондай-ақ аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуі аса маңызды. Иммундаудың денсаулық пен өмірді сақтаудағы рөлі туралы халықтың хабардарлығын арттыру да ерекше мәнге ие.Қызылшаның алдын алу — мемлекет, медицина саласы және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Уақтылы вакцинация эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің және халық денсаулығын қорғаудың басты шарты болып қала береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-mihailov/press/news/details/1158484?lang=kk
ХАБАРЛАНДЫРУ 10.02.2026
Құрметті Сүмбе, Шошанай ауылдарының жас келіндері!7 наурыз күні сағат 10:00-де Сүмбе орта мектебінің мәжіліс залында«Қазақтың келіндері – ай» атты келіндер сыны байқауы өтеді.🔹 Қатысушылардың жас ерекшелігі: 30 жасқа дейін🔹 Байқау 5 бөлімнен тұрады:1️⃣ Өзін таныстыру – өлең, ән немесе қара сөз (3 минут)2️⃣ Өз өнерін көрсету – би, ән, өлең немесе көрініс (3 минут)3️⃣ Сұрақ-жауап (салт-дәстүр, ырым-тыйымдар)4️⃣ Ас мәзірі – қатысушы өзі дайындаған тағамды жасап жатқан барысы бойынша 3 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынады және дайын тағамды сайысқа бірге алып келеді5️⃣ «Ана көрген тон пішер» – қолөнер бұйымын жасау барысы көрсетілген 3 минуттан аспайтын бейнеролик дайындап, дайын қолөнер бұйымын сайысқа бірге алып келедіБарша жас келіндерді байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-sumbe/press/news/details/1158420?lang=kk
Қазақстандық делегациясының КОПУОС Ғылыми-техникалық кіші комитетінің 63-сессиясына қатысуы туралы 10.02.2026
Вена, 2026 жылғы 10 ақпан – Қазақстан Республикасының делегациясы БҰҰ-ның Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комитетінің (КОПУОС) Ғылыми-техникалық кіші комитетінің (ҒТКК) 63-сессиясына қатысты.Сессия аясында В.Фесенков ат. Астрофизикалық институттың директоры Шыңғыс Омаров Қазақстанның ғарыштық жағдайдан хабардар болу (SSA – Space Situational Awareness) саласындағы қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктері туралы презентация жасап, Жерге таяу ғарыш кеңістігінe бақылау жүргізу және ғарыш қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын атап өтті.Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде Ш.Омаров Біріккен Араб Әмірліктерінің Ғарыш агенттігі (UAE Space Agency) өкілдерімен кездесу өткізді. Онда тараптар ғарыш саласындағы ғылыми және қолданбалы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде ғарыштық зерттеулер, деректер мен технологиялар алмасу және SSA саласындағы ықтимал бірлескен бастамалар мәселелері бойынша пікір алмасты.Қазақстандық тараптың ҒТКК КОПУОС жұмысына қатысуы Қазақстан Республикасының ғарыш саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділігін және ғарыш қызметінің қауіпсіздігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық күш-жігерге қосып отырған үлесін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1158429?lang=kk
Қазақстан Елшісі Кения Президентінің жыл сайынғы дипломатиялық үндеуіне қатысты 10.02.2026
Найроби, 2026 жылғы 9 ақпан – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Б.Садықов Найробидегі президенттік сарайда өткен Кенияның Президенті У.Рутоның дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар басшыларына арналған жыл сайынғы дипломатиялық үндеуіне қатысты.Өз сөзінде У.Руто Кенияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген мемлекеттердің егемендігі мен өңірлік тұтастығына кепілдік беретін «ережелерге негізделген халықаралық тәртіптің берік жақтаушысы» болып қала беретінін мәлімдеді.Сонымен қатар, жаһандық басқарудан басқа, У.Руто Кенияның климаттық дипломатиясындағы көшбасшылығын, Африка мүйізі мен Ұлы көлдер өңірінде бейбітшілік делдалдығын және оның Гаитидегі көпұлтты қауіпсіздікті қолдау миссиясындағы жетекші ел ретіндегі рөлін атап өтті.Сондай-ақ, Кенияның Президенті елдің БҰҰ-ның Найробидегі қатысуын кеңейтуге бейілділігін қуаттап, бұл елдің Жаһандық оңтүстікте БҰҰ жалғыз штаб-пәтері орналасқанын және оның дамуына саяси, әскери және инфрақұрылымдық қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.Өзінің үндеуінің қорытындысы бойынша У.Руто 2026 жылы Кения мен дипломатиялық корпус арасында ортақ міндеттемелерді азаматтар мен халықаралық қауымдастық үшін өлшенетін нәтижеге айналдыру үшін тығыз ынтымақтастыққа шақырды.Қысқаша әңгіме барысында Елші Б.Садықов Президент У.Рутоны екіжақты ынтымақтастық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер туралы хабардар етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1158386?lang=kk
АЙМАҚТАРДЫ ТЕҢ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ: ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТКЕ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРДЫ АЙҚЫНДАДЫ 10.02.2026
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, өңірлерді дамыту, цифрлық мемлекет қалыптастыру және жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, бұл бағыттар елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына тікелей әсер етеді.Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеуінше, оның тапсырмасымен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Негізгі мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті қысқарту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру. Президент аймақтардың экономикасы жалпы алғанда өсіп келе жатқанын атап өткенмен, бірқатар түйткілді мәселе әлі де шешілмей отырғанын айтты.Соның бірі – инфрақұрылым тапшылығы. Орташа есеппен өңірлердің инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 64,1 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш өңірлер арасында айтарлықтай алшақ. Әсіресе, жаңадан құрылған Абай және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы облысында инфрақұрылым жеткіліксіз. Мемлекет басшысы бұл аймақтарға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.Президент өңір басшыларына экономиканы әртараптандыруды, азаматтардың табысын арттыруды, инфляцияны төмендетуге бағытталған нақты шаралар қабылдауды міндеттеді. Сонымен қатар сапалы инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу – әкімдердің басты назарында болуы тиіс.Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық мемлекет құру мәселесін стратегиялық міндет ретінде атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру артық шығынды қысқартып, әкімшілік кедергілерді жоюға, басқарудағы тиімсіз шешімдерді азайтуға мүмкіндік береді. Алайда Президент цифрландыруды барлық олқылықты жабатын «әмбебап құрал» ретінде қабылдауға болмайтынын ескертті. Жауапкершіліктен қашу үшін кемшіліктің бәрін цифрландыруға жабу – қате тәсіл екенін қадап айтты.Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні цифрлық саясаттың өзегі ету қажеттігін атап өтті. Үкімет жасанды интеллектіге негізделген маңызды цифрлық жобаларды уақтылы әрі толық қаржыландыру үшін нақты басымдықтарды айқындауы тиіс. Әйтпесе, ауқымды жоспарлар қағаз жүзінде қалып қоюы мүмкін.Президент цифрлық дамуды жеке сектормен тығыз әріптестікте жүзеге асыруды тапсырды. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен деректер базаларын біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, мәліметтерді басқару сапасы әлі де төмен. Осыған байланысты Мемлекет басшысы деректерді мемлекеттің стратегиялық ресурсы ретінде қарап, бірыңғай стандарт енгізу қажеттігін айтты. Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлттық банкпен бірлесіп, жыл соңына дейін мемлекеттік мәліметтерді басқарудың біртұтас жүйесін құру тапсырылды.Сонымен қатар Президент мемлекеттік цифрлық жүйелердегі жиі ақаулар қазіргі ІТ-технологиялардың ескіргенін және басқару сапасының төмендігін көрсететінін атап өтті. Барлық цифрлық өзгерістер QazTech платформасының негізінде жүзеге асырылып, ел бірыңғай цифрлық платформаға көшуі тиіс. Мемлекет басшысы бұл жұмысты бюджеттен шамадан тыс қаржы жұмсамай атқаруды талап етті.Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық трансформация кезінде азаматтардың дербес деректерін қорғау мәселесіне де тоқталды. Онлайн-алаяқтық пен киберқылмысқа қарсы күрес күшейтіліп жатқанын айтып, Үкіметке киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды. Президент дербес деректерді қорғау мәселесі конституциялық деңгейде бекітілуі тиіс екенін де атап өтті.Әлеуметтік саланы цифрландыруға қатысты Мемлекет басшысы бөлінген қомақты қаражаттың тиімділігіне күмән бар екенін айтты. Осыған байланысты үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыру, барлық әлеуметтік қолдау шараларын «Әлеуметтік әмиян» арқылы көрсету ұсынылды. Бұл жүйе жыл соңына дейін барлық өңірде іске қосылуы тиіс.Сөз соңында Президент отандық Aitu мессенджеріне назар аударып, EGov AI әмбебап жасанды интеллект-көмекшісін әзірлеу қажеттігін айтты. Бұл жүйе болашақта Халыққа қызмет көрсету орталықтарының орнын басып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі жедел алуға мүмкіндік бермек.
САЛЫҚ ПЕН БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖАҢҒЫРТУ: ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТКЕ НАҚТЫ ТАЛАП ҚОЙДЫ 10.02.2026
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, жаңа Салық кодексін іске асыру, фискалдық тәртіпті күшейту және бюджет қаражатын тиімді басқару мәселелеріне ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, салық-бюджет саясаты экономиканың орнықты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі тиіс.Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күшіне енген жаңа Салық кодексі экономикалық ашықтық пен тәртіпті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Алғашқы нәтижелер де бар. Экономика министрлігінің дерегінше, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған жаңа салық режимі енгізілгелі бері 180 мыңнан астам адам заңды түрде салық төлеуші ретінде тіркелген. Үкіметтің бағалауынша, салық реформасы нәтижесінде биыл бюджетке қосымша 4,4 триллион теңге түседі.Алайда Президент жоспарлы көрсеткіштерге жету жолында бизнесті шамадан тыс салықпен немесе негізсіз қысыммен тұншықтыруға жол беруге болмайтынын қатаң ескертті. Оның пікірінше, бюджетті толтырудың дұрыс жолы – тиімді салықтық әкімшілендіру. Осыған байланысты Мемлекет басшысы салық жүйесін жаппай цифрландыруды жедел қолға алуды тапсырды.Президент салық саласындағы көзқарасты түбегейлі өзгерту қажет екенін айтып, «жазалаушы менталитеттен» арылу керектігін баса айтты. Салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы қатынас сенімге, серіктестікке және өзара жауапкершілікке негізделуі тиіс. Мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығы ғана экономиканың дамуына серпін береді.Қасым-Жомарт Тоқаев банктер, агрегаторлар мен маркетплейстердің салықтық әкімшілендіру жүйесіне толық тартылуы керектігін атап өтті. Мемлекеттік кірістер комитеті толық цифрлық режимде жұмыс істейтін «фискалдық деректер фабрикасына» айналуы тиіс. Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2027 жылдың соңына дейін салық және кеден жүйесін басқарудың цифрлық тәсілі толық енгізілуі қажет. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет.Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ұлттық тауарлар каталогы мен отандық тауар өндірушілер реестрін жедел іске қосуды, цифрлық таңбалау жүйесін кеңейтуді тапсырды. Алайда бұл үдеріс өндіріске және инвестициялық климатқа зиян келтірмеуі тиіс. Президент кейбір министрліктердің шешімдері отандық және шетелдік компаниялардың алаңдаушылығын тудырып отырғанын айтып, мұндай әрекеттерге жол бермеуді қатаң ескертті.Фискалдық саясаттың тағы бір маңызды бағыты – бюджет шығыстарының тиімділігі. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік шығындарды қысқарту үшін барлық бюджет бағдарламаларын толық қайта қарау қажеттігін айтты. Қаржы мен Экономика министрліктеріне бұл жұмысты созбалаңға салмай, қатаң әрі табанды жүргізу тапсырылды. Бюджет қаржысын игеру көрсеткішіне ғана сүйену тәжірибесінен бас тартып, мемлекеттік инвестицияның нақты тиімділігіне басымдық берілуі тиіс.Президент бюджетті игеріп үлгеру үшін жобаларға қаржы бөлу, қаражатты таңдаулыларға үлестіру сияқты субъективті шешімдерді мемлекет мүддесіне қарсы әрекет деп бағалайтынын ашық айтты. Енді бюджет қаржысы тек азаматтарға нақты пайда әкелетін және ұлттық экономиканың дамуына қызмет ететін жобаларға бағытталуы керек. Үкіметке 1 мамырға дейін бюджет бағдарламаларына ревизия жүргізу және қаржыландыру тетіктерін жетілдіру тапсырылды. Бұл талап квазимемлекеттік секторға да қатысты.Мемлекет басшысы бюджет шығыстарының ашықтығын арттыру үшін цифрлық теңгені кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті. Бұл құрал қазірдің өзінде мемлекеттік сатып алуларда, субсидиялау кезінде және Ұлттық қор қаражатын бөлу барысында тиімділігін көрсетіп отыр.Сөз соңында Президент өңірлік бюджет жоспарлау мәселесіне тоқталды. Аймақтарға берілген кіріс көздері мен жүктелген міндеттемелер өзара теңгерімді болуы тиіс. Жаңа Бюджет кодексінде бюджетаралық қатынастар қайта қаралғанымен, оның өңірлерде қалай іске асатынын мұқият бақылау қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке аймақтардың қаржылық орнықтылығын нығайту шараларын қабылдауды тапсырып, басқарудың барлық деңгейінде жауапкершілік қатаң сақталуы керектігін атап өтті.
ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ 10.02.2026
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, әлемдік экономиканың құбылмалы кезеңіндегі Қазақстанның негізгі басымдықтары мен Үкімет алдында тұрған шешуші міндеттерді нақтылап берді. Президент жаһандық ахуалдың күрделене түскенін атап өтіп, елдің әлеуметтік-экономикалық және халықаралық әлеуетін арттыру – қазіргі кезеңдегі басты мақсат екенін айтты.Мемлекет басшысының айтуынша, сарапшылар әлемдік экономиканың өсімі баяулап, халықаралық сауда мен дамушы елдерге бағытталатын инвестиция көлемі азаяды деп болжауда. Көптеген мемлекет өз нарығын қорғау шараларын күшейтіп, тарифтік шектеулерге көшкен. Жаһандану үдерісінің кері сипат ала бастауы геосаяси ахуалды түбегейлі өзгертуде. Осындай жағдайда Қазақстан үшін сыртқы өзгерістерге дер кезінде бейімделу – стратегиялық маңызы бар міндет.Президент бұрынғы экономикалық тәсілдердің тиімділігі төмендегенін ашық айтты. Озық елдер жаңа экономикалық модельдер әзірлеуге кіріскенін атап өтіп, Қазақстан да бұл үдерістен шет қалмауы тиіс екенін қадап айтты. Ұлт мүддесін қорғау үшін экономиканы нығайтуға арналған нақты әрі нәтижелі жоспар қажет. Мемлекет басшысы жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, өткен жылы Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өскенін атап өтті.Алайда Президент үшін басты мәселе – өсімнің сапасы. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсім ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруы керек екенін ерекше атап өтті. Ішкі жалпы өнімнің өсуі азаматтардың нақты табысының артуымен тікелей байланысты болуы тиіс. Бұл – Үкіметтің негізгі міндеті.Осы мақсатқа жету үшін Президент тұрақты өсім моделіне көшуді ұсынды. Мұндай модель мемлекет тарапынан экономиканың стратегиялық даму бағыттарын нақты айқындап, қаржы ресурстарын өсім әкелетін басты салаларға бағыттауды көздейді. Бұл тәсіл ұлттық табысты қоғамға анағұрлым әділ әрі тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы экономикалық және қаржылық саясатты қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.Президент Үкіметтің таяу міндеттері ретінде еңбек өнімділігін арттыруды, технологиялық жаңаруды және адами капиталды дамытуды атады. Инвестициялық саясатты жандандыру мен бизнестің мүддесін тұрақты қорғау – жаңа экономикалық модельдің негізгі тірегі болуға тиіс. Бұл саясаттың түпкі нәтижесі халық табысын арттырып, елдің экономикалық дербестігін нығайтуы қажет.Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу экономиканың қосалқы құралы емес, оның басты қозғаушы күшіне айналуы тиіс екенін айтты. Жасанды интеллект негізіндегі цифрландыру еңбек өнімділігін арттыруға, экспортқа бағдарланған секторларды дамытуға, қосылған құны жоғары өнім шығаруға және Қазақстанды жаһандық цифрлық экономика тізбегіне кіріктіруге бағытталуы керек. Президент жасанды интеллектіні дамыту экономикалық идеологияның ғана емес, ұлттық идеологияның да маңызды тірегіне айналуға тиіс екенін ерекше атап өтті.Сонымен қатар Мемлекет басшысы инфляция мәселесіне баса назар аударды. Инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру – Үкімет пен Ұлттық банктің шұғыл міндеті екенін айтты. Президент бұл бағытта бос сөз бен нәтижесіз «жол карталарына» жол берілмейтінін ескертіп, нақты әрі тиімді іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді тапсырды. Алдағы үш жылда инфляцияны төмендетуге бағытталған нақты шаралар қабылдануы тиіс.Президент сөзін қорытындылай келе, бүкіл мемлекеттік аппарат нақты нәтижеге жұмыс істеуі керек екенін атап өтті. Мемлекеттік саясаттың басты өлшемі – халықтың табысының артуы мен тұрмысының жақсаруы. Тек осы жағдайда ғана қабылданған шешімдердің тиімділігі мен ел дамуының дұрыс бағыты айқын көрінбек.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ТАРИХИ БАҒЫТ 10.02.2026
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, ел дамуының жаңа кезеңіндегі басты басымдықтар мен жаңа Конституция жобасының өзекті қырларына кеңінен тоқталды. Президенттің айтуынша, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің түпкі өзегі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты әрі тиімді қорғау.Мемлекет басшысы бұл бағыттағы ұстанымның жалаң декларация емес екенін атап өтті. Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарын қорғаудың айқын тетіктері көрсетілген біртұтас жүйе қалыптастыру көзделген. Соның айғағы ретінде Президент адвокаттар қауымдастығының ұсынысымен Конституция жобасына адвокатура туралы жеке бап енгізілгенін айтты. Бұл норма азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.Сонымен қатар жаңа Ата Заңда мемлекеттің зайырлы сипаты білім беру жүйесіне басымдық беру арқылы нақтылай түскен. Президент қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды сақтау мәселесіне де ерекше мән беріп, «Неке – еркек пен әйелдің ерікті және теңқұқылы бірлестігі» деген тұжырымның енгізілуі осы мақсатты көздейтінін атап өтті. Бұдан бөлек, Конституция жобасында табиғатты қорғау мәселесіне де арнайы назар аударылған.Президент тұрғын үй құқығын қорғауға қатысты аса маңызды әлеуметтік норманы күшейту қажеттігін айтты. Қолданыстағы Конституциядағы тұрғын үйге қол сұқпаушылық туралы ережені «тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға да сот шешімінсіз жол берілмейді» деген норма арқылы толықтыруды ұсынды. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл ұсыныс жаңа Конституцияның әлеуметтік сипатына толық сай келеді.Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасында «Әділетті Қазақстан», заң мен тәртіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуы сияқты негізгі қағидаттар нақты бекітілгенін атап өтті. Білім, ғылым, инновация және мәдениет ел дамуының теңдессіз басымдықтары ретінде айқындалған. Сондай-ақ тәуелсіздік, егемендік және аумақтық тұтастық мызғымас құндылықтар болып қала беретіні, елдің унитарлық сипаты мен басқару нысаны ешқашан өзгермейтіні Ата Заңда анық жазылған.Президент бірлік пен келісімді нығайтуға, жауапты әрі жасампаз отаншылдық ұғымын конституциялық деңгейде бекітуге ерекше көңіл бөлінгенін айтты. Оның сөзінше, жаңа Конституция жобасын түбегейлі жаңарған, әрбір нормасы жан-жақты сарапталған, сапалы әрі озық құжат деп атауға толық негіз бар. Онда әлемдік үздік тәжірибелер ескеріліп, адам құқықтары мен ұлттық мүдде толық қорғалған.Мемлекет басшысы қазіргі Конституцияның тарихи маңызын да атап өтті. Соңғы 30 жылдағы барлық жетістіктің бастауында Ата Заң тұрғанын, оның қабылдануы тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегімен тікелей байланысты екенін айтты. Алайда құжат еліміз тәуелсіздіктің алғашқы, күрделі кезеңінде қабылданғанын, сол уақыттың ізі қалғанын ескеру қажеттігін жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінгі Қазақстан – халықаралық беделі жоғары, түбегейлі өзгерген мемлекет. Әлемдік геосаяси және технологиялық ахуалдың өзгеруі, ел ішіндегі реформалар ұлттық санаға зор ықпал етті. Сондықтан мемлекет құндылықтарын, мақсат-міндеттерін заман талабына сай конституциялық деңгейде жаңғырту – уақыт талабы.Президент сөзін қорытындылай келе, жаңа Конституция жекелеген түзетулер жиынтығы емес, жаңа тарихи дәуірде мемлекеттің негіздерін түбегейлі қайта құруға бағытталған құжат екенін айтты. Оның пікірінше, жаңа Ата Заң Қазақстанның тың қарқынмен дамуына, әр азаматтың әлеуетін толық ашуға жол ашады. Ал Конституцияға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады.
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯҒА ҚАДАМ БАСТЫ: ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕЛДІҢ САЯСИ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ 10.02.2026
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда елдің алдағы даму бағдары мен саяси жаңғырудың негізгі бағыттары кеңінен талқыланды. Жиын барысында Үкімет мүшелері 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу, ақша-несие саясаты және инфляцияны төмендету шаралары жөнінде есеп берді.Күн тәртібіне сәйкес, Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі индикаторларға тоқталып, Үкіметтің биылғы жоспарларын таныстырды. Ал цифрландыру үдерісі мен жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруға енгізу мәселесі бойынша Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясатының басымдықтары мен инфляцияны тежеу тетіктерін ортаға салды.Жиын соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, ел дамуының шешуші кезеңіне назар аударды. Мемлекет басшысы Қазақстанның өтпелі кезеңге аяқ басқанын атап өтіп, қазіргі реформалар ел тағдырына тікелей әсер ететін ауқымды өзгерістер екенін айтты.Президенттің айтуынша, Конституциялық реформа – осы өзгерістердің өзегі. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдан бері Конституцияға қатысты қоғамда кең әрі мазмұнды пікір алмасу жүріп келеді. Осы ұсыныстарды жүйелеу үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылған. Бұл комиссия кәсіби деңгейі мен ауқымы жағынан еліміз үшін бұрын-соңды болмаған құрылым ретінде бағаланды.Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға өз пікірін білдіруге толық мүмкіндік берілгенін ерекше атап өтті. eGov және eOtinish платформалары арқылы мыңдаған ұсыныс келіп түскен. Комиссия олардың барлығын мұқият қарап, тиісті түзетулер әзірлеген. Президент бұл үдерістің ашық өткенін, реформалардың тікелей эфирде талқыланып, қоғам назарына ұсынылғанын атап өтті. Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты іске асқанын көрсетеді.Мемлекет басшысы Конституциялық комиссия он отырыс өткізіп, түбегейлі шешімге келгенін мәлімдеді. Комиссия «Ата Заңға жекелеген өзгерістер енгізу жеткіліксіз, қазіргі жағдайда жаңа Конституция қабылдау қажет» деген қорытындыға тоқтаған. Соған сәйкес, қаңтар айында жаңа Конституцияның алғашқы нұсқасы жарияланып, ол қоғамда кең талқылау туғызды. Президент мұны азаматтардың саяси мәдениеті мен белсенділігінің артқанын көрсететін оң үрдіс деп бағалады.Жаңа Конституция жобасы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына негізделген. Бұл модель Қазақстанның суперпрезиденттік басқару формасынан біртіндеп бас тартып, беделді Парламенті бар президенттік республикаға көшкенін айғақтайды. Ұсынылып отырған өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп, барлық саяси институттардың тиімділігі мен орнықтылығын арттыруды көздейді.Президент сөзін қорытындылай келе, жаңа Конституцияда «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқын көрініс тапқанын атап өтті. Бұл бағыт 2019 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан саяси реформалардың логикалық жалғасы болып саналады. Мемлекет басшысының пікірінше, қоғам назарына ұсынылған жаңа құжат Қазақстанның дамудың сапалық тұрғыдан жаңа деңгейіне көтерілгенін көрсетеді және Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам болмақ.
Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы 10.02.2026
Жылдың басты салалық оқиғасы – Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы 2026 жылғы 2–3 сәуірде Астанада өтеді Қазақстан машина жасаушыларының форумы – мемлекет пен бизнес арасындағы негізгі диалог алаңы. Мұнда машина жасау саласы мен өңдеу өнеркәсібін дамытудың тұжырымдамалық бағыты қалыптастырылады. Форум аясында мемлекеттік өнеркәсіптік саясат тетіктері, импортты алмастыруды ынталандыру шаралары, технологиялық жаңғырту және отандық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланады.Форумға 1 000-нан астам қатысушының, оның ішінде 20-дан астам елден келген мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қоғамдастық, ірі тұтынушылар мен машина жасау өнімдерін өндіруші жетекші компаниялардың қатысуы күтілуде.Форум аясында 2026 жылғы 1–3 сәуір аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында машина жасау саласының әртүрлі бағыттарына арналған заманауи технологиялар, жабдықтар мен шешімдер ұсынылатын «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2026» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді. Форум бағдарламасы мен қатысушыларды тіркеу www.smkz.kz сайтында қолжетімді:https://smkz.regist.kz/event.php?id=35 Қазақстан машина жасау саласының даму бағытын айқындайтын маңызды оқиғаға қосылыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1158353?lang=kk
В Алматы обсудили результаты работы Антифрод-центра и меры по противодействию цифровому мошенничеству 10.02.2026
*В Алматы обсудили результаты работы Антифрод-центра и меры по противодействию цифровому мошенничеству*На площадке Региональной службы коммуникаций города Алматы о работе Антифрод-центра Национальной платежной корпорации рассказала директор Департамента по противодействию мошенническим действиям Антифрод-центра Национальной платежной корпорации Айнура Измайлова.Платформа Антифрод-центра была запущена 22 июля 2024 года. Она обеспечивает оперативное взаимодействие финансовых организаций и органов уголовного преследования для выявления и предотвращения подозрительных транзакций.Работа центра строится на принципах централизованной координации, технологической интеграции и партнерства государства с участниками цифрового рынка. Центр не только реагирует на уже совершенные попытки хищений, но и формирует основу для предиктивного выявления мошеннических схем. Ключевым механизмом является обмен данными и формирование общестрановых «черных» и «серых» списков, что позволяет блокировать мошеннические операции на ранних этапах.По состоянию на февраль 2026 года в Антифрод-центре зарегистрирован 111 031 инцидент, из которых 90 346 связаны с мошенничеством. При этом 52% информации поступает от органов внутренних дел, 48% — от участников финансового рынка. Наиболее распространённые схемы — лжеинвестирование, ложные звонки и фиктивные онлайн-магазины — формируют 67% всех зафиксированных случаев мошенничества.«В рамках стратегического развития на 2026–2028 годы предусмотрено создание национального антифрод-контура, направленного на предупреждение и расследование цифрового мошенничества, включая операции с финансовыми активами, криптовалютами и маркетплейсами», - отметила Айнура Измайлова.Среди ключевых направлений развития — создание единого цифрового портала взаимодействия участников Антифрод-центра, внедрение сессионного антифрода для анализа поведения пользователей, усиление транзакционного мониторинга в режиме реального времени, расширение программ финансовой грамотности и проведение совместных информационных кампаний с государственными органами.Ожидается, что Антифрод-центр станет ключевым элементом национальной инфраструктуры финансовой безопасности, объединяя усилия регуляторов, финансового сектора и правоохранительных органов для защиты граждан и бизнеса от цифрового мошенничества.
Алматыда Антифрод-орталықтың жұмысының нәтижесі мен цифрлық алаяқтыққа қарсы әрекетті талқылады 10.02.2026
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық төлем корпорациясының Антифрод-орталығының жұмысы туралы Ұлттық төлем корпорациясы Антифрод-орталығының алаяқтық әрекеттерге қарсы іс-қимыл департаментінің директоры Айнұр Измайлова баяндама жасады.Антифрод-орталықтың платформасы 2024 жылғы 22 шілдеде іске қосылған. Ол күмәнді транзакцияны анықтап, алдын алу үшін қаржы ұйымдары мен қылмыстық қудалау органының өзара жедел қимылдауын қамтамасыз етеді.Орталықтың қызметі орталықтандырылған үйлестіру, технологиялық интеграция мен мемлекеттің цифрлық нарық қатысушыларымен әріптестігі қағидатына негізделген. Орталық алаяқтыққа назар аударып қана қоймай, алаяқтықтың жүйесін анықтаудың негізін де қалыптастырады. Негізгі тетік – деректер алмасу мен жалпыұлттық «қара» және «сұр» тізімдерді қалыптастыру, бұл алаяқтықтың ертерек жолын кесуге мүмкіндік береді.2026 жылғы ақпан айына дейін Антифрод-орталықта 111 031 оқиға тіркелген, оның ішінде 90 346-сы алаяқтық әрекеттермен байланысты. Ақпараттың 52%-ы ішкі істер органдарынан, 48%-ы қаржы нарығына қатысушылардан келіп түскен. Ең кең тарағаны – жалған инвестициялар, алдап қоңырау соғу мен жалған онлайн-дүкендер екен. Бұлар алаяқтықтың 67%-ын құраған.«2026–2028 жылдарға арналған стратегиялық даму аясында қаржылық активтермен, криптовалюталармен және маркетплейстермен жасалатын операцияларды қоса алғанда, цифрлық алаяқтықтың алдын алу мен тергеп-тексеруге бағытталған ұлттық антифрод-контурды құру көзделген», – деп атап өтті Айнұр Измайлова.Дамудың негізгі бағыттарының қатарында Антифрод-орталық қатысушыларының өзара іс-қимылына арналған бірыңғай цифрлық портал құру, пайдаланушылардың мінез-құлқын талдауға арналған сессиялық антифродты енгізу, транзакциялық бақылауды нақты уақыт режимінде күшейту, қаржылық сауаттылық бағдарламаларын кеңейту мен мемлекеттік органдармен бірлескен ақпараттық науқандар жүргізу бар.Антифрод-орталық реттеушілердің, қаржы секторы мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіре отырып, азаматтар мен бизнесті цифрлық алаяқтықтан қорғауға бағытталған ұлттық қаржылық қауіпсіздік инфрақұрылымының негізгі элементіне айналмақ.